Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру
2.2. Математиканы оқыту әдістемесі пәні және оның міндеттері
2.3. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің ғылым ретінде
қалыптасуы және дамуы

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам
дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай
өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан-жақты жетілдіру қажет
болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде
бастауыш буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім-
тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: бастауыш
мектепте оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар
жасалып, соларға сәйкес төлтума оқу-әдістемелік кешендер жазылды, демек,
оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне
енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеялары мен жинақталған
тәжірибелердің нәтижелері жаңа жағдайларда өзінің қолданысын тауып отыр.
Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық
білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, оқушыларға
тек қана білім берумен шектеліп қалмай, қазіргі заман талабына сай тәлім-
тәрбие беретін, яғни халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-санасын, әдет-
ғұрпы мен педагогикасын зерделеп, оқушылардың ой-өрісін, қабілетін жан-
жақты дамытуға толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар
дайындаудың қажеттігін ескеруге тура келеді.
Бастауыш мектептің осындай талапқа сай мұғалімдерін дайындау
педагогикалық, гуманитарлық колледждердің үлесіне тиюде. Осы оқу
орындарының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, бастауыш
мектептің болашақ мұғалімдерін дайындауға қатысты алғанда, ортақ міндетті
шешуіне тура келеді, яғни кәсіби мамандыққа қажетті білім, білік және
дағдылармен жан-жақты қаруландыру мақсатын көздейді. Осыған орай "Бастауыш
мектепте математиканы оқытудың әдістемесі" атты курс оқытылып, үйретіледі.
"Математиканы оқыту әдістемесі" - психология, педагогика,
математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері пәндерімен тығыз
байланысты.
Бұл курсты жалпы алғанда, математиканы оқытудың заңдылықтарын
зерттейтін педагогиканың бір бөлімі немесе тармағы деп түсінген жөн.
Өйткені мұнда алдымен қоғамның қойып отырған талаптары мен мақсаттарынан
туындайтын мынадай үш сұраққа жауап беріледі:
1. Математиканы не үшін оқытамыз?
2. Математикада нені оқытамыз?
3. Математиканы қалай оқытамыз?
Осы сұрақтардың шешімі оқытудың қандай да бір психологиялық және
педагогикалық тұжырымдамаларына негізделеді. Сондықтан бұл пән психология
және педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты, өйткені математика курсын
құру, оқыту әдістемесін таңдап алу, оқыту мақсаттары мен міндеттерін
белгілеу және т.б. мәселелер психология мен педагогика ғылымдарына
сүйенеді. Сондай-ақ осы саладағы жаңа заңдылықтар пәнді оқытудың
әдістемесінде өзіндік шешімін табады және керісінше дербес әдістеменің
қорытындылары жалпы заңдылықтарды тұжырымдауға себепші болады және әр алуан
болжам жасаудың негізінде алынады.
Бұл курс математика ғылымымен, яғни осы уақытқа дейін оқытылып-
үйретілген, математиканың бастауыш курсының теориялық негіздерімен тығыз
байланысты. Өйткені, біріншіден, мектепте қарастырылатын математикалық
білімнің мазмұнын таңдап алу, математика дамуының деңгейіне сәйкес
анықталады, ал екіншіден, оқытудың әдістемесі білімнің мазмұнына орай
іріктеледі, сондай-ақ математикалық түсініктер мен ұғымдардың мән-мағынасын
және мазмұнын жете түсіну, оларды тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға
мүмкіндік туғызады.
Бұл курста бастауыш мектепте оқытылатын басқа да пәндердің (қазақ
тілі, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, т.б.) әдістемелерімен ортақ көптеген
мәселелердің барын да ескеру жөн, яғни пән-аралық байланысты дұрыс жүзеге
асырудың мүмкіндігімен санасу керек.
Бұл курста қарастырылатын әрбір нақты әдістемелік мәселелерден
педагогикалық, психологиялық заңдылықтардың өзіндік көрінісін байқап
отыруға және керісінше соны жалпы қағидаларға сүйеніп негіздеуге баса көңіл
аударылады. Дегенмен курста жалпы педагогикалық мәселемен салыстырғанда,
жекелеген дербес әдістемелік сұрақтар қарастырылады, яғни пәннің өзіндік
ерекшеліктерінен туындайтын арнайы мәселелер, дербес заңдылықтар мен
қағидалар үйретіледі. Демек, бұл курстың психология және педагогика
пәндерінің зерттеулерінен өзге, тек қана математиканы оқытуға қатысты
өзіндік зерттеу аймағы бар,
Бұл пән психология және жалпы дидактикалық тұжырымдамалардың
негізінде дамиды және соларды бастауыш сыныптардың математикасын оқыту
әдістемесінде пайдаланудың технологиясын көрсетіп береді. Сондықтан да
бастауыш сыныптарда математиканы оқыту процесінің және оның құрамды
бөліктерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Демек мұнда:
• математиканы оқытудың мақсаты тұжырымдалады;
• кімді оқытатынымыз негізделеді, яғни бастауыш буындағы оқушылардың жас
және психологиялық ерекшеліктері зерттеледі;
• оқытудың мазмұны анықталады және оны қарастырудың тәртібі негізделеді;
• оқытудың әдіс-тәсілдері іріктеледі;
• оқытудың құрал-жабдығының түрлері ұсынылады;
• оқытуды ұйымдастыру түрлері айқындалады;
•оқытудың нәтижелері және олардың нақты деңгейінің қандай болу керектігі
анықталады.
Осы аталған мәселелердің өзара байланысы және олардың бір-бірімен
әсерлесуі математиканы оқытудың әдістемелік жүйесін құрайды.

2.1. МАТЕМАТИКАНЫҢ БАСТАУЫШ КУРСЫН ПӘН РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш мектептегі
математиканы, оқытып-үйрету арнайы мақсат көздейді. Ол, бастауыш
сыныптардың математика курсы орта мектепке арналған математика курсының
құрамды бөлімі болғандыңтан, оны оқытудың жалпы мақсаттарынан, сондай-ақ
математика ғылымының табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерінен және арнайы әдіс-
тәсілдерінен туындайды.
Қазіргі жағдайда математикалық біліммен және оның өзіндік әдіс-
тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің жалпы
мәдениеттілігінің элементі, тіпті мамандықтың қандай да болсын саласы үшін
қажетті дайындық болады.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту – күнделікті өмірде және
тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқа да пәндерді табысты оқу және
білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдылардың
практикалық негізін қалайды және осыларды игеру процесі – оқушыларды
тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісімен тығыз және табиғи байланыста
жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының
негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілетін дамытуға, ақыл-ой,
есі және тағы басқа қырларын шыңдай түсуге, оқуға және қоғамдың пайдалы
еңбекке баулуға жалпы алғанда адамзат қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді
игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Математикалық объектілер жалаң түрде берілмейді, оқушыны қоршаған
ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады,
ғылыми көзқарасын қалыптастырады, Ал математикалық білімді іс-әрекет
үстінде, тәжірибеде, өмірде қолданудың нақты мысалдары қарастырылады, яғни
білімді қолданудың арнасы кеңейеді және солай жасауға біртіндеп
бейімделеді, Мұның бәрі математиканы оқыту барысында тәлім-тәрбие беру
мәселесінің де біршама шешуін табатынын аңғартады.
Математиканы оқытып-үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге
де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқылау жүргізуге,
қорытынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, адамның ақыл-ойының
жетілуіне көмектеседі.
Сонымен бастауыш сыныптарда математиканы оқыту төмендегідей өзара
байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:
1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және
дағдыларды меңгерту тәсілдерінің белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі
игіліктер мен сапаларды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді
қалыптастыру;
3. Дамытушылық: логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін
дамыта түсу;
4. Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда
практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты
біліктілік қалыптастыру.

2.2. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға,
оны оқытып-үйретудің жан-жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың
сәйкес әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін (формаларын) іріктеп алуға
байланысты. Ең басты мәселе – оқыту мазмұны мен оның құрылысын анықтау
болып табылады.
Математикалық білімнің мазмұнын дұрыс анықтауда әртүрлі мәселелердің
ерекше маңызы бар:
1. Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттың
ерекшеліктері, әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, республиканың аймақтық
ерекшеліктері, экономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім
мазмұнының кемшіліктері жайындағы қорытындылар, педагогика ғылымы мен озық
тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына және т.б. сүйене отырып,
білім мазмұнын анықтау;
2. Оқушылар меңгеруі тиіс білім құрамы мен олардың пән бойынша игеруі
міндетті білік пен дағдыларының түрлері мен деңгейінің алдыңғы қатарлы
өркениетті елдердің мектептеріндегі бастауыш буын үшін анықталған мөлшерден
және деңгейден кем болмауы;
3. Бастауыш буынның соңына қарай оқушылардың білім, білік және дағдыларына
қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда бастауыш мектеп пен орта буынның
алғашқы сыныптары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде жүзеге асырылуын
қамтамасыз ету;
4. Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру, яғни
балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді қабілеттерінің
даму ерекшеліктерін ескеру, сондай-ақ олардың тілін ұстарту және дамыту,
соның ішінде математикалық тілдік қорын қалыптастыру және оны дамыта түсу;
5. Қарастырылатын объектілерді іріктеп алу және оларды топтастыру,
қарастыру ретін анықтау, материалды шоғырландыра түсу, оқыту мазмұнының
сыныпаралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс енгізу, кейбір мәселені оқытудың
әдістемесін жетілдіре түсу және математиканың бастауыш курсын орта мектеп
курсының шынайы құрамдас бөлігіне айналдыру.

Курстың мазмұны оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен түрлері, қолданылатын
көрнекі құралдар (оқу әдістемелік жиынтық, көрнекілік, техникалық құралдар,
т.б.), математиканы меңгеруге балаларды дайындау, практикалық сабақтарда
оқыту әдістемелік жиынтығының құрылымымен таныстыру, талдау қарастырылады
(бағдарлама, оқулықтар, математика дәптері, кесте, оқытушыға арналған
нұсқау, қосымша материалдар). Балалар бақшасы, бастауыш және орта буын
мектептеріне арналған бағдарламаны талдау, байланысын ашу, оқып-үйренуге де
көңіл аударылады. Математикадан әр оқу жылының соңында оқушылардың білім,
білік, дағдыларына қойылатын талаптарды талдау, меңгеру, бағалау нормасын
талдау, қабылдау, мектепте математика сабағына қатысу және оны талдау
көзделеді. Бұл тақырып бойынша оқушыларды бастауыш мектеп оқулығының
мазмұнын, міндетін, мақсатын, қолданатын әдіс-тәсілдерді, көрнекіліктерді
дайындай білуге, қай тақырыптың қай сыныпта оқылатындығын; оқулықтағы
тапсырмаларды орындай білу, талдай білуге үйрету керек. Бұл курстың базалық
мазмұнына математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдары және оны оқытуды
ұйымдастырудың әдістемесі кіреді.
Бастауыш мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі түрі
– сабақ. Математика сабағының мақсаттары мен міндеттері (білімділік,
тәрбиелік, дамытушылық). Сабақтың түрі және типі (аралас, біріккен, ойын,
экскурсия, т.б.) Сабақтың құрылымы, кезеңдері және олардың арасындағы
байланыс; сабаққа дайындық және оны ұйымдастыру. Жаңа сабаққа қойылатын
талаптар. Сабаққа әдістемелік талдау. Берілген тақырып бойынша сабақтар
жүйесін дайындау, жоспарлау. Сабақты оның дидактикалық мақсатына байланысты
құру ерекшеліктері. Математика пәні бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың
басқа түрлері: сыныптан тыс жұмыстар, үй жұмысы, оның рөлі, мазмұны, көлемі
және оны тексеру жолдары. Оқушылардың математика пәні ойынша білімдерін
тексеру және бағалау. Оқушылардың білімдерін тексерудің түрлері:
күнделікті, алдын ала тексеру және қорытынды тексеру. Тексеруді ұйымдастыру
түрлері: ауызша сұрау, жазбаша қорытынды бақылау жұмыстары, өзіндік
жұмыстар. Мұғалімнің орындалған жұмысты тексеруі. Тексерілген жұмысты
оқушылармен талқылау: қателерді талдау және оны түзету. Математика бойынша
білім, білік, іскерлік және дағдыларды бағалау нормалары. Осы тақырып
бойынша оқушылар сабақты бақылау, талдауды; дәстүрден тыс сабақ жоспарын
құрастыруды; қажетті құжаттарды (бағалау нормасы, сабақты талдау жобасы,
бақылау, тест жұмыстары, күнтізбе жоспары, сыныптан тыс сабақ жоспары,
көрнекі құралдар, оқулық) қолдануды; сабақ жоспарын құрастыруды; сабақтан
үзінді өткізуді; қосымша материалдарды қолдануды білуі тиіс
2.3. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Ғылыми жаңалық негізінен адамдардың практикалық қажеттіліктерінен
туындайтыны белгілі. Жалпы адамзат тарихына қарасақ, бұдан 5,5-6 мың жыл
бұрын алғашқы математикалық тұжырымдардың, сан және цифр, геометрия
ұғымдарының ежелгі Мысырда, екі өзен аралығындағы Вавилонда, ежелгі
Финикияда, Қытай мен Индияда пайда бола бастағаны белгілі. Бұл елдердің
кейбіреуі бүгінгі қазақ халқы ата-тегі - арғысы скиф, ғұн, сақ бергісі
түркі елдерімен шекаралас орналасқан. Оның үстіне бұл елдерді қосатын ұлы
Жібек жолының бір бөлігі қазіргі қазақ даласы арқылы өтпеді емес пе?
Осындай жағдайда бүгінгі түркі тектес ұлттардың ортақ, арғы аталары
ғылым мен білімді дәріптеген мемлекеттер құра білді. Онда сәулетті қалалар
Отырар, Тараз, Сығанақ, Сайрам, Асы, Құлан, Сауран, Ордакент, Хорезм,
Самарқан, тағы басқа қалалар қанат жайды. Бұл қалаларда ірі-ірі
кітапханалар, аспан әлемін зерттейтін обсерваториялар болды. Орда
сарайларында ғалымдар, ақындар өз өнерлерін көрсетті.
IX ғасырда Хорезм математигі Мұхаммед бен Мұса әл Хорезм өмір сүрді.
Ол арифметикалық есептер мен теңдеулерді шешудің жалпы ережелері жөнінде,
"Қытай ал Жебр" атты еңбегін жазды. Бұл еңбектің аты "алгебра" сөзінің
шығуына негіз болды.
Мұхаммед бен Мұса әл Хорезм екінші кітабында үнділік ғалымдардың
арифметика жайлы білімдерін жүйеледі.
Бұл кітап 300 жылдан соң ғана латын тіліне аударылып, қазіргі Еуропа
елдерінің барлығында кең пайаланылды. Самарқандық ғалым-математик Гияседдин
Дмемшид әл Каши дүние жүзінде бірінші болып ондық бөлшектерді ойлап тапты.
Еуропада бұл мәселе бұдан 200 жылдан кейін ғана ашылды.
Әйгілі Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбек Әмір Самарханда әлі күнге
дейін сақталған үлкен астрономиялық обсерватория салдырды. Бұл тізімді
"екінші ұстаз" атанған Отырарлық ғұлама Әбунасыр әл-Фарабидің "Есептеу
негізі", Исфихандағы Иран шахының сарайында болған Бах-ад-Дин әл Амилдің
"Хуласат әл-Хиеат" , Марагалық (оңтүстік Азербайжан) ғалым-астроном Насыр
ал-Дин Тусиннің, т.б. көптеген ғалымдардың еңбектерімен жалғастыра беруге
болады.
Ең бір кереметі бұл кезеңде педагогикалық еңбектер де жарық көрді.
Атап айтқанда, Моргиондың ғалым (қазіргі Таргелан Өзбекстанда) Бурхан ад-
Дина өз-Зарнуджи (шамамен XII ғасырдың соңында XIII ғасырдың басында өмір
сүрген )" Оқушыларды оқыту әдісі" ("Тағшм ал-Муталлим тарихат ат-тиаллум")
атты жалпы әдістемелік нұсқау жазды. Бұл еңбек 13 бөлімнен (кейбір
қолжазбасында 14) тұрады. Бұлармен қоса түркітанушы Әбсаттар Дербісалиевтің
еңбектерінде "Жібек жолы" бойындағы Сайрам (бұрынғы аты Исфиджат) Түркістан
сияқты қалалардан шыққан көптеген ғалым, бабаларымыздың аттары келтіріледі.
(Жасалаш 2-сәуір, 1993 жыл Ә.Дербісалиев "Ежелгі Сайрам мен Түркістан
ғұламалары").
Ғалым сол кездегі ғылым-білімнің даму деңгейіне, оны оқып үйретудің
мәселелеріне кең тоқталған. Бұл құралдардың көптеген тілдерге (латын,
ағылшын) аударылуы оның құндылығын көрсетсе керек.
Ғылым мен білімге ерекше ден қоюдың арқасында дамып келе жатқан елдер
тарихи заңдылық па, әлде кездейсоңтық па Шыңғыс ханның қаһарлы шабуылына
ұшырады. Осының салдарынаы гүлдеп тұрған қалалардың үйінділері ғана қалды,
кітапханаларда өртелінді.
Бұдан кейін бірнеше ғасыр бойы қоғамдық өмір басқа арнамен дами
бастады. Бір ғана Түркілерден қазақ, өзбек, қырғыз, т.б ұлттар бөлініп
шықты. Енді әркім өз жолымен дами бастады.
Бұл кезеңде қазіргі Қазақстанды мекендеген ұлттар үшін олардың
монғолдармен, қытайлармен, орыстармен, жоңғарлармен шекаралас болуы өте
ауыр болды.
1720 жылдардың ортасынан бастап Қазақстанның Ресейге қосылу процесі
басталғаны белгілі.
Бұл процесс 150 жылдай уақытқа созылып, 1854 жылы генерал Чернаевтың
ұлы жүз жеріне экспедициясымен аяқталғаны мәлім.
Демек, ендігі жерде Қазақстандағы кез келген әлеуметтік саяси
экономикалық жағдайды талдағанда Ресейдегі сәйкес жағдайға көңіл аудармасқа
болмайды.
XVII ғасырдың басында Ресейдің экономикалық жағдайы басқа елдермен
салыстырмалы түрде қарағанда халыққа білім беру саласы жағынан "шекесі
шылқып тұрмаған", Бұл кезеңде Мәскеу университеті әлі ашылмаған (1755 жылы
ашылды) елдегі оқу жүйесін басқаратын, бағыттайтын оқу министрлігінің
құрылуына әлі 100 жылдай (ал 1802 жылы құрылды) уақыт бар еді. Демек, XVIII
ғасырда Ресейде жалпы көпшілік үшін қандай да білім алу орындарының жүйесі
болған жоқ.
Ресейде халыққа білім беру ісі XIX ғасырдың басынан бастап елдегі
прогрессивті күштердің ықпалымен қолға алынды. 1802 жылы оқу министрлігі
құрылды, ал 1817 жылы қайта құрылып Дін істері және халыққа білім беру
министрлігі деп аталады. 1824 жылы бұл министрлік тағы да өзгеріске
ұшырады. Ғасыр баында-ақ білім беру саласына арналған бірнеше қаулылар
шықты.
Бұлардың негізінде елде оқу округтері құрылды. (Мәскеу оқу округі,
Харьков оқу округі, т.б.) оларды оқу округінің қамқоршысы басқарды.
Көпшілік үшін 1 жылдық проходские училищелер, уездік және губерниялық
елді мекендерге 2 жылдық уездік училищелер ашылды. Губерниялық қалаларда 4
жылдық гимназиялар, кейбір ірі қалаларда университеттер ашылуға тиіс болды.
Бірақ әр түрлі жағдайларға байланысты бұл оқу орындары бүкіл Ресейде бірден
ашыла қойған жоқ.
Бұдан былай Ресей патшалығында білім беру саласы көптеген
реформаларға ұшырағанмен, бұл оқу орындары үлкен өзгерістерге ұшырай қойған
жоқ.
1960 жылы Ресейдің қоғамдық өмірінің көп саласын (сот, әскери,
мектеп) басқару әкімшілігі, т.б. қамтыған реформалар болды. Осының
негізінде Ресейде бастауыш мектеп селолың -2 жыл, қалалық - 3 жыл болып
қайта құрылды. Ал орта мектеп гимназия - классикалық және реалды деп екіге
бөлінеді, Бұларда оқу бастауыш мектептің өзі бағынатын әкімшілігіне қарай
монастрлік, земстволық, шіркеушілік деп бөлінді. Мұның ішінде қаржыландыру
жағынан земстволық бастауыш мектептер алда болды. Бұдан кейін жүргізілген
мектеп реформалары (1874 жылы 1912 жылы) ішінара өзгерістер енгізілгенмен
(оқу мерзімдері арттырылды, аттары өзгертілді, т.б.) жалпы мектеп жүйесі
1917 жылға дейін сақталды. Бұл талдаулардан көріп отырғанымыздай Ресей
патшалығында халыққа білім беру саласына орыс-француз соғысы және
декабристер көтерілісінен кейін ғана мән беріле бастағаны байқалды.
Бұған XIX ғасырдың 60 жылдарындағы халықтың, оның ішінде алдыңғы
қатарлы орыс зиялыларының ұлттың санасының оянуы халықтың білімге ұмтылуына
және педагогикалық ой-пікірдің екпінді дамуына жағдай жасады.
Осының арқасында XIX ғасырдың 50-60 жылдарында педагогикалық
мәселелерге арналған "Журнал для воспитания" - 1857 г., "Русский
педагогический вестник"-1857 г., "Учитель" - 1861 г., "Педагогический
сборник" - 1864 г. журналдары шықты.
Бұрынғы "Журнал министерство народного образования" журналы арнаулы
педагогикалық журналға айналды.
Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский сияқты педагог ғалымдардың, Н.
Чернышевский, Н.Г. Добролюбов сияқты демократ-ойшылдардың қызметі халықтың
көзін ашып, оқу-білімге шақырды, оның үстіне бірте-бірте дамып келе жатқан
өнеркәсіп орындары да қандай да бір дәрежеде білімді адамдарды қажетсінеді.
Осындай себептерден Ресейдің өзінде мектептердің саны өсті, әр түрлі орта
және жоғары дәрежелі азаматтың, әскери оқу орындары ашыла бастады.
ХҮПІ ғасырдың 20-жылдарынан Қазақстанның Ресейге қосылу процесі
басталғанымен, бұл кезеңде патша өкіметі Қазақстанға бірден белсенді
отаршылдық саясат жүргізуге мүмкіндігі болмады.
Дегенмен де, бірте-бірте жүргізілген өте саң саясаттың негізінде
патша өкіметі алдымен қазақ жерін бөлшектеу үшін басқарудың хандық формасын
жойып, аға сұлтандықты енгізді. Бұл қазақ халқын әр түрлі орталықтарға
бағынуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Математика оқыту методикасы
Бастауыш сынып математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың жалпы мәселелері
Математикалық білім беру
Бастауышта математикалық білім беру
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Пәндер