Адам табиғат, қоғам - біртұтас дүние
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. "Дүниетану" ұғымының ғылыми негізі
2.2. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа
пәндермен сабақтастығы
2.3. Бастауыш сыныбындағы дүниетану сабағынан өсімдіктер түрлерімен
таныстыру
2.4. Бастауыш сыныптарда табиғаттану материалдарын оқушыларға тиянақты
меңгерту жолдары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бүгінгі танда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп
жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды
ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне
қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі — оқушының
дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру.
Білім —дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным
да қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек
болады. Адам, табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам
арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар
бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені
дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі
дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы
олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар
дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры
жиналып, ой-өрісі кеңейеді.
"Дүниетаным", "таным", "қазақ дүниетанымы" саласында көптеген құнды
ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С.Б.Крымский, Б.М.Кедров,
Ә.Нысанбаев, А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, Кішібеков және т.б.)
еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар
мен педагогтардың еңбектерінде (М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков,
М.И.Махмудов, А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьев, Н.Б.Мшчинская, П.Я.Голперин,
Д.Б.Эльконин, М.И.Левина, Ю.К.Бабанский, Т.И.Шамова, С.П.Баранов) зерттеу
объектісіне қарай жүйелі талданған.
Г.И.Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам
тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл
шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы
білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек деп
дәлелдейді. Б.П.Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету
үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға
меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттердің жиынтығы деп
санайды. Осы жайында тіпті өз кезінде Я.А.Коменский болса, "мүмкіндігінше
адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден,
яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен
емес, заттың өзінен алсын" — деп тұжырымдайды.
Оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың
атқаратын ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері оқушылардың
ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін
қазақтың белгілі дидактері И.Нұғыманов, Т. Сабыров және т.б. өз
еңбектерінде дәлелдеп отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты —
оқушыларға айқын дүние зандылықтарын, фактілерін таныту деген түсінік
береді.
Әлбетте, бұл пікірлермен толығымен келісуге болады. Өйткені, қоршаған
заттар мен құбылыстар жайында білім алу, оны нақты қабылдау барысында
оқушылар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не құбылысты көру
әрекеті арқылы түрі, түсі, пішінін, көлемін анықтап, таныса, ұстап сезіну
әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да сапасын
айқындау, онан әрі затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде ой
қорытып, заттарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Міне,
осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде оқушылар затты не құбылысты
қабылдайды және олардың ғылыми ұғымның негізі қаланады. Осы аталған
әрекеттер арқылы түсінік алған оқушыларда келешекте эмоциялық, іскерлік,
интеллектуалдық дағдылардың дамуына жағдай туады.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге,
оқу-әдістемелік құралдарға, олардың бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие
процесіне сіңірілу тәжірибесіне жасаған талдау барысында дүниетануды
оқытудың теориялық негізіне байланысты кемшіліктер жағдайлар байқалды:
- оқушылар дүниетанымын қалыптастырып, оларға қоршаған дүниеден ғылыми және
экологиялық білім негізін меңгертуде пәннің маңызы сараланғанмен, осы кезге
дейін оеы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;
- бастауыш сыныпта табиғаттан берілетін білімнің адам өмірімен, қоғаммен
байланысы толық ашылмағандығы, мектептердің үнемі аударма оқулықтарды
пайдаланумен шектеліп келгендігі;
— оқушылардың шығармашылық белсевділігін арттыратын өздігінен жұмыс істеу
әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-
тәсілдерін зерттеуге арналған әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;
— бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың ең бастысы, негізгісі ретінде
сөздік әдіспен шектелуі, оқушылар белсенділігін арттыратын, ізденушілігін
дамытатын жағдаяттардың жасалмауы, осының салдарынан оқушылардың
шығармашылық қабілеттерінің төмендеп, көріп байқағандарын қайталап айтумен
шектелетіндігі:
— осы кезге дейін бастауыш сынып оқушыларына қоршаған ортадан білім берудің
әдістемелік мәселелерін жүйелі зерттеген монографиялық еңбектердің жоқтығы.
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми
деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта
оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың
дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік
жүйесін жасау орынды талаптардың бірі.
Бастауыш сыныпта "Дүниетану" пәні оқылмағанымен, оқу бағдарламасына
қоршаған дүниеден ұғым беретін материалдар, яғни, дүниетану материалдары
бастауыштың бірінші сыныбында "Айналамен таныстыру", екінші сыныбында
"Табиғаттану" пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты
да жаңа "Дүниетану" пәні республиканың барлық бастауыш сыныптарына
еңдіріліп отыр. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи
байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық
пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас
түрлері жайында ғылыми-сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру
барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат
саласынан білім алады. Биология, химия, география, физика пәндерінің
бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары,
табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер
жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі,
табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем-қолөнер шығармашылығы арасындағы
байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын
басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі
білім негізі қалыптасады.
2.1. "Дүниетану" ұғымының ғылыми негізі
Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап
білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысында
оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін
дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның
дәлелі республикамыздағы "Білім туралы" заңының қабылдануы.
Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2030" атты Қазақстан халқына
Жолдауында болашақ қоғам мүшелері — жастардың қавдай болуға тиіс екендігін
айта келіп, "Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер,
инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері,
мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа
делдалдары және спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын,
тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз
ететін болады...", — дейді.
Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп
қабырғасында, Жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында
қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін
әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін
ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге
көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған
жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз
мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін
оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру
оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты
ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.
Білімнің әрбір бөлігі оқушы дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп,
олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Орта білім
стандартында "Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай
білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету" талабы қойылып отыр.
Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды
алмақ.
"Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл
әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктін мәні, мағынасы
туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы".
Дүниетанымның көзі — білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да
қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасыңца алған білімнің шындығы мен
ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы
адам, заттар, құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.
"Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның
қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты...", "...адамның
өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи
процестер" — дейді, философтар Д.Кішібеков пен Ү.Сыдықов. Табиғатты танып,
білу, игеру барысында адам қоршаған ортаға ауқымды, қуатты ықпал ете алатын
күш екенін және осы қарым-қатынас барысында дүниетанымы қалыптасатынын
АТ.Спиркин, В.С.Степин, Д.П.Горский, А.П.Шептулин, А.Ф.Файзуллаев еңбектері
де әр саладан дәлелдейді. Адам тіршілігінің көзі — табиғат. Осы табиғат
заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табиғатпен қатынасқа
түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалған заттар
шығарады. "Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, соның
нәтижесінде "екінші табиғат" заттары пайда болады. Бұл "екінші табиғат"
дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана
емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен өткізіп,
табиғаттың даму зандылықтарын ашатын да — адам. Мұндай жетістіктерге ол
қоршаған ортаға бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми-зерттеулер жүргізу
нәтижесінде жетеді.
Табиғат заттарын оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне
пайдаланады. Сонымен қатар бүкіл білімін, дағдысын, шеберлігін жұмсап, оны
өндіру үшін еңбек етеді. Осының нәтижесінде жасалған заттарды әлеуметтік
өмірде қолданып, қажетіне жаратады.
Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді.
Осының бәрі табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам
табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен
байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады.
Дүниетану ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен
біртұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние — ол тек бізді қоршаған табиғат
қана емес, ол — адам, адам мен адамның қарым-қатысы, ол — табиғат, табиғат
заттары мен құбылыстары, ол — қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы
мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек.
Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп
қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.
Дүниетану — "дүние" және "тану" деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Алдымен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы
отырғанымыз — дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру
жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние —
қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның
құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы
танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен
айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін
емес. Дүниені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі
мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның
мәнін ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңнің психологиялық
ерекшелігіне байланысты дүние тану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз
мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамуы керек.
Керісінше дүниені танып-білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі,
сана-сезімі кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп,
диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады.
"Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның
санасынан, ой-жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір
сүретіннің бәрі жатады".
Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным — адам санасын
дамытуды" негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге де
үйренеді.
"Таным" — философиялық ұғым, "...айналадағы материалдық шындықты"
адам санасында бейнеленуі". Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін
болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру,
сезіну, түйсіну арқьыы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді
де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы
таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.
Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды
нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық
формасы дамиды.
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты
құбылысты танығаннан кейін, енді таныс емес-терін білуге ұмтылады,
ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге
қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап,
өзгертеді, екінші зат өндіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары
мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады.
"Таным... практикалық қызмет барысында іске асады".
Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортада бар заттарға
негізделсе, оны өз мәнінде танып-білу үшін ғылым керек. Дүниетанымды
қалыптастыру үшін биологиялық, химиялық, тілдік және басқа ғылым
салаларынан, өз ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, қазіргі таңда рухани өмірде
жеткен жетістіктерін бір-бірімен байланыстыра отырып білім беруді
қамтамасыз ету керек.
Дамыған қоғам мен биологиялық ғылымның, техниканың ара қатысынан
айқын тартылған шекараны табу қиын.
Академик В.В.Струминский философия ғылымы мен Гшологиялық ғылымның
бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі сүйене отырып, дүниетаным шекарасын
күшейте түсетінін айта келіп, "Искать границу раздела — это значит
воздвигнуть стену между естественными и общественными науками" дейді.
Қазіргі танда адамның дүниені тани білу ауқымын тіпті күшейте,
кеңейте түсу талабы туып отыр. Бүкіл әлемді, галактиканы, жұлдыздардың
пайда болуы мен дамуын зерттеп отырған астрофизика ғылымы болса, маман емес
адамдардың өзі онда болып жатқан жаңалықты біліп, түсінуге тырысады.
Дүниетану ұғымына диалектикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, қазіргі
таңдағы ғылым мен техниканың дамуын, ірі ашылыстарды ғана есепке алып
қоймай, өндіріс күштерінің, ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да
қадағалай білген жөн.
Жаңа заманда ғылым қоғамның үлкен өндіріс күшіне айналуына байланысты
өндіріс күшін өндірістік қатынастан бөліп қарауға болмайды. Керісінше,
қадағалау арқылы ғылыми-техникалық революцияның қоғамға тигізер пайдасымен
қатар, табиғи ортаға, адам тіршілігіне келтіретін қиындығын түсіну қажет.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты адам баласы табиғи дүниемен
қарама-қайшылыққа түсіп отыр. Себебі дамыған техниканың әсерінен айнала
қоршаған орта ластанып, табиғи объектілердің, заттардың түрлері азайып,
адам денсаулығы мен өміріне қауіп төнуде. Түрлі машиналардан, зауыттар мен
өндіріс орындарынан шыққан улы газдар көбейіп, тіршілікке қауіп туғызуда.

Философиялық ұғымда "Дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған
орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-
мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген
жиынтығы". Осы философиялық қағида дүниетану көзқарасының түп нұсқасы
ретінде оның қалыптасу жолын көрсетеді.
Философия көзқарастың қалыптасуының теориялық мәселелерімен
айналысса, оның дидактикалық жағымен педагогика ғылымы айналысады. Дүниеге
көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын
болса, ол үнемі дамуда болатыны занды. Даму өз өзінен тумайды. Ол —
тынымсыз ізденіс, қателіктер мен қиындықтарды жеңе отырып, шындыққа
жақындау және жету жолы. Қоғамдық өмірдің дамуы, рухани дүниеде болатын
өзгерістер, осыған байланысты адамның өмірлік тәжірибесінің молаюы, өзгеруі
дүниеге көзқарастың да өзгеруіне әкеліп соғады. Философиялық тұрғыдан
алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көзқарасы бүкіл
дүниемен, табиғатпен қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды. Қазіргі
өркендеген қоғам өзгерісі (түрлі техника, ғарышты игеру және т.б., адам мен
қоғам арасындағы жаңа байланысты тудырьш, олардың дүние туралы көзқарасын
өзгертуге себепші болып отыр.
Көзқарастың қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге
асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім беру, яғни,
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады. Оқушылар
адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны
жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып,
абстракциялық ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын таңдап,
жинақтап, ой қорытатын деңгейге көтеріледі. 1-сыныпта дүниенің тұтастығы
жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4-сыныпта дүниенің әрбір
заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.
Оқушылардың дүниетану көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты
меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғарыда айтқандай, қоғамның даму
дәрежесі төмен, оқу-ағарту жұмыстар әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде
де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық
болды. Бірақ, ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден
түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер
болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғып отырды.
Өйткені балалар байқап көргендерін өз қалпында, өр затты не құбылысты тек
сыртқы түріне, көрінісіне байланысты қабылдайды.
Қоғам дамуы, оқу-ағарту ісінің ғылыми деңгейге көтерілуі нәтижесінде
көзқарастың ғылыми мәні жоғарылады. Білім мазмұнының тереңцеуіне байланысты
дүниеге көзқарас та нақтылана түсті. Білім арқылы ғана әр заттың не
құбылыстың шынайы мәні ашылады. Осыны білген ойшылдарымыз ертеде-ақ халыққа
білім берудің маңызын түсініп, "көзі ашық" болуы тек біліммен байланысты
екенін айтып кетті. Білімсіздіктің мүшкіл халін Абайдың мына бір шумағынан-
ақ түсінуге болады:
"Білмеген соқыр,
Қайғысыз отыр,
Тамағы тойса, жатуға" — деп, білімсіздіктің аянышты халін күйіне жырлайды.
Білім жоқ болса, көзқарастың дұрыс дамуы мүмкін емес. Дүниетанудан білім
беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту арқылы дүние заттарының,
құбылыстарының нақтылығын, олардың біздің санамыздан тыс өмір сүретінін
және бір-бірімен байланыстылығын, заттар мен құбылыстардың даму
заңдылықтарын түсіндіріп, шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады.
Білімнің ғылымилығы оқушылар сенімінің көзі деуге болады. Себебі әрбір
ғылыми ұғымды меңгеру үшін оқушылар іс-әрекеттер жасап, практикалық
жұмыстар, тәжірибелер арқылы проблемалық ахуалдарды шешу барысында шындыққа
жетеді. Шындыққа жету жолында өз іс-әрекеттерін қорытып, ой толғайды, оның
нәтижесін тұжырымдайды. Белгілі дәлелділікке жеткеннен кейін алған
ұғымдарына сенімі артады. Сонымен қатар, әрекет жасап, ізденіп, талпыну
арқылы өз-өзіне, алдына қойған мақсатты шеше алатындығына деген сенімі
артады.
Бастауыш сыныпта "Дүниені" танытуға байланысты материалдарды оқытуда
бірнеше мақсат көзделеді.
Біріншіден, адам баласы саясатпен, ғылыммен, өнермен және т.б осы
сияқты саяси, рухани мәселелермен айналысу үшін олардың көңіл күйі
көтеріңкі, дені сау, рухани дүниесі бай болуы қажет. Материалдық дүние,
яғни, киім-кешек, ішім-жем, баспана және т.б. тіршілікке керекті жағдайлар
сай болмаса, адамның рухани мәселелермен айналысуға мүмкіндігі келмейді.
Өзіне қолайлы жағдай жасау үшін адамның еңбек етуі, өз өмірін өзі
ұйымдастыра білуі, материалдық игіліктерді өндірумен айналысуы қажет.
Материалдық игілікті өндіруге адам күш жұмсайды және күшті қолданатын
нақты зат болуы керек. Ол заттар табиғаттан алынады. Сонымен қатар, өнімді
дұрыс өндіруге, оны қоғам игілігіне және жеке бас игілігіне пайдалануға
білімділік, ұйымдастырушылық қабілет пен күш керек. Табиғат байлығының мән-
мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам
баласы білім мен білікгілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір
талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік оқушыларға бастауыш
сыныптағы дүниетану материалдарын оқьпу арқылы қалыптаса бастайды.
Оқушылардың дүниетанымының қалыптасуында эмоция мен логикалық ойдың
мәні зор. Қазіргі тандағы ғылыми еңбектерде адам эмоциясының және логикалық
ойдың бір-бірімен тығыз байланыстылығы дәлелденіп отыр. Бұл екеуі де —
адамның ішкі сезімі, жан әрекеті. Сыртқы шындықты сезімге әсер етуінен
түрлі хабарлар миға жетіп, эмоция тудырады да, ой осыған орай шешім
қабылдайды. Ой — қорытынды шығарып, шешім қабылдау тірегі десек, эмоция
оның көзге түсетін нәтижесі ретінде сыртқа шығатын күйі (қобалжу, ренжу,
қуану, құптау не жоққа шығару және т.б.), түрі. Осыған қарап, эмоция мен
ойдың көзқарасының қалыптасуына тікелей әсер ететінін көруге болады. Бір
затты не құбылысты танып білуде олар үнемі қатар жүреді. Ал танып білу
нәтижесінде дүниетаным қалыптасады.
Дүниетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат
аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен, ол
қатынастардың әдіс-тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс-тәсіл бала жастан
қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгеріледі. Мәселен, әр затты
байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түсін сезіну арқылы қасиеттерін
айқындай түсу — мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен
іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.
Адамның болмысы туралы философтар анықтама бергенде, "Адам — еңбек
әрекетімен шұғылдана түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар
тіршілік иесі", — дейді. Олай болса, сол қатынастарды ғылыми негізде
этикалық, эстетикалық, адами тұрғыда жүзеге асыру үшін адам қоршаған
дүниеден білім жүйесін меңгеруі тиіс.
Адамның бүкіл болмысы үш түрлі өлшемнен (биологиялық, психологиялық,
әлеуметтік) тұратынын білеміз. Әр өлшемнің өз деңгейі мен мазмұны бар.
Биологиялық өлшем адамның дене бітімін, түр-тұлғасын, ой-өрісін
қамтиды. Дамуды биологиялық тұрғыдан айсақ, ол — дененің дамуы, деннің
саулығы, мидың жұмыс істеу қабілеті. Бұл өлшемнің түпкі шығу тегі
генетикалық болғанымен, оны керегінше шындау адамның өзіне байланысты. Адам
өзін-өзі тәрбиелеудің, жетілдірудің жолын меңгерсе ғана, бұл талаптарды
орындай алады. Өзін-өзі тәрбиелей білетін, жетілдіру жолында еңбек етіп,
тер төгетін адам білімді болуға тиіс. Бұл — дүниетанымдық деңгейдің
көтерілуіне қажет алғы шарттың бірі. Дүниетануды оқытудың мәні де осында.
Адамның екінші өлшемі — психологиялық өлшем. Бұл адамның жан дүниесі,
темпераменті, санасы, есі және т.б. Қысқаша айтқанда, ағзасында жүріп
жатқан процестер. Адамның бұл өлшемі биологиялық өлшеммен тығыз байланысты.
Мәселен, адамның көңіл-күйінің өзгерісін мидан бөлек алып қарай алмаймыз.
Психикалық тұрғыдан бір нәрсеге өзінің қатысын көрсету үшін адам алдымен
ойланады. Сол ойдан келіп оның сүйсіну, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz