Бала ата - ананың адамгершілік өмірінің айнасы
Жоспар:
Кіріспе
І Тарау. МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
1.1 Мораль және оның мәні
1.2 Мінез-құлық тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны
1.3 Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеу мәселелерін басшылыққа алу
ІІ Тарау. БАЛА МІНЕЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мінез – мінез-құлық тәрбиесіжәне отбасы
2.1 Отбасында теріс әрекеттерді болдырмаудың жолдары
2.3 Жас ерекшелігіне сәйкес мінезді қалыптастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Еліміздің көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық
деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Шығыс ғұламасының бірі
болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп
айтылады. Мемлекеттің беріктігі тек ол билеуші қайраткерлерге, әділ заңға,
күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін
сипаттайды. Оның ойынша, отбасы беріктігі жақсы жар таңдаудан басталады
және өнегелі отбасында ғана өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ
тәрбиеленеді. Қазір қоғам талабы – халық санының көбеюіне мүдделеп отыр.
Халық санының азаюы отбасында бала санының кемуі және көп балалы
отбасылардың азаюы болып табылады. Отбасындағы бала санының кемуіне
нақтырақ экономика мен қаржы тапшылығы себепкер болып отыр. Өйткені баланың
өсуі, күнделікті тағам өнімдерінің көтерілуі, киім – кешек баланың
қажеттерінің көбеюіне үлкен отбасыларға қиыншылық туғызады. Сондықтан шаған
отбасылар пайда болып, бала санын мектеп өсіруге жол ашады. Отбасы
мәселесін шешуде әр түрлі мамандар өз пікірлерін ұсынды. Нарықтық қатынас
жағдайындағы отбасының құралымдық сипатын әлеуметтанушылар М.Тәжин,
Б.Баяғанов былай деп түсіндіреді: Біріншіден, қазіргі қоғамдың
экономикалық өмірі кішігірім отбасының үлкен отбасылармен салыстырғанда
қайшылықтары көп, жолдарынан құтылуға болады, яғни, қазіргі экономикалық
өмірдің талаптарына икемделген болып келеді. Екіншіден, қазіргі шағын
отбасы өмірге бейімделуі жеңіл, отбасының және қоғамдық қажеттіліктерден
пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарында жеңіл таба алады.
Бірақ, демограф М.Тәжімов үлкен отбасылардың болуын мақұлдап, бала
санын көбейтудің жолдарын қарастырады. Өйткені, Қазақстандағы халық санының
аздығы демографиялық күйзеліс туғызып отыр. Мемлекетте халық санының төмен
орында болуы халықтың өсуі жағдайына байланысты деген ой түйіндейді. Оның
үстіне отбасында педагогикалық жағдай көп балалы отбасыларда әлдеқайда
жеңіл болатынын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Балаларына қамқорлық жасау
және оларды тәрбиелеу ата – ананың құқығы, әрі парызы деп көрсетілген. Ал,
әлемдік деңгейде Баланың құқығы туралы Конвенция қабылданып, онда бала
дүниеге келмей жатып, қамқорлық жасаудың жолдары қарастырылған. Мұның өзі
бүгінгі балалар мен жасөспімдер тәрбиесінің өте күрделі екендігін
дәлелдейді. В.А.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды.
Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса, денсаулығының мықты болуына,
ой өрісінің кеңеюіне көңіл бөледі және балалардың 3 – 4 сыныптарға дейін
бірқалыпты болып келіп, 4 сыныптан кейін біртіндеп өзгере бастайтындығын
түсіндіреді. Ерексектік кезең бала тәрбиеленудегі ең қиын кезең екендігін
айта келіп, ата – аналарды балалармен сырласуға шақырады. Н.Пирогов өзінің
таңдамалы шығармаларында Бала дұрыс түсініп, қарым – қатынас жасау үшін
оны өміріміздің өрісіне емес, біз өзіміз олардың өрісіне енуіміз керек деп
тұжырымдайды. Бала жүрегі айнадай тап – таза мөлдір, сол айнадай баланы
көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарауды қажет етеді. Л.Пинттің пікірінше,
ата – аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез құлқындағы әрбір ұсақ
– түйектерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Отбасындағы бала
тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып, жаңаланып, заман
талабына сай өзгеріп дамып отырса, тәрбиенің құндылығы арта түседі.
Халықтық педагогика негізінде қалыптастыру мәселелерін С.Ұзақбаева құндылық
бағдар – негізінде Г.Нұрғалиева, ізгілік эстетикалық бағытында Қ.
Шылыбекова, тұтас педагогикалық үрдіс негізінде болашақ ұстаздарды
ізгілікке тәрбиелеуді Н.Хмель, қиын балаларды қайта тәрбиелеу мәселесін
Б.Айтмағамбетова мен Н.Бозжанова сияқты ғалымдар зерттеп келді. Олар ұнамды
қасиеттердің барлығының қалыптасу отбасында қалатындығын дәлелдеп, қиын,
балалар тәрбиесі мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулерінде отбасы
тәрбиесінің, ролін ерекше атап көрсетеді. Ал, В.Лысенко бала дұрыс тәрбие
алып дамуы үшін ең алдымен, ата – аналар отбасы тәрбиесінде белсенділік
танытуы қажет деп санайды. Ол үшін ата – аналар педагогикалық білімін
көрсетіп отыруы қажет. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше
екенін түсіндіре келе оқушыны қиын атануға алып келетін ата – аналардың
балалармен мұғалімнің оқушылармен қарым – қатынасындағы бірнеше
кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден бір
жолы отбасындағы ізгілікті қарым – қатынасты орнату.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланысты болуы
керек.
Тәрбие бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір
мақсатқа сәйкес жүйелі түрде әсер ету болып табылады.
Елбасы Назарбаевтың Ғасырлар тоғысында еңбегінде Тәрбиенің түрлі
мақсаты қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде экономикалық және
рухани дағдарыстарда жеңіл шыға алатын ізгілігі мен 21 ғасырды құрушы
іскер, өмірге икемделген жан – жақты мәдениеті жеке тұлғаны тәрбиелеп,
қалыптастырып деп айқын айтқан.
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың Ел боламын десең бесігіңді
түзе деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр, яғни болашақ тізгінін ұстар,
елінің ертеңі болар халқының үмітін ақтай алатын дені сау, білімді де
саналы жас ұрпақты өсіру. Талабынан туындап отыр. Осы ұлы мақсаттарға жету
жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі – баланың бастапқы тәрбие мектебі, алтын бесік ұя – мектеп. Бұл
екі ортаның да мақсат – мүддесі ортақ. Отбасы, ата – ана адамды дүниеге
әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет
мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата
– анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.
Ұлы Абай атамыз”Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым жақсы ата – ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”деп көрегендікпен ой түйген. Бала
өміріне қажетті тәлім тәрбиенің іргетасы ата – ана арқылы отбасында
қаланады.
Дана халқымыз”Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” демекші ата –
ананың әрбір іс әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата – ана өз балаларының
тұңғыш тәрбиешілері. Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы.
Отбасы мүшелерінің бірін-бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен
түсінушілігінен, ата-анамен балалар арасындағы, мейірімді қарым-қатынастың
қалыптасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған
заңдылықтар арқылы көрініс табады.
Кішкентай сәбилердің үлкендер не айтса соны істейтінін күнделікті
өмірде жиі көріп жүреміз. Сондықтан да отбасы баланың бастауыш тәрбие
мектебі дегеніміз өте орынды. Ата-ананың бала алдында жеке басының үлгі-
өнегесі, беделді жоғарғы болуы керек.
Кез келген адам ұшқыш немесе ұста бола алмайды. Ал өмірге ұрпақ
әкелген соң өнегелі отбасын құрып әке мен ана болу әрбір адамның міндеті.
Баланың үйде көргені. Ата-анасынан жақын туыстарынан естігені - ол үшін
тәрбиенің ең үлкені. Осы тұста сүрінбеу үшін ата-ананың мінез-құлқының,
ізетті қасиеттерінің, жалпы мәдени дәрежесінің деңгейі өте жоғары болуы
керек.
Баланы жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге
еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа баулып
өсіру шарт. Осы тамаша қасиеттерінің бәрін ата-ана бойынан тауып, соған
еліктеп өссе және әрбір ата-ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өмірдегі
шынайы досына айналса тер төккен еңбегінің жанғаны.
“Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер”дегенді
ескеріп, баланы қанша жақсы көргенмен оның жасаған жағымсыз қылықтарымен
елеулі қателіктерін ескерусіз қалдыруға мүлде болмайды.
Әрине, ол үшін баланың намысын қорламай, ар-ожданын аяққа таптамай,
сенімсіздікпен қарамай байыпты ақылмен, қамқор байыпты ақылмен сөзбен
түсіндіру қажет. Сәл ғана сәтсіздігіне бола балаға сенімсіздік білдіру оны
алға ұмтылмайтын, жігерсіз жасық бала болмауға итермелейді. Ал бұл ата-
ананың бала тәрбиесіндегі жіберген үлкен олқылығы.
Отбасы жағдайында баланы кішкентайынан спортпен шұғылданып, денесін
шынықтыруды, эстетикалық талғамның жоғары болуын, қоршаған ортаны қорғауға,
еңбекке бейімделіп өсуін қалыптастырған жөн. Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді
білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре
береді. Сондықтан ”Бала тәрбиесі баршаға ортақ” екенін ескеріп, жас ұрпақты
саналы азамат етіп тәрбиелеу ең негізгі міндет.

Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының жаңа құрылысын жүргізіп
отырған шақта адамдардың құлықтық саналығын тәрбиелеу қоғам дамуының ең бір
басты айқындаушы міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру жолдарын
жаңаша қарастыру үшін ең алдымен адамның негізі немен аяқталатынын зерттеу
керек.
Ғылыми, философиялық, психологиялық әдебиеттердегі мінез-құлық тәрбие
жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған.
Шәкірттердің саналы тәртібі, пайымды мінезі туралы түсінігін
қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің
мақсатқа бағыталған іс-әректіне құлық тәрбиесіне байланысты.
Тарихқа көз жіберсек, қоғамдық өмірдің дамуында адамзат бойында мінез
– құлық негізгі құндылық болып келеді.
Құлық-қоғамдық дамудың жемісі ол қоғам өміріндегі өзгерістерге
байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы құлық тәрбиесінің тәжірибесін
пайдаланбай өмір сүрген емес.[8,13 10-13 ]
Мінез-құлық тәрбие туралы ой-пікірлер VI ғасырдағы Орхон-Енисей
жазуларынан басталып, Орта ғасыр ғұламалары мен (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн ,
М.Қашғари, А.Жүгенеки т.б.) Алтын орда дәуірі оқымыстылары (С.Сари,
Қ.Жалайри, т.б.). XIV-XV ғасырда өмір сүрген ақын - жазушылар (Асанқайғы,
Шалкиіз, Бұхар, Махамбет, Әсет т.б.) еңбектерінен көрініс табады. [8, 87-
105 бет]
XIX ғасырдың II жартысында (Шоқан, Ыбырай, Абай) одан бертін келе
ортамызға қайта оралған қазақтың ұлы зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов, С.Сейфулин т.б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.
Әбу-Насыр Әл-Фарабидің (850-950) “Математикалық трактаттары”
“Философиялық трактаттары”,“Логикалық трактаттары”, “Этикалық
трактаттары” және т.б. шығармаларында адамзаттық игілікке, бақытқа, шаттық
өмірге жету жолындағы ең негізгі компоненттер деп экономиканы, саясатты,
мемлекеттік құрылысты, жанұяны және тәрбиені атаған .
Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған бір пікірдің біздің дәуірімізге де
өз маңызын жоймай жеткені.
Жалпы, Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл-ой
мен білімнің биік мәнін , жоғары маңызын , халықтар арасындағы туысқандық
пен достықты жырлайды. Оның “Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне
көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады” деген қағидасы да
тап бүгін өте өзекті мәселе.
Білім – ғылымының барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра
қалдырды. Аристотельден кейінгі “Екінші ұстаз” атанды. Әлемнің негізгі
тұрақтысы –адам. Адамның ақыл – ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, дұрыс
өсіп-өркендей алады. Қажетті дағдылар мен жақсы мінез-құлық адамды бақытқа
кенелтеді. Жаман мінез – құлық бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақыл-
ой басты қадір-қасиеттері қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады.
Қандай болсын әдіс, тәсіл (мақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу,
көндіру )тәрбиешіден асқан имандылық, ізетті талап етеді, осылай ғана ол
шәкірттерден шындықты, адамгершілікті, сыпайылықты, әділдікті талап ете
алады. Сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие болуға тиіс.
Жақсы мінез –құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар
адамгершілік қасиеттер болып табылады. Біз қасиеттер дегенде әрбір
нәрсенің игілікті жағын айтамыз. Адам бойындағы мінез-құлық сапаларының
абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады.[23, 18, 25-30]
Мінез-құлық тәрбие дегеніміз- адамның моральдық қасиеттерін белгілі
бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында
– еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, жанұяда және халықаралық қатынаста
адамның мінезін және санасын реттейді.
Мінез-құлық тәрбиесі– адамгершілікті тәрбиелеудің құрамды бөлігі.
Мұның міндеті моральдық межелер мен талаптарды қоғамның әрбір мүшесінің
игілігі ету, оларды терең құлықтық сенімдеріне жоғары құлықтық қылықтарына
және шын мінез - құлқына айналдыру. Құлық тәрбиесінің шеңберінде тұлғаның
құлықтық санасы, оның қоғамдық борышқа, тәрбие әсемдікке көзқарас
қалыптастыруда әлеуметтік тәрбие институттарының тәжірибелік жұмыстарын
қамтиды. Құлық тәрбиесінде тәрбиешінің беделінің үлкен мәні бар.
Тәрбиешінің өзінің тәрбиелі болуы – құлық тәрбиесіндегі өзекті мәселе.
Құлықтық сана – адамдардың көзқарастарында және елестетулерінде
шындықты, қоғамдық болмысты бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі: өзінде
құлықтық іс- әрекетті, құлықтық қатынастарды бейнелейді және белгілейді. Ал
бұлар құралудан бұрын адамдар санасынан өтеді. Құлықтық сана құрамына:
мұраттар, моральдық межелер, құлықтық құндылықтар, моральдық сылтаулықтар,
бағалаулар енеді.
Адам басшылыққа алатын моральдық межелер мен принциптер жиыны
тұлғаның құндылық бағдарында көрініп, оның моральдық санасын сипаттайды.
Құлықтық сананың өзіндік мінез – құлық шеңберіне қатысты, қылықтарды таңдап
алу мүмкіндігі болғандықтан адамдар қылығын бағыттауға ғана қабілетті
болады.
Құлықтық сезім – тұлғаның рухани құлықтық өмірінің көңіл - күйде
сезіну жағы адам іс- әрекетінде маңызды орын алды.
Құлықтық сезімдерге намыс, ар, ұят, абырой, мақтаныш, махаббат,
өшпенділік, жек көру, қызғаныш, менмендік, өзімшілдік, атақ құмарлық т.б.
жатады. Құлықтық сезім адамның түрлі жағдайларға өзіндік тұрғыда жауап
беруі.
Өзінің әлеутеттік мазмұны жағынан олар қоғамдық болмысқа, өмірдің
түрлі жағына субъективтік қатынас болып табылады. Мысалы, басқа адамға,
өзінің - өзіне, жеке қоғамдық өмір құбылыстарына, толық алғанда қоғамға
тағы с.с. қатынасы. Құлықтық сезімнің әлеуметтік сипаты болады, олардың
көбі адамның моральдық бейнесін сипаттайтын, оның сапаларына сәйкес келетін
құлықтық санаман бағаланады. Моральдық сезімдер түйсіктер, қабылдау,
елестетулер, ойлар сияқты танымдық іс - әрекеттерден туындайды және
адамның түрлі іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Құлықтық сезімдер адамның бүкіл өмірінің іс- әрекеттерінің барлық
түрлеріне ықпал жасайды, оның әлеуметтік, тынымдық және басқа
белсенділіктерін қуаттандырады, тұлға оянуын күшейтеді.
Құлықтық құндылықтар – әлеуметтік құбылыстарды, адам әрекеттері мен
мінез- құлықтарын, олардың моральдық жағынан қарағандағы жақсылық пен
зұлымдық жөніндегі түсініктеріне бағалауға мүмкіндік беретін адамның мінез-
құлқындағы бағдарлары.
Құлықтық қатынастар шеңберінде адамдар қылығының моральдық маңызы
болатын себептері олар қоғамдық өмірге, қоғамдық құлықтың негізіне оң не
теріс әсер етеді. Моральдық санада құлықтық құндылықтар адам башылыққа ала
отырып лайықты әрекет жасайтын моральдық мұраттар, принциптер, межелер
ретінде көрініс береді. Қайрымдылық пен зұлымдылық жөніндегі құлықтық
талаптар мен түсініктерге сәйкес келетіндігі ретінде бұл әрекеттерге қоғам
баға бареді. Бұл жағдайда адам қоғам алдында өзінің моральдық қалауы үшін
жауап береді.
Құлықтық құндылықтар мұғалімінің, оқушылардың көз қарастары арқылы
өтіп, құлықтың санасында қатысу мен мінез құлықтың жеке қабылданған
межелерінде бекіп, олардың бүкіл іс-әрекеттерінің өн бойын алып жатады.
Құлықтық сезім, сана, сенім ұғымдары мен оны іс жүзіне асырудың
арасында ұзақ жол жатыр. Мектеп тәжірибесінде кейбір оқушылар күнделікті
талапты жақсы білгенімен, оны ісінде істей алмайтынын байқаймыз. [11,97-
128]
Әдеп сақтау – адмгершіліктің белгісі. Әдеп сақтау (этикалық қалып) –
қазақ халқының тарихи қалыптсқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі,
әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды айғағы.
Халық өмірлік практикада ешбір тиым салусыз – ақ өз қалауынан
адамгершілік мақсат – мүддеге сәйкес әдептілікті, әдеп сақтау жүйесін
қалыптастырған. Әдеп сақтаудың әлеуметтік (қоғамдық) мәні зор.
Әдептілікті бұзған адамға кез – келген қоғам мүшесі (жасына, нәсіліне
қарамай) өз пікірін айтуға, тиым салуға ерікті, өйткені әдеп сақтау -
әлеуметтік дәстүр.
Әдеп сақтау – этика, яғни мінез – құлық пен қарым – қатынастың
қалыптасқан, халықтық ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтық дәстүр де
бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық рәсімге,
тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу,
қастерлеу, атап айтқанда, адамгершілік борышты өтеу болып табылады.
“Әдептілік - әдемілік” дейді халық. Әдептілік – имандылық, кішіпейілділік,
көпшілік деген сөз.
Бастауыш мектепте әдеп сақтау дәстүрі оқушылар ережесімен, балалар
ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарымен байланыстырылады. Сынып жетекшісі “әдеп
дегенді қалай түсінеміз”, “әдептілік деген не?”, “әдеп сақтау -
адамгершілік”, т.б. тақырыптарда сынып сағатын өткізеді.
Әдеп сақтау жөнінде мектеп қабырғасында әсем безендірілген жарнамалар
бала тәрбиесіне ерекше әсер етеді.
Әдептілік жөнінде мектепте арнайы апталық ұйымдастырып, оның соңын
жалпы мектептік кешпен ұштастыру қызықты өтеді. Әдеп сақтау кешіне ата –
аналар, ұстаздар, өнер адамдары, ақын – жазушылар қатыстырылады.
Адамгершілік – қоғамдық өмірдің тарихи - әлеуметтік заңдылықтарына
сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым – қатынастар жүйесін реттеп
отыруға негіз болып табылатын, қауымдық, әлеуметтік, халықтық игі іс -
әрекеттер, мінез – құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік
қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Үлкенді сыйлау – адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының
әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Қазақ халқының
ұлттық әдеп - салтында адамгершілік жоғары бағаланады. Адамдық қалыпты,
әдепті сақтай алмаған адам “адамгершіліктен” шыққан болып есептелінеді.
Ертеде адамгершілік қалыпты сақтай алмаған адамдарды қадірлі адамдар, билер
жөнге салып, жазасын тартқызып, тәрбиелеп отырған. Қазақтың ұлттық дәстүрі
бойынша, үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың
парызы болып табылады.
Ғылыми педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде құлықтық сенім негізінен,
дүниеге, өмірге көзқарас тұрғысынан анықталады. Егер оқушыға осы пікірмен
қарағанда, сенімі күшті болса, онда оның ісіне сенім билейді.[1,14,28-32]

Құлық тәрбиесінің міндеттері:
1. Оқушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауда қатыстыру.
2. Оқушылардың тәртіп пен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру.
3. Балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың
бірлігін қамтамасыз ету.
4. Отанға, халқымызға, еңбек пен қоғамдық іс - әрекетке балалардың
жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру: біріншіден тәрбие процесінің объективті
және субъективті жақтарының бірлігіне яғни оқушыларға қойылатын
педагогикалық талаптарға бұл объективті жағына: ал, жеке адамның қоғамдық
норманы меңгеруі - бұл тәртіп пен мінез-құлық тәрбиесінің субъективті
жағына байланысты. [13,22,150-151]
Адамгершілік тәрбиесінің принциптері:
1. Идеялық пен мақсат көздеушілік принципі.
2. Оқушыларды ұжымда тәрбиелеу принципі.
3. Педагог балаға талап қоюды оның жеке басын құрметтеумен
ұштастыра отырып жасау принципі.
4. Сезімге, санаға, мінез – құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі.
5. Мектепте және отбасында балаға қойылатын талаптардың
жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі принципі.
6. Жеке - дара тәсіл принципі.
Бастауыш сынып оқушыларының дамуында бір-бірімен сабақтастыққа
байланысты болуы айрықша орын алады. Балалар мұғалімнің, ата-ананың бас-көз
болумен құлықтық ережелерді, қағидаларды өзінің күнделікті өмір сүру
барысында біртіндеп қабылдайды. Алайда, құлықтық ережелер, үлгілер,
нормалар мәңгі өзгермейтін категория емес. Ол қоғамдық - экономикалық
әлеуметтік жағдайдың, құрылыстың өзгеруіне байланысты өзгеріп, жаңарып
отырады. [2,4,34-36]

Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда
өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар
мен ата – аналар баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында
ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.
Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады.
Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар деп – оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге
ықыласы жоқ балаларды айтамыз. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептер
мыналар:
Бірінші себеп – отбасы тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын
оқытуда, тәрбилеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала
мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті
туғызады.
Екінші себеп – бұл отбасындағы сәтсіздік – маскүнемдік, ұрыс –
төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек
мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу – неке бұзу.
Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір
отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған
ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату отбасында ата – аналар балалардың
күнделікті өмірі мен іс - әрекеттеріне басшылық жасайды. Отбасы бала үшін
өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық,
еңбексүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез – құлық қасеттері дамиды және
қалыптасады.
Төртінші себеп – бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы
оқысқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиеі қиын балалар жөнінде сынып
жетекшілерінің іс - әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана
шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау,
оқушылардың ата – аналарын мектепке шақыру, олардың ата – аналары істейтін
жеріне хабарлау т.б.
Ғылыми деректерге қарағанда қиын балаларда байқалатын белгілер:
Біріншіден, аномальді қажеттілік (маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық т.б.)
Екіншіден, тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы (мейірімсіздік,
жалақорлық, жалғандық, өзімшілдік)
Үшіншіден, ата – аналармен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу
жағдайлары.
Төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін - өзі түзетуге
қабілетсіздігі.
Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәрбиесі қиын балалармен жұмыс
барысында мына мәселелерді еске алуы қажет:
а) Тәрбиесі қиын блалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке
алу;
ә) Олардың кешіліктерін терең зерттеу, психологиялық – педагогикалық
және медициналық мәліметтерін жете білу;
б) Мектептерде мақсатқа бағытталан жоспар бойынша нақты жұмыстарды
дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру.
Тәрбиесі асқынған балалармен жүргізілген жұмыс өнегесін озат
мектептердің іс – тәжірибесінен көруге болады:
Біріншіден, педагогикалық ұжым және ата – аналар комитеті бірігіп,
балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оны іске асыру үшін
шаралар белгілейді;
Екіншіден, мектептерде тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске асырады.
Үшіншіден, тәрбиесі қиын балаларды әртүрлі жұмыстарға, жиналыстарға,
түрлі жарыстарға, кештерге, өздігімен іс - әрекетіне, бастауыш сынып
балаларын қамқорлыққа алуға т.б. белсенділікпен қатыстырады.
Төртіншіден, мұғалімдерді педагогикалық – психологиялық біліммен
қаруландыру үшін кейбір мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді,
оларға тікелей көмектеседі. [3,11,19,325-333]

Өмір-өзен, ағысында небір өзгерістер болып жатады. Десек те қоғамның
әрбір мүшесінің қандай адам болатыны үшін күрес бәрінен де маңызды.
Салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу мұраты ата-ана педагог, қоғамдық
институттардың табандылығы, қажыр-қайраты, ізденісі, өлшеусіз еңбегі
нәтижесінде жүзеге асады.
Мағжан ЖұмабаевПедагогика оқулығында адам баласына төрт түрлі тегіс
берілсе, оның тәрбиесі түгел екенін атап айтқанын білеміз
Ақын ата-аналарға оны дұрыс орындауды ескерткен. Олар: дене тәрбиесі,
ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құқық тәрбиесі. Өмірмен сабақтасқан бала
мінездегі көріністі тәрбиемен ұштастырып қана түпкі нәтижеге жетуге
болатынын күнделікті тәрбие дәлелдеуде. Сондықтан ата-ананың да рухани
жағынан өсіуіне ықпал ететіндей баяндама отбасылық жарыс, Үлгілі отбасы,
көрмелері, сұрақ-жауап кештерін жиі өткізген тиімді. Өз сыныбымның ата-
аналарын тану үшінБосс-Даркидің эмоциалық тестінжүргіздім.
Баланың басты ұстазы, өнеге эталоны-ата-анасы. Бала ата-анасын
танымайынша, құрметтемейінше, іс оңалмайды. Олар бірін-бірі үйде көргеннен
басқа ортада, атмосферада бақылағандары әсерлі. Ондай ортадағы қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыру сенімді, құрметті нығайтады. Алғашқы
мүшелКенже балам-сүйкімдім, Бұрымды қыз, Досы көппен сыйлас сияқты
бірлескен сырласу кеші, байқаулар ата-ана, бала белсенділігін арттырады,
бір-бірлерін білуіне көмектеседі. Тәрбие нәтижесін шыдамдылықпен күту
керектігін жете түсінеді. Осы қызметінде ата-аналарымен ынтымақтастыққа
арқа сүйейді, бірігіп бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдарына сапар
шегеді.
Халықтық педагогикадағы ақыл-ой тәрбиесі. Адамның қабілетін жан-жақты
жетілдіре тәрбиелеу үшін дене еңбегімен қатар ақыл-ой тәрбиесін өрістету
қажет. Өйткені, қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның ұштасып өрістеуімен тығыз
байланысты. Қоғамдағы барлық байлық дене еңбегінің ортақ жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі көріп білу, сезіну біртіндеп толық дамыған
тәжірибеден тұратын үздіксіз жаттығудың жемісін көрген білгенді ой елегінен
өткізіп оны түйіндеп миға тоқу үнемі сарапқа салу. Ынта жігерді, күшті
қажыр-қайратты талап етеді. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болса тез
халық текке айтпаған.
Шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән
беріп қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді, қол бастаған батырмен пара-
пар қойған. Шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп атаған.Халық ертегісі мен
аңыздарында жастарды солардай ақылды Жиренше шешен мен оның жары Қарашашты
мысал етіп көрсеткен. Осы кейіпкерлер арқылы жастарды парасаттылыққа,
ұйымшылдыққа баулыған. Халыққа қызмет етуді әділдік жолында жауыздардан
құтылуды күресіп жеңе білуге уағыздаған. Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде
ой-санасын өрістетуде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор.
Айтыс жанры, жұмбақ, мақал-мәтел, өтірік өлең, мазақтама, санамақ т.б.
Әдіс-тәсілдері: әңгіме, өсиет, үйрету, жаттығу, тілек айту,
көтермелеу, мадақтау, жазалау т.б.
Қазақ халқының аспандағы жұлдыздарға қарап ауа райын болжаған. Сонымен
қатар ай, жыл, ауа райы туралы халық емшілері болжамдар жасаған. Наным
сенімдер арқылы ақыл-ой тәрбиесіне көңіл үлес қосып отырған. Үш, жеті,
тоғыз, сандарын киелі сандар деп есептеген. Әлемнің төрт құдіретіне сеніп
оның адам өміріндегі маңызына көңіл бөлген.
Қазақ халқы әр жастың ерекшелігіне оның ішінде мүшел жастарға ерекше
мән берген.
2.2 Отбасында теріс әрекеттерді болдырмаудың жолдары
Қазақ халқы өз ұрпағын жақсылыққа, инабаттылыққа, қайырымдылыққа,
еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеген. Бұлар ата – бабаларымыздың
тарихи дәстүрмен бірге жалғасып келе жатқан имандылық қасиеттер.
Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата – аналардың
тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасы
мүшелерінің бір – бірін түсінушілігіне, өзара қарым – қатынасына,
көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.
Отбасында ата – аналар тарпынан үстемдік жағдайында балалардың өз
бетімен іс - әрекетін жасауына жол берілмейді, өз өміріне немесе отбасына
байланысты бірде - бір мәселені шешуге үй – іші кеңесіне қатыспайды.
Осының нәижесінде бала отбасында болып жатқан әлеуметтік өмірге, еңбекке,
білімге, мәдениетке, саясатқа байланысты мәселелерге қатыспай сыртта
қалады. Бұл жағдай баланың танымдық қабілетінің дамуына, рухани және
адамгершілік қасиеттірінің қалыптасуына бөгет болады.
Теріс қылықтардың бірі - қақтығысулық. Бұл отбасы мүшелерінің
арасындағы қайшылықтан туады.
Теріс қылықтарды болдырмаудың жолдары:
1. Аномальды мұқтаждық – ішкілікке, анашаға құмарлықты, ұрлық жасау,
төбелес т.б. болдырмау.
2. Мейірімсізік, қаталдық, жалғандық, жалақорлық, өсекшілдік, өз қамын
көздеушілік, өзімшілдік сезімдерді болдырмау.
3. Ата - аналар және мұғалімдер жағдайының тұрақтылығы. [17,20,205-208]
Аќыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі ќұралы
болып келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халыќ санасының тереңінен
әрдайым орын алды. Халыќ табиғат пен ќоғам дамуының заңдылыќтары
бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын маќсатты
игерудің нәтижесі деп білді.
Халыќ педагогикасында оќыту мен білім берудің принциптері ќазіргі
ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халыќ білім мен өмірдіі
тығыз байланысты болуын талап етті.
Халыќ педагогикасында тәрбие, оның биліктері туралы ұғымдардың
аныќтамаларының да ғылыми педагогиканың аныќтамаларымен сәйкес келетіндігі
байќалады. Халыќ педагогикасы бойынша аќыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің
ойлау ќабілеттерін, сана-сезімін оќу және еңбек процесінде дамытуды айтады.
Ғылыми педагогиканың аныќтамасы бойынша аќыл-ой тәрбиесі деп оќушылардың
аќыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және аќыл-ой еңбек мәдениетін
дамытудағы тәрбиешілердің маќсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Аќыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жаќты дамуының негізі. Аќыл-ой тәрбиесі
еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ыќпал жасайды.
Аќыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және аќыл-ой
күштері.
Аќыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім ќорын жинау;
- негізгі ойлау операцияларын меңгеру;
- зиялылыќ біліктерді ќалыптастыру;
- дүниетанымды ќалыптастыру.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері,
олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі.
Ойлау деп заттар мен ќұбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды
және ќатынастарды бейнелейтін психикалыќ процесті атайды. Ойлау таным іс-
әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным бұл әржаќты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz