Ойын сабақ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім сапасын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай ғылыми - зерттеу барысында әлемдік озық тәжіриебелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.

Оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру үшін оны жан - жақты дамытуда олардың дербес ерекшеліктерін ескере отыру қажет. Саралап, даралап, оқыту әдістерін жүзеге асыру барысында көрініс табады. Мұнда әртүрлі деңгейде (көбіне 3 деңгейде) үлестірмелі дидактикалық материалдар, тест сұрақтары дайындалады. Бұл оқушы білімін саоралап, оны одан әрі жетілдіруге көмектеседі. Білім деңгейінің жетістіктері дәстүрлі білім, білік, дағдымен қатар оқушылардың іс - әрекет қызметі салыстырмалы, интерпретация, бағалау, жүйелеу, модельдеу, пікір түрінде көрініс табады.

Қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесінің алатын орны ерекше. Білім негізі бастауышта қаланады десек, ұрпақ тәрбиесі алдында бастауыш сынып мұғалімдерінің жауапкершілігі орасан зор.

Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы, бергі тарихи асыл мұраларын біліп, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - әрбір мұғалімнің азаматтық парызы.

Бүгінгі мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін, ол - ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан оқытудың алғашқы сатысынан бастап, оқушыларға сапалы білім беру үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжіриебенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс.

Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту сабақтарының мәні ерекше. Заман талабына сай жаңа оқулық құрастырылды. Оқулыққа бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігіне сай жеңіл мәтіндер, тарихымыздың, дәстүріміз бен ұлттық мәдениетімізден хабар беретін материалдар енгізілген. Осы материалдарды оқытуда сол сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Ана тілі сабағына күнтізбелік жоспар, тақырыптарды топтап, тиісті бөлімдерге бөлініп жасалынады. Сол бөлімдер бойынша ақын - жазушылардың суреттері мен қосымша деректер, материалдар жинақталды, осы көрнекіліктер арқылы сабақты қызықты етіп өткізуге болады.

Сондай - ақ, сызба, жыл мезгілдеріне байланысты суретте, карта, техникалық құралдар пайдалану арқылы оқушылар ынтасын арттыруға болады. Сабақты бір сарынды өткізу жалықтырады.

3-сыныпта «Райымбек бастауы» атты әңгімені өткенде мынандай сызба қолдануға болады.

киелі

намысшыл қасиетті

Райымбек

батыр

тапқыр

зімтал әулие

Топтастыру стратегиясы бойынша суреттерді қолдану әдісі.

«Қыс» тақырыбын өтер алдында «Қыс дегенде қандай көріністер көз алдыңа елестейді?»- деген сұрақ қоямын. Сол қыс көрінісін бейнелейтін суретердің ішінен іріктеп алуларын сұраймын.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтінмен, ертегімен жұмыс істеймін. Атап айтсам, «Кубизм» стратегиясы, конвертпен жұмыс өмірмен байланысты «Алтын сақа» ертегісі бойынша, т. б. Кейбір ертегіні, мысалды рольге бөліп оқыту да үлкен жетістікке жеткізбеді. Әр тарау соңында сол тарауға байланысты тест жұмысын алу. Тестке балалар өте қызығады.

Сабақ процесінде сол мәтінге байланысты ребус, сөзжұмбақ шешу, мәтінді тез түсінуге көмегін тигізеді. Өтілген тақырып бойынша реферат жазу, жұмбақтар мен мақал - мәтелдер жинастыру, сурет салу да оқушылар қызығушылығын арттырды. Әңгімені, ертегіні сахналау жұмысыда қызықты өтеді. Мәтінді, өлеңді мәнерлеп шапшаң оқуға қызықтыру үшін әр оқушыға жеке - жеке сызба жасалынады. Жоғарғы көрсеткішке жету үшін күнделікті оқуға жаттығуды бала ұмытпайды.

В. А. Сухомлинский: «Мұғалім өзінің жалпы білім деңгейін көрсету үшін, өзі оқытатын пәнді терең білу, интелектуалдық байлығын, педагогикалық мәдениеті мен шеберлігін дамыту үшін өзін шәкірт ретінде ұстаса, білім үстіне білім, дағдысына дағды қосып отырса, шәкірттердің ішінде оған еліктеушіліер аз болмайды» - дейді.

I. Ана тілін неге алдым? Оған себеп біздің қала мектептеріндегі оқушылардың ана тілінде сөйлеудегі қиындығы. Қайтсем балалардың тілдік сөз қорын дамытам деген ой көп мазалайды. Бала тілі сөйлей білсе, сөздің мағынасын, оның тіркесін түсінсе ғана дамиды. 9 жасқа дейін ана тіліне деген құрметін арттыруды мақсат еттім. Көп ізденіс еңбектің арқасында (тәл дамыту) арнайы пәнәнің қосымша бағдарламасы жарық көрді.

Өзің жазған «Тілдік сөз қорын дамыту концепциясының пайдасы мол болды. Бірінші сыныптан бастап жүйелі түрде үш кезеңмен жұмыс істеу керек.

Ойлау болған жерде, тіл болады. Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған. Қабілеттерінің деңгейі. Шәкірттерінің жеке тұлғасының дарындалығын дамытуға аса көңіл бөлу қажет»

Бүгінгі таңдағы міндет Болашақ 2030 дың азаматын тәрбиелеу, оұу ісінде жаңа технология әдіс тәсілін қолдану . Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру, мұғалімнің кәсіптік шеберлігінің жемісі. Түпкі мақсат тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қорғайтын адам іскер белсенді жеке тұлға етіп шығару.

II. Жаңа буын оқулығы (ана тілі) нені үйретеді? «Атам мұра» баспасынан шыққан оқулықтардаң көздейтіні - дамыта оқыту. Халықтық тәлім тәрбие үлгілерін өнеге ету.

III. Іс тәжірибені қалай қолдану керек?

а) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.

ә) Оқу барысында Б. Б. Д - ны қалыптастыруды дағдыға жеткізу.

б) Оқу мен тіл арасындағы байланыстарға мән беру.

в) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстарға аса көңіл бөлу

г) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту

д) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

IV. Қалай сабақ беру керек?

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті - оқу материалын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Панорамалық сабағы: «Ана тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлау және жазу технолгиясы». Сыни тұрғы сыни ойлау дегеніміз не? Белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя салыстыру, сол идеяларға қарсы көзқарастар мен тепе теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарайтын белгілі бір жүйелілікке түсіріп қолдану.

Бұл бағдарламамен оқытқан мұғалім мына төмендегі стратегияны жақсы жасай алуы шарт.

  • оқыту мен үйретудің үш деңгейін түсіне жіне суреттей алатын болуы керек.
  • әр түрлі оқыту стратегияларын (сабақтың) ұтымды жерлерінде орынды өолдана білу.
  • Сабақ үстінде әр түрлі оқыту стратегиясын таныстыра білу керек.
  • Сын тұрғысынан ойлау адамның түсіну қабілеттігін, өзінің білетіні мен ойын саралай білуді талап етеді.
  • Сын тұрғысынан ойлау үшін уақыт, зейін және мақсат керек
  • Мұғалімнің негізгі міндеті: өз ойын, пікірін айтқысы келген оқушыны тыңдау, оның логикасын түсіну, қате пікірді бірден жоққа шығармай, өзара пікір алысу барысында елеусіз түзету.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында 2-3 сағаттан бөлініп таңдаулы пән жүргізіледі. Бұл пәнді әр мұғалім сыныптағы оұушылардың жас ерекшелігіне қарай қызығушылығын байқай отырып, сәйкестендіре таңдайды.

Төртінші сыныптарда сәйкес 2-3 пәнді біріктіре отырып баланың білімін, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытуда жақсы нәтиже беретін «тіл дамыту» пәнін жүргізген өте қолайлы.

Мәселен, ана тілі хрестоматиясынан, орыс тілі пәнінен берілген сыныптан тыс оқу жұмыстарын қазақ тілі пәнінен өтілген материалдармен сәйкестендіре пәнаралық байланыс жүргізсе, оқушының білім деңгейі де барынша молайып, мұғалім де уақытын тиімді пайдаланары хақ.

Қорытынды сабақтарда баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруда түрлі интеллектуалдық ойындар жүргізілсе, баланың пәнге деген қызығушылық қабілеті артары сөзсіз.

Мектептегі басты тұлға - мұғалім, ал оқу процесінің негізі - сабақ. Демек, мұғалім әр сабақтың тиімді, әрі қолайлы әдіс - тәсілдерін таба біліп, әр сабақтың білімділік, тәрбиелік мәнін жете түсініп, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыруға міндетті.

Білім негізі бастауышта болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімдерінің жүгі өте ауыр. Алдына барған кішкене бүлдіршіннің ертеңгі азамат болып қалыптасуы - үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті, қызықты және тартымды, күнделікті өмірмен байланыстыра өткізу - әдістеменің басты талабы.

Қазіргі оқыту мен тәрбие жұмысының негізгі міндеті - ұлттық мұраны мектеп өміріне кеңірек енгізу және келешектің нәрлі қайнарына айналдыру.

Мектепте әрбір сабақ өзіндік ерекшеліктермен өлшенеді. Әрбір сабақты сапалы әрі саналы меңгерту үшін оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізудің мәні зор.

Материалды толық меңгертіп, пәрменді тәрбие беру мұғалімнің ынта ықыласына, тіпті қабілетіне байланысты. Сабақтың сапасын арттыру - оқушының сабақ үлгеру сапасын арттыру болып табылады. Осыған орай оқыту мен білім беру жүйесінде жаңа тиімді тәсілдер, яғни дәстүрлі емес сабақтарда жүргізу кеңінен орын алуда.

Дәстүрлі емес сабақтың оқушыларға тигізетін ықпалы зор. Сабақты дәстүрден тыс түрлендіру жолдары сан алуан. Ол әр мұғалімнің өзінің шығармашылығы мен ой қиялына байланысты.

Атап айтсақ:

Ойын сабақ; саяхат сабақ; сайыс сабақ; аукцион сабақ; КВН сабақ тағы басқалар.

Қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті, қызықты, әрі тартымды өткізу үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Ойын элементтері - мұғалімнің түсіндіріп тұрған материалын оқушылардың зор ілтипатымен тыңдап сапады меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Ойын арқылы балалар тез сергіп тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді сабақ жоспарына жалпы шолу
Инновациялық сабақты ұйымдастырудың (жоспарлаудың) қазіргі формасы
Орта мектепте химияны оқытуда ойын технологиясын қолдану әдісі
Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері
Ойын технологиясы туралы
Сөздік - дидактикалық ойындар
Психикалық даму тежелеуі бар балаларға түзету-дамыту бағдарламасы
Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Ағылшын тілі сабақтарында ойын технологиясын ұйымдастыру
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz