Аутогендік жаттығулардың маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

1. Тақырыбымыздың өзектілігі қазіргі замандағы жан шынықтыру тәсілдері мен аутогендік жаттығуларды пайдланудан туындайды.

2. Еңбегіміздің зерттеу обьектісі адам, ал кеңінен алғанда адамдағы мінез-құлықта пайда болған ауытқушылықтардан шығудағы пайдалану әдістері мен жолдарын белгіледі.

. 3. Мақсаты.

Аутогендік жаттығуларды пайдалана отырып жанның мінезін, дағдысын қалыптастыру.

Тренинг арқылы адамды қызықтыра отырып, білімді берік меңгерту, адамның денсаулығын нығайтып, қиыншылыққа қарсы тұра білу дағдыларын дамыта түсу.

Жанды пайдалы еңбекке, мәдениетті сөйлеуге, тапқырлыққа, ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызмет атқаруға, төзімділікке тәрбиелей отырып оқыту.

Оқу үрдісінде психологиялық элементтерді пайдалану оқушылардың пән сабақтарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Жанды шыдамдылыққа, материалды жағдайдан, қиыншылықтан шығуға, стреске қарсы тұра білуге, ойлауға, зейінділікке тәрбиелеу. Олардың рухани жетілуі мен табиғи өсуін, табиғат құбылысын тануға, өз жан дүниесін түсінуге тесттер мен жаттығулар арқылы бойларына сіңіру.

4. Міндеті. Кеңес беруде қолданылатын әдістемелік тәсілдерді қолдану пайдалану. Негізгі әдіс және берілген тапсырманың шартын орындау. Ойындарды қызығушылықты арттыра отырып орындау. Жаттығу, тренинг барысында күнделікті символдарды талдау.

1. Психологиялық тренинггерді пайдалану арқылы адамның тәрбие үрдісін әр түрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіру, жетілдіру.

2 Аутогендік жаттығулар арқылы қорқыныш пен қиындықтардың қандай түрін болса да жеңіп, өз денесіне адамның өз билік жүргізе алатынын, өмірге деген көзқарасын дамытуды көздейді.

3. Аутогендік жаттығуды меңгерген адам өзін әр түрлі психологиялық стрестердің зиянды әсеріне қарсы тұрудың шығармашылығын жаттығулар арқылы дамыту.

5. Шығу жолдары.

а) эмоцияны саналы түрде зерттеу жэне стрестік проблеманы немесе стимулды басқару.

б) эффективті жеңу басқаруға мүмкін болатын стрессорлардың табиғатына және дәрежесіне байланысты.

в) диетаны өзгерту.

г) стрестен шығу үшін тура және жағымды тәсілдерді қолдану.

6. Негізгі идея: гипотеза.

Аутогендік жаттығуларды неғұрлым терең зерттесе, соғұрлым олардың мазмұндық жағы тереңдей түседі.

7. Жұмысымыздағы қолданылған әдістер: анализ, синтез.

8. Теориялық және практикалык құндылығы сынып жетекшілеріне, әлеуметтік педагогқа, психологтарға қолданбалы материал бола алады.

Бір қарағанда біздің әрқайсысымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып көрінетін күнбе-күнгі психологияның өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ, ол өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет. Психиканың өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарай ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшелігін білу үшін осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Егер осы ғылымда да өзіне тән зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар сияқты Психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Психологиялық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдарынан әдістемелер арқылы зерттеу. Зерттелінетін адамның көп рет қайталынған іс-әрекеттері мен қылықтары, сәз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі. Мәселен қабылдаудың шапшаңдығын, естің тұрақтылығы мен дәлдігін тек аспап-құралдармен өлшеуге болады. Зерттеуші тәжірибе үстінде сыналушының жан дүниесіне әсер етіп, оның қандай нәтижеге әкеліп соғатынын да топшылайды. Әрекетті белгілі мақсатқа орай жоспарлы, жүйелі түрде, мұқият ұйымдастыруынан арнаулы әдістер арқылы зерттейді. Мәселен байқау арқылы адамның іс-әрекетінің ағымына қарап оның сөз саптауы мен мимикасын (бет құбылысы) пантомимикасын (денедегі қимыл-қозғалыстар), ойлау, сөйлеу, сезім, ерік жігер ерекшеліктерін, мінез бітістерін ажыратуға болады.

Адамдардың жан дүниесін зерттеуде көркем әдебиет шығармасының алатын орны зор. Психология ғылымының Моцарты атанған, аты айдай әлемге мәлім Л. С. Выготский (1896-1934) Шекспирмен Достаевский шығармасындағы психология бүкіл психологтардың жазғандарынан әлде қайда асып түседі деген еді. Профессор Б. М. Тепловта (1896-1965) әдеби мұралар психология ғылымы үшін еш уақытта мәнін жоймайтын бірден-бір қажетті материал деген болатын. (2) Психикалық процестің осы түрлері бір-бірімен тығыз байланып жатады. Бұлар адамның даралығын көрсететін психиканың қасиеттерімен (мінез, қызығу) кейбір анатомиялық -физиологиялық тума қасиеттерімен де (нышан, темперамент) орайлас көрініп отырады. Бұлардың әрқайсысының көрінуі нақтылы жағдайының әсерінен түрлі мәнге ие болып, адам санасын әр қырынан көрсетіп жатады және бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл жөнінде Абай:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуді жарытпайды,

Жолда жоқ жарыместі жақсы демек, » - деген еді. (3)

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды.

Осылайша адамзат жаңа заман өміріне, ғылыми техниканың информациялық жасанды табиғатқа бейімделу үстінде. Ал, адам өмірге бейімді болғысы келсе, ол өзінің дене құрылымын, сана-сезімін, ақыл ойын соған жаттықтыра, шынықтыра түсуі қажет. Бұлардың бәрі адамның сезім дүниесімен, санасымен, ақыл-ойымен атқарылады. Осы аты аталған адам психикасының, яғни адам жанының әр түрлі қасиеттері, ауыртпашылықтар мен қиыншылықтар үстінде сан қилы қозғалыстарға түседі. Оны жан дүниесіндегі қозғалыстың сыр-сипаты мен мәнін, олардың әр адамның жеке басына түсетін ауыртпашылықтарды жеңу үстіндегі күрес кезіндегі жағдайларын және осы күрес үстінде ауыртпашылықтарды пәрменді жеңу үшін жан дүниесін қалай шынықтырудың тәсілдерін баяндау осы жұмыстың негізгі мазмұны болмақшы.

1. 1 Жанға түсетін ауыртпашылықтар нәтижесі, тұлғаның тәрбиесі.

Әр адам өз өмірінде сан алуан қиыншылықтар мен ауыртпашылықтарды кездестіруі мүмкін. Олармен күресіп, соларды жеңумен өмір жолын кешеді. «Өмір деген, қиыншылықтармен күрес», - деп Маркс тегін айтпаған ғой. Өмірдің сыры мен сипаты осы күрес жолында анық мақсатына жету үстінде қиыншылықтармен күресе отырып, шыңдалады, жетіледі, рухани қанағаттанады. «Күрес деген өмір шарты: күрес тоқтаса, ол өмірдің өшкені», деген В. Г. Белинский: Алайда өмірде кездесетін қиыншылықтардың түрі де мол. Енді осы өмірде кездесетін қиыншылықтардың қайсыбірін жеке-жеке карастырайық. Солардың бірі адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне байланысы жоқ тысқары дүниенің себебінен пайда болатын сәтсіздіктер, апаттар, бақытсыз жағдайлар. Олар адамның басына ойламаған жағдайда кенеттен тап болады. Мұндай жағдайдың салдарынан оған тап болған адам әр түрлі күйге түседі. Өзінің жеке басының басына ойламаған жағдайда кенеттен тап болады. Мұндай жағдайдың салдарынан оған тап болған адам әр түрлі күйге түседі. Өзінің жеке басының ерекшелігіне байланысты әр адамның жан дүниесінде әрқилы психологиялық сипат туады. Біреулер кенеттен туған бақытсыз жағдайда тілден айырылғандай мелшиетін болса, екінші біреулер дауыс көтеріп жылайды. Үшіншісінің көз жасы көл болып еңіресе, төртіншісі ұстамдылық етіп, өзін-өзі ұстай біледі, бойын билеген дегбірсіздіктен тез құтылады. Әрине, кенеттен болсын, біртіндеп болсын адам басына тап болған ауыртпашылық оның жан дүниесіне дақ салмай әр адам әр түрлі жолмен арылады. Адам жанына түсетін мұндай жарақаттар психикалық жарақаттар, деп аталады. Психикалық жарақаттың ерекше бір қасиеті оның сырттан онша білінбей жан-дүниесінің терең түбінде жатуында. (1)

Адамның көңіл-күйіне түсетін ауыртпашылықтардың түріне кісі- аралық қым-қыйғаш қарым-қатынастарда жатады. Күнделікті өмірде адамдар өзара қарым-қатынастарда іс-әрекет жасайды, еңбектенеді, көңіл көтереді, т. б. сол сияқты тіршілік өмір жүріп жатпақшы.

Бірін-бірі сыйлау, бір-біріне көмектесу, бірінің-бірі көңілін табу жалпы азаматқа тән қасиет. Алайда, күнделікті өмірде үнемі олай бола қоймайды. Әр түрлі жағдайлардың себебінен адамдар арасындағы қарым -қатыныстарда қайшылықтар туып, өзара айқастарда кездесіп қалады. Бірін-бірі жәбірлеушілік пен біріне-бірі қарсылықтар да тууы мүмкін. Мүндай күрделі жағдайларда әр адам өзін әртүрлі ұстайды, біреулер күйінеді, біреулер ашынады. Енді біреулер үндемей жүріп іштен тынады. Алайда осындай адам аралық қайшылықтар адамның психикасына, яғни жан-дүниесіне ауыртпашылық тудырады. Ол ауыртпашылық, ең алдымен көңіл-күйге салмақ түсіріп, оның әр түрлі ауытқуларына әкеп соғуы да мүмкін. Мұндай қиыншылықтар адам басына жиі түсе берсе, ол адамда үнемі қынжылу мен салмай қоймайды, тек оның әсері әркімге әр түрлі. (2)

Мысалы, адамаралық қайшылықтарға біреу жауап беріп, ашу шақыра айқасс түссе, екінші біреу сыр білдірмей ашуын ішінен тындырады.

Адам невроздарының түрі сан алуан, сөйтсе оның жалпылама біріне бірінің ұқсастық сипаты бар. Неврозға ұшыраған адамның, көбінесе, ұйқысы бұзылады, көңіл-күйі ауытқыштау келеді. Онда себепсіз де, болар-болмас себепке де дегбірсіздік пен күйгелектік пайда болады, әр нәрсеге қауіптенгіш, сенімсіздік туады. Невроздардың әр адамның жеке басына байланысты сипаты бар, олар нерв жүйесінің туа пайда болған ерекшеліктеріне байланысты. Невроздардың жиі кездесетін кейбір түрлерін атасақ, астениялық неврозда адам тез шаршағыш болады, түнде ұйқысы тез ашыла береді де, күндіз қатты ұйықтағысы келеді, тез терлейді, тез ашуланады, көңіл-күйі тез бұзылады. Кейде жүрегі шаншиды, жиі-жиі басы ауырғыш болады. Истериялық неврозда адам не болса соған тез долданып, көгеріп, күйіп-пісіп, аяқ-қолы тартыла қалады. Кенеттен даусы шықпай, не тілден айырылғандай болады. Невроздың енді бір түрінде адамның өзіне өзінің сенімі кетіп не болса соған тез долданып, соған күдік туғыштық туады. Алға қойған мақсатының орындалуын немесе орындалмауын шеше алмай әуреге түседі. Басына кейде бір түкке тұрмайтын жарым-жарты ой түсіп, ол шықпай қояды. Одан көңіл аудармақшы болғанмен, ол бос ой себепсіз қайта-қайта басқа кіре береді.

Жанға да, тәнге де түсетін ауыртпашылықтардың бәрін бірдей (түрлі ауру-сырқаулар, көңілге түсетін салмақтар) жер жүзіне әйгілі Канада ғалымы Ганс Селье стресс деп атаған. Жанға түсетін ауыртпашылықтар, яғни психикалық стресстер тек қана невроздар емес, одан басқа да ұзақ дамитын псхосоматикалық аурулардың тууына жол ашады. (3)

Адам өз өмірінде әр түрлі ауыртпашылықтармен, яғни стресстермен кездеспей қоймайды. Жүре келе оған төзеді, көнеді. Олармен күрес үстінде адам шыңдалады, жетіледі, сөйте түра ауыртпашылықтар адамның көңіл-күйіне қаяу салмай қоймайды. Бірақ адамның ардагерлік қасиеті оның ауыртпашылықтар мен қайшылықтарға мойын ұсынбай, оған қарсы тұрып қайрат көрсетуінде. Әр адам мұндай ардагерлікке өз білгенінше жол табады. Жас кезінде оны үлкендер үйретіп, тәрбиелесе, есейе келе ол өз тәжірибесін дамытады. Сөйтсе де, көп жағдайларда адам ауыртпашылықтарға қарсы тұрудан қашып, қысқа мерзім болса да өз қалпынан тайқып, өз билігінен айрылғандай жағдайға түседі. Бұл, әрине, невроздық жағдайдың белгісі.

1. 2 Жан шынықтыру тәсілдері адамға әсер етуші факторлар

Жанға түсетін ауыртпашылықтар, қысымдар (стрестер) адамның көңіл-күйі мен сапасына дақ салмай қоймайтынын жоғарыда атап өттік. Сондай дақтардың көбісі ұзаққа бармай тарап кетеді, солай бола тұрса да оның кейбіреулері адамның көңіл-күйіне көлеңке түсіріп, біріне -бірі қосыла

қалыңдай бермекші. Ол, әрине, денсаулыққа зиян екені, оның психосоматикалық аурулардың шығуына себеп болатыны айтылды.

Сондықтан да, аталмыш ауыртпалықтардан түсетін көңіл-күйдегі, сана-сезімдегі дақтарды ерікті түрде ыдыратып, көңіл-күйді олардан тазартуды іздестіру қажет. Енді осы мәселеге тоқталалық. Жанды шынықтырудың, көңіл-күйді әр түрлі дақтардан ада қылудың ең тәуір және қолайлы түрі-ол адамның өзін-өзі сендіре білуінде. Сендіру, иландыру адам психологиясын зерттеуде ерекше орын алатын ғылыми сала. Адамзат атам заманнан бері сендіру әдісі мен өнерін пайдалана білген. Сендіру өнерін, әсіресе, бақсы-балгерлер тәуір меңгерген. Сендіру дегеніміз екі түрлі топқа бөлінеді. Оның біріншісі-біреуді біреу сендіру болса, екіншісі-өзін-өзі сендіру. Біреуді біреу сендіру әдісін, көбінесе, дәрігерлер пайдаланады, ондай әдістерге ашық түрде сендіру және гипноздап(яғни адамды калғуға түсіріп) сендіру жатады.

Дәрігерлер өзін-өзі сендіруді де пайдаланады. Ол үшін олар қаралып жүрген адамдарды соған үйретеді. Сендіріп емдеу үшін дәрігердің қаралатын адам алдында үлкен беделі болуы керек. Сонымен қоса, ол науқас адамдардың өзіне деген мол сенімін туғызуы шарт. (4)

Адам психикасында оның жеке басында сену, илану деген өте маңызды орын алады. Күнделікті өмірде болын жататын біздің іс-әрекетіміздің көпшілігі сену арқылы шығатыны анық. Эмиль Куә атты француз дәрігері осындай жағдайға зер салып, оны дереу науқастарды емдеуге пайдалана білді. Ол бұл туралы кезінде дәрігерлер арасына тез жайылған өзін-өзі сендіру арқылы емдеу жолын баяндайтын кітапша шығарған. (5)

Егер адам өз алдына бір мақсат қойса және оны орындауға сенімді болса, ол адам оған жетпей қоймайды. Керісінше, ол алдына мақсат қоя тұра оған жететініне сенімі аз болса, ол мақсатқа жетуі де күдікті болмақшы. Керісінше, ол алдына мақсат қоя отырып оған күдікті болмақшы. Осыған орай бір қарапайым ғана мысал келтірейік: бір топ адам тоғай ішінде кездесе кеткен өзеннен өтуге мәжбүр болыпты. Өзен үлкен болмағанмен суы терең екен және ағыны да қатты көрінеді. Бірақ өзенде өзенде кесе көлденең бір бөрене жатыр екен. Ол топтың ішіндегі біреуі бөренені көре сала алдында кең көпір жатқандай бөрененің үстінен ырғалмай, шайқалмай еркін өтіп кетеді. Оның артынан келе жатқан екінші біреу өзіне-өзінің сенімі азайып, құлап кетем бе деп қауіптеніп қорқып-пысып бөрененің үстімен әзер өтеді. Оның артындағы келе жатқан үшінші адамның да өзіне өзінің сенімі аз көрінеді. Ол алдындағы адамның едәуір абыржып, бөрене үстімен мүлдем өте алмаймын деген сенім ұялайды. Ол осы себепті өзеннен өтпей қояды. Міне, бұл мысалда біз үш адамның алдында кедергі кездескенін көріп отырмыз. Өзіне өзінің сенімі мол оны елең де қылған жоқ. Сенімі нашарлау адам қиналып өтті, ал өзіне өзінің сенімінен мүлдем жоқ адам өткен жоқ.

Егер адамның тісі немесе басқа жері ауырса, сол кезде адам менің тісім қатты ауырады, оған төзімім аз, оған шыдай алмаймын, деп ойласа, (яғни өзін-өзі солай сендірсе), оның тісінің ауырғаны күшейе түседі. Ол, керісінше, тісім ауырып тұр, бірақ, оған шыдауым керек десе оның ауырғаны азаяды.

Немесе бір адамның басына ауыртпалық түссе (апат, бақытсыздық жағдай, сәтсіздік және тағы басқа сол сияқтылар), соған ол адам төзімділік сақтай алмай, дегбірі қашып, сарыуайымға түсіп, өмірден мүлдем күдер үзгендей болып, бұл қайғыны, бұл бақытсыздықты енді мен мүлдем көтере алмаймын, өзіме-өзім келе алмаймын, деп ойлап, соған мойын сұна әлсіздікке, нашарлыққа сендіре берсе, ол адам ұзақ уақыт уайым қайғыдан арыла алмай, хал-жағдайы нашарлай береді. (5)

Ал ол, керісінше, өз басына түскен ондай ауыртпашылықтарды батыл қарсы алып, уайымдаса да, қайғырса да оған мойын сұнбай, «жоқ мен мықтымын, өмірдің мұндай қатал қасіреті мені жеңе алмайды, мен өз билігімнен айрылмаймын, сабыр етемін, салқын қанды боламын, ол менің аяғымды сындыра алмайды, мен өзіме-өзім берік боламын », деп өзін-өзі қолдап, сендіре білсе, ондай адамның басына түскен ауыртпашылықтың зілі де азаяды, көңілге түскен ізі де тезірек көмекке іленеді.

Басына психикалық ауыр жағдай түскен адам алғашқы бетте өз билігінен айырылып, өзін-өзі ұстамды, сабырлы жағдайға бірден түсіре алмауы мүмкін. Соның салдарынан психикалық стреске ұшыраған адамда психогения, невроз, деп аталатын мінез-құлықтардың айнымалы өзгерістері пайда болады. Адамды өзін сол аталған психикалық стреске мықты болуға тәрбиелейтін, жаттықтыратын білімді психопрофилактика дейді. Психопрофилактика дегеніміз- психикалық ауыртпашылықтардан шығатын жоғары нерв жүйесінің; психиканың біраз уақыт қалыпты жұмысынан ауытқуын болдырмау.

1. 3. Вегетатикалық нерв жүйесінің тіршілігі.

Вегетатикалық нерв жүйесінің тіршілігі санадан тыс өз бетінше жүріп жатады. Бірақ оның да өз бетінше тіршілігінің шегі бар. Күрделі және қиынырақ жағдайларда вегетатикалық нерв жүйесі орталық нерв жүйесіне бағынышты. Мидың астыңғы қабатында вегетатикалық нерв жүйесін басқаратын орталықтар бар. Жұлын ішіндегі нерв талшықтарының барлығы да осы орталыққа келіп тоқталады. Ал олардан шығатын нерв талшықтары мидың жоғары жағындағы мидың әжімделген сары қабаттарымен байланыс тудырады. Мидың әжімделген сары қабаттары сана-сезім мен ой дүниесінің, демек адам психикасының ордасы. Осылайша орталық нерв жүйесінің ордасы бас миы ішкі ағзалардың жұмысын басқаратын вегетатикалық нерв жүйесімен байланысады. Ол байланыс жұлын арқылы жүріп жатады. Орталық нерв жүйесі вегетатикалық нерв жүйесімен тек қана байланысып қоймай, оның қызметіне билік жасайды. ( 6)

• Вегетатикалық нерв жүйесіне саналы түрде әсер жасау бас миының әжімделген сарғыш қабаттары арқылы істеледі. Ішкі ағзаларға саналы түрде әсер жасау дегеніміз адам өз еркімен олардың қызметіне билік жасауды айтады. Дене құрылысына, организмге ерікті саналы түрде әсер ету, билік

жасау тек қана бұлшық еттерді қимылдатумен ғана белгілі. Адам өз еркімен аяқ-қолын, денесін қимылдата алады. Әр түрлі күш жұмсауға бейімі бар. Ол тынысын өз еркімен жиілетеді немесе баяулатады. Өйткені, омыртқа мен қабырғалар аралығындағы бұлшық еттер бас миының әжімделген сарғыш қабаттары арқылы да атқарылады. Адам өз еркімен саналы түрде жүрек жұмысын жиілете немесе баяулата алмайды. Бүйрек жұмысын жиілетіп, зәр шығаруды ұлғайта алмайды. Ас корытуды күшейте алмайды. Олардың барлығын вегетатикалық нерв жүйесі билейді.

Вегетатикалық нерв жүйесі мен орталық нерв жүйесінің қызметі де бірімен-бірі тығыз байланысты. Вегетатикалық нерв жүйесінде әр түрлі ішкі аурулардың салдарынан пайда болатын санадан тыс ауытқулар орталық нерв жүйесінің жұмысына әсер жасайды. Керісінше, орталық нерв жүйесінің қызметінің куәсі - саналы сезімді тіршілік дүниесінде кездесетін әр түрлі ауыртпашылықтар мен қиыншылықтар санадан тыс болып жататын вегетатикалық нерв жүйесінің қызметіне ауытқулар тудыруы мүмкін. Бұл арада есте сақтайтын бір мәселе орталық және вегетатикалық нерв жүйелері әрқайсысы жеке-дара дүние емес, бірлесіп біте кайнасқан адам организміндегі біртұтас нерв жүйесінің мүшелері, деп білген дұрыс. Вегетатикалық нерв жүйесі оның төменгі сатысы болса, орталық нерв жүйесі оның жоғарғы сатысы. Адам организмі тіршілікке үйлесімді болу үшін оның ішкі ағзалары вегетатикалық нерв жүйесімен атқарылса, оның сана-сезім дүниесі орталық нерв жүйесінің жұмысымен байланысты.

Осы аты аталған нерв жүйелерінің қызметі және олардың бірі мен бірінің байланысы ұғымды болу үшін тағы да бір мысал келтірейік: бір адамның аузына жүзімнің бір түйірі түсті делік. Оның дәмі тілдің және ұрттың сілекейлі қабаттарына орналасқан нерв жүйелерінің ұштарын тітіркендіреді. Ол тітіркену бірден сілекей бездерінің қызметін билейтін нерв жүйелеріне жетіп, бұл құбылыс сілекейдің ағуын тудырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АВТО жаттығу - тәуелсіз жаттығулар
Суггестивтік психотерапия
Психологияның зерттеу әдістерінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдар
Негізігі психологиялық әдістер
Психология ғылымындағы зерттеу әдістері
Психологияның зерттеу әдістері
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Спортшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
Спортшылардың психологиялық дайындығы
Адамның психофизикалық сипаттамасы мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz