Жалпы баланы еңбекке тәрбиелеудің міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.
1 Қазақтың ғалымы Ы. Алтынсариннің еңбек тәрбиесі.
2 Жалпы баланы еңбекке тәрбиелеудің міндеттері.

Негізгі бөлім.

А) Еңбек пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптар.

Б) Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланы әсемдікке баулу.

В) Мектептегі еңбекке баулу сабақтарының мазмұны.

Қортынды:

Практикалық бөлім:

1. Қазақтың ғалымы Ыбырай Алтынсариннің еңбек тәрбиесі.

Ы.Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушы, демократ публицист,
қайраткер. Еңбек тақырыбы қазақ жазба әдебиетінде 19 ғасырдың аяғында
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы келді. Дене мен еңбек тәрбиесінің аса
күрделі мәселелері ретінде таныды.
Еңбек тәрбиесі Ыбырай алтынсариннің хрестоматиясында, көркем
шығармаларында негізгі орын алды. Ол өзінің еңбек тәрбиесін байланысты
ойларын терең және айқын көрсетіп өтті.
Ыбырай Алтынсариннің еңбекке байланысты шығармаларымен таныса отырып,
адамгершілік тәрбиесінің негізгі мұраты, өйткені адамға оның мағыналары
өмір сүру үшін, ол- еңбек әрекеті.
Ыбырай Алтынсарин жас ұрпаққа тәрбиелеу мәселелерін орыс
ағартушыларының еңбектерін өте жоғары бағалады.
Жастарды еңбекке баулу- қай кезде де азаматтық тәрбиенің еленлі
шарттарының бірі.19ғасырда еңбек мәселесі орыс әдебиетінде де айрықша
көтеріліп, халық өкілдерінің негізгі ерекшелік терімен биік қасиеттері
еңбекке байланысты көрсетілгені белгілі.Ыбырай Алтынсарин Қазақ
хрестаматиясының орыс ұлы педагог К.Ушинский мен белгілі педагог
Паульсонның хрестаматияларының үлгісіне құрастырды.
Балаларға арналған хрестаматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде
автор еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүйюге
тәрбиелеу мақсатын көздейді.Автор хрестаматиясының оқушылардыенбектің
мақсатқа жеткізетіндігіне, еңбек арқылы табылған табыстың берекелі
болатындығына сендіре отырып, еңбек ету үшін тұрақтылық пен табандылық
қажет екендігін уағыздайды. Оған дәлел оның хрестаматиясындағы көптеген
еңбекке байланысты мақалдар мен мәтелдер.

Мысалы;Бейнетсіз рахат жоқЖалқау текке жатыр оның ырысы
қашарЖігіттің ерінгені көрінің көрінгені тағы басқа дәлел болды.

Бүгінгі мектептің оқу –тәрбие жұмысында тигізетін әсері үлкен оны
көптеген ғалымдарымыз Т. Тәжібаев Б. Сүлейменов тағы басқа берген балалары
дәлелдейді.

Еңбектің адам өміріне атқаратын міндетінің зор екендігін және ол өмір
сүрудің мағынасы мен мазмұн дәрежесінің көрсеткіші екендігін өзінің
балаларға арналған.Әңгімелер арқылы дәлелдейді. Енді солардың кейбіреулерін
мысалға келтірейік.

Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесінде Ы .Алтынсарин бүкіл
ағартушылық еңбегінің негізгі сырын әлеуметтік тенденциясын байқап ашып
берді. Үсен арқылы еңбекші бұқараның жас ұрпағының еңбек сүйгіштігін, әр
нәрсенің ретін таба алатындығын көрсетеді. Асан бейнесінен мұндай қасиет
байқаймайды. Үсен бейнесінен тек еңбексүйгіштіктен басқа дәрменгершілік
жағынан бейнесін сомдай түеді.
Қыпшақ Сейтқұл әңгімесінде Сейтқұл арқылы қарапайым халықтың
толысқан өкілін бейнелейді, оның жақсы істерін көрсетеді.
Сөйтіп жазушы бұл әңгімелерінде қазақ шаруаларының екі ұрпағын
суреттейді, сол арқылы жалпы халықтың тіршілік ету, өмір тану ,табиғатты
меңгеру әрекеттерін баяндайды.Бай мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл
әңгімелерін бір-біріне байланысты шығармалар ретіндн қаралуы осы себепті.
МЫСАЛЫ; Өрмекші, құмырсқа ,қарлығаш деген әңгімелерінде бұл үшеуі
әрқайсысы өздеріне тамақ іздеп ,еңбек етеді, күн көру үшін күреседі.Бұл
әңгімеде әкесі жас баласымен сөйлесіп ,одан бірнеше сауал сұрағаннан кейін
әкесі құс жәндіктердің еңбектену арқасында өздеріне қорек тауып жүргенін
айтып ,Сен де ертеден кешке дейін босқа жүріп уақытында босқа жібермей
енбек етуге әдеттен, еңбек етсең-емерсің дейді.

2 Жалпы баланы еңбекке тәрбиелеудің міндеттері.
Отбасында ғана болашақ ұрпағымызға біз өмір туралы айналада қоршаған
орта табиғат, адамдар қарым қатынас жайлы, ең алғашқы ұғымдарбереміз.Бұл
жұмыстың жүзеге асырылуына, әрине ұрпақтар тәжірибесі кеңінен қолданылады.
Әр ата-ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдында
жауапкершілігін ешуақытта да ұмытпауы тиіс. Егер ата-ана өзінің баласын
саналы адамгершілікке мол рухани жағынан жетілген, енбекке бейім қолынан әр
түрлі өнер келетіндей етіп тәрбиелесе, онда біз егеменді еліміздің
болашағын, жарқын деп айта алар едік.
Кейбір ата-аналарымыз өз балаларын қиыншылықтан қорғап барлық жағдайлар
жасап, не киімін, не ішемін деп ойландырмай ,өсіргеннің арқасында
көптеген жағдайларда мансапқор, өзімшіл, қолынан ешнәрсе келмейтін, соның
салдарынан әр түрлі қылмысқа баратын балалар тәрбиеленеді. Сол ата-аналар
баласының сондай жағдайға қалай жеткенін білмейді, өздерінің тәрбиелеу
барысында, жіберген қателіктерін кеш түсінеді. Балалардың бойында еңбекке
деген саналы шығармашылық қатынасты тәрбиелеуде және сол қатынасты қоғамдық
парыз ретінде, түсіндірудің рөлі өте зор. Ата-аналар жеке басының ықпалы,
балалар үшін ешқандай салыстыруға келмейтін ұлағатты өнеге.
Балалар жақсы-жаманды айыра білуі, оны ұғындыратын әке мен шеше,
үлкендер балаларына адамдарға сый-құрмет көрсетудің ,еңбекке шын ниетімен
бар ынтасымен кірісудің өнегесін көрсетеді. Соның негізінде балалар еңбекті
сыйлап, ешқандай қиыншылықта бас тартпауды, өз еңбегінің нәтижесін көріп
қуануды үйренеді.
- Балам, не істесең де адал істе, деп үйретеді әкесі баласына.
- Ісіңді тыңдырымды ,ұятқа қалмайтындай атқарып-дейді
Әкесінің бұл өсиетін бала көңіліне ұялайды. Баласы бұл құр сөз емес
екенін біледі, өйткені оның әкесі өзінің әр ісіне солай қарайды ,өзі сондай
өнеге көрсетіп отыр. Бала айнадағылар оның әке-шешесін қалай құрметтейтін
күнделікті көріп отырып, ол құрмет ата-анасы еңбегінің нәтижесі екенін, тек
қана адал еңбектің арқасында, ғана адам сыйлы екенін түсінеді.
Еңбекте, ұжымға деген қарым-қатынасы арқылы адамның адамгершілік
болмысы анықталады.
- Еңбекке деген дағды, іскерлік қалыптаспаған жағдайда оның азаматтық
сенімділігі жүзеге аспайды.Өз ісіне мұқият, адал болу- адамгершілік
нышаны, ал ондай адам бағалы және сыйлы.
Еңбекке ынтаны және дағдыны қалыптастыруда, ата-ананың орны зор. Бала
бастаған ісін басқаға сілтемей аяғына жеткізуді ата-ана қадағалауы тиіс.
Ақылды ана қызын кішкентайынан өзіне көмекші етіп тәрбиелейді, оның
жұмысын күрделендіре отырып нәтижесін байқайды, қажет болғанда мақтап егер
қателіктері болса көрсетіп ,бірге орындап көмектеседі.Ұл бала балалар үй
шаруашылығына әкесінің бар ынтасымен араласатынын көріп, қарап отыруға
болмайды егер қарап отыруға болмайды егер отбасы көпшілік игілігі үшін
атқарылса ешқандай істің әбестігі ұяттығы жоқ екенін түсінеді Әке балаға
құрал-саймандарды қолдануды, таза ұқыпты жылдам жұмыс істеуді үйретеді.
Барлығы да осындый біріккен еңбек барысындағы ата-ана мен балалардың өзара
қарым-катынасы, тәрбиелік ықпалы мол әрекет. Жастайынан ата-ана балаларының
икемсіздігіне мән бермей оның бойында жалқаулық, еңбекке қырсыздық,
немқұрайлық тұқымдарын сеуіп өсірсе үлкейген соң олардың өмірге бейімделуге
қиын.
Еңбек әрбиесі көңіл бөлмеген жанұяларда балалар бос уақытын көптеген
жағдайда әр түрлі өткізіп, қызық қуумен болады.
Еңбекке қызығушылықты дамытып ,отыру мақсатымен балаларға бұрын
берілмеген жаңа тапсырмалар беру тиіс, ол өзінің жаңалығымен шығармашылық
қиыншылықтармен қызықтырады.
Тапсырма беру барысында күрделі және қарапайым қызық және қызық емес
әрекеттер алмасып, отыратын істер таңдаған жөн, өйткені бала тапсырма
орындау барысында тек қана орындаушы емес, сонымен қатар ұйымдастырушы да.
Баланың бос уақыты жоқтылығы, белгілі бір іс-әрекетпен қызығушылығы,
баладан болашықта нығыз іс адамы шығатынына сенуге болады. Бос уақытынын
қалай өткізілітінін білмей күн – түн демей әртүрлі әрекетке барады. Әр ата-
ана Ел боламын десең-бесігіңді түзе деген қағиданы естен шырмауы тиіс.

Еңбек пәні мұғаліміне қойылатын талап

Бастауыш сыныпта оқу-тәрбие жұмыстарында оқыту тәсілдерінің ең
тиімдісінің қолдана отырып, кәзіргі таңдағы нарықтың қатынасқа байланысты
мектеп оқушыларын еңбексүйгіштікке тәрбиелеу міндеттері көзделеді. Осы
міндеттерді шешу үшін бастауыш сынып оқушыларыны білім берумен тәрбие
негіздері қалыптастырудың мазмұнын жаңарту білім сапасын жоғары дәрежеге
көтеру бастауыш сынып мұғалімдеріне үлкен жауапенршілікті жүктейді.
Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері күнделікті өтілетін сабақты
оқытудың жаңа технологияларымен байланыстыра отырып ,оқушылардың ой-жүйесін
,ұлттық мәдениетін ұлттық дүние танымдарын кеңейтіп, алғыр тұлғаны
қалыптастыруда оқу тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық сс-әрекеттерді ендіру
үлкен жетістіктерге жетелейді. Бұндай талаптарды орындау үшін бастауыш
сынып мұғалімдерінің білім дәрежесінің жоғары деңгейде болуы, біріншіден,
білім ошағынан нәр берген жоғары оқу орындарында алған білім негіздеріне
қатысты болса, одан ары қарай бастауыш сынып мұғалімдерінің өздерінің
үздіксіз өз бетінше іздену талаптары арқасында шығармашылықпен жұмыс жасай
білгенде ғана үлкен табыстарға жете білетіні анық.
Дегенмен оқушының алғашқы білім негіздеріне оқу орындарында аған
тиянақты білімдерімен байланысты болып келеді. Ертеңгі күннің бүгінгіден
нұрлы болуына ықпал ететін, негізгібілім беру жүйесінің қозғаушфы күщ-
мұғалім дейтін болсақ, жас мемлекетіміздіғң болашағы-бүгінгі мектеп
оқушылары. Сондықтан оқушыларға бірдей талап қоя отыра, олардың табиғи
дарандылық қабілетін, мүмкіндіктерін айқындай отырып, оқыту-бүгінгі күннің
өзекті мәселесі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас жеткіншектердің
рухани жан-дүниесін, ой қиялын мектепке деген қызығушылығын оятып, ең
түйіндісін бастауыш сынып оқушыларын білім нұрымен, қаруландыратын осы
мұғалімдердің екені дәлелді.
Бұл орайда бастауыш сыныптарда өтілетін пәндермен бірге еңбекке үйрету
пәннің өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктері мол. Кішкентай шәкірттер ең
алғашқы рет ұстаз көмегімен санауды, жазуды, логикалық дағдыларын игере
отырып, еңбекке баулу, бейнелеу өнері пәндері арқылы кез-келген нәрсенің
кескінін талдай білу, кескінді қағаз бетіне сызып түсіре білу бұйым бойынша
дайындай білуге дағдылана бастайды. Әрине, бұл кезең алғашқыда оқушыға оңай
соқпайтындығы мәлім. Бұл жұмыстың барлығы аталған пәндер арқылы бала
бойында еңбек сүйгіштік қабілетін қалыптастыра дамыта олардың өмірдегі ең
күрделі кезеңі болып саналады.
Жалпы білім беретін мектептерде өтілетін еңбекке баулу пәні арқылы
тапсырмаларды орындауда бастауыш сынып оқушысының бойында құрастырушылық
қабілеттері дамумен бірге балалардың дүние танымы кеңиеді, баланың бойында
адамгершілік қасиеттері қалыптаса бастайды, еңбек әрекеттері дамиды және
еңбек адамдарының жұмыстары туралы түсініктнрі кеңейіп кәсіби мамандық
иелері туралы білім негіздері мен қарулана бастайды.
Осы орайда пәнге қатысты бастауыш сынып бағдарламасының талаптарын
орындау, бағдарлама мазмұнын талдау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне
қатысты орындалатын тапсырмаларды жоспарлай білу бастауыш сынып
мұғалімдерінің ең жауапты істерінің бірі болып саналады.
Бастауыш сынып мұғалімдері бұл талаптармен бірге өтілетін оқу
материялдарын тек оқулықтармен шектеліп қана қоймай, оқу мазмұнына
байланысты, өмірмен байланыстырып ғылыми тұрғыда қоғамның даму
заңдылықтарына сүйене отырып, мектептің орналасқан аумақтық ерекшеліктері
ескеріліп. сабақтарда оқушы талап –тілектері ескерілуі қажет етіледі.
Еңбек тәрбиесі-барлық тәрбиенің қайнар көзі дейтін болсақ, оқушы алған
білімін іс жүзінде қолдана білп, оны өмірмен өзінің байланыстыра білгенде
білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізіп жемісін беретіні анық.
Осы орайда баланы еңбекке неғұрлым жастайынан тәрбиелесек, баланың бойында
еңбек тәрбиесі дұрыс қалыптасатыны белгілі.
Біздің міндетіміз-оқушы бойындағы мүмкіндіктерді ашып, оқушының жас
ерекшеліктерін ескере отырып, оның қабілеті мен таланттың оқу әрекетін
дамыту. Осы аталған жұмыстарды жүйелі жүргізе білу-әрбір бастауыш
мұғалімінің міндеті. Бірақ көптеген мәселелердің дұрыс шешілуі, орындалуы
әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты болып келеді.
Сондықтан кәзіргі кезде мектептерді дәстүрі, сабақтармен ұйымдастыруды
бастауыш сынып оқушылары талап етпейді. Сөз етіп осырған мәселенің барлығы
қәзіргі мектептерде жұмыс бастайтын мұғалімдердің білім дәрежесінің, жоғары
іскерлігі шеберлігі ұйымдастыру қабілеті жоғары білікті болуды талап етеді.
Қортындай келе бұл талап - орындау және білім беру жүйесінің барлық
педагогикалық талаптарын орындау бастауыш сынып мұғалімдерінің бүгінгі
күннің өзекті мәселелерінің бірі деп мойындауымыз тиіс.

Еңбекке үйрету

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың бұйымдарын қатырма қағазды қиып
ою-өрнектермен әшекейленуге үйрету, икемді ептілікке дағдыландыру.
- Әсемдікті сезінуге, көрнекі-бейненені ойлау қабілетін жетілдіріп,
тілін дамыту
- Ұлттық кәсіпке тәрбиелеу
Құрал жабдықтар: Қағаз түрлері, қайшы, желім, сурет, жіп, қылқалай, ою-
өрнек, жобалары, бүктеме, үлгі, қорытынды, толрсық түрлі.
Алдын-ала істейтін жұмыс; Шебер торсық жасау шеберін қонаққа шақыру.
Сабақтың әдісі; бейнесін ойлау, маманның әңгімесін , түсінігін тыңдау,
тамашалау, сұрақ-жауап, пәнаралық байланыс, кіші фальклор, лексиканық
жұмыс, әңгіме құрастыру, пікір айту, сынау, ойын Бизнесмен Шебнр
аулынан әкелінген 5түрлі торсықты тарату.
1Ұйымдастыру.
Жаңа сабақты оқыту. Қазіргі заман талабы, отандық, ұлттық тауарлар шығару,
көне заманының кәсібін жалғастыру міндеті туралы кіріспе сөз айту.
-Бүгін торсық жасап, әшекейлеу міндеті
Шебермен таныстыру.
А Шебердің қолы-ортақ, шешеннің сөзі-ортақ.
Б Шешеннің тілі, шебердің бізі.
В Олаққа ағаш жақпайды.
Г Лексикалық жұмыс.
Шебер, ісмер, ұста, зергер-синонимдер.
Олақ-көкине.
Шебер-олақ-антонимдер.
Д Шебер торсықтарын көрсетті.
Қалай, кеден жасайтыны , өңдеу әшекейлеу туралы әңгімелейді. Өрнек
салу үшін теріні сулап, торсық ішіне құм толтырады екен.
3 Үлгі бойынша торсықты қию.
Құрылысы
Қақпағы
Мойыны
Негізі
Ойын Кім оюшы?
А Тақтаға ою түрлерін салу-оюшыны атау.
ә Торсықты қию, ою-өрнекпен әшекейлеу өзіне ұнаған қалаған оюын сызып,
қидыруТүстер үйлесімділігі, пішіні, сәнділігіне назар аудару.
б Оқушылардың жасаған жұмыстарына баға беріп, сынап, Алтынкөз түлкі өз
дүкеніне торсықтар сатып алады, сөре- көриеге қояды.
Сергіту сәті; ұста, зергер, ісмер, тігіншінің қимылдарын жасап, жаңа
мақалды жатқа айтады.
3 Әңгіме құрастыру (қортынды ретінде)
1 Торсықты сипаттау ( қандай)
1 Таныстыру (қалай жасалады?)
2 Белгілерін, ерекшелігін, әшекейін айту
3 Пайдалану
4 Қортынды (Ешкім жасамаған торсық жасау)

2 Әңгімелесу Атаңның торсығы
3 Ертегі кұрастыру Сиқырлы торсық

4 Баға қою( Сөредегілерге-5,қалғаны-4)
5 Үйде Торсыққа бау тағу
6 Есеп Торсық – 2литр
Мес-?8л артық
1 Шарттын құру2+(2+8)=12л
2 Шешуін айту Ж : 12л
Қымыз алды
Уақыт :1мин
7 Ойын Қазақтың 10 ыдысын айту-10адам жасау
Мақсаты: ұлттық тәрбие
Торсық, мес, саба, шелек, көнек, астау, табақ, тостаған, шара, күбі

8 Қортындылау

Оқушыларды флористикаға үйрету

Адамның кез-келген кәсіпке деген қызығушылығы артқан сайын танымдық
деңгейі өсіп, қызмет арқылы бірте-бірте ұқсас салаларды да қамтиды.
Флористика адамның бірнеше кең аумақты қызығушылы қтарымен тығыз
байланысты Табиғаттану, алғаш, сәндік-қолданбалы өнер бәрі де
флористиканың ою негізін құрайды . Сондықтан да флористикаға кең көлемді
көзқарас, өнер заңдылықтарын, табиғат заңдылықтарын түсіну және
шығармашылық қабілет қажет. Тұйық жан-жақты білімді тежейді және
тәжірибеміздің тек шеберхана көлемінде қалуы нағыз шебер болып шығуға
кедергі келтіреді. Флористика, біріншәіден, бейнелеу шеберінің даралығын
қалайтын сәндік-қолданбалы өнердің түрі: бейнелеу, қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім негіздерін үйренудің өзі - оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің негізгі құралы
Дефектология ғылымына жалпы түсінік
Оқушыларды тәрбиелеу барысында еңбек дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру
Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдары
Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі
Мектеп жасындағы балаларға берілетін еңбек тәрбиесінің міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі
А. С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі
Пәндер