Ыбырайдың ашқан болыстық мектептері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ыбырайдың білім беру жүйесі мен ашқан мектептері.

Жоспары:
I. Ыбырайдың ашқан училищелері.
II. Ыбырайдың ашқан болыстық мектептері.
III. Ыбырай құрған ауыл мектептерінің жүйесі.

Әдебиеттер:
Алтынсарин Ы. Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1975-78 жылдар.
Ақынжанов М. Қазақ ағартушыларының қоғамдық саяси көзқарастарының
қалыптасуы. Алматы, 1955ж.
Бейсембин К. Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси және философиялық
көзқарастары туралы. Алматы, 1958ж.
Дерібсалин Ә. Ы.Алтынсарин. Алматы, 1965ж.
Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин (семинарий), А., 1991ж.
Ә.Ламашев. Ыбырай Алтынсарин ізімен. Қазақфильм туындысы, 1987ж

І. Ыбырайдың ашқан училищелері

1879 жылдың 25 шілдесі күні Орынбор оқу округіне тікелей бағынатын
Торғай облысы бойынша халық училищелерінің инспекторы аталатын әкімшілік
орын тағайындалды. 1 қыркүйектен бастап Торғай облысы халық училищелерінің
инспекторы болып Торғай уездік басқармасының іс-жүргізушісі
(письмоводителі) хорунжий Алтынсарин тағайындалды деген №2623 санды бұйрық
берді. Инспектордың тұрақты орны Торғай қаласы деп көрсетілді. Торғай
облысына қарайтын – Елек, Ырғыз, Торғай, Николаевскі (Қостанай) уездерімен
қоса Ыбырай Алтынсарин Орынбор губерниясына бағынатын Троицкі уезінің
мектептерін де басқарды. Ол іске қызу кірісті. Облыс көлемінде халық
мектептерін шебер ұйымдастыра бастады. Болашақ ашылатын мектептердің
жоспарын құрып, олардың мазмұн-мақсатын, міндеттерін анықтады.
Бұл жылдар (1879-1889) ағартушы-педагогтың қоғамдық педагогикалық
қызметінің толысуы мен орыс прогресшіл педагог қайраткерлерімен достық
байланысын мейлінше өрістету кезеңі болды. Ол К.Д.Ушинскийдің педагогикасын
терең меңгерді, орыс бастауыш мектептерінің ұйымдастырушы-білгірлері
Л.Н.Толстойдың, Н.Ф.Бунаковтың және Н.А.Коровтың шығармаларын олар
ұйымдастырған мектептер тәжірибесін зерттеп білді. Россия империясы
қарамағындағы аз ұлттар арасынан шыққан белгілі демократ-ағартушылар грузин
Я.С.Гогевашвили (1840-1919), чуваш И.Я.Яковлев (1848-1990), татар Каюм
Насыров (1825-1902) және басқалардың ұлттық мектеп ұйымдастыру жөніндегі
табыстары мен оқулықтар жазудағы үлгі-өнегелерін үйренді.
Ыбырай Алтынсарин инспектор бола жүріп, орыс педагогикасының бай
қазынасын меңгеруде және оларды Қазақстанның оқу-ағарту жүйесіне асқан
творчестволықпен пайдалануды, сөйтіп орыс-қазақ педагогикалық
байланыстарының берік негіздерін қалауда өрісі кең, тарихи жұмыстар
жүргізді.
Ыбырай Алтынсарин мектептердің жұмыс мазмұнын былайша анықтады:
Мектеп жаңа өмір үшін күресушілерді дайындайды, оған діннің ешқандай ықпалы
болмауы керек.
Мектеп халық үшін, орыс мәдениетін, білімі мен ғылымын оқып-үйренудің ошағы
болуы тиіс.
Ол қазақ халқы арасына жаңа мәдениетті, жаңа әдеттер мен тәртіпті, гигиена
мен санитарияны, қолөнер мен көркемөнерді тарататын бірден-бір мәдени ошақ
болуға тиіс.
Мектептердің арнайы учаскесі, тәжірибе жүргізетін бау-бақша, гүл алаңы,
мектеп қасында, сол маңдағы халықтың сауатты бөлігіне ықпал ете алатын
ыңғайлы жабдықталған кітапханасы болуы керек.
Алдыңғы қатарлы орыс мектептерінің теориясы мен практикасын, қол жеткен
табыстарын пайдалана отырып, оқу процесін үлгілі ұйымдастыруға тиіс.
Қазақ мектебіндегі ғылым негіздері жүйелі түрде тиянақты оқытылып, ол
сапалы оқу құралдарымен жабдықталуы керек.
Мұғалім ұстаз-тәрбиеші ретінде мектептің барлық жұмысына жауап береді. Ол
өзінің білімін өз бетімен көтеріп отыруға, халық алдында үлгі болуға
тырысуы керек. Оқушылардың ісін сүйетін, соған ынталы және ықыласты болсын.

Мектептерге қалың ел ортасынан шыққан беделді адам қамқоршы болсын,
мұғалімдер халықпен, жергілікті басшылармен қатынаста болуы, тіл тауып
сөйлесе алатындай дәрежеге жетуі керек.
Ыбырай Алтынсариннің оқу, халыққа білім беру системасында екі кластық
орталық училище негізгі орын алды. Оларды ол қазақ арасындағы алғашқы
мәдениет ошағы деп санады.
Ыбырай Алтынсариннің қажырлы еңбегінің арқасында бір кластық Торғай
училищесі 1880 жылы екі кластық болып қайта құрылды. Орынбор оқу округі
басқармасы 1881 жылы 24 ақпандағы №727 бұйрығымен Троицкі бір жылдық қазақ
училищесі жанынан екінші класс ашуға ұлықсат етті, сөйтіп ол да екі кластық
болды. 1885 жылы Ақтөбедегі бір кластық училище екі кластық болып қайта
құрылсын деген Орынбор оқу округі попечителінің 4 шілдедегі №4332 бұйрығы
шықты. Ырғыз мектебі де 1879 жылы екі кластық болып ірілендірілді де екі
оқытушы орыс, қазақ балаларын бірге оқыту мақсатында жұмыс жасай бастады.
1883 жылы Орынбор оқу округі басқармасы Торғай халық училищесінің
тұрағына жақындау мақсатында бұл мектепті Троицк қаласынан Қостанайға
көшіруге ұрықсат берді. Ыбырай Алтынсарин де оқу округі попечителінің 1883
жылдың 16 қарашадағы №4836 бұйрығына сәйкес Торғайдан Қостанай поселкісіне
қоныс аударды. Бұйрықта Торғай халық училищесі инспекторының тұрақты орны
Қостанай поселкесі болып бекітілсін делінген.
Инспектор әрбір екі жылдық училищенің жанынан 50 балалық интернат ашты,
бірақ босатылған ақша көбіне мектеп үйлерін тұрғызуға кеткені себепті, орта
есеппен 25-30 балалық интернат қана жұмыс істеді.
Екі кластық училище Алтынсариннің қатты талап етуі бойынша, қалалық
училищелерге (1872 жылғы Ереже бойынша) айналды. Мұның өзі осы училищелерді
бітіргендердің орта дәрежелі білім беретін, не арнаулы техникалық (қол
өнер, ауыл шаруашылық т.б.) оқу орындарымен тығыз байланыс жасауына
мүмкіндік туғызды, басқа да губерниялардағы қалалық училищелерге ауысып
оқуына жол ашты. 1884 жылдың 28 наурызда Торғайдың әскери губернаторы
генерал-майор Л.П.Проценко Алтынсарин ұсынысы бойынша, қырдағы
училищелердің ресми қалалық аталуы қазақтар да орта және жоғары оқу
орындарында білім алу арқылы мемлекеттік қызметке праволы бола алады - деп
жазды.
Ыбырай Алтынсарин училищелердің оқу мазмұнына үлкен мән берді. Ол тұста
мектептерде біртұтас, бәріне ортақ оқу жоспары жоқ болатын. Әр мектеп
мұғалімі, әр түрлі оқу құралын пайдаланатын, тіпті кейде қолға түскен кез-
келген кітапты да басшылыққа ала беретін.
Ағартушы қарамағындағы училищелер қажетті оқу құралдарын әуелі өзі оқып
шығып, басқа да мұғалімдермен ақылдаса отырып ұсынды. Училищелерінің жоғары
курс оқушыларына география, сызу, тарих, бөлшекке дейінгі арифметика,
табиғаттану пәндері оқытылады. Қазақ балалары орыс тілі грамматикасымен
мектепке түскен жылдың өзінде-ақ таныса бастайды. Олар өзім жасаған көмекші
құрал бойынша орыс сөздерін үйреніп, кейін Ушинский мен Кирпичниковтың
хрестоматиясы мен грамматикасын оқиды - деп жазды Ы.Алтынсарин. Осыдан
Ыбырай Алтынсариннің оқудың дүниелік болуына қанша мән бергенін анық
көреміз. Тіпті әр мұғалімге хат жазып, өз беттерімен оқулық таңдап алуына
тыйым салды. Әрине, ақылдасуға, өз ойларын айтуға, ұсыныстарын түсіруге еш
қарсылық білдірмеді. Бұлай етпеген күнде, - деп жазды ол, - оқыту мен оқу
жұмысын жүргізуде система болмайды. Система жоқ жерде нәтижелі іс те
болмайды, онымен қатар бұратана халық балаларын оқыту жөнінде нақтылы
бағыт-нұсқауға сүйенбей өздігінен оқыту барлық мұғалімнің қолынан келе
бермейді.
Ыбырай Алтынсарин қазақ, орыс училищелеріне өзі іріктеп оқу кітаптарын
ұсынды.
Тек класта білім алу жеткіліксіз, мектептен тыс уақыттарда да
тәрбиеленушілер білім көтерумен тұрақты шұғылданып отыруы қажет деп
көрсетті ағартушы-педагог. Ол оқытушылардың оқудан қолы бос уақытта өз
бетімен де, мұғалімнің басшылығымен де оқитын кітаптарының тізімін жасады
және оларды оқуын талап етті. Бұл тізімге Ыбырай кластан тыс оқуға: тарих,
геогрфия, табиғаттану, физика, химия және ауыл шаруашылығы жайындағы ғылыми-
көпшілік кітаптарды енгізді. Ыбырай ұсыныстары орталық Россиядағы халыққа
ғылыми-көпшілік білім үшін ашылған қоғамдық ұйымдардың атқарған
жұмыстарымен үндесіп жатты.
Орталық училищелер жанынан кітапханалар ашу үшін Алтынсарин қыруар
еңбек етті.
Ыбырай Алтынсарин орталық училищелерге қазақ қоғамынан да бақылаушы
болуын, оларды ресми орындардың бекітуін және міндеттерді анықтауды талап
етті. Орынбор оқу округіне бірнеше мәрте қатынас қағаз жіберді. Оның бұл
ұсынысы қабылданды.
Бұл қамқоршы қазақ қауымының оқып-білім алуына, орыс мәдениетінің елге
тарауына біраз көмектесті, олар оқу мекемелері пайдасына қаржы жинауды
қолға алды. Өз жандарынан біраз ақша да берді.
Ыбырай Алтынсарин училищелердің қамқоршыларын өзіне тартып, олармен
үнемі ақылдасып, мүмкін болған жерде қолдап отырды. Ыбырай Алтынсарин екі
кластық училищелерді бітіргендердің қоғамға пайдалы жұмысқа орналасуын
ойластырды, жақсы бітіргендерін училищелердің төменгі класына мұғалімдікке
пайдаланды.
Ыбырай Алтынсарин ашып, қалыптастырған орталық екі кластық орыс-қазақ
училищелері қазақ қоғамының экономикалық тұрмысы мен рухани дүниесіне
айрықша әсерін тигізген бірден-бір ресми оқу орындары болды. Екі халықтың
достық байланысын нығайтуға дәнекер болды.
Ыбырай Алтынсарин Торғай қаласына көшіп келген селендік орыстардың
балаларының оқуына да үлкен қамқорлық жасады. Училищелердің атын орыс-
қазақ училищесі деп атауды ұсынуында үлкен мән бар. Дәлірек айтсақ, бұл
оқу орнында орыс семьялары балаларының да оқуына болатынын бірден
аңғартады.
Ақтөбеде екі кластық училище жанынан орыс балаларын оқытатын бір класс
ашқаннан кейін, Алтынсарин Қостанайда жеке орыс балаларын оқытатын училище
ашуды аса бір жігерлілікпен қолға алды. Ыбырай Алтынсариннің орыс мектебін
ашу жөніндегі, әсіресе, орыс балаларына деген қамқорлығы туралы 1896 жылы
А.В.Васильев былай деп жызды: Сол себепті, орыс поселкелерінде бір кластық
училищелер ашу өте қажет, ал Қостанайда осындай бір мектеп ашу ауадай керек
-ақ...
Ұлы педагог ұйымдастырған Торғай облысының төрт уезіндегі орталық екі
кластық училищелерде орта есеппен 1878-1889 жылдар аралығында жыл сайын 58
орыс оқушылары оқыпты.
Қостанай қаласында бір кластық орыс училищесі 1886 жылы 21 тамызында
ашылды.
Торғай облысындағы Қостанай қаласында тұңғыш орыс қыздары училищесі
1890 жылы 26 қазанда ашылды.
1891 жылы 2 қазанда Қостанайдағы екінші болып ашылған бір кластық орыс
мектебі жанына ересектер үшін кешкі кластар ашылды. Оған бірден 32 адам
қабылданды. Сол айдың аяғында оқушылар саны 60-қа жетті.

ІІ. Ыбырай ашқан болыстық мектептері

Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы Торғай болысы училищелерінің инспекторы
болып тағайындалғаннан кейін-ақ алғашқы Запискаларында қазақтарды жаппай
сауаттандырудың басты жолдарының бірі-болыстық мектептер ашу деп түйген
еді, бірақ оны ашуды біраз кейінге қалдырған болатын. Ондағы ойы,
біріншіден, мектеп үйлерін салып, оқуға құрал-жабдықтар дайындау, екіншіден
уездік училищелердің жұмысын үлгілі ұйымдастыру арқылы қазақ қауымының оқу-
білімге ынтасын арттыру. Демек, ашылмақшы мектептерде оқитын балалар санын
біршамаға келтіру, үшіншіден, мұғалім кадрларын даярлауды түбегейлі шешу
еді.
Педагог, жаңашыл-Ыбырай Алтынсарин болыстық мектептердің құрылымы,
мазмұны, олардың нақты орналастыру мәселелерін көп ойластырған және
ұсыныстарын әлденеше қайталап, Орынбор әскери губернаторы мен оқу округіне
жазған да еді.
Ыбырай Алтынсарин 1886 жылы Қазақтың болыстық мектептері туралы
записка деген педагогикалық ойларға толы белгілі еңбегін жазды. Онда ол
әр нәрсені білуге құмар және ұғымпаз, зерек халықтарда өзінің көрші
халықтарының тілін білуге, олардың жазуын үйренуге ұмтылушылық күшейіп
келеді дей келіп, мынадай ойлар айтады:
... Біріншіден, олардың қазіргі экономикалық және саяси жағдайының өзі
аяқтарын аттап басқан сайын дерлік, мысалы, орыс тілін, орыс жазуын қажет
етіп отыр. Екіншіден, ... өз қол астындағы халықтарды ой-пікір және
экономика жағынан дамыту жөніндегі үкіметтің жалпы мүдделері тарапынан
қарағанда да қазақ даласына орыс, қазақ мектептерін тез тарату қажет болар
еді... Қазақ арасындағы орыс, қазақ мектептерін тілейтін тағы бір себебіміз
– бұған керекті қаржыны қазақ қауымдарының өздері беріп отыр... ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин тағылымы
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы
Алтынсариннің кезінде салынған екі класты орыс - қазак мектебі үйінің планы
Ыбырай Алтынсаринге дейінгі өлкедегі халық ағарту ісінің жайы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі
Ұлы ұстаз мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер
Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептері
Ыбырай Алтынсарин жайлы ақпарат
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Пәндер