Алтынсариннің кезінде салынған екі класты орыс - қазак мектебі үйінің планы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

кейін, Балғожа Ыбырайга:-Ыбырай, Байтоқаға бірдеңе деп жөн айтшы, -дейді. Ыбырай оған өлеңмен туған жерінен ешқайда кетпеуге кеңес береді.

Енді бірде ұрысысып қалған ағайынды Әбжамит пен Қылышбайды татуластыруды тапсырады.

1859 жылы Ыбырай Орынбор облыстық басқармасына қызметке тұрады. Ол мектептен алған білімінің жеткіліксіз екенінтүсініп, өздігінен оқып білімін тереңдетуге кіріседі. Орыс тіліндегі кітаптар мен мақалаларды оқи отырып, түсініксіз сөздерді жеке жазып сөздік жасайды. Осы сияқты жұмыстар нәтижесінде орыс тілін меңгеруде елеулі табысқа жетті және білімін толықтырып, ой-өрісін кеңейтті.

Н. И. Ильминский өзінің Алтынсарин туралы естелігінде былай дейді:”В. В. Григорьев Алтынсариннің білімділігін ескеріп және оған қажымай ұмтылған қасиетін бағалап отырды. Оны өз жанында ұстап, қызмет бабымен, не басқа жұмыстармен келген қыздарға тілмаштыққа пайдаланды. Ыбырай күнде сағат 9-дан 3-ке дейін басқарушы пәтерінің залындағы қабылдау бөлмесінде болатын. Бұл бөлмеден кейін В. В. Григорьевтің кең де қабырға бойы кітап толы сөресі тіліндегі кітаптар да бірсыпыра еді. Григорьев Алтынсаринге сол кітаптарынан беріп тұратын. Ол бұл кітаптарды тек қырғыздар не орыс чиновниктері келгенде болмаса, басын көтермей беріліп оқитын. Чиновниктер келсе, ол туралы басқарушыға хабарлайды да, қырғыздар келсе, олар өз ойларын орысша жеткізе алмайтындықтан, аударып беріп отыратын. Орысша кітаптарды оқығанда, Алтынсарин В. В. Григорьевтің ақылы бойынша, түсініксіз сөздерді дәптерге жазып, оны В. В. Григорьевке көрсетіп отырады. Ол әрбір сөздің мағынасын қысқа да дәл етіп жазып беретін. Осы түрдегі жұмыс бірнеше күнге созылатын. Сонда да орыс тілін терең білуге бар ынтасымен кіріскен Алтынсарин әдеби журналдарды ұзақ түндер бойы оқитын. Бұлардан да түсініксіз сөздерді теріп жазып отыратын. Сөйтіп мұндай сөздер жазылған қалың дәптерді В. В. Григорьевке әкеледі. Ол сөздердің барлығы дерлік жаңа журналистика стилінде басым орын алып жүрген шетел сөздер еді ”.

Алтынсарин мұғалім болып жүргенде, педагогикалық жаңалықтармен халыққа арналған ғылыми-көпшілік шығармаларды қадағалап, публистикалық және педагогикалық журналдарды жаздырып алып отырғаны оның хаттарынан байқалады. Ыбырайдан қалған кітапханада орыс классиктері шығармаларының толық жинағы, Добролюбов, Чернышевскийдің еңбектері, сол кездегі педагогикалық еңбектердің таңдаулылары мен шетел авторларының орыс тіліне аударылған шығармалары болған.

Қоғамдық істерге соның ішінде ағартушылық - педагогикалық жұмыстарға беріле кіріскен Ыбырайдың жоғары қабілеттілігі мен әдеби талантына облыстық әкімшілік орындары көңіл аударып, оны азаматтық қызметтің әр саласына пайдаланып отырды.

Бұл кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті, осы өлкенің тарихы мен этнографиясы зерттеле бастады. Бұл қозғалыс осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмысының бастамасы еді. Онымен қатар өлкетануға байланысты материалдар жинауға, оны жете зерттеуге көптеген мүмкіндік жасады.

Қазақ тілі грамматикасын, сөздігін, оқулықтарын жасаудың алғашқы адымдары Ыбырай тұсында басталды. Тарихпен этнография, ленгвистика саласындағы жұмыстарда осы кезде басталған болатын. Өлкетану жөніндегі ғалымдар ішінде Ыбырайдың замандастары оның бұл саладағы еңбегіне ерекше мән беріп, аса жоғары бағалады. Оның бұл еңбегі Ыбырай қайтыс болғанда, “Оренбургский листок” газетінде басылған некролокта атап айтылды.

Ыбырай өзінің мұғалімдік қызметінің алғашқы күнінен бастап-ақ(1861-1864жылдары)

Мекткп жұмысы және дидактика, методика мәселелерімен жан-жақты шұғылданады. Соның нәтижесінде ол өзіне дейінгі бұратана халықтарғатерең білім беруді көздемей, өте таяз білім беретін мектептердің жұмысына қанағаттанбады. Сөйтіп, қазақ мектептерін ұйымдастыру жұмысында бұған дейін болып келген бағытқа қарсы шығып, оны түгелімен өзгертті. Атап айтқанда, бұл мектептерді түр жағынан болсын, оқу программасы жағынан болсын орыстың алдыңғы қатарлы мектептерінікіне сәйкестандірді.

Алтынсарин педагогикасының негізіне орыс халқының мәдениеті мен тарихи тәжірибесін жоғары бағалап, «Азбаған және қабілетті қазақ халқының» экономикалық және рухани дамувын осы халықты ілгері бастырған прогресшіл қозғалыс пен ұштастыру деп түсіне білгендігі жатады. Сондықтан да ыбырай қазіргі жастар орыс білімімен, ғылымымен қарулануы керек деп көрсетті.

Ыбырайдың педагогикалық ойлары кең көлемді, терең мазмұнды еді. Бірақ ол кездегі жағдайда оны жүзеге асыру мүмкіндігі жоқтың қасы еді. Яғни Ыбырай кіріскенде, Торғай, Қостанай, Орынбор өңірінде қазақ даласында қараңғылықтың

қаймағы бұзылмай мулгіп тұрған кез болатын. Ойы Ыбырайдың мына сөзінен анық көруге болады: «Торғай өзенінің жағасын шығып жан-жаққа қарасаң, жаппай қара түнекте үнсіз мүлгіп жаткан тыныштықты, өлі денедей қимылсыз жатқан кең даланы көресің. Бұл неткен өмір? Неткен көңілсіздік, неткен мешеулік, неткен жан төзгісіз қараңғылық! Бұл жағдай осы күйде кете бермек пе?»

Сондықтан да ол: «Бәрін де тыңнан жасау керек болып отыр, тек бастамасын бастауға тура келеді», - деп жазады. Осындай қою қараңғылықтық жуан ортасында жалғыз өзі бар бөгетке қарсы шығып, халықтық келешегі үшін басын бәйгеге тігіп белсене іске кірісті.

Ыбырай халық ағарту жұмысына беріліп, жаңа мектеп ашу, ісімен қанша шұрылданса да, 1864 жылға дейін шын жөніндегі мектепке қолы жете алмады. 1864 жылдың январь айында мектептің ашылып іске кірісуі - Ыбырай өміріндегі ең бір бақытты кезең еді. Бұл мектеп ашылрындағы өз сезімін Н. И. Ильминскийге жазған хатында былайша баяндайды: «Осы жылы (1864 ж. ) январьдың 8-інде менің көптен күткен арманым іске асып, мектеп ашылды.

Оған 14 қазақ баласы алынды. Бәрі де қабілетті, ойлы балалар, мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім дейді. Мұғалімдік жұмысқа 20 жасында кіріскен Ыбырай өзінің жастырына қарамастан, Россиядағы мыңдаған халық мұралімдері сияқты, таңғажайып көрегендікпен өзінің болашақ жолын дұрыс таңдай білді.

Торғай сияқты алыс түкпірде жүрсе де, Ушинскийдің «Балалар дүниесі» атты кітабын қолына түсіріп, оның мазмұнына шын жүрегінен риза болып масаттанады. Осы кітапты оқып шыққаннан кейін, оған қайткен күнде де қазақ балаларына ана тілінде дәл осы тәрізді кітап беру керек деген ой туады.

Алтынсарин орыстың алдыңғы қатарлы методистерінің педагогикалык тәжірибелерін батыл пайдаланып, орыс педагогикасы классиктерінің идеяларын жете түсініп, оны өз жұмысында қолдана білу дәрежесіне жетті.

Революцияға дейінгі ұлт мектебінің жайын жақсы білетін профессор А. Ф. Эфиров Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары жайында былай дейді: «Алтынсариннің педагогикалық қызметін үстірт қараған адамға ол Ильминскийдің системасын ғана колданды деп калуы мүмкін . . . Шындығында ол Ильминскийдің көптеген жақсы жақтарын пайдалана отырып, оның православиелік-діншілдік көзқарасын қабылдамады. Алтынсарин 60-жылдардағы орыс интеллигенциясының озық идеялары-мен қаруланып, сол кездегі демократ-ағартушылармен пікірлес болды. Чернышевский мен Добролюбовтың есімдерін жоғары бағалады. Ол Ильминский системасынан өзгеше мектеп системасын жасады. Ыбырайдың көшпелі халық балаларына лайықтап ашқан мектеп-интернаттары түрі жағынан болсын, программа жағынан болсын Ильминский мектебіндегіден басқаша еді.

Ыбырайдың жаңашылдығы қазақ халқының сол кездегі жағдайы мен талаптарына сай, бұл өлке үшін негізінен жаңаша боп келген оқу орындарының жаңа түрлерін енгізуінде еді.

Орыстың халық мектебімен, мектеп жұмысының ұйымдастыру және педагогикалық негіздерімен терең де жан-жақты танысқаннан кейін, Ыбырай халық ағарту министріне, өлкелік оқу әкімшілігіне қазақ халқына арнап мектеп ашу туралы баяндау хаттарын жолдап отырды. Ол хаттарда мына сияқты мәселелер талап етілді: «Қазақ халқы арасында берік мәдениет ошағын құру», «мақсатсыз калай болса солай оқытуга тиым салу», «бұл мектептерде жастарға сапалы білім беріп, оларды білімді етіп шығару», «қазақтардан мұгалімдер дайындау».

«Біздің алдымызда бәрін де негізінен жаңартып, ол жаңалықты қараңғы халықтың сапасына жеткізіп, көңілін оятатын қиын да жауапты міндет тұр. Қолымыздан келгенше, әліміз жеткенше осы ардақты міндетті орындауга тырысамыз. Ол үшін маған мүмкіндігі болғанша тезірек қазақ уезінде орталық екі класстық училище ашып, оның бері негізін жасау ойы көптен бері келіп жүр».

Алтынсарин «мектептерді неғұрлым көбірек ашуды көздеді: әр уезд сайын бір-бірден орталық училище, әрбір болыстан бір-бірден болыстық мектеп ашылуына» күш салды. Бірақ патша әкімшілігі мұны орынсыз деп тауып, ЬІбырайдың бұл сияқты талап-тілектеріне кейде қатты тойтарыс беріп, кейде қуғынға да ұшыратып отырды.

Алтынсарин өзінің хаттарының бірінде: «Қырғыз халқы білім таратуға өте бір қолайлы жағдайда. Бірақ кейбір оқыған білімді адамдардың бұл мәселеге көңіл аудармай, жаны ашымас әрекетте болғанын көргенде, өте қапаланып, қынжыламыз. Мұндай жағдайда жылы сөзге зарыққан жетім бала сияқтымыз» (1881 ж. ) .

Енді бір хатында (1884 ж. ) Ыбырай «Қырғыз халқына тамырн терең жанған зұлымдықпен күресу қиын-ақ, бірақ болмашы бір қылығы жақпай қалса болды, адал адамды жазықсыздан кұртып жіберуге дейін баратын әкімшілік орындарымен істес болу бұдан да ауыр және қауіпті», - деп жазды.

Педагогтық жұмыстан бірсыпыра уақыт қол үзіп кеткен Ыбырай 1871 жылы мектепке қайта оралады. Әрі жас, әрі тәжірибесі аз мұғалім болса да, мектептің маңызын түсініп жоғары бағалады. Ол осы жылдары мектеп туралы былай деп жазды: «Мектеп - қазақтарға білім берудің негізгі кілті. Бар үміт те, қазақ халқының келешегі де осы мектепте», «Қазақ даласындағы жағдай мектеп жұмысын тиісті жолға қойып, оған дұрыс бағыт беруді қажет етіп отыр» .

Алтынсарин халық арасында беделді болды. Өз балаларын орыс-қазақ мектептерінде оқытуға үрке қарайтындар Ыбырайдың жарға соқтырмайтынына сеніп, мектепке балаларын қауіптенбей берушілер саны көбейе бастады.

Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйеді. Сондықтан олардың білім алуына жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне үнемі камқорлық жасап отырды. Ыбырайдың мұндай іс-әрекеті Н. И. Ильминскийге жазған хаттарынан анық байқалады. 1861 жылы январьда Торғайдан жазған бір хатында былай дейді: «Мен сізге бәрін бірдей емес, бір ғана мәселе жайында айтайын. Маған ғалымдыққа жетуге және ортақ тіл табатын, өз ойымнан шығатын қоғам табуға мүмкіндік жоқ. Қырғыз - арамдықты білмейтін қарапайым халық. Оның дамыған көркемөнері де жок. Бірақ сол қарапайымдылықтың өзінде көптеген ізгі қасиеттер бар. Кейбір «ақылдылардың» баспа бетінде қырғыз жанжалшыл, қанішер деген сөздері ешбір шындыкпеп жанаспайтын сөздер болып қала бермек. Ал сіз Н. И. Ильминский Шекаралық комиссияда қызмет еткенде, Орда даласын 3 жыл аралап бұл халықпен әбден қанық болдыңыз. Сондықтан сіздің де бұл халықты аңғарымпаз, ақылды, қабілетті, бірақ әлі сауатсыз, білімі жоқ деген пікірде екендігіңізге күмәнданбаймын. Бастықтардың қырғыз халқының білім алуына қамқорлығы сонша, бекіністер жанынан училищелер салғаннан гөрі, онсыз да бояуы жеткілікті үй төбесін бояй түскенді, онсыз да ақ қабырғаны ақтай түсуді артық көреді» . Осының өзінен бастықтардың қырғыз халқының білім алуына қандай «қамқорлық» жасайтынын анық көруге болады.

Тағы бір хатында былай дейді: «Біздің пікірімізше, ең алдымен қырғыз даласына жалпы отандык, орыс тілі меп орыс сауатын үйретуді қолға алу қажет. Қырғыздардың өз ортасынан ашылған халықтық орыс-қазақ училищелері бұл айтып отырғандарды жүзеге асырудың бірден-бір қолайлы жолы болып саналады. Өйткені жедел қарапайым, жалпыға түсінікті түрде жұмыс істей бастаған осындай училищелер арқылы ғана халықпен тікелей қа-рым-қатынас жасалады. Мұндай халықтық училищелердің тағы бір артықшылыры - оны бітіргендер өзінің туған елінде еңбек етіп, алған білімдері жеткілікті дәрежеде болмаса да, қалың көпшіліктің экономикалық жағдайы мен әдетрұрпына әсер етіп, өз халқына жаны ашымайтын оқығансымақтардың алдап-арбауынан сақтап, олардың ықпалынан құтылуға себепкер болады. Сөй-

Бұл кеңеске Орынбор өлкесінің бұрынғы генерал-губернаторы генерал-адъютант Крыжановский, Орынбор оқу округінің, қамқоршы өкілі Лавровский, Қазандағы мұралімдер семинариясының директоры Ильминский және Торғай, Орал облыстарының губернаторлары орыс алфавитін қырғызыз тіліне қолдануға әбден болады деген қорытындыға келді. Бірақ далалық болыстарда ашылмақшы орыс-қырғыз мектептерінде оқу жұмысын жүргізе алатын, қырғыз тілін білетін мұғалімдер жоқ еді. Ал мұндай мұғалімсіз бір ауыз орысша білмейтін қырғыз балаларын орысша оқыту мүмкін емес. Сол себепті Торғай, Орал облыстарына жақын қалалардың бірінде қырғыз мұғалімдер мектебін ашу туралы қаулы алынды. Қейін 1879 жылы Торғай облысында мектеп инспекторлығы қызметі белгіленіп, оған осы облыста тұрушы Алтынсарин шақырылды. 1881 жылы Орск қаласында (Орьшбор губерниясы) да қырғыз мұралімдер мектебі құрылды» .

Мектеп инспекторлығына кірісісімен, Ыбырай Орынбор оқу округының қамқоршысына (попечителіне) мектеп жайындағы өз пікірін білдірді. Олар: Болыстық мектептерде оқу жұмысын жүргізуге орыс және қазақ тілін катар білетін мұғалім жоқ. Бұған Орынбор қазақ әскери бөлімінен немесе басқа жерден мұғалімдікке шақырғанмен, ойдағыдай нәтижеге жете алмаймыз. Өйткені олар қырғыз тілін білгенімен, арнаулы дайындықтары болма-ғандықтан, бұл міндетті атқара алмайды. Сондықтан болыстық мектептерді ашуға әлі ертерек.

Алтансарин алғашқы кезде әр уезге бірден орталық училище құру керектігін айтты. Ол қазақ арасындағы қалалар мен бекіністерде болу керек. Мұнда 50 қазақ баласы және белгілі мөлшерде үйден қатынайтын жергілікті орыс балалары жататын интерпаты болу қажет. Бұл училищелерге мұгалімдікке Қазан мұғалімдер семинариясын бітірушілерді шақыруды ұсынды. Онда қазақ, тіліне ұқсас татар тілін білетін татар балалары оқиды. Сондықтан олардың мұғалім болганы пайдалы болады деп сенді. Мұнымен қатар Алтыпсарин бұл орталық училищелер барлық жағынан, сыртқы көрінісінен де, оқу жүмысы жағынан да үлгілі болуын қалады. Сонда алыс түкпірде ашылатын қазақтың болашақ бастауыш мектептері бұлардан оқыту әдісінің жақсысынан үйреніп, онда жүретін сабақ түрлерінен, шаруашылык жағынан үлгі алар еді деп көрсетті. Осыған байланысты болыстық мектептерге арналған қаражатты Алтынсарин орталық училищелерге арналған берік тас үйлер салуга және оны жабдықтауға арнады. Қазақ сияқты білім алуға енді ғана кіріскен халыққа «олардың, балаларын отырықшылыққа әдеттендіру, тазалыкқа, ұкыптылыққа, әдептілікке және тәртіпке үйретудің де білімдік маңызы бар» деген пікірде болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсаринге дейінгі өлкедегі халық ағарту ісінің жайы
Ыбырай Алтынсарин өмірінің кезеңдері
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық - саяси көзқарастары
Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
Түркістан өлкесі жерінің құрамына
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Алтынсариннің педагогикалық идеялары
Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz