Әліппеден кейінгі кезең



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

І Тарау. САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
1.2 Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар

ІІ Тарау. бастауыш сыныпта әріп пен дыбыспен таныстыру жолдары
2.1 Бастауыш сыныптарда сауат аштырудың әдіс-тәсілдері
2.2 Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі
2.3 Әліппеден кейінгі кезең

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат
ашу жұмысының негізгі міндеті – оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас
ұрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы
қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса
күрделісі – жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады.
Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі,
ынтасы қалыптасуы керек.
Сауат ашу – аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге
асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:
1. Балаларды мектепте сауат ашуға даярлау ;
2. Сөйлеу тілінің дыбыстың ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі
дыбыстарды айқын естіп, анық айтуға үйрету;
3. Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа
тәрбиелеу;
4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді
дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;
5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп,
оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
6. Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың
каллиграфиялық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі
байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді,
сөйлемдерді көшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;
7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту;

І Тарау. САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері

Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының өзгешелігі –
оқыту ісі, талдау және жинақтау процесінің бірлігінен тұратындығында.
Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:
1) оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;
2) сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту
минуттары өткізіліп отырады;
3) баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты
әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;
4) үйге тапсырма берілмейді;
5) апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады;
Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдыларының негізін қалау,
тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстың құрылысы туралы
түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді,
сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз
бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту.
"Әліппеге" дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан
қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен
сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балалардың
тілін дамыту сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға
сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.
"Әліппеге" дейінгі кезеңде заттарды тегіне, түріне, т.б. белгілері
бойынша балалардың сөздік қоры жүйеленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет –
оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің,
дыбыстың ерекшеліктері туралы ұғым беру.
Даярлық кезеңі – сөйлеммен танысу: сөйлеуді – сөйлемдерге, сөйлемді -
сөздерге, сөздерді – буындарға, буынды – дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни,
талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі.
Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстың құрылысы әр түрлі сөздерді талдау,
дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың естілуі мен айтылуындағы
ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен
естілуіндегі ерекшеліктер.
Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек
жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші әріптердің элементтерін жазу, жазу
техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу,
жазу кезеңінде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т.б.
"Әліппені" оқу кезеңінде оқушылардың нақтылы дыбыстарды оқытып,
таңбасын жазуға үйретуде, сөздік жұмыс бірінші кезекке шығады. Сөздік
жұмысын ұйымдастырудың басты принципі – оқушылардың лексикалық материалды
меңгеріп, оны сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жұмысын жүргізудің ұтымды
жағы оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде сөзді зат есім, сын есім, есімдік
формасындағы сөйлемдерден беру. Мысалы: Бұл – үй. Бұл – үлкен үй. Бұл –
қызық кітап, т.б. Сөздік жұмысы сабақта арнайы сабақ болып жүргізілмейді,
сабақтың барлық кезеңінде жүргізіледі. Әліппені оқытқанда, кезінде
оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Бұл
кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы, сөйлем
құрастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі
түрлі мақсат алға қойылады: бірі – оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол
арқылы оқушыларды саналы оқуға баулып, ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі
– жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөйлем
құрастыруға үйрету, оқушыларды өз ойын дұрыс құрылған сөйлемдер мен жүйелі
айтып немесе жазып баяндауға даярлайды.

1.2 Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық
талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері мыналар:
1. Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланық жас ерекшелігіне сай
түсінікті болуы тиіс. Оқу материалдырының бәрі де бала үшін өте жеңіл болу
керек. Оқыту барысында – балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды
ұсынбау.
Сауат ашу кезеңіндегі негізгі оқу материалдары: жеке сөздер, сөз
тіркестері, шағын сөйлемдер. Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл
болса, оны оқу да, жазу да қиын болмайды. Оқушыларға сауат ашу кезеңінде
нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.
2 Көрнекілік. Сауат ашу сабақтарында қойылатын негізгі педагогикалық
талаптардың бірі - көрнекілік. Бұл – бастауыш мектептің тәжірибесінде
бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс. Бастауыш сыныптарда
сабақтардың бірде-біреуі де көрнекіліксіз өткізілмейді. Сауат ашу
сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар,
түрлі заттың үлгілер, плакаттар, оқу-техникалық құралдар, түрлі
дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады.
Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану – мұғалімнің шеберлігі мен
шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3 Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу
сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін дамытуға аса қажетті
мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады.
Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру
талаптарына сай болуы керек.
4. Жеке-дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке-дара жұмыс – сауат ашу
жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі
дайындықпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың
өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып, мұғалім әрбір оқушымен
жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей
білім беру талабын ойдағыдай орындау қиын болады.

ІІ Тарау. бастауыш сыныпта әріп пен дыбыспен таныстыру жолдары
2.1 Бастауыш сыныптарда сауат аштырудың әдіс-тәсілдері

"Әліппе" - көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттың ерекшелігі бар,
дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық.
Тіл пәнінің жаңа мазмұны мен дамытушы қасиеті сауат ашу кезеңінен
басталады. Оқу мазмұны мен бағдарламасы дамыта оқыту мақсатын көздейді.
Дамыта оқыту оқушылармен шығармашылық түрде жұмыс жасауға үйретеді, әр
оқушыны ізденіске жетелейді.
Дамыта оқытудың түпкі мақсаты – пәнді оқытудың тиімді әдістерін,
түрлерін таңдап пайдалануға негізделеді. Осы орайда әліппе, ана тілі, қазақ
тілі оқулықтары көп деңгейлі, дамыта оқылатын жаңа білім мазмұны мен ұлттық
ерекшелігі бар дәстүрлі мектеп деңгейіне арналған төл оқулықтарымыз жаңа
болып табылады.
"Әліппе" оқулығы Ш.Әуелбаевтың жетекшілігімен ғылыми қызметкер
Р.Ізғұтынова, Ә.Наурызбаева және А.Құлажановалар жазып, 1997жылы "Атамұра"
корпорациясынан басылып шықты.
"Әліппеде" психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін
басшылыққа алады.
"Әліппені" оқыту мынандай кезеңдерден тұрады.
1 кезең: "Әліппеге" дейінгі кезең – 2 апта, 14 сағат.
2 кезең: Сауат ашу кезеңі – 98 сағат.
Оқу материалдары осы кезеңдердің ерекшелігіне қарай орналасқан.
"Әліппенің" алғашқы беті Елбасымыз – Қазақстан Республикасының тұңғыш
президенті Н.Ә.Назарбаевтың арнау сөзімен ашылған. Сонымен бірге Қазақстан
Республикасының рәміздері – Елтаңбамыз, Көкбайрағымыз орын алған. Олар
егемендігімізді, ұлттың тәуелсіздігімізді дәріптеп, жеткіншектерді елді
сүюге үйретеді.
Бұл рәміздерді әрбір оқушы танып, біліп, қадірлеп, қастерлеуге
міндетті.

2.2 Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі
"Әліппеге" дейінгі кезең – сауат ашуға даярлық кезеңі. Оқушының жақсы
сауаттылығы осы кезеңде жүргізілетін жұмыстардың тиімділігіне тікелей
байланысты.
Даярлық кезеңге оқу бағдарламасы бойынша 14 сағат бөлінген. Осы аз
уақыт ішінде мұғалімге көптеген жұмыс атқаруға тура келеді. Партада дұрыс
отырып, дәптерді, қаламды дұрыс ұстап, дұрыс пайдалануға, мектеп ережелері
мен күн тәртібін орындап, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдауға, дұрыс
сөйлеуге, "сөйлем, сөз, буын, дыбыс" ұғымдарын ұқтыратын, үйрететін кезең.
Әліппеге дейінгі кезең жұмысын өткізу – мұғалімнен үлкен кәсіби шеберлік
пен ізденісті талап етеді.
"Әліппеге" дейінгі кезеңнің оқу материалдары бала өмірімен
байланыстыра ұсынылған. Негізгі тақырыптар: "Мектеп", "Мектеп мүліктері"
"Оқу-құрал жабдықтары", "Денсаулық сақтау", "Көшелерде жүру тәртібі",
"Құстар", "Жеміс-жидектер", "Отбасы", т. б. тақырыптар берілген.
Жеке суреттер балалардың тілін дамытады, сөздік қорын байытады, ауызша
байланыстырып сөйлеуге үйретеді.
Оқушылардың "сөйлем", "сөз", "дыбыс", "буын" туралы алғашқы ұғымдары
нақты мысалдар арқылы меңгертілуі тиіс.
Дайындық кезеңіндегі кейбір сабақ үлгілерін ұсынамыз:
Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын.
Мақсаты – білім беру: жабайы жануарлар мен аңдардың әрқайсына түсінік
беру.
Тәрбиелеу: олардың өзіне тән ерекшелігі, пайдасы және оларды қорғау,
сақтау туралы мәлімет беру.
Дамыту: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Жануарлар мен аңдардың суреттері. Буын талдау
схемасы.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
II.Жаңа сабақ.
1. Оқулықтың 20-21 беттеріндегі суреттер бойынша жұмыс.
а) Аңдар мен жануарларды көрсете отырып, атау. Тиін, арқар, елік,
бұғы, керік, қосаяқ, қоян, қасқыр, түлкі, аю, арыстан, жолбарыс.
2. Аңдардың ерекшеліктері мен олардың пайдасына тоқталу. Олардың өмір
сүретін жерін айту. Біздің жергілікті жерде кездесетін аңдарға тоқталу.
3.Аңдар атауларына буындық талдау жасау.
Ти ін, ар қар, е лік, т.б.
4. Сергіту сәті. Тік ұста бойыңды, Жоғары соз қолыңды. Соз қолыңды
тағы да, Жеткіз жираф бойына.
5. Суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру.
Қоян секірді. Қасқыр ұлыды. Аю ұйықтап жатыр, т.б.
6. Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті.
Таулар көріп өсеміз,
Баулар егіп өсеміз.
Жеміс теріп өсеміз,
Жеңіскер болып өсеміз.
7. Біздің елімізде аңдар мен жабайы жануарларды қорғау, сақтау туралы
заңдар бар. Сол заңдарды орындау - әрбір азаматтың міндеті. Мұны біз де осы
кезден бастап үйрене беруіміз керек. Табиғатты қорғау – баршамыздың
міндетіміз.
8. Бекіту сұрақтары. Сабақ аяқталды.
Сабақтың тақырыбы: Құстар. Үй құстары. Дыбыс.
Сабақтың мақсаты – білім беру. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Оқушыларға үй құстарының ерекшелігі мен пайдасы туралы айту.
Тәрбиелеу: Үй құстары мен дала құстарын қорғау, сақтау жөнінде айту.
Дамыту: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Үй құстарының және дала құстарының суреттері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Жаңа сабақ
а) Үй құстарымен таныстыру:
Қаз, әтеш, үйрек, балапан.
ә) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Қаз. Қ - дауыссыз, а - дауысты, з - дауыссыз.
б) Дала құстары: Тырна, қараторғай, аққу, шағала, жапалақ, қарлығаш
в) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
3. Сергіту сәті.
Торғай, торғай, тоқылдақ
Жерден тары шашып ап
Бөтекесі томпайып
Шық-шық десіп отырар.
4. Дәптермен жұмыс.
5. Жұмбақтар шешу.
6. Үй құстары туралы өлеңдер оқу.
Үйрек.
Қауіп-қатер жоқ алда,
Малту керек оған да,
Жұмыртқадан шыға сап,
Жүгіреді тоғайға.
Қаз.
Еске ал сол бір кезеңді,
Бадырайтып көзіңді
Талай мәрте ата қаз,
Қуған шығар өзіңді.
7. Бекіту. Сабақ аяқталды.
"Әліппе" кезеңі
Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл
кезеңде сауат ашудың басты мақсаты – оқу мен жазуды үйрету жүзеге
асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен
дыбыстар оқытылады.
Сауат ашу ең оңай дыбыс, буын, сөздерден басталуға тиіс. Оңайдан
қиынға қарай принципін жүзеге асырамыз.
Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға,
айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларға сөздің дыбыстың құрылысы туралы
түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан сөзді тұтас,
сөйлемді мағынасын түсініп оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін
қалыптастыру, өз бетінше оқуға, ауызша диалогтың және монологтың сөйлеуін
дамыту, сөзді ауада жазып үйретіп, дыбыстық талдау жасайды. Буындап оқытып
буындап жаздырамыз. Сауат ашудың негізгі белгісі - сөз. Сөзбен жүргізілетін
жұмыс түрлері сөзді ауызша айту, оқу және жазу. Сабақта сөзге дыбыстық
талдау жасалады. Бұл – дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы іске асады.
Талдау әдісі: сөйлеуден сөйлетуді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды,
буыннан дыбысты бөліп аламыз.
Жинақтау әдісі: дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен
сөйлеу арқылы тұтас әңгіме шығарамыз.
Оқушы сөйлем құрастырады, мәтінді оқиды, көшіріп жазады, сөйлеуге
дағдыланады. Талдаудың басты тәсілі – дыбыстық талдау. Мұндай талдауда
сөзден буын, буыннан дыбысты табады, орын ретін анықтайды.
Сауат ашудың талдау, жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-
бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөліп оқытамыз.
Сауат ашу кезеңінің міндеттері және оған қойылатын негізгі талаптар:
1. Сөзге, буынға дыбыстық талдау жасау. Дыбыстар мен әріптерді таныту
мақсатында сөз бен жеке дыбысты бөліп алу үйретіледі. Бөліп алынған
дыбыстың орын ретін анықтайды (басында, ортасында, аяғында). Жеке дыбысты
анық естіп, дұрыс дыбыстауды меңгерту. Оның дауысты не дауыссыз екенін
айқындау.
2. Таныстырылатын дыбысымызды сөзге жинақтау, буынның құрамын ажырату,
берілген заттардың суреттері бойынша сөз құрастыру.
3. Таныстырып отырған әрпіміз бойынша жеке сөйлемдер мен қысқа
мәтіндерді дұрыс оқуын қалыптастыру, ондағы мазмұнды суреттер бойынша
сөйлем, әңгіме құрастыру.
4. Жеке әріптерді жазуға үйрету, жазу үлгісі бойынша жазу. Сауат ашу
кезеңінде оқушылар ана тіліміздегі барлық дыбыстарымен, олардың әріптерімен
танысып, оқуға, жазуға үйренеді. Сондықтан әліппе мына тізбе арқылы
өтіледі. Әр тізбеден кейін қайталау жүргізіледі.
1. А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У.
2. Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С, Ү, Ң, Ы.
3. Е, К, I, Ө, И, 3, Ә, Ү, Г.
4. Я, Ю, X, В, Ф, Э, Щ, Ц, Ч, Ь, Ъ.
Бұл әріптер ашық буыннан бастап оқытылады, ашық буынның 2 түрі
үйретіледі:
1. Жалғыз (а), мысалы: а-на, а-па, а-ға;
2. На, па, та, мысалы: ша-на, па-па, а-та, та-ныс. Ашық буын созылып
айтылады, буындап оқытуды оқайлатады және ашық буын келесі буынның қосылып
айтылуын тілеп тұрады. Одан кейін біртіндеп тұйық, бітеу буынды сөздер
оқытылады. Дауысты дыбыс әріптерін бірінші оқытамыз. (А, О, Ы, Ү, У). Содан
кейін жіңішке дауыстылар (Ә, Е, Ө, I, Ү). Себебі сөйлеу тіліміздің басым
көпшілігі жуан дауыспен айтылатын сөздер. Ал басқа тілден енген дыбыстарды
әліппенің соқына қарай топтастырған. Баланық психологиялық ерекшелігіне
сәйкес, дүниені тұтас күйінде қабылдайтынын ескеріп, әр сабаққа белгілі бір
тақырып өзек етіп алынады, балалардың зейіні бір арнаға бағытталады, жүйелі
білім алуына жагдай жасалады. Мысалы: негізгі тақырып: "А дыбысы мен әрпі".
Қосымша: "бақ", "бақша", "жемістер" тақырыбы берілген.
Ғ дыбысы мен әрпі
Қосымша тақырып: ғарыш, ғалым, ғарышкер деген тақырыптар берілген.
"Әліппеде" "оқу мен жазу" тұтас бірлікте қарастырылған. Жазу жұмысының
өзіндік қиындығы бар. Бала көптеген ережені бір мезгілде орындауға тиісті.
Сауат ашу – жазуға төселдіру, үздіксіз жазу жаттығулары арқылы іске асады.
Әрбір әріптің жазба нұсқасының бас әрпі мен кіші әрпін таныстыру кезінде
әріпті құрайтын элементтердің дұрыс жазылуын басты назарда ұстау керек.
Әріпті жазып үйренудің тәртібі:
1) сөзге дыбыстық талдау жасату, жеке дыбыстау, сөз ішіндегі орнын
анықтау.
2) жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету (плакаттан, әліппеден);
3) жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету;
4) жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру;
5) жаңа әріпті тұтас жазу;
6) жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу;
7) құрамында жаңа әріп бар буын, сөз жазу;
8) сөйлем жазу;
9) баланың жұмысына талдау жасау.
Жазу әдістемесіне сай әріпті сауатты, көркем жазуға үйретеміз. Әліппе
кезеңінде дыбыс және әріпті таныстыру, сөз сөйлем үйрету, өз бетінше жұмыс
жасауға төселдіру, мәтінмен жұмыс істеу, оқу дағдыларын қалыптастыру іске
асады. Дыбыстың дыбысталуына, артикуляциясына ерекше мән беріп, жаттығу
керек. Әрбір сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы хабар береміз,
түсін көрсетеміз. Дауысты дыбыс – еркін, әуенмен созылып айтылатын,
дауыссыз дыбыс – қысылып, қысқа дауыс кедергіге ұшырап айтылатынын
түсіндіреміз. Дауыс пен әріптің өзара біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін
бүтін нәрсе екендігі үйретілуге тиіс. Дыбыс айтылған соң іле оның таңбасы,
әріп көрсетіледі. Көрсетілген әріп қайтадан оқылып, дыбысталады. Әрбір
әріптің баспа, жазба, бас және кіші әріптері таныстырылады. Әліппе
бағдарындағы сөздер оқу материалының бірі болып табылады. Ондағы сөздер
міндетті және мүмкін деңгейде оқу үшін 2 түрлі бағанда берілген:
1) буындап оқу;
2) тұтас оқу.
Буындап оқу қара сызықпен және тұтас оқу көк сызықпен берілген.
Мұндағы буындап оқу барлық оқушы үшін міндетті болады, ал тұтас сөзбен оқу
міндетті емес, тек белгілі бір деңгейде оқу дағдысы бар қабілетті
балалардың мүмкіндігін тежемес үшін берілген.
Тұтас оқуға бірте-бірте үзбей жаттығып дағдыланамыз, бағандағы
сөздердің берілуінде де ерекшелік бар. Олардың буын жігінің арасы бос
қалдырылған, сызықша қойылмайды, буын мен буынды тез қосуға мүмкіндік
жасайды.
Буын сандарының жасалуын (бағандағы сөздердің) А.Байтұрсыновтың
еңбектері тиімді түрлері қарастырылған. Ол:
1. Сөз соқынан әріп қосу: ...
2. Сөз соқынан әріп қосу: шаш..., монша...
3. Сөздегі бір әріпті өзгерту: мал-мол, баба-бала.
4. Сөзге буын жалғау арқылы: мал-малта, бақ-бақша.
5. Сөздегі әріптердің орнын ауыстыру: мақал-қалам. Осындай тәсілдер
арқылы оқу жеңілдік туғызады, сөздер бір-бірімен ырғақты үндесіп, әуенмен
үйлесіп, сөзден сөз туындайды. Бағандағы сөздерді саналы түсініп, оқу
мақсаты көзделеді. Сөздің мағынасын бірден түсіну қиын, өйткені, оқу
техникасы күрделі. Сондықтан, оқып, болған соң сөздерге қосымша мағлұмат
беріледі. Бағандағы сөздермен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі
1. Бағандағы сөзді мұғалім оқиды.
2. Оқушыларды ілестіре отырып оқытады.
3. Оқушылардан сөздің мағынасы сұралып, сосын түсіндіріледі.
4. Оқушылар жекелеп оқиды (үлгі бойынша).
5. Оқушылар өз бетімен күбірлеп оқысын.
6. Барлық оқушыларға немесе парта қатары бойынша бірге дауыстатып
оқыту.
7. Бірнеше сөзге талдау жасау.
8. Дауысты дыбыстан басталған немесе аяқталған сөзді тауып оқыту.
9. Сабақта жаңадан таныстырылған әріпті сөздің ішінен табу.
10. Дауыссыз дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзді тауып оқыту.
11. Сөздерді әріп соңына қарай тауып оқыту.
12. Сөздерді буын санына қарай оқыту (мал, мата).
13. Сөздерді мағыналық жағынан теріп оқыту.
14. Бағандағы сөздерді тігінен оқыту.
"Әліппе" кезеңіндегі тіл дамыту жұмысы 3 салада жүреді:
1. Сөздік жұмысы.
2. Сөйлем құрастыру.
3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
1. Сөздік жұмысы - оқылған сөздердің мағынасын түсіндіру, түсініп
оқуға баулу, жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, әр
сабақта бағандағы сөздермен, мәтіндегі сөздермен жүргізіледі.
2. Сөйлем құрастыру - сөздерді бір-бірімен байланыстырып, ауызша
құрастыру арқылы жүйелі жазып, баяндауға үйретеміз.
Мысалы: шарапат шашу, шаш (етістік), алма - жеміс (зат есім).
3. Сұрақ-жауап үлгілері, диалог сөйлеуге үйрету материалдары берілген.
Мұндай материалдар тек қана сауат ашуға байланысты берілген: жер, су, адам
аттарының бас әріппен жазылатынын үйрету. Сонымен қатар тілдік
грамматикалың түсінік және тәрбие тақырыптары қоса берілген.
Яғни:
1. Сөздерді дұрыс оқу.
2. Сөздерге сұрақ қоя білу.
3. Әрбір сөздің мағынасын түсіндіру.
4. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
5. Сөздерді буынға бөлу.
6. Әр сөзді ңатыстырып, сөйлем құрастыру.
7. Көп нүктенің орнына сөзді қойып, аталған жұмысты жалғастыру.
Сонымен қатар "аз" және "көп" деген ұғымдарды нақты көрнекіліктер
арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әліппеден кейінгі кезең мен сауат ашу кезеңіндегі жасалатын жұмыстар, сабақ жүйесі
Сауат ашу кезіндегі жұмыстар
Бастауыш сыныпта сауат ашу барысында оқушылардың тілін дамыту және сөз қорын арттыру
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері
Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету туралы
Сөздерден сөйлем құрау
Әріптерден сөз жасау
Сауат ашу
Сауат ашу барысында оқу мен жазу процесінің психофизиологиялық ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі
Пәндер