Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
мазмұны

Кіріспе
1 Delphi программалау ортасы
1.1 Delphi программалау жүйесі
1.2 Delphi–дің артықшылықтары
1.3 Өнімнің негізгі сипаттамалары
1.4 Ұйымдастырушының ортасын икемдеу
1.5 Компоненттер
1.6 Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
1.7 Мәтінді шығару
2 Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері
1.1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау
1.2 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді программалау
3 Тақырыпқа қатысты есеп шығару
4 Графика

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің ішінде дүние жүзіне кең
тараған тілдердің бірі – Бейсик. BASIC (Beginner's All purpose Symbolic
Instuctions Code ) – “Жаңадан үйренушілер үшін символдық нұсқаулар
түріндегі көп мақсатты тіл ”сөйлемінің қысқарған сөз ретінде алынған түрі.
Бейсиктің алғашқы жеңіл варианты 60 – жылдардың ортасында Америкада жарыққа
шыққан болатын.Кейіннен әр елдің ғалымдары түрлі салалық информацияны
өңдеуге мүмкіндік туғызатын тілдің 30 –дан аса дамытылған вариантарын жасап
шықты.
Паскаль бағдарламалау тілі, XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы
– философы Блез Паскальдың құрметіне аталып отыр.Осы тілді құрастырушы
Швейцариядағы жоғары политехникалық мектептің информатикалық институтының
профессоры Никлаус Вирт болып табылады.Паскаль тілі жжөніндегі алғашқы
дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып
табылады.
Qbasic және Pascal программалау тілінде тілдердің алфавитінен
бастап,алгоритмдердің түрлері (сызықтық,тармақталу,қайталану), көмекші
алгоритмдер, массивтер,жолдық шамалар,берілгендер файлы мен жазу,графикалық
режим тақырыптары бойынша іріктелген.Сонымен бірге программа
құрылымы,олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары,берілгендерді енгізу мен
шығаруды ұйымдастыру,сызықтық және тармақталушы құрылым бойынша
программалау,цикл құрылымы бойынша программалау,пайдаланушының
функциясы,көмекші программа (процедура), массивтер,жолдық шамалар Бейсик
және Паскаль тілдерінде программалау тәсілдері қарастырылған.
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және
олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған
программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді
санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс
көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс
файлдары, видео көріністер, WEB –парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат
арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін
программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап
алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалыңқ ойлауға өте
қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және
программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған.Оның
қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару
мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп
атайды.Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген
дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi – де шамамен 200 – ге
жуық дайын компоненттер бар.
Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет
етеді.
DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға
арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-
сервер “ архитектурасында, InternetIntranet, сонымен қатар локальді
машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объектілі – бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы.
DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары,
визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының
қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін
арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық
жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6-
да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге
бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу
керек есептер болып табылады.
Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен
қамтамассыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда
- Мобильді компьютерлерді тарату кең ауқым алуымен байланысты.
Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды
беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты
болғандықтан қолданушылар Delphi 6-дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал
көмекші құрал тапты. Delphi 6-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы
интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің
стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын
болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы
делінеді.
Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол- көмекші жүйесінінің
күштілігі.
Delphi 6-да басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі
бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын
компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған
оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге
болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін
құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.
Delphi 6 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік
береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив
элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.

1 Delphi программалау ортасы

1 Delphi программалау жүйесі

Delphi 6 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған
программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу
ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-
саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер
палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 6 ортасы жабылмайынша ашық
тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 6 -ны жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті
орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу
режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті
командалардан тұрады.
Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға
сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе
Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге
әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен
(подсказка) жабдықталған.Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда
көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын,
көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз
қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына
болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен
тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады.
Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар
арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді.
Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы
өз қалауынша , компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы
өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл
терезені 2 жолмен шақыруға болады.
Палитраның кез-келген жерінен тышқанның оң жақ пернесін басып
Properties мәзірін таңдау.

1.2 DELPHI–дің артықшылықтары

➢ қосымшаны өндеу жылдамдығы;
➢ Жасалған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы;
➢ Жасалған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін
талап етуі;
➢ Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы
қосымшаның жұмысын арттыру;
➢ Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың
мүмкіншілігі;

1.3 Өнімнің негізгі сипаттамалары.

Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:
➢ машина кодына аударатын жоғары өнімді компилятор;
➢ объекті-бағытталған модель компонент;
➢ программалық прототиптерден визуальді ( сонымен қатар жылдам )
қосымшаларды құру;
➢ мәліметтер қорын құру үшін арналған масштабталатын құралдар;
Delphi ортасы көп терезелі жүйе тәрізді .Оны жүктеу үшін:
ПускпрограммыBorland delphiDelphi.
командасын қолданамыз .Жүктелгеннен кейін экранда 4 терезе пайда
болады.
Бұл Delphi ортасының негізгі терезесі болып бірінші жолда мәзір
орналасқан болып және саймандар тақтасы бар: Стандарт, Вид, Откладка,
Палитра пользователя, панель компонентов, рабочая область

1.Негізгі терезе(Project1)
2.Обьектілер инспекторының терезесі . (Object inspector)
3.Форма конструкторының терезесі(form1)
4.Кодтар редакторының терезесі(Unit1.pas)

Бұл терезе объекттер ағаша. Бұл терезеде формадағы барлық
компоненттердін дізімі тұрады. + немесе - белгісі бул компоненттін ішкі
класында екінші компоненттің бар екендігін білдіреді. Егерде компоненттін
аты ерекшеленген болса онда бұл компонент формада екпінді болғанын
анықтайды.

Терезесі форма конструкторының терезесі болып бұл терезеге негізгі
конпоненттер орналасады.
Бұл терезе объекттер инспекторы болып, мұнда объекттің негізгі
параметрлері енгізіледі. Уақиғалар тізімі жазылады. Мұны Viewobgect
inspector немесе F1клавиші арқылы экранға шығамыз . Obgect inspector
терезесі екі жапсырмада тұрады.
1. Propertits ( қасиет )
2. Events (жағдай)

Терезесі кодтар редакторының терезесі болып табылады. Бұл терезеде
формаға қойылған компоненттердің тізімі, компоненттердің уақиғалар тізімі
және сол уақиға сәйкес командалар жазылады.
Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер
тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді
алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек
қана бір уақытта жасауға болады.
Delphi-де құрылғының қосымша проекті түрінде жиналған бірнеше
элементтерден тұрады. Олар
1. Проект коды (DPR кеңейтілген мен берген формада сақталады)
2. Форма сипаттамасы (DFM)
3. Форма модулі (PAS)
4. Модулдер (PAS)
5. Объектілер параметрі (ОРТ)
6. Ресурстар сипаттамасы
Копилтильда таңбасымен өзгеріс енгізеді. Ең қарапайым проектінің өзі
көп формадан тұрады. Сондықтан кез-келген проект құру барысында оның
барлық элементін сақтайтын каталог ашқан дұрыс.
Негізгі программа төмендегідей құрылымда болады:
Program project1;
Uses Forms,
Unit1 in ‘Unit1. pas’{Form1},
Unit2 in ‘Unit2 . pas’{Form2};
{$R*.RES}
begin
Application. Initialize;
Application. Create Form(TForm1,Form1);
Application.CreateForm(TForm2,Form2 );
Application.Run;
End.
Проекті аты проекті файлының атымен сәйкес келеді және дискіге
сақталу барысында да ресурстар файлымен проектілер параметрлері файлы да
осы атпен аталады. Проект файлының атын өзгерткенде автоматты түрде осы
файл аттары өзгереді. Проектіні құру проект файлын компиляциялау барысында
орындалады және қосымшаның ехе файл проект атымен аталады.
Проект файлын қарауға және өңдеуге болады. Ол ұшін Progectview Sourec
(проект) (просмотр источника) командасы арқылы ашылады. Формаларды қарау
үшін view\Forms...shift+F12. формалар сипаты сақталған файлда форманың өзі
мен оның сипаттамасы беріледі. Форма модулінің файлында форма класының
сипаты беріледі. Ол форманы қолданғанда автоматты түрде ашады. Қажетті
модульді ашу үшін view-Units... немесе ctrl+F12 модульдер файлында кез келген
формамен байланыспаған модульдер сақталады. Олар объект pascal тілінде
жазылады. Оларды қолдану үшін Uses бөлігінде атты көрсету қажет. Ресурстар
файлының проект аты беріледі. Проектіні сақтағанда автоматты түрде
құрылады. Delphi-тен ресурстар файлымен жұмыс жасауға арналған графиктік
редактор қарастырылған. Бұл Tools\image Editor3.0 командасы арқылы
алынады. Ресурстарға
• Компаненттер пиктограммасы (.DCR)
• Расторлық бейнелер (.BMP)
• Қосымшалар пиктограммалары (.ICD)
• Курсорлар (.CUR)
Проект параметрлер файлында параметрлер мен олардың мәндері текстік
редактордың әр түрлі жолында орналастырылады.
Проектіні компиляциялау және орындау.
Проектіні компиляциялау барысында орындалуға дайын файл немесе
динамикалық кітапхана (Д44) құрылады. Компиляциялау процесі
Progect\complieпроект аты ctrlF9 командалары арқылы орындалады және
мынандай жағдайлар атқарылады. Соңғы рет компиляцияланғаннан кейін мәні
өзгерген модульдердің файлдары компиляцияланады. Нәтижесінде әрқайсысы үшін
DCU кеңеймесімен анықталған модулге өзгеріс енгізілген болса, онда осы
модулге пайдаланылатын модулге қайта компеляцияланады. Барлық модульдер
компиляцияланғаннан кейін проект файлы компиляцияанады да қосымша
орындалуға дайын файл құрылады. Проектіні Delphi немесе Windows жүйесінде
жүктейді. Delphi ортасында проектіні жүктеу үшін Run Run немесе F9 тетігі
басылады. Егер қосымша жұмыс жасамай қалса, Delphi ортасында Run Program
Reset немесе Crtl+F12 командалары арқылы тоқтатылады.

1.4 Ұйымдастырушының ортасын икемдеу .

Delphi – ді қосқан соң жоғарғы терезеде компанент палитрасының
иконкалары орналасады. Егер курсор бір иконкаға тоқтап қалса, оның астында
сары төрт бұрышта көмекші пайда боладлы.
Бұл компонент палитрасынан қосымшаларды құрайтын копоненттерді
таңдайды. Компонент құрамы визуальды және логикалық компоненттерден тұрады.
Тетік редакциялау жазықтығы сияқты заттар визуальді компоненттер, ол
кестелер логикалық болады.
Delphi-де программа визуальді түрде жазылатындықтан, барлық осы
компоненттер форма жазықтығында өзінің графикалық көрінісіне ие болады,
олармен тиісті түрде операциялану үшін қажет. Бірақ жұмыс істеп тұрған
программаға көрініп тұрған тек визуальді копонент болып қалады. Копонент
қызметі бойынша палитра беттерінде топталған. Мысалы, Windows “common-
dialogs” көрсететін компоненттердің барлығы “Dialogs” деп аталатын палитра
бетінде орналасқан.
Delphi ұйымдастырушыға ортаны максимальді ыңғайлылық үшін икемдейді.
Компонент палитрасын, құралдар сызғышын оңай өзгертуге және синтаксисті
белгілеп, қоюларды түспен икемдеуге болады.
Delphi –де компоненттің өз тобын анықтауға болады, және оны палитра
бетіне орналастыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ компоненттерді топтау мен
пайдаланбайтындарды жойып тастау мүмкіндігі де бар.
Интеллектуальді редактор. Программалар редакциялауды макростарды
орындау мен жазуды мәтіндік блокнотпен жұмыс істеуді, икемделетін тетікті
комбинацияны және жолдың түсті айырмасын пайдалану арқылы жүзеге асыруға
болады.
Графикалық дұрыстағыш. Delphi –де қуатты редакторға енгізілген кодтағы
қателерді тауып, оларды жоятын графикалық дұрыстағыш бар. Тоқтау нүктелерін
анықтауға, үзілістерді тексеріп, өзгертуге адымдап басу арқылы программаны
әрекетін дәл түсінуге болады. Ал егер өте жіңішке дұрыстағыш қажет болса,
ассемблердегі нұсқауларды және процессор регисторын тексеріп, бөлек енгізу
мүмкіндігі бар Turbo Debugger пайдалануға болады.
Объектілер инспекторы. Бұл құрал бөлек терезе бейнесінде көрінеді,
онда сіз программаны жобалау кезінде объектінің жағдайлар мен қасиеттер
мағынасын белгілей аласыз (Properties and Events) .
Жоба менеджері. Ұйымдастырушыға тиісті жобада барлық модульдерді
қарауға мүмкіндік береді және жобаны басқаратын ыңғайлы механизм мен
жабдықтайды. Жоба менеджері файл аттарын, таңдалған форма уақытты және т.б
көрсетеді. Мәтін мен формаға тиісті атау үстіне тышқанмен сырт еткізу
арқылы тез арада жетуге болады.
Объект навигаторы. Қол жетерлік объектінің кітапханасын көрсетеді және
қосымшалар бойынша навигацияны жүзеге асырады. Объект иерархиясын,
кітапханадағы компиляцияланған модульдерді және сіздің кодыңыздың глобальді
атаулар тізімін қарауға болады.
Меню дизайнері. Менюді жасауға, шаблондар түріндегілерді сақтауға және
кейін оларды кез-келген қосымшада пайдалануға болады.
Сарапшылар. Бұл сізге қосымшаларды оңай жобалау мен икемделуін
қамтамасыз ететін құрал программасының тобы. Ұйымдастырылған сарапшыларды
өз бетінше қосуға мүмкіндік бар. Потенциалды түрде бұл арнайы программаға
жазылған Case – құралдарымен Delphi-ді кеңейте алатын үшінші фирмалардың
мүмкіндігі. Оның құрамы мынадай:
➢ Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін форма сарапшысы.
➢ Қосымшалардың ұстаным мен шаблондар сарапшысы.
➢ Форма шаблонын сарапшысы.
RAD Pack құрамына Delphi фирмасындағы Borland Pascal 7.0 жасалған
ресурстарды қайта құратын сарапшы енеді. Қазіргі уақытта DLL құрылысын
жеңілдететін және тіпті өзінің сарапшыларын жасайтын сарапшыларда болды.
Интерфейсті оқу жүйесі. Delphi-ді кеңірек игеруге мүмкіндік береді. Ол
тек көмекші жүйе ғана емес, сондай-ақ ол Delphi-дің мүмкіндіктерін
ұйымдастырушының өз ортасында көрсетеді.

1.5 Компоненттер

Query компоненті алыстатылған SQL – серверлерге болмаса жергілікті
мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.
DBGrid компоненті мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін,
белгіленген мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент
визуальды.
DataSource компоненті - бұл компонент Table немесе Query
компоненттері секілді мәліметтер қорымен байланыстыру үшін
пайдаланылады.
MainMenu компоненті - бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін
қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Я
болмаса MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады.
ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.
Panel компоненті - бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл
компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір
жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті
арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth,
BorderStyle,BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін
көркемдеуге болады.
Button компоненті - бұл компонент ең көп қолданылатын компоненттер
қатарына жатады. Caption басты қасиеті болып табылады. Басты оқиғасы болып
OnClick болып табылады. Осы оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын
операторлар жазылады.
ComboBox компоненті-ListBox және Edit компоненттерінің функциясын
біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына
болады.
Edit компоненті бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін
қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті
арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық текст
автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText
қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін
тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.
Label компоненті формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру
үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір
ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.
ExcelApplication компоненті - бұл компонент Microsoft Excel
программасын шақыру үшін қолданылады.
WebBrowser компоненті -бұл компонент htm кеңеймесінде сақталған
құжаттарды көрсету үшін арналған.

1.6 Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері

Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға
шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.
Графикалық элементтер объекттің үстіңгі жағында шығарылады (формалар
немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің
бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б) шығару үшін осы
объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланымыз.
Мысалы:
form1. Canvas. Restangle (10,10,100,100);
Бет (Холст);
Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты
бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке
нүктелерден-пикселдерден тұрады, олардың әр қайсысы көлденең (Х) және тік
(Y) координаталар арқылы анықталады.
Қарандаш және қылқалам
Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін
әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен
контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен
бояуға қолданады.
Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға
Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және
TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шыарылатын
графикалық элементтердің түрін анықтайды.
TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:
Color – түзудің түсі(контуры)
Width - түзудің қалыңдығы (пиксель бойынша)
Style - түзудің түрі
Pen.Color – қасиетінің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды
қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon,
clNavy clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.
Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
psSolid – біркелкі түзу;
psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;
psDot - пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;
psClear – түзу көрінбейді.
Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік
түзулер біркелкі түзулер болып шығады.
Қылқалам (Canvas.Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды
бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады.Қылқалам объект сыяқты
екі қасиетке ие:
Color- тұйық облысты бояйтын түс;
Style - аймақты толықтыру стилі (типі).
Brush.color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен Tcolor
типті атаулы тұрақтыларды қолдануға болады.
Brush.Style қәсиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
bsSolid - біркелкі бояу;
bsClear – облыс болмайды;
bsHorizontal – көлденең штрих;
bsVertical – тік штрих;
bsFDiogonal – ілгері қарай көлбеген диоганалдық штрих.

1.7 Мәтінді шығару

Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі
қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде
болады:
Объект. Canvas. TextOut(x , y , Текст);
Мұндағы x , y – шығатын мәтіннің координат нүктелері;
Текст – айнымалы немесе символдық типті тұрақты (шығарылатын мәтін).
TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара
координаттарын,
PenPos қәсиетін пайдаланып алуға болады,
мысалы: TextOut(PenPos.x , PenPos.y , ‘Руб’);
1.8 Қарапайым графиктерді сызу әдістері
LineTo әдісі түзуді қарандаштың ағымдағы орынан координатасы
көрсетілген нүктеге дейін сызады.
Объект. Canvas. LineTo(x , y);
MoveTo әдісі қарандашты белгіленген нүктеге апарады.
Объект. Canvas. MoveTo(x , y);
Ellipse әдісі эллипс сызады (жеке жағдайда, шеңбер – параметр мәніне
тәуелді болады): Объект. Canvas.Ellipse(x1 , y1,x2,y2);
Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – ішіне эллипс сызылатын тікбұрыш
координаттары.
Arc әдісі доға сызады:
Объект. Canvas.Arc(x1 , y1,x2, y2, x3, y3, x4, y4);
Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – эллипс параметрі, эллипс белгілі, яғни
сызылатын доға болады.
Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:
Объект. Canvas. Rectangle (x1 , y1, x2 , y2);
Мұндағы: x1, y1 және x2, y2 – сол жақ үстінгі және оң жақ астыңғы
тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары.
FillRect әдісі Brush.Color қасиеті арқылы берілген түсімен
тіктөртбұрышты бояйды. Бұл әдістің бір ғана параметрі бар, бұл структураның
Trect типі.
Мысалы:
Var
R:Rect(20,20,150,150);
With Canvas do
begin
Brush.Color:=clRed;
FillRect(R);
End;
End;

2 Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері

Экономика және ғылым мен техника өркендеп отырған бүгінгі
уақытта программалау негіздерін жете меңгеру информатика саласындағы
басты мәселеге айналып отыр. Осы мақсатта ұсынылған оқу құралы
дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісіне негіздеп, салыстыру
тәсілі бойынша Pascal және Qbasic программалау тілдерін қатар
оқытуды қарастырады.
Жалпы жағдайда зерттелетін объектілердің ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын ойша тағайындау салыстыру деп аталады. Салыстыру-
тиімді дидактикалық тәсілдердің бірі. Информатика пенінде оқу мазмұнын
салыстыра игеру өзара тура және кері байланыстар арқылы жүзеге
асырылады. Салыстыру тәсілі негізінде жаңа ұғымдарды енгізіп,
бекітуге болады. Бұл кезде алдымен ұғыммдардың ұқсастығы, одан кейін
айырмашылығы көрсетіледі. Салыстыру нәтижесінде дұрыс қорытынды алу
үшін мынадай шарттар орындалу қажет:
1.Біртекті объектілерді ғана салыстыруға болады.
2.Объектілерді ортақ белгілері арқылы салыстыру нәтижесі жан-
жақты,толық қарастырылуы тиіс. Оқушылардың салыстыра білу дағдысын
қалыптастыру үшін салыстырылатын объектінің нақты құрылымын айқын
көрсету қажет. Ол үшін:
а) игерілуге тиіс объектілердің елеулі белгілеріне көңіл бөлу;

ә) осы объектіні басқадан бөлектеп тұратын айырмашылық
белгілерін табу;
б) осы белгілер арқылы объектілерді салыстыру қажет.
Демек, ұқсас ұғымдарды салыстыру білім мазмұнын игеруді
жеңілдетеді, кейбір ұғымдардың қасиеттерін формальды жаттап алудан
сақтандырады және информатикалық ұғымдар арасындағы байланыстарды
тағайындауға жәрдемін тигізеді, оқушылардың өз бетінше іздену
іскерлігінің, дағдысының қалыптасуына ықпал етеді. Салыстыра отырып
бақылау және өзгерісті айыра алу адамның ойлауын дамытады.
Qbasic және Pascal тілінде программа басында және оның денесінде
жиі пайдаланылатын сандық, жолдық тұрақтыларды const операторы арқылы
сипаттауға болады.Qbasic тіліндегі Input операторы Pascal тіліндегі read
қызметші сөзі айнымалылырды енгізу үшін пайдаланылады.Qbasic тілінде
айнымалыларды сипаттау міндетті емес.Qbasic тілінде бірнеше операторларды
бір жолға енгізу кезінде олардың арасына қос нүкте қойылады, ал
Паскаль тілінде нүктелі үтір қойылады.Бұл символ алдында және соңында
жазылған операторлар жазылу реті бойынша орындалуы тиіс екенін
білдіретін белгі.Екі тілде де программалау қатарын нөмірлеу қажет
емес. Қажет болған жағдайда нөмерлеуге болады. Qbasic программалау
тілінде айнымалыларды экранға шығару print операторы арқылы
орындалады.

Программалардың құрылымы

Qbasic тілінде Pascal тілінде
Inputайнымалылар тізімі Programатау(input,output);
Тұрақтылар бөлімі (Const); Таңбалар бөлімі (Label);
Процедура және функциялар бөлімі Тұрақтылар бөлімі (Const);
(Procedure,function); Типтер бөлімі (Type);
Операторлар бөлімі; Айнымалылар бөлімі (Var);
Printтізім. Процедура және функциялар бөлімі
(Procedure,function);
Операторлар бөлімі (Begin,end).

Тізімге өрнек, айнымалы және тұрақтылардың енгізілуі мүмкін. Олар
нүктелі үтір немесе үтір арқылы бөлініп жазылуы тиіс.Нүктелі үтір
қойылған кезде экранда мәндер тығыз форматта (арақашықтығы екі
позициялық бос орын), ал үтір қойылған кезде зоналық форматта (әр
мән үшін 14 позициялық орын) көрінеді. Print операторын программаға
параметрсіз енгізуге де болады. Бұл кезде оператор экранда кезекті
бір жолды бос тастап кетеді. Print операторының мәндерді экранға
шығару түрі: Print x,y немесе экранға көрнекі етіп шығару үшін
Print “x, y=”; x, y деп жазуға болады.
Pascal тілінде program (программа) қызметші сөзінен
басталған бірінші жолды программа тақырыбы деп атайды. Ол
программаның келесі бөлімдерінен нүктелі үтір арқылы ажыратылып
жазылады.
Атау үшін тіл сөздігіне жатпайтын кез келген латын
алфавитінің әріптерін немесе әріптер тізбегін алуға болады. Оны
PROGRAM сөзінен соң бос орын қалдырып жазу керек . Паскаль тілінде
белгілі мақсатта пайдаланылатын жүйелік файлдар бар. Сонда компьютер
оларды тақырыпта бар деп автоматты түрде қабылдайды.
Жадтан мәндерді монитор экранға шығару Write операторы арқылы
орындалады (Write- жазу). Мысалы x ,y айнымалыларының мәндерін экранға
шығару операторы – write (х , у). Х,У айнымалыларын write операторының
параметрлері деп атайды. Параметрлер үтір арқылы бөлініп, жай
жақшалар ішінде жазылуы тиіс.
Write операторының жазылу мысалдары:
1) Экранға х айнымалысының мәнін шығару – Write (х);
2) х, у мәндерінің арасына бос орын қалдырып экранға шығару қажет
болса – Write (х, ' ' , у);
3) Жақша ішіндегі өрнектердің мәндерін экранға шығару -
Write (2*х-1, ' ' , у+1 );
4) Нақты айнымалының мәнін экранда үлгі бойынша шығару –
Write (х:n:m); Мұндағы n – санның бүтін бөлігі, m – санның бөлшек

бөлігі.
Ескерту. Экранға бүтін типті айнымалының мәнін шығару қажет
болса, онда Write (x:n); түрінде қолданылады.
5) Литерлік шамаларды немесе тексті экранға шығару -
Write ('символдар тізбегі ');
6) х мәнін принтерге шығару Write (lst, x ); Мұндағы LST (list
pleace ) – принтерге шығаруға арналған стандартты файл атауы.

2.1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді

программалау

Тілдердің алфавиті

Qbasic тілінде Pascal тілінде
1 2
Латын алфавитінің бас және кіші 1.Латын алфавитінің бас және кіші
әріптері: A,B,...,Z; a,b,...,z қазақәріптері:қазақ, орыс алфавитінің
, орыс алфавитінің әріптері. әріптері.
2. Араб цифрлары: 0,1,2,..,9 2. Араб цифрлары: 0,1,2,...,9
3. Өрнек таңбалары: + қосу, - 3. Өрнек таңбалары: + қосу, -
азайту, азайту, * көбейту,
* көбейту, бөлу, ^ дәрежелеу. бөлу,дәрежелеу санды өзіне - өзін
4. Қатынас таңбалары: көбейту арқылы беріледі.
= тең не меншіктеу белгісі , 4. Қатынас таңбалары: тең не
улкен, = үлкен не тең , кіші ,меншіктеу белгісі, үлкен, үлкен
= кіші не тең , тең емес. не тең, кіші, кіші не тең, тең
5. Арнайы символдар: емес.
. нүкте 5. Арнайы символдар:
, үтір . нүкте
; нүктелі үтір , үтір
: қос нүкте ; нүктелі үтір
'' '' бос орын : қос нүкте
( , ) ашу,жабу жақшалары ' ' бос орын
“ , ” ашу, жабу тырнақшалары ( , ) ашу,жабу жақшасы
! леп белгісі ‘ , ’ ашу, жабу тырнақшалары
? сұрақ белгісі ! леп белгісі
# нөмір ? сұрақ белгісі
' дәйекшк – апостроф # нөмір
_ астын сызу белгісі ' дәйекше – апостроф
% процент _ астын сызу белгісі
$ ақша бірлігінің белгісі % процент
& амперсенд $ ақша бірлігінің белгісі
& амперсенд

Qbasic және Pascal программалау тілдерінің стандартты функциялары

Qbasic Pascal Түсініктеме
тілінде тілінде
SIN(x) Sin(x) Х-радиандық өлшем
COS(x) Cos(x) X-радиандық өлшем
ATN(x) arctan(x) Argtgx(-)
LOG(x) In(x) Inx (x0)
EXP(x) exp(x) Көрсеткіштік функция (e)
X^2 sqr(x) Х-тің квадрат дәрежесі
SQR(x) sqrt(x) Х-тің квадрат түбірі (x 0)
ABS(x) abs(x) Х-тің абсолют шамасы
FIX(x) trunc(x) Санның бүтін бөлігі
CINT(x) round(x) Санды бүтінге дейін дөңгелектеу
INT(x) int(x) Санның бүтін бөлігі
PI Pi(x) санының мәні (= 3.1415... )
RND(x) Rnd(x) (0;1) аралығындағы өндірілетін кездейсоқ
нақты сан
SGN(x) Sgn(x) Сан таңбасы. Оның қабылдайтын мәндері:
+1 (x0), 0 (x=0 үшін ), -1(x0 үшін)
- Tgx(x радиандық өлшемде)
TAN(x)

Ескерту:
1) егер х аргументі INTEGER типіне жататын болса, онда sqr (x),
abs(x) функциялары да INTEGER типті;
2) Round, Trunc функциялары REAL типті мәндерді INTEGER типіне
өзгертеді, ал Int – REAL типін қалдырады;
3) стандартты скалярлық функциялар қатарына жатпайтын тригонометриялық
функция мәнін есептеу үшін алдымен оны стандартты функциялар
арқылы өрнектейді;
4) негізгі оң сан болатын х дәрежесін ln(x) және exp(x)
функцияларын пайдаланып есептеуге болады (x0), яғни
х=exp(n*ln(x))

Паскаль тіліндегі стсндартты функциялар:
1. Ord(‘x ’) – ‘x ’ символының кодын анықтайды.
Мысалы, ord(‘A’)=65;
2. Chr(n) – коды бойынша символды анықтайды.
Мысалы, chr (66)= ’B’;
3. Succ (x) –REAL- дан басқа типтегі мәндер тізімінде соңғы мәнді

анықтайды. Мысалы, succ (46)= 47; succ (‘a’) = ‘b’ ;

4. Pred (x) – succ (x) –ке кері функция.
Мысалы, pred (47)= 46; pred (‘b’)=’a’.

Программалау тілдерінде енгізу мен шығаруды ұйымдастыру.
Операторлар форматтары

Паскаль тілінде енгізу операторының жазылуының жалпы үлгісі:
READ (x1,x2,...,xn)
мұндағы x(k=1,2,...,n) ендірілетін мәндерді сәйкес түрде
қабылдайтын айнымалылар (read - оқу).
Программаның орындалу барысында read операторы кездессе ,
компьютер айнымалылар мәндерін жадқа ендіруді күтіп тоқтап қалады.
Мәндер аралықтарына бос орын қалдырылып пернетақтадан енгізілуі тиіс.
Енгізу аяқталған соң программаның орындалуы одан әрі жалғасады.
READ операторының алдында мәндерді жадқа ендірілуі тис айнымалыларды
write операторы арқылы экранда көрсетіп қойған дұрыс. Мысалы, begin write
(‘a,b,h = ?’); readln (a,b,h);
S:= (a+b)*h2; write (‘s = ’, s:5:2);
End.
Кейде write, read – операторларының соңына ln жалғауын қосып, writeln,
readln түрінде жазуға болады. Мысалы, readln(a,b,h); writeln(x:5:2);
Мұндай операторлар орындалған соң курсор экранда өзінің тұрған орнынан
келесі жолдың басына ауыстырылады да, кезекті оператордың орындалуы экранда
осы жерден бастап көріне бастайды.Егер келесі жолды бос күйінде тастап кету
қажет болса,программаға соңғы орындалатын ln жалғауы оператордан соң
парыметрсіз writeln операторын енгізсе жеткілікті.

Тармақталу командасы.Шартты операторлар
Сызықты программада операторлар ретіне қарай бірінен соң бірі
орындалады.Мұны программаның табиғи реттілікпен орындалуы дейді.Тәжірибеде
көптеген есептер мұндай сызықтық құрылымға келе бермейді.Есептерді шешуде
есептеу жолдары тәуелді болатын шарттар жиі кездеседі.
Тармақталу алгоритмі алгоритмдік тілінде егер командасы арқылы
жүзеге асырылатындығын белгілі.Тармақталу командасының толық және толық
емес түрі бар. Олар мыналар:

Qbasic тілінде Pascal тілінде
а) if шарт then S1 else S2; a) IFшарт then оператор1 else
оператор2;
ә) If шарт then S;
ә) If шарт then оператор;

Құрама шарттардың жазылуы:

Математикада 0x1, x=0 немесе x5
Бейсик тілінде x0 and x1, x=0 or x5
Паскаль тілінде (x0) and(x1), (x=0) or (x5)

Программалау тілдерінде шартты өту операторы – IF. Бейсик тілінде
шартсыз өту операторы бар, ол – GOTO. Шартсыз өту операторы GOTO есептеуді
одан әрі жалғастыруда программаның келесі кезекте орындалатын операторын
көрсету үшін,яғни программаның қандай да бір бөлігін орап өту үшін
қолданылады.Оператордың жазылу үлгісі: GOTO k. Мұнда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыру
Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктерін көрсететін программа және теориялық материал дайындау
Дельфи ортасында анимация жасау әдістері
WEBbrowser компонентін қолданып бағдарлама құру
Delphi ортасының компоненттер тақтасы
Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
Жылжымайтын мүлікті сату агенттігіне арналған бағдарлама құру
DELPHI программалау жүйесі
Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктері
Таймер бағдарламасы
Пәндер