Бастауыш мектепте математиканы оқыту
Жоспар:
Кіріспе
1 Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы
1. Бастауыш мектепте математика пәнінің тарихы
2. Бастауыш мектепте математика пәнінің қажеттілігі
3. Бастауыш мектепте математиканы оқыту
1. Бастауыш сыныптағы математика пәнінен логикалық есептердің маңызы
1. Оқушылардың есеп шығару білігін қалыптастыруға даярлаудың жолдары
2. Қызықты логикалық тапсырмалар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қазақстан білім беру ісін өзгерту стратегиялық міндеттердің бірі-
шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру.
Әрбір оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына математикалық
білімнің үлкен үлесі бар. Себебі математика басқа ғылымдар саласының
дамуының тірегі, қоршаған ортаны білудің басты көзі.
Олай болса оқушыларға математикалық білім негізін қалыптастырып,
меңгертуді бастауыш сыныптан бастаған жөн.
Бастауыш мектептегі оқытудың ең басты міндеттерінің бірі-балалардың
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заман
талабына сай тиімді ұйымдастыруды оқушылардың дамуын қамтамасыз етуге
бағытталған интенсивті (қарқынды) тәсілді қолдану арқылы жүзеге асыруға
болады. Оқытуды интенсивті тәсілмен ұйымдастыру оқушының оқу
бағдарламасында көрсетілген білімді игеруі мен оның ой өрісінің дамуы
арасындағы байланысты күшейтуді және танымдық дәлелдерді құру
мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Бұл жағдайда оқытуда атқаратын маңызды
міндет оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру.
Бұнда балалардың ой-өрісінің дамуы, байқау, заңдылықты табу, ойлау,
көру, есте сақтау, логикалық есептерді дұрыс шешу сияқты, оқушылардың жас
шамасына қарай түсіндіре отырып білімдерін тереңдету, іздемпаздық пен
ойлауға баули отырып, ойлау қабілеттерін дамытуды көздедім.
Сонымен оқушылардың математика пәніне қызықтыра отырып, логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту үшін 1-сыныптан бастап сыныптан тыс логикалық
есептерді шешуге оқушыларды бейімдей бастадым.
Математикалық логикалық ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеті
мен танымын кеңейтіп, дамыту мақсатында еліміздің болашағы бүгінгі мектеп
партасында отырған жас ұрпақтың ой-өрісін дамытып, білім мен ғылымға деген
құштарлығын арттыруға дағдыландару.
Осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін Бастауыш сыныптағы
математика пәнінен логикалық есептердің маңызы деп таңдап алдым. Курстық
жұмыста деңгейлік дамыта оқыту технологияны пайдалануға негіздедім. Әр
есептер қарапайымнан күрделі есептерді шығаруға құрылған. Математикадан
сыныптан тыс жұмыстар деп қатысуға еріктілік принципіне негізделген,
мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысын тереңдететін, сондай-ақ
оқушылардың математикалық оқу-тәрбие дәрежесін арттыратын сабақтан тыс
уақытта жүргізілетін жұмыстар.
Сабақтан тыс уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде мұғалім оқушының
талап тілегін қызықтыратын мәселелерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік табады.
Математикадан үлгірмеудің бір себебі - оқушылардың пәнге аз
қызығатындығы. Әрине сабаққа деген қызығуды мұғалім оны жүргізу үстінде
тудырса, ал жүйелі түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар бұны одан әрі
дамытуға себепші болады.

1.1 Бастауыш мектепте математика пәнінің тарихы
Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы психологиялық-
педагогикалық пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық негіздерін
оқып болған соң қарастырылады. Бастауыш мектепте математиканы оқыту
теориясы мен технологиясы оқытып – үйрену барысында математика пәнінің
өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, жалпы теориялық қағидалар нақтылана
түседі. Пән енгізілгенге дейін математика курсында математикалық ұғымдар,
заңдар, қасиеттер, фактілер мен іс-әрекет тәсілдерін, педагогика курсында
дидактикалық принциптерін және оқыту мен тәрбиелеу барысында құрудың әр
түрлі тәсілдерінде көрініс табатын заңдылықтарды; жалпы, жас және
педагогикалық – психология курстарынан бала дамуының және білім, білік,
дағдыны меңгертудің психологялық заңдылықтарын, арнайы курстан ғылыми-
педагогикалық зерттеулердің әдістерін оқып-үйрену жүзеге асырылған болатын.
Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы: педагогика, психология,
педагогикалық зерттеулер әдістемесі, математика, қазақ және орыс тілдерін
оқыту теориясы мен технологияларымен, сондай-ақ математиканы оқытудың
теориясы мен технологиясының кейбір мәселелерін тереңдетеп оқытуға арналған
арнайы курстарды оқытумен тығыз байланысты.
Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы педагогикалық ғылым және
оқу пәні ретінде ұзақ уақыт қалыптасты және дамыды. Оның даму кезеңдері
Қазақстан Республикасы мектептік білім берудің реформалаумен тығыз
байланысты. XX –шы ғасырдың 70-ші жылдарына дейін оқытылған арифметика
курсы өзіне алгебра және геометрия элементтерін біріктіре отырып,
математиканы оқыту әдістемесінің негізі болады. Математиканың әдістемесіне
80-90 жылдардағы математиканы оқыту прцесіне дамыта оқыту теориясының,
білімнің дидактикалық бірліктерін ірілендіру теориясының енгізілуіне орай
елеулі өзгерсітер енді. Келесі кезең (соңғы онжылдық) Қазақстан
Республикасында бастауыш мектепке арналған математика жаңа оқу-әдістемелік
топтаманың ендірілуімен және оқытудың жаңа технологияларының жасалуымен
байланысты.
Кеңестік дәуір кезіндегі бастауыш мектеп математикасын дәстүрлі
оқытудың дамуына М.И.Моро, А.С. Пчелко, А.М. Пышкало, М.А. Бантова,
Г.В.Бельтюкова және т.б ғалымдар елеулі үлес қосқан. Аталмыш ғалымдардың
дайындаған математиканы оқытудың ғылыми негіздері сол кездегі оқу-
әдістемелік топтамада қаланған. Осы авторлардың құралдары қайта өңделіп
және толықтырылып, ТМД елдерінде қазіргі кезде де қолданылады. 80-90
жылдары дамыта оқыту іс-әрекеттік және жеке тұлғалық тұрғыдан қарау сияқты
мәселелердің дамуына орай бастауыш мектеп математикасы әдістеменің
қалыптасуына Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б.Эльконин, П.М. Эрдниев, Н.Б.
Истомина және т.б ғалымдардың еңбектері елеулі роль атқарады. Кеңес
дәуіріндегі Қазақстан мектептерінде оқыту орыс тілінде басылған дәстүрлі
оқулықтар мен оқу құралдары жүзеге асырылды, сондай-ақ ішінара лайықталаған
оқулықтар да қолданылады. Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бастап жаңа
технологиялар ескерілген профессор Т.Қ.Оспановтың басшылығымен авторлар
ұжымының (Ш.Х. Құрманалина, Ж.Т. Қайыңбаев, Б.М. Қосанов, К.А. Ерешова,
В.Я, Анисимова) дайындаған жаңа оқу-әдістемелік топтамасы (ОӘТ) тәжірибеге
ендірілді. Аталмыш ғылымның қазіргі заман даму тенденцияларына орай
технологияларын енгізуді, әр түрлі нұсқадағы ОӘТ-ны дайындау негізінде 12
жылдық білім беру жүйесіне көшуді, кредиттік оқыту технологияларына көшумен
байланысты бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша
оқу құралдарын дайындауды жатқызуға болады.
Қазақстандағы бастауыш мектеп математикасын оқыту әдістемесінің
1990 жылдан кейінгі даму тенденциясы. Әдістемелік математикалық ғылымның
дамуының негізгі бағыттары. Көптеген ғалымдар зерттеулерімен, ғылыми
жұмыстарды зерттей отыра ежелгі гтектегі және сол сияқты шығыс елдерінде
математиканың тууын, дамуын Қазақстандағы математика құрылуын бір бағытта
зерттеген ғалымдардың еңбектеріне тоқтала кетіп бастауыш сыныптың
математикасы Қазақстанда 1990 жылдан бастап дамып, жекелене бастаған.
Әдістемелік математика ғылымының қалыптасуы математикалық білім беру
ісіндегі басты Ресейдегі 1960 жылдағы реформадағы кезеңді айтуға болады.
Ресейде пайда болған бастауыш сынып математикасының бөлінуі 1960жылдан
бастап бөлініп жекелей жұмыстар жүргізе бастаған. Оқу процесінің өзгеруіне
байланысты мектепте қолданылып жүрген оқу әдістемелік топтамалар соның
ішінде оқулықтар, оқу әдістемелік құралдар, дидактикалық жинақтар,
бағдарламалар,мұғалімнің негізгі құралдары өзгеріп қайтадан өңделіп шықты.
Сандардың құрылғанына және оқып үйрену әдістеріне үлес қосқан ғалымдар;
А.Сокин, Б.Кастюк.
Қазақстандағы математика әдістеме ғылымның қалыптасуы әр түрлі типтегі
көзқарастардан, зерттеулерден өтіп отырған.(мұсылмандық, орыс-қазақ, орыс-
бұтана, ұлттық мектептердің құрылуы)
Қазақстандағы бастауыш мектеп жүйесінің қалыптасуы және бастауыш
математикалық білім мазмұнын анықтаудың басты мақсаты ұлттық бастауыш
мектеп құру болып табылған. 20-шы ғасырдың бас кезіндегі даму тенденциялары
толығымен дамып мұсылмандық мектептер жойылып, Қазақстан толығымен даму
үстінде болып әртүрлі ғалымдар әдістемелік математикалық көзқарастар ұсына
отырып жұмыстар жүргізді.
Бастауыш сынып математика пәніне үлес қосқан ғалымдар. М.Дулатов санды
санға қосқанды, сан арифметикасы, теңдігі мен теңсіздігі, ұқсас немесе
ұқсас еместігін зерттеп өз еңбегінде жазып көрсеткен. Қазақстандағы
әдістемелік ғылымды қалыптастыра отырып, М.Дулатов қазақ мектебіне арналған
тұңғыш математика оқулығын жазған.
Қосымша мына ғалымдар еңбектерін жазып, ой- пікірлерін ортаға
салғандар: К. Жаленұлы, - ”Есептану жобасы”, “Есептану”, “Бөлшек сандар”.
С. Қожанұлы, - “Есептану құралы”.,Ә.Қасымұлы, Т. Шонанұлы, Қ.Сатбайұлы,
Е.Омарұлы, - “Есеп құралы”. Әль- Фараби математик болған, бірақ бұл тек
математиканың философиялық жағымен айналысқан. Әль- Фарабидің математикалық
еңбегі - “Бастауыш сыныптағы арифметика”- яғни сан туралы ғылымды зерттеп
анықтамаларын берген.
Математика өзінің туып, өрбу барысында тарихи дамудың ұзақ жолын
басып өтті. Екі нүктенің ең жақын ара қашықтығы түзудің кесіндісі болатыны
туралы және ең бастапқы сандар жайлы өте қарапайым білімдерден басталған
математика өзінің қазір нақты пәні мақсаты әдіс – тәсілдері бар аса
күрделі абстракты ғылымға айналып отыр. Екі нүктенің ең жақын ара қашықтығы
түзудің кесіндісі болатыны туралы және ең бастапқы сандар жайлы өте
қарапайым білімдерден басталған математика өзінің қазір нақты пән
мақсаты ретінде әдіс – тәсілдері бар аса күрделі абстракты ғылымға айналып
отыр. Қазіргі ғылым оның іргетасы – математика заманымыздың аса мәдени
құбылысы, жалпы өркениетіміздің бөлінбес бір маңызды бөлігі болып отыр.
Сондықтан да тек болашақ математика пәнінің мұғалімдері ғана емес, білім
– парасатқа ұмтылған әрбір азаматтың ғылым тарихынан,әсіресе “ғылым
патшасы” математика тарихынан белгілі бір дәрежеде хабардар болуы
игілікті нәрсе.
Ертедегі Мысыр еліндегі сияқты Вавилон мемлекетінде де “жазғыштар”
немесе “көшірмелер” дайындайтын оқу орындары көптеп ашылған. Вавилонда
“Кесте үйі” деп алталатын осындай мектептерде оқу, жазу, есептеу өнерлерін
үйретуге үлкен мән берілген. Мұнда сабақтың өтудің негізгі әдісі – жаттау
әдісі болған. Бізге жеткен сына жазулардағы математика сол ездердегі
оқушыларға арналса керек. Вавилондықтар санаудың алпыстық жүйесін
қолданған. Вавилондықтардың позициялық санау жүйесін жасау жалпы
мәдениет тарихы үшін баға жетпес зор еңбек болды. Осыдан бастап әрбір сан
үшін арнайы таңбалау қажеттігі болмай, кез келген санды белгілі бір таңдап
алынған таңбалардың орнын ауыстыру арқылы өрнектеуге мүмкіндік туды. Бұл
мысырлықтардың сандарды иероглифтік таңбалау тәсілінен әлдеқайда да ыңғайлы
тиімді болды. Сондықтан да Вавилон математиктері алгебралық –
арифметикалық есептулер жөнінде мысырылық әріптестерінен көш ілгері кетеді.
Бұл математикалық бастамалар математиканың өзінше зерттеу объектісі,
әдістері бар дербес ғылым болып бөлініп шығуына жеткілікті жағдай жасады.
1.2 Бастауыш мектепте математика пәнінің қажеттілігі
Ғылым мен техниканың даму қарқыны, экономикалық процестерді басқару
теориялары күннен-күнге математикалық сипат алып бара жатқаны тарихи
шындық. Сонымен қатар математиканың ғылыми теориялық ізденістермен бірге
практиканың қолданыстарының да ауқымының кең екені мәлім. Екінші жағынан
қуатты электрондық есептеуіш техникаларының пайда болуы, олардың өндірісте
көлемді қолданылуы, техникалық, экономикалық процестерді басқаруға
араласуы, еңбек өнімін, экономикалық тиімділігін арттырумен қатар,
математикалық білімі жақсы мамандарды дайындау қажеттігін айқындайды.
Шынында да математика өздігінен математикалық құндылықтарды туғызбайды,
ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы байлықтарды ашпайды, машиналарды
жүргізбейді. Бірақ оның құнды пікірлері мен әдістерін ұқыпты қолдану
арқылы, материалдық құндылықтарды сақтап қалуға, аурудың алдын алуға,
болжам арқылы түйінді тұжырымдамаларға келуге жер қойнауындағы қазына
байлықтың мөлшерін анықтауға оны қолданудағы экономикалық тиімділіктерін
есептеуге мүмкіндік береді. Сондықтан есептеуіш техникалары және өндіріс
қуаттарымен қатар математикалық әдістермен, математикалық сауаттылықты одан
әрі дамыту керек. Сонымен қатар математиканың дамуы қоғам дамуының негізгі
мәселелері (проблемаларымен) тығыз байланысты болып келген, бола да бермек,
жаңалықтармен практикадағы нақты есептерді шешу, оны абстракциялау арқылы
теориялық тұрғыдан жетілдіріп, одан алынған нәтижелерін тағы да, бірақ
бұрынғыдан жоғары деңгейде практикада қолдану арқылы, математикалық теория
мен өмір тәжірибелерінің шығармашыл бірлестігі туындап, прогрессивті-
циклдің қалыптасуына ықпал етеді.
Ал математиканың даму тарихы адамзат тіршілігінің дамуының басқа да
түрлерімен - тарихтың дамуымен, өндірістік қатынастар мен өндірістік
күштердің дамуы, мәдени тарихпен, техника, физика, астрономия, механика,
философия тарихымен де тығыз байланыста болды. Демек, математиканың дамуына
жетілдіріп, толықтырылған математика мен математикалық идеялардың
теориясының дамуы емес - сол кездегі халықтың тұрмыс-тіршілігінің деңгейіне
сәйкес, білімнің дамуы зор ықпал етеді. Білімнің оқыту процесімен тығыз
байланыстылығы мәлім. Сонымен қатар қоғам үшін де математиканың рөлі
ерекше, себебі әртүрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми-
прогрестің болуы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды
қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа
туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа
идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет.
Сондықтан бастауыш мектептің математика курсынан бастап қазіргі
таңдағы математиканың рөлі мен мүмкіндіктерін жете насихаттау қажет. Бірақ
бүгінгі таңда математикалық дайындық бастауыш сынып оқушыларынан бастап,
жоғары оқу орны студенттеріне дейін, барлығын да қанағаттандырмайды. Себебі
қазіргі таңда еліміз егемендігін алып, қоғам дамуы демократиялық сипат
алуынан, математиканы оқытудың әртүрлі әдістемелері мен ұсыныс-пікірлері
тексерусіз, ғылыми тұрғыдан дәлелденбей-ақ, эксперименттік басқаруға
ұсынылды, Тіпті эксперимент нәтижелері сұрыпталып, сараланбай-ақ жалпыға
ортақ міндетке айналуы білім сапасына кері әсерін тигізбей қоймайды.
Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі тұрлаусыздықтар, яғни білім беру
стандарттарының, оқу бағдарламаларының жылда өзгеруі, оқу құралдарының
жетіспегендігімен тұрмай, ішкі құрылымының жылда өзгерістерге ұшырауы,
тіпті оның ішкі құрылымындағы тақырыптардың мән-мағынасының, сапасының
төмендігі не күрделендіріп берілуі оқушы түгіл мұғалімдердің де өз
міндеттеріне деген немқұрайлылығын туғызуы әбден мүмкін.
Математика пәнін оқытудың мақсаты төмендеді. Бекітілген уақыт
көлемінде қарастырылатын материалдың көпшілігінен күрделі есептерді
орындау, дәлелдеу, түрлендірудің стандартты жолдары ғана қарастырылып,
шығармашылық тұлғалардың қалыптасуына, математикалық идеялардың туындауына
мүмкіндіктің болмауы.
Оқушылардың ойлануының психологиялық дамуын ескермей олардың жалпы
логикалық дамуына ғана назар аударуынан, оқушыларды тек дайын білімді
қабылдаушы ретінде қарау, яғни мұғалім береді, олар есте сақтайды.
Нәтижесінде элементар математикасын қалыпты (традиционный метод) тәсілдерін
ғана меңгереді.
Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында математикалық білімді игеру
пирамидалық тұрпатта дамиды. Демек соңғы сынып оқушыларының 10%-ы ғана
мектеп бағдарламасын толық меңгерсе, 30%-ы қанағаттанарлық деген бағаға
сәйкес келеді. Ал қалған 50%-ын математикадан алшақтатып алғанымыз рас және
ата-аналардың, оқушылардың, тіпті мұғалімдердің арасында барлық оқушылар
бірдей математиканы оқуға қабілетті емес деген кереғар пікір қалыптасты.
Бұрынғы жылдары математикалық білім деңгейі, қабілеті жоғары
оқушыларға құрбы-достары қызығушылықпен, қызғанышпен қараса, бүгінгі таңда
математиканы ұнататындарға басқаша көзқарастар қалыптасуда. Жастардың
математикалық білім деңгейлерінің төмендігін, есептеуіш техникалар
толықтырады деген түсініктер бұл проблеманы одан әрі қиындатып жіберді.
Қалыптасқан жағдай өте маңызды, терең зерттелген, шаралардың қолдануын
қажет етеді.
Математика - тек математиктерге керек деген кереғар пікірден,
математикалық сауаттылықтың іргелілігін, оның білімінің бастауының негізгі
екенін көзі ашық, көкірегі ояу ата-ана, мұғалім түсінуі қажет секілді.
Мұндай да психологиялық сәттерді де ескермесе болмайды
Әрбір оқытушы - бастауыш мектептен жоғары мектепке дейін, әрбір
зерттеуші білуге тиіс білім де математиканың салаларында жатыр және оны
атүсті біліп қоймау керек, терең түсініп, математикалық толысуға жету
керек. Арнайы математиканың білімдері болмаса да математиканың маңызын,
ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсерін түсініп қазақтың тұңғыш зиялылары Міржақып
Дулатов, Сұлтанбек Қожанов, Кәрім Жәлелов, Елдос Омаров мектепке арналған
математика оқулықтарын шығарса, Әлімхан Ермеков Ұлы математика курсын
шығарды. Ахмет Байтұрсынов та, Қаныш Сәтбаев та математикаға дәл осындай
ағартушылық қызығу танытқан.
Әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған елдерде білім сапасына, әсіресе,
дәлдік пәндерді тереңдетіп оқытуға баса назар аударатындары мәлім. Оқусыз
халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі
халықтардың қолына көшпекші деген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың сөзі
бүгінгі таңда да маңыздылығын жойған жоқ. Оның айқын дәлелі - еліміздің кен
байлығы мен қуатты өндіріс орындарындағы шетелдік компаниялардың үлес
салмағы.
1.3 Бастауыш мектепте математиканы оқыту
Бастауыш мектепте математиканы оқыту оқушыларға математикалық білім
негіздерін, математикалық мәдениетін, сауаттылығын көтеруді мақсат етеді.
Мұндай мақсаттарға жетуде сыныптан тыс жұмыстар да үлкен рөль атқарады.
К.Д.Ушинский дидактикалық ойындардың маңыздылығын айта келе, ол
балалардың жадының дамуы мен оқуға деген қызығушылығының артуында маңызды
орын алып, жеке тұлғаның бір ғана қыры емес, онын тұтастай адам болып
қалыптасуына ықпал ететінін атап өтеді.
Оқу үрдісінде ойын есептерін қолдануды толығымен қолдамайтын
көзқарастар да кездеседі. Олар мектепке дейінгі жаста ғана ойнауы керек,
мектепте тек қана спорттық ойындар ойналады және ойын баласының ақыл-ойының
дамуы тежеледі деген пікірлер айтуда. Біздің ойымызша, оқу үрдісінде
болсын, сыныптан тыс жұмыста болсын ойын есептері мен дидактикалық
ойындардың орынсыз қолданылмауы керек екендігін ескерген жөн болар.
- оқушылардың математикалық есептерді шығаруда тиімді әдістерді таңдап
алуға, логикалық және математикалық дағдылардың қалыптасуына, шығармашылық
қабілетінің дамуына көмектеседі;
- жолдастық қарым-қатынастар мен ұжымдық әрекетке тәрбиелейді;
- оқушыларда интеллектуалдық мәдениетін тәрбиелеуге көмектеседі;
- пәнге деген қызығушылығын арттырып, математикалық қабілеттерінің
дамуына ықпал етеді.
Ал, С.Елубаева өз еңбектерінде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін
мұғалімнің білімі терең, жан-жақты дамыған, педагогикалық шеберлігі болуы
басты мәселе екенін айта келе, сабақтан тыс уақытта орындалатын оқу
жұмыстары оқушы тілегін, қызығатын мәселелерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік
беретінін көрсетеді. Сонымен қатар, онда "...оқушылар сабақта, ойын немесе
жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу сияқты процестермен
кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру - мұғалім міндеттерінің бірі. Осы
мағынада түрлі жаттығулардың - математикалық сөзжұмбақтардың, ойындардың
рөлі зор", және де математикадан үлгермеудің бір себебі - оқушылардың
пәнге аз қызығатындығы, ал сабаққа деген оқушының қызығушылығын сабақ
үстінде тудырса, жүйелі түрде өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оны одан
әрі дамытуға себепші болады.
Әдіскерлер математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі
түрге бөлуге болатынын айтады:
1. Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен
жүргізілетін жұмыстар;
2.Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан
қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Сыныптан тыс жұмыстардың дәстүрлі түрлері анықталды: математикалық
үйірме, математикалық викториналар, конкурстар, математикалық олимпиадалар,
математикалық кеш, математикалық экскурсия, математикалық әдебиеттер оқу,
математикалық рефераттар мен шығармалар жазу, математикалық қабырға газеті
т.б.
Сыныптан тыс жұмыстарда математикалық мазмұнды "Кім тапқыр?", "Ойлан,
тап!", "Кім көп біледі?", "Сиқырлы шаршы", "Математикалық тартыс', "Бәйге",
"Халық есептері", "Қызықты есептер әлемі" т.с.с. ойындарды, сонымен қатар
"Ойланайық та ойлайық" кеші, "Математикалық көкпар" сайысы, "Сайыс сабақ"
және т.б. енгізу керек.
Баланың жасы ұлғайуына байланысты, ойнайтын ойынының мазмұны да
өзгеріп отырады. Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі -
оның ұжымдық сипатта болуында. Бірінші, екінші сыныпқа қарағанда үшінші,
төртінші сынып оқушыларында ұжымдық сипаты басым болатынын көрсеткен.
Сондықтан сыныптан тыс жұмыстар бастауыштың кейінгі сыныптарында ойын
ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіну, өзін ұстай
білу сияқты белгілердің айқын болатынын ескеру қажет.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының өмірінде қимыл ойындар да
едәуір орын алады. Бұл жағдайды бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарда
ескеру керек. Сыныптан тыс жұмыстар жүргізу барысында баланың қимыл-
ойындарына дұрыс жетекшілік көрсету арқылы, оның денесін ширатумен қатар,
ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасуына мүмкіндік туғызатындығын есепке алу
керек. Сондықтан математикалық ойын есептері мен ойындарды сыныптан тыс
сабақтарда қолдану арқылы оқушылардың өзара пікір алысуына, араласуына
үлкен жағдайлар жасалады және де танып білуге деген қызығушылығын арттыру
басты назарда ұсталады.
2. Бастауыш сыныптағы математика пәнінен логикалық есептердің маңызы

1 -3 – сыныптарда сыныптан тыс математикаға қызықтыру мақсатында
көзделеді. Ол үшін жоспарында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және
оны өткізудің методикалық негіздері мынада екенін ескерген жөн:
1. Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың сабақта алған білімдері мен
дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
2. Сыныптан тыс жұмыс оқушыны иницативасынан басталып, олардың жеке
қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі тиіс.
3. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатында
көзделуі тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстардың методикалық негіздері мен мақсаттары
айқындалғаннан кейін, оқушылар ұжымымен жүргізілетін жұмыстың түрлері
таңдалады. Ол мәселені мұғалім сынып тілегі, материалдың көлемі,
оқушылардың қатысымдылығы сияқты одақ түрлерімен айқындайды. Енді жұмыс
түрлеріне, оларды ұйымдастыру мәселелеріне, оқу – тәрбиелік сипаттарына
тоқтаймыз.
1. Қызықты есептер. Сыныптан тыс жұмыстар кезінде шешілетін есептер
мына бағытта болуы керек. Математикадан бастауыш сыныпта өтілетін, бірақ
қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер
астарласып кетуі тиіс. Берілетін есептер оқушының жас шамасына шақталып,
оқушыны жасытпай қайта жігерлендіретін, математикалық иницативасын
арттыратындай, түсіндіруі жеңіл, тұжырылымдауы қысқа болғаны жөн. Есеп
зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа,
есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейді.
2. Логикалық есептер – кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір
немесе бірнешеу болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да
аңғарымпаз болуды талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге
сүйеніледі. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа,
еңбектене білуге тәрбиелейді.
3. Математикалық диктант. Оқушылардың өрнекті математикалық тілде
айтып, мәнін есептеу, әр сөзге байыппен қарап, сөйлеу мәдениетін
жаттықтырып, математика тілін меңгеруге үйретеді.
4. Психологиялық тестілер, заңдылықты табу, фигураларды дұрыс қою,
жоқ санды табу, ойын дамыту, ұстамдылықпен тапқырлыққа тәрбиелейді.
Өз ойын ашық, дұрыс, ауызша және жазбаша есептеп, шешіп дәлелдей
білу.
Математикалық қабілетін айқындауға арналған тапсырмаларды дұрыс
орындай білу.
Оқушының ерікті зейінін, байқағыштық, ойлау қабілеттерін айқындауға
бағытталған дамытушылық тапсырмаларды түсініп шешу.
Логикалық есептерді дұрыс әрі берілген уақытта шеше білу.
Ойлай отырып, әр түрлі қисынды есептерді, ауызша және жазбаша түрде
дұрыс шешу дағдыларын меңгереді.
Қисынды есептерді шешу амалдарын жете білу және оны нақты қолдану
арқылы есепті дұрыс шеше біледі.
Математикадан терең білімі бар, жан – жақты жетілген, еңбекке
икемді, барлық әрекеттерге белсенділік көрсете алатын білімді тұлғаны
қалыптастырады.
Тапсырмалар оқушының логикалық пайымдау қабілетін дамыта отырып,
олардың арасынан дедуктивті ойлау қабілеттілігіне бейімділік танытқандарын
анықтауға және әрі қарай дамытуға, оқушыларды жоғарырақ деңгейге көшіруге
жұмылдырады. Мұндай тапсырмалар ойлау жүйесінің тізбектілігі мен дәлдігін
қалыптастыруға баулиды.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің
бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша,
тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді
игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін
белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz