Иоганн Гербарттың қызметі мен педагогикалық теориясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Тәрбие және балалардың жас ерекшеліктері.
2. Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері.
3. Акселерация құбылысы.
4. Мұғалімнің кәсіптік қызметі және оған сипаттама.
5. Мұғалімнің басты функциялары.
ІІІ Қортынды

1. XVIII - ғасырдың көрнекті философы К. А. Гельвецийдің
педагогикалық көзқарастары.
2. Д.Дидроның тәрбие жөніндегі пікірлері.
3. Иоганн Гербарттың қызметі мен педагогикалық теориясы.

1. XVIII - ғасырдың көрнекті философы К. А. Гельвецийдің
педагогикалық көзқарастары.

К. А. Гельвеций өз заманындағы тәртіптің адам төзгісіз ретсіздігін
әшкерелей отыра, барлық азаматтарға бірдей болатын тәрбиенің міндет –
мақсатын құру қажеттігін айтты.
Мұндай тәрбие, - деді Гельвеций, бүкіл қоғамды дұрыс жолға салады,
оны жағдайлы етеді, көпшілік азаматтардың тұрмысы жақсарады.
Тәрбие арқылы азаматтар өздерінің жеке басы мен ұлт қамқорлығын
ұштастыра білетін патриоттарды тәрбиелейді деді.
Гельвецийдің мұндай мақсат қоюы тәрбиенің сол кездегі дворяндық –
сословиялық міндет – мақсатынан мүлдем өзгеше болды, сондықтан оның бұл
пікірлерінің тарихи жағынан прогресшіл мәні бар еді.
Бірақ Гельвеций тәрбиені шексіз құдіретті деп есептейді, тек тәрбие
арқылы әлеуметтік құрылысты да өзгертуге болады деп, тәрбиенің кү.ші мен
ролін асыра бағалады.
Гелвеций мен Дидро өздерінің педагогикалық пікірлерінде
схолостикалық оқуды, мектептегі үстемдікті батыл сынады, діннен бөлінген,
тәжірибеге негізделген жаңа ғылым мен ақыл – ой тәртібін жоғары бағалады.
Дидроның Ресейдегі мектеп ісі жөнінен хабары болды. Ол Ресей
мектептеріне реальды білім енгізу жөнінен өз пікірін ұсынды.
Осылай француз материалистері мектеп білімі жөнінен сол кездегі
алдыңғы қатарлы буржуазиялық талаптарын жақтады.
Француз материалистерінің тәрбие туралы ілімі 1789 – 1794 жылдардағы
буржуазиялық революция қайраткерлерінің және ХІХ ғасырдағы социалцист –
утопистердің педагогикалық идеялары ткүшті әсер етті.

2. Д.Дидроның тәрбие жөніндегі пікірлері.
Францияда ұлы буржуазиялық революцияны идеялогиялық жағынан сол
дәуірдің атақты ойшылдары , ағартушылары әзірледі.
1751 жылы ХVIII ғасырдың көрнекті материалист – философы
Д. Дидроның реакциясымен “Француз энциклопедиясы” шыға бастады.
Энциклопедия феодализмге қарсы бағытталған күрестіңі идеялогиялық
орталығына айналды, ол шіркеуді де, феодалдық тәртіптің негізін де сынап
отырды.
Энциклопедияның айналасына сол кезеді ревалюцияшыл буржуазия
–инттелигенциясының көрнекті өкілдері философтар мен жазушылар топтасты.
Атақты француз ағартушылары Дидро, Гольбах, Даламбер, Вольтер, Руссо
т.б. феодализмнің тірегі болып саналған дінге, феодалдық құрылысқа,
феодалдық идеялогияға қарсы келіспес күрес жүргізді.
Француз ағартушылары жаңа заманның, мәңгі ақыл - санасының үстемдік
құратын кезеңін күтті. Француз материалистерінің ішінде педагогикалық
көзқарастары кеңірек баяндалғаны Гельвеций мен Дидро болды.
Олар тәрбиенің зор күшіне сенді, оларша жаңа адамды тәрбиелеу арқылы
бүкіл әлемді, қоғамды қайта өзгертуге болады, ағарту ісінің нәтижесінде
жалған әдет – ғұрыптар, ескінің қараңғылығы жойылады, бүкіл феодализмге тән
кертарпалық алысталынады делінді.
Тәрбие жөніндегі Гельвеций көзқарастарының негізгі принциптерін
Д.Дидро (1713 – 1784) қолдады.
Бірақ Дидро өзінің “Гельвецийдің “Адам” атты шығармасына жүйелі
түзетулер” – деген еңбегінде тәрбиенің күші мен мүмкіншілігін шектен
асыра құдіретті көрсеткен Гельвеций көзқарастарына қарсы шығып баланың
табиғи ерешеліктері мен қабілеттерін мойындады.
Сөйте тұра Дидро да тәрбиенің ролі мен орны жөніндегі мәселені
дұрыс шеше алмады. Ол адам табиғатын өзгермейтін абстрактылық зат деп
есептеді.
3. Иоганн Гербарттың қызметі мен педагогикалық теориясы.

Иоганн Фридрих Гербарт 1776 жылы Германияда чиновник жанұясында туған.
Ол әуелі классикалык латын мектебін, онан кейін Иен университетін бітіреді.
Оқуын бітіргеннен кейін Швейцарияда жеке үйлерде сабақ беретін оқытушы
болады. Осы кезде атақты педагог Г. Песталоццимен танысады, бірақ Гербарт
оның көзқарасындағы демократияшыл бағыттан әсер ала алмайды.
1802 жылдан бастап Гербарт Геттинг және Кенигсберг университеттерінде
профессорлық қызметте болады. Осы қызметінде ол кең салалы педагогикалық
жұмыспен айналысып, Кенингсберг университетінде мұғалімдер әзірлейтін
семинар құрады, педагогикалық практика жүргізу үшін оның жанынан шығып
мектеп ашады, онда өзі де сабақ береді.
Осылай Гербарт өзінің университеттегі профессорлық қызметін
педагогикалық тәжірибиемен ұштастырды. Бұл оған педагогикалық мәселелерін
тереңірек қарастыруға жағдай туғызды.
Гербарттың педагогикалық идеялары оның жазған мынадай еңбектерінде
“Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика ” (1806), “Психология
оқулығы” (1816), “Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар”
(1931), “Педагогика лекцияларының очеркі” (1835) баяндалған. Гербарт
педагогика ғылымының жүйесін идеялистік философияның негізінде, әсіресе
этика мен психологияға байланысты зерттеуді көздеді. Өзінің философиялық
пікірлері бойынша, ол метофизик болды. Оның пікірінше, дүние шексіз көп,
өзгермейтін мәңгілік, абсолюттік мазмұндардан тұрады, бұларды адам танып
біле де алмайды.Дүниенің өзгеруі жөніндегі адамның елестеулерімен
түсініктері алдамыш; болмыс, болмыстың мазмұны да өзгермейді дейді ол.
Гарбарт психологтялық мәселелерді зертеуде де метофизик болды. Оның
ойынша, адам жаны да өзгермейтін, қарапайым мазмұн. Жан адам денесімен
ұштасып, байланысу кезінде өзіндік дербестікке ие болып, сол тән арқылы
бірнеше түйсіктерге ұшырайды, адамдағы басқа денелермен байланысады,
осыдан елестеулер туады.
Гербарт бүкіл психиканы елестеулермен байланыстырды, адамның бүкіл
мазмұны елестеулерден тұрады деп есептеді. Оның ойынша, психология
елестеулер жөніндегі, солардың пайда болуы, ұштасуы мен жойылуы жөніндегі
ғылым. Ес, қиял тағы басқаларды Гербарт сол елестеулердің өз ара
қатынастары арқылы түсіндірді. Сезіну – оның топшылауынша, елестеулердің әр
салалы түрлері жағынан өзгерістері ғана.
Гербарт – ассоциативтік психологияның көрнекті өкілі. Оның
психологиялық теориясында апперцепция ұғымы кең орын алады, бұл ұғымды ол
адамның бұрынғы тәжірибесінің оның елестеулеріне әсер етуі ретінде түсінді.
Гербарт апперцепцияға осындай мән бере отыра, оны ес, қызығушылық тағы
басқа психикалық функциялармен байланыстырды.
Осылай Гербарт адам психикасының әр түрлі салаларының ерекшеліктерін
мойындамады. Ол психикалық әрекеттің күрделі, алуан салалы, терең
диалектикалық процесін елестеулердің жай құрамына әкеліп тіреді. Ол
баланың елестеулеріне ықпал ете отыра, сол арқылы оның сезімдері мен
еркінің де қалыптасуын әсер етуге болады деп есептеді. Осыдан келіп
Гербарттың ойынша дұрыс ұйымдастырылған оқу тәрбиелі сипатта болуға тиіс
деген пікірлер туды.
Гербарт өзінің саяси пікірлерінде XVIII ғасырлардағы француз
буржуазиялық революциясына, несміс қоғамының алдыңғы тобының ішіндегі сол
революцияның әсерімен өрістеген прогрессившіл қозғалысқа теріс қарады.
Тәрбиенің мәні жөніндегі ұғымды Гербарт идеялистік философиядан, ал
тәрбиенің мақсатын этикадан шығарды. Ол этикалық теорияны тым
метофизикалық тұрғыда құрды. Оның ойынша, қоғамдық және жеке адамдардың
адамгершілігі белгілі бір өзгермейтін және мәңгілік адамгершілік идеялардың
негізінде қалыптасады. Осы идеялар, оның ойынша, таптан тыс, жалпы
адамгершіліктің негізі болады. оның бұл ойлары сол кездегі пруссияшылдық
монархиядағы үстемдік етіп тұрған қоғамдық қатынастармен адамгершілік
бағыттарды күшейтуге тиісті.
Өзінің этикалық теориясына сүйене отырып, Гербарт тәрбиенің мақсаты -
адамдағы ізгілік пен жақсылықты қалыптастыру, бұл ізгілік пен жақсылық та
мәңгі және өзгермейді деп тұжырымдады. Демек, Гербарттәрбиенің мақсаты –
ізгілік пен жақсылық дей отыра, өмір сүріп отырағн қоғамдық қатынастарға
икемделе алатын адамдарды тәрбиелеуді, қалыптасқан тәртіп сыйлай білетін,
соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеуді көздеді.
Гербарт тәрбиеде екі түрлі қажетті және ілгеріге бағытталған, іске
асуға тиісті мақсаттар болады деді.
Бұл мақсаттар адамның бүкіл іс - әрекетінің кез – келген салаларына
қажетті. Іске асуға тиісті мақсаттар адамның алдына белгілі бір
мамандықтардың салары бойынша қойылады.
Бүкіл тәрбие процесін Гербарт үш салаға бөлді: басқару, оқыту және
адмгершілік тәрбие.
Басқару. Оқу процесі кең өрістенгенге дейін балаларда өз іс -
әрекеттеріне түсінбейтін “тағылық тәрізді тентектік” кезең болады, бүл
кезде оны тәрбиелемей, бағындырып басқару керек.
Басқарудың бірінші құралы – қорқыныш туғызу. Бірақ бұл көздеген
мақсаттарға жеркізе бермейді. Күшті және мықты балалар мұны ескере
бермейді, мойындамайды да, қайта сотқөарлығы күшейе түседі. Ал әлсіз
мінезді балалар қорқынышқа жете түсіне алмайды. Сондықтан бағындыра
басқаруда қорқыныш туғызуға қосымша құрал ретінде қадағалап бақылау
құралын да қолдану керек, мұны әсіресе баланың ертерек жасында қолданған
жөн. Бұл да нәтижесіз болуы мүмкін, бақылаудағы бала үнемі сонан құтылатын
кезең мен жолдарды іздеумен болады.
Сондықтан баларға бұйрық және тыйым салу әдістерін де қолдану керек,
бұл балалар үшін дәл және нақты болуға тиіс.
Белгіленген ережелерді бұзған балалар үшін мектепте штраф кітабы
құрылады, мұны үйде де қолданған жөн. Бағындырып басқарудың құралдары
ретінде Гербарт жазалауға, оның ішінде ұрып – соғуға көп көңіл бөлді.
Гербарт ұсынған жазалардың түрлері неміс, орыс гимназияларында,
француз лицейлерінде және басқа да елдердің орта дәрежелі оқу орындарында
қолданылды. Ол ересектердің беделі мен сүйіспеншілік білдіруін басқарудың
қосымша құралдары ретінде ұсынды.
Сонымен Гербарт ұсынғанбалаларды басқару жүйесі оларды жазалауға,
ретсіз қайталауларға бағыттала құрылған.
Ол басқаруды, яғни тәртіптендіруді тек қана тәрбиенің алдындағы
кіріспе жағдай деп, оны адамгершілік тәрбиесінен бөліп алып қарады. Бұл
теріс көзқарас, өйткені тәртіп шындығында тәрбиенің алдындағы жағдай емес,
ол тәрбиенің құралы және нәтижесі.
Оқыту. Гербарттың педагогикалық жүйесінің орталығы оқыту теориясы
болды. Тәрбиенің мақсаты – ізгілік, жақсылық, ал оның маңызды құралы – оқу,
ол оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясын ұсынды.
Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы
қызығушылықтарын алды. Адамдағы қызығушылықтар айналысын қоршаған дүниені
танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады.
Біріншісіне жататын қызығушылықтар: эмпирикалық; бұл – айналасын қоршаған
дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады. Ойлауға негізделген ақыл –
ой қызығушылығы; эстетикалық қызығушылық – оқиғаларды көркемдік жағынан
бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығушылықтың екінші тобына жататындар:
симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасындағы қатынас туғызады,
әлеуметтік қызығу әр түрлі қоғамдық ұйымдардың ара қатынасын анықтайды;
дінге қызығу – діни ұғымды күшейтеді.
Осы алты түрлі қызығушылықтар оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын
анықтайды деді.
Гербарт анықтаған қызығушылықтар жүйесі оның идеялистік
көзқарастарынан туған логикалық тұжырымдар еді. Жоғарыдағы қызығушылықтар
ақыл – ой түріндегі топшылаулар сипатында болды да, практикалық өмірмен
байланыспады. Сөйткенмен де оқушылардың әр салалы қызығушылықтарын дамыту
тұрғысынан және оларды оқуға негіздей жүргізу жөнінен Гербарт топшылауының
құптарлық пікірі де болды.
Гербарт баланың қызығушылықтарына сәйкес оқылатын білімнің шеңберін
белгілей отыра оқу – оқушылардың ақыл – ой әрекетін дамытуы тиіс деді.
Оқу материалдарын орналастыру мәселесінде білімнің білімнің жүйелі берілу
принципін негіз етті.
Гербар оқудың мазмұны жөніндегі проблеманы оқытудың сатысы жөнінде
теориямен тығыз байланыстыра зеттеді.
Оның ойынша, оқу процесі немесе сабақ төрт сатыдан тұрады, мұны әдетте
оқытудың формальды сатылары деп те атайды. Олар: 1) анықтық – айқындық, 2)
ассоцияция, 3) жүйе, 4) метод.
Бірінші – анықтық – айқындық сатысында оқылатын материалды оқушылар
басқалардан бөліп алып, тереңірек оқиды. Дидактикалық тұрнғыдан алғанда,
бұл сатыда оқушы жаңа материалды хабарлап, көрнекілікті қолданады.
Екінші саты – ассоциацияда – жаңа материал оқушылардың мұнан
бұрынғы өткен сабақтарда алған мәліметтері өмірден алған елестеулерімен
ұштасады. Дидактикалық жағынан бұл кезде оқытушының оқушылармен әңгіме
жүргізу тым сәтті болады.
Үшінші саты – жүйе. Мұнда оқушылар оқытушының басшылығымен өткен
сабақта алған мәліметтерін байланыстырып, жаңаның негізіде тұжырымдар мен
қорытындыларды, анықтамаларды және заңдарды іздестіреді. Дидактика
сласында бұл сатыда әр түрлі оқу жаттығулары жүргізіледі, оқытушылар
оқушылардың бұрынғы меңгерген білімдерін талап етеді, олардың логикалық
және творчестволық оойлауын бақылайды.
Міне, осы оқыту сатылары, Гербарттың ойынша, оқудың бір ізділігі мен
жүйелілігін анықтайды. Бірақ бұл сатылар формальды болды, себебі бұлар
оқу материалының нақты мазмұнына да, оқушылардың жасына да, сабақтың
дидактикалық міндеттеріне де байланысты болмады.
Оқуды мұндай оқшау универсальдық схемаға ғана салу ғылыми педагогикаға
қайшы келді, себебі оқудың әдістері мен құралдарын таңдау оқу материалының
нақты мазмұны да, оқушылардың жасына да, сабақтың дидактикалық міндеттеріне
де байланысты болады. Сабақты жоғарыдағыдай жеке – жеке тұратын төрт сатыға
міндетті түрде бөліп тастаудың өзі де теріс, себебі күнделікті оқу
процесінде бұл сатылар араласып келіп отырады. Ақырында, Гербарттың ұсынған
сатылары оқушыларға жеке – жеке, дара қатынас орнатуға қажетті жағдай
туғызбады.
Гербарттың дәлелдеуінше, адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – мінез –
құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие негізінен оқу арқылы жүргізіледі. Осылай
Гербарт адамгершілік тәрбиесін түгелдей интеллектуализм тұрғысынан
есептеді.
Осыған байланысты Гербарт Адамгершілік тәрбиесі де оқу сияқты баланың
әр салалы қызығушылықтары мен адамгершілікті елестетулеріне негізделеді деп
есептеді.
Ол адамгершілік принциптерін жоғарыда айтылған баланы бағындыра
басқаруға қарсы қойды. Бағындыра басқаруда баланың еркі мен саналылығы
кемітіледі, тежеу жасалынады, ал адамгершілік тәрбиесінде бүкіл әдістер
баладаболлатын барлық жағымды, жақсы сапаларға арқа сүйеуге негізделеді.
Тәрбиеші тіптен тәртіпсіз баланың өзінен жақсы сапаларды іздестіруі тиіс
деді ол.
Гербарттың ойынша, адамгершілік тәрбиесінің оқудан басқа мынадай
жолодары болады:
1. Баланы тежеп ұстау. Балалар мінез – құлқының шеңберін белгілеу.
2. Баланы анықтап біле отыра, бағыттау. Бала тек оқытушының нұсқауынша
ғана емес, өз тәжірибесі арқылы да мінезін бағыпттап отыруы тиіс.
3. Мінез – құлықтың нақты ережелерін құру.
4. Баланың шындыққа деген сенімін туғызу.
5. Баланы мақылдау және оның кемістігін көрсету.
6. Балаға насихат – өсиет айту, жіберген қателерін көрсету, оларды
түзету.
Адамгершілік тәрбиесінде жазалаулар да қолданылды, бірақ тәрбиелік
бағыттағы жазалар кек алуға соқпай, бала үшін мейірімді түріндегі ескерту
ретінде болды.

***

Сонымен Гербарттың кейбір теориялық қағидалары өз заманында ірі
педагогикалық проблемаларды зерттеуге себепкер болды. Оның алғаш рет
оқытудың стыларын зертеуге тырысты, психологиямен педагогиканың
арақатынастарын қарастырды.
Гербарт зерттеген кейбір ұғымдар (“Оқудың тәрбиелілігі”, “Әр салалы
қызығушылық” т.б.) кейіннен психология мен педагогикаға енді. Бірақ
Гербарт концепциясының түгелімен алып қарағанда ол ғылыми жағынан дәлелсіз
болды. Өйткені оның ұсынған проблемалары мәнді болғанымен, олардың
теориялық жағынан шешілуі метафизикалық еді.
Гербарттың оқыту “сатылары” дегені өте схематикалық болды да, онысы
оқуды бір ғана қалыпқа бағыттады, формализмге апарып соқтырды, сабақ
құрылысындағы бір сарындылықты негіздеді.
Гербарттың реакцияшыл әлеуметтік – саяси көзқарастары әсіресе оның
зерттеген этикасынан айқын байқалады. Ол халықтағы ең ізгілік пен жақсылық
сол халықтың үстем тапқа бағына білуінде деп есептеді.
1948 жылғы бастыстағы буржуазиялық революциядан кейін еңбекшілер
мүддесі аяққа басылғанда, буржуазия өз үстемдігі мен тәртібін күшейту үшін
Гербарт теориясымен әуестенді. Реакционерлер өздерінің демократияға қарсы
теорияларын негіздеу үшін әрдайым Гербарттың материалдарын пайдаланды.
Россиядағы ХІХ ғасырдың 70 – 90 жылдарындағы реакция кезінде
консерватившіл бағыттағы методистер мен орта мектеп оқытушылары Гербартқа
жүгіне бас иді.

1.

Кіріспе
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу
процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар,
заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу
жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт
береді.Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін
ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер
педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда
болжауға болады.Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық
қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік
тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек,
тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық
қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені
меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен
қатынастары. Осыдан педагогикалық процестің мынадай заңдары болуы мүмкін:
-бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері-тек қана
өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана
бола алады;
-индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын
белгілі бір әлеуметтік-азаматтық дәрежесі бар (барлық қоғамдық
қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуы, әлеуметтену процесі барысында,
әлеуметтік белсенділік кеңістігінің бірте-бірте қеңеюі барысында жүзеге
асады;
-ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген
іс-әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына
жетістіктер мен қамтамасыз етеді.Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты
педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі
белсенділік пен өзін- өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты
әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың
тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н. Т., Афанасев В. П., Блауберг И.
В., Садовский В. Н. Және т.б)
- қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсаты, оның қызметті атқаруы
тиімділік сипат әкеледі;
- жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден
(компаненттерден) бөліктерден тұрады;
- жүйе тиым салушылық әкелетін арада өмір сүреді
- жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оған қызмет істелуімен
тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
- жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы мен ортамен
байланысын көрсетеді;
- жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;
- жүйе басқару орталығы арқылы басқаруындағы көрсетілген белгілер не
себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана
сипаттарға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын
анықтап және “ұстаздар- оқушылар” жүйесінде жеке бөліктерінің өзара
әрекеттері туралы анық ұғым болғанда қалай әрекет етіп шешім
қабылдау қиын.
Процесс (латынның processus- қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі
бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген
“процесс” деген ұғымның мағынасын “ұстаздар- оқушылар” жүйесіндегі
түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай
нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін
білу керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның
болатын, өз арасындағы бар байланыстармен және мұғалімнің педагогикалық
процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын
заңдылықтармен байланысты.

1. Тәрбие және балалардың жас ерекшеліктері.
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие
жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы
принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас
ерекшеліктеріні сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие
жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие
жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және
тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістеріоқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.
Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске
алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі
проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері
әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетті. Жас кезеңдерінің
шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде
әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір
ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің
жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер адам жасын
тіс аттарына қарап топтастырады.
Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының
пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір
мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл
қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді
емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың
өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың
заңдылығын осылай дүниеәлелдегісі келеді. Бірақ ол балалардың психикалық
дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.
Біздің елдің ғылымдары – педагогтары балаларды тәрбие және білім
беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли
жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындғы балалар
т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған.
Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.
1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында бүкіл дүние жүзілік симпозиум
болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және
Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті
талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум
шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.
1. Жаңа туған бала 1күннен 10 күнге
дейін
2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін
3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа
дейін
4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін
5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін
(ер балалар)
8
жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар)
6. Жеткіншектік жас 13 - тен 16 жасқа
дейін (ер балалар)
12-
ден 15 жасқа дейін (қыз балалар)

7. Жасөспірімдік шақ 17 – ден 21 жасқа
дейін (ер балалар)
16 –
дан 20 жасқа дейін (қыз балалар)
8. Кәмелеттік жастың бірінші кезеңі 22 – ден 35 жасқа дейін (ерлер)
21 –
ден 35 жасқа дейін (әйелдер)
9. Кәмелеттік жастың екінші кезеңі 36 – дан 60 жасқа дейін (ерлер)
36 –
дан 50 жасқа дейін (әйелдер)
10. Кексе жас 60 – дан 74 –
ке дейін (ерлер)
56 –
дан 74 – ке дейін (әйелдер)
11. Қарттық жас 75 – тен 90 – ға
дейін
12. Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни
туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті
сатыдан тұрады.
1. Жаңа туған бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін).
2. Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).
3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).
4. Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).
5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін).
6. Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін).
7. Жасөспіроімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін).
Мектепке балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт ,
бес, алты және жеті сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас
кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және
мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас
сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас
сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ,
бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде
балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен
ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс - әрекетін
тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.
Мектепке дейінгі балалық шақта Бұл жастағы балалар күнделікті тұрмысқа
байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ
уақытта еңбекті көтермейді. Сондықтан ата – аналар балалардың күш – қуатын
еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте – бірте үйрету тәсілдері
арқылы жаттықтыруы қажет.
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді
тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс - әрекеті ойын.
Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп
түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалімде, ата –
аналардың өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталы, сөз
қоры мен тіл дамуының дүниеәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі
бірсыпыра мәліметтерді білу, дененің жетілуі т.б.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір
ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттері күші артады, сүйек жүйесі
қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарық шарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иоганн Гербарттың педагогикалық теориясы
Мектеп тәжірибесінде авторитарлық тәрбиенің позитивті және қарама-қайшылықты жақтарын зерттеу
Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелер
Дидактика және оқытудың жеке әдістемелер
Қысым жасамай оқыту
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Педагогикалық - психологиялық білім
Пәндер