Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру
жоспар:
кіріспе
2-5
1 Бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне оқытудың әдістері мен
тәсілдері 6-8
1.1 Бейнелеу өнерін ұлттық мектептерде оқытудың мақсаттары мен
міндеттері
6-8
1.2 Балалардың алғашқы сурет салуды меңгерудегі табиғи қабілеттері
9-12
2 Бейнелеу іс-әрекетінде бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліетері
мен мүмкіншіліктері.
2.1 Бейнелеу өнерін оқытуда жаңа педагогикалық технологияны қолдану
жолдары
13-19
2.2 Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін
қалыптастыру
20-23
ҚОРЫТЫНДЫ
24-26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27-28
кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Білім беру реформасы-
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдарының бірі, - деуі, оның жүзеге асырылуы оқытушылардың
сапалы даярлығында және олардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауында
екендігін баса көрсетіп отыр. Осындай жаңа талаптар ұстаздардың жоғары
шығармашылық шеберлігі мен адамдық ресурстарды тиімді пайдалануы
нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі шығармашылығы арқылы беріліп
отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамдары, өнердің танымдық мәні мен
тәлімдік маңызы педагогика тарихынан есімдері танымал ағартушы ғалымдар
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев еңбектерінде сөз етілген.
Бейнелеу өнері және сызу мамандығының мұғалімдерін дайындаудың жалпы
теориялық және әдіснамалық негіздері Н.Н.Ростовцев, Д.Н.Кардовский,
А.А.Унковский, В.С.Кузин, Б.Г.Лихачев, Е.Е.Рожкова, Н.Н.Неменский,
Б.П.Юсов, Г.В.Беда, А.С.Хворостов, А.Д.Алехин, Т.Я.Шпикалова, Н.П.Сакулина,
Е.В.Шорохов, А.Е.Терентьев, Б.С.Суздалев, Е.И.Игнатьев, Л.Г.Медведов,
Л.А.Ивахнова, С.С.Булатов т.б. еңбектерінің негізі болған. Қазақстанның
жоғары оқу орындары мен мектептердегі бейнелеу өнері пәнін оқыту
әдістемесінің дамуын, көркемдік білім берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін
Қ.Е.Ералин, Қ.Ж.Әмірғазин, Б.А.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов, С.А.Аманжолов,
Е.С.Асылханов, Д.Садығалиев, М.Жанаев, А.О.Қамақов, Ұ.Ибрагимов,
Б.Е.Оспанов, Р.Мизанбаев, Т.М.Қожағұлов, С.Н.Данилушкина, Б.А.Мұхаметжанов,
Ж.С.Кенесарина; этнопедагогика саласынан қазақ халқының сәндік-қолданбалы
өнері арқылы тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері С.Қалиев, Қ.Жарықбаев,
А.А.Қалыбекова, С.А.Ұзақбаева; қазақ сәндік-қолданбалы өнері негізінде
оқушыларды еңбекке баулу Қ.Ж.Әмірғазин, О.С.Сатқанов, Е.Т.Кісімісов;
эстетикалық қызығушылығын С.А.Жолдасбекова, Т.Левченко; көркемдік талғамын,
көркемдік қабылдауын қалыптастыру Ф.Ы.Жұмабекова, Қ.О.Жеделов және т.б.
ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Бейнелеу өнері бойынша, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын
қалыптастырудың мәселесіне назар аударған ғалымдар Ұ.Ибрагимов,
Ұ.М.Әбдіғапбарова, Қ.К.Болатбаев, И.С.Сманов, Т.Қ.Мұсалимов, Б.И.Ижанов,
Д.А.Кемешов, Қ.О.Жеделов, М.Ж.Тәңірбергенов, С.Қ.Бейсенбаев, Ж.Бейсенбеков,
Е.П.Митрофанова, З.Ш.Айдарова, С.Р.Матаева, Б.А.Айдарбек, Ж.С.Көшенов,
М.А.Абдрахимов, Ғ.Қ.Ералина еңбектерінде ұлттық өнер негізінде оқушыларға
эстетикалық тәрбие беру теориясы мен көркемдік білім беру зерттеліп, маңызы
ашылып көрсетілген.
Қазақстан Республикасының мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық бейнелеу
өнерін зерттеуге үлес қосқан өнер зерттеуші ғалымдар Г.Сарықұлова,
И.Рыбакова, М.Ғабитова, Р.Көпбосынова, Н.Нұрмұхаммедов, К.Ли, Ш.Тоқтабаева,
Б.Мекішев, С.Мұқтарұлы, А.Ниязов, Қ.Е.Ералин, Б.К.Байжігітов, Қ.К.Болатбаев
көркемдік білім берудің мазмұнын аңықтап, қазақ бейнелеу өнеріне қатысты
теориялық және иллюстрациялық материалдарды толықтырды.
Көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы
жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары мен танымдық
қажеттіліктерін, келешекте олардың өнер түрлерінен жоғары оқу орындарда
білім алуға бағытталуына әсер ететін бейінді оқытудың басты бағытын
анықтауға ықпал етеді. Өнер пәні оқушы тұлғасының өмірлік көзқарасының
негізін құрайтын, оның өнегелі-эстетикалық тәрбиесіне әсер ететін әр түрлі
өнер түрлерін кешенді түрде меңгерту шығармашыл тұлға тәрбиелеу мақсатын
көздейді.
Мектепте өнер пәнін оқытудың мақсаты - әр түрлі өнер түрлерінің әсер
ету заңдылықтарына сүйене отырып, жоғары сынып оқушыларының тұлғасын
қалыптастыру. Өнер пәнінін оқытудың міндеті – оқушыларды отандық және шетел
өнерімен таныстыру, түсінуін арттыру, олардың рухани ішкі дүниесін байыту,
көркемдік мәдениеттің дамуындағы білік, дағдыларын жетілдіру; өнер тілін
меңгеруге, әлемдік мәдениетке деген құрметін тәрбиелеу.
Зерттеу мақсаты: бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне
оқытудың әдістері мен тәсілдерін анықтау.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне
оқытудың үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне оқытудың
мазмұны мен әдістемесі.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне оқытудың ғылыми-
педагогикалық негіздерін айқындау;
- өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың
моделін анықтау;
- бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне оқытудың
бағдарламасын жасау мен әдістемесін дайындау;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: жалпы адамзаттық
және ұлттық құндылықтарға қатысты тұжырымдар, көркем-эстетикалық талғамды
қалыптастыру, көркемдік білім мен дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және
оның жүйеге келтірілген мәдениеттану, өнертану, көркемдік-эстетикалық
педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынады.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы, Білім және ғылым министрлігінің
тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, философтардың, психологтардың,
педагогтардың, тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың еңбектері,
өнер шеберлерінің бұйымдары, суретшілер шығармалары, ұлттық мәдени мұралар,
автордың жеке өзінің ғылыми-педагогикалық тәжірибесі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық
мұражайларындағы қазақ қолөнер мұраларына, шетел бейнелеу өнеріне, көрмелер
мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық,
педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік құралдарға теориялық сараптау
жасау, педагогикалық эксперимент нәтижесіне математикалық талдаулар жасап,
баға беру.

тәсілдері

Көркемөнерлік шығармашылық баланың тұлғалық қасиетін қалыптастыруда
тәрбиелік мәні бар үрдіс. Ол оқушылардың эмоционалдық қызығушылық әрекетін
анықтауда, болмысты танып, бейнелеуде әсерін тигізеді. Оқушылардың
бейнелеуінде олардың өмірді қоршаған ортаны қабылдауы көрінеді.
Бейнелеу өнерін, соның ішінде сәндік қолданбалы өнерін біздің рухани
мәдени дамуымызда ежелгі дәуірден бері тамыры үзілмей, жалғасын тауып келе
жатқан өнер екендігі және балаларды тәрбиелеуде оның тәлім-тәрбиелік
мәнінің зор екендігін айта кеткен жөн.
Психологиялық-педагогикалық ғалымдарының дәлелдеулері бойынша ұлттық
тәлім-тәрбиенің негізіне сай ұлттық ойлау, сана-сезімі, мәдениетті
қалыптастыру тиіс: ұлттық даму ерекшеліктерін ескермеу, әдет-ғұрып салт-
дәстүрлерді білмеу, әрбір адамның адамгершілік қасиетінің жойылуына,
олардың азғындауына әкеп соқтыратынын оны болдырмаудың ең басты жолы-жүйелі
білім мен тәрбие беру.
Халықтық өнердің мәнінің айрықша бағалануы арқылы бастауыш сынып
оқушыларының бейнелеу шығармашылығын қалыптастыру, оқушылар мен
жасөспірімдерді әсемдікке баулу жұмыстарын жақсарту жолына республикамызда
көптеген игі істерге жол ашылуда.
Халық педагогикасына сүйену оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың, мұғалім
мамандар даярлаудың әсіресе, ұлт мектептері үшін айрықша міндет болу керек.
Аға ұрпақтың тәжірибесін мирас ету бала тәрбиесінің тиімді әдістерінң бірі
болып саналады. Шығармашылығы қалыптасқан адамның, бір жағынан, іскерлігі
жетілсе, екінші жағынан бойындағы материалдық рухани байлықтары жетіліп
азамат мәдениетіне мол үлес қосатыны сөзсіз.
Бүгінгі рухани өмірімізге, енген өзгерістерге қоғамдық сұраныстарға
сай өскелең жас ұрпақты игілікті парасатты, елін, жерін сүйетін, ана тілін
құрметтейтін, ата-баба дәстүрін қастерлейтін азамат етіп қалыптастыру
мақсаттарында ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени мұралар, негіздерінде
тәрбиелеуге бет бұрап бастағанымызбен бұл тұста ашылмай, айтылмай,
зерттелмей жатқан көкейтесті мәселелер де баршылық. Соның бірі –
адамгершілік, еңбек ерекшелігі ақыл-ой таразысы, тәрбие элементтері өн
бойынан табылатын қазақ халқының ою-өрнек өнерін оқу ісімен сабақтастыру.
Кез-келген халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан
кешкен өмір салтының, таным-түсінігінің, арман-аңсарының, жарқын айғағы.
Ұлттық ою-өрнектерден халықтың салты, әдет-ғұрпы, дүниеге көзқарасы,
тіпті көңіл-күйі сезімі де айқын көрініп тұрады.
Жалпы ұлттық ою-өрнектерді оқу бейнелеу өнері сабағында қолдану арқылы
балаларды әсемдікке баулу мен бірге білім дағдыларын қалыптастыруға: төл
мәдениетіне, еліне деген құштарлығын: ұшқыр қиялы, сана-сезімі: ой-өрісін
өсіруге біліктілігін шеберлігін шыңдап, рухани жетілуінің дами түсуіне әсер
ету әбден мүмкін.
Бейнелеу өнері – бұл адам баласының заманнан заманға рухани,
эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері
– бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің
жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұралар
қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.
Бейнелеу өнері - бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын,
тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер!
Біз осы бейнелеу өнері арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің
тынысын адамзаттың әдет – ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен
барша қайғы – мұңы мен таңдай қақтырар, тамсантар, дәуірлеп гүлденген
шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан-жануарлар дүниесінің алуан-
түрлілігін танып білеміз. Сонау ерте дүние заманында адам айнала қоршаған
ортасын, қызықтырған табиғат құбылыстарын топыраққа, балшыққа, тасқа
түсіріп бейнеледі, сол арқылы табиғат сұлулығын ұқты, жан-жануарлардың
әрекетін, мінезін зерттеді. Атам заманда жартастарға, үңгірлерге қашап
салынған суреттер өздерінің шындылығымен, әсерлігімен көрермендері
тамсандырады, тіпті кейде композициялық құрылымының әсерлі де анық
кескінделуі соншалық, суретке қарап өнер иесіне, оның шеберлігіне қайран
қаласыз.
Әсемдік пен әдемілік табиғат пен адам бойына жиналған, яғни табиғат
пен адам егіз деуге болады. Әдеміліктің нышанын адам баласы табиғаттан
алады, олай болса табиғат – сұлулықтың, жанға жақын тартатын әдеміліктің
көзі. Бізді қоршаған табиғи кеңістіктегі кез келген дене өзіне тән
әдеміліктен, жарасымдылықтан тұрады.
Бейнелеу өнерімен айналысы отырып, адам тек суретшінің практикалық
дағдыларын ғана меңгеріп, творчестволық ойларын жүзеге асырып қана
қоймайды, сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді, үйреншікті
нәрселерден сұлулықты таба білу қабілетіне ие болады, көргенің есте ұстау
және қиялдау қабілеті дамып, творчестволықпен ойлап, талдауға, білгенін
жинақтауға үйренеді.
Сондықтан бір ерте дүние өнерін жай кездей – соқтықтан туған деп
қарамай, оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз қажет, тіпті солардан
үйренуіміз керек. Өйткені, бұл - өнердің бастау – бұлағы, содан сусындап,
содан нәр алып қарыштадық емес пе! Көптеген деректер жинап оны шығармашылық
ізденіс тұрғысында жаза отырып, кескіндемеде пейзажды бейнелеудің теориялық
негізін іс-тәжірибиемен терең байланыстыру. Жұмыстың өзектілігіне келсек,
жұмыс барысында жинақталған материалдарға ғылыми талдау жасап, болашақ
маман, яғни ұстаз ретінде келер ұрпақтар бойына сіңіруіне үлес қосу.
Жұмыстың құндылығын айта кетсек, жоғарғы оқу орнында үйренгенімді, тәжірибе
бойынша жинақтағанымды мектеп қабырғасында және келесі курс студенттеріне
көрнекілік ретінде қолдануға болады.

Баланың көркемдік-бейнелеу өнеріне ұмтылысын қалыптастырудың бір
бөлігі балалардағы еркіндік рухын сезінуге бағытталған дұрыс тәрбие беруге
байланысты. Ол тәрбие шығармашылық тұрғыдан алғанда неміс философы Теодор
Липпстің Тұлғаның сезімталдығы туралы іліміне сәйкес фигураларды,
сызықтарды сезіну арқылы күшейе береді. Соның негізінде балада сұлулықты
түсіну қалыптаса бастайды. Тағы бір неміс философы А.Баумгартен өзінің
Сезімдік қабылдау теориясында эстетикалық категорияның негізі болып
сезімдік қабылдаудың жетілгендігімен анықталатын сұлулықтың сипаттамасын
көрсетеді. Бала өз суреттерінде форманы, фигураны, сызықты сезіну арқылы
қоршаған ортаны көрсете білуді үйренуі қажет. Бірақ та ең алдымен,ол түсті
сезінуді үйренгені жөн. Түс өзіндік бір лакмустық қағаз іспеттес, егер бала
әлемді көңілсіз күйлерде қабылдаса, онда оның суреттерінде қара, сұр,
қараңғы түстер үстем болады.
Сезімдік қабылдау арқылы түс, фигура, форма сызық және композиция бала
көңілінің жұмыс құралдарына айналады да, соның нәтижесінде бейнеге белсенді
ену үрдісі өтіп, баланың көз алдында сызықтар, формалар мен сүрлемдер
жанданады. Мектепке дейінгі дамудың әрбір кезеңінде бала өзінің эстетикалық-
интеллектуалдық дамуына сәйкес қоршаған ортаны әр түрлі сезінуі мүмкін.
Берілген мәселе контекстінде ата-аналардың назарына баланың дамуы негізінде
жасақталған және оның шығармашылық қабілеттеріне, жақсының мүмкіндіктеріне
сәйкес деңгейге дейін қалыптастыратын жаңа типтегі Истоки аты психологтер
мен педагогтер тарапынан құрастырылған базистік бағдарлама ұсынылуға өте
лайықты. Өйткені бұл бағдарламада мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың
мүмкіндіктері сипаттала келіп,балалардың қоршаған орта туралы сезімдеріне
үндесетін бейнелердің декоративтік жарқындығы,иланушылығы атап көрсетіледі.
Төрт жастық кезеңдегі балалар бейнені жарату кезінде суретті
безендіру үшін түсті қолданады да, бүкіл қағаз бойлап, белгілі бір ырғақта
дақтар мен сүрлемде қайталана береді, бірақ уақыт өте келе бала жеке бір
түстерді таңдай бастайды. Осыған сәйкес суреттің композициясы да өзгереді.
Бұл жастағы балаларда күрделі емес сюжеттерді және сызықтарды, формаларды,
түстік дақтарды сезіну арқылы әр түрлі бейнелерді арнайы жасау қабілеті
қалыптасады. Әрі қарай бес жастық кезеңде бала өсімдік және жануарлар
әлемін, адамдарды бейнелеуге қызығу таныта бастайды, яғни, саналық сезіну
пайда болып, сюжетті және декоративтік бейнелеудің тәсілдерін сезіне
түседі. Осылайша сурет салғанда графикалық және жанды бояу мәнерлерін
пайдаланып, түстік гамма кеңірек сезініледі, декоративтік
өрнектер,аппликациялар қалыптасады, түрлі формаларды, заттарды өздігінше
қиып алу, сюжеттерді құрастыру қабілеттері пайда бола бастайды.
Мектепке дейінгі үлкенірек кезеңде балаларда тұрмыстық заттар мен
құбылыстарды суреттерде толықтау кеңірек көрсету қабілеті байқалады, оларға
деген эмоциялық қатынасты білдірудің шығармашылық ұмтылысы және
белсенділігі арта түседі, бұл кезеңдегі балалар өздерін суретші,шебер
ретінде сезіне түседі, материалды, суреттің тәсілдерін таңдаудағы өзгеше
жаңа сезімдер қалыптасады. Балаларда композицияны сезіну(сурет жақынырақ
немесе алыстау болады), түстік гамманы таңдау қалыптаса бастайды, бала
өзінің бастамашылығын танытады, яғни,онда шығармашылық бейнелеу қызметіне
деген түрткі пайда болады.
Әрі қарай жеті жастағы балалар суреттерде түрлердің, жанрлардың
мәнерлеу құралдары мен көркемдік бейнелерге эмоциялық көзқарас білдіре
бастайды, жеке және өзгеше көркемдік бейнелерді өздігінше жаратады,
силуэттердің орналасуы мен көркемдік перспектива элементтері бар сюжеттік
композицияларды өздігінше сезіне алады. Балалардың эстетикалық дамуындағы
бірінші қадамын іске асыру барысында балалардың табиғатқа, әдемі заттар мен
материалдарға деген эмоциялық, сезімдік мейірімділіктерін тәрбиелеуге
мүмкіндік туады.
Балалар кітап графикасын, халықтық және декоративтік-қолданбалы өнер
туындыларын ынтамен қабылдайды. Балалардың көркемдік эстетикалық дамуындағы
жетістікке баламен жұмыс істеу кезінде, ал баланың табиғатқа, әдемі
заттарға, туындыларға деген сезімдік қатынасын қалыптастыруға мақсатты
бағытталған іс-шара арқылы жетуге болады.
Қабылдаудан алынған түсініктер тұрақты болып қалмайды, сезімдер жиі
өзгеріп тұрады, бала суретте көргенін емес, өзінің сезгенін, қиялдан
шығарғанын, елестеткенін бейнелейді. Қазақстан Республикасында қабылданған
кадрларды даярлау жөніндегі бағдарлама білім берудің әрбір басқышында
тұлғаның қабілеттерін ашуды қамтамасыз етуді қарастырады, соның ішінде
эстетикалық-көркемдік қабілеттері, баланың өз шығармашылығында қоршаған
әлемді сезіну қабілеттері де қамтылған. Қазақстанда бірнеше жыл бойы жұмыс
істеп келе жатқан Балабақшаларындағы тәрбие және білім беру бағдарламасы
балаларда біліктілік пен білімді алатын тәрбиені, сезімдік қызығуды
қамтамасыз етуге бағытталған, яғни, бала эстетикалық өсу барысында мектепке
дейінгі жастың өзінде-ақ шығармашылық жеке факторларға дағдылана бастайды.
Педагогикалық зерттеулерде (ғылымдарда ) көптеген ғалымдар ересек
адамның сұлулыққа, өнерге қатынасы балаға әсер етіп, үлгі болатынын атап
көрсетеді, себебі, бала ересек адамды толғандыратын нәрселерді көре және
сезе біледі.
Ересектер тарапынан баланың салған суретіне деген қатынасы байыпты
болуы керек, баланы шектен тыс мақтай беруге болмайды және баланың
мүмкіндіктерін асыра бағалау да дұрыс емес. Баланың ұмтылысын мақтай отырып
ересек адам оның суретіндегі мәнерлілікті көргенімен, қателеріне мән бермей
қоюы мүмкін. Сонымен бірге кішкентай балаларды суреттің жеткілікті емес
нашар сапасы үшін сынау балада бейнелеу өнеріне деген теріс қатынасты
туғызады, нәтижесінде бала өзінің шығармашылық әлеуетіне сенімсіз болып
қалады. Бала мен ата-ана арақатынасы үрдісінде қоршаған ортаның немесе
баланың еңбектерін тамашалау кезінде ересек адамдар балаларға түсінікті
болуы үшін көркем сөзбен сөйлей отырып бейнелі тілді қолдануы тиіс, соның
нәтижесінде баланың тіл байлығы дамиды, шығармашылық көтеріңкі көңіл күйі
мен эмоционалдық қабылдауы күшейеді, мәнерлі көркем құралдарды іздестіру
ұмтылысының қалыптасуына жағдай жасалады.
Бейнелеу өнерінің туындыларын көшіруге ұмтылу балаларда стереотиптік
қимылдау әдетін қалыптастырады да, баланы өзіндік ерекшелігімен және сезу
қабілетінен айырылуы мүмкін. Сол себепті де баланың қоршаған әлемді тануы
оның абстрактілі ойлау призмасы арқылы өтуі тиіс, яғни, қоршаған әлемді
бала толық сезінуі керек. Бұл аспект эстетикалық жоспарда балалардағы
көркемдік қалыптасудың үрдісінде өте маңызды болып саналады.

Өнер білімді қаймағын мазмұндық біртұтастықта қарастыру, қоғамдық
санадағы өнердің алатын орнының өзгеруін және осы облысқа кіретін көркем
сурет, би (ритмика, музыкалық қозғалыс), театр, экрандык өнер сияқты
пәндердің ізгілі жүйелілігін меңзейді. Қазақстан жағдайында оның халқының
ұлттық мәдениетінің маңызды міндеті тұтас мәдени және білімдік кеністіктегі
маңызды міндеттерді сақтау болып табылады. Бұл эстетикалық тәрбие мен
көркем білім берудің мазмұнын кешенді түрде жасауды ескерудің қажеттігін
білдіреді.
Қазіргі таңда Өнер білімдік аймағының мақсат-міндеттеріне сай оқушы
тұлғасының қандай болуы керек, қандай базалық біліктілікке ие болуы керек
деген сұрақ ғалымдар мен білім беру саласындағы әдіскерлер, практик
мұғалімдердің және жас ғалымдарды ойландырады. Пән аралық және тақырып
аралық бірізділік мәселесі әлі де болса зерттеуді қажет етеді. Сондай-ақ
пәндік, пәнаралық және транс-пәндік ұғымдарды зерделеп, үлес қосқан
педагог-ғалымдарды: А.Н. Леонтьев, Н.Н. Платонов, Е.А. Милерян, И.А.
Зимний, Н.А. Лошкарева, И.С. Якиманская, Г.И. Шюкина, Н.А. Мечинская және
Д.Н. Богоявленский, П.Я. Гаяъперин, Н.Ф. Талызина, Е.Н. Кабанова-Меллер
және т.б. атап өтуге болады. Білім мазмұнын сандық емес сапалық қатынаста
кеңейту мәселесі бұрыннан қолға алынып, ғалымдардың назарын аударып келе
жатқан өзекті мәселе.
Бейнелеу үрдісінде көздің көру қабілетіне, көз арқылы мөлшерлеуге аса
назар аударудың мәні зор. Себебі сурет салу үшін салынатын объектіні,
заттың кеңістіктік қатынасын анықтау қажеттілігі туындайды. Бейнелеуге
оқытып үйретудің бастапқы кезеңінде заттардың кеңістіктік ерекшеліктерін
анықтаудың көмекші әдісін қолдануға болады. Оқушы қарындашты қолына алып,
салынатын бейнеге қарай созып, карындаш бойына сол өлшемді өлшеп салады.
Осындай тәсілмен суреттегі нәрселердің қаншалықты алыс-жақын, үлкен-кіші
екендігін шамалап білуге болады.
Оқушы сурет салу үрдісінде заттың формасын, тепе-тендігін,
перспективалық қысқаруын, заттың түсін көру арқылы қабылдай отырып заттың
қабылданатын ерекшеліктерін сараптайды, салыстырады, қорытындылайды. Ойлау
қабілеті оқушы алдында нақты тапсырманы шешуге, қандай да бір әрекет
тәсілін табуға, қайсыбір сұраққа жауап беру қажеттілігі туындаған кезде
арта түседі. Осының бәрі болмыстағы кұбылыстар мен объектілерді тану мен
бейнелеп көрсету бағытын көрсетуші бейнелеу әрекетінде орын алады. Бұл
жайлы Чистяков былай дейді: Сурет салу - демек ой жүгірту, ойлану. Ешқашан
үнсіз сурет салмаңыз, өзіңізге әрдайым сұрақ беріп отырыңыз, өйтпеген
жағдайда сурет салу тек қолды жаттықтыру дағдысы ғана болып қалады. Кез
келген бейнелеу әрекеті ойдың жұмыс жасауынан, яғни анализ, синтез,
салыстыру, қорытындылау, абстракция және нақтылау арқылы іске асады. Анализ
дегеніміз — тұтас нәрсені ойша бөліктерге бөлу, яғни затты бөлшектеу,
кұбылысты жеке қырлары арқылы белгілеріне, қасиетіне бөлу. Синтез,
керісінше, жеке бөліктерді ойша өзара біріктіру. Анализ бен синтез шындықты
тануда ғана емес, сезіну мен қабылдау үрдісінде де қатысып отырады.
Бізге дейінгі келіп жеткен тарих тереңіне үңіліп, бағзы заманнын
деректеріне жіті көз тіксек, өзге түркі халықтары сияқты қазақтың да жазу
тарихы әріден басталатынын, жазудың алуан түрлерін басынан кешкендігін
көреміз. Тым арғы замандағы жазудың тегі суреттен басталғанын білеміз.
Сурет жазуы алғашқы қауымдық дәуірде пайда болып, сол заманның бейнелеу
өнерімен түп-тамыры бір бұтақта мәуеледі.
Бейнелеу өнерінің әртүрлі өнер түрлеріндегі көркем іс-әрекеттерді
меңгере отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана менгеріп,
шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар өзін
талғампаздыққа тәрбиелейді, күнделікті көріп жүрген нәрселерінен әсемдікті
таба білу қабілетіне ие болады, көргенін есте сақтап, қиялдау қабілеті
дамып, шығармашылықпен ойлап, талдауға, біліктілікке дағдыланады. Аталған
қасиеттер баршаға қажет. Кез келген кәсіптің иесі, егер ол бейнелеу
құралдарын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жұмысты да жақсы
істейді. Көптеген ғалымдарға бейнелеу құралдары өздерін толғандырған
бейнелерді, ғылыми және техникалық ойларды бейнелеуге көмектесті. Көрнекті
авиаконструктор былай деп жазған еді: Мен тағы бір нәрсе үшін мектепке дән
ризамын: онда сурет салу жақсы жолға қойылған болатын. Сурет сала білу
маған көп көмегін тигізді. Өйткені инженер-конструктор әлдеқандай машина
жасауды ойластырған кезде, ол өзінің болашақ туындысын егжей-тегжейлі көз
алдына келтіруге және оның бейнесін қарындашпен қағаз бетіне түсіре білуге
тиіс. Оқушының қабылдауы әбден ойланған, мақсатты бағыттағы сараптамалық
тұрғыдан қалыптасуы үшін, мұғалім оның әсерленуіне сай түсінік беріп
бөлшектерді белгілі бір тәртіпте қарастыруға көмектесуі қажет. Оқушы
бейнелеу өнерінің көркем шығармаларын қабылдау қабілеті күрделі психикалық
процесс болып табылады. Көркемдік қабылдауды дамыту үрдісінде қабылданған
нәрсені бағалауда туындайды. Оқушының көркемдік шығармаларды қабылдауы
педагогтың сұрақ қоюына да байланысты. Суретте не бейнеленген? деген
сұраққа оқушылар бейнеленген нәрселерді тізіп айтып берумен ғана шектеледі.
Не істеп жатыр? деген сұраққа бейнеленген нәрсені сипаттаумен ғана жауап
береді. Не жайлы? деген сұраққа түсінуге және өзінін түсінігін айтып
беруге тырысады.
Мұндай шығармашылық жұмысты тек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz