Әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әдебиеттік оқытуды проблемалық тұрғыда ұйымдастыру жолдары.
О. Байқауытова.
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ
Әдебиет – қоғамдық өмір мен ой-пікірлердің, тарихи-әлеуметтік
оқиғалардың, болмыс тіршіліктің айнасы. әдебиет – кез келген шындықты жанды
әрекет, қимыл-қозғалыс, даму үстінде бейнелеп, асыл сөз өрнегімен өрнектеп
көрсетеді.
Олай болса, әдебиет пәнін оқытудың міндеті – ақын-жазушылардың
шығармашылығын мазмұндық тұрғыда ғана таныту емес, ондағы сөз өнерінің
шешендігі мен құдіретті күшін, көркемдік ерекшелігін, бояуын, философиялық
ой-тұжырымының мәнін таныту және оқушыларға ауызша, жазбаша сөйлеу тілінде
көркемдік сөздерді, сөз тіркестерін қолдана білуді үйрету.
Әдебиетті бастауыш сыныптарда оқып білу ақын-жазушылар шығармаларының
мазмұнын білумен шектелмеуі тиіс. Әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің
міндеттері:
1) оқушыларға шығармалардағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай, тарихи
оқиғалардың сипатталу ерекшелігін түсіндіру;
2) шығармалардағы образдар, адам тағдырының, психологиясының
бейнелену өрнегін таныту;
3) шығармалардағы негізгі ой-пікірдің мәнін ашу, олар бойынша
оқушыларды өздігінен ой-пікір қорытындысын жасай білу, өзіндік көзқарасын
дәлелді баяндай білуге баулу;
Әдебиет шығарма шындығын адамдар тағдырына байланыстыра қарауға
тиіс.
(З. Қабдолов)
Сөз өнері, сонымен бірге, танымды дұрыс, жүйелі түрде ұйымдастыра
білудің де құралы, баланың ақыл-ой қабілеттерін, психикалық процестерін
дамытудың да кепілі.
Сондықтан да әдебиет дүниетанымдық және дамытушылық міндеттерді де
шешеді.
Әдебиет пәнінің оқушылардың ақыл-ой, танымдық қабілетін дамыту
мүмкіндігі зор.
Мәселен, әдеби шығармалардың мазмұнына талдау жасауда оқушылар
негізгі ой-пікірлерді екінші қатардағылардан ажыратады, шығармаларды
логикалық ой жүйесіне қарай бөлімдерге бөліп, олардың өзара байланыстығын
байқайды, кейіпкерлердің іс-әрекетіне мінез-құлықтарына сын көзбен қарап,
өз пікірлерін айтады т.б. Бұлар оқушының логикалық ой-дүниесінің, өзіндік
пікірінің, сөйлеу тілінің дамып қалыптасуына мүмкіндік береді.
Әдебиетті оқытуда оқушының тиісті әдеби шығармалар бойынша сапалы да
саналы білім алуы, олардың сол мақсаттағы ақыл-ой әрекетінің белсенділігі
мен саналылығын арттыруда жоғарыда дамыта оқыту мүмкіндіктерін ескерген
жөн. Бастауыш мектепте шығармалардың идеялық мазмұнын ақын-жазушылардың
қоғамдық-әлеуметтік ой дүниесімен сабақтастыра ашу, шығармалардың көркемдік
ерекшілігін ашу, қажеттілігіне сабақ барысында да, әдістемелік еңбектерде
де мән бермейді.
Шындығында, оқушы ақыл-ойының даму дәрежесі оқушының тиісті әдеби
шығармалардың мазмұны мен идеялық, көркемдік ерекшелігін дұрыс ұғынып,
оларды дәлелді түрде түсіндіре білуі, ауызша және жазбаша сөйлеу әрекетінде
әдеби тіл нормаларын сақтап, көркем сөздерді өздігінен белсенді қолдана
білу мүмкіндігінен байқалады.
Олай болса, бастауыш мектеп оқушыларының ақыл-ойын дамыту оқытудың
мазмұнымен бірге оқу жұмысында оқушылардың белсенді ой әрекетін дұрыс жолға
қоюды қажет етеді.
Бастауыш мектепте ақын-жазушылардың өмірі мен шығармаларын оқытуда
негізгі ерекшеліктерін анықтау, ой қорытындысын жасау, шығармалардағы
негізгі ой-түйінін ажырата білу, мәтіндерді негізгі бөлімдерге бөлу мен
олардың өзара өзекті байланыстығын табу сияқты жұмыстар мен шектеліп
қоймай, сонымен бірге, ақын-жазушылардың ой-пікірі мен шығармаларындағы
өзекті жалғастық пен сабақтастықты да танытып отыру – оқушыларды үнемі
проблемалық ізденіске жетелеп, ақыл-ой іскерлігіне, өз ойын логикалық
тұрғыда дұрыс жүйелей білуге баулу үшін тиімді тәсілдердің бірі.
Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытуда дамыта оқыту,
проблемалық оқу мүмкіндіктерін құрастырып, оқушылардың ақыл-ой
белсенділігін арттырып, логикалық ой-жүйесін қалыптастыруда, яғни
оқушылардың жоғары деңгейдегі ой қызметін үнемі ұйымдастырып отыру қажет.
Бұл үшін халық ауыз әдебиеті мен XIX-XX ғасырдағы, қазақ балалар
әдебиетіндегі идеялық мазмұндылық пен сабақтастықты, шығармалар мен ақын-
жазушылар өмір сүрген қоғамдық әлеуметтік жағдайлар мен тарихи жағдайлардың
сабақтастығын оқушылардың байқап табуы, дәлелдеуі ұйымдастырылады. Мәселен,
4-сыныпта Әдебиет пәнін оқыту барысында Қ. Мырзалиевтің Бар ақылын
қарттардың берер ме еді жастарға, батылдығын жастардың берер ме еді
қарттарға деген өлеңнің идеялық мазмұнын ашуда шешендік сөздер мен
жыраулар поэзиясындағы ата-баба даналығынан мысал келтіру, жастардың
бойындағы қайраттылық, жалынды, отты ойлылығы жөнінде Сырымның сөздері мен
іс-әрекеті және М. Дулатұлының Жас қазақтар, қайдасың, М. Жұмабайұлының
Мен жастарға сенемін өлеңдерінің мазмұнын еске түсіру, бұл өлеңдердегі
ортақ ой-пікірлерді оқушыларға тапқызу, сөйтіп, олардағы идеялық
мазмұндастықты дәлелді баяндату арқылы халық ауыз әдебиеті, XIX-XX
ғасырдағы және қазіргі балалар әдебиетіндегі өзекті сабақтастық пен
жалғастықты байқату орынды.
Бұл Қ. Мырзалиевтің жоғарыда аталған өлеңнің идеялық мазмұны мен
ондағы философиялық ой түйінін оқушылардың едәуір жеңіл және сапалы
ұғынуына әсер етеді. Сонымен бірге, оқушылардың халық ауыз әдебиеті мен XIX-
XX ғасыр әдебиеті жөніндегі білімдердің тиянақты болуына, Халық даналығы
жөніндегі ұғымның молығып, баюына әсер еткен болар еді.
Сол сияқты М. Дулатұлының Хан Абылай әңгімесін түсіндіргенде,
Абылай хан өмір сүрген дәуірдегі тарихи әлеуметтік жағдай жөнінде түсінік
беру, Бұқар жыраудың Абылай хан жөніндегі өлеңдерінен үзінді оқу, ол өлең
мен М. Дулатұлы әңгімесінің мазмұндастығын байқатуға көңіл бөлген жөн.
Бұл Бұқар жыраудың шежіре өлеңдері және хан Абылацдың өмірі, қазақ
тарихындағы өзіндік орны мен азаматтығы жөніндегі оқушы ұғымының саналы да
сапалы болуына, Хан Абылай әңгімесінің мазмұнын оқушылардың тез және оңай
түсінуіне, әңгімедегі сөз етіліп отырған Абылай ханның өмірі мен сол
кездегі тарихи-әлеуметтік оқиғалардың, жоңғарлардың басқыншылық әрекетінің
арасындағысабақтастықты оқушылардың сезініп, байқауына мүмкіндік берген
болар еді.
Ақыл-ой дамуы көрсеткіштерінің бірі – ойдың аналитикалық-синтетикалық
сипаты. әдеби шығармалардың идеялық мазмұнын ашуда талдау (анализ) жұмысы
жүргізіледі: оқушылар әдеби шығармаларды немесе зерттеліп отырған оұиғалар
мен құбылыстарды ойша бөлімдерге бөледі, олардың ішінен айтылғалы отырған
ой-пікірлердің, құбылыс пен оқиғалардың мәнінтүсінуге себеп болатынең
негізгілерін ажыратады. Содан соң әдеби шығармалардағы бірыңғай идеялар,
бірыңғай белгілер, ерекшеліктерді табуға негізделген топтау (синтез) жұмысы
жүргізіледі. Ю.А. Самариннің айтуынша, талдау (анализ) мен топтау
(синтез) күнделі теориялық ой процесінде ғана емес, қабылдау процесінде де
жүзеге асырылады. Қабылдау таңдампаздық сипатта болады, қабылдау кезінде
ерекше күшті қоздырғышьар дараланады.
Оқушыларда белгілі бір ұғым-түсініктердің пайда болуы талдауға
(анализ) негізделген топтау (синтез) жұмысының нәтижесі.
Аналитикалық-синтетикалық ой дағдыларын қалыпиасиыру салыстыру,
қорыту, айқындау, жүйелеу, топтау, абстракциялау сияқты ой операцияларын
меңгеруге байланысты.
Аналитикалық-синтетикалық; ой-әрекеті салыстыру арқылы жүзеге
асырылады. Салыстыру – оқу процесінде оқушылардың үздіксіз орындайтын ақыл-
ой әрекеті. К.Д. Ушинский барлыұ ойдың негізі салыстыру екенін айтқан.
Н.А.Менчинская, М.И.Моро оқу жұмысының жемістілігі оқушыларда салыстыру
дағдысының қалыптасуына, яғни олардың ұқсастығы мен өзгешеліктерді ажырата
білуіне байланысты деген. Салыстыру – ой-әрекетінің ең қарапайым түрі.
Ақын-жазушылардың шығармаларын өту барысында 4-сынып оқушылары
кейіпкерлердің іс-әрекетіндегі жағымды-жағымсыз көріністерді, табиғат
көріністерін, тіршілік дүниесіндегі ерекшеліктерді шығармалардағы айтылған
ой-пікірлердің ұқсастығы мен өзгешеліктерін салыстырады, айқындайды. Мұндай
жұмыс оқушылардың ой операциясының басқа түрлерін – қорытындылау, жүйелеу,
топтау, абстракциялауды меңгеру үшін қажет.
Абстракциялау – таным процесінің маңызды да күрделі түрі.
Абстракциялауға үйрету – бірнеше құбылыстарға, заттарға тән негізгі
белгілерді ажырата білуге үйрету.
әдеби шығармаларды оқыту барысында абстракциялау сияқты ой әрекетіне
оқушыларды жаттықтыру үшін бірнеше ақын-жазушылардың шығармаларындағы
идеялық ұқсастық, мазмұндастықты тауып, олар бойынша жалпы қорытынды жасату
қажет болады.
Мәселен, XIX-XX ғасыр әдебиеті үлгілерін өткенде оқу-білімді, өнерді
насихаттаған ақын-жазушылардың өлеңдерінің мазмұнынсалыстыра отырып, жалпы
абстракциялық ой қорытындысын жасатуға болады. Мұндай жұмыс оқушы білімінің
тиянақты болуымен қатар жылжымалы болуын қамтамасыз етеді. Оқушының алған
білімдерін кез келген жағдайда әр алуан нұсқалы тапсырмаларды орындауда
қолдана білу, білім жүйелерінің ішінен бір сипатты белгілерді ажырата білу
және оларды сол негізінде жаңаша топтай білу сияқты күрделі ой әрекеті мен
практикалық дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Қорыта келгенде, оқушының аналитикалық-синтетикалық ойлау қабілетін
дамыту әдеби шығармалардың идеялық мазмұнын ашу, олардың
өзіндікерекшеліктерін таныту, олар жөніндег терең де тиянақты білім беру
үшін қажет. Әдебиет пәнін оқытуда оқытушыларға аналитикалық-
синтетикалықақыл-ой дағдыларын үйрету үнемі, үздіксіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Пәндер