Эстетикалық және дене тәрбиесі істері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

І. Кіріспе бөлім

Ұлттық салт - дәстүрдің тәрбиелік мәні

ІІ. Негізгі бөлім

1. Халық ойындарын дене тәрбиесінде қолдану

2. Оқушыларға эстетикалық дене тәрбиесін беруде салт - дәстүрдің маңызы

  • Эстетикалық тәрбие берудің жолдары
  • Тұлғаны жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің мәні
  • Дене тәрбиесінің бала дамуында алатын орны

3. Эстетикалық және дене тәрбиесі істері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

ҰЛТТЫҚ САЛТ - ДӘСТҮРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Тәрбие - ана сүті арқылы қанға сіңіп, санаға дариды. Бала дүниеге келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады, бейімделу, тепе-теңдігін сақтау қабілеті пайда болады. Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негізделген режиммен, ағзаны шынықтырумен, қозғалым дағдыларын қалыптастырумен байланысты екені белгілі. Шынықтыру жолдары таңертеңгілік гимнастика, салқын сумен жуыну, қозғалысы мол ойындар ойнау, таза ауада тыныстау, судың температурасы төменгі жағдайда спорттық жаттығулар жасау. Осының бәрі ағзаның сыртқы орта әсеріне төзімділігін арттырады. Жүйке жүйесі, жүрек және өкпе жұмысын, бұлшық еттердің жұмыс қабілетін жақсартады, жағымды әсер тудырады.

Ұрпаққа ұлттық рух беріп, әдет-ғұрыпымызды салт-санамыздың, дәстүріміздің қадір-қасиетін, ерекшелігін айту, баулу әрбір ата-ананың тәрбиешінің міндетінің бір бөлшегі деп айта аламыз. Ұлттық рухта тәрбие алмаған, тілін-дінін, ойынын, дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа отанды қорғауға сенім арту, болашақтың тізгінін ұстату есіңе түскенде "есек барға саналса да , малға саналмайды" деген сөз еріксіз ойға оралады.

Адам жаны, әсіресе бала жаны өмірдің бар құбылысын қалт жібермей қадағалап, бойына сіңіретін аса сезімтал "барометр". Өзегін жарып шыққан бауыр еті баласына салт-сана, дәстүр түгілі жүрек жылуын бере алмаған ата-ананың одан қамқорлық, жылу, жақсылық, қазақы патриоттық жауап естуі екіталай.

Ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенмен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор, Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірмен ұштастыра, біледі. Сондықтан, ұлттық ойындарды дене шыныктыру сабағында қолданса, келешек ұрпақтармен сабақтастырса деп ойлаймыз.

Ұлтымыздың қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен көлемі жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл-дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдіктен, қалыптылықтан, ерекше ептіліктен көрінеді. Балалардың жалпы жігерлілігі ойын қимылын көріктендіріп, қимылдарды неғұрлым жоғары сапалы орындаудан көрінеді және қимыл процесінің өзінен рахаттану сезімін туғызады. Сан алуан бір немесе бірнеше шеңберге, қатар сапқа, тізбек сапқа тұру, қозғалыс жасау қимыл дәлдігін, сұлу дене бітімін, жинақтылықты талап етеді және балалардың эстетикалық сезімін дамытады.

Ұлттық ойындарымызды өткізу кезінде қимыл әсемдігі туралы ұмытуға болмайды: қимылы неғұрлым сұлу балаларға назар аудару, кескінді сәтті беруге ұмтылу әрекеттерін көтермелеу керек. Сөйтіп, эмоционалды сауықтыру, танып білу және тәрбие беру компоненттерінің қимыл ойындарына енгізілген бүкіл комплексін пайдалану жан-жақты тәрбие беру міндетін жүзеге асыруға көмектеседі.

Мұхаммед пайғамбарымыздың 148-хадисінде "ауырмай тұрып денсаулығыңның қадірін біл" деген өсиеті бар. Біз ертең өз өмірімізді әрі қарай жалғастыра аларлық дені сау, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Бұл біздің ел, халық алдындағы басты парызымыз болмақ. Тәрбие әдетте бесіктен басталып, мектепте жалғасын табатыны белгілі. "Тән сұлулығы табиғаттан, жан сұлулығы өзіңнен - демекші, сол сұлулықты қалай қалыптастыруға болады?

Ұлттық қозғалмалы ойындарымыз баланың ақыл-ойын дамытуға көмектеседі. Ойын әрекеті зейінділікті ұлтымыздың қадір-қасиетін ұғынуды, түсінікті бағдарды анықтауды, қиялдауды, есте сақтағыштықты, тапқырлықты, ой сергектігін дамытуға көмектеседі.

Ойнау барысында жүйелі, байыпты түрде балаларды ереженің қоғамдық маңызын жете түсінуіне жеткізетін бұл қасиеттер жеке адамның адалдық, әділеттілік,, достық, батылдық, өзін-өзі билеу, табандылық, жігерлілік сияқты ең жақсы жақтарын қалыптастырудың тиімді құралына айналады. Бұлардың бәрі қимыл-қозғалыс ойындарын ережесімен бірге балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің пәрменді құралдарының бірі ретінде белгілеу үшін негіз ретінде қызмет етеді.

Қимыл-қозғалыс ойындары қозғалғыш-тірек аппаратты дамыту және жетілдіру жолымен ағзаны күшейтуге көмектеседі. Ертедегі қазақ жерінде көрші екі ауылдың арасында жылына 10-15-ке дейін ат ойындарының барлық түрлері өткізіліп тұрған. Олар: аударыспақ, бәйге, күміс алу, қыз қуу, жорға жарыс, ат омыраулаттыру, жамбы ату, тұмақ ұру, аламан бәйге, көкпар, түйе жарыс, сайыс т. б. Бұл ат спорт ойындарының қайсысы болмасын жігіттердің күштілігін, ептілігін, қайраттылығын, ат үстіндегі шеберлігін ғана дамытып қоймайды, сонымен бірге батылдыққа, тез шешім қабылдауға, дәлдікке, тәуекелшілдікке (дене сапаларымен бірге ішкі жан дүниесін), адамгершілікке тәрбиелейді.

Балаға бірінші рет кездескен ойының барлығы жаңалық, бәрі де тамаша ғажап дүние. Сол күлкілі кейіпкерлердің өмір сүру, өмірге икемделу жолындағы қақтығыстарын және өзге жан иелерімен қарым-қатынастарын, олардың айла-тәсілдері таң қалдырады. Кішкентай, әлсіз тірлік иелерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін ойнап көрсету балаларға арналған халық ойындарының ең қызық тұсы деп айта аламыз. Бұл ойындар балалардың назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйретеді. Ойынның қалыптасқан ситуациясына байланысты ол қимылды тынығумен кезектестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан тез шешім қабылдап, жол тауып шығу, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.

Әрбір қимыл-қозғалыс ойынында балалардың ойын әрекеттері мен қимылдарын өзгертуге берілетін сигналдар болады. Бытыраңқы жеңіл жүріс, бұрын белгіленген орындарға бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты тура бағытта жүгірумен өзгереді. Мұндай ширақ қимыл әрекеті еліктіру тежеу процестерін жетілдіре және теңестіре отырып баланың жүйке жүйесін шынықтырады.

Еліміз егемендік алып ұлттық спортымызға оң бетбұрыс жасап жатқан қазіргі кезеңде әр іс-әрекетімізді орта азиялық тіпті дүниежүзілік деңгейге лайық жасауымыз керек. Ұлтымыздың қанына тән, салт-дәстүрімен бірге сақталып келген мың жылдық тарихы бар қимыл-қозғалыс және ақыл-ой ойындарының ерекшелігің маңыздылығы, тәрбиелілігін болашақ ұрпаққа жеткізу әрбір азаматтың борышы десек те болады. Тұрмыс салтта тарихи әлеуметтік жағдайға байланысты қазақ халқының дене тәрбиесіне лайықталған дәстүрлер көп. Олар: атқа отырғызу, күрес, атжарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, жамбыату сияқты денешынықтыру дәстүрлері мен қатар халық өз ұрпағын батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды. Адалдыққа тәрбиелейді. Қазақ халқы бала туған сәтінен бастап, оның денсаулығының жақсы болуына аса мән берген. Жас баланың күнде тұзды сумен жуындыру, маймен сылау, қол аяғын керу сияқты әдістерге аса мән берген. Жас анаға енесі, абысыны, өзі қатарлар көрші - құрбылары үнемі осы әдістерді көрсетіп, көмектесіп отырған. Осындай бала, күту әдістері дамып, қалыптасып, бүгінгі күнге дейін пайдалануда. Баланы халық медицинасымен емдеген. Іш ауырса ашыған айран немесе сынап ішкізген, су мен ұшықтаған, қарағатпен оның жапырағын қайнатып берген. Мешел баланы құйрық майымен сылаған. Қанды тию үшін күл, топарақ сепкен. Іштегі қанды тию үшін қалақайдың суын қайнатып ішкізген. Баланы жазды күні жалаңаяқ жүргізуде денесін шынықтырады. Және де нерв жүйесіне пайдалы. Ділбас, ангина сияқту ауруларды түйдек тұзбен басып емдейді. Тіс ауруына меңдуана шөбімен ем жасаған. Баланың денесін шынықтырудағы әдіс - тәсілдер төс қағыстыру, иық қағыстыру, маңдай сүзістіре, білек саусақ күшін сынау, арқан тартыс т. б. ұлттық ойындар. Денені шынықтыруда намаз элементтерінің маңызы бар. Намаз оқу алдында мойнын шаю т. б. намазға отыру жаттығулар жасау. Сонымен қатар мұсылман халқы тазалыққа аса мән берген. Қолын ас ішердің алдында жуған. Бастарына орамал тартып жүрген. Аяқтарына аяқкиім киіп жүрген. Ер балаларды сүндетке отырғызу тазалықтың бір белгісі болып есептеледі. Баланы бесікке салу, оны күту, ұйықтату, баланың таза болуына үлкен ісер етеді. Сонымен бірге баланы атқа отырғызып оны атқа шаптыруға үйретеді. Қазақша күрестің өз ерекшелігі бар. Бала күрес, балуан күрес, т. б. бұл баланың денсаулығын шынықтырады. Қазақ халқы ұрпағының ойлы сергек етіп шынықтырған. Осылардың ішінде қазақтың ұлттық ойындарының рөлі зор.

Қазақ халқының әдет-ғұрыптарының негізінде дамыған алуан түрде ойналатын қазақтың ұлттық ойындары көшпелі халқымыздың дала табиғатына сай дами берді.

Әр түрлі өнерді белгілі бір жүйеленген ортада көре алмағандықтан "театры жоқ елдің театр орнына көретін сауығы еңбек мерекелері мен қыз ұзату, бала сүндеттеу сияқты ойын тойларының өзекті арқауы ән мен күй, "драмалық" элементіне жататын халық ойындары болғаны да даусыз. Осылайша ертеден берлі ұзақ сонарлы көштің соңында мал бағып келген қазақ халқында әдет-ғұрпы мен өзіндік тарихи ойын сауығы болған.

Қазақ халқының тіршілігінде төрт-түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) шешуші орын алды. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының тарихи даму ерекшеліктері, той думан, қуанышы да, реніші де осы малмен байланысты болды. Төрт-түліктен алынатын өнім қазақ халқының кисе киімі, жесе тамағы, мінсе көлігі, тіпті өмір сүруге қажетті заттың барлығы сонда болғандықтан, "Мал ашуы - жан ашуы", "Ел көркі - мал, өзен көркі - тал" деген халық мақалдарынан да байқауға болады. Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ әдебиетінде ғана жырланып қоймай, мәдениет пен өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды. Келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түлік болған, "ақ байпақ", "көк сиыр", "түйе-тышқан", "соқыр теке" т. б. сол сияқты ұлт ойындары өмірге келген.

Ойын кезінде "өздерінің шарықтап бара жатқан сезімін тежеуге және өз әрекеттерін санаға бағындыра білуге" үйрету керек. Ойын жағдайында бағдар белгілей білуге ойын тапсырмаларын орындауда жолға әдейі кедергілер жасалуы көмеқтеседі. Бұл балалардың жеткілікті дәрежеде жетіліп үлгерген аралықты көзбен мөлшерлеп бағдарлауға сүйеніп және қимылды орындау уақытын ескеріп, әрекет етудің ең жақсы әдісін өз бетінше таңдап алу қабілетін қалыптастырады. Бытыраңқы тез қимылдап келе жатқан балалардың арасында бағдар ұстай білуі өте маңызды. Ойын кезеңінің үздіксіз өзгеруіне орай қас-қағым сәттік сезімнің қажеттілігіне байланысты анағұрлым күрделі болады. Алайда, ойындарды қайталау сетінде есте сақтағыштығы жақсы жетілген ойьшшылар бұл дағдыны ойдағыдай меңгереді.

"Халық өз тілінен, дінінен, өнерінен айрылған кезде қарекетінен де айрылады" - деп, неміс философы Имануил Кант айтқан екен. Олай болса болашақ ұрпақтың әлжуаз, денсаулығы төмен, білімсіз, ұлттық рухсыз, зиянды құбылыстарға бет бұруына жол бермеуіміз керек. Жоғарыдағы аталған мәселелерді шеше отырып "Ұлттық спорт ойындарын" жастар арасында насихаттау мақсатында мына мәселелерді жүзеге асыруымыз қажет деп ойлаймын:

"Қазақстан-2030" стратегиясының басты бағыты "салауатты өмір салтын" насихаттауды пәрменді жүргізу;

- Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның әлі де шешімін таппай тұрған тұстарын жүзеге асыру;

- 2003-2005 жылдарға құрылған ауыл жылы бағдарламасын іс-жүзінде жүзеге асыру.

- Ұлтымыздың спорттық ойындарын халқымызға, болашақ ұрпаққа кеңінен тарату;

- Ұлтымызға жат қылықтардан жастарды аулақ қылу;

- Жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту (Дүбәрә тідді жою) ;

- Жастардың бойында рухани, интеллектуалдық деңгейлерін жетілдіріп қалыптастыратын шаралардың ауқымын кеңейту;

- Жастарға ұлттық рухын көтеретін, сүйіспеншілігін оятатын іс-шаралардың ауқымын жиілету.

Ұлтымыздың әрбір азаматы болашақ ұрпақты салт-дәстүрден, ұлтымыздың спорттық ойындарынан хабардар етіп, салауатты-сауатты өмір насихаттап, бейбіт мемлекеттің ұлы мен қызын өсіріп, өнеге беруі парызы деп санаймын.

ІІ. 1. ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ

Дене шынықтыру сабағында халық ойындарын пайдалану мұғалімнің күнбе-күнгі сабағына әзірлену кезінде белгіленіп, сабақ жоспарында көрсетіледі. Халық ойындарын сабақтың басында да, ортасында да, соңында да, пайдалануға болады. Мектептің табалдырығын жаңа ғана аттап отырған, балалар бақшасында болмаған, топтасып әрекет жасап қалыптаспаған балалар үшін дене шынықтыру сабағын бірден бастап кету мұғалім үшін де, оқушылар үшін де қиындық келтіреді. Мысалы, бағдарлама бойынша бірінші сыныптың оқушыларына гимнастика сабағы «Сапқа тұру және қайта өзгеріп тұру» сабағынан басталады. Осындағы сапқа тұру, коллоннада бір-бірден жүру, т. б. толып жатқан ұғымдарды оқушыларға бірінші күннен бастап түсіндіре қою қиынға соғатыны белгілі. Мәселе оның мұғалім үшін қиыншылығында емес, балалардың бірден күрделі ұғымдар мен қимылдарды меңгеріп алуының күрделілігінде. Сондықтан алғашқы он-он бес минут уақытты мұғалім халық ойындарымен бастап, балалардың қимыл бірлігі қалыптасып, бір-біріне жақындаса бастаған кезде, ойыннан сабаққа біртіндеп көшкені жөн. Алғашқы бірнеше сабақ бойы мұғалім ойыннан негізгі материалға, одан қайта ойынға, одан және ойынға көшіп, қайтадан негізгі материалды өтеді де, сабақтың аяғын ойынмен бітіреді. Халық ойындарын сабақтың ортасында пайдалану - оқушылардың дене шынықтыру сабағындағы арнайы материалдарды дұрыс түсініп ұғуына негізделеді. Бастауыш сынып оқушыларының назары тұрақты болмайды. Көп жағдайларда дене жаттығуларын мұғалімнің көрсетуі бойынша қайталай береді. Ал, мұғалім балалардан жаттығуды өз беттерімен жасауын талап еткенде олардың көпшілігі дұрыс орындамайды, сондай-ақ олардың қимыл бірлігі бұзылады. Балалардың назарын сабаққа аудару үшін мұғалім сабақтың ортасында 5-10 минут осы сабаққа ұқсас халықтық қимыл ойындарын ойнатып, олардың көңілдерін басқа жаққа аударады да, осының негізінде пайда болған ерік-жігерлерін негізгі материалдарға аударды. Ал, ойынды сабақтың аяғында, көбіне, оқушылар негізгі оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады. Сабақ бітуге 5-10 минут қалғанда біртіндеп ойынға көшкен жөн. Сабақтың аяғында ойын элементтерін пайдалануға мұғалім өте ұқыпты болып, мұндайда, көбіне, баяу қимылды ойынды пайдаланған жөн. Өйткені, оқушылардың үзіліс кезінде байсалды дем алуларына нұқсан келмеу жағын ескерген орынды.

Халық ойындарын бағдарламаның қимыл ойындары деген бөлімінде ғана пайдаланып қоймай, әр сабақтың мақсатына қарай, сонымен бірге мазмұнына сай, сабақ кезеңдеріне орай пайдалануға болады.

Бірінші сыныпта дене шынықтыру сабағын бағдарламада көрсетілгендей, бірден «гимнастикадан» бастау оқушылардың ұғымына қиын тиеді. Бұл жерде мұғалімнің пәнаралық байланысты толық сақтай отырып сабақ беруінің үлкен білімділік, тәжірибелік мәні бар. Оқу жылының басында бірінші сынып оқушылары мектепке үйренісіп, мектептегі тәртіп, оқу, жазу т. б. туралы мағлұмат алады. Сонымен бірге мұғалім де өз шәкірттерінің мінез-құлқын, қабілетін ой-өрісін, қимыл-қозғалысын тексереді, зерттейді.

Сыныптағы оқу үлгірімінің жоғары көрсеткішке жетуінің ең басты шартының бірі - оқушылардың мақсаттас бір ұжымға біріктіру болып табылады. Берік ұжым - саналы тәртіп пен сапалы оқудың бірден-бір кепілі. Олай болса, оқушылардың осы сапалы көрсеткіші бірініші сынып оқушыларының алғашқы күннен-ақ оқу мен тәртіпке, ұйымшылдыққа қалыптастырудан басталады. Сыныпта жүргізілетін жұмыстардың негізіне халық ойындары жатады деп батыл айтуға болады.

Бірінші сынып оқушылары үшін (алғашқы күннен бастап) қимыл ойындарының ішінен алдымен көпшілік болып ойнайтын ойындарды таңдап алу керек. Осындай халық ойындарының бірі - «Қасқырқақпан». Ойын мектеп ауласында, дене шынықтыру сабағына арналған кең алаңда өткізіледі. Мұғалім оқушыларды қатар тұрғызып, алдымен ойынның атын атап, мазмұнымен таныстырады. Егер ойында тақпақ болса, онда мұғалім оқушыларға сол тақпақты алдымен өзі айтып содан кейін хормен айтқызады. Жеке оқушыларға айтқызып, түсінбеген сөздеріне көніл аударады. «Қасқырқақпан» ежелгі халық ойыны, ол туралы балалар отбасында айтылатын әңгіме, ертегілерден таныс. Бұл балаларды ойынға ынталандырмай қоймайды. Олар мұғалімнің әр сөзін ұғып алуға тырысады, ойындағы тақпақты тез жаттап алады.

Ойын ешбір дене шынықтыру, спорт мүліктерін керек етпейді. Ойын өтетін орын: мектеп ауласы, дене шынықтыру алаңы. Ойын тәртібі: бала екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы - «Қақпан», кіші тобы - «Қасқырлар». Ойынды мұғалімнің өзі басқарады. Мұғалімнің айтуымен тақпақты ең жақсы жаттап алған бала бастайды, қалғандары оған қосылады.

Қасқыр түссе қораға,

Ұстамасқа бола ма?

Қол ұстасып тұрайық,

«Қасқырқақпан» құрайық.

Біздің қақпан болаттай,

Қасқырды тұр жолатпай.

Қасқыр, қасқыр, келіп көр,

Қақпан, қақпан, берік бол!

Оқушылар бір-бірімен қол ұстасып дөңгеленіп, шеңбер құрып, тұрып болғанша:

Кәне, кәне, тұрайық,

«Қасқырқақпан» құрайық! деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Сонан соң өлеңнің соңғы шумағы:

Кәне, қақпан, берік бол,

Қасқыр, қасқыр келіп көр! деген жолдарды айтып болысымен «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің ұстаған қолдарын жоғары көтереді. Ал, «қасқыр» тобындағы оқушылар арғы беттегі қорға көтерілген қолдардың астымен жүгіріп, өтіп кетуге тырысады.

Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезінде мұғалімнің «а-ап!» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Оқушылар жүрелерінен отыра қалады. Сөйтіп қақпан жабылады. Іште қалғандар «қақпан» тобына қосылады да, «қасқырлар» азая береді. Ойынды осылай жалғастыра беруге болады.

Бұл ойынды таңдап алу мен ойнатудағы мақсат - алдымен ойынды балалардың тілін, ақыл-ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, оларды еліктіріп - қызықтыру. Екіншіден, осы ойын арқылы оқушыларда ұйымшылдық, патриоттық сезім қалыптасады. Үшіншіден, дене шынықтыруға байланысты бір және екі қатар болып сапқа тұру, шеңбер болып қол ұстасып тұру, ойындағы қимыл бірлігі, бұйрықпен қозғалу, бір адамға бағынып, тыңдай білу сияқты қарапайым дағдылар қалыптаса бастайды. Бұл ойынды (күрделендіре отырып) екінші, үшінші төртінші сыныптарда да ойнатуға болады.

«Қолдың, аяқтың, кеуденің, бастың негізгі қалыптары мен қозғалыстары» тақырыбына байланысты жаттығуларды өткен кезде «Мысық пен тышқан» ойынын ойнатуға болады. Ойынның тәртібін мұғалім оқушыларға түсіндіреді. Ойын сабақтың екінші жартысында жүргізіледі.

Ойнаушылар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Оқушылар арасынан екі баланы ортаға шығарып, оның бірін - «Тышқан», екіншісін - «Мысық» етіп белгілейді. «Тышқан» болған оқушы шеңбердің ішінде қалады. «Мысық» болған оқушы шеңбердің сыртына шығады да «Тышқанды» аңдып, оны ұстауға тырысады. Шеңбер құрып тұрған оқушылардың міндеті: «Мысық», «Тышқанды» қуған кезде ұстасқан қолдарымен бөгеп, «Тышқанды» ұстатпауға тырысады. «Мысық» қапылыста ішке кіріп кетсе, «Тышқанды» сыртқа шығарып, «Мысықты» ұстап қалуы керек.

Егер де «Мысық» сыртқа шықса, онда «Тышқанды» ішке кіргізіп, «Мысықты» сыртқа қалдырады. Осылайша, бірін-бірі қуып жүріп, «Мысық» «Тышқанды» ұстауға тиіс. «Тышқан» ұсталғаннан кейін олардан басқа екі оқушы шығады да ойын жалғаса береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің комплекстілігі
Этикалық тәрбие істері
Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу
Тәрбиелеу өнері мен тәрбиелеу технологиясы
Психология және спорт психологиясы
Тәрбие өнері және технологиясы
Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы
Тәрбие жұмысын жоспарлау
Ғылыми дүниетаным тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz