БЕЙІНДІК МЕКТЕПТЕРГЕ ҰСТАЗДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ КЕЙБІР КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА


БЕЙІНДІК МЕКТЕПТЕРГЕ ҰСТАЗДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ КЕЙБІР КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА
О. М. Жолымбаев
Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей қаласы
Мемлекеттегі білімнің дамуы жалпы үлттық маңызды мәселе бола отырып, оның мәртебесінің өсуінің кепілі . Егер әр оқушының бүгінгі күннің талабына сай сапалы білім алатын мүмкіндігі болса ғана бұл мәселе шешімін табады. Егемендік алғаннан кейін жасалған білім беру саласындағы реформалар көп жағдайда ұлттық ерекшелік пен идеологияны мүлде ескермей жасалғанымен, қазақ мектебінің білім беру жүйесіне соны серпін бергендігі де жасырып жабуға болмайтын ақиқат екендігін мойындауға тиістіміз, Білім беру саласында реформалар сүзгісінен өткен басы ашық бес мәселе өз қал-қадырынша шешілуде.
Оның біріншісі-мемлекеттігімізді нығайту мен экономикамызды дамытудағы білімнің атқаратын ролі. Бұрын педагогтар (мектепке беретін) ғана қазақ тілінде білім алатын болса, мемлекет өз бюджетінен қаржы таба білуі арқасында ана тілімізде білім беретін жаңа оқу бөлімдері мен оқу орындары көптеп ашылып, ұлттық төл тума ғылыми әдебиеттер мен оқулықтар үкімет қолдауы мен тез арада кідіріссіз жарық көріп, кейбірінің өрескел кемшіліктері болса да, білімге аңсаған ұлт студенттерін қанағаттандырып, республикадағы бірқатар жаңа жоғарғы оқу орындарының өз аяғынан қаз тұрып кетуіне оң ықпалын тигізді.
Екінші мәселе-қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жай-күйі. Нарық рельсіне түсу, банкрот болған, жекешеленген кәсіпорындарға қарасты бала-бақшалардың жаппай жабылуына әкеп соқты, ғылыми мықты кадрлардың бизнеске ағылып кету тенденциясы орын алды. Ұзақ жылғы ұстаздық еңбегінің зейнетін көре алмаған профессорлар айлығы дамыған елдердің санаты төмен жас мұғалімдерінен көп төмен екендігі қынжылтады. Кеңістік дәуірден қалған ЖОО техникалық базасын жаңартуды қажет еткені қашан.
Үшінші бір толғақты мәселе-білім беру жүйесіндегі қайта құрудың қажеттілігі мен мақсаты. Әлбетте білім беру жүйесін модернизациялауды жүргізу бүгіндері кезек күттірмейтін жайт. Оның қажеттілігі қазақ халқының рухани түлеуіне, ұлттық таным-түсінігінің кеңеюіне, өндіргіш күштер мен Қазақстан экономикасының көтерілуіне ұйытқы бола білетіндігінен. Тек күшті, озық білім беру жүйесін қалыптастыру ғана, еліміздің ең баға жетпес басты байлығы “адам капиталын” толығынан пайдалануға мүмкіндік бере алады.
Осы бір заман талабына толыққанды жауап беру жолында білім көкжиегін ары қарай кеңейте дамыту үшін күткен нәтиже бере алатын нақты қадамдар жасалыну үстінде. Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында әлемдік тәжірбиеде өзін жақсы жағынан көрсете білген жаңа формалы ізденістер қолға алынып, талантты жастарды ғылыми-экономикалық мүддеге сай іріктей білу бір ізге түсіп келеді. Батыстағы озық үлгілердің бірі арнайы кәсіби мамандандыру әдістемелері біліми өмірге батыл енгізілуде. Реформа бұл бағытта жоғарыдағылардың бұйрығынсыз басталып та, кетті. Сөйтсекте, елімізде өте жиі ауысатын уақытша министрлердің заңдылық, экономикалық және педагогикалық жағынан айқындалмаған бір қайнауы ішінде қалған, концепцияларды ғылыми ортаның талқысынан өткізбей өзім білемділікпен асығыс ұсынатыны өкінтеді. Өзгерістердің барлығының алға қойған түп мақсаты: мұғалім, оқытушы, ғылыми қызметкерлердің статусын көтеру: білім беру жүйесінің бүкіл сатыларын ретке келтіру; олардың оқу процесін ұйымдастыру дәрежесін арттыру; білім сапасын әлемдік деңгейге жеткізуге тырысу; ақыр соңында, қоғамның нәрлі білімге деген орынды сұранысын толық қанағаттандыра білу. Модернизациялауға ұмытылған әр қадамның кейін өкінішке ұрындырмайтындығы, түп нәтиже бере алатындығы ойластырылып, тек өлі эксперимент дәрежесінде қалып қоймауы әубастан ескерілгені дұрыс.
Төртінші мәселе-білім беруді модернизациялаудың алға қойған негізгі бағыттары. Орайы келіп ойластырылған қайта құру шараларының мән-мазмұны оның нәтижеге жету үшін алға қоятын мақсатымен айқындалады. Оны аброймен шешіп шығу қазіргі білім беру жүйесінің мойнына жүктелуде. Модернизацияны жүргізудің түп нәтижесі:
-Қоғам білімділігінің дәрежесін арттыру;
-Сапалы білімге қол жеткізкізуге даңғыл жол ашу;
-Қазақстандық білім беру дәстүрін сақтай отырып, маман дайындауға фундаментальдық ілімдерге арқа сүйеу;
-Білім мен ілім арасындағы байланысты жалғастыра отырып кеңейту;
-Жоғары табысты экономикалық қызмет түрлеріне жаңа ілімдер мен технолгияның енуіне тиімді жағдай туғызу.
Ақыр аяғында, қазақ білім беру жүйесі ұлттық ұстанымын сақтай отырып, бізді жеп қоярдай әлсіз жерімізді қапысыз аңдыған әлемдік білім беру қызметі нарқында (еліміз ұстанған стратегиялық геосаясат мақсатына зияны тимейтіндей) өз жылы орнын тауып, ойып тұрып жайғасуға тиіс. Атап көрсетілген шешімдерді жүзеге асыру үшін бәрінен бұрын:
-Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің қоғамдық статусы мен материалдық баққуаттылығын жақсарту;
-Оқу орындарын оқу және ғылыми құралдармен тиісті оқулық түрлерімен толықтай қамтамассыз ету:
-Жоғарғы дамыған экономикалық құрылымын белгілейтін ғылыммен тығыз байланысты өндіріс дамуының бағдарламаларына фундаментальды және қолданбалы ғылымдардың приоритетті бағыттарын маман дайындауда нарық талабына сай өндіріс сұранысымен ұштастыра оқыту;
-Приоритеттік бағыт ұстанған фундаментальды және қолданбалы ғылымдарға арналған ізденіс зерттеулердің көлемін университеттер мен басқада ЖОО арттыру;
-Алдыңғы қатарлы ЖОО-ның білім беру жүйесін ақпараттандыруға және олардың басқа да экономикалық кан тамырын жандандыруға қоса алатын үлесін арттыру;
-Бітіретін мамандық иелерінің бірден жұмыссыздар армиясы қатарын толтырмауын, нарық пен өндіріс сұранысына жарап, өмірден өз орындарын табуын ескере оқыту.
Ендігі сөз етілетін соңғы мәселе-білім беру саласында істелінуге тиіс нақты қадамдар төңірегінде өрбімек. Қазақстан білім беру жүйесін дамытудағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін және жоғарғы мектептердегі фундаментальды негізді сақтап әрі күшейту жолында ЖООғалымдарының біліктілігін осы бастан қалыптастыруда бізге қажетті:
-Ғалым педагогтарға төленетін жалақы көлемін өсіру (оқу орнының түрі мен қызметкердің санатына байланысты үштен, он есеге дейін) ;
-Өкімет өз дерегіне алатын (зейнеткерлік, әлеуметтік, материалдық жағынан) республикалық статусы белгіленген жоо ғылыми-педагогикалық қызметкерлеріне жаңа кәсіби санат енгізу;
-Жас мамандар, мұғалімдер, ғылыми -педагогтарға тұрғын үй проблемасын шешуде өсімсіз, ұзақ уақытқа несие берудің арнайы мемлекеттік бағдарламасын қабылдау;
-Дарынды жас мұғалімдер, оқытушылар және зерттеушілер үшін салалық мақсаттағы арнайы мемлекеттік стипендия төлеуді енгізу;
-“Қазақ университеттері XXI ғасырда” атты ғылыми бағдарламаны мәжілісте қабылдап, фундаментальды білім беру жүйесінің негізін заңды түрде айқындап алу:
-Қатаң критерийлер санамасының негізінде басты ЖОО санын белгілеу, оларды қолдаудың арнайы бағдарламасын жоспарлау;
-Фундаментальды зерттеулер жүгізетін басты университеттердің инфрақұрылымын дамытуға жыл сайын мақсатты қаржылық көмек көрсету;
-Алдыңғы қатарлы ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми ізденісін өрістетуге, ғылыми іс-сапар, ғылыми әдебиет т. б. мақсаттары үшін жеке төлемдер төлеуді жолға қою;
-Білім беруді басқарудың қоғамдық- мемлекеттік жүйесін, оқу -методикалық бірлестіктер ұжымын, әр түрлі мамандық бойынша кәсіби эксперттер (сарапшылар) кеңесін құру;
-Мемлекеттік емес академияларды, аттестациялық комиссияларды,
ЖОО-ын терең де, зерделі сараптау мен қайта тексеруден өткізу;
-Арнайы инвестициялық бағдарлама жобалап, білім беру саласын қаржыландыруға отандық және шет елдік ірі корпорацияларды тарту;
-Университеттер базасында жаңа технологияны енгізудің техникалық, өндірістік негізін жасап, жастарды ғылымға тартуға қолайлы орта қалыптастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz