Төртінші нысан ежелгі қала мешіті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Χ - ΧΙΙ ғасырларда Қарлұқ қағанатының астанасы болған ежелгі Қойлық
қаласы. Оның орнына 1998-2005 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық
қазба жұмысының барысында әртүрлі өркениеттердің тоғысқан ірі сауда
орталығы болғанын дәлелдейтін бірнеше маңызды нысандар анықталды.Олардың
қатарына тартымдылығымен ерекшеленетін төмендегі нысандарды жатқызуға
болады:
-ежелгі қаланың оңтүстік-шығысындағы рабаттағы шығыс моншасы, бай
саудагердің үйі мен керуен сарайы;
-орталық бөлігінде орналасқан цитадельдегі мұсылман мешіті;
-қаланың солтүстік-батыс шетіндегі будда храмы.
Аталған ғимараттардың салыну ерекшелігі мен қазба жұмыстарының
барысында табылған құндылықтар Жетісу өңіріне тән қала құрылысы мен сәулет
өнерінің өркендегенін айғақтайтын маңызды нысан болып табылады.Солардың
ішіндегі – ежелгі Қойлық қаласының шығыс шетіндегі мұсылман моншасы –
хамам. Ол қазіргі Қойлық ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Алматы-
Өскемен автомобиль жолынан 70-80 метр қашықтықта орналасқан. Аумағы 25x17,5
метр. Кешеннің іргетасы мен негізгі керегелері судың бұзушы әрекетіне
төзімді құм мен саздан күйдірілген қыш кірпіштерден қаланған.Төрт бұрыштары
кеңістіктің негізгі бағытына сай келеді. Ғимарат Сарқан өңірінде соғатын
күшті желдерге бағыттас салынған, пішіні төрт бұрышты. Ежелгі қаланың басқа
әлеуметтік – тұрмыстық нысандарынан негізгі айырмашылығы су эрозиясына
төзімді күйдірілген қыш кірпіштен салынған. Нысанның бір ерекшелігі суда
ерімейтін қыш кірпіштерді бір – бірімен байланыстыратын материал ретінде
Орта Азияға тән ерекше әдіспен даярланған алибастр қолданылған.
Еденіне шахмат үлгісімен су өткізбейтін 25x25x5 см-лік тығыз қыш кірпіш
төселген. Монша кіре беріс дәлізден және орталық жуынатын бөлменің жан -
жағында крес тәрізді болып орналасқан жеті бөлмеден тұрады. Барлық
бөлмелердің есіктері орталық жуынатын бөлмеге ашылады. Қазба жұмыстарын
жүргізген археолог ғалымдар мен тарихи жазба дерек көздеріне сүйенсек,
мұсылман моншаларының бөлмелері температураларының ерекшеліктеріне сай жылы
және ыстық болып екіге бөлінген.Олар температуралары біртіндеп артуымен
ерекшеленген. Жуынатын бөлмелерде су құятын астаулардың орны бар. Олар қыш
кірпіштен қаланып, ақ түсті суда ерімейтін арнайы (алибастр) майланған.
Қойлық қаласындағы Шығыс моншасы мен басқа да нысандарды жылыту үшін барлық
бөлмелердің еденінің астымен беті 25x25x5 сантиметрлік тең бүйірлі төрт
бұрышты қыш кірпіштен жабылған түтін шығатын құдықтар жүргізілген. Бөлмелер
жақсы жылыну үшін тандыр пештерін еденнің деңгейінен төмен салған. Барлық
тұрмыстық - экономикалық маңызыбар нысандар сияқты хамамға да таза ауыз
сумен қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын көлденең қимасы 12-15
сантиметрлік қыш құбырлар жүргізілген. Ұзындығы 0,5-1 метрге дейін жететін
қыш құбырлар Жетісу өңірінде IX-XIII ғасырлардың өзінде қала құрылысы мен
сәулет өнерінің жоғары деңгейде дамып, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз
ету мәселелеріне баса назар аударылғаны байқалады. Ежелгі Қойлық қаласын
сумен қамтамасыз ету үшін Лепсі өзенінен тартылған арнайы жабық құм
сүзгілерден өткізіліп тазартылған суды жеткізетін ұзындығы 12 шақырымнан
асатын қыш құбырлар айғақтайды.
Ежелгі Қойлық қаласында ірі сауда орталығы болғандығын айғақтайтын
археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген екінші тұрмыстық нысан – Бай
саудагердің үйі. Ол қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Ғимараттың аумағы
41x44 метр, төрт бұрышты кеңістіктің негізгі бағытына сай келеді. Сыртқы
керегесінің қалыңдығы -0,8-1 метр.Тұрғын үй кешені қонақ күтетін бірнеше
кең және шағын жататын бөлмелерден тұрады. Батыс шетіндегі кең бөлменің
ортасында көлденең қимасы 1,5 метрге жететін дөңгелек диірменнің тасы бар.
Жылыту жүйесі ретінде ерте орта ғасырдағы шығыс елдеріне тән кәң жүйесі
пайдаланылған. Қазба жұмыстарының барысында аталған нысаннан саудагердің
үйі екенін айғақтайтын XIII ғасырда Иранда жасалған әйнек ыдыстар мен
Қытайда жасалған шыңылтырланған жасыл түсті қыш құмыралар табылған.
Үшінші нысан ежелгі қаланың солтүстік - батыс шетіндегі ауданы 400
шаршы метрден асатын – будда ғибадатханасы. Бұл төртбұрыш және дөңгелек
пішінді төбешіктер. Олар жеке тұрғын үйлер мен қоғамдық құрылыстардың
үйіндісі болып табылады. Қала қабырғасының сыртында, солтүстік жақта
іргесінен бастап өлшегенде 30-35 метр, биіктігі 5 метр болатын текше
түріндегі төбе бар.
Мұнда жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде оның салыну жобасына
қарап, будда храмы сияқты құрылыстарға ұқсастығын байқауға болады. Жобасы
бойынша бұл 60x60 метр текше түріндегі құрылыс. Ортасында көлемі 4,5x4,6 м
болатын Құдайға құлшылық қылатын залы бар. Оның төрт жақ қабырғасын
айналдыра дәліздер салынған. Дәліздердің кеңдігі 2,5 м-ден 2,8 м-ге дейін
жетеді.Құрылыстың қабырғаларына өлшемі 36x36x18 см сабан кірпіштер
қолданылған.
Сақталған қалдықтарына қарағанда ғибадатхананың едені күйдірілген
кірпіштен төселген. Ғимаратқа кіретін қақпа оңтүстік – батыс қабырғада.
Басты кіреберіс тас блоктардың үстіне орнатылған екі кең колонналармен
өрнектелген. Олар – жуан, діңі түзу, лаймен сыланып, тігінен қойылған
бөренелер. Сыртқы есіктің ені 2,8 метр, ішкі есіктікі -3,5 метр.
Зерттеу барысында храмның салынуының екі кезеңі анықталды. Алғашқы
ғимарат құлап қалған. Шамасы, жер сілкісінен зардап шеккен болуы керек.
Қабырғаларын тегістеп, іргесін қалдырып, оның үстінен екінші құрылыс
жүргізген. Бұрынғы қабырғалардың төменгі бөлігіне екі қатар күйдірілген
кірпіш қалап, қабырғаларын қайтадан тұрғызған. Құрылыс жобасы сол қалпында
қалған, өзгертілмеген.
Солтүстік – шығыс, солтүстік – батыс және оңтүстік – батыс дәліздердің
едендері малта тастармен толтырылып, топырақ, ұсақ тастар төсеу арқылы
биіктетілген. Бұған оңтүстік – батыстағы дәліздің едені кірер есіктен
бастап жоғарылай көлбеу көтеріле түсуі дәлел.
Соңғы ғибадатхана – қабырғасының биіктігі 3 м-ге жететін, сабан
кірпіштерден салынған құрылыс. Кірер қақпасы оңтүстік – батыста орналасқан.
Төбесі жайпақ, тегістеліп жабылған. Төбені төрт колонна тіреп тұрған.
Олардың қалдығы еденді аршыған кезде табылды. Колонналар кеспелтек ағашқа
орнықтырылған.
Дәліздердің де төбесі жайпақ. Тегіс болған. Тек сыртқа ғана сәл көлбеу
салынған. Төбенің кейбір белағаштарын ішкі қабырғаны бойлата жерге қазылып
орнатылған тіреу бағаналар ұстап тұр. Бағаналар еден деңгейіне тереңдетіліп
орнықтырылған кеспелтек ағаштардың үстіне қойылған. Төбені жапқан
белағаштардың үстіне балшықпен қалың етіп сыланған қамыс салынған.
Белағаштар темірден соғылған әр түрлі өлшемдегі шегелермен бекітілген.
Олардың арасында 25 см- ге жететін ұзындары да, 5-7 см болатын қысқалары да
бар, тіпті төртбұрыш шегелер де кездеседі.
Бұл храмның буддалық екенін нақты дәлелдейтін нәрсе – діни
қызметкерлердің киімі мен діни ғұрыптың суреттелуі. Рубруктың саяхат
барысында жазылған күнделігінде:
...абыздардың барлығы шаштарын тықырлатып алдырып, сақалдарын қырып
жүреді. Олар үйленбейді. Храмға кірген күндері екі орындықты қатар қойып,
клиросқа қарап отырады. Егер оған қарама – қарсы отырар болса, ол жерге
отырады да кітап оқиды... Олар қайда барса да қолдарында жүз,екі жүз тас
тізілген таспиқ ұстап жүреді. Олар әрдайым: on mani bassam деп қайталап
жүреді. Маған біреудің аударып, түсіндіріп беруі бойынша, олар осы сөзді
неше рет қайталаса, Құдай соншама игілік береді және осылайша бұл сөзді
әрбір айтқан сайын олар Құдайды еске алып отырады.
Төртінші нысан ежелгі қала мешіті. Мешіт қаланың ортасына тақау
салынған. Қазылып алынғанға дейін ол аумағы 35x30 (метр) болатын төртбұрыш
төбешік болатын. Қазба жұмыстары кезінде белгілі болғандай, бұл құрылыс -
34 x 28 (метр) текше түріндегі ғимарат. Қабырғасының қалыңдығы 2 метрге
жуық. Қабырғалар ішкі жағынан сабан төртбұрышты кірпіштерден қаланған,
қазір оның сақталып қалған биіктігі 1,5 – 1,6 метрдей. Қабырғаның ішкі жағы
сыланған, ал сылақтың арасынан от жағатын пештен бастап, қабырға бойымен
жалғасып жатқан қуыс (ұңғы) қалдырылған. Олардың бойымен түтін мен оттың
ыстық жалыны жүріп отырған. Бұдан суық кезде мешіттің отпен жылытылғанын
байқауға болады.
Мешітке кірер есік шығыс қабырғада, ал оған қарама – қарсы тұста, батыс
қабырғаның ортасында күйдірілген кірпіштен қаланған ойық – Мекке қаласының
тұсын, құбыланы білдіретін михраб жасалған. Бұл – мінажат жасап тұрғандар
маңдайын қарататын, бетке алатын ең қасиетті тұсы. Қойлық мешіті бағаналар
тізбегі немесе бағаналы деп аталатын архитектуралық құрылыс түріне
жатады. Ол дегеніміз, мешіттің ішінде тірек қабырғалар болмаған, ал ағаш
пен қамыс араластырылып жасалған төбе жапқышты көптеген ағаш бағаналар
ұстап тұрған. Бағаналар сақталмаған, есесіне, олар бекітілген тас
іргеліктер табылған. Мұндай тастардың саны -54. XII ғасырдың соңы мен XIII
ғасырда өмір сүрген бұл мешіттің көлемі оның қаладағы үлкен мешіт болғанын,
тіптен, қарлұқ жабғұ мемлекетіндегі бас мешіт болғанын көрсетеді.
Зерттеулерден белгілі болғандай, қаланың солтүстік – шығыс қақпасы
маңында XII ғасыр мен XIII ғасырдың алғашқы жартысында салынған кесенелер
кешені болған. Олар өте нашар сақталған, шамасы, әдейі құлатылған. Замана
өте олар біржола топырақ үйіндісіне айналып кеткен. Тек бүлінбей, сақталып
қалғаны – қабырғалардың кей жерлері, күйдірілген шаршы тектес кірпіштен
қаланған бұрыштама колонналар және кірпіш төселген еден. Еденнің астынан
төрт қабір – екеуі ер адамның, бірі әйел адамның, тағы бірі жас сәбидің
сүйегі табылды. Қай уақытта қайтыс болғаны белгісіз. Бұл адамдар мұсылман
ғұрпы бойынша жерленген. Ислам дінінің заңдылығына байланысты, қабірге
мәйітпен бірге ешқандай зат салынбайды. Алайда кейде бұл жағдайдан тыс
жағдайлар да кездеседі - әйел адамның мәйітінен екі алтын жүзік, іші қуыс
шар формасындағы алқа алынды.
Қазба жұмыстары кезінде кесененің орнынан негізінен табылғаны –
күйдірілген кірпіштердің сынықтары. Нақыш жүргізілген тақта тастар мен
кірпіштерге қарап кесенелердің қасбеттері белдеу – белдеу болып қаланып,
бедерлі кірпіштермен айшықталғанын білуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысында туризмді дамыту
ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер
ДІНИ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ
Қызылорда облысындағы туризм
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Қарағанды облысының географиясы
Экскурсиызық іс-әрекеттің теориялық астары мен жүргізу әдістеріне талдау
Пәндер