Дене шынықтыру физиологиясы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин
атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық инсттуты.
Тарих және өнер факультеті
Дене мәдениеті және спорт кафедрасы
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің шынығу
физиологиясы
Орындаған:
Дене шынықтыру және
спорт мамандығының
ІҮ – курс студенті Биржанов Б.С.
Ғылыми жетекші: Шалкен М.Қ.
Қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі: Ершатов Қ.Б.
Арқалық - 2008 жыл.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 - 4 б.
1 бөлім: Спортшының шынығу
физиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5 – 25 б.
1(1). Шынығудың физиологиялық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5 – 11 б.
1(2). Денені шынықтырудың
физиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 -25 б.
2 бөлім: Спортшының шынығу
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26 – 34 б.
2(1). Сумен
шынығу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 26 – 27 б.
2(2). Күнге
қыздырыну ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..28 – 29 б.
2(3). Денеге су құю арқылы
шынығу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .30 – 31 б.
2(4). Ауамен

... ... ..32 – 34 б.
3 бөлім: Шынығу сөзіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35 – 48 б.
3(1). Шынығу дегеніміз
не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .35
– 43 б.
3(2). Шынығудың
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..44 – 48 б.
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...49 – 50 б.
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 51 б.
Кіріспе
Өзектілігі. Менің таңдап алған тақырыбым спортшының шынығу
физиологиясы. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім адамдардың қалай
шынығуы туралы тереңірек білуіміз керек. Ал тереңірек білу үшін
шынығудың қыр-сырын үйренуіміз қажет.
Спортшының шынығу физиологиясы адам денсаулығын сақтауда,
медицинаның маңызды рөлі туралы айтады.Қазақстан халқының денсаулығын
сақтауға байланысты сұрақтардың шешімі тек айналадағы қоршаған
ортаның факторларын есепке алғанда және ғылымның жетістіктерін
қолдана отырып, оның әсерін жою арқылы ғана шешуге болады. Ғылыми
техникалық жетістіктер жағдайында өмірдің қарқынды өсуі, көптеген
ақпараттық жүктемелер, гиподинамия (қозғалыстың аздығы), ХХІ ғасыр
ауруларының тез дамуына әсер етуде. Бұл аурулардың негізінде ағзаның
қорғаныш күшінің әлсіреуі неде жатыр? Осыған байланысты қазіргі таңда
ағзаны шынықтыруға және ағзаның қорғаныш күшін нығайтуға
бағытталған іс-шараларды енгізудің маңызы зор. Біздің елімізде
әлеметтік-экономикалық, медициналық, гигиеналық тәрбиесінде әсіресе
шынығуға үлкен орын берілген. Академик С.И. Чазовтың айтуынша шынығу
дегеніміз бұлшық еттерге дұрыс салмақ түсіру, суға шомылу, дұрыс
еңбек етіп, демалу, өзгермелі климат жағдайларына бейімделу. Осылар
кез-келген жастағы адамның денсаулығының, жұмысқа қабілетінің негізі
болып табылады.
Денені шынықтыру, спортпен айналысу- адам денсаулығын жақсартып,
ауруға шалдықтырмай, сымбатты, өз-өзіне сенімді, салауатты өмірдің
кепілі. Таңертеңгі жүгіру адам ағзасына өте пайдалы, әйтседе көбіміз
бұған дұрыс мән бермейміз. Жүгіру қаншалықты қажет, керегі не? Деген
сұрақ та тууы мүмкін. Жүгіру адамға ауадай қажет деп жиі
айтқанымызбен іс жүзінде басқаша. Қиымылсыз отырып жұмыс істеу
салдарынан адам аз тынығуға дағдыланып кетуі мүмкін. Сыртта демалудың
жеткіліксіздігі, ішкі мүшелердің демалуының жеткіліксіздігіне әкеліп,
түрлі аурулардың пайда болуы ықтимал. Мүмкіндігінше ертелі-кеш
жұмысқа жаяу барып, қайтқан жөн дер едік. Жүгіру мен жүрудің
айырмашылығы бар, мысалы адам жүру үшін дене салмағының алға
немесе артқа ауысуына байланысты дененің тірек күші екі аяққа
бөлініп, одан әрі қарай бір аяққа түсіп, қайтадан, екі аяққа алмасып
кезектесіп отырады. Ал жүгіру кезінде дененің тірек күші аяқтың
қатты серпілуіне байланысты екі аяқта бірдей жерден көтеріп, адам
аз уақыт болса да кеңістікке көтеріледі. Бұл жағдайда денедегі барлық
бұлшық еттер жиырылып, созылып, ширатыла түседі. Мұның әсерінен қан
тамырлары сығылады, созылады, кеңейеді және үлкейеді. Осының
нәтижесінде қан тамырларының ішіндегі және жасуша арасында тұрып
қалған қалдық-тұнбалыр босап үгіліп, қанға араласып, ағып, тазаланып
тұрады. Сондықтанда адам таңертеңгі дене шынықтырудан, жүгіруден
кейін өзін жеңіл сезінеді. Серуен жасаған кезде белгілі-бір қашықтықта
тезірек жүгірген пайдалы және 5-6 рет демді жылдам ішке тартып,
сыртқа шығару қажет. Демді ішке тартқан кезде екі қолды әрі-бері
қозғалта отырып, кеуде қуысын жазып, ал демді сыртқа шығарған
кезде оны қысу қажет. Таңертеңгі ауамен 5-6 рет демалудың өзі
өкпедегі ауаны әбден тазарту үшін жеткілікті екені анықталған. Ағзаға
зиянды заттардың, қалдықтардың тұнба күйінде өте көп жиналатын кезі
түнгі уақыт пен қимылсыз бір қалыпты жұмыс істеген кез. Сондықтан
әрқайсысымыз таңертенгі жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек деп
ойлаймын. Жүгіру тыныс жүйесіндегі газ алмастыруды оңайлатады. Өкпенің
өмірлік сиымдылығын арттырады. Уақыт өткен сайын адам ағзасында түрлі
өзгерістер болып тұратыны табиғи заңдылық. Осы өзгерістер кезінде
денсаулыққа көмек беретін дене шынықтыру деп білеміз. Түрлі ауруды
кәріліктің хабаршысы деп түсініп, жасымыз келмей жатып, кәрілікке
бой ұсынатындар бар. Егер адам күн тәртібін сақтап, ағзасын шынықтырып,
салауатты өмір салтын сақтаса, кәрілікті сезінбес еді. Әдетте дене
еңбегі мен айналысқанда күш-қуат көп жұмсалады, терлейміз. Бұл
ағзаға күш түскендіктің белгісі. Ағзға күш түсіре отырып он екі
мүшемізді қозғалысқа түсіреміз. Қозғалыс- тіршілік көзі деген қағида
бекер айтылмаған. Ағза өзіне көп қорек керек етеді де, жұмыс
қабілетін арттырады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын адамдар ми
қабаттарына күш түсіреді де, басқа мүшелер демалады. Егер олрды
қозғалысқа түсірмесек біртіндеп қоректенуі нашарлап, қызметі бұзылады.
Сондықтан да бүкіл ағзаның тонусын көтеріп отырудың пайдасы зор. Оның
жолдарын жоғарыда атап өттік. Сонымен қорыта келгенде, дене
шынықтыру, жүгіру, бұлшық еттердің күшін арттырып буындардың бекем, дәл
қимылдауын қалыптастырады. Екіншіден, астың денеге дұрыс сіңіп, оттегі
арқылы жанып, бойға тарауын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, барлық ішкі
бездердің қызметін күшейтеді. Бұл сұлулықты арттырады. Үшіншіден, тыныс,
жүрек- қан тамырлары және нерв жүйесінің ұзақ жылдар бойы дұрыс қызмет
етуіне жағдай жасайды.. Нәтижесінде адам ауырмай, ұзақ өмір сүреді.
Жастарға, артымыздан өсіп келе жатқан ұрпақтарға айтарымыз: спорт
адамды ауырмауға, төзімділікке, шапшаңдылыққа, ептілікке, батылдыққа,
тәртіптілікке, ақыл-ойын дамытуға, эстетикалық мәдениетке,
сүйіспеншілікке, еңбек сүйгіштікке, ең ақыры адамгершілікке үйретеді.
Денсаулықтың басты кепілі- спорт дегіміз келеді.
Мақсаты; Денсаулықты нығайту үшін адамзат шынығуды көне заманнан
бастап қолданған. Шынығудың маңызын Гиппократ, Арестотель, Авицена
сияқты ғалымдар атап көрсеткен.
Міндеті; Осы мақсатты іске асыруда мынадай міндеттерді
алдымызға қойдық. Спортшының шынығу физиологиясының ережелерін
міндетті түрде білу. Моншамен, күнмен, сумен шынығудың қажеттілігін
ашып көрсету.
Құрылысы; Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1- бөлім. Спорттың шынығу физиологиясы.
1. Шынығудың физиологиялық мәні.
Белгілі орыс физиологы, академик И.Р.Тарханов 1899 жылы шыққан
Адам ағзасын шынықтыру атты еңбегінде, ағзаға байланысты шынығу
сөзі темірді, болатты балқыту арқылы оны мықты ету үшін шынықтыру
сөзімен байланысты деп жазады. Бұл ойды белгілі орыс педиаторы,
шынығуды жақтаушы Г.Н. Сперанский де жақтайды. Оның айтуынша,
шынығу ұғымы медицина техника саласынан келген. Техникада жұмсақ
металды мықты, берік металға айналдырып шынықтыру деген бар.
Ғылым адамға байланысты шынығу сөзін, ағзаның барлық зиянды
әсерлерге қарсы тұру қабілетін күшейту деген қорытынды жасайды.
Түсіндірме сөздікте адамды шынықтыру дегеніміз, оны жоқшылыққа, ауа
–райының қолайсыздығына қарсы тұруға үйрету, қатал тәртіпке
тәрбиелеу деп түсіндіріледі. Ал үлкен медицина энциклопедиядасында
ағзаны шынықтыру, ағзаны ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы
тұруына бағыттайтын іс-шаралар жиынтығы дейді. Ағзаның қорғаныш
қызметін нығайту үшін ұзақ жаттығу керек. Шынығу дене тәрбиесінде
ең маңызды орын алады. Шынығуда орта жағдайына тез және дұрыс
бейімделу деп те қарастыруға болады. Сонымен шынығу ағзаның
қорғаныш күшін жаттықтыру деген сөз. Шынығу үшін ауа, су, күн
сияқты табиғи факторларды пайдаланылады. Шынығу ауруды емдейді,
оның алдын алады. Оның профилактикалық маңызы да осында. Шыныққан
адам ыстыққа, суыққа төзімді болады, қорғаныш күштерін әлсірететін
ауа-райының өзгерістеріне қарсы тұра алады. Ондай адам тымаумен,
жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен, боспамен, өкпе қабынуымен сирек
ауырады. Бастысы, даму деңгейіне қарамастан кез-келген адамның
шынығуына болады. Шынығу адамның жылдамдығын, жұмысқа деген
қабілеттін арттырады. Ол қиын сынға төтеп беруге көмектесетін
психологияның және ерік-жігерді шыңдайды. Шынығудың тағы да бір
маңызы – ағзаның ішкі факторлардың әсерінен шыдамдылығын дамытуда
мақсаттылық, табандылық сияқты мінез ерекшеліктерін қалыптастырады.
Шынығу адамның эмоциялық жай- күйін тұрақты етіп, шыдамды, салмақты
етеді. Адамды сергітіп, көңіл-күйін жақсарта түседі. Сонымен,
шынығуды ағзаның ауа-райының қолайсыз жағдайларына қарсы тұра алар
тәрбиелік, гигеналық іс-шаралар жиынтығы деп те және оның
физиологиялық қорын молайтатын іс-шара деп те қарастыруға болады.
Шынығу адамның қорғаныш қабілеттін арттыру құралы ретінде көне
заманда-ақ пайда болған. Шынында да барлық елдерде суық тигенде
қарсы тұру мақсатында ағзасын шынықтырған және спорт жаттығуларына
қосымша ретінде пайдаланған.
Елбасының 2003-2005 – ші жылдарды ауыл жылдары деп жариялауы
біздер сияқты ауылдық жерде туып өсіп, білім алған, қазір ауылда
өмір сүріп жатқан халыққа бөлінген ықылас деп білеміз. Ауылды
дамытудың түрлі жолдары жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Соның
ішінде ауыл спортын қалай көтеруге болады деген ой толғандырады.
Ауыл мектебі сияқты ауыл спорты бағдарламасы жасалса ауылдық
жердегі спорт сүйер қауымға, жас жеткіншектерге мол көмек болар
еді. Ауыл спортын көтеру үшін біріншіден, спорт базалары,
екіншіден, арнайы жоғарғы білікті мамандар қажет. Ауылдық жерде
спортпен айналысуды алдымен жеңіл атлетикадан бастаса дұрыс деп
ойлаймын. Өйткені, жеңіл атлетиканы таза ауада өткізуге қолайлы және
көп күрделі құрал-саймандар қажет етпейді. Сондықтан да өзіміздің
жеңіл атлетика туралы аз болсада түйіндеген ойларымызды жарйялауды
жөн көріп отырмын.
1.Жеңіл атлетика тарихына қысқаша шолу.
2.Мектеп оқушыларының анатомиялық-физиологиялық дамуы.
3.Мектеп оқушыларына жеңіл атлетика жаттығуларының әсері.
4.Жеңіл атлетиканың оқушының өсу кезеңдерімен байланыстылығы.
5.Жеңіл атлетика сабағында дәрігерлік бақылау.
6.Жеңіл атлетика сабағын өткізу алаңын және саймандарды дайындау.
7.Жеңіл атлетиканың мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.
Жеңіл атлетика – бұл дене жаттығуларының біріккен түрі болып
саналады. Спорттық жүру, жүгіру, секіру, көпсайыс. Жеңіл атлетика
сонымен қатар ғылыми дәлелденген пән болып саналады. Өзінің даму
тарихы, ілімі, техникасы, тактикасы, үйрету әдістемесі және
жаттығулары бар іргелі пән. Жеңіл атлетика олимпиядалық спорт түрі
және спорттың төресі болып есептеледі. Бұл спорт түрімен біздің
елімізде мыңдаған адамдар шұғылданады. Әлемдік, европалық, ұлттық
біріншіліктерге қатысып тұрады. 2000-жылы ХХҮІІ- жазғы олимпяда
ойындарында жерлесіміз Ольга Шишигина алтыннан алқа тағынды. Бұл
спорт түрінің сауықтыру жақтары мол, өйткені жеңіл атлетик таза
ауада, жүйкесіне, барлық бұлшық еттерге, қозғалыс аппараттарына өзінің
пайдалы әсерін тигізеді. Осы жеңіл атлетика жаттығулары арқылы
адамды жан-жақты үилесімді дамуға болады және бұл спорт түрі басқа
спорт түрлеріне қарағанда жоғарғы дәрежеде дамыған. Жеңіл атлетика
пәнінің эстетикалық маңызы зор.
Балалар мен жас өспірімдердің қозғалыс қабілеттері олардың
марфофункциялық негіздерімен тығыз байланысты. Оқушы жас өспірімдердің
дамулары үздіксіз, бірақ бәрінде бірдей емес. Әрине, мектеп
оқушыларының өсіне негізгі жүгіру, секіру сияқты дене жаттығулары
белсенді әсер етеді. Мектеп оқушыларының дамуын үш кезеңге бөлуге
болады.
1.Төменгі мектеп жасында: 6-10 жас.
2.Орта мектеп жасында: 11-14 жас.
3.Үлкен мектеп жасы: 15-17 жас.
1. Бұл кезеңде балалардың өсуі интенсивті бір қалыпты болады.
Сонымен қатар бұл кезеңде өзгерістер болуы мүмкін. Бір жылда бойы –
1 см, салмаға 1,3 кг өседі. Осы кезеңде ұлдар мен қыздардың өсулері
бірдей болады және қаңқалары нық түгел еттеніп болуына көп уақыт
бар екндігін көрсетеді. Мысалы, 7-8 жаста жамбастың жаңа жетілуі
басталады. Бұл кезеңде жамбасқа күш түсетін жаттығуларды жасатпауды
естен шығармаған жөн. Дене бұлшық еттерінің дамуы өте нашар болады.
2.Орта мектеп жасы кезеңінде жас өспірімдерде
марфофункцйяналдық, жыныстық өзгерістер пайда болады. Бұл кезеңнің
соңына қарай бойдың, салмақтың тез өсі байқалады. Ұлдарға қарағанда
қыздардың жыныстық өзгеруі және бойларының өсуі тез болады. Осы
кезеңде қыз балаларда секіру, тартылу жаттығурарын орындағанда
көптеген қиыншылықтар кездеседі. Бұл кезеңде бір бағытта дене
жаттығуларын істеу, дене қасиеттерінің бір бағытта дамуына және
омыртқа жотасының дұрыс қалыптаспауына келіп соқтыруы мүмкін.
Оқушыларды өз денелеріне дұрыс күтуге, яғни жаттығу кезінде
денелерін дұрыс игере білуге үйрету керек. Орта мектеп жасында өне
бойы бір қалыптан тез жалығады, сондықтан жаттығулардың
көптүрлілігіне көңіл бөлу қажет және жса өспірімдердің тағы бір
ерекшелігі бұлар түрлі дене жүктемелерінен кейін тез қалыпқа келеді.
3. Үлкен мектеп жасы кезеңі бірдей даму кезеңі болып табылады.
Бірақ, қыздарға қарағанда ұлдарда тез өсу, даму болады. Осы кезеңде
жыныстық жағынан толықтай жетіледі. 17-18 жастағы ұлдарда бұлшық ет
ағзасының қырық бес пайызын құрайды, бұл ұлдардың жетілгендігін
байқатады. Ал қыздарда бұл кезеңде жамбас, бөксе, бұлшық еттері
сомданып, кейбір жаттығуларды жасауда қиыншылықтар туғызады. Бұл жаста
қыздардың жаттығу жасаудан қашқақтайтыны байқалады. Жоғаржы мектеп
жасында өмірді тану, өмірдегі қатынастарды сезіну спортпен
шұғылданғанда да айқын байқалып тұрады.
Оқушылардың дене қасиеттерінің үйлесімді, жан-жақты дамуына жеңіл
атлетика жаттығуларының әсері мол. Жүгіру, секіру, лақтыру, жүру
әрбір сабақтың қатардағы жаттығуы болып есептеледі. Сондықтан,
сабақтан тыс спорттық үйірмелерде, жазғы демалыс орындарында, көп
қолданылатын спорттың түрі жеңіл атлетика болып саналады. Жеңіл
атлетикалық түрге ұлттық және президенттік сынамалар жатады. Көьіне
жеңіл атлетика жаттығуларын табиғи жаттығулар немесе табиғатта, таза
ауада орындалатын жаттығулар деп атайды. Жеңіл атлетика жаттығулары
негізгі қозғалыс қасиеттеріне тәрбиелейді және дененің функционалдық
қасиеттерін дамытады. Сонымен қатар моральдық ерік-жігерге, қиындықты
жеңуге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Жеңіл атлетика жаттығуларымен
шұғылданған адамдардың денесінде тек даму, өсу пайда болады.
Жаттығу техникасын орындау кезінде қателер көрініс берсе, оқушы
мұғалімнің көмегімен өз қатесін міндетті түрде түсіну қажет. Осыдан
кейін мұғалім қимыл техникасының берілген бөліктерінің дұрыс
құрылымын оқушыға түсіндіріп көрсетеді және осы жаттығуды көп қайтара
саналы түрде қайталауды ұсынады және де дұрыс жасалмаған қимылдың
тежелуіне, оның орнына дұрыс қимыл жасауға қол жеткізу керек.
Қандайда болмасын жаттығуды үйрену үшін біріншіден, алдын-ала
жаттығуларын жасап алу керек. Жеңіл атлетика жаттығуларын орындау
кезеңінде сыртқы қозғалыстың ішкі органдар арасында тығыз байланыс
болады. Соандықтан жеңіл атлетика жаттығуларын оқушылар ағзасына тек
дамытушылық әсерін тигізіп отырады.
Тәрбиесі ісі оқудың белгілі бір нақтылы іс-әрекеттерінің
ұйымдастыру және жүзеге асырудың түрі. Тәрбие ісі адамгершілік,
эстетикалық, дене тәрбиесі еңбек бастауыш мектепте басқа пәндермен
дене шынықтыру сабағында жүйелі біліммен тәрбие беріліп балалардың
дені сау болып өуіне ерекше көңіл бөлінеді. Онда аптасына дене
шынықтыру пәніне бөлінген 3 сағаттың сабақтан басқа сабақ
үстіндегі және үй тапсырмасын орындау кезіндегі сергіту сәттері.
Ауысымда оқитын мұғалімнің күнделікті өткізетін денсаулық сағаттарын
ұзартылған күн тобындағы спорт сағтын және ойын саяхаттарын
өткізіп отыру көзделген. Бұлай болуында өзіндік себептер бар.
Мысалы мектеп жасына дейігі балалар үнемі қозғалыста болады.
Жүреді, жүгіреді, ойнайды тағы басқа. Ұйқыдан тұрғаннан түнгі
ұйқыға жатқанға дейін бүлдіршіндер әдетте 6- сағаттан артық
қозғалыста болады. Ал мектеп табалдырығын аттағаннан бастап лоардың
жүріс тұрысы, қозғалысы таза ауада болатын уақыты әлдеқайда
азаяды, тіпті ұйқысы да бұзылады. Бұл олардың денсаулығының дұрыс
қалыптасуына кері әсер тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей мектеп
оқушыларының 80 % өзгеруінде ақау болатыны осының дәлелі, әрине
аптасына үш-ақ рет өткізілетін дене шынықтыру сабағы оқушының
күнделікті қозғалыс қажеттігін қанағаттандыра алмайды. Мектеп
табалдырығын аттаған бірінші сынып мектеппен қалай танысса, дене
шынықтыру сабағы солай таныстырылуы қажет. Ал мектептегі жалпы
дене шынықтыру, яғни сауықтыру денсаулығының басқа пәндермен
салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға,
алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл оларға
қойылатын басты талап. Дене жағынан жетілдіру бұл ең алдымен
адамның тұла бойын сапасының жоғары сатысы. Олардың ішіндегі ең
маңыздысы, күші төзімділігі, шапшаңдылығы, ширақтығы болып табылады.
Дене тұлғасы жақсы дамып, жетілген адам жеңіл жүгіре береді, тез
жүгіреді, шаңғымен жүгіреді, тағы басқа. Яғни өмірде өте қажетті
қозғалыс дағдыларын меңгереді, дене жағынан дұрыс жетілу үшін адам
өмірінің алғашқы жылдарынан бастап дене тәрбиесінің нәтижесінде
ғана қол жеткізе алады. Оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыруда
мұғалімдер оқушының организмін және нерв системаларының функциялары
жайлы деректерге сенеді. Дене тәрбиесі педагогикалық процесс. Ол
адамның дене тәрбиесі туралы білімін қалыптастырады, барлық шақта
оқушы неғұрлым қарқынды дамиды. Бұл дамуға барынша көмек жасау
мектептің маңызды міндеті. Дене тәрбиесінің міндеттері мынадай:
І. Оқушының денсаулығын нығайту.
ІІ. Спорт сабақтарына ынтасын дамыту.
ІІІ. Оқушының тазалық гигиеналық талаптарын қалыптастыру.
ІҮ. Таңертеңгі гимнастикамен шұғылдандыруға ынталандыру.
Ү. Негізгі қозғалыстарды дамыту. (жүгіру, секіру т.б.)
ҮІ. Дене тәрбиесі туралы білім беру.
Мектеп оқушыларының оқу күні режиміндегі дене шынықтыру
шаралары.
Ертеңгі гигиеналық жаттығу және сабаққа деген гимнастика 7-10
жастағы балалар 10-11 сыныпқа созылғаннан кейін бала организмнің
функциясы төмендейді. Жүру, қызу бәсеңдейді, қан қысымы төмендейді.
Сондықтан ертеңгілік гимнастика жасау керек. Суық сумен жуыну,
т.б. ертеңгілік дене шынықтыру қимылдары балаларды ұйымшылдыққа
және тәрбиелілікке тәрбиелейді, дененің қимылдарын жасау отбасынан
бастау керек. Мектепке дейінгі кезең дене шынықтыру жасау әдетін
қалыптастырудың маңызды шартты режимі болып табылады. Уақытында
ұйықтау, ұйқыдан тұру, тез-тез жаттығулар жасау, күн сайын
гимнастика жасау мектепке сабаққа дейін гимнастика жасаудың
маңызы зор ол таза ауада өтуі керек. Ол сабаққа 15-20 минут
қалғанда басталады. 3-ші, 4-ші сыныптар 8-12 минут. Сабаққа
дейінгі өткізілетін гимнастика комплексінің айына бір рет. Балалар
үзіліс кезінде дене шынықтыру минуттігі ойындармен жаттығулар,
сыныпта сабақ уақытында сондай-ақ үйге берілген тапсырманы орындау
кезінде өткізілетін жаттығуларды дене шынықтыру минуттігі деп
атайды. Дене шынықтыру минуттігі оқушының ынтасы мен белсенділігін
арттырады және оны оқу материалын меңгеруге ықпал етеді. 1-2
сыныптарда дене шынықтыру 3-4 рет, 3-4 сыныптарда 2-3 рет өтеді.
Ұзақтығы 15 минут, оған 3 жаттығу енгізіледі. Бой жазу аяқ
жаттығуы, тұла бойы жаттығуы, қол жаттығуы. Дене шынықтыру
минуттігі балалар алдында желдеткіштер ашылады, барлық оқу
құралдары жиналыстырылады, балалар бір-біріне бөгет жасамайды. Дене
шынықтыру тәрбиенің маңызды құралы үзілістер кезіндегі жаттығулар
мен ойындар болып табылады. Төменгі сынып оқушылары жүгіруге,
секіруге аса құштар болады, мұғалімнің міндеті баланың қимыл-
қозғалысын тежемеу, олармен әптүрлі қимылдармен ойнату. Егер ойын
кезінде спорт ойын күрт секіртпей, доп берсе өте тиімді болады.
Мұндай ойындарды ұйымдастыру үшін шеф сыныптар көмектеседі. Дене
тәрбиесі жөніндегі сыныптан тыс жұмыс дене шынықтыру мен спорт
жөніндегі сыныптан тыс жұмыс дене шынықтыру мен спорт жөніндегі
сыныптан тыс негізгі түрлері: түрлі секциялар, үйірмелер, спорт
жарыстары, серуендеу ейрамдары. Дана халқымыз: басты байлық -
денаулық, тазалық-саулық негізі, саулық байлық негізі -деп тегін
айтпаса керек. Қазақстан -2030 мемлекеттік стратегиясында дене
тәрбиесі туралы салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың
дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді,
темекімен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалықпен стратегия шараларын
сақтандыруымызға бағыттталған.
Жергілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға күреспен
денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды
салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салты
мен дұрыс тамақтануды, тазалықпен санитария ережелерін
насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс- шаралар жүргізілуі қажет,-деп
атап көрсетілген. Расында да қоғамдық сана мен мораль, есірткіге,
ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс. Кешегі кеңес заманы жылдарында
ішімдікпен қаншама күрескенімен біздің тұрмысымызға, әдетімізге,
дәстүрімізге тереңдеп еніп алған болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік
нарықтық жағдайдың қиыншылығына кезігіп күйзеліске түскен шақта да
ішкілік мәселесі тиылар емес. Бұл турасында президент жолдауында:
көптеген елдер бұл кеселге тыйым салғанымен, табысқа жете алмады.
Осыған қарамаста кейбір елдер ұтымды ақпараттың және түсіндіру
саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол
жеткізеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен
темекі тартушылардың саны кеми түсуде, өйткені кәсіпкерлік-
денсаулығы мықты жандардың үлесі. Өмір салтын теріс әдеттерден
спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады, - деп атап
айтылған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру:
* Салауатты өмір салтын бірінші кезекте балалар мен жастар
үшін насихаттау.
* Салауатты өмір салтымен дұрыс тамақтанудың стандарттарын
әзірлеу және енгізу.
* Спорттық сауықтыру ғимараттарының жемісін кеңейту және
бұқаралық спортты дамыту.
* Зиянды әдеттерге қарсы күрес.
Балаға дене тәрбиесін беруге мектеппен отбасы байланысы
тәрбиесі мектеп өз жұмысында ата-аналармен тығыз байланыста болған
жағдайда ғана балалардың дене тәрбиесін дұрыс жүзеге асыра алады.
Жас баланың жағдайы, тамақтануы, режимі, табиғаттың жаратылыс
факторына (күн, су, ауа), дене шынықтыру жаттығуларымен, ойындар
осы дене тәрбиесінің құралдарының барлығы тек мектептің ғана
емес сонымен бірге ата-аналардың да пайдалануына болады. Баланың
денесінің өсіп-жетілуі ата-аналардың көпшілігі дені сау дененің
берік болып өсін қалайды. Олардың көпшілігі балалардың оқудағы
үлгірім көбінесе олардың денсаулығына байланысты екенін біледі.
Сондықтан көптеген отбасыларында балалардың денсаулығына аса мән
беріледі, бірақ ол көбінесе жүйесіз жүргізіледі. Мектептегі
жұмыспен нашар байланыстырылады. Баланың отбасындағы дене тәрбиесіне
дұрыс бағыт беру мұғалімнің борышы. Ата-аналарға оқудың
балалардан күш қуатын жұмсауды талап ететін организмнің
шаруашылығын дәлелдеу маңызды. Сондықтан баланың жұмыс істеу
қабілетін қалпына келтіру үшін күн режимін жасаудың, таза ауада
болуын, дұрыс тамақтануыдың дене шынықтыру және спортпен
шұғылдануының маңызы жөнінде түсіндіру. Ата-аналармен дене тәрбиесі
жөнінде әңгіме жүргізу сонымен қатар олармен семинар,
конференциялар өткізу, ата-аналар жиналысында дене тәрбиесіне
байланысты балалар жасау дәрігер, психолог, дене шынықтыру пәнінің
мұғалімдерінің жиналысқа қатысуына болады. Ата-аналармен оқушылардың
күн тәртібі режимін маңызы ыңғайлы киім кию жөніндегі
әңгімелеуге сай болады. Ата-аналар үи тапсырмасы жөніндегі
жарықпен қалай қамтамассыз етуге болады. Үйді желдету, баланың
тазалық гигиенасын орындауы жайында ақыл-кеңестер беріледі. мұғалім
балалармен олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізуде медицина
зерттеулерінің деректеріне сүйену керек.
Дана халқымыз: Басты байлық – денсаулық, тазалық – саулық
негізі, саулық – байлық негізі - деп тегін айтпаса керек. Қазақстан
-2030 мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы Салауатты
өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен
айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен
ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен стратегия шараларын
сақтануымызға бағытталған.
Жергілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға күрес
пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз
азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады.
Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария
ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі
қажет,- деп атап көрсетілген. Расында да қоғамдық сана мен
мораль, есірткіге, ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс. Кешегі
кеңес заман жылдарында ішімдікпен қаншама күрескенімен біздің
тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімізге тереңдеп еніп алған
болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік нарықтық жағдайдың қиыншылығына
кезігіп күйзеліске түскен шақта да ішкілік мәселесі тиылар емес.
Бұл турасында президент жолдауында: Көптеген елдер бұл кеселге
тиым салғанымен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбір
елдер ұтымды ақпараттың және түсіндіру саясатын жүргізу, мәдениет
пен білім арқылы едәір табыстарға қол жеткізді. өнеркәсібі
дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі
тартушылардың саны кеми түсуде, өйткені өнеркәсіб – денсаулығы
мықты жандардың еншісі. Өмір салтын теріс әдеттерден спортқа
көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады.,- деп атап
айтылған.
1.2.Дене шынықтыру физиологиясы.
Адамның саулығын, қалыптылығын оның физиологиялық жүйелеріне
жүктеме бергенде ғана анықтауға болады. Міне сондықтан да тыныс пен
қан айналу жүйелерінің адам саулығында мәнін анықтау үшін арнайы
степ – тест қолдандым. Тыныс жүйесінің мүмкіндігін, өкпенің желдету
қабілетінің ең жоғарғы мәнінен және тынысқа қатысатын еттердің
төзімділігін сипаттаған дұрыс, ал қан көлемі мен тыныштық күйдегі
мөлшерінің қатынасымен суреттеледі. Демек жүректің және қан
айналымының мүмкіндіктері жүректің екпінді қан айдау мөлшеріне
пульстің жүйелілігінің ауытқуына байланысты анықталады. Сол сияқты
кардиориспираторлық көрсеткіштеріне байланысты? Адамның антропометриялық
мәліметтерін ескере отырып, жасқа, жынысқа лайықты студенттердің,
оқушылардың, ересек кісілердің организмінің физикалық жұмыскерлігін
және жүрек тыныс жүйесінің жағдайын анықтауда да жөн көрдік.
Нәтижесінде денсаулықты жүрек тыныс аппараттарының физиологиялық
жағдайына тікелей байланысты, ғылыми мағлұматтар жинадым. әрине
организмнің кардиореспираторлық аппараттарының физиологиялық қалпын
және оның әр түрлі әсерлерінен кейінгі өзгерістерін бұданда терең
түсініп, әліде ашылмаған құпияларын ғылыми зерттеу алдымызға
қойылған мақсаттарға кіреді. Бүгінгі күнгі тағы бір мәнді, шұғыл
шешімді табуда қажет етіп отырған мәселе жүрек- тыныс аппараттарының
адаптациялық мүмкіндіктерінің қалыпты ортада және әртүрлі
жүктемелерден кейінгі өзгерістері, Гарвард степ – тест Шанге, Генче
сынамалары бойынша есептеу.
Физиологтардың пікірінше шаршау, қажу дегеніміз- адамның жұмыс
істеу қабілетінің төмендеуі, физиологиялық функцияларының спецификалық
емес өзгерістермен шаршаудың субъективті сезіну белгілері. Яғни
жұмсалатын және қалпына келетін күш –қуаттың өзара диспропорциясы,
үйлеспеуі. Мұны бір жақты түрде тек жағымсыз феномен ретінде
қарастыруға болмайды. Бұл ағзаның қорғаныс, сақтық механизмі, оның
қалпына келу процесінің және функциялық мүмкіндіктерінің
жоғарылауының стимуляторы болып табылады.
Үнемі шаршау, артық салмақ, зорығу денсаулыққа кері әсер
етеді. Оқушылар шаршағанда:
1) оқу нәтижелілігі төмендейді, қате жіберу жиілейді, тапсырманы
ұзақ ойланып орындайды;
2) мазасызданып көп қимылдайды, сабаққа назар аудармайды,
зейіні төмендейді;
3) шаршағандықтарын ашық көрсетеді. Басы ауырады, көзін
уқалайды, шаршайды.
Мұғалім оқушылардың тынышсыздығына, қоңырауды шыдамсыздана
күтуіне, жазу үлгісінің өзгеруіне назар аударуы керек. Көптеген
балаларда вегетативті реакция пайда болады, алақаны терлейді, бет-
әлпеті қызарады, тамыр соғысы өзгереді. Осындай жағдайдың әсерінен
оқушылар басс ауруына, өздерінжағымсыз сезінгендіктеріне шағым айтады.
Кейде төменгі сынып оқушылары немесе компьютермен жұмыс істеп
отырған оқушы өздерін сыртқы сөз арқылы ( сөйлеп, әр қимылын
айтып отырып) сергіткісі келгендігін байқауға болады. Тәжірибесі аз
мұғалімдер оны баланың жұмысқа берілгендігі деп те бағалауы мүмкін.
Айқай-шу да шаршауға себеп болады. Қатты шаршағанда физиологиялық
жағымсыз сезіну белгілері пайда болады, дене ауырып, бала өзін
жайсыз сезінеді, ашулану, невроздық (нерв жүйелерінің функциялық
қабілетінің нашарлауы), қызбалық кейде дөрекілік падйда болады.
Сонымен оқушылардың шаршауының негізгі себептері ретінде төменгі
жағдайларды айтуға болады.
* Мұғалімнің кәсіби қателік жіберу компетенция деңгейінің
төмендігі.
* Мектептегі дәстүрлі білім берудің жағымсыз ерекшелігі.
* Оқу бағдарламасының ауырлығы.
* Жеке дара тәрбиелеу процесін қиындататын сынып оқушыларының
көптігі, сыныптың толықтығы (сыныпта жиырмадан артық оқушының
отыруы).
* Мектеппен оқу бөлмесінде гигиеналық жағдайының сақталмауы.
* Білім беру процесі барысында педагогикалық - ұйымдастыру
талаптарының бұзылуы.
Денсаулығы әлсіз оқушылар және бастауыш сынып оқушылары
қалыпты оқу барысының өзінде және оқу бөлмесінің гигиеналық
жағдайының жағымсыздығынан тез шаршайды.
Оқушыларды шаршататын гигиеналық жағдайлар:
- бөлмеде температуралық режимінің бұзылуы, оқу бөлмесіндегі
оптималды емес ауа температурасы ( тым ыстық немесе аса суық);
- қыс мезгілінде бөлмені жылыту барысында пайда болатын ауаның
құрғауы;
- сынып бөлмесіндегі ауа құрамын нашарлығы, оттегінің төмендігі,
антропогенді әсерлер ауада зиянды заттардың артық жинақталуы;
- сабақ өтуге кедергі жасайтын шөлдің әсері, оқушыларды
алаңдататын артық дыбыстар;
- оқу бөлмесінің толық жарықпен қамтамассыз етілмеуі;
- мектеп жиһаздарының оқушы жасна лайық келмеу, осдан пайда
болатын физикалық дискомфорт сезімі;
- ұзақ уақыт жұмыс істеу, мысалы, қосарланған сабақтан бақылау
жұмысын орындау, соңғы сабақтарда бақылау жұмыстарын орындау.
Сонымен бірге қоңыраудың дұрыс ұйымдастырылмауы да,
шаршағандықтың басатын үзілістің жетіспеуі де шаршауды үдетеді.
Шаршаудың пайда болу жылдамдығы оқушының жүйке жүйесінің жағдайына,
тапсырманың ауырлығы мен көлеміне де байланысты. Бір қалыпты, бір
сарынды қимылдамай отырып жұмыс істеу де оқушыны тез шаршатады.
Баланың ой – сананың шаршауы- оны қажытатын жалғыз фактор емес.
Баланың көру және есту аппараттарына да көп салмақ түседі. Ұзақ
уақыт қозғалмай отыру, гипотономия-позотоникалық шаршау деп аталатын
шаршаумен қатар оның салдары ретінде омыртқаның қисаюына, сколиоз
бен остеохондроз және басқада сүйек бұлшық ет жүйесінің ауруларына
себеп болады. Сонымен бірге дене шынықтыру артық жүктемелерден
бұлшық еттерге, қимыл-қозғалысқа салмақ түсіріп шаршауға алып
келеді. Шаршау мен қажудың белгілері тұрақты емес, үзілісте, үйге
кележатқанда олар тез тарайды. Ал егерде күш- қайратты дұрыстап
қалпына келтірмесе, демалуға уақыт бөлмесе шаршағандық жинала береді
де, қажуға себеп болады. Қажу, жалығу-шаршағандықтың соңғы кезеңі,
ағза өз бетімен күш қуатты физиологиялық тұрғыдан қалпына кетіре
алмайды және арнайы қайта қалпына келтіру шараларын қажет етеді (
ұзақ демалу, ем қабылдау т.б. )
Қажудың белгілері:
1) есте сақтау қабілеті мен зейін аудару төмендейді, ақыл - ой
және дене еңбегіне қабілеті нашарлайды;
2) невротикалық сипаттағы аурулар пайда болады: ұйқы бұзылады,
қорқыныш пайда болады, жылауықтықпен ашулану жиілейді;
3) имунитет төмендейді;
4) вегетативті функциялардың регуляциясы бұзылады ( аритмия,
вегетотамырлық дистония, түрлі функциялық ауытқулар ).
Қажудың себептері шаршаудың себептерімен бірдей, бірақ ол ағзаға
ұзақ уақыт бойы және қарқынды әсер етеді.
Дене жаттығуларына, шынығуға, дене гигиенасына көне Грецияда,
Римде көп көңіл бөлген. Себебі – бұл елдерде денсаулық және тән
сұлулығы басты орында болған. Сондықтан дене шынықтыру
жаттығуларының бір бөлігі ретінде шынығуды да енгізген. Біздің
заманымызға дейін көне тарихи ескерткіштерге қарайтын болсақ, олрдың
ішінде дене күтімін, сумен жуыну, ысқылау, жүзу, массажды
белгілейтін көркем шығармалар бар. Бұл елдерде шынығу денсаулықты
сақтау үшін, адамдарды барлық жоқшылыққа төзуге үйретуді мақсат
еткен. Көне сапарында шынығуда ерте жастан бастаған, жетіге келген
еркек баланы ата-анасының қамқорлығынан айырып қоғамдық үйлерде
қатаң тәртіпке үйрете отырып тәрбиелеген. Шашын тақырлап алып жалаң
аяқ жүргізген, кез – келген ауа-райы жағдайында жалаңаш ойнауға
үйреткен. Балалар 12 жасқа келгенде оларға шекпен береді. Олрды
балалар жыл бойы киюге тиіс болады. Оларға ыстық сумен жылына
бірнеше рет қана жуынуға рұксат беріледі. Ересек болған адам елдің
салт-дәстүрі бойынша өмір сүруге тиіс еді. Осының бәрі ештеңеден
қорықпайтын, батыл адамлы өсіруге себебін тигізген. Спорттта да
әйелдердің дене тәрбиесіне де көңіл бөлген. Еркектер сияқты оларда
жүгіріп, керісіп, найза, диск лақтырып, шынығуға тиіс еді. Себебі
ол әйелдерден күшті, мықты бала туу керек еді.
Дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғарғы
көрсеткішке жету үшін, табиғи ортада қажет, бұларға жататындар:
өзімізге жақсы таныс ауа, су және күн сәулесі. Бұндай табиғи ортаны
жүйелі пайдалану денсаулық үшін үлкен маңызы бар. Ең әуелі ауаның
адам ағзасына тигізер әсерін алайық. Жүгірген, секірген кезде,
велосипедпен жүргенде, (спорттың қай түрі болмасын) тағы басқа
адамның бұлшық еттері мен ішкі құрылыстарының жұмыс істеу процессі
алғашқы қалыптағыдан әлде – қайда жеңілдетеді. Осы кезде демалу
процесі де артады, ағза ауаны бастапқы тыныштықта тұрған жағдайдан
он бес жиырма есе артық көлемде керек етеді. Ауаны пайдалану
көлемі тыныштықта 6-7 литр болса, жаттығу кезінде 120-130 литрге
дейін көбейеді. Ағза үйрене келе дененің барлық мүшелерінің оттегінің
тыныс алуы артады. Осылайша үзбей өткізілген жаттығулар нәтижесінде
адамның демалу процесі толық қалыпқа келеді. Жақсы жаттыққан спортшы
алқынуды сезбестен ұзақ жүгіре де, жүзе де, күресе де алады. Ал
жаттықпағандар алғашқы кезде-ақ демігіп, өзінің дегеніне жете алмай
қалады. Мұның аты тез шаршау. Мысалы, таңертіңгілік бой жазу немесе
спорт жаттығуларын жасау мүмкіндік болғанша далада, таза ауада
өткізген жөн. Одан шығатын қорытынды ағзаны жаттықтыру (қандай спорт
болмасын) ең әуелі ауамен демалудан басталады. Ал суға шомылу (
міндетті түрде жүзу емес) денсаулық пен дене шынықтыру үшін
маңызды. Көпшілікке арналған су қоймаларында шомылуға болады. Суға
түсетін жердің жағасын құйымтау жел соқпайтын, күн көзі жақсы түсетін
жерлерде болғаны дұрыс. Күнге қыздырыну да, спортшының шынығуына
адам ағзасы үшін баға жетпейтін өте қажетті табиғи құрал. Күн
ваннасын алудың жөні осы екен деп, шомылып шығып, тырп етпей
жағада жатып алу дұрыс болмайды. Мұндай жағдайда оның пайдасынан
зияны басым. Спортшының өмірінде дене тәрбиесі жаттығуларының
гигиенасы маңызды орын алуда. Гигиена денсаулық кепілі. Спортпен
шұғылдану үшін әр спортшы өзінің шама-шарқын және дене құрылымының
қалыптасуымен, денсаулығын ескерген жөн. Демек әр спортшы спорт
түрлерінің және басқада толып жатқан спорт түрлері организге қалай
әсерін тигізетінін түсіну қажет.
Дене тәрбесі – ілім. Оның мазмұны мен құрылымы педагогикалық
тұрғыдан таңдап жан – жақты сарапталуы пән ретінде жүйеленуі-
дене тәрбиесінің теориясы деп аталады.
1. Дене тәрбиесінің теориясы - дене тәрбиесі ілімі мен
әдістемесінің қоғамда алатын орнын зерттейді.
2. Дене тәрбиесінің әдістемесі дене тәрбиесінің
ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп, талдайды.
3. Спорттық жаттықтыру - оны өткізу әдістемесін, мерзімі мен
кезеңдерін, артықшылықтарын айқындайды. Бұл дене тәрбиесі
маманның кәсіптік деңгейін көрсетеді. Ғылыми мәнімен тәжірибе
нәтижелерін жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі
процесінің заңдылықтарын ашып береді.
Қазіргі дене тәрбиесі теориясымен әдістемесінің негізгі
көздері мыналар:
1. Адамдарды Отан қорғау ісіне, еңбек етуге қабілетті,
денсаулығы мықты адамдарды тәрбиелеу.
2. Практикалық жұмыс. Теориялық әдістемелік жаңалықтар іс
жүзіндегі тәрбиелік жұмыстармен тексеріледі. Дене тәрбиесінің
теориясымен әдістемесін байыту.
3. Еліміздегі дене мәдениетін орны және оны дамытуға
байланысты Қазақстан -2030 стратегиясын жүзеге асыру шаралары.
4. Қазақстан Республикасы бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар.
5. Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесінің, сондай-ақ
басқа ілімдер көлеміндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері.
Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесі педагогика, психология,
социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп,
жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу денсаулығын нығайтудың
жолдарын жан-жақты қарастырады.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл
атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық
педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық
заңдылықтарға сүйенеді. Осы пәндерден алған нақты нәтижелер
теорияға негіз болып табылады.
Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесі пәнін оқытуда дене
мәдениеті, дене тәрбиесі, спорт, дене қуатының қалпына
келуі, дене қуатының тынығуы, дене қуаты дайындығы, дене
қуатының жетілуі, дене қуаты білімі ұғымдарына назар
аударамыз.
Дене мәдениеті – адамдардың дене қуатының жетілуі үшін
пайдаланылатын қоғамдық - материалдық (спорт ғимараттары) және
рухани байлығын құрайтын халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы.
Ол негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене
мәдениеті болып табылады.
Негізгі дене мәдениеті – адамдардың өз шама-шарқына қарай таңдап
алған кәсіби спортт мамандығын жетілдірудің негізі. Ол жалпы білім
береті мектептерде, оқу - тәрбие мектептерінде қолданылады әрі егде
кісілерге нығайтуға жұмысқа ынтасын, төзімділігін арттыруға
көмектеседі. Сорпт адам психологиясының орнықтылығын, дене қуатының
жетілуін қамтамассыз етеді. Спорт қимылының негізгі мақсаты –
спорттың бір түрінен жоғарғы жетістіктерге жету, сол арқылы
адамның қабілетін қарымын, ептілік қасиеттерін қалыптастыру.
Қолданбалы дене мәдениеті – кәсіптік және әскери дене
мәдениеті деп екіге бөлінеді. Ол өмірге аса қажетті сан алуан
қимыл - әрекеттерді игеруге, дене тәрбиесі арқылы әскери және
азаматтық мамандықтарды жақсы меңгеріп, терең түсуге бағытталады.
Сауықтыру дене мәдениеті - емдеу дене мәдениеті жатады. Оның
мақсаты организмнің уақытша жоғалған функциялық мүмкіндіктерін
қалпына келтіру.
Гигиеналық дене мәдениетіне – жаттығушылар организмнің жұмыс
істеу қабілетін артыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста
күнделікті демалыста (таңертеңгі бой жазу, серуендеу, саяхат,
т.б.) қолданылады.
Дене мәдениеті қызметтерін – арнаулы және жалпы дене мәдениеті
қызметтері деп екіге бөледі. Жалпы дене мәдениеті қызметтеріне
мыналар жатады: нормативтік қызмет – адамның қимыл - әрекетін тиімді
мөлшерлеген оқу бағдарламасынан, перзиденттік сынамалардан (бұрынғы
еңбекке, отан қорғауға дайындық – ГТО) және еліміздегі спорт
разрядтарының нормаларынан тұрады. Эстетика қызметі - әсемдікке деген
құштарлықты дене сымбаттылығы, әсем қимыл – қозғалыс арқылы
қанағаттандыру. Хабарлау қызметі – адамның мүмкіндігін жетілдіру
жолдарын жинақтап хабарлау. Қарым – қатынас қызметі – адамның бір –
бірімен араласуы, өзара түсінісу жолдары.
Тәрбие қызметі – адамның эстетикалық адамгершілік, зейіндік,
еңбек сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
Арнаулы дене мәдениеті қызметтерге білімділік қызметі – дене
мәдениетін оқу – білім арқылы қимылдың ептілігімен дағдысын
пайдалану.
Қолднабалы дене қызметі – келешек жұмысқа дайындау үшін
қолданылатын арнаулы дене тәрбиесінің жүйесі.
Тынығу қызметі – дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы
белсенді демалыс, адам организмінің уақытша жоғалтқан функциялық
мүмкіндіктерін қалпына келтіру.
Спорт дегеніміз- әртүрлі жаттығулардың көмегімен жоғары
жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Спорт,
бұқаралық спорт ( барлық адамдар қатыса алады) және жоғары
көрсеткіштер спорты (чепионаттар, олимпиядалар, т.б.) деп бөлінеді.
Дене қуатының тынығуы – жаттығу жасау арқылы белсенді демалыс
ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен адамның
көңілін көтеріп, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіріледі. Дене
қуатын қалпына келтіру – адамның организмінің ауырған жерін массаж
жасау, булау, су процедуралары арқылы емдеп, қалпына келтіру, дене
қуаты қасиетін үйлесімді дамытып, жан – жақты дайындығын жоғары
деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен
дағдыға үйрету және теориялық ілімін қаруландыру.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік – экономикалық заңдылық
пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы
және республикада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отрыратын әр
басшылық ететін ұйымдармен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты
мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір,
шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан
өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге
негізделеді:
1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігімен дағдысын меңгеру
және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен
денсаулықты күшейту.
3. Тәрбиелік міндеттер – адагершілік - жігерлік қасиеттерді
қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық,
заңдылық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама нормативтік және ұйымдастыру
негіздерінен көрінеді.
Әлеуметтік экономикалық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі
қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерінен, саяатпен,
ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті
негізі – дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске кіретіндігінде.
Жүйе қоғамдық өндіріске кіретіндігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармасы
да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі – адам арқылы әсер
етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық
қатынастарды жетілдіреді.
Құқықтық негіз. Дене тәрбиесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық
күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. Ол ата заңымыз
Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-ші бабында нақтаылы
көрсетілген.
Жалпы дене тәрбиесі жүйесі ғылыми-әдістемелік негізде құрылады.
Оның барлық теориялық және практикалық ұсыныстары ғылыми түрде
баяндалады.
Дене тәрбиесі жүйесін қоғамдық, психологиялық – педагогикңалық,
әдістемелік-биологиялық ілімдер, гигена, физиология, спорттық
медицина, т.б. зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орында дене
тәрбиесі ілімі мен әдістеме пәні алады.
Физкультуралық қозғалыста президенттік сынамалардың маңызы өте
зор.
Қазақстан Республикасының халықтық дене тәрбиесі даярлығының
президенттік сынамалар туралы ереже ҚР үкіметінің 1996 жылғы 24
маусымдағы б 774 қаулысымен қабылданды.
Президенттік сынамалары – бұл бақылаулық нормативтер арқылы
халықтың оқуға, еңбекке, әскери қызметке дене қуаты дайындығының
жалпы деңгейін анықтайтын әртүрлі сынақ- жаттығулар жиынтығы.
Президенттік сынамаларда халықтың дене қуаты даярлығы күштілікті,
шыдамдылықты, ептілікті, шапшаңдықты көрсететін жеті сынақ түрі
қамтылған.
12-23 – ке дейінгі жас шамасындағы жастары үшін сынамалар дене
қуаты даярлығы екі деңгейде, яки президентік және ұлттық деңгейден
тұрады.
1. Президентік деңгейі жан-жақты дене қуаты даярлығы бар дені
сау адамдар үшін арналған.
2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша да,
тұрғылықты жері бойынша да спорттық секцияларда, топтарда,
командаларда дене мәдениеті және спорт жүйелі түрде айналысатын
адамдар үшін арналған
23 жастан асқан жұрт үшін адамның денсаулық деңгейін
айқындайтын президенттік сынама ретінде адам организмі қызметін
бақылаудың неғұрлым сенімді тәсіліндегі дүниежүзілік денсаулықты
сақтау ұйымы ұсынған 1,5 милге (2400 м) жүгіру нәтижелері
бойынша сынамалар енгізіледі. Президенттік сынамалар
сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін
мектептердің 5, 9, 11 – сыныптарында, кәсіби техникалық мктептердің,
колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курсына барар жылы
өткізіледі .
Еңбекші жастар үшін – дене тәрбиесі – сауықтыру бағытындағы
жарыстарда өткізіледі.
Президенттік сынамалар номативтерін тапсыруға дәрігердің рұқсаты
бар, спортпен арнайы немесе өз бетінше айналысып жүрген адамдар
жіберіледі.
Президенттік сынамалар сынақтың түрлері бойынша жарыстарды
қалалық, аудандық, жастар ісі туризм және спорт басқармалары
бекіткен ережелерге сәйкес әр оқу орнының, кәсіпорынның дене
тәрбиесі мұғалімдерінен, жаттықтырушыларынан, спорт нұсқаушыларынан
құрылған төрешілер алқасы өткізілді.
Президенттік сынамаларды республикада, облыстарда, аудандарда,
қалаларда орындау жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау
Қазақстан Республикасының жастар ісі туризм және спорт
басқармаларымен жүзеге асырылады.
Президенттік сынамалар бойынша жарысты ұйымдастырудың
жаупкершілігі жалпы білім беретін, кәсіби техникалық мектептерде,
колледждерде, жоғары оқу орындары мен кәсіп орындарда - әкімшілікке
жүктелген.
Президенттік сынамалар бойынша негізгі практикалық жұмыстарды
орындау оқу орындарында – дене тәрбиесі мұғалімдеріне медициналық
қызметкерлерге, ал кәсіпорындар мен ұйымдарда спорт мамандарына,
спорт жөніндегі нұсқаушыларға, жаттықтырушылармен медициналық
қызметкерлерге жүктелген.
Президенттік сынамаларға кіргізілген сынақтардың түрлері: 60,
100, 1000, 2000, 3000 м, 1,5милге (2400 м ) жүгіру, тұрған орнынан
ұзындыққа секіру, биік кермеге ( турникке) тартылу, шалқалап жатқан
қалыптан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz