Әрбір сыныптың тәрбиесінің жоспарын құрып, талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие жұмысы - іркіліссіз, әрі кешенді түрде жүргізілетін іс. Сондықтан баланы қазіргі әлемдік мәдениеттің рухымен де қоректендірген абзал. Ол үшін жас ұрпақтың туған халқының қастерлі қасиеттерімен бірге, өзге жұрттардың озық дәстүрінен үлгі алуына ықпал ету керек.

Тәрбие жұмысының әдістемесі пәні осы саладағы студенттердің білімін кеңейте, тереңдете отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне кіші мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеу процесін ұйымдастыра білуді игеруге, оларды педагогикалық ғылыми талаптарды ескере отырып, басқаруды үйретуге жұмылдырады.

Тәрбие - педагогикалық процестің өте маңызы және өзіндік бет- бағдары бар бөлігі екені белгілі. Оның өз мазмұны, өз принциптері бар және өзіне тән әдістер мен тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмысының әдістемесі пәні педагогикалық ғылымдардың дамуы барысында өзіндік бет- бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Оның міндеті - тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсету, педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу.

Тәрбиенің мәнін анықтайтын өзіндік белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы. Тәрбиенің мәні - адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оынң ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру.

Зерттеуші ғалым Б. Иманбекова: «Тәрбиелік жүйе дегеніміз - тұлғаның рухани - адамгершілік, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық құрауыштарының жиынтығы деп анықтама берген». Сондай - ақ автор қазіргі мектеп тәжірибесіндегі негізгі жүйеге тоқталған. Осы екі бағытта: а) оқушылардың оқу әркеті мен мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарын қамтитын дидактикалық жүйе ;

ә) оқудан тыс тәрбиелік іс - шаралар деп түсіндірілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.

Мектеп тәрбиесінде осы екі жүйе қатар жүзеге асырылады, оны директордың орынбасарлары басқаратыны белгілі. Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны, әдістемесін, техналогиясын оның тәрбиелік жүйесі анықтайды.

Бастауыш мектептің тәрбиелік жүйесі төмендегідей қызметтерді атқарады.

Кіріктіруші қызметі бұрын жинақталмаған стихиялы сипаттағы, келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп біріктіреді.

Реттеуші қызметі педагогикалық үрдістеді реттейді және басқарады.

Дамытушы қызметі тәрбиенің дамытуына, жетілдірілуіндегі динамикалық жүйе болып табылады.

Мектептің тәрбиелік жүйесі туралы сөз қозғағанда оның құрылымына тоқтамай кетуге болмайды. Олар :

- мақсаттар, бастапқы тұжырым дамыды. Көрсетілген (демек, идеялар жинағы) :

- олардың іске асырылуын қамтамасыз ететін әрекеттер;

- оны ұйымдастыратын және оған қатысушы әрекет субьектілері;

- әрекет барысында, оқыту үрдісінде туындайтын субьектілерді бір қоғамдастыққа кіріктіретін қарым - қатынас;

-субъектілер игерген жүиенің ортасы мен құрауыштарын тұтас жүиеге кіріктіретін және осы жүиенің дамуын қамтамасыз ететін басқару.

Мектептің тәрбиелік жүиесі туындаитын, жетілдіретін, жаңартатын, ескіретін, жойылатын динамикалық құбылыс.

Бірінші кезеңде тәрбие үрдісін ұйымдастырудың басты бағдарламасы жасалады. Тәрбиелік жүйенің мақсаттары айқындалады.

Екінші кезеңде тәрбие жүйесінің барлық бағыттағы түрлері нақтыланып, бекітіледі, тиімді формалары мен әдістері таңдалады.

Үшінші кезең нақты жүйе мектеп өміріне тәжірибеге енеді.

Оқу мен тәрбе кіріктіріледі және сабақтаса жүргізіледі.

Төртінші кезең жаңашылдыққа орай мақсат, міндеттер, ұйымдастыру және басқару үрдістері өзгереді. Мұндай өзгерістер тәрбиелік жүйені жаңа сатыға көтереді. Мектепте тәрбиелік жүйелеуді қалыптасуын жан - жақты зерттеген ғалым В. С. Кукушин төмендегідей белгілерді атап көрсеткен:

  • мектептің педагогтары мен оқушылары толық қабылдаған олардың бүгін мен болашағын бейнелейтін «кіші», яғни, өзіндік тәрбие тұжырымдасамының болуы;
  • ұжымда салауатты өмір салтының қалыптасуы;
  • жалпы азаматтық құндылықтар бағдарының болуы;
  • үлкен ұжымдық істердің оқиғалық сипатқа ие болуы;
  • мектептің «бес қабырғада тәрбиелейді» деген ұстаныммен безендірілуі;
  • орта мектепке, мектепті ортаға енгізу;
  • туындаған қақтығыстары ішкі күш есебінен әділетті, орынды шешу;
  • балалармен ересектердің өзара қатынасының гуманистік сипатта болуы, өзара сенім, мекемедегі ұжымның мейірімділігі;
  • бастауыш сыып мұғалімінің тәрбие жұмысындағы іс әрекетін белгілеген мақсатқа сәйкес төмендегідей тәрбиесінің міндеттерін айқындап алуы тиіс

Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға оның қоғамға, адамға, өзді өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады.

Тәрбие міндеттері жеке - жеке талданады.

Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие жүйесінде де күнделікті міндеттерді шешу оны өмірімен ұштастыру жоспарының болашаққа арналып жасалуына мүмкіндік береді. Тәрбие жоспарында жұмыстың мазмұны мен түрі көрсетіледі. Бастауыш сынып мұғалімі тәрбие жоспарында балалар қызметін күрделендіруді ескеру қажет себебі: оқушылар сыныптан сыныпқа өткенде олардың жастарының да өсетіні белгілі. Сондықтан да тәрбие жоспарын жылдық одан жарты жылдық, тоқсандық, апталық негізде құрылып, оны жүзеге асыруда, өмір ағымына байланысты тиісті өзгерістер енгізіп отырады. Бастауыш сынып мұғалімі тәрбиелік істің міндеті мен мазмұнын ажырата алуы тиіс. Себебі: бірнеше қызметтің түрі, түрлі шаралар, бір ғана міндетті шешуге пайдаланылады. Сондықтан оны тәрбие салалары бойынша топқа бөліп қарастырып, балалардың психикалық ерекшеліктеріне сай жоспарлау қажет. Бастауыш сынып мұғалімінің апталық жоспары тұрақтылық сипатта болады. Мысалы, дүйсенбі кітаппен жұмыс істеу; сейсенбі балаларға арналған газет журналда мақалдар оқу (бір тақырыпта ) ; сәрсенбі ойындар ойнау, серуенге шығару, спортпен шұғылдану; бейсенбі республика рәсімін қайталау; жұма еңбек күні; сенбі бір аптада атқарылған жұмысқа қорытынды жасау оқушылардың пікірін тыңдау. Әрбір сыныптың тәрбиесінің жоспарын құрып, талдау.

Оқу процесі сияқты, тәрбие процесінің де белгілі түрлері бар. Бастауыш сыныптарда ол сабақтағы оқу процесімен де байланыста болады. Бірақ сабақтан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары - тәрбие ісіне жатады.

Тәрбие ісі дегеніміз - тәрбиеленушілердің нақты іс - әркетінің ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру болып табылады.

Тәрбие ісі дегеніміз - оқушылар өмірінде ойын мен еңбекті шығармашылықпен жарқын ұйымдастыра білу. Тәрбие ісінде оның түрлері, құралдары, тәсілдері барлығы да қолданылады. Тәрбие жұмыстарының негізгі ерекшелігі қажеттілігі мен пайдалы болуы және жүзеге асырылуында.

Тәрбие түрлеріне: адамгершілік, эстетикалық, дене, экологиялық, еңбек, ақыл - ой, экономикалық тәрбиелері жатады.

Енді осы тәрбие түрлерінің кейбіреулеріне қысқаша тоқталсақ. . Мысалы, адамгершілік тәрбиесін алсақ, оның міндеттерін былай атап өтуге болады:

  • адамгершілік сананы қалыптастыру;
  • адамгершілік сезімін дамыту және тәрбиелеу.

Сондай - ақ эстетикалық тәрбие ісі өмірге мәдени - эстетикалық қарым- қатынасты қалыптастырады. Эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері: эстетикалық ұғымдарды, бағалауды, қажеттілікті білу; эстетикалық тәрбиенің негізгі критерийі - эстетикалық мәдениет. Ал дене тәрбиесі жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Оның негізгі міндеттері: оқушылардың денесін дамыту; денсаулығын нығайту; спорттық және дене шынықтыру білімдерін меңгеру; қозғалыс дағдысы мен білігін жетілдіру; қозғалыс сапаларын дамыту; гигиеналық талаптарды, дағды мен біліктерді меңгеру, қозғалыс дағдысы мен білігін жетілдіру; қозғалыс сапаларын дамыту; гигиеналық талаптарды, дағды мен біліктерді меңгеру;

Экологиялық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі - экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Екіншіден, өмірде және нақты еңбек - іс - әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу.

Үшіншіден, табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.

Экономикалық тәрбиенің міндеттері еңбекақы, кіріс, шығысты біліп, ұқыптылыққа үйрету болып табылады.

Еңбек тәрбиесі оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме, өзіне - өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек түрлері болып бөлінеді. Олардың әрқайсысының өзіндік міндеттері бар. Еңбектің тәрбиелік құндылығын көрсету үшін мақсатқа бағытталған жүргізілетін оқушылардың ынтасының қабілетінің шығармашылық ой- өрісінің дамуына мүмкіншілік жасау қает.

Тәрбие түрлерінің кез - келгенін бастауыш сыныпта тәрбие кез - келгенін бастауыш сыныпта тәрбие жұмысында пайдаланудың өзіндік ерекшелігі бар. Оны семинар сабақтарында бірігіп талдайтын боламыз.

Бастауыш сынып балаларының еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі қоғам мүддесі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Күнделікті тәрбиеде саяси-идеялық, адамгершілік, еңбек тәрбиелерін қисынды бірлікте жүргізе отырып өзге салаларын да іске асыру міндеті қойылады.

Адамның адам болып қалыптасуының құралы-еңбек. Мектепке дейінгі жас негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз.

Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (көру, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.

Еңбек бұлшықет пен барлық дене мүшелерінің қызметін күшейтеді, бүкіл дененің еңбекке қабілетін арттырады, жүйке жүйесін дамытады. Еңбек процесі баланың анализаторларын жаттықтырып қана қоймайды, сонымен қатар ми қызметінің дамуына үлкен әсер етеді, бұлшықет сезімін де дамытады.

Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде тәрбиелеуде еңбектің ролі ерекше. Баланың жас ерекшелігін, қызығушылығын ескеріп, ұйымдастырылған еңбек оларда сезімтал көңіл-күй, терең тебіреніс тудырып, еңбекке дұрыс қарым-қатынас қалыптастырудың алғашқы нышандарын егеді.

Психология ғылымының мәліметтері бойынша сәбилік шақтың өзінде-ақ бала кездейсоқ нәрселері емес, өздерінң басты деп санайтындарын негізге алады, ал 3 жасында өз іс-әрекетін мақсатқа бағындырады. Ол өскен сайын тәрбиешіге, айналсындағы адамдарға пайдалы іс істеуге талпынады. Отбасында балабақшада дұрыс ұйымдастырылған еңбек баланың мінез құлқының моральдық жағымен қатар ерік-жігер, мақсаттылық, табандылық сиақты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, еңбекке күш жұмсау дағдысын қалыптастырады.

Еңбек барысында тапсырылған жұмыстың қажеттілігін, мәнділігін түсіну баланың еңбекке қызығушылығын дамытып еңбегінің нәтижесінен рухани нәр алу, қанағаттану, жауапкершілік сезімін тудырады. Ал мәнін түсінбеген еңбек оларды қызықтырмайды.

Бастауыш сыныптағы еңбек тәрбиесінің міндеттері :

1) балаларды үлкендердің еңбегімен тансыстыру және оған құрметпен қарау сезімін ояту;

2) қарапайым еңбек дағдыларына баулу;

3) еңбекке қызығушылығын, дербестігін тәрбиелеу;

4) көпшілік үшін еңбек ете білуге баулу, қоғамдық бағытта еңбектенуді үйрету.

Бастауыш сыныптағы еңбек тәрбиесінің міндеттері мен талаптарына сәйкес еңбектің төмендегі түрлері ұйымдастырылады.

1. Тұрмыстық-шаруашылық еңбек және өзіне - өзі қызмет ету, кезекшілік (топ бөлмесін, учаскені тазарту) . Бұл - баланы еңбекке даярлайтын ерекше іс әрекет.

Бұлардың бәрі баланың күш жұмсап, еңбектенуін талап етеді. Осы іс әрекетке жаттығу баланың бұлшық еті мен жүйкесінің дамуына, бұлшық ет қимылдарының үйлесуіне белгілі бір дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Сәбилік кезеңнен бастап өзіне -өзі қызмет етуге (өздігінен киіну, шешіну, төсегін жинау) үйрету дағдыландыру дербестікке, тазалық пен реттілікті қажетсінуге, мәдени гигиенаық талаптарды санаулы орындауға баулиды.

Еңбектің бұл түрлері сәбилер, естиярлар, ересектер, мектепке даярлық топтарына жүргізіледі.

2. Балаларды үй шаруасы еңбегіне, тұрмыстық еңбекке қатыстыру. А. С. Макаренко «Балалар тәрбиесі туралы лекцияларында» балалардың үй шаруашылығына араласуы оларды көпшілдікке, қамқор болуға, ұқыптылыққа, өзінің жеке заты мен қоғамдық меншікті сақтауға, өз жұмысы мен уақытын дұрыс пайдалануға үйретеді деген болатын. Үй шаруашылығындағы еңбек - бірден-бір өмірлік қажеттілік және оның мақсатын баланың санасына оңай жеткізуге болады.

Бастауыш сыныптағы балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру белгілі бір формада өтеду. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы балалар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалардан орындудан басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 6-8 жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсырылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекшіліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тапқырлығын, ерік-жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйренеді.

3. Табиғат аясында (бақшада, бақта, гүлзарда) еңбек ету - табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарлардыткүту, гүл, жеміс, көкөніс өсіру, мал бағу - нәтижесі көрінетін еңбек. Бұл бастауыш сыныптан басталады, көбіне таза ауада өтеді де, баланың денсаулығын нығайтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстары
Тәрбие тарихи-мәдени құбылыс
Тәрбиенің оқу процесінен ерекшелігі
Сыныптағы тәрбие жұмысы
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Сынып жетекшісіның оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі
«Педагогика» пәнінен дәрістік тезистері
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Сынып ұжымын ұйымдастыру
Бастауыш оқушыларының оқу барысындағы адамгершілік тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz