Қабылдау және әрекет
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институты
Педагогика,психология және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Балалар қабылдауының дамуы және оны қалыптастыру
Орындаған:
Рахман Ф.Д. ПМНО-3ж 3-курс
Ғылыми жетекші:
Жұмекенов Б.
Арқалық-2005
Қабылдау туралы ұғым
Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тңкелей қатыста
түйсіктер арқылы ғана емес,қабылдау арқылы да аламыз.Бейнелендірудің бұл
екі түрі сезімдік дамудың тұтас процесінің звенолары болып саналады.Олар
өзара ажырамастай байланыста, бірақ әрқайцсысының өзіне тән ерекшеліктері
бар.Егер түйсіктер нәтижесінде адам заттың жеке қасиеттері, сапалары туралы
білім алатын болса,қабылдау зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін береді.
Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және
бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезінде
бейнеленеуі.
Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктермен жүзеге асады, бірақ
оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасындағы
белгілі бір қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат
немесе құбылыс құрвмына енетін сапа,қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен
қатынастарына тәуелді.
А.С. Пушкин Полтава соғысы жайын жазғанда орасан зор ұрыстың
суретін береді:
От өсер құйып үстен, жалдап жалын,
Үйіле құлаған қол үстін басып,
Жаңа күш жатты айқасып, найзаласып,
Атты әскер ауыр бұлттай түскен жерге,
Айқасып, аласұрған серглдеңге,
Шыңылдап қылыш дауысы бір тынбастан
Екі жақ кескілесе қырғын ашқан
Шарқ ұрып, шойын шарлар, қырып жойып,
Тепсіне түскен жерін түседі ойып
Кетеді шоршып – қарғып, домаланып
Шорылдап шорып қанға, зәрені алып
Түйрескен тілгілескен швед пне орыс
Ақыра қаһарланған қатал соғыс
Соғылған барабандар айқай – сүрең,
Ышқынған, алас- ұрған, дүркіреген,
Бір жақтан зеңбіректер қаһар шашқан
Ғаламат, ажал- дозақ араласқан.
Соғыстың өзара байланыс , өзара қатынаста берілген жеке
көріністерінің жиынтығы жойқын ұрыстың көрінісін қабылдауды туғызады.
Түйсіксіз қабылдаудың болуы мүмкін емес. Дегенмен қабылдау құрамына
түйсікиен басқа адамның өткен тәжірибелері елес және білім түрінде енеді.
Қабылданатын зат, мәселен, электрондық есеп машинасының жаңа варианты,
түрлі сондай, бірақ бұрыннан таныс заттармен салыстырылады. Қабылдау
процесі жеке адамның басқа да психикалық процестері: ой біз алдымызда не
тұрғанын аңғарамыз, сөз ( қаьылдайтын затты атаймыз), сезім (қабылдайтын
затпен белгілі қатыста боламыз), ерікпен (қабылдау процесін белгілі
дәрежеде ырықты ұйымдастырамыз) байланысты жүзеге асады.
Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың
біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы
қалыпиасады. Қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына
қатысты болады. Осы арақатынас біздің мінез – құлқымызбен іс- әрекетіміздің
бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі. Қабылдаудың толықтығы мн
дәлдігі қоғамдық практика мен адамдардың тәжірибесіне, заттардың белгілері
мен қасиеттері жөніндегі жинақталған білімдерге тәуелді. Танымдық әрекет
барысында адам біліп алып, оны тексереді, кеңейтеді, өз білімін қоғамға
белгілі білімдермен салыстырады. Практика адам білімдерінің қайнар көзі
болуымен бірге, игерілетін білімдерге де өз өзгерістерін енгізеді.
Қарапайым мысал алып қарастырайық, су құйылған стаканға таяқша салғанда екі
ортаның түйісер жерінде бұршаланған қабылдау туады, таяқшаның басқа ортада
орны ауысқан болып көрінеді. Қарапайым практикалық тексеру бұл иллюзияны
жоққа шығарады. Пайда болған қабылдау бейнесі қабылдау заты қасиеттермен
сәйкестендіріледі.
Химия сабақтарында оқушы түрлі химиялық элементтердің қасиеттері туралы
білімдер алып, олардың әрқайсысының сыбағалы салмағын, валенттілігін,
түсін, құрамын, иісін, және басқа қасиеттерін танып біледі. Осындай
жекеленген химиялық қасиеттерден белгілі бір тұтас білім құрастырылады.
Өзіне тән қасиеттерді біріктірген химиялық элементтің тұтас қабылдануы
қалыптасады. Демек, қабылдау тұтастығымен сипатталады.
Қабылдау бейнесіне әр кірнтін бөлік тұтастықпен арақатыс арқылы
ғана мәнге ие бола алады және сонымен анықталады. Қобылдау бейнесінің өзі
де оны құрастыратын бөлшектердің ерекшеліктерін тәуелді болып келеді.
Мәселен жаңа оқу материалын қабылдау үстінде оқушы мұғалім сөзінің мазмұнын
қадағалайды. Материалды ой елегімен өткізіп, тұтас қабылдау үшін оқушыға
сөздер, фразалар арақатынасын аңғара білудің маңызы үлкен. Оқушы жауабының
тұтас қабылдануы да, ол өз білімін сөз арқылы жеткізген соң туады.
Мұғалімнің түсіндіруі де, оқушының жауабы да бұлардың сөзін құрайтын жеке
дыбыстар немесе сөздердің ешқайсысына тән емес белгілі бір мағыналы мәнге
ие бола алады.
Затты қабылдағанда біз оны белгілі бір құрамға ие бір тұтас зат
деп түсінеміз.
Гелитальтпсихологтар қабылдау тұтастығын заттар мен құбылыстардың
объективті тұтастық қасиеттерінен, оның ең бастапқы тұтастық құрылымынан
деп түсіндіреді. Олар қабылдау актінде өзіндік түр қарау атқарылады,
бейнеленетін заттарға тұтастық және құрылымдық деп түсіндіреді. Олар
қабылдау актінде, тұтастықты , бейнелеу,әрекетінде пайда болатын
субъективті сапа деп қана қарайды. Гелитальпсихологиялық көзқарас бойынша
қабылдау процесінде дүниедегі қым- қуыт ретсіздік белгілі бір құрылымға
ауысып, белгілі түрде енеді, соның нәтижесінде заттар тұтастанып көрінеді.
Қабылдау дегеніміз дүниені қайта құру дейді.
Гелитальпстхологтар- бұл идеалистік теория қабылдауды спонтанды, яғни
істен пайда болатын процесс деп түсіндіреді де, бізді қоршаған объективті
дүние заттары және құбылыстарының жеке сапалары мен құбылыстарының жеке
сапалары мен қасиеттерінің тікелей бейнесі болып саналатын түйсіктердің
болуын іс жүзінде жоққа шығарады.
Қабылдаудың түрлері. Қабылдау бейнелеу әрекетіндегі талдағыштың
бірінің немесе тағы басқасының рөлінің басымдылығына байланысты түрлер
бойынша ажыратылады.
Көріп қабылдау (суретті скульптураны, көрмені көріп қарау), естіп
қабылдау (әңгіме, ән немесе аспаптық концерт тыңдау), сипап қабылдау
(заттың оның бөлшектерінің сипау арқылы бейнеленуі ) туралы айтуға болады.
Кез келген қабылдау перцевтивтік жүйенің, яғни біреу емес,
бірнеше талдағыштың қызметімен анықталады. Олардың мәні біркелкі бола
бермейді, талдағыштардың кейбіреуі жетекші болып табылады, енді біреулері
зат немесе құбылысты қабылдауды толықтырады. Мәселен мұғалімді тыңдау
кезінде есту талдағышы жетекші болып есептеледі. Сонымен бірге оқушы
мұғалімді көріп отырады, оның класс тақтасындағы жұмысын қадағалайды,
дидактикалық материалды пайдаланады, ой қорытындыларын дәптеріне жазады,
оқулықтағы қажетті схемаларға зер салады. Есту талдағышы жетекшілік роль
атқарған бұл жағдайда көру, қимыл – қозғалыс, тері кинестезиялық әрекет
негізінен есту қабылдауы түрінде болады.
Әрекет үшін түрлі, бірнеше талдағыш біркелкі қарқынмен
жұмылдырылса, қабылдаудың күрделі түрлерінің жарыққа шығуы байқалады.
Мәселен телевизиялық сабақ кезінде немесе оқу кинофильмдерін көрсеткенде
оқушыларда көріп- есту қабылдауы пайда болады. Денешынықтыру сабақтарында
жаттығуларын орындау үстінде көру- қозғалыстық күрделі қабылдауы жиі пайда
болады. Музыкалық этюдтарды жаттап үйрену есту қозғалыс қабылдаулары
қалыптасуының алғы шарты.
Қабылдаудың күрделі түрлеріне ең маңызды роль қимыл – қозғалыс
үлесіне тиеді. Мысалы, заттарды шолып қарағанда көз көп қимыл жасайды;
сипап қабылдауда қол қимылдары жетекшілік етеді. Қабылдау қабылдайтын
объектіге байланысты да түр – түрге бөлінеді.
Кеңістікті, уақытты, қозғалысты, затты, сөзді, музыканы адамды
адамның қабылдауы жайлы сөз қозғалады.
Қабылдаудың физиологиялық негіздері.
Қабылдаудың физиологиялық негізі – талдағыштар жүйесінің
комплекстік қызметі болып табылады. Рецепторларда болатын алғашқы талдау
талдағыштардың ми бөлімдерінің күрделі аналіздік – синтездік қызметімен
толықтырылады.
Лекцияны қабылдау үстінде студент оқытушыны көріп, оның сөзін
естиді, лекцияның негізгі мазмұнын жазып отырады. Әсер етуші
тітіркендіргіштер комплексі көру, есту, қағыс рецепторларының қозуын
туғызады. Пайда болған қозу ми қабығы орталықтарына беріледі. Осының
нәтижесінде қабылдаудың тұтастығын анықтайтын уақытша нервтік
байланыстардың күрделі жүйесі жасалады.
Кез келген жаңа затты қабылдау адамда бұрыннан бар тәжірибе,
білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процесінде бұрын
қалыптасқан уақытша байланыстардың кейбіреулері жанданып отырады. Соның
салдарынан шиеленісті де күрделі нервтік процестер пайда болады.Осының
құрамына әрекет үстіндегі комплексті тітіркендіргіштерден туған қозу мен
адамның осыған сәйкес тәжірибесінің уақытша нервтік байланысының жандануы
енеді.
Кез келген зат немесе құбылысты адам белгілі бір бөлшектер атысы
арқылы қабылдайды. Кей жағдайларда құрамы бөлшектердің өздері емес, олардың
арасындағы өзара қатынас маңызды болып шығады.
Мәселен, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері
мысалдарын қабылдауда, қосылғыштардың сандық мөлшерінен гөрі әрекет
компоненттерінің арасындағы белгілі тәуелділіктер маңыздырақ болып
табылады. Дыбыстар арасындағы үйлесімді қатынас дұрыс сақталса,
орындаушының әншілік ерекшелігіне қарамастан ән, романс, ария таныс болып
қабылданады.
Адамның қабылдау процесінде екінші сигнал жүйесі маңызды міндет
атқарады. Ол адамға тән қабылдаудың мазмұнын анықтайды. Сөзбен ойлау
арқасында адам қабылдауы жануарлар қабылдауынан ерекшк. Ой қабылдау
актісіне енеді, қабылданатын зат сөзбен аталады. Екінші сигнал жүйесі
қабылданатын затты сөздік сигналға айналдырады, бірінші сигналдық
тітіркендіргіштердің түсінікті болуына жол ашады, адамға тән қабылдауға
ырықтылық сипат береді, қабылдауды жеке адам белсенділігімен ұштастырады.
Қабылдау және әрекет. Қазіргі заманғы психофизиологиялық
зерттеулер қабылдау актінде әрекетке басшылық басталатынын көрсетіп отыр.
Сенсомоторлық процестер әсер етуші заттардың ерекшкліктердің жөнінде
хабарлар беріп отырады. Қабылдаудың барлық түрінде қимылдық компонент
объектіні айналасындағы фоннан ажыратуға көмектеседі. Мәселен, көріп –
қабылдау көру- қозғалыс үйлесімділігімен байланысты болса, естіп қабылдау
есту талдағышын дыбыс көзіне бұру жолымен тітіркендіргіштерді іске қосудан
басталады, ал сипай қабылдауға келсек ол қимыл талдағыштары жұмысының
реттлуімен анықталады. И. М. Сеченов сенсорлық және қимылдық аппараттардың
тәжірибе игеру үстінде біртұтас бейнелеу жүйесіне бірігетінін атап
көрсетті.
Қабылдаудың қасиеттері.
Қабылдаудың таңдамалылығы. Адамға әсер ететін заттар мен құбылыстардың
молдығы сонша, жауап қайтара алмайды. Орасан көп әсерлердің тек
кейбіреулерін ғана әбден анықтап, мағынасын ажыратамыз. Бұл ерекшелік
қабылдаудың сипатын білдіреді. Таңдамалылықтың жеке адамның бейнелеу
әрекетінің көрінісі ретінде қабылдау прцесінің белсендігі ашылады.
Қабылдаудың тандамалылығы жеке адамның мүлде, бағыты бағдарына
қажеттілігіне тәуелді. Спектакльді қабылдау жеке адамның бағыты- бағдарына
–спектакльді көру және таңдау, осы спектакльдің бір роліндегі атақты бір
артисті көріп, таңдауға қарай әр түрлі болып шығады.Адамның қабылданатын
затқа қатнасы қабылдау процесінің ұйымдастырылуы және барысын анықтайды.
Қабылдаудағы зат және фон. Оқушылардың білімін жаппай тексеру кезінде
мұғалім кезекпен бірнеше оқушыны жауап беруге шақырады. Әр сәт сайын
мұғалім мен оқушылардың қабылдануына сұралғандардың біреуінің жауабы
мейлінше айқын көріне береді. Шақырылған оқушыға жауабының мазмұны мен
түрі, оның мінез-құлқы қабылдау заты болып табылады. Қалған оқушылардың
әрекеті (олардың реакциялары, қол көтеру т.б ) қабылдау заты болудан
қалып, қабылдау фонына айналады. Келесі шақырылған, бірақ бұның қабылдау
фонына болған оқушы қабылдау нысанасына айналады, жеткізуіне ауады.Қабылдау
заты мен фоны жылжымалы. Қабылдау заты болған нәрсе қажеті болмай қалса,
немесе іс аяқталса, фонымен құйылысып кетеді.Фондағы нәрселердің бірі
белгілі бір уақытты қабылдау затына айнала алады. Зат пен фон
арақатынасының жылжымалылығы мидың үлкен жарты шары қыртысындағы оптималдық
қозу алабының ауысуынан болатын зейіннің бір объектіден екіншісіне көшуімен
түсіндіріледі.
Психологиялықтың заңдылықтың ерекшеліктері (затты қабылдау фонынан
олардың өзара арақатынас жылжымалылығ+нан ажырату) қосарлан ған кескін деп
аталатынан.
Қабылдаудағы заттар нұсқасы И.МСеченовтың кейбір еңбектері мен Б.М.
Теплов, Б.Г. Ананьевтің зерттеулері зат нұсқасын айыру бастапқы және жалпы
қабылдау мүмкіндігі екенін көрсетті. Кескін нұсқасына фоннан айырған соң
ғана заттың түрі,пропорциясы, жеке детальдары айқындала бастайды жалпы
фоннан затты ажырата білушілік айқын қабылдаудың қажетті шарты болып
есептеледі.
Зат пен фонның арақатынас ерекшеліктері көшені кесіп өту және
транспорттық белгілердің түр, түс, әріптік таңбаларын таңдауда ескеріліп
отырады. Стрелочниктер, темір жол жұмысшылары, тас жол жұмысшылары қызғылт
сары түсті кеудеше киіп алады.Табиғатта қызғылт сары түсті сирек кездеседі
сондықтан ондай түсті киім киген адам жер, қара фонында көзге айқын түседі.
Заттардың қарама –қарсы түстілігі, әдеттегінен тыс болып келуіне оларды
фоннан тез айыруға жағдай жасайды. Мұғалім мұның мәнін сабақта
қорытындылағанда мәнерлі дауыспен айрықша атап көрсетеді. Оқулықтарда ең
маңызды деген жерлердің асты сызылып немесе ерекше шрифтермен беріледі.
Қызыл сиямен қойылған бағалар оқушылардың шығарған есептерінің арасында
айрықша көрініп тұрады. Кейбір оқушылардың әңгімелесуі егер сыныпта жаппай
тыныштық болса, тез байқалады, ал сабақ үсті у-шу болса, нашар естіледі.
Затты фон құрайтын біртектес заттардан ажыратуда түрлі түсті борларды
пайдалану, күрделі сурет, сызу схемалардың кей бөлшектерін жеке, алдын ала
қарап шығу да жақсы көмектеседі.
Қабылданатын зат нұсқасын айналдыра сызу да қабылдауды ұйымдастыруға
жәрдемдеседі. Затты мұқият мүшеленіп, оның жеке бөлшектерінің асты сызылған
көрнекі құрал да ұтымды қабылданады.
Затты фоннан бөліп шығаруда адамның өз алдына қоятын міндеттерінің де
мәні болады. Міндет дұрыс және айқын қойылған кезде ғана оқушылар қабылдау
сабақ мақсаты на сай болды.Қабылдау затын фоннан ажыратуды сол затпен алдын
ала танысу жеңілдетеді. Оқушылар нақтылы әдеби шығармалардың мәселен, А.
Толстойдың Орыс мінез деген әңгімесінің композиция ерекшеліктерінін өз
беттерімен талай алуы үшін оларды бұған дейін әр түрлі композиция
тәсілдермен таныстырып өткен пайдалы. Сабақ үстіне оқушылардың зейінін
өзіне аударып, бірқалыпты ұстауға мұғалімнің қандай әдіс қолданғандығына
психологиялық талдау жасай алуы үшін студенттің алдын ала зейіннің
психологиялық талдау жасай алуы үшін ерекшеліктерін оны тәрбиелеудің
тәсілдерін білуі маңызды. Оқу процесін ұйымдастыру барысында объектіні
фоннан арнайы бөлім шығару оқушылардың жемісті әрекет етуіне кедергі
болуыда мүмкін. Мысалы, оқушылар лабораориялық және бақылау жұмыстарын өз
беттерімен орындап отырған кездерінде мұғалімнің кейбір жеке оқушыға ғана
қатысы бар ескертпені дауыс көтеріп айтуы артық болып айтылады.
Апперцепция. Қабылдаудың мазмұны мен жүзеге асу сипаты кісілердің бет
алысына, олардың тәжірибелеріндегі айырмршылықтарына, мүдделеріне, жеке
адамның жалпы бағытына тәуелді. Суретті, ән әуезін, кинокартинаны әр
адамның өзінше қабылдайтындығы белгілі. Тіпті адамның бар затты емес, өзіне
керек деп тілегенін қабылдайтын кезі де болады.
Қабылдау мазмұны мен бағыт-бағдарының адамның тәжірибесіне, мүддесіне
өмірге қатысына, бағдарына,білім байлығына тәуелді болып келуі апперцепция
деп аталады. Апперцепция – қабылдаудың ең маңызды қасиеттерінің бірі. Көз
өзінен өзі қабылдамайды, басқамен байланыссыз бөлек тұрып құлақ дыбыс
естілмейді, өзінен -өзі тіл дәм сапасын айыра алмайды. Қабылдаудың барлық
түрін жүзеге асыратын тіршілік иесі, нақты адам болып табылады. Қабылдаудың
әрқашанда әрекет үстіндегі, танып білуші адамның ерекшеліктері көрінеді,
тілдегі, мүддесі, сезімі, ерік –мақсаты, қабылдау затына белгілі бір
қатынасы байқалады.
Актер Ю.М. Юрьевтің естеліктерінің бірнеше король Лир ролін өздігінше
бейнелеген белгілі бір итолян тратигі Эрнесто Россидің ойының қабылдауға
көрермендердің бұрынғы тәжірибелерінің ықпалы қандай болғандығы айқын
байқалады: Көпшілік дегбірсізденіп, корольды күтіп отыр, және
ұлағатты,байсалды, тағына қарай тәкәппарлана алшаңдай басатын корольді
күтуде... Бірақ, кенеттен, бәрінің қапелінде жоқ жерде, керней мен ілесе.
...Лир жалпақ семсерін аса таяқша таяна, тақылдатып, ерніне тигізген қолын
жан –жағына сілтей, қызбалана сәлем жолдаған Лир ентелей шықты да, шапшаң,
бірақ шалыс қадаммен тақ баспалдағына көтеріле бастады. Біздің алдымызда ақ
қырау шалған сақал-шашы дударланған қарт тұр. Мұндай көрініс жұртты аң-таң
қалдырды. Бұл мүлде күтпеген жайыт болды және бұрыннан қалыптасқан бейнеге
тіпті жанаспайды 1.
Апперцепция және адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. Адам
заттарды қабылдай отырып, оларға белгілі қатынас жасайды. Мысалы,
студенттердің методикалық білімдерді қабылдауға деген қатынасы мектепте
практикадан өткенге дейін және одан кейін әр түрлі болады. Практика
кезінде студенттердің көрнекіліктің түрлі тәсілдерін оқып үйренуге деген
белсенділігі мен ынтасы қажеттілігін терең ойластырады.
Қабылдау тиісті апперцепциялар болған жерде ғана жемістірек және
толығырақ жүзеге асады. Педагогикалық процесте оқушының тәжірибесі мен
білімі, онтң мүддесінің бағытын, қабылдауға деген бағдарының бар жоғын
біліп отыру мұғалім үшін маңызды болып есептеледі. Білім жүйесін
қалыптастыру, тәжірибені молайту, мүдде, сенім, қажеттілік және моральдық
мінез-құлық,әдеттерін тәрбиелеу, болмасты маңыздырақ қабылдауға
көмектеседі.
1. Ю. М. Юрьев.жазбалады, 1-том, м,...Искусство. 1941.178-бет.
Қабылдау мағыналылығы мен жалпылау. Қабылдау тек сезімдік бейне емес,
сонымен қоса бөлініп алынған объектіні саналы аңғару. Адам өзі үшін
белгілі маңызы бар заттарды қабылдайды. Заттардың мәні мен не үшін
керектігі аңғару арқасында оларды мақсатты түрде пайдалану, олармен
практикалық әрекет жасау мүмкін болады. Қабылдау мағыналылығы адамның
қабылдау процесіндегі ой әрекеті арқылы жүзеге асады.
Затты қабылдай отырып, біз оның атын дәл атап, немесе, оның неге
ұқсайтынын айтып бере аламыз. Мәселе, жаңа затты қабылдау кезінде адам
көз алдында не тұрғанын түсінуге ғана талпынбай, қабылдау затынөзіне
таныс заттардың белгілі тобына жатқызады. Кез келген жеке жайттың
жалпының ерекше көрінісі ретіндегі бейнесі қабылдауды жалпылау болып
саналды. Қабылдаудың әр актісінде белгілі бір дәрежеде жалпылау бар.
Қабылдау процесінде біз кнз келген құбылысты бұрынан бар білім,
жинақталған тәжірибе тұрғысынан түсініп, ой елегінен өткіземіз. Бұл
жаңадан алған білім бұрын қалыптасқан білім жүиесіне қосуға мүмкіндік
берді. Мысалы, күрделі гүл тұқымдас өсімдіктерінің негізгі қасиеттерін
білу, оқушыларға қарапайым немесе түкті, ірі немесе аласа, астраларды
қабылдау сәтінде осы тұқымдастардың біріне жатқызуға мүмкіндік береді.
Қабылдауды жалпылау дәрежесі адамда бар ұғымдар жүйесінің ерекшелігіне,
яғни білім дәрежесімен көлемін тәуелді.Мысалы, қабылданған ашық қызыл
гүл не асыра, не күрделі гүл тұқымдастар өкілі ретінде санаған сіңеді.
Сонмен, қабылдау актісінде-ақ кез келген зат белгілі бір жалпыланған
мәнге не болып, басқа заттар қатынасы анықталған күйде ғана көрінеді.
Жалпылау адам қабылдауының мағыналылығының ең жоғары көрінісі болып
саналады. Қабылдау актісінде білімнің сезімдік, логикалық
элементтерінің тұтастығы байқалады.
Қабылдаудың константтылығы.
Константтылық деп- қабылданатын заттардың көлем, тұр және түсінің
қашықтықты, нобайды, жарық беруді өзгерткендегі салыстырмалы
тұрақтылығын айтамыз. Біз қабылдап отырған заттың түрі мен көлемі сол
заттың объективтік түрі мен көлеміне сәйкес тұрақты болап қалады.
Біздің кезіміз құрылысы жағынан оптикалық приборға ұқсас, көз жанары
екіжағы дөңес линза болып табылады. Бейне келіп түсетін экран ролін көз
торы атқарады. Егер қабылданатын заттар алыстанса, көз торындағы оның
бейнесі кішірейе бастайды. Мұндай жағдай айнамен бейнелеуде кездеседі.
Адам қабылдануының ерекшелігі сол, тіпті затты қимыл үстінде
қабылдасақта оның сәулеленген бейнесі затқа тән көлем қалпында сақтала
береді.Бұл қабылдаудың константтылығымен түсіндіріледі. Көлемді
қабылдау константтылығының өзіндік шегі болады.Заттардың қашықтауы
шамадан тыс артқанда бұл қасиет өзгереді Егер сіз көпірдің үстінде
тұрып, алыстан бара жатқан машина және адамдарға көз салсаныз,
қабылдайтын бейнелер көлем жөнінен өзгеріп отырады.
Қабылдау константтылығы заттардың түрі мен түсін көру арқылы
қабылдағанда байқалады. Мәселен ,ботаника сабағында оқушылар
көрсетілген материалды қарайды, орындарында отырып жүргізілген
тәжірибелерді бақылайды. Әркім көрсетілген бір затты өз көзқарасы
тұрғысынан қабылдайды. Дегенмен, зат бейнесі тұрақты түрін сақтап
қалды. Бұл барлығы үшін ортақ елестің, білімнің қалыптасуына бұрын
көргендерді тануға мүмкіндік береді. Жарқыраған ашық күні де, бұлтты
күнгі бұлыңғыр ертенгілікте де және кешкі электр жарығында да класс
тақтасы – қара, үй төбесі- ақ, дәптер мұқабасы- көгілдір болып
қабылданды. Көрініп тұрған түстін салыстырмалы тұрақтылығы белгілі
жағдайларда ғана сақталады. Шаңқай түрлі түсті жарық кезінде түс
константтылығы бұзылады. Заттар берілген жарық түстес болып келеді. Сіз
алмасып тұрған ашық-қызыл, күлгін, жасыл және т. б. Түсті жарыққа
сәйкес, актер костюмінің, бет бояуының қалай өзгергендігін көресіз. Ақ
түсті шам жанғанға дейін киімнің нағыз түсін білу қиын.
Қабылдау константтылығы жеке адамның даму процесінде игерген
тәжірибелерімен түсіндіріледі және оның орасан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz