Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері

Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі
өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа
талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі-білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы.
Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз
байланысты.

Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым-
оқыту болса,кез келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен
дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның
дамуына әсер етеді. Осыдан мынадай екі концепция шығады:
1) Оқытуды дамыту концепциясы Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің пікірлерінше:
Бала даму барысында оқиды. Яғнибұнда бала психикасының даму заңдылығына
сүйенеміз.
2) Дамыта оқыту концепциясы нда бала оқу арқылы дамиды. ХХ ғасырда бұл
теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев,
С.Л.Рубиншейн, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов тағы
басқалар. Қазіргі таңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз
уақытты қамтып, жоғары сапалы дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл
педагогикалық технологияны-дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту
жеке тұлғаның дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады.
Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі, бұлшық еттің дамуы,
салмақтың қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды тағы басқа қорытындылар
айтуға болады.
Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын
оқыту үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықтаймыз.
Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше
ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-
қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат-
міндеттерді жүзеге асырып, қорытынды талдай білуге дағдыланады. Міне,
осындай жүйелер арқылы "өзіндік даму" жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік
талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері
қалыптасады. Яғни дамыта оқу жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына
бағытталады. Выготский "Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі
күніне сүйену керек",- деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін
анықтады: 1) өзекті даму деңгейі-бала бойында қалыптасқан, өз бетінше
орындай алатын іс-әрекеттер;
2) Жақын даму аймағы-бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды,
бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.
Тұлға жақын даму аймағына өтуде өзекті даму аймағындағы
білімдерін өз бетінше қолдануға, өзіндік танымын дамытуға дағдыланады.
Г.К.Селевко өзіндік дамыта оқыту технологиясын жүйеге келтіріп, оны үш
бөлікке бөлді.
1) "Теория"-өзін өзі жетілдірудің теориялық негізін ұғыну. Бұл мектеп
бағдарламасына енгізілген.
2) "Практика"-өзін өзі жетілдіруді іс-жүзіне асыра білу. Бұл іс-әрекет
сабақтан тыс уақытта орындалады.
3) "Әдістеме"-ғылыми негізін жасауда өзін-өзі дамыта оқытудың әдісі мен
құрылымын жасап, жүзеге асыру. Осы үш бөлікті бір жүйеге келтіріп,
мектептерде өзін жетілдіру сабақтарын жүргізуге болады. Өзіндік дамыта
оқытудағы негізгі мақсат: жеке тұлғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану
Оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары
5 сыныпта қазақ тілін ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Оқытудың жаңа технологиясы
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Сатылай оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz