Бала тәрбиесінде жанұяның алатын орны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

І. БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖАНҰЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік
1.2. Жанұя тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен
жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал

ІІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1. Отбасы тәрбиесінің қағидалары мен ережелері
2.2. Баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеудің жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Баланың сапалы білім алуы мектепте ғана емес, ата-ананың қамқорлығына
да тікелей байланысты. Салауатты отбасы өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі
заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр.
Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды
өркениетке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұймдастырудан
басталмақ. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен ұлттар ұйымында қабылданған,
кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған. “Баланың толық үйлесімді дамуы
үшін, ол мейірім мен өзара түсініктігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін
бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене,
ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де,
туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық
қамқорлыққа мұқтаж”деп көрсетілген. Қазіргі кезде отбасындағы
ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлықпен қарау орын алып отыр. Бұл көрініс
жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті ата-
аналардың жиналысқа келмеуі, тіпті мектеппен байланыс жасауға талпыныстың
болмауына әкеліп отыр. Жас ұрпақ елдің болашағы, тірегі, тізгіні. Егемен
еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар сондай жас ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар
қауымына аса жауапты да қиын міндеттер жүктейді.
Қазіргі кезде мектеп пен ата-ана арасында байланыс үзілді. Бұл
кемшіліктің ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізетінін күнделікті өмір
дәлелдеп отыр. Мәселен, ата-аналар жиналысына келмеуі, ұл-қызының оқуы мен
тәрбиесіне көңіл бөлмеуі ерекше ойлауға, себебін ашуға тұрарлық мәселе. Ата-
ана мен мектеп арасында байланыс болмайынша саналы тәрбие, сапалы білім
болуы мүмкін емес. Ата-ананы мектепке шақырғанда, сол жиынның ата-анаға
тигізер әсеріне, тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлгені абзал. Ата-анаға,
балаға тәрбиені тек мектеп беру тиіс деген пікірден аулақтату үшін
біріншіден, тәрбие-отбасынан басталатынын ұғындыратын әсері мол жиындар.
Педагогикалық сабақтар, семинарлар және дебат өткізу қажет.

Бала-адамның бір қызығы ғана емес сонымен қатар ол өмірдің жалғасы, ұлттық
ұстанымы, елдің ертеңгі егесі де.
Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтудегі мақсат-өскелең
ұрпақтың құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз етуге әлеуметтік қоғамдастықтың
ұсынуына бағытталған, сонымен қатар жетім және мүгедек балалар, ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және толық емес
отбасыларында тәрбиеленетін балаларға қолдау көрсету болып табылады.

Кейбір отбасының белгілі бір себептерге байланысты әлеуметтік
жағдайының құлдырауы, балалармен ата-аналардың денсаулығының нашарлығы,
некесіз бала туудың, моральдық жағынан азып-тозған ата-аналардың көбеюі
және оларды жауапқа тартудың пәрменді шараларының болмауы елімізде жетім
балалар санының ұлғаюына әкеліп соғуда.
Тәрбиенің негізгі мәселесі тәрбиеден бағытталады. Балалар өскеннен
кейін олар – өздерінің құрбыларымен ойнай бастайды. Балалардың жанының,
пәнінің дамуы үшін ата-аналары жауап береді. Барлық балалар балалардың
ортасында, тәрбиеленеді олармен сөйлесу, ойнау арқылы.
Бала бұл-бақыт ата-ананың еңбегімен келген жан. Баланың бастапқы жеке
басын қалыптастыру үшін ең алдымен балаларды мектепке дайындауымыз керек,
ол үшін ең алдымен балаларды мектепке барлық күшімізді салуымыз керек.
Балаға ең алғаш тәрбие беретін ата-анасы. Отбасындағы тәрбиенің бала өмірі
үшін маңызы зор. Әрбір ата-ана өз баласының жақсы тәрбие алғанын қалайды.
Сондықтан өз баласына кішкентайынан жақсы тәрбие беруге тырысады. Кейбір
балалар ата-ананың аялы алақанын көрмей өссе де ол жақсы тәрбиелі,
инабатты, кішіпейіл болып өседі. Баланың тәрбиесіне кішкентайынан жақсылап
көңіл бөлу керек. Көңіл бөлу керек дегенде сөйлесіп отыру керек.
Жанұя тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен
жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.
Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын
істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан
тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің
әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене
және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне
тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса,
екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы
ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан
басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те,
ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да,
отбасы — бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл
тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға
тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе,
тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де
жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі
заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да
сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы
тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам
да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен
назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық
үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс
арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық,
ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар — бәрі де отбасыдағы
бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын
десең, бесігіңді түзе"- деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда
адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және
әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл
шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен
шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей
қорытындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас
ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-
қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
- отбасы түлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық
және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске
қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті
отбасыдан көрінеді;
- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері — азамат тәрбиелеу, патриот
қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын
мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
- отбасының кәсіп тандауға да тигізер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің
кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай — жұмыс орнында, жанұяда
- ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моралдық себептердің салдарынан болып
жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең
алуы.
6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бөсеке, дау-
дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру
бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін?
Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес:
тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына
тәуелділігі объективті шындық. Бәріміз де осы заңдылықтардың құрсауындамыз.
Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның
жанпидалығынан күтеміз. Жалған, алдамшы ой-пікірлерден арыла білген шынайы
ұстаздың өз іс-әрекетін келесімдей жоспарға орайластырғанын жөн деп білер
едік:
- отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-
әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың
заманы өтті - алдыратын лыпасы жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейіл
мұғалім сан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек,
ұстаздық жанашырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу
беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан
азат етері кәміл;
- адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен
мұсылмандық тәрбие ошағы - мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы
ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты
проблемасына бағыттау;
- педагогикалық мүдде - ниеттерді гуманитарлық қор, қоғамдар мен ұжымдар
жұмыстарымен үйлестіре отырып, қайырымдылық-тәрбие бағдарламасын жасау.
Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен
мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау - әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы
болғаны жөн.
Атам қазақ басынан талай "ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның"
кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана тәрбиешілерінің, ғұлама
ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние
ауыспалы ал педагогиканың міндеті қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса,
дамып бару. Әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік, бірақ
олардың нақты кезеңдердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай
шешімдерді ата-аналар есіне салу отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса
бұлтарыстарын тереңнен түсінетін педагогтың міндеті.
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол.
Алайда олардың көптүрлілігіне қарамастан, жанұядағы ересектер мен балалар
арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіндігі
баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта, қай
дәрежеде өсіртеуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың
салдарына тәуелді анықталады. Олар:
1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
2. Қайырқом, мейірлі отбасы.
3. Күнделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.
4. Алауыз, жауласқан отбасы.
5. Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
6. Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.
7. Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.
Отбасыдағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-
мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық
өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасаты
тұлға дайындау - отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды
бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-
имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз
кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық
білімдендіру істерімен толығып отырады.
1. Балалар мен жастардың отбасындағы тәрбиесі салауатты өмір болмысына
негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібін, спорттық жаттығуларды, дене
шынықтыруларын т.б. қамтиды.
2. Отбасындағы сана-сезім тәрбиесі ата-аналардың өз балаларын білімдермен
байытып, соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсінуін қалыптастырып, оларды
үздіксіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасымен жұмысты ұйымдастыру формалары
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Жанұядағы дау-дамайлар және балалардың жеке басының қалыптасуына ықпалы
Жанұядағы тәрбие
Баланы тәрбиелеуде жанұяның рөлі
Пәндер