Шығармашылық қабілетті дамытудағы әдістер мен жетістіктер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Шығармашылық қабілетті дамытудағы әдістер мен жетістіктер
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: “Сабақ беру-үйреншікті жай ғана
шеберлік емес,ол жанадан жаңаны табатын өнер” деген екен.Ұстаздық
өмірімдегі тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым баланы
субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын,оған қабілетін арттыратын
жағдай туғызу,ойлау дағдыларын жетілдіру.Осы мақсатпен оқушының
шығармашылық қабілетін дамыту негізгі ұстанымым болып табылмақ.Оқушы
танымдылығын дамытуда “Қыл қалам” атты сыныптан тыс үйірме сабағын
жүргізем.Ондағы мақсатым оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту және жеке
қабілеттерін көре біліп,оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу,қабілетіне
қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру,бойындағы қасиетіне
ізденуге жол көрсету,өз жұмысының нәтижесін көріп,өз-өзіне сын көзбен
қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беру.
Алға қойған талаптарының бірі- шығармашылық адамын тәрбиелеу.Оны
қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады.Сондықтан бул процесті жаңаша
технологиямен ұйымдастырудың маңызы өте зор.Шығармашылық
дегеніміз,оқушылардың даралық бейімділіктері мен қабілеттерінің көрінуі.Ал
бейімділік-бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы,оған
көңіл аууы,оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.Сондықтан балалық
кезде көзге түсетін бейімделіліктердің келешекте олардың қабілет
көрсеткіштері екенін ұмытпағанымыз жөн.Кез-келген оқушы мұғалімнің
басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады.Баланың қабілеті талантын дамытуды негұрлым ертерек
бастаса,соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін.Егер бала бойындағы
қабілетті мұғалім байқамаса ол бала басқа оқушылармен бірдей болып
қалады.Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек.Ең маңыздысы
қабілетті оқушыны зеріктіріп алмау.Сабақты тартымды өту үшін мұғалім
оқушының қабілетін ескергені дұрыс, яғни қазақ тілі мен әдебиет пәндері
үшін мынадай әдістерді ескергені жөн:
-әдебиет сабағында оқушылардың қабілетін арттыру және дамытудың тиімді
әдісін қалыптастыра білу;
-ойын ажарлап ашуда тіл шеберлігіне мән беру;
-қосымша әдебиеттер оқып,білімді күнделікті толықтыру;
- “сенің қолыңнан келеді”, “сенен үміт күтеміз” деген сөздермен үнемі
шабыттандырып отыру;
-үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін,қабілетін ескеру.
Білім сапасын арттырып,бала қабілетін дамытуда оқушыға қойылатын
талап деңгейі бара-бара күрделене түскені жақсы.Өзім жүргізетін сабақтарда
оқушыларға бес түрлі деңгейде тапсырма берем.Оның бірінші деңгейінде
мәтінді түсініп оқып,мазмұнын айта білу.Екінші деңгейінде образдарға
мінездеме беру.Үшінші деңгейінде шығармадағы метафора,эпитет,т.б. да көркем
сөздерді тауып оқу,арнайы дәптеріне тіркеу.Төртінші деңгейінде мәтінге
деген өз көзқарасы,оны өз ойымен аяқтау,баға беру.Бесінші деңгейінде
мәтінге байланысты өз шығармашылығы бойынша жұмыстар жүргізу (өлең
жазу,әңгіме,эссе,шығарма,т.б.).Бұл тапсырма бойынша 1,2,3-деңгейлерге
оқушылар түгел жауап беруі тиіс.4,5-деңгейлерді орындайтын оқушылар
біртінденіп дараланып шыға бастайды.Міне,осы әдістерден кейін тапсырмаларды
орындау-шығармашылық жұмыстың бастамасы болмақ.мұғалім алғашқы сабақтан
бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін,ынтасы мен бейімділігін,оқу мен
еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізу керек.Бастауыш сынып
оқушыларында оқу қызметі жаңадан басталады,мұны қабілеттің басқы кезеңі деп
қарастыру қажет және әр жылы дамытып,оқушы бойындағы қасиетті жетілдіріп
баланың өзіне танытқан абзал.Мұнда бастапқы ауыртпалық бастауыш пән
мұғаліміне түседі.Сондықтан бастауыш сынып мұғаліміне шығармашылық жұмыс
істеу талап етілгені дұрыс.Өзім сабақ беретін шығармашылықпен жұмыс
жүргізетін үйірмемдегі оқушыларды таңдауда айтылған әдістерді пайдалана
отырып іріктеу жүргіздім.Оқушы бейімділігін анықтап,икемділігіне қарай
бағыттап,ынтасы мен қабілетін арттыру үшін қызығушылығы мен құштарлығын
ояту басты жұмысым болды.Осылайша оқушы бойындағы өзі байқаса да зейін
қоймайтын жеке ерекшелігін өзіне таныту,дарынын ашу,шығармашылыққа баулу
негізгі мақсатым болды.Мұндайда “ой шақыру” сызбасын пайдалану арқылы
баланың не нәрсеге қабілетті екендігін біліп отырдым.
“Ауыл жылы-ауыл қаламгерлері” деген тақырыпта кездесу өткіздім (ол
баспасөзде жарияланды).Шығармашылық топ үшін бұл кештің мәні зор
болды.Оқушылардың бұл ақпараттандырылған шығармашылық жұмыстары жеке
тұлғаның анықталуына,өз қабілеттерін жүзеге асыруға және оның
қанағаттандырылуы оқушыға қуаныш сезімін тудырып,іс-әрекетіне деген көңіл
күйін арттырды.
Қорыта келгенде,шығармашылық сабақты жоспарлауда түпкі мақсатты
төменгі сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудан
бастау қажет.Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау,шешім
қабылдау,қорытынды ой-пікірін білдіруін,белсенділігін,танымдық қабілетін
дамытуын,өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына
мүмкіндік туғызған дұрыс. Балалардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты
жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жуткізуге болады.

Тірек сызба
Бұл сызба арқылы өлең жазатын оқушылардың қабілетіне тірек қою керек.

“Ой шақыру” сызбасы
Оқушы бойындағы бейімдік қасиеті байқауда осы сызба арқылы баланың
бойындағы жасырын қабілетті табуға болады.Мысалы,өлең жазатын бала өлең
оқуға қызығады,сөздерді ұйқастырып айтуға икемі болады,жатқа өлең оқуға
әуесқой болып,поэзиялық шығармаларды талдай
алады,баспалардағы,теледидардағы поэзия кешіне зейін аударады,кештерде жыр
оқуға құштарлығы артып,әдебиет пәніне ынта қойып,поэзия деген
танымдылығы,зеректігі дамиды.Осылайша бала бойындағы қабілетті
анықтап,бұлақтың көзін ашу керек.
Танымдылық
Адамдық қасиет
“Адамдық қасиетінен айнымайтын үлкен жүректі ұстаз еш уақытта студенттің
арына тимейді.Мақтауменен бала өседі.Семинардағы бір ауыз пікіріміз үшін
көкке көтере мақтаған ұстаздың қанатты сөзінен кейін биіктеп,қиялмен
қалықтап,жұпыны жатақхананың алдына жеткенде ғана жерге түсуші едік.Сол
ұстаз берген кішкентай қанат таң атпай кітапханаға қарай алып
ұшатын.Қауырсын қалам беріп,небір “ұлы ойды”қағаз бетіне шимайлайтын.
Самайы күмістенген сол ұстаздардың айналасында өңшең бір талантты
балалар жүреді.Енді ойлап қарасам,талаптыдан талант ашқан ұстаздың өзі
екен”.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге
еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар араласып
мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмын.

Еіліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай сілкіністер бүгінгі білім
беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы білім аз, сол
білгенінді істе қолдана білу керек дейді. Әркім қолда барын ұсынады деп
немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына
қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соны орасың. Мақсатымыз- алдымызда
тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы -
әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы-
мұғалім.Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ.Ал
бүгінгі таңда мектептің,мұғалімнің қасиеті міндеті-рухани бай,жан-жақты
дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Рухани байлық,ең алдымен,әр халықтың ұлттық әдет-салты,көзқарасы
шыққан түп-тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз
ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Армансыз адым алысқа бармас.Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл
десек,қателесеміз,Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып
кететініне ,өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына
талай ұстаз куә.Білім жетерлік,бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті
қажет етеді.
Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап,бей-жайлық
танытқанда,ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің.Мұғалімнің
біркелкі дауысы...Балалар үнсіз.Құдды алынбас қамалға кезіккендейсің.Өлі
тыныштық.Осындай сабақтың пайдасы бар ма?Немесе материалдың қызықты жеріне
өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың?Оқушының дара тұлға
ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма?Міне, арманға жетер жол
даңғыл емес,тынымсыз іс-қажет.
Алдымен бала қызығушылығын ояту керек,олай болса зерттейтін объект-
рқушы.Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып,сезімін,ынтасын оятар іс-
әрекетті жоспарлап көр,әрі қарай оқушыны4 таным белсенд3л3г3н арттыруды
мақсат ет.Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне
интеллектуалдық,эмоционалдық,жігерл ілік іс-әрекетке оқушылардың белсене
қатысуы жатады.Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының
түрлерін,оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет,қазір жалпылама
баяндау,сұрақ-жауап,лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере
алмайды.Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі,деңгейлеп-
саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998-1999 оқу жылынан бастап
мектептің барлық сатысына,барлық пәндерге еніп,оқу үрдісін жандандыруға
үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Караевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша
өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып ,іздену өз әрекеттерін
меңгертуді талап етеді.Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз
бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш
деңгейлік,қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.Оның басты
мақсаты-сынып оқушыларын “қабілетті-қабілетсіз” деген жіктерге бөлуді
болдырмау.Сабақта қандай оқушы болмасын,жақсы оқитынына қарамастан жұмысты
бір деңгейден 1 деңгейден орындайды.1 деңгей тапсырмаларын орындау
Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді.1
деңгейді орындаған оқушы “3”деген бағамен бағаланады.Әрбір оқушы 1 деңгейді
орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға
құқылы.Осы тұрғыдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Дарынды балалармен жұмыстың стратегиясы
Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы
Жаңару бағытындағы жалпы білім беретін орта мектепте дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Жаратылыстану менің өмірімде
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Дарындылық туралы жалпы түсінік
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Пәндер