Дамыта оқыту арқылы тіл дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖƏНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛIГI
М.САПАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
“ГУМАНИТАРЛЫҚ ПƏНДЕР” КАФЕДРАСЫ
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Бастауыш мектеп оқушыларының жаңа технологияны қолданып оқыту арқылы тілін
дамыту
Орындаған: Керімова С.
ПМНОк 03-1-тобының студенті.
Қабылдаған:
ф.ғ.к. Молдабек Қ.
ШЫМКЕНТ 2007

Мазмұны
Кіріспе
І. Тарау. Дамыта оқыту.
I .1 Дамыта оқыту дегеніміз не?
I. 2 Дамыта оқытудың қажеттілігі.
I. 3 Балалардың дамуына əсер ететін факторлар.
ІІ. Тарау. Дамыта оқыту арқылы тіл дамыту.
II.1 Дамыта оқытудың тіл дамытудағы ролі. II.2 Бастауыш мектеп
оқушыларының психологиялық жəне педагогикалық ерекшеліктері.
II.3 Бастауыш мектеп оқушыларының тілін жаңа технологияны қолдану
арқылы дамыту əдіс-тəсілдері.
Қорытынды
Пайдаланылəан əдебиеттер

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейкестілігі.Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан
ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық
деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тəрбиелеуде
бастауыш мектептің алатын орны ерекше. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен,
əлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа əлемнің
есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тəрбиенің сан-салалы, күрделі мəселелеріне терең бойлауға бастайтын,
күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне əсер
ететін білім мен тəрбиенің алғашқы баспалдағы- бастауыш мектеп. Бастауыш
саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы. Келешекте жалпы
білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы
бастауышта қаланады. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың əдістері
мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені жеке
баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің
қалыптасуы мектепке дейінгі тəрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асады.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның
алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту,
іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып,
ынтасын арттыру.
Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ұстаз. Тек
білімді, іскер, мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Ол
үнемі ізденіс үстінде болады. Сондай ізденістердің бірі - жаңа технологияны
пайдалана отырып бала тілін дамыту.
Халқымыз əрқашанда ұстаз мəртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп,
бағалаған. Сондықтан ұлы Абай Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға,
Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады - десе, чех педагогы
Я.А.Коменский: Мұғалім мəңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой

мен қимыл əрекетіне ақылдың дəнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын
иесі, - деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. Ендеше мұғалім алдыңғы
қатарлы тəжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа технологияларын
енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Сонда ғана
білімді, ойшыл, тапқыр оқушыларды тəрбиелеп шығара аламыз деп ойлаймыз.
Оқушылардың танымдық əрекеттерін арттыру қазіргі заман педагогикалық
геориясы мен практикасының даму кезеңінде актуальді проблемалардың бірі
болып отыр. Оқушылардың негізіі əрекеттерінің түрі оқу болғандықтан, бұл
заңды. Мектеп алдында тұрған жасөспірім ұрпақты өмірдің сан-саласында еңбек
етуге əзірлеу. ғылыми-техникалық прогреске белсене қатысу сияқты негізгі
міндеттер осы үрдіс барысында шешілмек.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді,
əрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Бұл білім беру үрдісін дұрыс жолға
қою - біздің міндетіміз. Себебі оқыту үрдісін жетілдірмей. қоғамның
қажеттілігін қанағаттандыратын жеке адамды тəрбиелеу мүмкін емес.
Халқымыздың ұлы ақыны Абайдың қара сөздеріндегі даналық ойлары əрқашан
еске оралады. Əсіресе оның Адам баласы өмірге келгеннен кейін ішсем,
жесем, көрсем, білсем, үйренсем екен деп армандайды деген қағидасын жас
жеткіншектерге жете түсіндіруіміз абзал.
Осы мақсатта, алдымен баланың танымын дамытып, тəрбиелей білуіміз
шарт. Сол үшін əрбір ұстаз алдындағы балауса шəкірттерінің дүниетанымын
бақылап, оған дұрыс бағыт-бағдар беріп, айналадағы өмір болмысына сай жан-
жақты тəлім тəрбие беруді көздейді. Сондықтан жас бүлдіршіндердің мектепке
алғаш келген күннен бастап біліммен қатар танымдылық қасиеттерін де
дамытып, тəрбиелсуіміз қажет. Себебі, өзін қоршаған дүниені жете таныған
бала сабақты да терең меңгереді.
2. ДИПЛОМ жұмысының мақсаты мен міндеттері.
- Дамыта оқытудың тілдамытуға қажетгілігін дəлелдеу.
- Дамыта оқытуға əсер ететін факторларды айқындау.

- Бала тілін дамытудың психологиялық жəне педагогикалық срекшеліктерін
көрсету.

3. Диплом жұмысының нəтижелерін теориялық тұрғыдан:
- Бала тілін дамытудың психологиялық, педагогикалық жəне липгвистикалық
ерекшеліктерін анықтауда, практикалық тұрғыдан:
- Бала тілін зерттеуші əдіскерлер:
- Бастауыш мсктеп мұғалімдері;
- 0315 педагогика жəне бастауыш оқыту əдістемесі мамандығының студенттері
пайдалаиа алады.

4. Диплом жұмысының — ғылыми болжамы:
Егер бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуда жаңа технологияны
пайдаланса жақсы нəтижеге қол жеткізуге болады.
5. Диплом жұмысын жазуда байқау, талдау, жинақтау жəне салыстыру əдістерден
пайдаланылды.
6. Диплом жұмысының зерттеу нысанасы:

Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту үрдісі.
7. Диплом жұмысының құрылысы:
Кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан жəне пайдаланылған
əдебиеттер тізімінен тұрады.

І Бөлім. Дамыта оқыту.
1.1. Дамыта оқыту дегеніміз не?
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ,
ойшылдар білім мен ақыл-ой тəрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына
əсерін зерттеген. Бізге белгісі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан мектеп
алдында баланың қабілеттілігіне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық
ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының жəне тілінің дамуын қамтамасыз
етуді қойған.
XVII ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі
қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың
білімге деген құштарпығын оятып, лаулата түседі делінген.
И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет қасиеттерін дамыту
идеясымен арқауланған бастауышта оқыту əдістемесін жасауға əрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің əйгілі Неміс мұғалімдерінің
білім беру ісіне басшылық. (Руководство к образованию немецских учителей)
атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп баланың білім
алуға əрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Жаман мұғалім ақиқатты
өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді -
деген.
Ал орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикапық еңбектерінде
бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мəселелеріне ерекше
тоқталып, арнайы əдістеме жасаған.
Осылай бола тұрғанмен, дамыта оқыту деген терминге көзқарастар мен
пікірлер əр түрлі. Себебі дамыта оқыту ұғымына берілген түсініктер
əртүрлі жəне дамытпай оқыту бола ма? деген сұрақтар жиі қойылады.
Алайда дəстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы
əсер етсе, дамудың соңында жүрсе, ал екінші жағдайда оқыту дамуды өзімен
бірге ала жүреді деген Л.С. Выготскийдің пікірінен көп нəрсе аңғаруға
болады. Алғашқыда, оқытудың тиімділігі алынған білімінің тиімділігі
көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңғыда білімнің тиімділігі

қабілеттің деңгейімен, əрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты
дамығандығымен өлшенеді.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып,
баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың əртүрлі деңгейін, типтерін
(Л.В. Выготский. А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн) жəне басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев. Г.С.Костюк, А.А.Люблинская,
Н.А.Менчинская) жəне т.б. іс-əрекет теориясының технологиясын жасаған
(А.Н.Леонтьев. П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нəтижеде
дамыта оқыту проблемасына арналған екі эксперимент жасаған. Жүйенің
авторлары дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, əдіс-тəсілдері
баланың даму заңдылықтарына сəйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы
баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапапық
өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі -
бапаны оқыта отырып жалпы дамыту, оиың еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше
ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру,
басшылыққа алу, əрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
(Тұрғынбаева 2000ж.)
Л.С.Выготскийдің теориясы Д.Б.Эльконин басқарған шығармашылық топ
жұмысында əрі қарай жалғастырылды. Баланың өзін-өзі өзгертуші субьект
ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі
авторлар да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын,
əдістемелік құралдар дайындап, шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми
теориядан практикалық іс-тəжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту - дəстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп
қарастырылды.
Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген
мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған
орай, бұл жүйенің əдіс-тəсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру,
қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Жəне баланың

ізденушілік зерттеушілік əрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.
Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тəсілдерінің жаңа
мəселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан
барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады. Білім алуға əрекеттенеді.
Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дəлелдеу.

Бүл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің
негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын
үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, содан кейін жинақтау арқылы
жүзеге асады.
Л.В.Зонков жүйесінде арнайы. жаңадан ойлап табылған əдіс-тəсіл жоқ.
Өзіміз қолданып жүрген əдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады.
Мысалы, дəстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, əңгімелесу əдістері балалардан
іаныс нəрсені сұрап-білуге негізделген. Ана тілі сабақтарында тақырыптың
мазмұны бойынша. қазақ тілінде түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау
мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады.
(Адамбаева Ж. 1994ж.)
Дамыта оқыту жұйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды.
пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын,
өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта
болуы мүмкін екендігі қарастырылады. Мысалы. Əңгіменің кейіпкері жайлы не
айта аласың? түріндегі сұрақтар.
Көрнекілік т.б. əдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сəйкес өзгертіле,
күрделендіріле пайдаланылады.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді.
Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді.
Талдау бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім əр баланың

көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект
деңгейін анықтай алады. Əсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы
шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар-ұят,
қайырымдылық, əдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар
бойына жұғысты болады.
Бұл жүйедегі баланы ойпауға үйрететін тəсілдердің бірі салыстыру
əдісі. Салыстыру деген не? Философияпық сөздікте салыстару Салыстыру
объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы
шарты, - делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мəнді ойлау
операциясы, оқушының талдау. жинақтау қызметінің маңызды жағы, заттар мен
құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.

Айналаны тануда сапыстырудың мəні зор. Бұл туралы К.Д.Ушинский:
...салыстыру ойлаудың жəне қабылдаудың негізі. - деген.
Дидактикада салыстыру негізгі тəсіл болып табылады. Заттарды салыстыра
отырып түсіну тек адамға ғана тəн.
Мұғалім салыстыру тəсілімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай,
көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру
белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқты. Оқушыларға өмірінен тысқары
білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен
объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді.
Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық - баланың жалпы дамуындағы
негізгі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып,
бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық
байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді
ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі
оқуға деген қызығушылық арта түседі.
Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын жапқызып
қоймай, опардың себептерін айқындаудың бала дамуы үшін маңызы зор.
Біріншіден. заттардың əртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе,

екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра
білмейді. Сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдасгыру мұғалімнен үлкен
шеберлікті талап етеді.

1.2 Дамыта оқытудың қажеттілігі.
Адам мəдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштің бірі - оның тілі болып
табылады. Сондықтан бала тілін дамыта оқытудың маңызы айырықша. Бала тілі
алғашқы кезеңде жеке сөз ретінде шығып, ешқандай грамматикалық бəйланысқа
түспесе, кейіннен оның қолданылуының аясы кеңіп, бірте-бірте ұлғаяды. Бүл
өте күрделі процесс. Бала алғашқы фонегикалық қатар мен жəне лексикалық
сөздерді оқып-үйрену барысында сөздің өзгеру заңдылықтарын (жіктелуі,
септелуі) жəне сөз тіркестерін меңгереді, сонымен қатар диалог пен
монологты, əр түрлы жанрлар мен стильдерді игеріп, бала тілінің айқындығы
мен мəнерлілігі дамиды. Осылардың нəтижесінде бала өзінің өсу-өну
процесінде тіл байлығының барлық аспектісін жай ғана емес, аса белсенді
түрде меңгереді. Бала тілінің дамуы мынадай кезеңдерге бөлінеді: А) Бір
жасқа дейінгі кезең - қыдыру; Б) Бір жастан үш жасқа дейінгі кезең - мұнда
бал сөз құрамының дыбысталуы мен буындарын сөйлем ішіндегі жай сөз
байланыстарын меңгереді. Тілі логикалық ситуативтік болады; В) Мектепке
дейінгі, 3 жастан 6 жасқа дейінгі, кезеңде контексті монологтың тіл пайда
бола бастайды. Г) Кіші мектем жасында, 6 жастан 10 жас аралығында, тіл
формаларын білу (сөз құрамының дыбысталуы. лексика, грамматикалық қатар)
жазбаша тілді меңгеруі, əдеби тіл мен нормасы туралы түсінігі пайда болады;
Д) Орта мектеп жасы 10 жастан 15 жас аралығында əдеби тіл нормаларын тілдің
функционалдық стилін меңгереді. Е) Үлкен мектеп жасында, 15 жас пен 17 жас
аралығында тіл мəдениетін, тіпдің кəсіби ерекшеліктерін меңгереді.
(Молдабек Қ. 1999ж. 3-46.)
Бұлардың бəрі ең бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілікті,
өз суранысын айтуға талаптануынан туады.
Ана тілі əдістемесінің үлкен жəне күрделі бөлімі тіл дамыту.
Балалардың тілін дамытуда əдістемепік əдіс-тəсілдердің атқарар қызметі
үлкен. Себебі, тілдік материалдарды балалардың қабылдауының алуан түрлі
əдістері бар. Балалардың тілі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы

арқылы дамиды. Мысалы, мектеп балаға əдеби тілді жай сөзден ажыратуды
үйретеді. Оқушылар оқуды, жазуды үйренумен қатар, ол өзінің жазу тіпін
дамытады. Мектеп оқушыларының мəдени тілін дамытады.
Оқушылардың тіл дамыту проңесінде анық та айқын мағына болуы тиіс. Тіл
дамыту үш бағытқа бөлінеді:
1. Сөзбен жұмыс лексикалық талдау;
2. Сөз тіркесі жəне сөйлеммен жұмыс, синтаксистік іалдау:
3. Сөз бен сөздің байланысымен жұмыс. Мұнан басқа тіл дамытуда бірқатар
жұмыстар бар. Олар: дикция, орфоэпия, мəнерлілік.

Осы көрсетілген үш бағыт қатар дамиды.
Балалардың тілін дамытуда сабақ жоспарларының мақсатына байланысты
жасапған көрнекіліктер мен əр түрлі ойын түрлерінің алатын орны ерекше. Осы
орайда. бастауыш сынып оқушыларының тіпін дамыту, қалыптастыру процесінде
көркем əдебиеттің. оның ішінде балалар əдебиетішң атқарар қызметі зор.
Өйткені кітап баланың дүниетанымын кеңейтеді, эмоциялық-танымдық іс-
əрекеіін. өмірге деген белсенділігін арттырады жəне өнерді суюге баулиды.
Мысалы, ойын-сауық өлеңдері, санамақтар, мазақтамалар, жұмбақтар,
жаңылтпаштар, ертегілер жəне т.б. Бұлардың əрқайсысының өзіндік пайда болу
заңдылықтары бар.
Бала тілін дамыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі сынып
оқушыларын жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін
қолайлы жағдай туғызу.
Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін
еңбек етуін ойластыру. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дəрежеге дейін дамыта
алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылысуы мүмкін. Тек мұғалім тарапынан
кəрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып,
алға жетелейді.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа
қағидаларга негізделеді. Олар ынтымақтастық. өзара сыйластық, түсіністік
сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен

айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның
əрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзеліп
отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу,
көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор əсер ететіндігі дəлел.
Жалпы дамыта оқытудың қажеттілігі оқушылардың жан-жақты ойлауы, есте
сақтауы, бір-бірімен қарым-қатынасы, дүниетанымы, тапқырлығы, өткірлігі,
білімдерінің артуына үлкен септігі бар.

1.3 Балалардың дамуына əсер ететін фанторлар.
Даму ұғымының технологиялық анықтамасы - жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері
бойынша баланың даму процесіне 3 түрлі фактор қатысады. Олар:
1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті жəне өмір сүру
барысында кабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі
құбылысынын ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-
қатынасының нəтижесі.
2. Əлеуметтік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең əлдымен адамдардың
ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары,
мінез-құлық жəне ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері
мен сөздері, талаптары мен дағдылары. Ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын
рухани орта.
1. 1. Баланың өз белсенділігі.

Даму процесіне əсер ететін бұл үшінші күш болып саналады.
(Молдабек Қ. Ермекбаев М., 2001)
Ғалымдардың пікірінше, осы үш фактордың ішінде баланың өз
белсенділігінің рөлі зор.
Туғаннан дені сау баланың белгілі дəрежеде дамитыны сөзсіз. Алайда.
əрбір баланың педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктерін
ескерсек, барлық баланың бірдей дəрежеде дамуы мүмкін емес.
Көптеген ғалым - педагогтардың, практик - мұғалімдердің тəжірбиесіне
сүйенсек, оқу тəрбие үрдісі негізінде дамыту мəсепесінде басты рөлді ең
алдымен, оқушының өз бетімен əрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі,
тəжірбиелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік,

əрекет болмаса жұмыстың нəтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
А.Байтұрсыновгың пікірінше, бала білімді тəжірибе арқылы, өз бетімен
алуы керек.
Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін
шағымдап беру жəне қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.

ІІ. бөлім. Дамыта оқыту арқылы тіл дамыту.
ІІ.1 Дамыта оқытудың тіл дамытудағы ролі.
Бала тілінің қабылеттерін дамыту. талантты балалардың талабын ұшқырлау
мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей. гимназия сияқты
мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар
қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықталынып жасалған арнайы
бағдарламалармен оқытылады.
Қай замандарда да мектеп қоғамының əлеуметтік, экономиклық жəне мəдени
салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Əр кезеңге сай оқыту
теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мəселелері де өзгеріп, жаңа
сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дəл қазір бəланың ақыл-ой. шығармашылық мүмкіндікіеріне қойылатын
талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі мектептің бастауыш
сатысының алар орны ерекше.
Бала тілін дамытудың əдіс-тəсілдерін жетілдіру, оның практикалык
бағыттылығын күшейіу мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды инноваииялық
процесс, немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу дейміз. Инноватика
ұғымының мəні, латынның in-novis деген сөзінен шыққан жаңарту, өзгерту
машнасын береді.
Педагогикада жаңа əдістерді, құралдарды, оқулықтарды. бағдарламаларды
пайдалана отырып сабақ өтудің баланың тілін, ойын дамытуда маңызы зор. Яғни
оқыту мен тəрбиелеуте өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып
табылады.
Білім беру салапарындағы жаңалықтар:
1. Ұйымдастырудағы
2. Технологиялардағы
3. Оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі деп 3 топқа бөлінеді.

Бүгінгі оқыту жүйесінде əртүрлі жаңа технологиялар, яғни əдіс-
тəсілдерді пайдалану тəжірибеге еніп, нəтижелер бсруде. Əсіресе бастауыш
сынып мұғалімдері мектептердегі жаңару процестерін қызу қолдап

жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен
белсенділік танытуда. Енді педагогикалық технология терминінің мəнін
ашайық.
Педагогикалық технологияға В.Л.Беспалько - практикада іске асатын
нақты педагогикалық жүйе, жоба, - деген анықтама береді. Ал педагогикалық
жүйені тұлғаны қалыптастырудағы ықпал ететін арнайы үйымдастырылған,
мақсаттьк бір-бірімен өзара байланыстығы əдіс-тəсілдер деп қарастырады.
(В.Л.Беспалько 2001 ж.)
Ұстаз балалардың сөзі шындыққа непздепуін, мазмұнды болуын үнемі
қадағалап отыруы керек. Тіл дамытудың негізгі қайнар бұлағы - баланың өзін
қоршаған ортасы өзінің басынан өтіп жатқан түрлі оқиғалары. Өз
тəжірибелері. Оның ішінде бепгілі бір мақсатты түрде əдейілеп қабылдаған.
яғни бақылау жүргізген бөлігі болып табылады.
Бала ойының дамуына бақылаудың алар орны ерекше. Осы қасиетінің
нəіижесінде адам кез-келген уақытта көзге гүсе бермейтін немесе көп мəн
бермей үстірт өте шығатын нəрселерге ерекше зейін қояды. Бақылау арқылы
оқушы өзі жинаған материалдарын шығармашылық жұмысқа пайдаланып, күрделі ой
еңбегіне машықтанады.
Тіл дамытуда кітап материалының едəуір пайдасы бар. Оларға талдау
жасау, өмірден көрген-білгендерімен ұштастыра пайдалану баланың ойын, тілін
байытуға септігін тигізеді. Бала неше түрлі табиғат құбылыстары. құстардың
тамылжыған үндері, адамның бар болмыста сөйлеуі, қарым-қатынасы, гүлдер мен
шөптердің аңқыған түрлі хош иістері, өсімдіктердің ағаштардың
жапырақтарының т.б. бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы - осының бəрін
бақылау арқылы зерттеуі тиіс. Міне, сондықтан да көре білуге, ести білуге,
туған ел табиғатын сүйе білуге, айналадағы дүниені қабылдауға тəрбиелеу -
олардың ойын, тілін дамытудың негізгі жолы болып табылады.
Заттар мен құбылысқа тəн белгілерді таба білу бізді грамматикамен

байланыстырады. Күзде II-III сынып оқушыларымен ұжымшар, кеңшар бағына
саяхатқа апарып, мынадай əңгіме жүргізуге болады:
- Ұжымшар бағы қандай екен?
- Қандай жеміс ағаштарын көрдіңдер?
- Сендерге бақ ұнады ма?
- Иə
- Ұнаса, несімен ұнады? - деіен сұрақтарға жауап айтқызып, күздің не
себепті Алтын күз деп аталатындығын игертуге болады.

(Молдабек Қ.. Ермекбаев М. 2001 ж.)
Сыныпта осы тақырылты жалғастырып, оқушыларға күз туралы тақпақ,
өлеңдер, əңгімепер айтқызып, күздің ерекшеліп тереңірек түсіндіріледі.
Міне, осылай алдағы жазылатын шығармашылық жұмысқа дайындық жүргізіледі.
Сонымен бірге кез-келген сынып ішіндегі заттарды да бақылатуға болады.
Мысалы.
- Мынау - тақта. Бұл қандай?
- Ол төртбұрышты, ағаштан жасалған, қатты, түсі қоңыр. Оқушыларға
төмендегідей заттардың белгілерін айтқызуға болады:
1. Қауын жөнінде не білесіңдер? (формасы. түсі, дəмі). Шие, алжұмыр
(помидор), сəбіз жөнінде ше?
2. Күннің, айдың, жұлдыздың, электр шамының ортақ белгісі қандай?
3. Қатты, суық, темірдей деп қандай заттарды айтамыз?
4. Қышқыл, хош иісті, жылдам, шебер, биік, аласа, ақ, қара, тəтті, ащы,
тəртіпті, тəртіпсіз деп нені немесе кімді айтамыз?
5. Қыс пен жаздың, қарға мен шымшықтың, гүл мен тікенектің, қой мен
ешкінің, шие мен алқорының, отарба мен автобустың ортақ белгілерін əтаңдар.
Содан кейін осы заттардың бір-бірі-нен қандай белгілері арқылы
ажыратылатыны айтқызылады.

Бір заттың бірнеше белгілері керсетіледі. Мысалы, айна – тегіс əйнек,
жылтырайды, сəуле түсіреді т.б. Осының ішінде ең басты қасиеті мен көмекші
қасиеттерін табуға, ажырата білуге жаттықтыру. Сол арқылы

олардың сезім дүниесі тəрбиеленеді.
(Бастауыш мектепте тіл дамыту)

ІІ.2. Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытудың психологиялық жəне
педагогикалық ерекшеліктері
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық дамуының
ерекшеліктері адамдық қатынастардың адамгершілік жағын жете түсіну
дəрежесі. Бастауыш мектеп оқушыларынын ойлау нақтылығы мінез-құлық
ережелерін жəне үлкендердің талаптарын бұлжытпай орындап, оларды іске
асыруына себепші болады.
Оқушы сыныпқа қоятын талаптарды өзіне қатысты деп санайды. Көп
жағдайда ол баланың адамдар арасындағы қатынастарды сыртқы түрде
қабылдауына байланысты болады. Бұл кезде баланың сөз қоры байып, сөйлеуі
мағыналы бола бастайды. Ой-өрісі кеңейеді, қызығушылықтары арта түседі.
Мұнымен біріе өзінің құрбы-құрдасгарымен қарым-қатынасқа түсу
қажеттіліктері ұлғаяды. Ұжымшылдық, достық, патриоттық борыш сияқты жаңа
сезімдер пайда болып, нығаяды.
Психологтардың көптеген зерттеулерінің нəтижесінде (Н.Н.Верцинская,
А.И.Кочетов жəне т.б.) баланың мектептен өмірлік əрекетінің өрісі, осы жас
кезеңіне қажетті лайықтану деп атап көрсетілді.
Оларға оқу-əрекетінің дағдысын меңгеру, мұғаліммен достық, сенімділік
қатынастарын орнату, бірдей мінез-құлықтарын қалыптастыру жатады.
Жеке тұлғаға жету үшін əр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып,
шыңдап, жоп сілтеп адам дəрежесіне көтеру керек. Жеке адамды қалыптастыру
үшін не керек? Ол үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Бала тəрбиесі - ел алдындағы маңызды зор міндет. Еліміздің, қоғамның
экономикалық, саяси, мəдени дамуына үлес қосатын. əлемдік цивилизацияға
көгерілетін білімді де мəдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат
тəрбиелеп шығару - мектептің, ұстаздар қауымының баға жетпес міндеті. Адам
ұрлағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тəрбиесі қай кезде де халықтық мəселе
болмақ. Тарихтан білетініміз: дарындылар. қабілеттілерді

аса жоғары бағалаған. Сондықтан біз сияқты ұстаздардың алдында тұрған
аса маңызды міндет - талабы таудай жеке тұлғаны өсіріл шығару.
Тəрбиелеу дегеніміз - оқушының тұлғалық дамуына, қалыптасуына бағдар
берер жағдайлар жасау арқылы басқару. Тұлғалық дамыту дегеніміз - гуманизм
қасиеттерін қалыптастыру, оқушы шығармашылығын дамыту, өмірге қалыптасуын
игерту, ұжымдылық қасиеттерін дамыту, интелигенттілігін тəрбиелеу, рухани
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Міндеі ұлттық мəдениетті көтеру, ұпттық педагогиканы əдет-ғұрып, халық
мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-
əрекеттерге сын көзбен қарап өз бағасын бере білетін, рухани байлықты
қастерлейтін, өз ошағын, отанын қадірлейтін азамат тəрбиелеу. Ол үшін
сабақты жаңа типпен, жаңаша əдіс-тəсілмен жүргізудің пайдасы көп.
Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніл. білім беру мазмұны
жақоарып. жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру қурылымында жаңа
технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологиипарын алдымен жете
меңгерген, онан соң оны оқу мазмұнына, оқушылардың жас жəне психологиялық
ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор жəне тиімді.
(Қазақстан мұғалімі №28-29 11-бет)

II.3. Бастауыш мектеп оқушыларының тілін жаңа технологияны қолдану
арқылы дамыту əдіс-тəсілдері.
Қазіргі кезеңде ғылым саласында жаңа буын оқулықтарын түзіп,солар
арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуда жаңаша оқыту үрдісі
кеңінен қолданылуда. Соның ішінде педагогикалық инновацин термині 80-ші
жылдардың ортасынан бастап оқу - тəрбие процесінде кеңінен қолданыла
бастады.
Жалпы педагогикзда инновация педагогикалық жүйеде оқу тəрбие процесі
барысында жақсартуға бағытталған, жаңалықтар енгізу.
Н.Нұрмағанбетов инновация білімінің мазмұнында, əдістерінде
технолоіияда оқу тəрбие жұмыстарының түрлерінде, тəсілдерінде,
технологияда, оқу тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда
көрініс табады - дейді. Автор өзінің қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге
бөледі:
1. Жеке түрі (жеке дара, бір-бірімен баиланыспаған)
2. Модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан)
3. Жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын)

Ал оқыту технологиясы оқу бағдарламаларында қарастырыпған алға қойған
мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың əдіс-құрал жəне
түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту
технологиясында мазмұн, əдіс жəне құралдардың өзəра байланысы мен
себептілігі жатыр, ол қажетті мазмұнды, тиімді əдістер мен құралдарды
бағдарлама мен қойылған псдагогикалық міндетке сəйкес іріктей білу ұстаздың
шеберлігіне байланысты.
(Жалын)
Жалпы технология - teshne - өнер, шеберлік жəне loor -ғылым, заң,
бір сөзбен айтқанда технология дегеніміз - шеберлік туралы ғылым екенін
білеміз.

Қазіргі кезде сабақ өту барысында Венн диаграммасы, Семантикалық
карта, Еркін жазу, Бес жолды өлең, Ребус, Сөз жұмбақтар, Ойын,
Лнатрамма, Жұмбақтар сияқты стратегияларды əр сабақтың ерекшеліктеріне,
ауыр жеңілдігіне қарай қолдануда бала тілінің дамуына, білім деңгейінің
артуына, оқушылардың бір-бірімен ой алмасуына, жан-жақты дүниетанымының
артуына өте көп пайдасы бар.
Осыны ескере отырып қазіргі кезеңде жаңа буын оқулығының бағдарламасы
жан-жақты сарапталынып алынған. Олай дейтінімнің себебі, оқулықта
Біріншіден:
Деңгейлік тапсырмалардың берілуі, оның оқушыға да мұғалімге де
тиімділігі.
Екіншіден:
Оқулық мазмұны оқушыларды қалыптан тыс ойлауға, дұрыс шешімдер
қабылдай алуға негіздейді.
Үшіншідең:
Берілген тапсырмалар мен жаттығулар оқушыға шығармашылық ой тудырып
дамыта оқытуды, яғни интеллектуалдық қабілеттерін арттырады.
Төртіншіден:
Ұлттық негізде тəрбиелейді.
Бесіншіден:
Пəн аралық байпанысты, яғни кірікгірілген жұмысты талап етеді.
Əрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басыиың қасиеттерін.
қабілеттерін дамытып, тапантын, шығармашылығын ашу.
Енді шығармашылық жұмыстарға тоқталсақ:
І. Бастауыш сыныптардағы сауат ашу, тіл дамыту, грамматика (қазақ
тілі) туреысынан оқушының шығармашылығын дамыту.
1. Сөздің əрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы. Баланың сөздік қорын
молайгып жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиері сөзсіз.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Сын есім.

Тақтаға: Жандос қандай бала?
Ж - жақсы, жайдары.
А- ақылды, адал.
Н – нанғыш, намысшыл,
Д - дана, данышпан.
О - ойшыл, озбыр.
С - сүйкімді, сұлу, сенімді.
Балаларға Жандостың бойындағы жақсы қасиеттерін тауып жаздыру арқылы
сын есім туралы түсінігінің дұрыс қалыптаса бастағанын байқап, осы жұмыс
нəтижесінен мəтін құрату.
Жандос
Жандос жақсы, əрі мінезі де жайдары. Ол ақылды, адал қылықтарымен
көзге түседі. Оны одан ары айтар болсам, нанғыш та, намысшыл. Жандостың
бойынан дана, данышпан қасиеттері байқалып тұрады. Жандосты ойшыл, əрі
озбыр деп те қаласың. Жандостың осындай сүйкімді, сұлү қылықтары өте кеп.
Жандостан сенімді дос шығады.
Сын есімдерді тауып, астын сыздыру, сурақ қою т.б. жұмыс түрлерін
анықтау.
2. Салыстыру жұмысы арқылы сөйлем құрату.
Тақтаға сиыр суреті ілінеді.
Өзі - ала доптай;
Сүті - балдай тəтті;
Мүйізі - қарағайдай иілген;
Көзі – көмірдей қап-қара;
Даусы - пойыздың дауысындай мөңіреген;
Мұндай жұмыс түрлері арқылы балалар біріншіден, сын есімді игерсе,
екіншіден салыстыру арқылы сөйлем құрап, салыстыру ұғымы қалыптасады.
Сауаттылығы, шығармашылық ойы арта түседі.
3. Сөзден сөз тудыру жұмысы.
Мүмкіндік деңгейінде орындалады. Тақтаға Қарындаштар сөзі

ілінеді. Осы сөзден мүмкіндігінше сөздер ойылып жазады. Мысалы;
Қар, арық, тарақ, шана, ана, шындық, ар, нан т.б.с.с. Бұнда бала өз
алдына сөздерді сауатты жазып үйрене отырып, ойлау қабілеті, байқампаздық
қабілеті арта түседі. Жұмыс əр сабақта өзгергіліп беріліп отырады.
4. Сөздің соңғы дыбысынан бэсталатын сөз тудыру.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Жалқы өсімдер:
Кісі аттары: Самат, Талғат, Темір, Рахым
Қыздар есімдері: Жанар. Рахима, Анар. Алмаш і.б.
Жер-су аттары: Шымкент, Темір, Алматы. Рига т.б.
Жеміс-жидек. көкөніс аттары:
Жалпы өсімдер: Алма, алша, алмұрт, тары, бидай т.б.
Бұл деңгейлеп оқыту жұмыс түрінде пайдалануға болады.
5. Сөйлемдер құрату.
Лепті сөйлемдер құрату.
Тапсырма: Көктем тақырыбына байланысты.
Алақай, Көктем келді! Əттең қар еріп барады! Көктем ауасы неткен
керемет еді! т.б.
Хабарлы сөйлемге айиалдыру Көктем келді. Қар ери бастады. Көктем ауасы
тамаша. Жұмыс барысында оқушыпарға ұқсастығын, айырмашылығын, ортақ
белгілерін тапқызу.
6. Қайталау сабағы ретінде.
Сез іаптарын еске түсіру. Зат есім мен сын есімге бірнеше мысалдар
келгіре огырып, Венн диаграммасы арқылы салыстырып етуге болады.

ІІ. Шығарма жаздыруға баулу,
Баланың шығармашылығын арттыруға ықпап ететін жұмыс түрінің бірі
шығарма жаздыру, қоршаған ортадағы құбылыстарды дұрыс аңғарып, тани
білуіне, дарындылық қабілетінің қалыптасып, ұштасуына зор ықпалын тигізеді.

Шығарма жаздыру мақсаты:
Тапқырлық, қиял, таңдай білу, сынай білу, мəселені қоя жəне шеше білу,
өзгерістерді қабылдап, ой тудыра білу, оған тұжырым жасай білу.
Тақтаға сюжетті сурет ілінеді. Балалар осы сюжетті сурет бойынша
шығарма жазады.
1. Балаларға еркін тақырыпта өз қалаулары бойынша шығарманы өмірмен
байланыстырып жаздыру.
2. Мысалы: Дос, Туған ел, Ана, Біздің сынып, Жаман жолдас,
Табиғатты аялай біл т.б.

Тірек сөздер арқылы Балалар тірек сөздерді өз қалауларынша қолдануы
тиіс.
Тақырыбы: Кім болам? Мысалы, (тақтаға мынадай сөздер ілінеді) Оқу,
білім, кітап, дəрігер, мұғалім, мамандық, сынып.
Енді оқушының осы тірек сөздерді пайдаланып орындаған шығармасынан
мысал келтірейік:
Кім болам?

Кім? Не?
Кім?
Айгүл
сабаққа
келді

Қандай?
Қай?
Айгүлдің
ақ бантигі
бар

Сөз таптары сөйлемдерде кездеседі. Сұрақтары бар.

Мен екінші сыныпта оқимын. Мен көп армандаймын. Арманыңа жету үшін
кітапты көп оқып, оқу мен біліміңді көтеруің керек.
Біздің сынып оқушылары өте арманшыл. Мен дəрігер мамандыгын да,
мұгалім мамандыəын да қалаймын. Себебі: ешкім ауырмаса екен деп те, барлық
адам білімді болса екен деп те армандаймын. Күш - білімде - деген мақал
тегін айтылмаса керек. Сондықтан да сабағымды жақсы оқып, үлгілі оқушы
болғым келеді. Өскенде халқыма көп пайдасын келтіретін мамандық иесі болғым
келеді, - деп Шымыров Нұрболат 2-сынып оқушысы осылай шығарма жазды.
Ойды, мəтінді, суретті, ертегіні жалғастыру.
Мысал регінде бəрімізге таныс ертегі Мақтақыз бен мысық ертегісін
жалғастыру тапсырылады. Ертегі Мақтақызға қатық əкеліп береді. Мақта қыз
мысыққа құйрығын береді.
1-оқушы: Осы оқиғадан кейін бірнеше күндер етті. Мысық өз қателігін
түсінді, үлкен адам жұмсаса, қанша тыңдағысы келмесе де есіне не үшін
Мақтақыз құйрығын жұлып алғаны есінен кетпеді. Тіл алмау - жаман қасиет
екенін түсінді.
2-оқушы: Осылайша арада бір ай шамасындай уақыт өтті.
Мысық тағы да тіл алмауға, үлкенді тыңдамауға көшті. Бойындағы жаман
əдетті байқаған достары мысықтың қателігін түсіндірді.
Мысық түсінгендей болды. Бірақ, жаман əдет бойынан қалмады.
Балалар, абайлаңдар! Жаман əдет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастыру
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларын білім беруде дамыта оқыту технологиясының рөлі
Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Оқытудың дамыту функциясы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Дамыта оқытудың қажеттілігі
Пәндер