Топ жетекшісінің ата - аналармен жүргізетін жұмысы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Торғай аграрлық - техникалық колледжі
БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«Топ жетекшісінің ата - аналармен жүргізетін жұмысы»
Дайындаған: Досжанова Ляззат Хамитқызы
Арқалық қаласы - 2007 жыл
Баланың бас ұстазы ата - ана.
Мақсаты : Ата - ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі үлкен ұсақ - түйегі болмайтынын оқушыларға айта отырып, олардың сана - сезімін, ақыл - ойын, әр баланың өзіндік ерекшеліктерін дамыту, өмірге көзқарасын, қызығушылын, адамгершілік нормаларын қалыптастырып, жеке тұлғасын тәрбиелеу.
" Баланың жақсысы- қызық, жаманы-күйік. " (Абай)
"Баланы бұзуға, түзеуге себеп бір шарт - жас күнде көрген өнеге.
"Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес, "
"Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын. " (Абай)
"Жанүяға қарап бала өседі,
Қарағайға қарап тал өседі. "
(Ж. Аймауытов)
Кіріспе сөз.
А. С. Макаренко өзінің "Ата-аналар" кітабында: "Тәрбие ішінде ешбір ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ-түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаңыз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ-түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйектен құралады, өмірдің бүл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің ең жауапты міндетіңіз" деген.
Баланы әлі келгенше жұмыс істеткізу тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып табылады. Еңбек ету нәтижесінде баланың өмірге көзқарасы, сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, табандылығы, әсері, ұстамдылығы, ұжымшылдығы қалыптасады.
Ата-аналармен жургізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір топ жетекшілері жыл аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізумен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын колледжге шақырумен шектеледі. Бұл жағдайларда топ жетекшісі өз оқушыларының үйдегі жағдайларын нашар білуі, әрі ата-аналармен барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың ұжымдық және жекелік түрлерін ұштастырып отырған жөн. Ата-аналар жиналыстарында болған түсіндірме жұмыстарын ата-аналарме, үйде және колледжде жеке кездескенде жалғастырып отыру керек. Топ жетекшісінің ата-аналармен және жұртшылықпен тығыз ынтымақтасуы оқушыларға ұйымдасқан түрде тәрбиелік әсер етудің өрісін әлдеқайда кеңейтіп, оларға тәрбие беру міндеттерін табысты шешуге көмектеседі.
І. Оқушының жанұясына барып тұру.
Бұл ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда топ жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде топ жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы, ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.
Ата-аналарын колледжге тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ топ жетекшісі оның топтан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандайда бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.
Колледжде ата-аналармен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмау үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
ІІ. Ата-аналармен хат алмасу.
Кейбір топ жетекшілері жанұямен байланыстың ата-аналармен хат жазысып тұру сияқты түрін де қолданады.
Хат арқылы колледжде оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады.
Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жана кітаптар ұсынуға болады.
Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері де пайдаланылады. Топ жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.
ІІІ. Топтық ата-аналар жиналысы.
Бұл топ жетекшісінің жанұямен байланысының аса маңызды бір түрі. Топтағы оқу - тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай жұмыстар оқу жылының басында және әрбір сессияның аяғында өткізіледі.
Топ жетекшісінің жұмысы туралы методикалық хатта былай делінген: "Ата-аналар жиналысында педагогикалық оқу-ағарту жұмыстарымен қатар, -колледж бен жанұяда бала тәрбиелеудің тәжірибесін алмасу асырылады, ата-аналар қолданып жүрген тәрбие әдістерінің сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады. Өз балаларын тәрбиелеудегі ата-аналардың кемшіліктерін әрдайым ұжымда талқылаудың қажеті жоқ екені түралы тәжірибелі сынып жетекшілері қорытынды жасауда. Себебі, бұл жерде нақтылы жағдайды ескеріп, ата-аналардың кемшіліктерін олардың өздерімен жеке әңгіме өткізгенде айтқан дұрыс".
Топ жетекшілері тақырыптық жиналыстарды да жиі өткізеді. Олардың мақсаты - ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады.
ІV. Ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар.
Ата-аналар арасында педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізіліп тұрады. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады.
Әцгімелер мен лекциялар жүйелі түрде, белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы, "Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы", "Балаларды ұқыптылыққа үйрету", "Үлкендерді сыйлауға үйрету", "Баланың мінез-құлқын тәрбиелеу туралы", «Топтан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек" т. б.
V. Кеңес. Сұрақ-жауап кештері.
Лекцияларда ата-аналар өздері қызықтыратын сұрақтарына әрдайым жауап ала бермейді.
Сондықтан жеке топтарда тәрбие мәселелері жөнінде жүйелі түрде кеңестер өткізіп отыру керек.
Қазіргі кезде колледжде колледж психологі жұмыс істейді, әртүрлі мәселелер төңірегінде көмек береді. Жоғары топ оқушыларының ата - аналарына әдетте, мамандық таңдауға бйланысты кеңестер береді.
Қазіргі колледжде оқушыларға құқықтық тәрбие беруге көбірек көңіл бөліне бастады. Ата - аналар арасында құқықтық насихатты топ жетекшілері жүргізеді.
VІ. Тәрбие беру тәжірибесін алмасу жөніндегі конференциялар.
Конференцияда жанұя тәрбиесінің барлық мәселелері женінде емес, нақтылы тақырыптар бойынша әңгіме өткізген жөн. Мәселен, конферениияларды мынандай тақырыптарға өткізуге болады. "Балаларды еңбекке қалай баулу керек?", "Жақсы оқу үшін балаларға біз қалай көмектесеміз?», «Колледж оқушысының режимі», «Колледж оқушысының мінез - құлық мәдениеті", «Колледж оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуі", "Бейімділік және мамандық таңдау", "Балалардың жазғы демалысы" т. б.
Конференциялар шамамен мынандай жоспар бойынша өткізіледі: Конференция өткізудің міндеттері мен тәртібі туралы топ жетекшісінің кіріспе сөзі; бала тәрбиесінің нақтылы мәселелері жөнінде ата-аналардың қысқаша баяндамалары, шығып сөйлеушілер, директорының немесе топ жетекшісінің конференция қорытындысын шығаруы.
Кейде конференцияға қатысушылар үшін тәрбие мәселелеріне арналған педагогикалық жөне көркем әдебиет көрмесі ұйымдастырылады, нұсқау материалдар дайындалады.
Ата-аналардың назарын қызу талқылауға аудару үшін конференцияға шақыру хатта талқыланатын негізгі мәселелерді атаған жөн.
Мәселен, егер конференция колледж оқушыларының жанұядағы еңбек тәрбиесіне арналатын болса, шақыру қағазда мынандай мәселелерді атап көрсету қажет:
1 . Колледж оқушысы үйде қандай міндеттер атқарады?
2. Бұл міндеттерді бала қалай орындайды?
3. Дене еңбегінің дағдылары қалай қалыптасады?
4. Балалар еңбекте елгезектікке, ұқыптылыққа қалай үйретіледі?
5. Жанұядағы еңбек міндеттері қалай бөлінеді?
VІІ. Ата-аналарға жаднама
Бала тәрбиесі көпке ортақ. Бұлай айтуымыздың себебі де бар. Кешегі балабақшадағы сәби-бүгінгі күнгі алдымызға келіп отырған оқушы. Кішкентай балдырғандар мектеп табалдырығын үркектей аттап, жүрексініп, алдымызға ата-анасымен келгенде жылы жүзбен, ақ жүрегімізбен балаға бағыт бере қарсы алып, ата-ана ойларымен бөлісіп ұстаздар қауымы тығыз жұмыс жүргіземіз. Әрине, баланың дұрыс дәріс алуын бастауыш сыныптан бастап қадағалап отырамыз. Баланың оқу үлгерімі, тәртібі, колледжде өткізілетін іс-шараларға байланысты. Колледж тынысында ата-аналармен тығыз байланыс жүргіземіз. Ата-аналар жиналысы бір жылда 4-5 рет өткізіледі. Жиналысқа келмей қалатын ата-аналар да кездесіп жатады.
Себеп-салдарын түсіндіріп, ескертетін ата-аналар болады, кейде тіпті ата-анасын жылына бір рет қана көресің. Яғни, ата-анаға баласының колледждегі уақыты қызықтырмайды ғой деген терең ойда қаласың.
Бала тәрбиесі бастауыш сыныптан басталады. Өзім колледж мұғалімі болғандықтан осындай жағдайларды кездестіріп отырдым. Соған байланысты өзім жетекшілік ететін тобымның ата-аналарына төмендегідей жаднаманы ұсынып отырмын. Жаднама ата-аналар үшін қажетті деп ойладым. Ата-ананың келмейтініне топ жетекшісінің көзі жеткенде оқушының қолына жаднаманы беріп, ата - анасына апаруын ұсыну.
І курс оқушыларының ата-аналарына:
1. Балаңыздың оқуына, тәрбиеленуіне, баланың белсенділігінің артуына тек
колледж тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз. Мұғалім -сіздің отбасыңыздың досы және бірінші одағы.
2. Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағын қадағалаңыз.
3. Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз, бүгін қандай жаңа ұғым алды, нені үйрснді, т. б. Тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз.
4. Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса көмектесіңіз, керісінше өзіңіз орындап беруге үйретпеңіз.
5. Баланы тек үй тапсырмасының жұмысымен қалдырмай, ой-өрісінің өсуіне қосымша жаңалықтар қамтып, білімін жетілдіріңіз.
6. Балаңыздың колледждің және колледжден тыс жұмыстарға қатысуын қадағалаңыз, мүмкіндігінше көмек көрсетіңіз.
7. Мүмкшдігінше баланың айтқан әңгімесіне, өзі жайлы, колледж туралы, достары туралы т. б. ойымен бөлісіп, баланың кезқарасымеи қарауға тырысыңыз.
8. Өз мүмкіндігіңізге байланысты колледж бен мүғаліміңізге көмек көрсетуді ойлаңыз. Ол сіздің балаңызды тәрбиелеудегі өнеріңіздің жоғарлығын көрсетеді.
VІІІ. Ата-аналармен жүргізілетін жүмыс
1. Тәрбиеге кешенді көзқарасты жүзеге асырудағы колледж бен жанұяның өзара толық түсінушілігі мен келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету.
2. Жанұя мен колледжде ата-аналардың тәрбиелеу белсенділігін барынша дамыту.
3. Әрбір жанұяда балаларды жан-жақты дамытып тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу.
4. Балаларды еңбекке тәрбиелеп, денесін шынықтыруда ата-аналардың белсенділігін күшейтуге үнемі жәрдемдесіп отыру.
5. Топ ұжымы дәстүрлерінің одан әрі дамып, белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz