Кеңес әскерлері


3. 1 Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германия .
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939ж. 1- қыркүиекте Германияның Польшаға шабуылынан басталды. Польшаның Франциамен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты.
3-қыркүйекте Англия мен Францияға Германия соғыс жариялады., бірақ олар Германияға қарсы белсенді соғыс қимылдарын жүргізбеді. 1940 сәуір-мамырда неміс-фашист әскерлері Дания мен Норвегияны оккупациялап алып, майда Белгияға, Нидерландыға, Люксембург пен Францияға басып кірді. 1940ж 22 маусымда Германия Францияны уақытша бітім жасасуға күштеп көндірді, елдің көп жерін фашистер оккупациялап алды. Фашистік Германия өзі басып алған елдердің барлық қорларын герман монополистік капиталына қызмет еткізді, мұның өзі Германияның әскери-экономикалық қуатын әлде қайда күшейте түсті. Франция талқандалысымен, фашистік Германия КСРО-ға шабул жасауға әзірлене бастады. 1941ж 22 маусымда Германия шабуыл жасаспау туралы кеңес- герман пактісін опасыздықпен бұзып, КСРО жеріне басып кірді. Герман әскерінің уақытша жеңістеріне қарамастан, кеңес-герман майданындағы соғыс қимылдарының барысы неміс-фашист страгтерінің үмітін ақтамады. Кеңес әскерлері ауыр қорғаныс ұрыстарында герман армиясының ілгері басуын тоқтатты. Неміс фашист әскерлерін Москва түбінде талқандау «қауырт соғыстың» гитлерлік жоспарын мүлде іске асыртпай тастады. 1941 жылдың аяғынан былай АҚШ-та Германиямен соғыс жағдайында болды. Өздері басып алған жерлерге неміс фашистері қатаң террор орнатты. Майданек, Освенцим тұтқын лагерьінде гитлершілдер КСРО-ның, Польшаның Югославияның және басқа мемлекеттердің миллиондаған азаматтарын қырғынға ұшыратт
Сталинград түбінде неміс-фашист әскерлерін қоршап алып, жою Ұлы Отан соғысының, сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрас болды. Ал, 1943 ж жазда Курск иінінде неміс армиясын күйрете талқандау фашистердің батар күнін жақындата түсті. Неміс басқыншылығына ұшыраған елдердің бәрінде де Қарсыласу қозғалысы кеңінен өріс алды. Германиянияның өз ішінде коммунистердің басшылығымен фашистік тепкіге қарсы күрес күшейді. 1943ж КСРО-дағы неміс саяси эмигранттары мен әскери тұтқындары құрған «Еркін Гермния» Ұлттық комитеті антифашистік қозғалысты өрістетуге зор роль атқарды. Соғыстың барысында КСРО-ның фашистік Германияны өз күшімен-ақ талқандай алатыны барған сайын айқын көрінді. Тек осыдан кейін ғана Батыс мемлекеттері өз қимылдарын күшейтіп, 1944ж 6 маусымда солтүстік Францияға десант түсіріп, екінші майдан ашты. Фашистік Германияның күйреу сәті жақындай түсті. 1945ж 2 мамыр күні кеңес әскерлері Берлинді алды. Соғыстың негізгі ауыртпалығын бір өзі көтерген Кеңес армиясының соққысына шыдай алмай, фашистік Германия тізе бүкті. 1945ж 8 мамырда Берлинде фашистік Германияның сөзсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойылды. Кеңес халқы неміс халқының фашизімнен құтылуына жан-жақты көмек көрсетті.
Гитлерлік «үшінші рейхпен» бірге елдің экономикасы да күйреді. Соғыс кезінде Германияның соғыс шығындары 800 млрд. Маркаға жуықтады Германияның қайтыс болған, жараланға және тұтқынға түскен адам саны 13, 6млн болды. \4\
3. 2 Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Австро-Венгрия.
Хортистік Венгрия 1930 жылдардың аяғында фашистік Германияның ықпалымен соғысқа белсене әзірлене бастады. 1939 жылы Венгрия «Антикоминтерндік пактіге», ал 1940 жвлв үш державаның -Германия, Италия, Жапонияның -пактісіне қосылды, Чехословакияны бөлшектеуге (1938-1939) қатынасты. Бұл үшін Гитлерден сыйлыққа Словакияның, Закарнат Украинасының бір бөлігін (1938), солтүстік Трансильванияны(1940) алды. Фашистік Германияның итаршысы ретінде Венгрия 1941 жылы сәуірде Югословияға, ал маусымда КСРО-ға шабул жасап, басып кіруге қатысты. 1941 жылы желтоқсанда Ұлыбритания Венгрияға, ал Венгрия АҚШ, қа соғыс жариялады. Венгрия Коммунистік Партиясы соғысты тоқтату жолында күресіп, патриоттық күштердің бірлескен демократиялық майданын құру жұмысына кірісті. Неміс-фашист әскерлері Москва түбінде талқандалғаннан кейін, Венгрияда Қарсыласу қозғалысы күшейді. 1944 жылы 19 наурызда неміс -фашист әскерлері Венгрияны басып алып, венгр армиясының жаңа күштері кеңес майданына жіберілді. 1944 жылы майда коммунистердің бастауымен алдыңғы қатарлы күштерді ұлттық тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырған Венгр майданы құрылды. Бұл кезде Венгрия территориясында оннан астам партизан отрядтары мен құрамалары әрекет етті. Қарсыласу қозғалысына қатысушылар көптеген кәсіпорындарды бұзып, құрал жабдықтарды Германияға әкетуге кедергі жасады. Неміс-Венгр әскерлерін кеңес армиясының талқындауы елдегі буржуазиялық- помещиктік тәртіпті құлатып, демократиялық күштердің жеңуіне жәрдемдесті. 1944 жылы 22-желтоқсанда Ұлттық уақытша үкімет құрылып, гитлерлік Германияға соғыс жариялады (1944ж 28 желтоқсан) . 1945 жылдың сәуірінде Кеңес армиясы Венгрияны гитлершіл басқыншылардан толық азат етті. 1945 жылы 25 қыркүйекте КСРО мен Венгрия арасында дипломатиялық қатынас орнады.
1929-1933 жылы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Австрияға ауыр зардабын тигізді. Реакцияшыл буржуазия осы тұйықтан шығу үшін мемілекеттік құрылысты фашистендіре бастады. 1934 жылы фашистер бүлік шығарды. 1936 жылдан бастап Австрия үкіметі гитлерлік Германия саясатына бір жола бет бұрды. 1938 жылы мартта Гитлер әскерлері Австрияға басып кірді. Англияниң, Францияның және АҚШ-тың фашистік агрессияның іштей қолдауын пайдаланып, гитлершіл Австрияны Германияға қосып алды. Австрияның (аншлюске) қосылуына жалғыз-ақ Кеңес Одағы қарсы шықты. Фашистер үстемдік еткен 7 жыл Австрия тарихындағы ең қаралы кезең болды. Ондаған мың адам фашистердің құрбандығына шалынды. Халық пен ұлттық мәдениет құрып кете жаздады.
1943 жылы Москвада Кеңес Одағы, АҚШ, Англия сыртқы істер министрлерінің Кеңесі болды. Кеңесте Австрия туралы деклорация қабылданды. Онда «аншлюсс» заңсыз деп танылды. 1945 жылы наурызда Кеңес әскерлері Австрия шекарасынан өтіп, 3 сәуірде Венаны азат етті. Австрияның тәуелсіздігіне жол ашылды. Австрия республикасы құрылды. Бірақ батыс елдерінің әсерінен бірнеше жыл бойы Австриямен мемлекеттік келісім жасалмады.
3. 3 Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы.
Соғыс Германиямен оның одақтастарының жеңілуімен аяқталды. Басты соғыс қылмыскерлері Халықаралық сотта жазаларын алды.
Екінші дүниежүзілік соғыс өзінің ауқымы мен зардаптары жөнінен ХХ ғасырдың ең аиыр әскери қақтығыс болды, 6 жылға созылған бұл соғысқа 1, 7 миллиардтан астам халқы бар 60- тан аса мемлекет қатысты. Соғыс 22 миллион шаршы шақырым жерді қамтыды. Соғысқа қатысушы елдердің қарулы күштері қатарында 110 миллион әскер болды, 60миллионнан астам адам қаза тапты.
Фашистер бұрын-соңды болмаған қатал қырып-жою саясатын жүргізді. Фашистік идеология еврей халқына қатысты ерекше қастандық саясат ұстап, 6 миллион еврейді қырып тастады. Фашистер мұны «еврей мәселесін түпкілікті шешу» деп атады, ал әлемдік тарихқа бұл оқиға «Хлокост» (қырып-жою, құрту) деген атпен енді.
Соғыс Европа мен Азияның көптеген қалаларымен елді мекендерін, өнеркәсіп орындарын қиратып, аса ауыр шығынға ұшыратты. (жалпы материялдық шығын 4000 млрд доллар болды) . Көптеген елдердің экономикасының дамуы мешеулеп қалды. /1/
Соғыстың басты қорытындысы- әлемдік өркениетті құрып кетуден аман алып қалуы, адамзатқа қас нәсілшілдік фашистік идеологияны жою болды. Соғыс миллиондаған адамдардың санасы мен ой- өрісіне ықпал жасады, енді олар соғысты болдырмау, әлемдік өркениетті сақтау, адам құқығын қорғау мәселесіне неғұрлым белсенді түрде араласатын болды.
Алайда Европаның және әлемнің болашақтағы даму жолдары туралы мәселе түпкілікті шешілген жоқ. Ірі мемлекеттер фашизімге қарсы бірлесе күресіп, ортақ жеңіске жетсе де, болашақтағы ынтымақтастық мәселесінде бірауызды бола алмады. Фашистік Германия сөзсіз тізе бүккенне кейін, одақтас төрт мемлекет, КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция үкіметтерінің Германиядағы жоғарғы өкімет билігін өз қолдарына алатыны туралы диклорацияға қол қойылды.
Кіріспе
Қазіргі заман тарихы бүкіл ХХ ғасырды қамтиды. Бұл- қазіргі заманғы өркениеттің әлеуметтік -экономикалық, саяси-құқықтық және рухани негіздерінің қалыптасу дәуірі. Бұл дәуірде көп ұлтты мемлекеттер мен отарлық империялар ыдырап, олардың орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. ХХ ғасырдың бірінші жартысы Орталық Европа елдерінің ревалюциялық дағдарыстардың жаңа сатыға көтерілуі мен, ұлттық саяси идеологияның және партиялардың қалыптасуымен ерекшеленсе, екінші жартысы тәуелсіздік алған елдердің қоғамдық дамуының өзіндік жолын іздеумен сипатталады.
Бұл дәуірде индустриялдық қоғамның дамуы жоғарғы дәрежеге жетіп, постиндустриялдық қоғамға өту үрдісі жүріп жатты.
Курстық жұмысымның өзектілігі- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Орталық Европа елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы, осы елдерде болған революциялық оқиғалардың нәтижесі жайлы айту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz