Біз демократиялық өзгерістер жолына түстік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

БЕЛЕСТЕР БИІГІНДЕ

Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған, аңсаған тәуелсіздігі еді. Қаншама асыл ер-леріміз осы тәуелсіздіктің өзі емес, тек сәулесі үшін жанын пида етті!

Тарихқа, ғасырларға шегінсек, XVI ғасырдан Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 200 ден астам ұлт-азаттық көтерілісі болыпты. Елім деп еңіреген ерлерді, халық қамын ойлаған қайраткерлерді өз заманы өмірге келтіріп отырды. Әз Тәуке қазақ хандығын бір орталықтан басқарып, ел абыройын асырды. Атақты «Жеті жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» мемлекет басқарудың тың нұсқасы, салт-дәстүрдің жүйелі жиынтығы, заңгерліктің ұлы мұрасы еді. Жауынгер халық ұрпақ-тарының жүрегіндегі арнамыс тас қамалды құлататындай батыл әрекетке амалсыз жетеледі. Ата-баба үні ғасырлардан күш қуат бергендей аязды қыста мұзға оранды. Соңғы нүкте қойылған бұл көтеріліс 1986 жылғы желтоқсандағы жастардың қаруланған әскерге қарсы шыққан бейбіт шеруі еді. Сол сәтте олар тарихтың жаңа парағын, жалындаған жалынымен, ыстық қанымен ашқанын сезген де жоқ еді. Бұл айбарлы үн мен батыл әрекетті ақын Жұбан Молдағалиев: «Қазағым мың өліп, мың тірілген» деп жырласа, Мұқтар Шаханов сияқты көзсіз ерлер қарлығаштың қанатындай су септі. Уақыт өткен сайын жастар ерлігін еске алу сирегенмен, тарих өз беттерін жарқын істермен толықтыруда.

Ұлы Дала сахнасындағы тарихи оқиғалар құпиясы мол өткенді, арғы бабаларымыздың күрделі жолын халықтың тарихи санасының үлесіне ұсынды. Саны жағынан 4-орын алатын түркілерге жататын қазақтар мекен аумағы жағынан алғашқы ондыққа кіреді.

Қазақтар дербес ұлттық мемлекеттігін сақтау жолында бір жарым ғасырлық жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрып, Аңырақай шайқасында біріге білді. Кенесары бастаған көтеріліс, Алашордашы-лар қозғалысы және т. б. тәуел-сіздік жолындағы азаттық қадамдарды 1986 жылғы Жел-тоқсан, қазақ жастарының Ұлттық қайсар рухы жалғас-тырды.

Тәуелсіздік күні - Желтоқсан. Бұл оқиға туралы айтылып та, жазылып та жүр. Уақыт өткен сайын көмескіленбей, жылдан-жылға мағыналы түрде еске алу - біздің міндетіміз. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырған ызғарлы күн еді. Желтоқсан көтерілісі жеңілген жоқ. Оның құрбандары суға кетіп бара жатқан күйреген жүйенің, қатыгез биліктің амалсыз қарманған қатал қолына тап болды.

«Халықтар достығының лабораториясы» атанған Қазақстан «ұлтшылдар ұясы» болып шыға келді. Құлдық психоло-гиямен ауызданған аға буын, «Ұлы халық» қалай қарар екен деп алаңдаумен тойтарылып қалғанда, қызу қанды жастар Махамбетше «ақырып теңдік сұрады». Бұл тек Қазақстан емес, бүкіл кеңестік кезеңіндегі бұрын соңғы көрсете алмаған батылдық еді.

Өмірдің мәні - күресте. Заманға өзін илеттірмей, заманның ығына кетпей, керісінше заман-ды өзі алға сүйреп, ілгері жете-лейтін қоғамға мұқтаж. Біз демо-кратиялық өзгерістер жолына түстік. Оны орнықтыруда екі түрлі алғышарт - экономикалық тепетеңдік және қоғамдық тұрақтылық қажет. Саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды ойдағыдай жүзеге асыру тек тұрақтылық ахуа-лында мүмкін. Сыртқы жағдай-ларды қамтамасыз ету мақ-сатында, сыртқы экономикалық әрекеттер негізінде алыс және жақын елдермен байланыста ұлттық мемлекеттік мүдделерді көздеуді принципке алады.

Тәуелсіздік нәтижесінде Семей ядролық полигондары жабылды, экономикалық реформалар жүргізіліп, елдің табиғи ресурстары халық игілігіне жұм-салу басталды. Мәдени мұралар жинақталып, дәстүрлі мәдени құндылықтар ыдырауын тоқта-тып, қазақ тілінің кең қанат жаюына біртіндеп жол ашылды.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ ҚСР-інің Жоғарғы Кеңесі «Қазақ ҚСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны» және 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабыл-дады. Қазақстан өз дүниетаны-мы, дербес салтдәстүрлері бар болашағы айқын конституциялық құқықтық мемлекет болды. Мемлекеттік құрылымның түп қазығын қадап, шаңырағын берік орнату жеңілдікпен келген жоқ. Қанша ренішті шегіністер мен қуанышты талпыныстар болды. Егеменді елімізді бірінші болып құру, қиындығы көп алғашқы жол салу құрметі біздің қазіргі ұрпаққа тиді. Өркениетті елдер тәжірибесін басшылыққа ала отырып, ғылыми технологиялық жаңалықтарды заман талабына сай өмірімізге енгізу - бүгінгі күннің талабы. Аға буын өзінің мол тәжірибесін жастарға үйрете отырып, ел ерекшелігін, жер ерекшелігін, мәдениетті және сауатты еркіндік ерекшелігін сақтауын өсиет етіп қалдыруы керек.

Азаттыққа жету жолы барда оны ұстап қалу үшін, тәуелсіздікті баянды ету үшін қуатты білім керек. Мәдениетті сақтаушы, оны келер ұрпаққа жеткізуші басты құрал білім табалдырығы болғандықтан, бұл сала-ны реформалаудың стратегиялық мақсаты жаңа заманға лайық жаңаша, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын танымдық мәдениеті биік адам-дардың жаңа легін, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауап-кершілікпен қарай білетін біліктілігі жоғары мамандар буынын қалыптастыру идеясы болды. Білім беру ісін реформалау жө-нінде көзделіп отырған жұмыстар ғылыми тұрғыдан терең негіздеуді, оқыту жүйесінің барлық буынына жаңаша көзқарас болуын көздейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата заңым айбыным
Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың жолдары, проблемалары және жетістіктері
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
ҚР Президенті
ҚР Ассамблеясы
Президентінің құқықтық мәртебесі
Құқықтық мемлекет туралы жалпы білім
XV- XXI ғғ. Қазақ (Қазақстандық) қоғамының әлеуметтік-құқықтық жағдайы
Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің құқықтық реттелуі
Қаақстан Республикасының Президенттік басқару нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz