Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Бекітемін
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университетінің ғылыми
жұмыстар жөніндегі проректоры,
ф-м.ғ.д., профессор К.С.Бақтыбеков

______________________

7 мамыр 2008 ж.

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған п.ғ.к., доцент Р.С.Омарованың “Білім берудің
жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудың дидактикалық негіздері” тақырыбында жазылған диссертациялық
жұмысына жетекші ұйым Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің
берген

П І К І Р І

1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен оның жалпы ғылыми және
жалпы мемлекеттік бағдармалармен (практиканың және техника
дамуының сұраныстарымен ) байланысы
Қоғамның ақпараттануы жағдайында шаруашылық пен өндірістің әртүрлі
саласында еңбек ететін жұмысшылар мен мамандардың кәсіби біліктіліктерін
арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастыруға аса мән беріліп отыр. Жоғары оқу орындарында білім беру
процесін ақпараттандыру мен үнемі жаңашылдықпен қамтамасыз ету жағдайында
болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын
жетілдіру мәселесі мен тиімділігін әдістемелік тұрғыда негіздеген
Г.Әбілқасымованың Болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-
технологиялық даярлығын жетілдіру атты диссертациялық еңбегі қазіргі
таңдағы ғылыми-педагогикалық тұрғыда өзекті екендігі күмән туғызбайды және
қазіргі заман талаптарына сай орындалғандығын айғақтайды.

2. Диссертацияға қойылатын (Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің 9-10
тармағында және ғылыми қызметкерлердің тиісті мамандықтарының төл
құжаттарында) талап деңгейіндегі ғылыми нәтижелері
Зерттеу барысында iзденушi төмендегiдей ғылыми нәтижелерге қол
жеткізген:
1. Болашақ кәсіби оқыту педагогы даярлығының құрамдас бөлігі
ретінде инновациялық-технологиялық даярлықтың мәні мен құрылымы
анықталған.
2. Болашақ кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде
инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісі
құрастырылған.
3. Зерттеу барысында ҚР МЖМБС-на сәйкес базалық және бейіндік
арнайы пәндер бойынша білім мазмұнының, оқыту құралдарының, жаңа
ақпараттық технологиялардың, оқытуды ұйымдастыру формаларының
студенттердің инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдірудегі
дидактикалық мүмкіндіктері анықталған.
4. Болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық
даярлығын жетілдіру үлгісі негізінде мазмұны мен әдістемесі
жасалып, оның тиімділігі эксперимент арқылы дәлелденген.

3. Диссертацияда тұжырымдалған әрбір нәтиженің тұжырымдары мен
қорытындыларының негізделу және шынайылық дәрежесі
Диссертацияның әрбір нәтижесі сенімді, тұжырымдары мен қорытындылары
жақсы дәрежеде негізделіп, нақтылы түрде берілген. Зерттеушінің қол
жеткізген нәтижелерінің жаңалығы ғылыми жұмысты баяндау барысында нақты
көрсетілген.
Ғылыми жұмыстың нәтижелерінің негізділігі мен дәйектілігі автордың
қойылған міндеттерге үйлесімді, ғылыми зерттеу әдістерінің бір-бірімен
логикалық байланыста белгілі жүйелілікпен, біртұтастықпен қамтамасыз
етіліп, зерттеудің мақсаты мен міндеттерінің ғылыми аппаратқа сай болуымен,
тәжірибелік эксперимент жұмыстарының жоспарлы және жүйелі іске асуымен,
ұсыныстардың жоғары оқу орнының іс-тәжірибелеріне енгізілуімен айқындалған:
- бірінші және екінші нәтижелердің негізделуі мен шынайылық деңгейі
автордың теориялық және практикалық материалдарды талдауы (171 дерек көзі)
арқылы байқалады.
- үшінші нәтиженің негізділігі мен шынайылығы оқытудың құрылымы мен
мазмұнын нақты анықтау мақсатында бірқатар нормативті құжаттарға, жоғары
оқу орындарындағы студенттердің білімділік деңгейіне, оқу-әдістемелік
құжаттамаларды талдау негізінде қамтамасыз етілген.
- төртінші нәтиженің негізділігі мен шынайылығы кәсіби оқыту
педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісі негізінде
мазмұны мен әдістемесі арқылы жасалғандығымен сипатталады
- бесінші нәтиженің негізділігі мен шынайылығы зерттеу жұмысының
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында жүргізілген іс-шараларды
жүргізілуімен дәлелденген.

4. Ізденушінің диссертацияда тұжырымдалған әрбір нәтижесінің
(қағидасының), тұжырымдары мен қорытындыларының жаңалық дәрежесі
Зерттеудің бірінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы - инновациялық-
технологиялық даярлықтың мәні мен құрылымы алғаш жасалуында.
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын
кәсіби даярлау процесінде инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіру
үлгісін жасау арқылы анықталғанында.
Зерттеудің үшінші ғылыми нәтижесі ҚР МЖМБС-на сәйкес базалық және
бейіндік арнайы пәндер бойынша білім мазмұнының, оқыту құралдарының, жаңа
ақпараттық технологиялардың, студенттердің инновациялық-технологиялық
даярлығын жетілдірудегі кєсіби іс-єрекетке даярлығының мотивациялық-
мақсатылық, мазмұндық-әрекеттілік, бағалау-нәтижелік компоненттері
анықталып, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері негізделген жаңа
болып табылады.
Зерттеудің төртінші ғылыми нәтижесі инновациялық технологиялар арқылы
болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын
жетілдіру мәселесі алғаш рет ұсынылып отыр. Диссертант ұсынып отырған
зерттеу мәселесінде болашақ кәсіби оқыту педагогын даярлауда жаңа
технологияларды пайдаланудың тиімді әдістемесін теориялық тұрғыдан жасап,
практикада тексерістен өткізген.
Зерттеудің бесінші нәтижесінің негізділігі мен шынайылығы диссертанттың
ғылыми жұмысының мазмұны, құрылымымен логикасынан туындайды және
тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс нәтижелерімен дәлелденеді.
.

5. Ішкі бірлігі және алынған нәтижелердің тиісті өзекті мәселені,
теориялық немесе қолданбалы міндетті шешуге бағытталғандығының бағасы
Ізденушінің зерттеуде қол жеткізген нәтижелері қойылған мәселенің
дұрыстығын дәлелдейді. болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-
технологиялық даярлығын жетілдірудің әдістемелік ерекшеліктері бірбірімен
ішкі бірлікте жасалған.

6. Ізденушінің алынған нәтижелерінің тиісті өзекті мәселені, теориялық
немесе қолданбалы міндетті шешуге бағытталғандығы
Болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын
жетілдіру үлгісі, болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-
технологиялық даярлығын жетілдіру әдістемесі практикалық міндеттерді шешуге
бағытталған, ЖОО оқу-тәрбие процесіне енгізілген.

7. Диссертацияның негізгі қағидаларының, нәтижелері мен
қорытындыларының жариялануының жеткілікті толықтығына растама
Диссертацияның негізгі қағидалары, нәтижелері, ғылыми қорытындылары
Г.Әбілқасымованың жарияланған 38 еңбегінде – халықаралық, республикалық
және аймақтық ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференция
материалдарының жинақтарында, республикалық басылымдарда көрініс тапқан.
Бұл еңбектердің барлығы диссертацияның негізгі мазмұнына сәйкес.

8. Авторефераттың диссертация мазмұнына сәйкестігі.
Болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын
жетілдіру тақырыбында жазылған автореферат диссертация мазмұнына сәйкес
келеді.
9. Диссертацияның мазмұнындағы және рәсімделуіндегі кемшіліктер
Диссертацияның мазмұны мен жазылу жұмысында байқалатын мындай
кемшіліктерді атауға болады:
1. Болашақ кәсіби оқыту педагогын даярлау барысында инновациялық
технологияларды оқудан тыс әрекет және өзіндік оқу іс-әрекетінде
пайдаланудың ерекшеліктері мен жолдары ашып көрсетілсе.
2. Зерттеу жұмысында кәсіби оқыту педагогтарын даярлаудың арнайы
курстарының мазмұны диссертацияда толық ашылса болар еді.
3. Болашақ кәсіби оқыту педагогын инновациялық-технологиялық даярлығын
әдістемелік қамтамасыз ететін пәндердің оқу бағдарламалары диссертация
мазмұнында қарастырылмаған.
Бірақ жоғарыда келтірілген кемшіліктер зерттеу жұмысының ғылыми-
теориялық және практикалық құндылығын төмендетпейді.

10. Диссертацияның “Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің” 2-ші бөлімінің
талаптарына сәйкестілігі
Диссертациянық жұмыс тақырыбының өзектілігі, зерттеу нәтижелерінің
ғылыми жаңалығы мен негізгі нәтижелері, тұжырымдар мен қорытындының
жарияланған жұмыстармен мақұлдануы, авторефераттың диссертация мазмұнымен
сәйкестілігі, зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы, әдістемелік
ұсыныстар берілуі Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы
бақылау комитетінің кандидаттық диссертацияларға қойылатын талаптарына
толық сәйкес орындылғанын ескеріп, ізденуші Г.Әбілқасымоваға 13.00.08 -
Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беруге болады.

Жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің педагогика
кафедрасының ғылыми-әдіснамалық семинарда талқылаудан өткен (7 мамыр
2008ж., Хаттама №5).

Ғылыми семинардың төрағасы ,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Медетбекова Г.О.

Педагогика кафедрасының меңгерушісі,
педагогика ғылымдарының докторы
А.Б.Абибулаева

7 мамыр 2008 ж.

Бекітемін
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университетінің ғылыми
жұмыстар жөніндегі проректоры,
ф-м.ғ.д., профессор К.С.Бақтыбеков

______________________

7 мамыр 2008 ж.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің педагогика
кафедрасының ғылыми-әдіснамалық семинардың 2008 жылғы мамыр айының 7
жұлдызында өткен мәжілісінің №5 хаттамасынан

К Ө Ш І Р М Е

Қатысқандар:

Абибулаева А.Б.- п.ғ.д., доцент; КариевС.К.- п.ғ.д., профессор;
Кенжебеков Б.Т. - п.ғ.д., профессор; Малибекова М.С. - п.ғ.д., профессор;
Аймагамбетова Р.Х. – п.ғ.к., доцент; Нефедова Л.В.- п.ғ.к., доцент;
Урастаева Г.Д.- п.ғ.к., доцент; Калкеева К.Р. - п.ғ.к., доцент; Жиентаева
Б.Ж. - п.ғ.к., доцент; Медетбекова Г.О. - п.ғ.к., доцент; Байменова Б.С. -
п.ғ.к., доцент; Романенко Н.М. – доцент; Жубакова С.С.- п.ғ.к., доцент;,
Отарбаева З.Р. – аға оқытушы; Қожаева С.Қ. - аға оқытушы; Алғожаева Ү.С. -
аға оқытушы және ізденушілер, магистранттар.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Ізденуші Г.Әбілқасымованың 13.00.08 - Кәсіби білім беру теориясы мен
әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесiн алуға дайындалған Болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-
технологиялық даярлығын жетілдіру тақырыбындағы диссертациялық жұмысын
талқылау.

ТЫҢДАЛДЫ:

1. Ізденуші Г.Әбілқасымованың 13.00.08 - Кәсіби білім беру теориясы
мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесiн алуға дайындалған Болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-
технологиялық даярлығын жетілдіру тақырыбындағы диссертациялық жұмысын
талқылау.
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Әбдікәрімұлы Б.

2. Ізденуші Г.Әбілқасымованың баяндамасы тыңдалды.
Ізденуші диссертация тақырыбының көкейкестілігіне негіздеме беріп,
проблеманың мәнін ашып көрсеткен, зерттеудің ғылыми аппаратын, қорғауға
ұсынылатын қағидаларды тұжырымдаған, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
нәтижелеріне сипаттама беріп, жалпы қорытындылар мен негізгі ұсыныстары
баяндалды.

Баяндауда ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, зерттеудің
ғылыми жаңалығы, маңызымен таныстырды. Баяндау әрбір бөлім бойынша кесте,
сызба-нұсқа, диаграмма арқылы түсіндірілді. Ғылыми-зерттеу жұмысы 7
халықаралық және 3 республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда
баяндалған, 7 ғылыми басылымдарда мақала басылып, 1 әдістемелік құрал жарық
көрген.

Ізденушіге төмендегідей сұрақтар қойылды:
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.К.Кариев:
Шығармашылық қызығушылық оқушы жеке тұлғасының қандай психологиялық
сапаларын дамытуға мүмкіндік береді?
Ізденуші Р.С.Омарова:
Шығармашылық қызығушылық жеке тұлғаның дамуына жан-жақты ықпал ете
отырып, ерік-жігерін, эмоциясын, ой белсенділігі мен рефлексиялық
қасиеттерін, танымдық ынтасы мен ішкі рухани күш-қуатын т.б. дамытуға
мүмкіндік береді. Шығармашылық қызығушылық жеке тұлғаның танымдық сапасы
ретінде көрініс бере отырып, оқушының ой белсенділігі мен өзіндік іс-
әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру, сараптау мен жүйелеу біліктерінң
дамуына, жан-жақты, ізденімпаз, шығармашыл тұлғасының қалыптасуына негіз
болады.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Х.Аймағамбетова:
1) Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздерін саралауда қандай
әдіснамаға сүйендіңіз?
2) Дидактикада “оқыту” мен “оқу” процестерінің бөлек ажыратылатыны
белгілі, сіз зерттеулеріңіз арқылы мұны қандай сипатта қарастырдыңыз?

Ізденуші Р.С.Омарова:
1) Дидактиканың әдіснамалық негізі – философия. Гносеология – таным
теориясы диалектиканың даму заңдылықтарына сүйенеді. Зерттеу мәселесі
бойынша дидактикалық негіздері анықтауда оқытуды таным процесінің
көрінісі, шығармашылық нәтижеге жету процесі ретінде қарастырдық.
Дидактика әдіснаманың үш деңгейіне, негізіне сүйеніп дамитындығын тірек
ете отырып, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды
дидактикалық негіздерін анықтауда мынадай мәселелерді тұғыр еттік. І –
дидактиканың заңдылықтарының философияға сүйенетіндігін, соған
негізделіп дамитындығын, мектепте оқыту теориясын дамытудың әдіснамалық
негізі – философия екендігіне; ІІ - өткен замандардан келген
педагогикалық мұралардың осы күнгі дидактикалық дамуына негіз
болатындығы; ІІІ – мектептердегі мұғалімдердің озық тәжірибесі,
жаңашылдық идеялары, инновациялық процестер мен оқыту теориясының одан
әрі дамыту талаптарын ескердік.
2) Оқыту процесі – біртұтас педагогикалық процестің құрамдас бөлігі. Оқу
процесі – күрделі процесс бола отырып, оқу танымдылылығы, ғылыми
зерттеулер сияқты ақиқат дүниені тану процесі. Біз зерттеулерімізде
оқыту процесінің екі жақты сипатын да осы оқыту процесі үстіндегі
мұғалім қызметі мен оқушы қызметіне байланыста күрделі, көпқұрылымды,
біртұтас, танымдық, шығармашылық іс-әрекетке бағыттылығы оқушылардың
шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды ғылыми білімдер жүйесімен,
іскерлік, дағдылармен қаруландыру, ақыл-ой, ерік, күш-жігерін,
психикалық прцестерін: зейінін, есін, қабілетін дамытудың дидактикалық
мүмкіндіктерін анықтадық.

Педагогика ғылымдарының докторы А.Б.Абибуллаева:
1) Білім беруді жаңарту идеясы, педагогикалық парадигманың ауысуының мәні
неде?
2) Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қалыптастыру мазмұнын және оны
қамтамасыз ететін принциптер қандай?
3) Оқу танымдық іс-әрекет пен шығарамшылық іс-әрекеттің өзара сабақтастығын
айтып өтсеңіз?
Ізденуші Р.С.Омарова:
1) Білім беруді жаңарту идеясы қоғамның микропарадигмасының ерекшелігін
ескеріп, өзінің әлеуметтік мәдени негізін: “Ғылым-өндіріс-білім беру”
парадигмасының орнына “Мәдениет-білім беру-тарих” құндылықтарын
алмастыру мен олардың артықшылықтары түсіндіріп реттейді. Әрі жаңа
білімге, жалпы планетарлық әлемдік ойлау принциптеріне негізделеді.
Мұның барлығы білім беру жүйесінде жаңа парадигманы қалыптастырады.
Бүгінгі таңда білім беру процесінің жаңа психологиялық, педагогикалық
парадигмасын құрудың алғы шарты қалыптастырылуда. Әлемдік педагогикалық
жүйеде білім беру парадигмасы ғасырлар бойы қалыптасты. Негізгі
парадигмалар түрлеріне: “білімдік”, “мәдениеттілік”, “технократиялық”,
“гуманистік”, “прагматикалық”, “әлеуметтік”, “жеке тұлғаға
бағдарланған” т.б.
2) Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру
жұмыстарының мазмұны – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік
беретін шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін қызығушылықпен меңгеруі және
жүйелі білім алуға ынтасы, шығармашылық іскерлік дағдыларын игеруі,
ізденімпаздық талаптарын орындауы, шығармашылық нәтижеге талаптануы
арқылы жаңашылдыққа қол жеткізу. Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық
қызығушылығын қалыптастыруды мазмұндық жағынан қамтамасыздандыру
мынадай принциптерге сүйенеді: шығармашылық қызығушылық мазмұнының
элементтері мен деңгейлері ғылым мен өндірістің дамуын, гуманистік
демократиялық қоғамның талаптарына сәйкес келу принципі; оқытудың
дамытушылық мазмұны мен шығармашылық бағыттылығын ескеру принципі;
білім мазмұны мен шығармашылық біліктерді қалыптастырудың құрылымдық
жағынан бірлігі принципі.
3) Оқу-танымдық іс-әрекет педагогикалық прцестің құрамды бөлігі. Оқу-
танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға оқушыларды ғылымдар, білімдер
жүйесімен, іскерлік дағдыларымен қаруландыру; ақыл-ой, ерік-күш
жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-
әрекетті орындаудың нақты амал-әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және
жеке басын дамыту жолдарын қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
Шығармашылық іс-әрекет – оқу-танымдық іс-әрекеттің құрамдас бөлігі бола
отырып, оқушының үнемі “жаңа дүниеге енумен”, оқу-танымдық әрекеттерді
жүйелі түрде дамытып, жаңа идеялар мен жаңа нәтижелерге жетуге, жаңалықтар
ашуға жетелейді.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент К.Р.Калкеева:
Шығармашылықты дамыту үшін педагогикалық шеберлік қажет дедіңіз, ал
педагогикалық технология мен педагогикалық шеберліктің өзара байланысын
немесе ерекшелігін қалай түсіндіресіз?
Ізденуші Р.С.Омарова:
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен байланысты.
Педагогикалық технологияның қолданысы шеберлік болып саналады. Бірақ
педагогикалық шеберлік, екінші жағынан педагогикалық технологияның жоғарғы
деңгейі. Педагогтар арасында педагогикалық шеберлік жеке меншік жетістік
деп саналады. Сол себептен оны қолдан қолға беру мүмкін емес. Бірақ та
технология мен шеберліктің қарым-қатынасына қарап педагогикалық технология
педагогтың шеберлік деңгейінің жекеменшік параметрі, көрсеткіші болып
белгіленеді. Бір технологияны әр түрлі мұғалімнің дамытуы мүмкін. Ортақ
технологияға жобалау (конструкция) жатады, мысалы, оқыту процесі мен оны
дамыту.

Педагогика ғылымдарының докторы М.С.Мәлібекова:
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары кезеңінде оқушылардың шығармашылық
тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне байланысты талаптарға немесе
деңгейлерге бөлдіңіз бе?

Ізденуші Р.С.Омарова:
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты, танымдық
біліктерінің қалыптасу белгілеріне, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды
орындау мүмкіндіктеріне қарай, оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлеміз:
Бірінші топ – шығармашылқ іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын
біледі; ізденімпаз, пән бойынша шығармашылық жұмыстарға белсене қатысумен
ерекшеленеді.
Екінші топ – ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды
орындауға барлық уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді; танымдық
тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді; тапсырманы
орындауда мұғалім көмегін қажет етеді.
Үшінші топ – шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз;
белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты
орындауда үлгіні қажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді.
Шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды ұйымдастыру
мәселелерін зерттеу – мәселені дамыту, жетілдіру механизмін анықтауға,
шығармашылық қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Т.Кенжебеков:
1) Шығармашылық іс-әрекетте жаңа педагогикалық технологияларды
пайдалануыңыз және оның мүмкіндіктері қандай болды?
2) Білім берудегі инновациялық процесс ретінде ұсынылып отырған
шығармашылық сабақтарды ұйымдастыру талаптарын айтып өтсеңіз?
3) Білім берудегі парадигманың өзгеруі қандай қарама-қайшылықтар
нәтижесінде болып отыр?
Ізденуші Р.С.Омарова:
1) Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруда жаңа
педагогикалық технологиялар кеңінен пайдаланылады. Себебі педагогикалық
технология жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық ықпалдарды
ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процестер болып
табылады. Жаңа педагогикалық технологиялардың дәстүрлі оқытудан
айырмашылығы: технологияда негізінен білім беру сапасы процессуалдық,
өлшемдік, сандық, сапалық, вариативті бағдарлық бөлімдерінде, ал дәстүрлі
оқытуда: мақсаттылық, мазмұндық, амал-әрекеттің операциялық құрылымы мен
құрылымдық бөлімдеріне назар аударылады да, осы әрбір бөлімнің орынды
қолданылуына нәтижесі тәуелді келеді. Сондықтан әрбір шығармашылықпен
қызмет етуші, білімді де білікті ұстаз олардың теориялық, әдістемелік
негізі мен мәнін, құрылымын, философиясын, тұжырымдамасын меңгеру керек.
2) Шығармашылық сабақтың логикалық, психологиялық және ұйымдастыру
білігі, тұтастығы сақталуы тиіс.
Логикалық бірлік – бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементтерінің
аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мысалы, қайталау – қорытындылау
сабағының бөліктері: қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрау,
кейбір сұрақтарды анықтау; мұғалімнің сабақты қорытындылауы. Мұндай
сабақты, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге
келтіріледі; екіншіден, білімдегі, іскерліктегі, дағдыдағы кемшіліктер
толықтырылады; үшіншіден, оқылатын материалдардың маңызды идеялары толық
ашылады, төртіншіден, жаңа мен өткенді салыстырылады, жаңа мысалдар
ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі.
Психологиялық бірлік - оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі
белсенділік, жинақтылығы. Танымдық іс-әрекет түйсік, қабылдау, ойлау, зейін
сияқты психологиялық процестермен байланысты. Психологиялық бірлік - бұл
іс-әрекеттердің мотивтерін жасау. Сабақтың психологиялық бірлігі
оқушылардың дербес ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді, бұл жеке
адамның дербес – типологиялық: нерв жүйесінің, темпераментінің типтері мен
мінез-құлық ерекшеліктері.
Ұйымдастыру бірлігі – бұл сабақта алдын ала оқыту құралдарын даярлау
және оларды рет-ретімен пайдалану, бүкіл сабақ бойында оқушыларды жұмысқа
белсенділігін тиімді ұйымдастыру.
3) Қазіргі білім берудегі жаңашылдықтың табиғаты мен қарама-қайшылығы,
біріншіден, себепкерліктен туындайды. Өйткені ғылыми-техникалық прогресс
пен қоғамдық дамуға білім берудің даму қарқыны сәйкес келмейді. Біріншіден,
қоғамдық-экономикалық өзгерістің және жаңашылдықтың шапшаңдығы, ал білім
берудің оның мазмұнының дамуының артта қалуы, оқыту мазмұны мен сипатының
бір-біріне сәйкес келмеуі; екіншіден, оқыту мен білім берудің инерттілігі;
үшіншіден: ақпараттық технологиялар жүйесінің дамуы; дистанциялық оқыту
жүйесінің өмірге келуі, қалыптасуы; электрондық оқыту байланыс жүйесінің іс-
тәжірибеге енуі; компьютерлік оқытуды интернетпен ұштастыру.
Жаңашылдық – қоғамдық қажеттілікті өтеу үшін, жаңа технологияны,
құралды пайдалану және тарату үшін пайдаланылатын кешенді үрдіс.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.О.Медетбекова:
Дистациялық оқыту мәселесінің маңызы қандай деп бағалайсыз?
Ізденуші Р.С.Омарова:
1995 ж. бастап, “білім берудің дистанциялық жүйесі” қолға алынуда. Ол
күндізгі және сырттай оқу формаларын алмастырмайды, керісінше толықтырады.
Білім берудің дистанциялық жүйесі білім берудің икемді модульді
технологиясы. Ол тұтынушыға бағытталады. ЖАТ-қа және коммуникациялық
технологияға сүйенеді, экономикалық тиімді болып есептеледі. Білім берудің
дистанциялық жүйесі ашық жүйе ретінде құрылады. Қазақстан өз білім беру
және техникалық мүмкіндіктерін бүкіл әлемге ұсынуда (Ұлыбританияға,
Францияға, Грецияға, Канадаға, Бразилияға т.б.).
Қазақстанда бүкіләлемдік ұлтаралық (халықаралық) “ХХІ ғ. ашық білім
беру жүйесі” бағдарламасын жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама екі негізгі
жүйені құрайды: 1) “Бүкіләлемдік технологиялық университет”. 2) “Жаңа
ақпараттық жүйеедегі дистанциялық білім беру”. Осылайша ақпараттық
технологиялар бүкіләлемдік қауымдыстық шеңберіндегі ортақ білім беру
кеңістігінің құрылуына жағдай жасайды. “Ақпараттық технологиялар” жеке
тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етеді, өзін-өзі реттеуді дамытады, оқушылардың
мақсатты қызметін ынталандырады, олар шығармашылық қызығушылықты дамыта
отырып, оқу жұмысының жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасайды.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ж.Жиентаева:
Шығармашылық оқытудағы педагогикалық жүйенің мәні неде екенін айтып
өтсеңіз?
Ізденуші Р.С.Омарова:
Шығармашылық оқыту педагогикалық жүйеде өтеді. Педагогикалық жүйе – бұл
компоненттердің бөлігінің бірігуі өзгеріс кезінде тұрақты болып қалады.
Егер өзгерістер (жаңа енгізу) белгілі мөлшерден асып кетсе, жүйе бұзылады,
оның орнына жаңа жүйе басқа қасиеттермен енеді. “Педагогикалық жүйе - өте
тұрақты және элементтердің нақты бірігуі. В.П.Беспальконың пікірінше,
педагогикалық жүйе өз бастауын (аналитикалық не ортағасырлық, буржуазиялық,
социалистік) негізден алады. Әр педагогикалық жүйенің құрылымы осы уақытта
келесі қарым-қатынасты жиынтықтардың элементтері, өзге варианттары түрінде
беріледі: 1-оқушы; 2-мақсаты (жалпы және жеке); 3-мазмұн; 4-процесс; 5-
мұғалімдер (немесе техникалық оқу құралдары); 6-ұйымдастыру формалары”

Диссертациялық жұмысты талқылауда өз пікірлерін білдіргендер:
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Т.Кенжебеков; педагогика
ғылымдарының докторы, профессор С.К.Кариев; педагогика ғылымдарының докторы
А.Б.Абибулаева зерттеу жұмысымен толық танысқандығы туралы, ізденуші
Р.С.Омарованың диссертациялық зерттеу жұмысы көкейкесті мәселені
талқылаған, құндылығы жоғары ғылыми жаңалықтармен сипатталатын, аяқталған
ғылыми еңбек екенін атап өтті. Зерттеу жұмысы жан-жақты талқыланып, өзекті
мәселені шешімі көрсетілгендігін, жұмыс ғылыми-педагогикалық стильде, нақты
нәтижелері мен қорытындылары бар, ғылыми-әдістемелік тұрғыда сауатты
екендігі аталды.

Абибулаева А.Б. - педагогика ғылымдарының докторы:
Т.Ж. Уалиеваның диссертациялық жұмысына жетекші ұйымның пікірін
бекітуді ұсынамын. Диссертациялық жұмысқа ескертулер бар, олар пікірде
көрсетілген. Дауыс берулеріңізді өтінемін. Кім осы ұсынысты қолдайды?
Иә 14
Қарсы 0
Қалыс қалғандар 0
Бірауыздан.
Рахмет.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен оның жалпы ғылыми және жалпы
мемлекеттік бағдармалармен (практиканың және техника дамуының
сұраныстарымен ) байланысы
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі
мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербес,
ізденімпаз, іс-әрекетте ширақ, өзгермелі өмір жағдайына белсенді және
білімін қажетті жағдайда шығармашылықпен пайдалана алатын жеке тұлға
тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңында ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру
және жеке адамның шығармашылық, рухани күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның
жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан
Респубикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
бағдарламасы мен 12 жылдық білім беру т.б. тұжырымдамаларда жеке тұлғаның
шығармашылық әлеуетін көтеру мәселелерін дамытуды басты міндет ретінде
қойып отыр.
Диссертацияның құрылымдық сипаты мен мазмұндық құрамы логикалық
бірлігін сақтай отырып, өзекті мәселенің шешімін табуға бағытталған.
Зерттеу жұмысының мазмұны мен көрсетілген ғылыми жаңалықтары,
қорытындылары мен тұжырымдары қоғам талаптарын, белгіленген міндеттерді
орындауда маңызы жоғары. Сонымен қатар, философиялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді терең теориялық талдауы, автордың
педагогикалық қызметі мен тәжірибелік-эксперименттер жүргізуі ізденушінің
зерттеп отырған мәселені толық бағдарлап, дәйекті ақпараттар алуын
қамтамасыз еткен.
Зерттеу жұмысы барысында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын
қалыптастыру кезеңдерін анықтай отырып, оның тиімді жолдарын көрсетіп,
соның нәтижесінде ғылыми негізделген әдістемесін ұсынған.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі айқын және қоғамдағы білім
саласындағы өзгерістерге сәйкес қабылданған білім беруді дамыту жөніндегі
бағдарламалардың талаптарына сай орындалған.
Сондай-ақ, зерттеудің құндылығы көрсетілген міндеттер мен болжамның
дұрыстығы, оны жүзеге асыруда ғылым мен тәжірибенің ықпалды сабақтастығының
болуы, мәселенің жан-жақты және кешенді сипатта, шығармашылық теорияның
жетекші идеяларына негізделіп құрылуы ізденушінің ғылыми-теориялық
көзқарастарының дәйектілігін көрсетеді.
Диссертацияның негізгі мазмұны мен қорытындыларына талдау жасай отырып,
зерттеу жұмысының болжамы, міндеттері орындалған, нәтижелері
дәлелденгендігі көрінеді. Жұмыс мазмұны түсінікті, айтылған ойлар бір-
бірімен үндесе отырып, зерттеу жұмысы міндеттеріне сай, өзекті мәселе
шешімін тапқан. Сондықтан, еліміздегі болып жатқан түрлі өзгерістер адамның
интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттырып, шығармашылық қызығушылықтың
дамуына баса назар аударып отырған кезде Р.С.Омарованың диссертациялық
жұмысы өзекті мәселенің шешімін табудағы құнды еңбек және қазіргі таңдағы
ғылыми-педагогикалық тұрғыда өзекті екендігі даусыз.

2. Диссертацияға қойылатын (Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің 9-10
тармағында және ғылыми қызметкерлердің тиісті мамандықтарының төл
құжаттарында) талап деңгейіндегі ғылыми нәтижелері
Ізденуші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Оқушыларға инновациялық-дидактикалық, модулдік технологиясы арқылы білім беруді теориялық тұрғыдан негіздеу
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Биология мамандығындағы студенттердің кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру әдістемесі
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Гобелен тоқу технологиясы
12 жылдық мектепке көшу бағытындағы мұғалімнің инновациялык даярлығын қалыптастыру
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Пәндер