Дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері


Жоспар:
Кіріспе
1 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫ
1. 1 Дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері
1. 2 Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен үйымдастырылатын жұмыс түрлері
2 Бастауыш сыныпта жеңіл атлетика сабағын өткізу
2. 1 Гимнастика, жалпы дамыту жаттығулары
2. 2 Акробатикалық жаттығулар
2. 3 Би жаттығулары
2. 4 Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дене шынықтыру жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды салаларының бірі. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге бейімдеуде оқу-тәрбие жұмысында дене шынықтырудың алатын орны бөлек.
Мектептегі дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылардан өз еркімен іс-әрекеттерді орындауды, құлшына ұйымдастырушылықты, белсенділікті, тапқырлықты талап етеді.
Мектептегі дене шынықтырудың негізгі міндеттері:
1. Денсаулықты нығайту, дене дамуына дұрыс әсерін тигізу және денесін шынықтыру. Бұл міндеттік дене шынықтыру, спорт жөнінен ұйымдастырылатын барлық жұмыс түрлеріндегі, негізгі міндет екенін педагогикалық ұжым мен әр мұғалім түсінуі және білуі қажет.
Мектеп жасы - балалардың жылдам өсуі және денесінің даму кезеңі болып табылады. Сондықтан мектеп барлық жағдайда, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқушылардың денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз етуі қажет.
Дене жаттығулары сабақтары ең алдымен адам ағзасына әсерін тигізе отырып денесін шынықтыру, денсаулығын нығайту міндеттерін жүзеге асырады. Сондықтан көптеген сабақтар таза ауада өткізіледі, ал жабық орында өткізілетін сабақтар қажетті гигиеналық талаптарды қажет етеді.
Бұлшық ет топтарының, тыныс алу, қан-тамыр жолдары, сонымен қатар ағзаның басқа мүшелерінің қызметін күшейтуде ойын, жүгіру, секіру, лақтыру, шаңғымен жүру жаттығулары ерекше орын алады.
Дене жаттығулары сабақтары мен бірге сабақтағы демалыс минуттары, сабаққа дейінгі гимнастика, үзілісті ұйымдасқан түрде өткізу, мектеп тазалығы, ыстық тамақ, мұғалімнің оқушылардың тұлғасына, жүріс-тұрысына қарауы сияқты іс-шаралар да қолданылады.
Оқушылардың қалыпты дамуында тұлғаны дұрыс ұстау ерекше орын алады. Ағзаның, ішкі құрылыстың қызметінің қалыпты жағдайда болуы тұлғаға байланысты. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру, сонымен қатар тұлғаға арналған жаттығуларды орындау алға қойған міндеттерді шешеді.
Денсаулықты нығайту, шынықтыру үшін жаратылыстың табиғи күштері кеңінен қолданылады.
Оқушылардың денсаулығын жақсарту барысындағы міндеттерді орындау үшін, мектеп оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуларымен айналысуын талап етеді.
2. Оқушыларға дене шынықтыру және спорт жөніндегі білімдерді меңгерту, гигиеналық білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.
Аталған міндет оқушыларға дене шынықтыру және спорт жөніндегі қажетті білімдермен қамтамасыз етеді: дене жаттығулары сабақтарымен айналысудың пайдасы, гигиеналық ережені сақтау, сонымен қатар бағдарлама бойынша барлық дене жаттығуларын дұрыс орындау.
Мектепте, отбасында, қоғамдық ортада, балалардың өз бетімен дене жаттығуларын орындауы жаттығуды дұрыс орындау білімін, гигиеналық талаптарын дұрыс орындауға деген көзқарасын қалыптастырады.
Дене шынықтыру сабағында санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуында мұғалімнің, мектептің барлық қызметкерлерінің жеке басының үлгісі шешуші орын алады. Алға қойған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен қысқаша түрде әңгімелесуі үлкен рөл атқарады. Мұндай түрдегі әңгімелесуді дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс орындалатын іс-шараларда және тағы басқа сабақтар да өткізуге болады. Балалар дене шынықтыру жөніндегі білімді дене шынықтыру сабағында және сыныптан тыс іс-шараларда алады.
Алынған білім балалардың сабаққа деген қызығушылығын және саналы көзқарасын туғызады.
3. Мектеп оқушыларының қозғалысты орындай білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, жаңа қимылдарға үйрету әдістері.
Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны, оқушылардың жүйелі түрде дене шынықтыру сабағында, отбасындағы дене шынықтыру, үйірмелер мен спорттық секцияларда өмірге қажетті қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ, балаларды қолданбалы сипаттағы әр түрлі жаттығуларға үйретуде маңызды рөл атқарады. Балалармен әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру - қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады. Жоғарыда аталғандардың барлығы балалардың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады.
Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету.
4. Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту.
Әр адамға қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалың қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі - дененің сапалың қасиеттерін дамытады.
Батылдық, табандылың, әділеттілік, адалдың, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.
Дене шынықтыру үрдісінде бағалы моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеудің маңызы зор. Көптеген дене жаттығулары (биіктікке секіру, биіктіктен секіру, кедергілерден секіру, тепе-теңдік жаттығулары, төбешіктен шаңғымен төмен түсу), және ойын түрлері арқылы табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.
Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген қызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу.
Мектептің міндеті балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек мектепте, отбасында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың қызығушылығын арттыра отырып, берілетін материалдың мазмұнына, түріне, жағдайына, айналысушылардың өзара қарым-қатынасына көңіл бөлу керек.
5. Оқушылардың қоғамдық дене шынықтыруы белсенділік дайындығы, ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыру.
Мектептегі дене шынықтыруы бұқаралық және спорттық сипатта. Дене шынықтыру сабағын сыныптан тыс дене шынықтыру жөніндегі жұмыс шараларын өткізуге мұғалімге үнемі көмектесіп отыратын белсенді оқушылар қажет. Осы міндетті іске асыру үшін оқушыларға әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру және өткізу тапсырмалары беріледі. Оқушылар арасынан сыныптағы дене шынықтыру жұмыстарын ұйымдастырушы, топ басшысы, әділ қазылар, төрешілер сайланады.
Дене шынықтыру белсенділерін дайындаудағы негізгі жағдай: тапсырманы нақты орындау, ұжымның, жолдастарының алдындағы жауапкершілігі болып табылады.
Бұл жерде дене шынықтырудың міндеттері өзара үйлесімділік қарым-қатынас арқылы шешіледі. Бұл міндет мектеп жасындағы балалар дене шынықтырудың жүйелі түрде орындалуы арқылы нәтижеге жетеді.
Сондықтан бүкіл мектеп ұжымының біріккен жұмысында дене шынықтыру құралдары түрлерін, жұмыс түрлерін, дене жаттығуларын тиімді пайдалануда іске асады.
Мектептегі дене шынықтыру құралдары. Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің құралдары дене жаттығулары, еңбек, күн кестесіндегі іс-шаралар, жаратылыстың табиғи күштері.
Дене жаттығулары - мектептегі дене шынықтырудың өзіндік құралы. Оқушылардың дене жаттығуларымен айналысуы қимыл қозғалыс аппаратының дамуын, қан айналу, зат алмасу мүшелерінің, тыныс алу жүйесінің қызметін жақсартады. Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі жұмыстарды іс-жүзінде қолдану жылдамдық, күш, қуат, икемділік, төзімділік қасиеттерін дамытып, табиғи қимылдар: жүру, жүгіру, тепе-теңдік сақтау, лақтыру, өрмелеу, т. б. жаттығулары жөніндегі дағдыларын нығайтады. Оқу бағдарламасында дене жаттығуларын дұрыс қолдану, іріктеп алу және өткізу әдістемесі маңызды орын алады.
1 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫ
1. 1 Дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға дене жаттығуларын іріктеп алуда балалардың анатомиялық-физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері міндетті түрде есептелінеді. Бала ағзасының жылдам өсуі мен бүкіл дененің өзгеру сапасы негізгі ерекшелік болып табылады. Адамның ең жылдам өсетін аяғы, сондықтан ол дене бітімі үйлесімдігін өзгертеді. Адам ағзасы жылына 2 кг салмақ қосып отырады. Сонымен қатар жылдам сүйектену процесі жүріп отырады, сүйек тіндерінде минералды тұздар жеткіліксіз, сүйек өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Сондықтан денеге күштің шамадан тыс түспеуі, статикалық күшті ұзаққа созбау, үлкен биіктіктен секіртпеу қарастырылады.
Үлкендерге қарағанда балалардың бұлшық еттері мен омыртқа иілістерінің байланысы толық дамымаған, омыртқа аралық шеміршек жіңішке болып келеді. Жеті жастағы балалардың омыртқа иілісі толық көрінеді. Ал омыртқа қатаюы 14-15 жаста басталады. Омыртқа иілісі үлкен икемділікпен ерекшеленеді, кейбір кездейсоқ жағдайлар омыртқа қызметінің жағымсыз жағдайын туғызуы мүмкін. Осы жаста омыртқаның әр түрлі қисаюын жиі кездестіруге болады (сколиоз, лордоз, кифоз) .
Балалардың бұлшық еттеріндерінде су көп, ал ақуыздық заттар аз болып келеді.
7-8 жастағы балалардың денесінің жалпы салмағының 27% бұлшық ет тіні, ал 18 жаста - 40 % жетеді. Ұсақ бұлшық еттерге қарағанда ірі бұлшық еттер жақсы дамыған. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күшінің дамуы жағымды жағдайларда жылдам дамиды. Бұл жастағы кезеңде балалардың бұлшық ет қызметінің жұмыс істеуінің төмендігімен сипатталады.
Әр түрлі бұлшық ет топтарының тепе-тең дамуын қажет ететін, үлкен тербелісті жаттығулармен қамтамасыз ететін нақты жаттығулар қажет.
Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне:
- дене шынықтыру сабағы;
- күн кестесіндегі дене шынықтыру жөніндегі жұмыстар; сабаққа дейінгі гимнастика, сабақ барысындағы сергіту жаттығулары, үзіліс кезіндегі ойындар мен жаттығулар;
- сыныптан және мектептен тыс дене шынықтыру және спорт жөніндегі жұмыстар;
- отбасында дене жаттығуларымен айналысу жатады. Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтырумен айналысуы мемлекеттік бағдарлама бойынша мұғалімнің, оқу жоспарына сәйкес, нақты белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Сабаққа қатысуға оқушылардың бәрі де міндетті, оқушылардың денсаулық жағдайы ескеріледі.
Балалардың дене шынықтыру жөніндегі жұмыс түрін ұйымдастыру, дене дайындығының жан-жақтылығы, дене шынықтыру жөніндегі қажетті білім оқу сабақтарында қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың күн кестесіндегі дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру маңызды орын алады. Жұмыстың негізгі түрлеріне: сабақ алдындағы ертеңгілік гимнастика, үзіліс кезіндегі ойын жаттығулар, сабақ барысындағы балалардың шаршағанын басатын сергіту минуттары жатады. Бұл іс-шаралар оқушылардың оқу сабақтарындағы ақыл-ой әрекетін арттыруға, анықталған кейбір міндеттерді шешуге дене дайындығын қалыптастыру үшін қарастырылған. Дене шынықтыруда жоғарыда аталған іс-шаралардан басқа мектептегі және сыныптан тыс жұмыс түрлерінің алатын орны ерекше. Сыныптан тыс жұмыс түрлері мектептегі дене шынықтыру жайындағы оқу жұмысының мазмұнын кеңейтеді, тереңдетеді. Бұл жұмыс түрлеріне ойындар, серуендер, саяхат, жорықтар, топтарда ұжымдық секция жұмыстары, спорттың іс-шараларды ұйымдастыру жолдары, жарыстар, спорттың мерекелер жатады.
Сыныптан тыс жұмыс түрлерін оқушылар өз бетімен өткізеді.
Дене тәрбиесіне арналған оқушылардың мектептен тыс жұмыс түрлері білім беру бөлімдері, мектептен тыс мекемелерде, оқушылар сарайында, балалар спорт қоғамдарында, демалыс орындарында, стадиондарда, сырғанақ кешендерінде ұйымдастырылады.
Мұндай шаралар балалардың арасында дене шынықтыру және спорт жөніндегі әр түрлі жұмыс түрлерін кең көлемде дамытуға, гимнастика, спорт ойын және т. б. жаттығулар түрлеріне қызығушылықпен қарау қабілеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар оқудан тыс бос уақыттарын, қысқы, күзгі, көктемгі демалыстарын ұтымды пайдалануына көмектеседі.
Балалардың дене шынықтыруымен отбасында айналысуы маңызды орын алады, мысалы радио, телехабарлары арқылы гимнастикамен айналысу, таза ауадағы қимылды ойын, қысқы, жазғы сауықтыру шаралары (шанамен, конькимен сырғанау, шомылу, т. б. )
Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Мектептің барлық педагог қызметкерлерінің міндеті - дене шынықтыру мақсаты, міндеттері, мазмұны, жұмыс түрлері жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және белсенді дене шынықтыру мен спортты насихаттау болып табылады.
Мектеп директорының жауапкершілігі:
- мектептегі дене шынықтыру сабағын оқытуды дұрыс жолға қою, мектептен тыс жұмыс формаларын ұйымдастыру, дәрігерлік топтардың жұмысын қадағалау;
- мектеп оқушыларымен арнайы дәрігерлік топтар жұмысын ұйымдастыру, мектепте дене шынықтыру жөнінен сабақ өткізуге қажетті жағдай жасау, спорт алаңын ұйымдастыру, жабдықтау, мектептің ішінен арнайы орын бөлу (арнайы спорт зал жоқ болған жағдайда) ;
- дене шынықтыруды оқуға және сыныптан тыс жұмыс түрлеріне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
- дене шынықтыруға арналған жұмыстың жүйелі түрде орындалуын қадағалау, мұғалімнің өткізген (сабақ, сыныптан тыс жұмыс) сабақтарына қатысу;
- дене шынықтыруға арналған оқу және сыныптан тыс жұмыс түрлері жоспарының орындалуын тексеру, бекіту;
- мектептегі жалпы педагогикалық қауымның, арнайы мұғалімдердің білімдерін көтеріп отыру;
- дене шынықтыру жөніндегі жұмыстарды мектептің педагогикалық кеңесінің жоспарына кіргізу және талдау.
Дене шынықтыру жөніндегі жұмыс түрлерін жүзеге асыруды бастауыш мектеп мұғалімдері атқарады. Бастауыш мектеп мұғалімдері оқу жоспары бойынша бекіткен оқу кестесінің орындалуына, ұйымдастырылуына толық жауап береді.
Бастауыш мектеп мұғалімдері:
- жас ерекшеліктеріне қарай дене тәрбиесі жөнінен оқу бағдарламасын толық орындауға, сабақты жоғары сапамен қамтамасыз етуге;
- дәрігермен бірігіп оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізуге;
- сабақ өткізілетін орындағы санитарлық-гигиеналық жағдайлардың дұрыс болуын қадағалауға;
- дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу барысында оқушылардан арнайы спорт киімдерін талап етуге;
- дене тәрбиесі жөнінен сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыруға, өткізуге қатысуға, оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруға;
- дене шынықтыру жөнінен үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға міндетті.
Өз білімін жетілдіріп отыру үшін мұғалім үнемі озық тәжірибелермен алмасып, өзара сабаққа қатысады, әдістемелік бірлестіктерге арнайы баяндамалар дайындайды, жұмыс жоспарын, әдістемелік нұсқауларды тыңдайды, талдайды.
Дене шынықтыруга дәрігерлік бақылау. Мектепте дене шынықтыру жөніндегі жұмысты дұрыс жолға қоюдың негізгі жағдайларының бірі - жақсы ұйымдастырылған дәрігерлік бақылау болып табылады. Мектептегі дәрігерлік бақылаудың негізгі міндеттері - балалардың денсаулығын нығайтуда дене шынықтыру құралдарын және әдістемелік жұмыстарды дұрыс жолға қойып, кең көлемде қолдану. Осы міндеттерді іске асыру үшін мектептің дәрігерлік тексеруі: оқушылардың денсаулығын, дене жаттығуларымен айналысуын, санитарлық-гигиеналық жұмыстарын бақылайды, сондай-ақ, ата-аналар мен мұғалім арасындағы жұмыс жоспарын, балаларды жарақаттан сақтандыруын ескереді.
Мектеп дәрігері мұғалімге балалардың денсаулығы жөнінде кеңес береді және дәрігерлік-гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалайды. Дәрігердің мұғалімге берген кеңесі оқушылардың дене тәрбиесіндегі, денсаулын нығайтудағы орындалатын негізгі міндеті болып табылады.
Мектептегі барлық оқушылардың жылына бір рет дәрігерлік бақылаудан өтуі міндетті тәртіп болып саналады.
Мектеп оқушыларының міндетті дәрігерлік бақылаудан өтуі негізгі топ, дайындық топ және арнайы топ болып бөлінеді.
Оқу тәрбие жұмысында оқушыларды дәрігерлік топтарға бөлуде мұғалім ерекше көңіл бөледі.
Педагогикалық кеңесте дәрігер дәрігерлік бақылау жөніндегі қортынды жұмыстарды талдайды.
Дәрігерлік бақылау барысында дәрігер баланың денсаулық жағдайына, отбасында қандай аурулармен ауырғанына, созылмалы аурулар түрлеріне, жұқпалы аурулармен ауырғанына, терінің жағдайына, без жолдарына, кеуде ауқымына, омыртқа қызметі жағдайына көңіл бөледі, антропометриялық бақылау (бойы, салмақ, кеуде ауқымы, т. б. ) жүргізеді. Сонымен қатар жүйке жүйесінің жұмысы, қан айналу, тыныс алу, көру, есту, тірек-қимыл аппараттары жұмысының қызметіне үлкен көңіл бөледі. Қажетті жағдайда рентгенография, зәрін, қанын тексереді және де басқа зертханалық зерттеулер жүргізеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен денсаулығына байланысты сұрақтарды анықтау үшін дәрігер мұғаліммен, ата-аналармен тығыз байланыста болады.
Негізгі топқа денсаулығы жақсы немесе аздаған кемшілігі бар, күшқуаты жеткілікті балалар қабылданып, дене шынықтыру сабағына қатысып, спорттық секцияның біреуіне баруына болады. Олар жарысқа қатысып, жас ерекшелігіне қарай оқу көрсеткіштерін тапсырады.
Даярлық топта сыртқы тұлғасы, күш-қуаты толық жетілмеген, дене шынықтыруға құштар емес, бойында кейбір аурулардың нышаны бар балалар топталады. Оқу бағдарламасы мен жүргізілетін дене шынықтыру сабағы біртіндеп басталып, балаларды қызықтырып өзіне тартуы керек.
Арнайы топ - бойында ауруы бар балалар. Олар уақытша немесе үнемі дәрігерлердің, мұғалімдердің бақылауында болады. Жаттығуларды орындау, өте сақтықпен бақылау арқылы орындалады.
Олар арнайы және оқу бағдарламасымен дайындалады және оқу көрсеткіштерін тапсырудан босатылады.
Мектепте дене шынықтыру жөніндегі оқу жұмысын өткізу әр сынып бойынша бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Бағдарлама мемлекеттік құжат болып табылады. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер тарапынан бағдарламаны өз еркімен өзгертуге рұқсат етілмейді. Барлық оқу бағдарламалары оқушыларды еңбекке, Отанды қорғау кешені негізінде даярланған.
1. 2 Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері
Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламалары балалардың мектеп жасына дейінгі тәжірибедегі бағдарламаның жалғасы, сондай-ақ оқушыларды жоғары сыныптарға даярлаудағы қажетті кезеңдердің бірі болып табылады.
Бастауыш мектеп дене шынықтыру бағдарламасына әр түрлі қимылдардың түрлері: сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру жаттығуларының қарапайым түрлері, жалпы дамыту жаттығулары, жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, тепе-теңдік, секіру, қағып алу қимылды ойындар, шаңғымен алға жылжу, шанамен, конькимен сырғанау, шомылу, судағы ойындар қарастырылған. Бастауыш сыныптарда дене шынықтыруға оқу барысында оқушыларда қажетті білім, іскерлік және дағдылар қалыптасуы қажет.
Қалыптасқан білім, іскерлік, дағды жоғары сыныптардағы дамудың негізін құрайды.
Дене шынықтыру жөніндегі бағдарлама ғылыми және іс-жүзіндегі тәжірибе жұмыстары негізінде құрылған.
Бағдарлама түсініктеме және оқу жұмысы материалы болып екіге бөлінеді. Түсініктеме мектептегі дене шынықтырудың негізгі міндеттері туралы, бағдарламаның қысқаша мазмұны жайлы, дене шынықтыру сабағында қолданатын әдістемелік нұсқаулар, оқушыларға дәрігерлік бақылау жасау жөнінде қысқаша мәлімет берген.
Оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қарапайым жаттығулардан бірте-бірте күрделі жаттығуларға ауысу қағидасын ескерген. Бастауыш мектеп оқу жоспарында аптасына екі сағат, ал барлық оқу жылында 68 сағат оқыту қарастырылған.
Бағдарлама мазмұны әр түрлі дене жаттығуларының үйлесімділігін, сауықтыру, тәрбиелеу, білім беру міндеттерін шешуді қарастырады. Әр сабақта жеке жаттығулар арқылы сауықтыру, тәрбиелеу міндеттері жалпылама түрде орындалып отырады.
Білім беру міндеті нақты түрде орындалады. Дене шынықтыру бағдарламасы оқушыларда төмендегідей бейімділіктер қалыптасады:
- табиғи қимылдар - жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, тепе-теңдік сақтауға үйрету;
- дененің сапалық қасиеттерін дамыту;
- қимылдарды ауыстыруға, статикалық жағдайларда дұрыс тұлға дағдыларын қалыптастыру, қимылды дұрыс тыныс алу үйлесімділігімен ұштастыруды үйрету.
- дене шынықтыру жөнінен тиімді білімдерді хабарлау, гигиеналық дағды (денесін күту, спорт киімдерінің ұқыптылығы) қалыптастыру.
Бағдарлама қарастырып отырған нақты оқу материалы әр сынып оқушыларына міндетті болып табылады.
Бағдарлама қарастырған оқу материалы әр сынып оқушыларының іскерлік дағдыларын қалыптастыру жөнінде анықтама береді.
Бағдарлама негізгі жаттығулармен және тағы басқа жаттығулар жиынтығын анықтайды.
Бағдарламанық маңыздылығы оқу материалының жылдан-жылға күрделенуімен анықталады. Осындай үйлесімділік: оқу материалын жақсы қабылдауға, дене жаттығулары техникасын дұрыс меңгеруге, іскерлік, дағдыларды іс-жүзіне асыруға көмектеседі. Бастауыш сынып оқушылары үшін оқу материалдары жынысына қарай ұлдар мен қыздарға бірдей болып келеді. Оқушылардың еңбегін бағалау оқу жұмыстарын, дене қимылдары көрсеткіштерін сапалы орындаумен, жаттығуларды дұрыс орындау техникасымен анықталады.
Дене шынықтыру жөніндегі бағдарламада оқу материалы сыныптарға тарау бойынша бөлінген.
Сағаттарды бөлу кестесі
Гимнастика бөліміне сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, негізгі қалып, қолдың, дененің бастың қалыптары; үлкен доптармен орындалатын жаттығулар; кішкентай доптармен орындалатын жаттығулар, дұрыс тұлға қалыптастыруға арналған жаттығулар, акробатикалық жаттығулар, би жаттығулары, өрмелеу, еркін тәсілмен өрмелеу, кедергілермен өрмелеп шығу, тепе-теңдік жаттығулары, жүру мен жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулары жатады.
Ойын бөлімінде жалпы дамыту жаттығулары, жүгіру, бір орында секіру, бір орыннан екінші орынға секіру, биіктіктен секіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, алысқа, межеге лақтыру элементтері бар ойындар қарастырылған.
Шаңғыға дайындық бөлімінде шаңғыға үйретудегі киімдер, аяқ киім, сондай-ақ шаңғыны күту, шаңғымен қатарға тұру, шаңғымен алдыға жылжу, шаңғымен жоғары көтерілу және төмен түсу жаттығулары қарастырылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz