Балалардың мектеп жасына дейінгі кезеңі - оның барлық рухани әлемінің негізгі қаланатын аса маңызды уақыт
Балалардың мектеп жасына дейінгі кезеңі-оның барлық рухани әлемінің
негізгі қаланатын аса маңызды уақыт. Атап айтсақ, 4-5 жас кезеңі баланың
бойында барлық қабілет, қасиет, сапалардың бастауларының көзі ашылатын
тұсы. Сондықтан осы жаскезеңі туралы ой-пікірде бастайды сөзін қолдану
жиі орын алады.
Бұл жас кезеңінде балалардың психикасында үлкен өзгерістер мен
процестер жүріп жатады. Әсіресе мектепалды жастағы балалардың танымдық
белсенділігі өте жоғары болады. Өйткені осы кезеңде олардың қабылдауы
қарқынды дамуға ие болса, көру арқылы қабылдаған құбылыстар мен заттар
төңірегінде ой жүргізуі де белгілі дәрежеде дами түседі. Сонымен бірге бұл
жас кезеңінде қисынды (логикалы) ойлаудың алғашқы нышандары байқала
бастайды.
Мұнда балалардың танымдық мүмкіндіктерінің дамуына мәндік есте
сақтауы (смысловая память), ырықсыз зейін қоюы (произвольное внимание) шарт
түзеді. Осыған орай ғұлама ақын Абайдың адам баласының туа біткен екі түрлі
қасиеттері туралы айта келіп ...тәннің құмары... біреуі-білсем екен
демектік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып,
аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней
болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да,
біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, ол немене?, бұл немене?
деп, ол неге үйтеді?, бұл неге бүйтеді? деп, көзі көрген, құлағы
естігеннің бәрі сұрап, тыныштық көрмейді-деген. Ғұлама ақынның осы
айтқандарының барлығы мектепалды жастағы балалардың құмарлығының
ерекшелігін көрсетеді.
Мектепалды жастағы балалар 4-5 жас кезіндегі балалар болып олардың
сөйлеу қабілеттері де қарқынды даму сипатына ие болғаны себепті, оның
қоршаған ортаны танып-білуінде маңызды айта қаларлықтай. Ең алдымен сөйлеу
арқылы қоршаған әлеуметік ортамен қарым-қатынас орнатуға деген ынтасының
қуаттылығы байқалады. Сонымен бірге оның іс-әрекетіндегі сөйлеу қабілетінің
дамығандығының маңыздылығын байқауға болады. Осы кезеңде сөз арқылы
берілген нұсқауларды орындау, сөз арқылы айтып түсіндірулер негізінде
қоршаған ортаны тану түсіндірулер негізінде қоршаған ортаны тану мүмкіндігі
пайда болады. Бірақ олар дерексіз (абстракция) мәндегі емес, көзімен нақты
көріп отырған зат не құбылысты анық түсіне алады. Демек, олар сөздің мәнін
түсіне бастайды.
Осы жас кезеңінде танып-білудің басты құралы-сезім арқылы қабылдау
және көру арқылы ой жүргізу. Демек, осы жас кезеңіндегі балалардың бойында
белгілі бір мінез-құлық ережелерін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттер мен
қабілеттерін дамыту, сапаларын шыңдау осы негізгі-сезім арқылы қабылдау
және көру арқылы ой жүргізу ерекшеліктеріне табын тірегені абзал. Өйткені
осы жас кезеңіндегі балалардың дамуы мен қалыптасуы қабылдауының қай
деңгейде қалыптасқандығына, көру арқылы бейнелі ойлауының және іс-қимылды
көру арқылы меңгеру, ой жүргізуінің қалыптасу дәрежесіне байланысты.
Өйткені мектепалды жастағы балалардың танымдық мүмкіндіктері, іс-әрекетінің
ары қарай дамуы, сөзіндегі логикалы байланыс пен ойлауының жүйелілігі-
баланың осы негізгі мүмкіндіктеріне байланысты болатыны психолог, педагог
ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Осы жас кезеңіндегі балаларжайлы халық педагогикасынан да кейбір
пікірлерді табуға болады:
Шал ақын:
Бес жаста тәңірі берген несіптемін...
Үш-төрттен талап еттім асық жинап,
Жүгірдім жалаңаяқ жанды қинап
Боқтасып көрінгенді боқпен атып,
Араға кіре алмадық кісі сыйлап.
Мәделі Жүсіпқожа:
Бір күні ә дегенше алты келді-ай,
Түзеттік балалықтың салтын енді-ай ...
Шөңгерей Бөкеев:
Бес жаста жұда болып ата-анадан,
Аш белін жетімдікке буған інің...
Уайымсыз балалықтың арқасында,
Болмады еш оған азалы інің.
Ат етіп тал шыбықты қайғы орнына,
Қоңызды көбелекпен қуған інің.
Алалы сақа, менен ақты асыққа,
Таласып бетін жасқа жуған інің.
Уайымсыз, риясыз һәм күнәсіз,
Өтіпті бала болған қайран күнім.
Әбубәкір Кердері:
Келген соң бес жасыма ойын білдім,
Ойынннан қалғанымда уайым білдім,
Алтыдан балалармен асық атып,
Ойынның неше түрлі жайын білдім...
Келтірілген өлең жолдарынан 4,5,6 жас шағындағы балалардың мынадай
ерекшеліктерін көреміз: үш-төрт жастан бастап белгілі бір нәрсеге
қызығуының пайда болуы үш-төрттен талап еттім асық жинап, ойынқұмарлығы
жүгірдім жалаңаяқ жанды қинап, балалықтың уайымсыз шағын уайымсыз,
риясыз һәм күнәсіз, өмірдің 5,6 жастағы кезін ...бес дасымда ойын
білдім ... алтыда ойынның неше түрлі жайын білдім деп суреттеген.
Мектепалды жастағы балалардың дамуына қуатты ықпал ететін басты
әрекеттердің бірі-ойын. Бұның маңыздылығы сонда, ең алғаш басқалармен
бірлесу, ойын әрекеттерін бірлесіп орындау. Ақын, жыраулар шығармаларын
келтірген үзінділер осы ойын әрекеті кезінде балалардың мінез-құлқы
қалыптасып, қарым-қатынасы элементтерінің іске асатынын пайымдауға болады.
Ойынмен қоса балалардың өнімді іс-әрекеті дамиды. Сондықтан осы кезде
арнайы тапсырмалар беру арқылы белгілі бір еңбек түрлеріне араластыру
маңызды. Көріп отырғанымыздай, дала халқы да жас баланың даму кезеңдерін
бақылау арқылы пайымдап, ол туралы пікір қалыптастырған.
Осы жас кезеңіндегі баларда олардың жалпы психикасына дамуына,
элемантарлы сан туралы ұғымдары және есеп амалдарын меңгеруіне ұрымтал әсер
ететін кеңістікті пайымдау және қабылдауы қалыптаса бастайды. Мысалы, олар
алыс, жақын, кең, тар, әлем, дүние, аспан, ай, күн. Аз, көп, жоғары, төмен,
ұзын, қысқа, домалақ, төрт бұрыш, үш бұрыш деген секілді ұғымдарды меңгере
алады. Демек, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыра осы ұғымдарды пайдалану, оның
тиімділігін арттырады.
Осы жас кезеңінде баланың барлық сезім мүшелерінің психикалық
қарқынды қызметі және практикалық іс-әрекетінің ауқымын кеңейту қоршаған
ортаға танымдық мәмілелерінің дамуына тиімді ықпал етеді. Бұл кезеңдегі
басты ерекшелік-оның тұлға ретінде қарқынды дамуы, атап айтсақ, ықтияры
(ерік күші), ахуалды іштей бағалауы, іс-қимылы, құлықтылығы қалыптасу
жолына түсіп, зейін қоюы жетіле түседі және адамгершілік түсініктері дами
түседі.
Демек, олармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстары және оқу-танымдық іс-
шараларда мектепалды жастағы балалардың мынадай ерекшеліктерін негізге алу
керек екендігі белгілі болды. Олар мыналар:
- қабылдауы-сезім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz