Жаһандану жағдайындағы жастардың әлеуметтенуінің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жаһандану жағдайындағы жастардың

әлеуметтенуінің ерекшеліктері

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,

Ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ.

А. Құнанбаев

Он сегіз мың ғаламның ішіндегі ақыл, зерде иесіне тұрақ болған жалғыз ғана мекен - Жер. Біздер оның перзентіміз. Осы Жер мекенінде өмір сүрген ұлы адам баласын қоғамдық - өндірістік қарым - қатынастарға сәйкес іс - әрекет жасай аларлықтай етіп өмірге даярлаудың ғылыми тілде «әлеуметтендіру» деп атайтындығы белгілі.

Қазіргі жас ұрпақтың дүниетанымдығы өзгерістердің мән - мағынасын ой елегінен өткеріп, зерделеу териялық міндеттер қалай зәру болса, өмірлік тәжірибедегі мақсат - мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсіп бағыт - бағдар сұранысынан, ізгі мұрат - мақсаттар, құндылықтар, себеп - салдары өзгерістерге ұшырап, осының өзі жастардың ой санасына, өмірлік ұстанымдарына ықпал етіп, әлеуметтену қажеттелігін арттырары сөзсіз.

Адам тұлға болып тумайды, ол әлеуметтену үрдісінде тұлға болып қалыптасады. Адам дамуға деген қажеттелікті түсініп, кез - келген шектеулердің шеңберінен шыға алуға қабілетті. Бұл үшін ол саналы тіршілік иесі ретінде іс - әрекет жасап, өзінің ерік сапаларын қолданады.

Әлеуметтену адамзат баласынан қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт - дәстүр, тәрбие, әдет - ғұрып, саяси - экономикалық, мінез - құлық қағидаларын адамдар жасаған өмірлік құндылықтар мен талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруін талап етеді. Соның нәтижесінде адам бойында өзінің мінез - құлқын, жасаған іс - әрекетімен салыстыру, оған байланысты баға беру, сөйте келе өзінің кім, қандай екенін түсінуғ яғни адамның өзін - өзі танып білу қабілеті жетіледі. Адам қоғамнан өз орнын табуға, оған пайда келтіруге тырысады.

Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын ұлағатты ұстаз әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы», - деген екен. Сондықтан да жеке тұлғаны өмірге бейімдеп әлеуметтендіріп Отанын, ел - жерін, тілін қадірлейтін, рухани дүниесі бай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеуде халқымызды ертеңгі болашаққа, мақсат - мұраттарға жетелейтін, тарихымыздан бастау алатын дәстүрлі философия мәселелеріне, ақыл парасатқа, мәдениетімізге жүгінен қазақ идеясының сұранысы бар. Жастарды осындай сұраныспен суғарып әлеуметтендіру қазіргі заманға қажет - ақ . . .

Дүниежүзіндегі көзқараспен пікірлердегі талдау өз алдына жеке тақырып, ал Қазақстандағы алдыңғы толқын - ағалардың, кейінгі толқын - інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы қандай «қорқамын кейінгі жас балалардан» деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде жасы келген сол «ересек кісілердің» өзі күні кеше қандай еді?

Бабаларымыз ерекше өсиет еткендей, бесігімізді түзеуге бет алып, тәуелсіз болдық. Бірақ, балаларымыз қандай болмақ? Бүкіл әлемнен хабардар, техника жетістігімен көргені де, естіп жатқаны да жетерлік - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ? Осындай сұрақтардың қай - қайсысы да айрықша мән беруді қажет етеді және олардың барлығына толық, нақты жауап беру оңай емес, ол уақыттың еншісінде.

Сонымен, жас ұрпақты адамдар қатарына қосып, қоғамда қалыптасуының алғашқы іргетасы болатын әлеуметтенудің бірінші саласы - іс - әрекет болса, жастарды әлеуметтендіруге зор ықпал етуші екінші сала - тілдік қатынас. Адамдар түсінісу құралы арқылы пікір таластырып, алмастырып, қоғамда қалыптасқан адамгершілік принцептерін игереді, адамзат жасаған құндылықтар мен тағылымдары бойларына сіңіреді, өмірге белсенді араласуға үйренеді. Тілдің арқасында білім алып, ой - өрісін кеңейтіп, санасын толықтырады.

Дәлел ретінде ғалым Л. А. Байделдиновтің пікіріне сүйенсек: « . . . қазақ лексикомында туған тіл - «ана тіл», яғни шеше тілі. Бала былдыры мен ананың сырлы сөзі - екі индивидтің -ең алғашқы инстинктивті байланысы» [1] .

Адамдарды жас шағынан бастап салауатты, өркениетті тіршілікке тәрбиелеп дағдыландыру - отбасы мәселесі. Қазіргі ерексектер мен жастар арасындағы ішкілік, есірткіге құмарлық көріністер мен әркелкі ауытқушылықтар туа біткен қасиеттер емес. Отбасында және әлеуметтік ортада көргені, әлсіздігі, ақпарат жүйесінің бейбастақтыққа бағдарлап тәрбиелеуі; көңілден шығатын іс - әрекеттер кеңістігінің жетіспеуі, рухани таяз елесі жаппай дәулеттілік социалистік мемлекеті арқылы қайтарылған жоқ немесе қажеттілікті қанағаттандыру айырбас құны өрісінен тыс жүргізіледі. Социалистік индустрияландыру салдарынан тіршілік өрісін бүлдіру, өлім - жетім мен сырқаттың жарияланбайтын жоғары деңгейі, жаппай қайыршыланумен бүркемеленген жыныс бойынша бөлектеу, теңсіздіктің аса жоғары деңгейіне ұрындырған баспана мен азық - түлікке дотация, осының бәрі қайта социализм жетістіктерінің күлін көкке ұшырады. Ақыр соңында дейін дерлік партия идеологтары социалистік мылжың мен үндеулердің жалына жармасып, өздеріне сенетін ұрпақ азайып кеткенін түсінбеді.

Шығыс Еуропадағы халық партияларының ыдырауы және жаппай қайыршылану алдында тұрғандықтан олардың жаппай дерлік беделден айырылуы, бәлкім, кеңестік блок елдеріндегі социализмге негізгі айыптау болар. Мұның доктринаға сенімге қалай ықпал ететінін және бос қалған орын қалай толтырылатынын уақыт көрсетеді. Ұлтшылдық, популизм, сан алуан неокорпоратистік идеялар солшыл сыңайдағы сайлаушыларды өз жағына тарту амалдарын қарастыруда, өйткені социализм оны өз атымен атауға әлі бел буа қойған жоқ. Сондай - ақ қараңыз: ANARCHISM; BERNSTEIN, EDUARRD; PLURALISM; SAINT - SIMON; SOREL, GEORGES.

Әлеуметтену - біз қоғамның нормалары мен құндылықтарын бойымызға сіңіру жолымен де, өзіміздің әлеуметтік рөлімізді (қызметкер, дос, азамат және т. б. ) орындау қажеттігін түсіну есебінен де қоғам мүшесі болуды үйренетін процесс.

Әлемде бір жағынан мінез - құлықтың, екінші жағынан тәрбиенің немесе туа біткендік және орта адамның даму процесіндегі салыстырмалы маңыздылығы туралы пікірталас әлі де жүріп жатыр. Осымен байланысты айтыс адамзаттың тым әлеуметтенуі дәрежесіне қатысты. Адамдар өздерінің құлық мәнері мен рөлін ойнауды негізгі адамдық инстинктер жойылып кететіндей етіп басқара ала ма? Бұл дау әлеуметтенуді табиғи қалау мен мұратқа қарсы бағытталған процесс деп қарастыратын Фрейдтің сихологиялық перспективасы мен әлеуметтануды қоғамның кірігуі үшін елеулі процесс деп қарастыратын функционалистік перспективаны бір - біріне қарсы қояды. Соңғы кездегі зертеулер әлеуметтену процесіндегі әлеуметтік таптардың айырмашылығына шоғырланған, олардың кейбіреулері қоғамдық құндылықтарға бағдарланудағы айырмашылықтарға (қараңыз: М. Кон, «Class and Conformity», 1969) ден қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі студенттердің тұлғасының дамуы
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Қазіргі кездегі студенттер тұлғасының дамуы
Қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы
Жастардың әлеуметтену мәселелері
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Отбасының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz