Зерттеудің объектісі - банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану қылмысы


немесе сақтандыру фирмаларының сенiмдiлiгiн тексермейтiн банк жұмысшыларының қылмысқа қатыстылығын тексеру қажет.
Банк саласындағы қылмыстың ерекше тобы - бұл жалған банктiк төлем құжаттарын дайындап оны қаржы айналымына енгiзу жолымен ақша құралдарын ұрлау. Мысалы, бiр құжаттарда ақша алушының мекен-жайы өзгертiледi (ақша құралдарын «переадресациялау»), басқалары мүлдем ақша құралдарымен қамтамасыз етiлмеген. Қылмыс схемасы келесiдей: жалған құжат қаржы айналымына жiберiледi, оның негiзiнде мүлдем жоқ мекен-жайға не басқа мекен-жайға бағытталған ақша қылмысқа қатысушы фирма есеп-шотына келiп түседі. Бұл фирмаға тағы да аударымдар болуы мүмкін. Нәтижесiнде, қылмыскерлер ақшаны иемденедi. Ұрлау әдiсi кезiндегi ақша құралдарын аудару банк жұмысшыларының қатысуымен жүзеге асады. Олар бiр экземплярдағы адрестi, есеп шот номерiн және басқада реквизиттердi өзгертедi, нәтижесiнде ақша алаяқтар есеп шотына түседі. Кейде банк жұмысшыларының қатысуы әлсіз болады. Олар байқамай төлем құжаттарының бiр экзэмплярындағы өзгерiстердi байқамай қалады. Аталған мәселелер курстық жұмыстың өзектілігін құрайды.
Зерттеудің объектісі - банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану қылмысы. Мұндай қылмысты тергеу елеулi қиындықтарға алып келедi. Төлем құжаттарының жалғандығын тексеру, анықтау оңай болғанымен оларды ұйымдастырушыны анықтау қиынға түседі. Себебi, жасанды төлем құжатын пайдалану арқылы ұрлау бiрнеше кезеңнен тұрады, әр кезеңде белгiлi бiр тұлғалар әрекет жасайды, әр түрлі жалған құжаттар пайдаланылады. Бұл жағдайдағы тергеудiң мәселесi әрбiр кезеңдегi қылмыскерлер әрекетiн табандылықпен тексеру. Мұндай әдiс жалған құжаттарды пайдаланудың барлық фактiлерiн ашуға, сонымен қатар, ұрлыққа қатысушылардың басшысын анықтауға көмектеседi. Қарастырылатын қылмыс бойынша анықтауға жататын негiзгi жағдайларға келесiлер жатады:
- қылмыстың дайындық кезеңi: адрес дайындау бойынша қылмыстық топтардың қатысушыларының iс-әрекетi, ұрланған ақша құралдары қайда бағыттанатынын анықтау; жалған фирмаларды құру жағдайлары, ұрланған ақша құралдарын аудару үшiн фирмалардың басшысымен олардың есеп құжаттарды пайдалану жөніндегі келісім;
- жалған төлем құжаттарын жасау, оларды аудару, банкке ұсыну бойынша iс-әрекет: төлем құжаттарының бланклерi қайдан және кiмнiң қатысуымен алынды, кiм оларды толтырды, қандай әдiспен дайындалды (жазу машинкасында, компьютерде), қандай мөр мен штамп пайдаланды, олар кiмдiкi, жалған ба, шын ба;
- қандай құжаттар қайдан, қай банк атынан және нақты коммерциялық кәсiпорын атынан жiберiлдi;
- төлем құжатындағы өзгертулер нәтижесiнде ақша қандай мөлшерде, қайда бағытталды;
- қай банк арқылы, қай адреске, қандай сомада ақша аударылуы тиiс, олар сол жерге түстi ме, қандай сомада;
- оларды қайтарып алу үшін ұрланатын құралдардың жылжыуы бойынша iс-әрекет; қандай төлем құжаты бойынша оларды переадресаңиялау; коммерциялық фирмалар, кiм ол фирманы анықтады, ақшаны аудару негiзi ретiнде қандай шарттар жасалды; шартты жасау, төлем құжаттарын және басқа құжаттарды жасаудың қатысушылары және нақты жағдайлары; жалған коммерциялық құрылымның есеп шоты арқылы ақшаны өткiзгенi үшін төлем мөлшерi;
- ұрланатын қаржы құралдарын алу және иемдену бойынша iс-әрекет: ақша нақты кiм арқылы, қандай сомада және қандай құжаттар арқылы алынды, қалай бөлiнедi және неге, кiмнiң мүддесiнде ұрланған ақша жұмсалды;
- қылмыстық топтың құрамы, ұйымдастырушының болуы, рольдердi бөлу, қатысу деңгейi және топтың әрбiр мүшесiнiң кiнәлілығы, қылмыстың iзiн жабу бойынша қылмыстық топ қатысушыларының iс-әрекетi.
Мұндай категориялы қылмысты құжаттармен жұмысқа баса назар аударады. Бұл төлем құжатына, оның барлық экзэмплярына және жанындағы барлық құжатқа қатысты (төлемдiк поручениялар, банктiк выпискалар, ақшаны аударғандығын негiздейтiн шарттар және т. б. ) .
Тергеуге жататын маңызды құжат, бұл фирманың есеп шоттарына түсетiн қандай аударымдар туралы төлем поручениялары, және осы аударуға негiз болған қандай шарттар.
Аталған құжаттардың мазмұнын зерделеуден басқа тергеуге әртүрлі экспертизалар жүргiзу де кiредi.
Соңғы уақытта қандай құжаттарды оргтехника арқылы, ксерокөшiрмесiн алу арқылы, компьютерлiк, полиграфиялық әдiстер арқылы жасаудың кебейiп кетуi, соған сай эксперттiк зерттеулер қажет болып, олар пайда болды.
Бiр қылмыстың iс бойынша iрi ақша сомасын аударуға негiз болған шарттың шынайылығына күдік туды. Тергеушілер технико-криминалистикалық экспертиза жүргiзiп, нәтижесiнде бұл шарттың жалғандығы анықталды: шарттың кейбiр беттерiнiң басқа шарттың ксерокешiрмесi екендiгi анықталды, ал бiр бетiн монтаж арқылы бiрнеше құжаттардан жасаған. Осының көмегiмен шартқа қылмыскердiң пайдасына бiрнеше өзгертулер енгiзiлдi.
Басқа қылмыстың iс бойынша сезiктi төлем құжаттарына полиграфиялық экспертиза жүргiзiлдi. Ол мұндағы жазулар мен қолдан көшiру құралдарын пайдалану арқылы комбинирования әдiсiмен жасалғандығы анықталды.
Құжатты ревизияны жүргiзу қандай құжаттардың жылжуын бақылауға мүмкiндiк бередi. Ревизиялық зерттеудiң тағы бiр мәселесi - бiр коммерциялық құрылымнан басқасына ақша аударуға негiз болатын шарттың нақтылығын тексеру, яғни шартта және басқа құжаттарда көрсетiлген товарды сатып алу, қызметтер, жұмыстар орындалды ма, қандай көлемде екенiн анықтау. Егер ақшаны аударуға негiз ретiнде алдында алынған ақшаның пайдаланбаған бөлiгiн қайтаруды атаса, осы қайтарудың қаншалықты негiздiлiгiн анықтау.
Соттық -бухгалтерлiк және соттық-экономикалық экспертизалар көмегiмен төлем құжаттарында көрсетiлген қаржы операцияларының экономикалық мазмұны, оларды жүзеге асырудың нақты қаржылық мүмкіндiлiгi, аударылатын құралдардың пайда болуы, ақша құралдарын жұмсаудың нақты мақсаты, бухгалтерлiк есепте дұрыс көрсетiлуi, кiмге және қандай көлемде материалды шығын келтiргендiлiгi зерттеледi.
Ақша құралдарын ұрлау үшін қандай төлем құжаттарын пайдаланатын қылмыстық топтың қатысушыларын анықтау қиынға түседі, мұндай жұмыстарды қылмыскерлердiң байланыстарын, жылжуларын ұрлық қатысушылары арасындағы телефон байланыстарын анықтау бойынша оперативтi шаралар жүргiзу арқылы жүзеге асырудың маңызы бар. Мұнда қылмысқа қатысушы тұлғалардың арасындағы телефон байланыстарын тыңдау және фоноскопиялық экспертиза жүргiзу өте маңызды. Бiр қылмыстық iс бойынша осындай жолмен қылмыстық топтың басшысының жаңа тапсырмалар берiп, кодтар мен шифрларға өзгертулер енгiзуi анықталады.
Жалған құжаттар бойынша ақша түскен шоттарды тұтқынға алу, оның алуын тоқтатып шығынды қайтаруды қамтамасыз етедi. Бiрақ тұтқынға тек қана қандай төлем құжаттарына қатысы бар соманы ғана алады.
1 БАНКТIК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ
НАҚТЫ ТҮРЛЕРI
1. 1 Заңсыз банктiк қызмет
Ақша-несие жүйесiндегi қылмыстылық экономика саласындағы қылмыстардың ең қауiптi түрi болып отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсiпкерлiктiң ерекше бiр көрiнiсi болып табылады.
Қылмыстың заңда: “Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеуден өткiзбей немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасқан iс-әрекеттер заңсыз банктiк қызмет деп белгiленген (ҚК-тiң 191-бабы) . Бұл қылмыс үшін
- бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Дәл сол әрекеттi:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып жасаса;
в) заңсыз банктiк қызмет немесе заңсыз кәсiпкерлiк үшін бұрын сотталған адам жасаса, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
191 -бапта келтiрiлген қылмыстық-құқықтық норма заңсыз кәсiпкерлiк (190-бап) үшін жауапкершiлiк жөнiндегi жалпы нормамен салыстырғанда арнаулы норма болып табылады.
Заңсыз банктiк қызметтің (191-бап) құрамы заңсыз кәсiпкерлiктiң (190- бап) жалпы құрамынан, тек сол заңсыз кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын сала бойынша ғана өзгеше.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктiк қызметі мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтуi тиiс.
Банктiк қызметтің (банктiк операциялардың) кейбiр түрлерін лицензиялау тұтынүшы мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, тағы сол сияқты мақсаттарда жасалынады.
Егер, мына нышандардың бiреуi болса:
а) тiркелмеген;
б) арнаулы рұқсат (лицензия) қажет болып, бiрақ ол алынбаған;
в) лицензиялау шарты бұзылған болса банктiк қызмет заңсыз деп танылады.
Бұл қылмыстың құрамы болуы үшін заңсыз банктiк қызмет азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке iрi зиян келтiруге не iрi мөлшердегi табыспен ұштасуы тиiс.
Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асатын сомға азаматқа не бес жүз есе асатын сомға ұйымға не мемлекетке зиян келсе, ол зиян iрi мөлшердегi деп танылады (189-бабына ескертудi қара) . Айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе көп мөлшердегi табыс iрi табыс ден саналады (ҚК-тiң 190-бабына ескертудi қара) .
Субъективтiк жағынан қылмыс қасақана жасалынады. Айыпты адам өзiнiң банктiк қызметтi тiркеусiз немесе арнайы рұқсат (лицензия) керек бола тұра онсыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бұзғандығын, өзiнiң iс-әрекетi нәтижесiнде азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке iрi зиян келуi мүмкін екендiгiн не қалайда келетiндiгiн немесе өз iс-әрекетiнiң iрi мөлшердегi табыспен ұштасатынын бiледi, сол қылмыстың салдардың болуын қалайды.
Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъектiсi - жасы 16-ға толған, есi дұрыс адам.
Заңсыз банктiк қызмет қылмыстың сараланған түрi ден саналады, егер оны ұйымдасқан топ жасаса немесе ол ерекше iрi мөлшердегi табыспен ұштасса не оны заңсыз банктiк қызметі немесе заңсыз кәсiпкерлiгi үшін бұрын сотталған адам жасаса.
Ұйымдасқан топ - қылмыс жасау үшін жақсы ұйымдасқан, қылмыстық күрделi түрлерін бiрлесiп орындай алатын топ. Ол туралы болады, бiр немесе бiрнеше қылмыс жасауды мақсат тұрады.
Айлық есептiк көрсеткiштен екi мың есе асатын табыс ерекше iрi мөлшердегi табыс деп саналады (ҚК-тiң 190-бабына ескертудi қара) .
Егер адам бұрын ҚК-тің 190 немесе 191-бабымен сотталып және оның сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз кәсiпкерлiгi үшін бұрын сотталған деп танылады.
Қылмыстың объектiсi ақша-несие жүйесiндегi заңмен белгiленген коғамдық қатынастарға қол сұғу болып табылады.
Объективтiк жағынан қылмыс құрамы мынадай бiрнеше, жеке дара әрекеттермен сипатталады:
- банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеуден өткiзбеу;
- мiндеттi рұқсат (лицензия) алуды сақтамау;
- банктiк қызметтi лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру;
- көрсетiлген әрекеттер ұйымға, мемлекетке iрi зиян келтiру немесе iрi мөлшерде табыс алумен байланысты болуы болып табылады.
Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) лицензиясыз жүргiзу, тiркеуден өткiзбеу заңсыз әрекет деп танылады.
Мiндеттi лицензия алуды сақтамау деп арнаулы заңда көрсетiлген осы талаптарды сақтамау саналады. Лицензия шарттарын бұзуға осында рұқсат етiлген банктiк қызметтi (операияларды) iстемей басқа қызметпен шұғылдану әрекеттерi танылады.
Көрсетiлген iс-әрекеттер заңда көрсетiлген iрi зиян келтiрумен немесе iрi мөлшерде табыс алумен ұштасуы қажет. Егер заңда көрсетiлген қылмыстық зардап орын алмаса, онда кiнәлi адам әкiмшiлiк жауапқа тартылуы мүмкін. Iрi зиян немесе iрi мөлшердегi табыстың түсiнiгi Қылмыстық кодекстің 190, 191 -баптарында берiлген. Қылмыстық субъектiсi болып заңсыз банктiк қызметпен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматы, шет елдiк немесе азаматтығы жоқ адамдар танылады.
Субъективтiк жағынан қылмыс кiнәлiнiң қасақана нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қасақаналықтың тiкелей немесе жанама түрi де орын алады.
Ұйымдасқан топ жасаған; аса iрi мөлшерде табыс табумен ұштасқан; заңсыз банктiк қызмет немесе заңсыз кәсiпкерлiк үшін бұрын сотталған адам жасаған әрекеттер заңсыз банктiк қызмет жүргiзу құрамының ауырлататын түрiне жатады (191-бап 2-тармағы) . Бұл белгiлердiң түсiнiгi қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағында көрсетiлген осындай белгiлерге ұқсас болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 193-бабында “Көпе-көрiнеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге де мүлiкпен қаржылық операциялар немесе басқада мәмiлелер жасау, сондай-ақ аталған қаражатты немесе өзге де мүліктi кәсiпкерлiк немесе өзге де экономикалық қызметтi жүзеге асыру үшін пайдалану” қылмысының анықтамасы көрсетiлген. Заңда мұндай әрекеттер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүліктi заңдастыру деп аталады.
Қылмыстың тiкелей объектiсi экономикалық қызмет аясындағы ақша қаражат айналымын реттеудiң қоғамдық қатынастары болып табылады.
Осы қылмыс құрамының мiндетi белгiсi - оның заты болып табылады. Қылмыстың затына ақша қаражаты немесе заңсыз жолмен алынған өзге мүліктер жатады. Ақша қаражаты теңгелiк немесе валюталық көрiнiсте болады. Мүлік қозғалатын немесе қозғалмайтын (ғимараттар, құрылыстар, кешендер), сондай-ақ меншiкке немесе жалға алынған жер учаскелерi болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 193-бабындағы көрсетiлген әрекеттер нысаны бойынша заңды мәнге ие болған сияқты болып көрiнедi, бiрақта мазмұны жөнiнен алып қарағанда бұл әрекеттердiң бәрi қылмысты әрекетке жатады, өйткенi қылмыстың заты - ақша және мүлік заңсыз жолмен - талан-тараж, қызмет бабында пайдакүнемдiкпен қиянат жасау, наркотикалық нәрселердi немесе қару-жарақты заңсыз сату, заңсыз кәсiпкерлiк немесе банктiк қызмет, қандай кәсiпкерлiк, салықты төлеуден жалтару арқылы алынған.
Көпе-көрiнеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар немесе басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты аталған қаражатты немесе өзге де мүліктi кәсiпкерлiк немесе өзге де экономикалық қызметтi жүзеге асыру үшін пайдалану-бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) әлденеше рет;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасалса, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған немесе iрi мөлшерде жасалған әрекеттер - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаға жасалған мәмiлелер немесе ақша қаражатын немесе басқа мүліктi пайдалану iрi мөлшер деп танылады.
Заңсыз жолмен тапқан ақшаны заңдастыру, яғни “лас ақшаны тазарту” - тауарлар мен қызмет көрсету саласындағы экономикалық қылмыстардың бiр түрi.
“Ақшаны тазартқанда” қылмыскер өз әрекетiне заңдылық кейiп беру үшін, барлық негiзгi әлеуметтiк-экономикалық институттарды және мүмкіндiк тудыратын жағдайларды өте бiлгiрлiкпен пайдалану. Заңды бизнестi ол, көбiне, өзiнiң iрi ауқымды заңсыз мәлiметтерiн бүркемелеу, заңсыз жолмен тапқан iрi мөлшердегi ақшаны шетелге аудару үшін пайдаланады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, “ақшаны тазарту” дегенiмiз - жасырын қорлар мен капиталды ашық экономикаға енгiзу.
Ұйымдасқан қылмыстың мақсаты - алынған табыстың негiзгi бөлiгiн сыбайластық байланыс арқылы заңдастыру.
Сарапшылардың болжамы бойынша халықаралық қылмыстық ұйымның ақшасы - әр түрлі жылжымайтын мүліктерге айналған, фирмалар мен кәсiпорындарға салынған, сондай-ақ 300 млрд. долларға жуығы банктiк есепте. Сонымен қатар оның жылдық табысы 120 млрд. доллар шамасында.
Қылмыстық жолмен табылған “ақшаны тазарту” оның кiмге тиесiлi екенiн жасыруды және басқа жаққа ауыстырылуын қажет етедi.
Ұйымдасқан қылмыстық табысы болуы оның “ақшаны тазарту” қабiлетiне негiзделген.
Тiкелей банктiк құрылымдар арқылы қылмыстық жолмен табылған ақшаны тазартудың алдын алу мәселесi бiрқатар халықаралық конференңияларда, атап айтқанда, 1990 жылғы Гаванада, 1991 жылғы Суздальда талқыланды. Бұл мәселенi талқылаған кезде сарапшылар банктiк құпияның “тазартуды” жеңiлдететiн және қылмыстық жолмен алынған активтерге бақылау жасауды қиындататынын тiлге тиек еттi.
Банк операциялары мен бақылау жасау практикасының ережелерi бойынша БҰҰ Комитетiнiң принңiптерi туралы Мәлiмдемеде де (Базелде қабылданған) бұл мәселелердiң дұрыс шешiлуiне көмегiн тигiзедi. Бұл
мәлiмдемеде клиенттің жеке басын анықтаудың қажеттiгiн, күдіктi мәмiлелер жасаудан банктің бас тартуын, әкiмшiлiк органдармен салыстырмалы құпиялық ережесiнiң шеңберiнде ғана қарым-қатынас жасауды қарастырады.
Бiрқатар елдер жасырын банк есептерiне тыйым салу жөнiнде шара қабылдады, дегенмен бұл тұрғыда Австрия, Люксембург, Швеция сияқты елдерде белгiлi бiр шектеулер әлi бар. Бiрқатар елдердiң банктерiнде не барлық операциялардың, не iрi ақшамен операциялардың, не халықаралық операциялардың iшкi тiркеуiн сақтаған.
Капиталдың түсуiн бақылауды Швейцария қатайтты. 25 мың швейцар франкiсiнен артық сома түскен клиенттің есебiн барлық банкiлер тексеруге тиiстi. Заңсыз ақша операциясына қатысқаны үшін белгiленген жаза қатайған, заңсыз жолмен алынған ақша тәркiленедi.
Уругвайда орнаған жаңа тәртiп бойынша, шыққан тегi күдік тудыратын iрi салымдарға және оларды ауыстыру операциясына қатаң бақылау орнатылған. Мақсат - қылмыстық жолмен табылған ақшаларды тәркiлеу. Бұл елде бұрын орын алған салым құпиясы және банкирлердiң онша талап қоймауы ұйымдасқан қылмыстың етек алуына мүмкіндiк туғызған болатын. Ал, жаңа ережеге сәйкес кез келген iрi салымшының шыққан тегi мұқият тексерiледi, құжат арқылы расталынады. Австралия заңы бойынша банк күдіктi салық түскен бойда полиңияға хабарлауы тиiс.
АКШ-та банк құпиясы туралы Заң жұмыс iстейдi, Конгресс сол заңға сәйкес “ақшаны тазартудың” алдын алу операциясын заңдастыруға әрекет жасады. Қазiр банк мекемесi 10 мың доллардан асатын әрбiр салым бойынша валюта операциясы жөнiнде есеп бередi және басқа да есептер жүргiзедi.
АҚШ-тың “Жасырын ақша қаражатын инвестиңиялау жөнiндегi операциялар туралы” Заңы күдіктi қаржы операциялары туралы құқық қорғау органдарына өз еркiмен хабарлаған банктi айыппұлдан босатады. Қылмыстың ақшаны тазарту, iздестiру, басып алу және тіркiлеу жөнiндегi Европа Конвенңиясын республикада практика жүзiнде iске асыру мамандандырылған мемлекеттiк органдар құруды қажет етедi. Мысалы, Франңияда қылмыстық капиталды iздестiру жұмысымен экономика және қаржы министiрлiгi жағынан арнайы құрылған “Тракфин” тобы айналысады. Егер iрi ақша аударымы жайында банктен келiп түскен ақпарат күдік тудырса, материал прокурорға берiледi. Содан кейiн полиңияға және кеден қызметіне тергеу жүргiзу жайында нұсқау берiледi.
Швецияда құрылған арнайы қаржы полиңиясының мiндетi - қару-жарақты, мұнайды контрабандалық жолмен сатып, жасырын есiрткi сатып түсiрген ақшаны Швеция банктерi арқылы “тазартуды” көздеген халықаралық қылмыстық топтарды анықтау, оларға тосқауыл болу.
Бұл өзектi мәселенi шешу үшін Қазақстан дуниежүзiлiк қауымдастықпен тығыз байланыста болуы тиiс.
Мұндай қызметтi БҰҰ шеңберiнде үйлестiруге талпыныс Бас хатшының Экономикалық және әлеуметтiк Кеңестің екiншi сессиясына 1990 жылы ұсынған баяндамасында, БҰҰ-ның есiрткiмен күресуге бағытталған әрекеттің қоғамдық жоспарында болды. БҰҰ жұмысының Дуниежүзiлiк бағдарламасында да қаражаттың заңсыз айналымы қаражаттың заңсыз түсiмi және банк жүйесiн заңсыз пайдалану арқылы жинақталған ақша қаражатының зардаптарымен күресу үшін қабылдануға тиiстi шаралар ұсынылған.
Ақшаны тазартумен күрестегi қылмыстың жазалау саясаты, ең алдымен, ұйымдасқан қылмысты сыбайластықтың материалдық құндылықтарын iздеп табуға, бақылауға алуға және де тәркiлеуге бағытталуы тиiс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz