Оқушыларды шығарма жазуға үйрету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Біл
ім және ғылым министірлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты.

Жаратылыстану және педагогитка факультеті.
Педагогика психология және бастауыш оқыту әдістеме кафедрасы.

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Орындаған: Баядилова М.А ПМНО 3 курс

Ғылыми жетекші: Педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Қағазбаева Ә.К

Арқалақ 2005 жыл.
Жоспар.

Кіріспе.

1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық –
психологиялық негізі.
2. Оқушыларға шығарма жөнінде мағлұмат беру.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
1. Оқушыларды шығарма жазуға үйрету.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту жолдары.
3. Оқушылардың шығарма дайындау кезінде пайдаланатын әдіс-
тәсілдері.
4. Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар.
5. Шығарманың бағалануы.
Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйеленіп дайындалып
берген білімді, дағдыларды менгеретін, қайталайтын ғана емес,
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, жаңалықтар ашатын, біртума ойлау
қабілетімен ерекшеленетін жеке түлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл,
әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе
екендігін дәлелдейді.
Біз Жаңа ғасырға аяқ басып отырмыз. Қазіргі қоғамға ақыл ойы
кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адамдар керек.
Қоғам бізден жан-жақты жетілген, рухани бай жаңа заман адамдарын
тәрбиелеуді талап етеді.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: Ғасырлар мақсаты – қоғамның
нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде саяси – экономикалық және
рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы,
іскер өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру, - деп тұжырым жасады.
Мектептегі білім берудің (тәрбиенің) мақсат приоритеті өзгеруі
керек дейтініміз осыдан. Бұл өзгеріс бастауыш сатыдан басталуы керек. .
Өйткені бастауыш саты - оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен
дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.

Шығарма-оқушының туған халқының әдебиетінен алынған білімін өз ойымен,
дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отыра баяндайтын шығармашылық
төл еңбегі.
Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең
талдап пайымдауы,әсерлі,көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.
Оқушы шығармасының құрылысы:тақырып,жоспар,эпиграф.(мү мкіндігіне
қарай,міндетті емес),кіріспе,негізгі бөлім,қорытынды сонымен бірге
материалдым баяндау әдісімен оның ретті жүйесі сияқты мәселелерден тұрады.
Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз-белгілі бір тақырып бойынша өз ойын
жоспарлы түрде баяндау.Оқушы тақырып бойынша мәтінді өзінше құрап.өзінше
жазады.
Шығарма терминін мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда оқушылардың
өмірде өзі көрген –білгендерін белгілі бір тақырып ауқымына
түсіріп,түсінікті түрде,жүйелі әңгімелеп берулерін айтамыз.Жоғары сынып
оқушыларының жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады.
1. Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты.
2. Экскурсия бойынша.
3. Өнер саласына (сурет,кино,қуыршақ театрының спектакльдері
т.б.)байланысты.
4. Оқушының өз іс-әрекетіне (ойын,еңбек)байланысты тақырыптар.
Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті бола
тұрғанымен, әр сыныптағы шығарма көлемі әр түрлі.Оқушылардың шығарма жазу
қабілеттерін арттыру үшін мұғалім көп еңбек етуі керек.
Оқушы тілін ұстарту жұмыстарының негізгі обьектісінің бірі-шығарма жаздыру.
Шығарма көркем әдебиет,ғылым салалары,саяси қоғамдық мәнде ,түрлі
публицистикалық тақырыптарда жазыла береді.

Баланы оқу тәрбие, үрдісі негізінде дамыту мәселесі – бұл көп
жылдар бойы ғалым психолоктардың, педагогтардың, практик –
мұғалімдердің пікірталас тудырып келген және күні бүгінге дейін күн
тәртібінен түспей жүрген мәселесі.
Психологиялық - педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге, теориялық
материалдарға сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай
жүзеге асады. Біріншісі – биологиялық фактор, екіншісі - әлеуметтік
орта немесе қоршаған орта және үшіншісі – тәрбие, яғни оқу – тәрбие
үрдісі.
Ғалымдардың пікірінше, осы үш фактордық ішінде тәрбиенің, яғни оқу
тәрбие үрдісінің ролі зор.
Туғаннан дені сау баланың белгілі дәрежеде дамитыны сөзсіз.
Алайда, әрбір баланың педагогикалық – психологиялық тұрғыдан даму
ерекшеліктерін ескерсек, барлық баланың бірдей дәрежеде дамуы мүмкін
емес.
Көптеген ғалым педагог тардың, практик мұғалімдердің тәжірибесіне
сүйенсек, оқу тәрбие- үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рольді
ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі,
тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан озіндік
белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін
емес.
Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете көре
білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі – ағартушы
- ғалым А. Байтұрсынов. Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе
арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға
орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету
үшін бағыт бағдар беріп отыру.
Бала қабілетін дамыту мәселесі өз тамырын адамзат тарихының
тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ оқушылардың
дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Шығыстың атақты ойшылы Әл –
Фараби адамның ақыл – ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт
жолына жеткізу мәселесіне бірнеше құнды еңбектерін арнаған.
Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөздерінде (43)
сөз бала өмірге келгендегі қабілеттерін әрі қарай дамытуды, шыңдауды
қажет ететінін, сон да ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал
назардан тыс қалған қабілеттер бара – бара жойылып, жоқ болатынын
айтқан. Баланың шығармашылық қабілетерін дамыту мәселесін талдау, ең
алдымен, қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық тарихи іс -
әрекетердің нәтежесінде қалыптасып әр қарай дамып отыратынын атап
көрсетеді.
Қабілет – білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері -
дейді А.В. Петровский.
Қабілет – іс - әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтежилі орындауға
көрінетін адамның жеке қасиеті, деп жазады Т.Тәжібаев.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейі болатынын дәлелдейді.
Шығармашылық сөзінің төркіні – шығару, іздену, ойлап табу
дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеден болмаған жаңа нәрсе ойлап
жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал, шығармашылық ұғымының негізгі
белгісі жаңалық болғанымен, ондағы тұлғаның адамзаттың, қоғамның
дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз. Шығармашылық
өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Бастауыш сынып
оқушыларының қабілетері екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден, кез – келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі
жинақталған тәжірибесін менгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы
дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды.
Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау
арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Екі түрлі әрекеттер, екі түрлі
мүдделер әр түрлі мақсатты шешеді. Мысалы оқу әрекетінде белгілі бір
дағдының қалыптастырады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту өте ерте кезден бастап
қолға алуды қажет етеді. Мысалы, тіл үйрету үшін біз баланың туған
сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз.
Бала жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармащылық әрекет
жағдайында болуы қәжет. Балаға елеусіз болсада өз күшімен, өз ойымен,
қйындықты жеңе отырып жаңалық ашуға жағдай жасау – бүгінгі мектеп
алдындағы ең басты мәселе болуы шарт.
Әсіресе оқу сабақтарындағы материалдарды талдау арқылы
шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы
қайырымдылық, әдептілік т.б. тамаша адамгершілік қасиеттер бала бойына
жұғысты болады.
Сол сияқты баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі салыстыру
әдісі. Бұл туралы к.Д.Ушинский: салыстыру ойлаудың және қабылдаудың
негізі, - дейді. Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып оқу
материалын оңай көрнекті етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын
дамытады. Салыстыра отырып оқушылар заттар мен объектілердің баиқалмай
қалған, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді.
Баланың байқампаздығы артады.
Сонымен, қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы мақсат – білімді өз бетінше
іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау, өзін-өзі дамытатын тұлға
қалыптастыру.

Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат-оның ойын,пікірін,әдеби тілмен
жатық,сауатты жаза білуге және творчестволық ізденіске баулу,логикалық ой-
өрісін кеңейтуге машықтандыру.
Шығарма жаздыруда әзірлік,жазу, аяқтау,тексеріп бағалау,талдау жасау
кезеңдері болады.
Шығарма жазудың барысында оқушы ойын еркін жазуға,сөздерді орынды
қолдануға,сөйлемдерді жинақты етіп жай сөйлеммен бере білуге және күрделі
ойды құрмалас сөйлем арқылы жазуға дағдыланады.
Мектеп қабырғасында жазылып жүрген шығарма жұмыстарында оқушылардың шығарма
жазу дағдысымен теориялық білімінің дәрежесін аңғаруға болады.Оқушының
теориялықбілімі толық болғанымен,шығарма жазғанда ойларын шашыратып,жүйелі
баяндау алмаушылықбар.Мұндай кемшіліктерден оқушының сөздік қорының
тапшылығы,өз бетімен кітапты аз оқитыны байқалады.
Шығарманың жазылуында ұшырасатын кемшіліктердің негізі мына жағдайларға
байланысты.
1.Оқушы көңіл-күйі шығармашылық жұмысқа құлықсыз,көңілі бірдемеге алаң
болған жағдайда,шығарма мақсатына жетпейді.
2. Шығарманың мазмұны,жазылу бағытына нұсқау,бағыт бермесе,оқушы немқұрайды
қарап,шығарманы қалай болса солай жазылуына жол берілген жағдайда шығарма
өз мақсатына жетпейді.
3. Қате түсініп,көңілсіз жазған шығармаларды оқушыға түсінікті етіп қайта
құрастыру,ойын жүйелеп, түзеп жаңарту оңайға түспейді.Сондықтан сәтсіз
шыққан шығарманы қайтадан өңдеп жаздыру кейбір жағдайда оқушының ықыласын
төмендетуі мүмкін.Сол себепті алдыңғы сәтсіз шыққан шығармадағы кемшілікті
жою үшін,мазмұны алдыңғы сәтсіз шыққан жұмысқа жуық басқа мәтінге шығарма
жазуды ұсынған тиімді.
Оқушының бұл шығармасы мақсатына жетіп,стилі,сөйлем құрылысы дұрыс болған
жерде оны алдыңғы мақсатына жетпеген,жазба жұмысымен салыстырып,ондағы
кемшіліктердің түрі неде екендігін оқушының өзі аңғарып,байқайтындай болу
керек.
Шығарма негізінен екі мазмұнда,екі тақырып бойынша алынады.Бірі әдебиет
пәнінен өтілген әдеби шығармалар бойынша ұсынылады.Мысалы: Қобыланды
батыр жырындағы жағымды кейіпкерлер.Екіншісі өмірмен байланысты,оқушыға
таныс материалдар төңірегіндегі жазылатын еркін тақырыптардан болуы
керек.Шығарма, сұраққа жауап алу және жазу жұмыстарының басқа да түрлері
мектеп оқушыларының ой-өрісін кеңейтіп, сөйлеу мне жазу тілін дамытып
қалыптастыруды шешу жолы болып есептеледі.
Оқушылардың жазбаша сөздік қорын молайтып, сауаттылығын арттыруға
байланыстырып сөйлеуді дамытуға мынадай талаптар қойылады:
1. Әңгімеленген тақырыптың мазмұнын, көлемін анықтай білу.
2. Жазба жұмыста басы артық ойларды тықпалай бермей, талқыланатын мәселенің
негізін, түйінін ғана ала білу.
3. Жазба жұмыстың тақырыбы нақты болып, оған материал жинап,жүйелей білу.
4. Жазба жұмыстың тақырыбына лайықты өз көзқарасын,ойын білдіріп, жаңа
пікір қосуға баулу.
5. Жазба жұмыстарды баяндау, суреттеу түрінде жазуға дағдыландыру.
6. Жазылған жұмысты өңдеп, толықтырып,қайта жазуға үйрету.
7. Әдебиет пен тіл заңдылықтарына байланысты стильдік ерекшеліктерді
меңгерту.
8. Сауатты жазып, қатесіз жазуға баулу.
Бұл талаптар сыныптың бағдарлама материалы негізінде күрделеніп отырады.Ара-
тұра іс-қағаздарының түрлері де таныстырылады.Осы талаптарды білулерімен
қатар оқушылар шығарма жазудағы мынадай мәселелер бар екенін естерінен
кетірмеуі тиіс.
Шығарма жазуда қарастыратын негізгі мәселелерге мыналар жатады
1. Шығарманың не екенін және олардың тақырыбы қандай болатынын түсіндіру.
2. Баяндау сипатында жазылған сюжетті мәтіндер ұсынып, оларға шағын шығарма
жаздырту.
3. Шығарма мазмұнын бірде I жақпен, бірде III жақпен жазуды талап ету
(негізінен III жақта жазуды басшылықа алған жөн).
4. Белгілі бір нақты заттардың сыр-сипатын суреттеу.
5. Өз тарапынан оқығандары, көргендері жайында жаздыру.
6. Түрлі-түсті суреттер бойынша жазбаша баяндату.Жазбаша ойларында тілдік
фактілерді дұрыс пайдалана білуге баулу.(күрделі сөз,біріккен сөз,жалқы
есім,үндестік заңы,тасымал және т.б.)
7. Мақала жаздыру,газет материалдарының өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру.
Мектепте шығарылатын газеттерінің мазмұнына шолу жасап,сынып газеттеріне
мақала жазуды үйрету.
8. Өз ортасына байланысты әңгіме жаздыру.
Мұғалім тәрбиелік мәні бар тақырыптарды оқушылардың өмір танымына қарай
еркін ұсыныла алады.Мысалы: Біздің жанұя, Менің әкем, Біздің жайлау,
Біздің үйдің ауласы т.б.
9. Өтініш,хат, мекен-жай,қолхат,мәжілісхат,сенімха тсияқты іс-қағаздарының
жазылу үлгілерімен таныстыру.
Шығарма жазу үшін үлкен талап пен мұқтаж керек. Осы тараптан алғанда осы
екі қасиет оқушыға жүктеледі. Оқушыны шығарма жазуға көмектесу үшін не
істеу қажет? Оқушыны шығарма жазуға қалай үйрету керек? Оқушының шығарма
жазу кезінде қалай сөздік қорын молайтуға болады? Оқушыны шығармаға қалай
дайындау керек? –деген сұрақтарға тоқталып, тәсілдері қолдану үрдісін
анықтап, жол-жоба көрсетейік.
Оқушыларды мынадай тәсілдер арқылы, шығарма жазуға дайындауға болады.
Мысалы: 1. Торғай деген мәтін оқылады, мазмұны ауызша айтылады.
Торғай.
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім алдында жүгіріп бара жатыр. Ол
кенет жүгірісін тежеп, құстың иісін сезгендей, тоқтап, ағашқа қарай беттеді
де, төрт тағандап бұғылды. Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары
жағалы ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Жел жол
жағалауындағы қайыңдардың басын теңселтіп тұр.
Балапан жаңа ғана өсіп келе жатқан сүйрік қанатын дәрменсіз жайып, қимылсыз
жатыр. Ит балапанға жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш
басынан зу етіп иттің дәл алдына келіп қонды. Байғұстың зәресі ұшып түсі
бұзылып кеткен. Жүнін үрпитіп шырылдауда. Иттің арандай ашылған, тістері
ақсиған аузына бір-екі рет тап берді. (И. Тургенов)
Текске байланысты мынадай сұрақтар қойылады:
1. Торғай қандай құс, олардың қандай түрлері бар?
2. Торғайдың шаруашылыққа тигізетін пайдасы бар ма? Олар немен
қоректенеді?
3. Торғайлар ұяны қайда және қалай салады?
4. Торғайлар туралы қандай әңгіме білесіңдер?
Бұл сұрақ төңірегінде Торғай әңгімесінің мазмұны толыға түседі.
Оқушылардың сөздік қорын байытумен білім дағдысының қалыптасуына байланысты
түсініксіз сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі. Мысалы: Осы мәтінде
қиыншылық туғызатын яғни мағынасы түсініксіз сөздерге талдау жасауға
болады.
Тежеу-кібіртіктеу, тартыну;
Бұға бастау-жасырыну, тығылу, көрінбеу;
Теңселту-тербеу, қозғау;
Дәрменсіз-амалсыз, лажсыздан;
Дәл-нақ, тура;
Байғұс-бейшара, бейбақ, мүсәпір;
Зәре-үрей,
Түсі бұзылу-өңі қашу, қорқу, түс өзгеру;
Жүні үрпию-түксүю, тікірею,
Арандай ашылған тістері-ырсиған тістері,
Осылайша V- сыныпта берілген мәтінге байланысты оқушыларды шығармаға
баулып, сөздік қорларын байытуға болады. Осылайша сыныпта жан-жақты талдау
жасалынып мәтінді III- жақта жазып келуге тапсырма беріледі. Жазба, яғни
шығарма жұмысында синоним сөздерді молырақ қолдану ескертіледі. Бұл
тапсырма үйге берілгендіктен оқушылар асықпай ойланып, мұғалімнің айтқан
шығарманы жазуға қойылған мақсаттарының талаптарына сай орындап келуге
тырысады.
Синоним сөздерді көп қолдану оқушылардың шығарма жазу кезінде мағынасы
қайталанатын сөздерді әртүрлі сөзбен жазуда қолдануы, мәтіндегі сөздердің
қайталануынан сақтайды. Шығармадағы бір сөздің, бір мағына беретін сөздің
қайталануы шығарма мазмұнын бұзады.
2. Оқушы тұрған ортаның қысқа көрнісін суреттеп, Қыс деген тақырыпқа
шағын әңгіме жаздырту арқылы оқушыны шығарма жазуға дайындауға болады.
1. Қыс мезгіліне қай айлар жатады?
2. Қыста ауа райы қандай болады?
3. Қыста малдардың күтімі қандай болады?
4. Қыста шана, шаңғы, коньки тебуді ұнатасың ба?
5. Қардың қандай пайдасы бар?
Осы сұрақтарға оқушылар жауап беру арқылы шығарма жаза алуын байқауға
болады.
3. Тағы осы мысалдарға қоса мынадай шығарма жазу жұмыстарының алдында жазба
жұмыс тапсырмаларын беруге болады.
1. Қазақ тілінен берілген теориялық білімді практикалық жұмыстармен
тығыз ұштастырып, жазбаша жұмыстарды, сауатты қолдана білуге
дағдыландыру. Өтілетін грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен
жұмыс істеу.
2. Лексикалық объектілердің төңірегінде әңгіме өткізіп, өздерін
іздендіру.
3. Сурет бойынша сөздер мен сөйлемдерді байланыстыра сөйлетіп, ойын
дамыту.
4. Фонетикалық ерекшеліктер мен орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып,
ұқсас формаларды бірден ажыратуға баулу. Жеке сөз, сөз тіркестері мен
терме мәтіндер ұсыну арқылы тіл байлығын, сөз пайдалануын молайту.
5. Оқушылардың жазба жұмыстарында жіберген орфографиялық, стильдік
қателерін һздеріне аңғарту.
6. Көркем әдебиеттен оқығандарын өз сөздерімен жаздырту.
7. Мақал-мәтел түрлі нақыл сөздер тергізіп, олардың мағыналарына
сүйеніп, шығарма жаздырту.
8. Сөздік жұмысына көңіл бөліп шығарма жаздырту.
9. Мазмұндама, шығарма материалдарын жинастыру.
10. Жинастырылған материалдарды бір жүйеге салдыртып шығарма жаздырту.
11. Шағын әңгіме жаздырту
12. Үй ішін суреттеу
13. Табиғат пейзаждарын суреттеу.
14. Баяндама жаздырту.
15. Шығармада цитатты сөздерді жаздырту.
16. Дитспуттағы талқыланған пікірлерге байланысты өз пікірін қағазға
түсіру.
17. Әдеби кейіпкерлерге мінездеме жаздырту.
18. Оқыған немесе көрген оқиғаларына шағын әңгіме жаздырту.
19. Кино, спектакльдердегі, концерт, көрмелердегі, көрген білгендерін
жаздырту.
20. Еркін тақырып негізінде әңгіме жаздырту.
Оқушылар шығарманы жоспармен де, жоспарсыз да жазады. Оқушыларды суреттің
бейнелеуі арқылы үйретуге болады.
Мысалы: бір суретті алып, сол сурет бойынша алдымен әңгіме құрастыру
керек, содан кейін сол құрастырған әңгімесін қағаз бетіне түсіру қажет.
Мысалдан оқушының жазды күні доп ойнап жүрген суреті болса, сол
суретке байланысты сұрақтар қою арқылы тіл дамыту жұмысын, яғни сөздік
қорын молайту. Оқушының шығармашылық қасиетін оятады.
Сол суретке байланысты мынадай сұрақтар қоюға болады:
Оқушы (немесе бала) не істеп жүр?
Бала немен ойнап жүр?
Бұл қандай мезгіл?
Бала қандай уақытында ойнап жүр деп ойлайсыз?
Бала доппен ойнауды ұната ма? Қалай ойлайсың?
Таза ауада ойнаудың қандай пайдасы бар?
Осындай сұрақтар оқушының ой қабілетін, сөздік қорын молайтумен қатар,
шығарма жаза алуына көмек береді.
Әсіресе нашар оқитын балаға көп көңіл бөлу қажет.
Мектепке сабақ беріп жүрген мұғалімдер, көбінесе шығарманы табиғат
құбылыстарына, жыл маусымдарына байланыстыра жаздырады. Байқап
жүргендіктен, өздері білетін таныс нәрсені баяндау көп қиындық келтірмейді.
Мысалы: Қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны шаңғы, коньки теуіп
рахаттануы яки қардан аққала соғып, кісі жасап ойнайтыны ойындарынан алатын
әсерлері жөнінде шығарма жаздыруға болады. Немесе көктемгі мұздың кетуі,
қардың еруі, өзендерде сең жүруі, су тасуы, нөсер жаңбыр, ағаштардың
бүршік атуы т.с.с құбылыстардың қайсысы болмасын –шығарма жаздыруға қолайлы
тақырып.
Біз жыл маусымдарына байланысты табиғатта болатын өзгерістер, оларды және
өндіріс орындарындағы құбылыстарды, сондай-ақ егістіктердегі көрністерді
экскурсия жасау арқылы бақылап, мағлұмат алатын болғандықтан экскурсияға
байланысты шығарма деп топтадық. Өйткені, қыста ағаштардың бұтақтарының
жапырағы түсіп, әрінен айырылып, көктемде олар жанданып, бүршік атып,
жапырақ сала бастайтынын қыста мал пішенде тұратынын, ал көктемде жайылымға
шығатынын, адамдар қыста қалың киім киіп, үйге от жағатынын қар күреу,
пішен тасу, тегістікке қар тоқтату сияқты жұмыстар істейтінін, ал көктем
шығып, күн жылына бастасымен бұл жұмыстардың түрі малды өріске шығару, жер
жырту, тұқым себу т. б. ауысатыны байқалады. Бұл өзгерістерді оның себебін
білу арқылы балалардың дүние танымы кеңейіп, білімі артады. Мұның бәрі
шығарма жазуға септігі тиеді.
Оқудың алғашқы күндерінен бастап-ақ мұғалімдер балалардың зейіндерін
табиғаттағы өзгерістерге аударып, оны байқап жүруді үйрете бастайды, қазір
жаңа бағдарлама бойынша оқушылар айналадағы дүниемен танысады, табиғаттағы
өзгерістерді байқап, олардың себептерін түсінеді, кейбіреулерін
дәптерлеріне белгілеп, табиғат календарын жасауға үйренеді. Мұндай жұмыстар
бірде балаларды ауа райының кеше қандай болғаны, бүгін қандай екені, желдің
қай жақтан соғып тұрғаны, аспанда бұлттың бар-жоғы тағы басқа жөнінде
әңгімелесу арқылы өтсе, екіншіде оларды баққа, егін басына, мал фермасына,
бақшаға, өзен, көл жағасына немесе өндіріс орындарына экскурсияға шығарып,
әңгіме өткізу арқылы ұйымдастырылып отырады.
Балаларды экскурсияға шығарып, одан алған әсерлері жөнінде әңгімелеу және
оны жазып беру жұмыстары мектептерде түрлі-түрлі ұйымдастырылып жүр.
Мұғалімдердің бір тобы экскурсияның болатын күнін, мезгілін балаларға күні
бұрын хабарлаудан бас тартады. Ал екінші топтағы мұғалімдер экскурсияның
жоспарын алдын ала жасайды, балалармен не туралы әңгіме өткізетіні, одан
әсіресе не нәрселерге зейін қою керектігі, экскурсиядан қандай қорытынды
шығарылатыны ойластырылады. Тіпті осы экскурсияда балаларға қанша сөз
үйретілетіні де алдын ала анықталады. Осыған орай, балаларға экскурсияға
қанаш, қай күні, қайда, не мақсатпен баратындар, онда не көретіндері, не
жөнінде сұралатыны күні бұрын ескертіліп, алдын ала дайындық жұмысы
жүргізіледі.
Көркемөнердің түрлі саласына байланысты, яғни сурет өнері, кино,
скульптура т. б. бойынша шығарма жүргізуде де бақылау мен байқауға
негізделеді.
Өнер саласына байланысты шығарма жүргізу біріншіден, педагогиканың бақылауы
мен байқау принципіне негізделсе, екіншіден, көрнекілік принципін жүргізуге
асырып, оқушының көру сезіміне, ойына әсер ету арқылы тілін, сөздік қорын,
эстетикалық талғамын арттырады.
Суреттерді пайдалану жөнінде әдістемелік әдебиеттердің барлығын да дерлік
біріңғай нұсқау берілген:
1. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі;
2. Оқушыға берілетін бағыт;
3. Суретті оқушылардың байқап, қарап шығуы (көзбен шолып)
4. Суреттің мазмұнын анықтау (ол үшін мұғалім сұрақтар қояды);
5. Оқушылардың сұрақтарына мұғалім жауап береді;
6. Суреттің мазмұнын мұғалімнің сұрауы негізінде баяндауы;
7. Суреттің мазмұнын ашатын жоспар жасау;
8. Дайын жоспар бойынша суреттің мазмұнын оқушылардың өздері айтып беруі;
9. Сөздік жұмыстары;
10. Дайын жоспарға сүйеніп, әңгіме айту;
11. Жоспарын ойда сақтай отырып, әңгімелеу;
12. Қажет болған жағдайда естеріне сақтаған әңгімені жазу;
Жеке суреттерді пайдаланғанда сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай, осы
аталған жұмыстардың бәрі немесе кейбір түрлері ғана орындатылуы мүмкін.
Кейде ол жұмыстардың көрсетілген түрлерінің орындары ауысып қолданылуы да
ықтимал.
Кинофмльм, балаларға арналған спектакльдерге тағы басқа байланысты да
шығарма жүргізуге болады. Фильмнің мынадай түрлері арқылы шығарма жүргізуге
болады:
1. Қысқа метрадж көркем фильм . Мұндай фильмдердің мазмұны алуан түрлі.
Мұғалім жас шамасына лайықтап, іріктеп алады. Фильмнің мазмұны
балаларды ұйымшыл болуға, қажырлыққа, батылдық пен шыншылдыққа баулып,
еңбек сүйгіштік пен интернационалдық, достық рухта тәрбиелеуге тиіс
екені, еш уақытта естен шықпауға тиіс.
2. Табиғатты суреттейтін фильмдер. Бұл фильмдер балалардың тілін
дамытуға, оларды байқағыштыққа тәрбиелейді. Мұғалімнің сұраулары
арқылы балалар фильмнің қажетті жерлерін салыстыра отырып, ондағы
өзгерістерді байқайды, байқағандарын әсерлі тілмен көркемдеп
айтыпберуге талпынады.
3. Диафильмдер : бұл фильмдер қазақ мектептерінде кеңінен қолданылуына
толық мүмкіндік бар. Өйткені мұндай фильмдерді көрсету үшін
киноқондырғылардың қажеті жоқ, ал фильмоскоп барлық жерде бар.
4. Мультфильмдер: түрлі ертегілер, күнделікті өмір негізінде жасалған
мультфильмдерді балалар қызыға қарайды, олардың мазмұнын түсінеді. Осы
тәсіл арқылы, шығарма жазуға, тек орта буынды сыныпта оқитын
оқушыларға байланысты дайындық жұмысын өткізуге болады.
Мектептерде осы тәсілдер арқылы оқушыларды шығарма жазуға үйрету өте
тиімді.
Мектептерде кино көрсету арқылы шығарма жүргізу жоспары шамамен мына сияқты
жүйемен өтеді:
1. Фильм көрсетілер алдында мұғалім кіріспе әңгіме өткізеді.
2. Фильм көрсетіледі,
3. Фильмнің мазмұны талқыланады.
4. Фильм қайтадан көрсетіледі (мұнда мұғалім қайтадан көрсетудің
тиімділігін ескере отырып, оны қалай көрсетуді ойластырады);
5. Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Оқушының өз іс-әрекетіне байланысты шығарма жұмыстарына енгізілетін
шығармалар тақырыбы балалар үшін тартымды, өйткені мұнда балалар өздері
істеген істері жөнінде жазады. Мысалы: балалардың еңбек әрекетіне
байланысты Біз ағашты қалай отырғыздық, Мен үйде кеше не істедім, Мен
мамама қалай көмектестім, Біз қалай кезекші болдық, Біз мектеп
ауласында жұмыс істедік, Біз доп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды шығарма жазуға үйрету, өнер-туындыларын үйрету әдіс-тәсілдері
Жазба жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары
Бастауыш сыныптағы сын жұмыстар оларды жүргізу әдістемесі
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарында оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Қазақ әдебиетінде жүргізілетін шығармашылық жазба жұмыстары
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар
Қазақ тілі сабағында оқушыларға жазба жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Инновациялық педагогикалық техналогиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінде жаңа техналогияларды қолданудың шығармашылық жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу
Жазу жұмысының түрлері мен олардың негізгі ерекшеліктері
Пәндер