Сана қалыптастыру əдістері
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Тәрбиенің мақсаты мен мазмұны жайлы ұғым.
2. Тәрбие процесінің мәні және қозғаушы күштері.
3. Өзін - өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
4 Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік
5. Сана қалыптастыру əдістері
6. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
7. Ынталандыру əдістері
8. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары
9. Тәрбие әдістерін таңдау
ІІІ Қортынды

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін
жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әр бір
қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің
орындалуы оның экономикалық күш – қуаты мен саясатына тәуелді екені
белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет
мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау
болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әр бір тұлғаны
әр жақты етіп тәрбиелеу. Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы
сатысы, қоғамдық тарихи іс - әркеті мен мәдениет субъектісі, басқаша
айтқанда іс - әрекеті мен қарым – қатынас иесі.
Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек,
тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға
болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы
мүмкін емес.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу
деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу
мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл –
ой дамуының бір тұтатығы деп түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жарқын болашағы толығымен
жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері
- теориялық білімді еңбекпен, өмірімен басланыстыра жүргізу, оқушыларды
еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық
білімменқаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір
азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер
тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай,
тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың өмірге ғылыми – материалистік
көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан –
жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптырына
сай тәрбиелеу.
Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін
және онымен қарым – қатынасын, оның барлық іс - әрекеттерінің бағытын
бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің
даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас.
Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің
Отанына берілгендігінде жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай
көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы
күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды.
Бастауыш мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің
ақыл – ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне
төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезімі, талғамы
артады. өмір жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен
өркендеу дәрежесіне қарай жан – жақты тәрбие міндеттерін талап етеді.
Қоғмдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді етуге
қабілетті, сана – сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап
шығаруды көздейді.
Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының
көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі
туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектепбасшылары мен
педагог арасындағы қарым – қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін
байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл – ой
тәрбиесі, құлақ тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық
тәрбие, эстетикалық ьжәне дене тәрбиесі т.б.
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының
нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына
байланысты. Сондықтан ол өзін - өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін
баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін
қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әр қашанда
дайын болу қажет.
2. Тәрбие процесінің мәні мен қозғаушы күштері.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа
бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала
(мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр
баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта – ықыласы,
әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін
ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін біле
бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың
қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.
Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты
қалыптасады. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында іс - әрекеттің сипаты
маңызды рөл ойнайды. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнін
қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама – қайшылықтар
тән. Олар: сыртқы және ішкі қарама – қайшылықтар.
Сыртқы қарама - қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер
мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді.
Сыртқы қарама – қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты
тәртібінің арақатынасы жатады.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын
қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді - өзінің қатынастарын жасауға
және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Тәрбиенің мәні - адамның
қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен пракикалық
қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі мынандай
педагогикалық міндеттерді шешуді қамтиды:
1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау,
жоспарлау, жұмысын реттеу.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу.
4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі
берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, анықтау.

Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады. Ол
педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық
қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады.
Өзін - өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан – жақты тәрбиелеу мен дамытуға
ықпал етеді.
Оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас
ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін - өзі тәрбиелеу нышандары кіші мектеп
жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар
күшті бастыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы
боламын дейді. Бұл олардың өзін - өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген
алғашқы ынтасы.
Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін -
өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан – жақты, шындыққа жуық құруға
мүмкіндік береді.
Оқушылардың өздерін - өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында
мұғалім ең алдымен мынандай өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыру
керек: оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; - өзіне -
өзі ықпал ету құралдарын меңгеруге көмек беру; өзін - өзі тәрбиелеудегі
қоғамдық құнды іс - әрекеттерді тудырып отыру.
К.Д. Ушинскийдің өзін - өзі тәрбиелеу ержесі:
1. Асқан сабырлық, ең болмағанда сырт көзге.
2. Сөзде және қылықтардағы турашылық
3. Әрекетті жан – жақты ойластыру.
4. Батылдылық.
5. Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.
6. Санасыз уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңіліндегі іспен айналыспау.
7. Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске
шығындану.
8. Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру.
9. Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау.
Өзін - өзі тәрбиелеуде алдын – ала дайындық негізінде іс - әрекеті,
қарым – қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.
Дегенмен, тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез – құлқында ауытқклар
кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеуе орны
алады. Қайта тәрбиелеу оқушы жүріс – тұрысындағы ауытқулардың адын алуға
және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу – тұлға құрылымын түге,л қайта
құру, адамның барлық психолгиялық сапаларын қайта жасау. Түзету деген ұғым
да бар. Оны оқушы санасындағы және жұріс – тұрысындағы ауытқулар
түзетіледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары
қалыптасады.
Қайта тәрбиелеу тұлғаның сапасының, мотивтері мен қажеттіліктерінің,
сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс - әрекеті мен мінез – құлқының
әлеуметтік – психологиялық және психологиялық – педагогикалық өзгері
процесі болып табылады.
Қайта тәрбиелу – бұл қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру.
Қайта тәрбиелеу – бұл педагогикалық тұрғыда қарусыз қалған балалардың
жүріс – тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа
іс - әрекеттегі нәтижелермен толтыру.
Қайта тәрбиелеу – бұл ынталандыру – жасөспірімнің орынды сапаларын
жасайтын іс - әрекеттерді жандандыру.
Қайта тәрбиелеу - бұл түзету, яғни балалардың теріс саналарының
шырмауынан босату.
Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілікті дамуы бірқатар
кезеңдерден өтеді: дайындық қайта тәрбиелеуді мақсатын қалыптастыру, өзін -
өзі тәрбиелеуді бақылау, тұлғаның онан әрі дамуын бақылау.
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс - әрекетке
жегу, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдістер қолданылады.
Қайта ұғындыру – бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда
қараусыз қалған оқушылар бойындағы дұрыс емес сенімдерді қайта құру әдісі.
Қайта оқыту – бұл теріс қажетттіктермен дағдыларды түзету әдісі.
Басқа іс -әрекетке жегу – бұл тәртібі мен мінез – құлқының дамуында
ауытқуы бар балалардың белсенділігін арттыру және қоғамдық пайдалы іс -
әрекетке ауыстыру әдісі.
Күрт өзгерту – бұл тұлғаның ұжым және қоғаммен қатынасының бұзылысын
шұғыл қалпына келтіру әдісі. Бұл қайта тәрбиелеудің А.С. Макаренко жасаған
арнайы әдісі.
Еріксіз көндіру – бұл басқа әдістердің мүмкіншілігі сарылғанда
педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда өте қараусыз қалған жеткіншектер
мен жасөспірімдерге қолданылатын педагогикалық әсер ету әдісі.
Қайта тәрбиелеу нақты тұлға үшін мақсатты, міндетті, жүзеге асыру
әдістерін қамтитын бағдарлама жасаудан басталады.
Мінез – құлық және жүріс – тұрыс ауытқулары бірден пайда болмайды.
Кейбір теріс қылықтар қараусыз қалады. Міне, бұл соның нәтижесі. Ең басты
міндет – мінез – құлық және жүріс – тұрыс тәртібінің дамуындағы
ауытқулардың алдын алу.
1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік.
Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары,
тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы –
қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына,
еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.
Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз
шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып,
оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу
жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға,
қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық.
Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің
түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты
дайындалған көп əдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тəрбие
тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дəстүрлі əдістерге арқа сүйегенді
тəуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып
қалатыны бар, сондықтан да тəрбиеші əрдайым тəрбиенің нақты шарттарына сай
келер көздеген мақсатқа үлкен үнем жəне мол табыспен , жылдам жеткізетін
жаңа əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне
дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік шыңы.
Тəрбие тəсілі – жалпы əдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке
əрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тəсіл- тəрбиешінің өз шəкірттерімен бірге
мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тəсілмен басқа да
тəрбиешілер пайдалана бастаса, тəсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға -
əдістерге айналады. Əдістер мен тəсілдер байланысының тығыз екені осыдан
көрінеді.
Тəрбие құрал-жабдықтары. Тəрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал-
жабдықтар тəсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек –тəрбие құралы,
ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру –тəсілдер. Сөз (кең
мағынада) – тəрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, əзіл ескертпе, ескертпе теңеу –
осы жабдық құрамындағы тəсіл. Бұл тұрғыдан кейде тəрбие əдісін көзделген
мақсат үшін қолданылатын тəсілдер мен құрал-жабдықтар жүйесі деп те атайды.
Əдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен нақты жағдайларға
сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп,
топтастыру, яғни классификациялау қажет. Əдістер классификациясы дегеніміз
қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген əдістер жүйесі. Осы
классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның
қажеті мен өзіне тəн сипаттарын тереңірек түсінеді.
Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар
белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік.
Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау.
Мұндағы сипат мəні – əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын,
ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді.
3 Сана қалыптастыру əдістері
Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс
ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы
қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен
қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете
түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін
кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері
атамасын алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім,
көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық
ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі
шабандайды, мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін
толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын
сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл əдістер тобы сендіру
əдістері деп аталған, себебі олардың міндеті – тұрақты наным-сенімдер
қалыптастыру болған. Оқушы əрекет-қылығына дем беретін оның білімі мен
білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен
өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде əрекет-қылыққа
айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс.
Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала белсенді араласуға дайын
болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.
Наным-сенімге оқушыны əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін. Өткен ғасыр
басындағы мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи өсиеттер, хадистер мен
мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару баланың өз еркіне берілді.
Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды əдістерді пайдаланудан мүлде
қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау
əдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе-нұсқау
беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған əдістерді жаңғыртып,
мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын-жыраулар тағылымдарын,
шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың Қара сөздерін жəне
т.б. тағылым-тəрбие көздерін молынша пайдалануда. Сондай-ақ əдептілік-
имандылық тақырыбындағы əңгімелер, ұғындыру, түсіндіру, əдептілік
сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру əдістері де өз қолданымын
табуда. Сендірудің аса маңызды əдісі - өнеге-үлгі. Əдістердің əрқайсысы өз
ерекшелігі мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл топ
əдістерінің бəрі де жоғары педагогикалық бірлікті қажет етеді əрі жүйелі
түрде басқа əдістермен бірге қолданылады.
Этикалық тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген деректер
мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі. Сезімге
ықпал ете отырып, əңгіме моральдық бағамдар мен əрекет-қылық нормаларының
мəнін түсініп, ұғуға жəрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің
мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сəйкес болымды
тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды
өзгерісіне ықпал жасайды. əдептілік əңгімелері бірнеше қызмет жасайды: 1)
білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалардың имандылық
қасиеттерімен толықтырады; 3) тəрбиелік ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде
ұсынады.
Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:
- əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет. Ол –
қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;
- əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер
туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын
қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді.
- əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет.
Қоршаған жай-жағдайлардың əсемдігі мен ондағы дүние заттары, олардың
адам көңіліне көтеріңкі əсері əңгіме тақырыбы мен мазмұнына сəйкес болуы
қажет шарт. Педагогикалық құрал-жабдықтар қорында қай жағдайда да жарасымды
əңгімелер молшылық (шеру алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында,
кең дала төсінде не жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем
бағында).
- əңгіменің əсері кəсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз, дөрекі тілді
адамнан шешен əңгімеші шықпайды, ондайдан бала құлағы тынып, қашуға мəжбүр
болады.
- əңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған əсер көп
уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс.
Ұғындыру – тəрбиеленушілерге эмоционал-сөздік ықпал жасау əдісі. Бұл
əдістің қолданылуы сынып ұжымы мен əр баланың тұлғалық сапаларын танып,
білуге көзделген. Бастауыш мектеп балаларына қарапайым тəсілдер мен құрал-
шараларды пайдаланудың өзі жеткілікті. Кіші жастағы оқушы Осылай істеу
керек, Осылай істеп жатыр - деп жай ескерткеннің өзінде-ақ, педагог
айтқанына ере салады. Ұғындыру əдісі, егер тəрбиеленуші қандай да талаптың
мəніне жете алмай жатса, жаңа адамгершілік сапа жөніндегі ақпарды ой
елегіне түсіріп, қабылдауға қиналса, яғни қалай болғанда да оның санасы мен
сезіміне түрткі салу қажетінде қолданылады. Ал мектепте қоғамдағы жай,
айқын да ақиқат ережелерді ежелеп түсіндіре ұқтырудан аулақ болған жөн,
мысалы, партаны сызба, тұрпайы сөз айтпа, еденге түкірме жəне т.б. Бұл
орайдағы ұғындыру емес, шектеу əдістерін қолданған дұрыс. Аталған əдіс
негізінен: а) жаңа моральдық сапа мен əрекет-қылық формасын қалыптастыру
əрі бекіту үшін; б) тəрбиеленушілердің қандай да болған қылыққа дұрыс
көзқарас-қатынасын қалыптастыру ниетімен - қолданылады.
Қандай да ұғымның орнығуы, баланы оған сендіре білуге байланысты.
Сенім кейде мұғалім сөзін сын-сарапқа сала алмаудан шалыс, қателікті болуы
мүмкін. Сенімнің санаға еніп жатқанын адам сезе бермейді, осыдан ол ырықсыз
сеп-түрткілер жетегінде қалып, тұтастай тұлғалық сапаларын өзгертуіне тура
келеді. Педагог сендіру əдісін оқушыға нақты нұсқау-талапты қабылдату үшін,
басқа тəрбие əдістерінің ықпал əсерін күшейту мақсатында қолданады.
Тəрбие тəжірибесінде ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу əдісіне де
жүгінуге тура келеді. Үгіттеу əрекеті тəрбиеші ұстанған қатынас формасына
түгелдей тəуелді. Үгіттеу арқылы педагог тəрбиеленуші тұлғасында ұнамды
қалыптарды жобалайды, жақсылық сезімін ұялатады, жоғары нəтижелерге
жететініне сендіреді. Үгіттеуден болатын тиімділік тəрбиеші абыройына, оның
жеке адамгершілік болмысына тəуелді, өз сөздері мен əрекеттерінің
дұрыстығына кепіл бола алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына жетеді.
Бала тəрбиесінде ұнамды үлгі-өнегеге арқа сүйеу, мадақ, өз қадірін сезіну,
ар-намысты қолдан бермеу секілді алғы шарттарды пайдаланған педагог қай
күрделі жағдайда да үгіт жұмысының өз нысанына жетіп, жемісті боларына
толық сенуіне болады.
Үгіттеу арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне
келтіруге болады. Педагог баланың мұндай сезімдерін оятып қана қоймастан,
келеңсіз əрекеттерін түзетудің жолдарын да көрсетеді. Бұл жағдайларда
орынсыз əрекеттің, оның салдарының мəнін дəлелді ашып берумен бірге
тəрбиеленуші мінезіне ұнамды ықпал жасаушы тəрбие көздерін тауып,
қолданады. Кейде орынсыз қылық білместіктің салдарынан болады. Мұндайда
үгіт ұғындыру жəне сендірумен бірге қолданылып, оқушы өз қателерін
мойындап, мінезін оң қалыпқа келтіргендей əсерде жүргізіледі.
Əдептілік сұхбаты - екі тарап өкілдері – тəрбиеші жəне тəрбиеленуші
қатысуымен болатын жүйелі де бірізді білімдер талқысы. Сұхбаттың əңгімелеу
мен көрсетпе беруден айырмашылығы - тəрбиеші өз сұхбаттасы –
тəрбиеленушінің пікірін тыңдайды жəне онымен есептеседі, олармен болған өз
қатынасын құқық теңдігі жəне қызметтестік принциптері негізінде түзетеді.
Əдептілік сұхбаттарының негізгі арқауы адамгершілік, инабаттық-имандылық
проблемалары. Сұхбат мақсаты – ізгілік ұғымдарын нығайту, тұрақтандыру бұл
бағыттағы білімдерді қорытындылау жəне бекіту, адамилық көзқарастар мен
сенімдер жүйесін қалыптастыру.
Əдептілік сұхбаттары тəрбиеленушілерді өздерін толғантқан барша
сұрақтар бойынша дұрыс баға беріп, пікір жүргізуге жəрдем береді. Болған
жағдай, оқиғалар мен əрқандай қылықтарды талқыға сала отырып, балалар
олардың мəн-мағынасын жеңіл түсінуге мүмкіндік алады. Көп жағдайларда
əдептілік сұхбаттарды да өткізуге нақты дерек, оқиға, балалардың қылығы
себеп болады. Мұндай сөйлесулерді болған оқиғалардың ізін суытпай не сол
оқиғаның кінəкəрі сəл өзіне келіп, жүрегі орнына түсіп, мəн-жайды
аңғаратындай болған соң ұйымдастырған жөн.
Əдептілік сұхбаттарының тиімді болуы келесідей маңызды шарттарға
тəуелді:
1. Сұхбаттың проблемді сипатта болғаны өте маңызды. Осыдан көзқарастар,
идеялар, пікір сайыстары өрбиді. Тəрбиеші тосын, қалыпқа келмейтін
сұрақтардың туындауына себепші болып, өз шəкірттерін оларға жауап іздеп,
табуға баулиды.
2. Сұхбаттың жаттанды дайын не үлкендердің құлаққа салған жауаптары
бойынша өтуіне жол бермеңіз. Балаларды не ойлағанын ашық айтуға тартыңыз,
басқалар пікірін сыйлауға үйретіңіз, шыдаммен дəлелді тұжырымдар топшылауға
жетелеңіз.
3. Сұхбатыңыз тəрбиеші көпіре сөйлеп, тəрбиеленушілер үндемей тыңдайтын
дəрісбаянға айналып кетпесін. Сұхбат барысында ашық та анық айтылған пікір
балаларды дұрыс қорытындыға келтіреді. Əңгіме-сұхбат нəтижелілігі екі адам
ортасындағы көңіл табысудан, пейіл жылуынан шығады.
4. Сұхбат үшін таңдалған материал тəрбиеленушінің эмоционалдық кейіпіне
сай болғаны жөн. Талқыланатын тақырып оқушыларға жете түсінімді болмай,
олардан сөз-жарыс, пікір- талас белсенділігін күту не талап етуге болмайды.
Шынайы тəжірибеге негізделген сұхбат қана өзінің болымды нəтижесін береді.
5. Сұхбат барысында барша көзқарастарды айқындап, салыстыра білу қажет.
Ешкімнің де пікірін жоққа шығаруға болмайды – бұл əділдік шынайылылық,
қатынас мəдениетінің ізгілікті белгілері.
6. Əдептілік сұхбатында дұрыс басшылық – мəні - тəрбиеленушілерге өз
ынта, əрекетімен дұрыс шешім қабылдауға жəрдем беру. Бұл үшін тəрбиеші
болған оқиғаларға тəрбиеленуші тұрғысынан көз салып, оның ойы мен сезімін
түсінуге тырысуы қажет.
Сұхбат өзінен өзі бола қалады деу – қате пікір. Жоғары маманданған
педагогтар əдептілік сұхбаттарын не болса соны сылтау қылып, өткізе
салмайды, оған тыңғылықты дайындық көреді, шəкірттерін де байыппен
дайындайды. Мектепте əдептілік сұхбаттары жалқылау (индуктив) не жалпылау
(дедуктив) жолымен жүргізіледі: нақты деректер талқыланады, баға беріледі,
соңынан жалпы қорытынды жасалады немесе алғашқыда үлкен проблема қойылып,
кейін ол дара бөлшектеніп, шешіледі.
Жазықты балалармен сұхбаттасу үлкен кəсіби шеберлікті қажет етеді.
Мұндай əңгімелесу кезінде екі ортада психологиялық кедергі, түсініспестік
болмауы тиіс. Егер оқушы болған жағдайды дұрыс түсінбейтіні байқалса, оның
намысына тимей, кемшілік-қателігін бетіне баспай, əрекет-қылығының шалыс
екенін ұғындырып бағу қажет, көпшілік кезінде бұл сұхбат қысқа да нұсқа,
байсалды, əжуа- сықақсыз өткені дұрыс. Өз тəрбиешісінің шынайы көңілін,
жəрдем пиғылын сезінсе ғана, ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түреді, жазатайым
болған келеңсіз ісін енді қайталамауға уəде береді, қайтып ондай əрекетке
бармайды да. Оқушымен жекелеп сұхбаттасу тəрбиеші мен тəрбиеленуші
арасындағы кейіп түсінігімен өтсе, оның толық нəтижеге жеткені.
Үлгі-өнеге - өте əсерлі тəрбие əдісі. Бұл əдіс негізінде жатқан
заңдылық: көрумен қабылданған санада тез əрі жеңіл бекиді, себебі оны
ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі-
бірінші, ал сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде əсер етеді. Үлгі еліктеу
үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс-
əрекетке қозғау салады. Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа - деген байырғы
Рим ғұламсы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек - ата-ана, тəрбиеші,
дос-жаран. Əдебиет, фильм кейіпкерлері, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар
да үлкен тəрбиелік ықпал жасайды. Үлгінің психологиялық негізі –
еліктеушілік. Осыған орай бала əлеуметтік жəне инабаттық тəжірибе
жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса ұнатқан адамдарға
еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның
өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет.
Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді,
балаға əсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір, адам
келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан
қорытынды шығару –міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі
тəрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жəрдем беретінін де ескерген
жөн.
Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-əрекетіне,
қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен
абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің
жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта
түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен
бірізділігіне де байланысты.
Сонымен, сана қалыптастыру əдістері тұлғаның ізгілену тəрбиесінде
маңызды рөл атқарады. Мұндай əдістер түрі: əдептілік əңгімелері, түсіндіру,
ұғындыру, əдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі
тəрбие əдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, педагог таңдаған
гуманистік бағытқа тəуелді.
4. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
Тəрбие көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы
міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz