Бір ойыншы қолында допты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
БАСКЕТБОЛ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
2.1.Баскеболдың шығу тарихы
2.2.Ойынның негізгі ережелері
2.3.Баскетболшылардың арнайы дене дайындығының
ерекшеліктері
БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
2.4. Қорғану әдісі
2.5. Баскетбол добын беру техникасы
2.6. Ойын тактикасы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Республикамызда 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың бір түрімен
жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол,
валейбол, футбол т.б. жаттығулар кестесі дұрыс құрылса ғана нәтиже береді.
Ол шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып отырады. Сондықтан
курстық жұмысымның өзектілігі-актуалдылығы: осы баскетбол ойынының бүгінгі
күнде спорт әлемінде ерекше орын алатындығынан, қажеттілігінен туындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: баскетбол ойынын дамытудың жолдарын
айқындап, жастардың дене бітімін қалыптастырудағы тиімділігін көрсету,
баскетболшылардың арнайы дайындығының ерекшеліктерін зерттеу болвп
табылады.
Жұмыстың ғылыми болжамы-гипотезасы – егер балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай баскетболды үйретудің әдістерін айқындап,
жүйелесек, болашақта спортпен айналысушы жастарға бағыт-бағдар беруде
жақсы, айтулы жетістіктерге жетер едік.
Осы мақсатпен қойылған ғылыми болжамды анықтау үшін алдымызға мынадай
міндеттер қойдық:
- баскетбол туралы жазылған материалдар бойынша әдебиеттерге шолу жасау,
жинақтау;
- жинақталған материалдармен жұмыс істеп, нақтылы әдістерді
түйіндеу,топтастыру;
- топтастырылған әдістер мен тәсілдерді жіктеп, жас ерекшеліктеріне
сәйкестігін нақтылау мен қорыту.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: баскетбол, ал зерттеу обьектісі:
баскетболшылардың арнайы дайындығының ерекшеліктері.
Жұмыс барысында анализ, синтез әдістерін пайдаландым.
Дене тәрбиесiнiң пайда болуы мен бастапқы даму дәрежесi халықтың
тұрмысы мен санасына байланысты белгiлi бiр мақсатты шешуге бағытталды.

2.1. Баскетболдың шығу тарихынан

Жаңа эраның үшінші ғасырында Орталық Америкада майя мәдениеті ерекше
гүлденіп, әлем мәдениеті тарихындағы жайнаған жауһарға айналды.
Маялықтар өндірген күріш, картоп, қызанақ әлемге әйгілі. Бірақ сіз
баскетбол қимылындағы ережелер майя мәдениетінен туындағанын білесіз бе?
Майялықтар табиғатпен астасып, жауын тілеп тасаттық өткізгенде бір
түрлі каучук доп жарысын өткізеді екен. Доп жаз айы каучуктен жасалады. Доп
ойналатын алаң басына қашай тесілген тесігі бар төртбұрыш тас қойылып,
ойыншылар қол-аяғын допқа тигізбей, иық, шынтақ, тіземен допты сүзіп,
қағуда болатын еді. Допты қарсы жақтың қақпасына салу жеңіске жеткен болып
есептелінеді. Сол кездің өзінде-ақ бұл ойын баскетбол қимылының алғашқы
ережелерін қалыптастырды деуге әбден болады. Майялықтардың байырғы
мекендерінен қазып алынған каучук доп пен ойыншы мүсіні сол кездегі жарыс
мәнінің ерекшелігін аңғартқандай. Кофен деген шағын қыстақ маңында
майялықтардың жаңа эрадан бұрынғы 755 жылы ұзындығы 26 метр, ені 7 метр
ойын алаңы әлі сақталып тұр. Жаңа эрадан бұрынғы VIII ғасырда майялық түрлі
жаугершіліктен мекендерін тастап босып кетеді. Сол босқыншылықпен бірге
каучук доп жарысы да Америка құрлығының әр жеріне тарала бастайды. XV
ғасырда Христофор Колумб Америкаға барғанда Оңтүстік Американың Амазонка
өзені аңғарында жергілікті үндіс тайпалары "Битон" делінетін каучук доп
жарысы өткізгендігін, допты қол мен биіктіктегі тас шеңберге тастап
ойнайтындықтарын, допқа қол тигізбеу қағидалары бар екенін естеліктерінде
жазған. Еуропаға бұл ойынды алғаш әкелген Христофор Колумб екендігінде дау
жоқ.
1891 жылы Канаданың бір штатында "Көктем егісі" христиандық жастар
қозғалысы, христиандық шіркеу мектебі доп фирмасын, ережелерін жаңартып,
қазіргі баскетболға айналдырған. Осыдан кейін-ақ, баскетбол ойыны бүкіл
әлемге кең тарап қанатын кеңге жайды.
АҚШ-та 100 жылдай бұрын допты торға емес, тоқылған әдеттегі себетке
(кәрзеңкеге) лақтырып түсірген. Осыдан барып ойынның аты шыққан екен:
баскет - ағылшын тілінен аударғанда себет (кәрзеңке), бол — доп.
Осы бір әлемге өте кең тараған ойынмен айналысу арқылы денсаулық
нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық
пен икемділік дамиды. Баскетболмен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі
де айналыса алады.

2.2.Ойынның негізгі ережелері
Баскетболды және кіші баскетболды әрқайсысында 5 ойыншысы бар екі
команда ойнайды. Бір команда екіншісінің торына доп салуға ұмтылады, ал
екіншісі өз кезегінде бұған кедергі келтіреді. Допқа ие болған команда -
шабуылдаушы, оның барлық бес ойыншысы - шабуылдаушылар болады. Добы жоқ
команда - қорғаушы, оның барлық бес ойыншысы осы кезде қорғаушылар деп
аталады.
Ойын алаңында допты баскетболшы 6 метр жерден себетке дәл түсірсе - 2
ұпай, 6 метрден қашық жерден түсірсе - 3 ұпай, айып алаңы сызығынан дәл
түсірсе, команда есебіне 1 ұпай қосады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске
жетеді.
Баскетбол алаңының ұзындығы — 26 м, ені — 14 м (кіші баскетболда айып
ұпайының сызығы қалқан себетіне дейін 4 м болады). Себет 260 см биіктікте
болуы тиіс.
Ойынның ұзақтығы – 20 минуттан 2 тайм (мектеп оқушылары 6 минуттен 4
тайм ойнауы керек).
Ойыншылар допты еденмен домалата алады, бере алады, бір қолмен алып
жүріп, торға лақтыра алады. Доп себетке жоғарыдан салынса, түсті деп
есептелінеді. Доп себетке түскеннен кейін, қарсы команданың ойыншысы допты
5 секунд ішінде ойынға қосуы тиіс.
Ойыншы допты қолға ұстап тек екі қадам ғана жасай алады. Қарсылас
ойыншыны ұстауға, итеруге, ұруға болмайды. Бір ойыншы қолында допты 3
секундтан артық ұстап тұруына болмайды.
Ескертулер. Ойынның басталуына дейін қыздырыну жаттығуларын орындап,
денені ойынға даярлау қажет. Ойын алдында жақсы қыздырыну жарақат алудан
сақтайды.
Алаңда тәртіп сақталуы керек. Ойын аяқталған соң допты арнайы бөлінген
орынға міндетті түрде ұқыптап қою қажет.
Егер жаттығу залда өтетін болса, ол желдетілген, жарық жақсы түсетін,
жарақат алатындай артық заттардан босатылған болуы тиіс.
Тайып құламау үшін және ойын кезінде жарақат алмау үшін алаңның ылғал
жерлерін шүберекпен бірден сүртіп құрғату керек.
Баскетболды спорттық киіммен ойнау кажет. Әрбір жаттығудың алдында,
әсіресе жарыстардың алдында аяқ киімнің, әсіресе оның баулары дұрыс
байланғандығын ерекше тексерген дұрыс. Аяққа жүн шұлық киген жөн.
Киімі ғана емес, оқушылардың өздері де әрқашан жинақы болуы керек.
Жаттығу кезінде сағат, сақина, сырға, алқа т.б. тақпаған дұрыс. Олар
жарақат алуға себепші болуы мүмкін. Бұл ережелер барлық спорт ойындарына
қатысты. Ойынның негізгі тәсілдері. Тұру, жүгіру, секіру, тоқтау, бұрылу,
допты беру, алу, допты жұлып алу және т. б. – мұның бәрі ойынның тәсілдерін
орындағанда жасалатын қимыл-қозғалыстар.
Ойынның мазмұны. Төреші екі команданың алдында допты жоғары лақтыру
арқылы ойынға қосады.
Ойыншы допты ойын барысында торға түсірсе – 2 ұпай, айып добын
лақтырғанда түсірсе, 1 ұпай алады.
Допты ұстап жүгіруге болмайды. Қолына доп тиген ойыншы оны жерге ұрмай
екі-ақ адым аттай алады. Одан кейін ол допты өз командасының бір ойыншысына
беруге немесе торга лақтыруға тиіс. Олай етпесе, доп қарсы командара
беріледі.
Допты ұстап тұрып бір орында бұрылуға болады, мұндай кезде ойыншының
бір аяғы жерден көтерілмеуге тиіс.
Допқа ие болған команда 30 секунд ішінде допты торға лақтырып үлгеруі
қажет. Олай етпесе, доп қарсы командаға беріледі. Баскетбол ойынына тән
әдіс-тәсілдерді қиындықсыз меңгеру үшін мына төмендегі қозғалыстарды
орындай білу керек;
- баскетболшыға тән бастапқы қалыпта тұра білу және екі адым аттасымен кілт
тоқтай қалу;
- допты бір қолмен (оң не сол) ойынга қосу;
- бір орында тұрып және жүріп, жүгіріп келе жатып ұшып келе жатқан допқа
қарсы ұмтылып, екі қолмен қағып алу;
- жүгіріп келе жатып допты кеуде тұсынан қос қолмен беру және допты берген
бетте орын ауыстыру;
- бір орында тұрып және тордың оң не сол қанатында тұрып, допты қос қолдап
кеуде тұстан торға лақтыру.
Ойыншы өз бетімен жаттыққанда мынадай дайындық жаттығуларын орындап
үйренген жөн:
- әр түрлі бастапқы қалыпты сақтап, 8-10 м қашықтықты тез жүгіріп өту;
- теріс қарап жүгіру;
- жүгіріп келе жатып бір аяқпен бұрылып, кілт тоқтай қалу;
- қысқа қашықтықта тез жүгіріп келіп, бір аяқпен серпіле жоғары секіру;
- екі бала бір-бірімен жұптасып, бір қырларымен алға қарай қатар жүгіріп
келе жатқан қалыпта допты кезек лақтырып, қағып алу;
- секіртпе жіппен минутына 140-150 рет секіру (күн сайын орындау қажет)
және екі-үш күннен кейін секіру уақытын бірте-бірте өсіре беру.
Кілт тоқтай білудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда допты торға
лақтыруға қарсылас ойыншы тосқауыл жасап үлгере алмай қалады.
Баскетболшы секіруден шаршамайтындай болып шынығуы және қимыл-
қозғалысы тез әрі дәл болуға дағдылануы керек. Ол үшін іші тығыздап
толтырылған доппен (салмағы 2-2,5 кг шамасында болғаны жөн) көп жаттығып,
секіртпе жіппен жиі секіріп, "Аңшы мен үйрек", "Атысу", "Доп икемдінің
қолында", "Допты серіктес ойыншыға бер", "Допты торға бағытта" т. б. сияқты
қимылды ойындарды үзбей ойнау керек.
Қарсылас команданың торына доп салу ғана емес, ойыншылар өз торын
қорғай білуінің де маңызы зор. Ол қосалқы адым жасап, қорғаушы қалпына тез
ауыса білуге және қорғаушының әдіс-тәсілдерін де үйренуі керек

2.3.Баскетболшылардың арнайы дене дайындығының
ерекшеліктері

Ойын кезінде баскетболшылар әр түрлі техникалық қимыл жасауға дайын
болулары керек. Бұл үшін баскетболшының негізгі тұрысын сақтаған жөн.
Шабуылшының негізгі қозғалысы – жүгіру: бағытты кенет өзгерте білуі,
алға қарай, теріс қарап қозғала білуі қажет. Қорғаушылар жандарына, алға
және артқа қосарланған қадаммен ауыса білгені жөн.
Баскетболшының негізгі тұрыс бағытынан қозғалыс бағытына қарай
қозғалуды алда тұрған аяқпен бастау керек. Оны бір мезгілде жылжыту, оған
екінші аяқты қосу арқылы қосарланған қадам жасалады. Қосарланған қадам
жасағанда аяқтар айқаспай, секірмей бір қалыпты қозғалуы керек.
Ұстап алу. Бұл тәсілдің көмегімен баскетболшы допқа ие болады.
Допты ұстағанда әрқашан оған қарсы шығып, қолды ілгері еркін созу
керек. Доптың ұшуына ерекше назар аударып, ол саусақтарға тиген бойда, оны
қысып ұстау қажет. Жоғары ұшып келе жатқан немесе еденнен шоршыған допты
ұстау үшін қолды доп саусақтар ұясына келіп түсетіндей етіп бағыттайды.
Допты ұстағаннан кейін, оны командалас ойыншыға беруге дайын болу
керек. Допты беру – ойыншылардың өзара іс-қимылының және допты себетке
жақындатудың негізгі тәсілі. Бір орында тұрып допты екі қолмен кеудеден
калай беруге болатындығы көрсетілген.
Берілген допты қағып алу үшін екі қолды доптың бағытына қарсы созып,
сол аяқпен шамалы ғана серпіле секіріп, допты ұстап алу керек. Осы қимылды
меңгергеннен кейін, соңғы адым жасап, қол саусақтарының белсенді қатысуымен
допты серігіңе беруді үйренген жөн.
Ұстау үшін ұшып келе жатқан доп саусақтардың ішкі бетіне келіп
тиетіндей етіп бір қолды допқа қарсы созу керек. Допты қабылдағанда қол
серіппелі түрде бүгіледі. Қабылдаған допты ұстауға екінші қолмен
көмектесуге болады.
Допты бір қолмен беру әдісі негізгі тұрыста допты иық тұсында бір
қолмен ұстап тұрып, доптың бағытына аздап бұрылып, дененің шалт қимылы мен
қолды тіке жазып лақтыру арқылы орындалады.
Допты беру – қарсыластың торына жақындаудың ең жылдам тәсілі.
Командаластың ұстап алуына қолайлы болуы үшін, допты кеуде тұсынан беруге
тырысқан жөн. Ол сені көріп және беруіңді күтіп тұрғанда ғана оған допты
лақтыру керек. Егер командалас ойыншы қарсы жүгіріп келе жатса, допты қатты
лақтырмай берген дұрыс.
Допты сол және оң қолмен алып жүру. Допты алып жүру допты кідіртпей
еденге соғып отыру арқылы орындалады. Алып жүргенде саусақтардың жеңіл
қимылымен допты төмен итереді. Доптың шоршуын күтіп, қол төмен ұсталады.
Сонан соң оны доппен бірге жоғары көтеріп, допты қайтадан төмен қарай
саусақпен итереді. Алақанмен ұрмаған дұрыс.
Осыдан кейін не сол, не оң қолмен доптың еденнен шоршуын өзгерте
отырып алып жүруді үйрену керек.
Оң қолмен допты алып жүргенде, сол аяқ жарты қадамдай ілгері
қозғалады. Допты адымдап алып жүруге үйренгеннен кейін, оны баяу жүгіріс
кезінде орындауға тырысқан жөн.

Екі допты бір мезгілде алып жүруді үйренген қабілетті шыңдай түседі.
Допты бағытты өзгертіп алып жүру. Бағытты өзгертіп алып жүру ойында
қорғаушының қарсы қимылын жеңуге септігін тигізетіндігімен маңызды. Бұл
қозғалысты былай орындайды: егер допты сол қолмен алып жүрсе, онда оң
аяқпен қадам жасап, допты еденге соғу арқылы ілгері және қозғалыстың
бағытын өзгертіп, оң қолмен алып жүруді бастау керек.
Допты бір орында тұрып екі қолмен лақтыру. Бастапқы жағдайда доп кеуде
деңгейінде болады. Бір аяқ біршама ілгері қойылуы мүмкін. Аяқ пен кеуденің
бір мезгілде жазылуы арқылы қол допты себетке доға бойынша бағыттап
лақтырады.
Екі қолмен жоғарыдан лақтыруға да болады. Бұл жағдайда доп кең
жайылған саусақтарда, бастың үстінде болады. Алақан алға қаратылады. Ойыншы
себетті көздей отырып, аяқ пен кеудені тіктеп және қолды бір мезгілде
жоғарыға толықтай жазылғанша сермейді.
Бір орында тұрып және қозғалыс кезінде допты бір қолмен иықтан
лақтыру. Доп иықта ұсталады. Бұл жағдайда қолдың басы мен алақан алға
қаратылып, қолдың сырты иыққа тірелген қалыпта болады. Лақтыру үшін аяқты
тізеден бүгіп және бір мезгілде допты жоғары (иықтың үстіне) көтеру керек.
Аяқты жаза, қолды жоғары көтере созып, қолдың басы мен саусақтардың
үйлесімді қимылымен доп ілгері әрі жоғары бағытталып лақтырылады.
Қозғалыс кезіндегі лақтыру бір аяқпен серпілген секіріс үстінде
орындалады. Оны орындау реті мынадай: орын ауыстыра жүріп, допты екі қолмен
алып, бірінші адым, сонан соң екінші адымды жасап, аяқпен серпіле секіріп
лақтыру.

Допты қарсыластан тартып алу. Бұл тәсіл допты жұлып алу және қағып
жіберуден тұрады. Олар қарсылық көрсету тәсілдеріне жатады (төмендегі
суретке қара).
Егер қарсыласың бір орында допты ұстап тұрса, онда өзіңе қарай екі
қолмен жұлқи жұлып алған немесе жұлқумен қатар денеңді бір мезгілде бұра –
қарсыласыңа арқаңды бере отырып, допты бұрылған жаққа ілгері әрі төмен
қарай тез бағыттаған дұрыс.
Қолдан қағып жіберу жоғарыдан не төменнен допты қолдың қырымен ұрып
жіберу арқылы жүзеге асырылады.

БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
2.4. Қорғану әдісі
Допты қағып алу үшін де, әріптесіңе беру үшін де дұрыс қорғана білу
керек. Қорғану дегеніміз – допты алып келе жатқан қарсыластың алдынан
шығып, екі қолды жоғары көтере оның алдамақшы болған қозғалысын аңду және
оның қозғалысын үнемі бақылауға алу.
Қорғану әдістерінің ең негізгісі – ұшып келе жатқан допқа таласа білу
және допты алып келе жатып қорғана білу. Ұшып келе жатқан допқа таласу бір
орында тұрып ойыншы қандай биіктікке секіре алатынына да байланысты.
Қорғанудың екінші әдісі – торға лақтырылған допқа таласа білу.
Ойын ережесін тез меңгеру үшін мына төмендегідей қосымша жаттығулар
орындалуы керек.
1. Бір орыннан 10-20 м қашықтықты тез жүгіріп өту (жаттығу 4-5 рет
қайталанады).
2. Оң, сол жақ бүйірмен екі аяқты қайшылай адымдап 40-50 м қашықтыққа
жүгіру (жаттығу 5-6 рет қайталанады).
3. Жоғары қарқынмен жүгіріп келе жатып тоқтай қалу (жаттығу 8-10 рет
қайталанады).
4. Жоғары қарқынмен жүгіріп келе жатып бірден оңға және солға бұрылып кету
(жаттығу 8-10 рет орындалады).
5. 20-30 м қашықтықты бір аяқпен тез секіре жүгіріп өту (жаттығу 3-4 рет
қайталанады; секіру екі аяқпен кезек орындалады).
6. 20-30 м қашықтықты теріс қарап жүгіріп өту (жаттығу 5-6 рет
қайталанады).
7. 10-20 м қашықтықты қос аяқтап секіріп өту (жаттығу 3-5 рет қайталанады).
8. Екі бала бір-біріне қарама-қарсы, қолдарын соза ұстасып тұрып, 10-20 м
қашықтықты оң және сол жақ бүйірлерімен кезектесіп жүгіріп өту (жаттығуды 4-
5 рет қайталауға болады).
9. 20-30 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту (жаттығуды 2-3 рет
қайталауға болады).
10. 20-30 м қашықтықты қос аяқтап секіре жүгіріп өту (жаттығу 4-5 рет
қайталанады).
Бакетбол ойынының денсаулықты нығайтуда маңызы зор: жүрек жұмысын, қан
айналысы мен тыныс алу қызметін жақсартады; сонымен бірге баскетбол ойнау
күш-жігерді және бұлшық ет жүйесінің созылмалылығын дамытуға, тұтастай
алғанда ағзаның шыдамдылығын арттыруға көмектеседі, ептілік сияқты аса
маңызды дене қасиетін жақсы дамытады. Баскетбол сабағы қандай алаңда
өткізілсе де ойын өтетін жер тазалығымен ерекшелінуі тиіс: алаңда бөгде
заттар болмауы қажет.
Баскетбол ойынының қазіргі техникасы — допсыз және доппенен
орындалатын, әртүрлі қозғалыстардың көмегімен жүзеге асырылатын
ойыншылардың жекпе-жек сайысының түрлері мен әдістерінің тарихи даму
нәтижесі. Олардың барлығы ойынның өзгермелі жағдайлардағы ойыншылардың апыр-
топыр қимыл-қозғалысы сипатында болмайды, заңды түрде бір үлгідегі міндетті
жүзеге асыру үшін және бірыңғай жағдайда қайталанады.

2.5. Баскетбол ойынының негізгі техникалық тәсілдері
Баскетбол — ұжымдық ойын. Алайда техникалық тәсілдердің орындалуын
жетілдіру үшін екі адам, үш адам, тіпті бір адамның (әсіресе жоғарғы
сыныптарда) жаттығу жасауына болады. Әрине, жабдықталған спорт алаңқайында
ойнағаннан артығы жоқ.
Жекелеген техникалық тәсілдерді қолдануда, әсіресе бұл тәсілдердің
элементтерін нақты меңгеруге ынта барда, бәрінен бұрын аяқтар жартылай
бүгілген қалыпта жерде нық тұруы, табандар иық кеңдігімен бірдей қойылуы,
деңе аздап алға еңкеюі тиіс; барлық жағдайда да доп алақанмен емес,
саусақтардың жұмсақ етімен ұсталады.
Жақсы ойнау үшін өзіңді үнемі қозғалыста болуға дағдыландыру қажет
екенін ешқашан есіңнен щығармай, жиі-жиі тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертуге
үйрен. Жүгіру (тура жүгіру) кезіңде аяқ бүкіл табанға (жүгіруді шұғыл
тоқтатуға әзірлік жасау үшін) қойылады немесе табан өкшеден аяқтың ұшына
дейін (жүгіруде қажетті жылдамдық алу үшін) көтеріледі.
Баскетбол сабағында мына төмендегі қауіпсіздік ережелері сақталуға
тиіс.
1. Доп ұстап тұрған қарсыласыңды итеруге болмайды.
2. Допты қолға ұстап жүгіре жөнелуге болмайды. Оны тек жерге ұрып алып жүру
көрөк.
3. Ойын барысында қарсыласыңды итеруге болмайды.
4. Ойын кезінде орынсыз айқайлауға болмайды. Әріптесіңе қолыңды көтеріп
белгі беруге болады.
5. Допты алып келе жатқан қарсыласыңды итеруге, қолын қағуға болмайды.
6. Допты қарсыласыңнан тартып алу үшін қатарласып келе жатқанда тек допты
ғана қағуға болады.
Жасөспірімдер көбінесе кіші баскетбол ойынын ойнайды. Кіші баскетбол -
әдеттегі баскетболдың қысқартылған түрі. Бұл ойында жеңіл доп қолданылады,
тор ілінген қалқанның биіктігі аласартылады, ойын алаңының аумағы
кішірейтіледі және ойынның уақыты қысқартылады.
Кез келген тәсілді орындау ойыншының тік тұрған қалпынан басталады.
Баскетболшы екі аяғын иықтың кеңдігіндей қалыпта қойып тұрады. Бұл кезде
дененің салмағы екі аяққа бірдей түседі. Екі қолы шынтақтан бүгіліп, кеуде
тұсында ұсталады. Осындай қалыпта болу ойыншының алаңды, өзге ойыншыларды
жақсы көруіне, қажетті бағытқа жылдам орын ауыстыруына, кез келген тәсілді
оңай орындауына мүмкіндік береді.
Жүру жылдам қозғалу қажеттігі жоқ жағдайдағы ойыншының бағытын өзгерте
қоюы үшін пайдаланылады. Ал жүгіру бағытты тез ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Ойын кезіндегі жағдайларға байланысты бір қалыпты жүгіру және қарқынды
жүгіру түрлері қолданылады.
Қазіргі баскетболдың көптеген әдіс-тәсілдері жоғары (биікке) секірумен
байланыстырыла орындалады. Секірудің екі тәсілі бар: бірі – екі аяқпен
бірдей серпіле секіру, екіншісі – бір аяқпен серпіле секіру. Екі аяқпен
серпіле секіру бір орында тұрып орындалады: тізені бүгіп, екі қолды сәл
артқа жіберген қалыптан жоғары қарай екі аяқпен бірдей жерден серпіле
секіреді. Бұл кезде кеудесін тез жазып, екі қолын жоғары әрі алға қарай
сілтей көтереді. Бір аяқпен серпіле секіру жүгіріп келе жатқан бетте
орындалады. Секірердің алдындағы соңғы адым алдыңғыға қарағанда біршама
кеңірек болады.
Секірудің екі тәсілінде де жерге екі аяқтың арасы алшақ, тізе бүгілген
қалыпта түсу керек.
Тоқтау – белгілі бір бағыттағы қозғалысты кенет тоқтатуға мүмкіндік
беретін тәсіл. Тоқтаудың екі түрі бар: бірі – екі аяқпен, екіншісі – бір
аяқпен тоқтау.
Бұрылу допты алу үшін ойыншылар бір жерге топтаса қалғанда, допты алып
келе жатқан немесе допқа ең жақын тұрған ойыншы оны өзгелерден қалқалау
үшін қолданылады. Бұрылудың алға бұрылу және артқа бұрылу дейтін екі тәсілі
бар.
Допты беру - серіктес ойыншылардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін
негізгі тәсіл. Сенімді түрде және дәл беру - өзара жақсы іс-қимылдың
нәтижесінде іске асады.
Допты ұстау және беру
Қабырғадан қашықтықты және тию биіктігін өзгерте отырып допты
қабырғаға беру;
Допты қабырғаға беру, 180 градусқа бұрылып барып допты ұстау;
оңға, солға тіркеме адыммен қозғала отырып допты қабырғаға беру;
етпеттеп және шалқалап жатқан қалыптан допты қабырғаға беру.
қабырғаға қарап тұрып, 30 секунд ішінде допты шапшаң беру (қайткенде
де допты көп беруге тырысу);
жартылай отырып, тұрып, отырып, әр қалыптан кезекпенен және оларды
өзгертіп допты беруді үзбей қабырғаға беру;
қабырғаға қарап тұрып иықтың үстінен, төменнен, еденге шоршытып,
төменнен аяқтың арасынан, еденнен шоршытып төменнен аяқтың арасынан оң, сол
қолменен қабырғаға допты беру;
допты жұпта беру — берудің түрін, серіктестердің ара қашықтығын
өзгерту, орныңда тұрып та, қозғалыста да орындау;
қабырғаны бойлай жүгіріп (қабырғаға паралель) қозғалыс бағыты бойынша,
алға қабырғаға допты беру;
екі допты қабырғаға кезекпенен бірінің артынан бірін бергенде олар
қабырғадан шоршып, еденге тигеннен кейін берушінің қолына қайтып
оралатындай етіп беру;
қабырғаға қарап отырып қабырғадан шоршып еденге, еденнен шоршып
қабырғаға тиетіндей етіп тура беру;
сол бүйірді қабырғаға қаратып тұрып, арттағы оң қолмен қабырғаға
бергеннен кейін, доп алға қарай ұшатындай етіп беру, допты ұстап алып, оны
оң қолмен артқа қарай ауыстыру. Жаттығу кідіріссіз орындалады;
допты үштікте беру — екі допты кезекпенен ойыншылардың біріне, ол
екіншісіне береді, беру шапшаңдығы біртіндеп арттырылады.
Допты алып жүру
• Орнында тұрып және қозғалыста оң, сол қолмен алма-кезек алып жүру;
• тұрып, жүрелеп отырып, жатып допты алып жүру (алып жүруді үзуге
болмайды);
• допты тура, алып жүру бағытын, қозғалу шапшаңдығын, шоршу биіктігін
өзгерте алып жүру;
• екеулеп, үшеулеп жұмыс жасау;
• допты алып жүру, тоқтау, бұрылыс жасау;
• допты тура алып жүру, қорғаушы ойыншының қозғалысына қарсы әрекет
жасауға тырысу;
• алаңның сыртқы сызықтарының бойымен допты алып жүру;
• біреуі допты алып жүреді, екіншісі оның добын қағып жіберуге тырысады;
• қозғалыс бағытын өзгерту үшін сағат тілінің жүру бағытымен және
керісінше айналып допты алып жүру;
• бір-біріне қарама-қарсы тұрып, ойыншылар допты қысқа ғана алып жүреді;

• екіншісі оның жасағанын айна-қатесіз, сондай етіп орындайды;
• адым аралығын өзгертіп алып жүру;
• алаңдатарлық әрекеттен кейін алып жүру.
Допты тастау (лақтыру)
Баскетбол қалқанынан бірдей қашықтықта орналасқан әртүрлі нүктелерден
допты шығыршыққа тастау;
айыптық тастаулар, бастапқы түскен доптан алғашқы мүлт кеткенге
дейінгі аралықтагы түскен доптың саны есепке алынады;
10 рет тастаудан түскені;
30 рет тастаудан түскені;
40 рет тастау, 10 тастаумен 4 тізбекте (серияда) орындалады.
Орнында тұрып допты шығыршыққа тастау ережелері:

1. Допты саусақтардың ұшымен ұстаңыз;
2. бір қолмен тастауда допты лақтыратын қолмен ұстаңыз және екінші қолмен
алдан немесе артынан бақылау жасатыңыз (ұстап жәрдемдесіңіз);
3. тиянақты қалыпты ұстаныңыз;
4. доп шығыршыққа жоғарыдан түсу керек деп есептеп, оған қараңыз;
5. бүгілген тізелер еттері және қол басының күштері жұмсалады;
6. допты тастайтын қолдың шынтағын ілгері ұмтылдырыңыз;
7. допты шығыршыққа лақтыра отырып, қол басының бүгетін белсенді қимылы
есебінен оған кері айналыс беріңіз;
8. тастау кезінде лақтыратын қолыңызды толық жазыңыз және допты итеруге
саусақтардың ұшымен соңғы күш жұмсап, допты шығыршыққа тастауды
аяқтаңыз;
9. допты тастағаннан кейін денені алға ұмтылдырыңыз.
Қозғалыста тастау
➢ Оң жақтан алып келіп, шығыршық тұсынан өтіп барып, екінші жағынан
сол қолмен немесе екі қолмен бастан асыра тастау;
➢ шығыршықтың сол жағынан сол қолмен тастау;
➢ шығыршықтың оң жағынан оң қолмен тастау;
➢ сол жақтан алып келіп, шығыршық тұсынан өтіп барып, екінші жағынан
оң қолмен немесе екі қолмен бастан асыра тастау.
Команда толық болмаса да баскетболды ойнауға болады.
❖ Егер қатынасушылар екеу ғана болса, алаңның бір жартысына 1x1 болып
ойнайды;
❖ егер төртеу болса, алаңның бір жартысына 2x2 болып ойнайды;
❖ егер алтау болса, онда 3x3 болып алаңның бір жартысына және бүкіл
алаңда ойнайды;
❖ егер бесеу болса, онда 2x3 және 3x2 болып алаңның бір жартысына
және бүкіл алаңда ойнайды.
Қозғалыста тастау ережелері
Осы тәсілді орындағанда жоғарыдан бір қолмен тастауды тиімдірек
пайдалану қажет.
Оң жақтан келе жатқанда оң қолмен алып жүреді және бірінші адым оң
аяқпен жасалады; сол жақтан — сол қолмен, бірінші адым — сол аяқпен
жасалады;
тастаудың соңғы фазасында лақтыратын қол, кеуде мен аяқтар бір түзу
сызықтың бойында болады.
Қалқаннан шоршып қайтқан допты жақсы пайдалану керек;
тастауды сол жақтан да, оң жақтан да жасау қажет.
Жоғары сыныптарда секіру кезінде тастау үйретіледі. Бұл оң нәтижелі
тастау болып табылады. Оны меңгеру үшін дене даярлығының жеткілікті жоғары
деңгейі қажет болады. Секіру кезінде допты тастаудың техникасы орнында
тұрып бір қолмен жоғары тастағандағыдай, тек ойыншы бастапқыда жоғары қарай
секіріп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі» атты әдістемелік нұсқау
Жеңіл атлетика тарихы
Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі әдістемелік нұсқаулық
Қазақтың ұлттық ойындары туралы
Дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары
Дене шынықтыру сабағындағы мини - футбол. Әдістемелік нұсқау
Баскетбол туралы
Дене тәрбиесі сабақтарындағы қозғалыс ойындары
Баскетбол - спорттің бір түрі
Студенттің өзіндік машықтану жұмысы арқылы спорттық шеберлігін жетілдіру (баскетбол ойыны негізінде)
Пәндер