Асқорыту жүйесінің қызметі
АСҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы, денеге сіңуі аса
күрделі үрдістер. Ас адамның арқауы - дейді халық.
Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі
тіндердің жаңарып жаңғырылуын, жасуша түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын
қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын
энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы
түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, жасушалардың,
тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Адам өзіне қажет қоректік
заттарды әдетте сырттан алады. Бұл - экзогендік тамақтану.
Сырттан, қоректік заттар келіп түспесе де, адам біразға дейін
тіршілік ете береді. Ол өз жасушаларындағы органикалық қоректік заттарды
пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тіндердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз
етіп отырады, яғни эндогендік тамақтану басталады. Мұндай жағдайда энергия
қоры біртіндеп таусылады да адам әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Демек,
эндогендік тамақтану тән тірлігін қамтамасыз ете алмайды. Асқорыту - өте
күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өнделеді, соңынан химиялық
реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өндеу
барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынмен шыланып,
жұмсарады. Химиялық өндеуте ішек-қарын ферменттері қатысады. Асқорыту
ферменттері сусыз жерде әсер ете алмайтын ашытқы гидролазалар тобына
жатады. Бұлардың әсерінен күрделі органикалық қоректік заттар ыдырап, қан
мен лимфаға өтетіндей, денедегі жасушалар пайдалана алатындай қарапайым
қосынды - мономерлерге айналады.
Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық
заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидралаза ферменттері
түзілу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Аутолитикалық ферменттер -
тағамдық заттар, мәселен, ана сүті құрамындағы ферменттер, симбионттың
гидролазалар - бактериялар мен біржасушалы жәндіктердің қатысуымен
гидролиздік үрдістерді іске асыратын, айталық, күйіс қайыратын малда
клетчатканы ыдырататын ферменттер. Адамда симбионттық гидролиз тоқ ішекте
ғана кездеседі. Меншікті гидролазалар - жан-жануар, адам денесінде ас
қорытуға қатысатын ішек-қарын сөліндегі негізгі ферменттер.
Гидролиз үрдісінің орналасуына қарай жасуша ішіндегі және одан
тысқары жердегі ас қорыту болып екіге бөлінеді.
Жасуша ішіндегі асқорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы жасушаға өтетін
қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды.
Мәселен, лейкоциттер мен лимфоциттерде, ретикулоциттер және гистиоциттер
жүйесінде ас осылай қорытылады.
Жасушадан тыс жерде асқорыту дистанттық (қуыстық) және контактық
(мембраналық) ас қорыту болып екіге бөлінеді. Дистанттық ас қорыту
ферменттер түзілетін жасушалардан оқшау жерде, ішек-қарын түтігінде өтеді,
ал контактық ас қорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен
жанасқан эпителий жасушаларында гликокаликстегі ферменттердің әсерінен
болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гликокаликс
қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады да, ішек
эпителий бетіндегі микротүктер арасында орналасқан микроканалдар арқылы
ішек жасушаларына өтеді. Сөйтіп сіңу үрдісі басталады.
Асқорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын,
он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан
тұрады.
Асқорыту жүйесінің қызметі:
1. Сөл шығару (секреция) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын
бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік
заттарды ыдырататын ферментер (гидролазалар) болады. Олар үш топтан, атап
айтқанда, протеаза, липаза, карбогидролазадан тұрады.
Протеаза ферменті белоктарды пептид және амин қышқылдары сатыларына,
липаза - әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидралаза -
полисахаридтерді (крахмал, гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.
2. Қимыл (жиырылу-жазылу) қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды.
Жоғарыда аталған асқорыту жүйесі құрамына кіретін ағзалар бірімен бірі
жалғасып (түйісіп) ұзыннан ұзын созылып, жоғарыдан төмен қарай тартылған
ішек-қарын түтігін құрады. Өңеш, қарын, ішектер қабырғасының ортаңғы қабаты
бірыңғай салалы еттерден тұрады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және
бойлай тартылған екі түрлі талшықтан құралған. Асқорыту жолының бір бөлімі
екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина тәрізденіп
топталып, сфинктер еттерін құрады. Өңеш, ішек-қарынның қимылы
(моторикасы) осы еттердің біресе тартылып, біресе жазылып алма-кезек
қимылға келуіне байланысты. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш,
ішек-қарын түтігі (каналы) тарылып, ұзарады, ал ұзынынан орналасқан ет
талшықтары жиырылса түтік кеңейіп, қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің
ішек-қарын сөліне шыланып ондағы ферменттер әсерімен ыдырауға, бұдан пайда
болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе
жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика),
мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жыл-
жиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар ысырылып, артқы тесікке жақындай
түседі, сөйтіп қажетсіз заттар біртіндеп сыртқа шығарылып тасталады.
3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі, ішек-қарын түтігінде болады. Адамға
қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарадайым қосындыларға айналады да,
түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға
сіңеді. Сіну ішектің әр бөлігінде әртүрлі. Аш ішекте ас қорыту үрдісі
аяқталады. Ас ішекте ұзақ кідіріп, сіңу сатысына жетеді, оның шырышты
қабығы сіңіруге бейімделген ағза ретінде қызмет жасайды. Жалпы алғанда
қоректік заттар (ыдырау өнімдері) негізінен ащы ішекте сіңеді.
4. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі (экскреция).
Қорытылмай қалған ас қалдықтары, қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп
үлгірмеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар (несеп
қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басы артық тұздар, су), өт құрамындағы
заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады. Кейбір заттар қанда көбейіп кетсе
бөлініп, асқорыту түтігіне шығады, демек, асқорыту жүйесі қандағы қоректік
заттар мөлшерін реттеп отырады, сөйтіп, денеде жалпы гомеостаз деңгейін
сақтауға да қатысады.
5. Эндокриндік қызмет. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында, әсіресе қарын
пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі.
Олар қанға енеді де, алдымен ас қорыту үрдісін, зат алмасу, өсіп-өну, есею
үрдістерін реттеп, басқарып отырады. Қарын мен ішекте түзілетін мұндай
гормондар гастроинтестинальдық гормондар деп аталады. Қазіргі кезде ішек-
қарын шырышты қабығынан шамамен осындай 25 гормон бөлініп шығатыны анық-
талды. Олардың көбі пептидтер, ал бірқатары (гастрин, секретин,
панкиреозимин - холецистокинин, энтерокинин, гастрон т.б.) ежелден белгілі.
Сонымен, ішек-қарын гастроинтестинальдық гормон-дары: а) асқорыту
бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың қорытылуын
үдетеді; ә) арэнтерин деп аталатын гормон жасөспірім денесінде ассимиляция
(түзіліс) үрдісін күшейтеді, сөйтіп, өсу, есею қарқынын үдетеді, адамның
тәбетін жақсартады, диэнтерин гормоны зат алмасу қарқынын реттейді; б)
түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіріп, биологиялық мембраналардың
өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, сөйтіп трофикалық (қоректік) әсер
етеді. Осыған орай асқорыту бездерінде гландулоциттер саны да көбеюі
мүмкін.
Кейбір ішек гормондары (гастрин, секретин, ВИП, бомбезин) орталық жүйке
жүйесінде де кездеседі, сондай-ақ онда түзілетін пептидтердің
(соматостатин, энкефалин, эндорфин, П-заты) көпшілігі ішек гормондары
қатарына жатады. Әзірше бұлардың қай жерде қандай роль атқаратыны толық
зерттеліп біткен жоқ. Алайда ғалымдар арасында пептидтердің көпшілігі -
медиатор деген пікір бар. Демек, ішек-қарын қабырғасында адренергиялық және
холинергиялық жүйкелермен қатар пептидергиялық жүйкелер де бар деуге
болады.
Ас қорыту мүшесінің құрылысы .
Асқорытуды зерттеу әдістері.
Асқорыту ағзаларының аурулары өте жие кездеседі. Көптеген
зерттеушілер адам-ның ішек-қарынынан таза сөл алып, оның ас қорытудағы
мәнін білуді арман етті.
Мысалы, Рюмер адамның қарын сөлін зерттеу үшін бір кесек губканы жіпке
байлап
зерттелетін адамға жұтқызды, біраздан кейін губканы жіппен тартып сыртқа
шыға-рып, оның сығындысын (алынған сөлді) зерттеді.
Канада дәрігері Боумон 8 жыл бойы ішінен жараланған мергеннің қарын
қуысын түтік (фистула) арқылы терімен жалғастырып, жиналған қарын
сөлінің құрамын зерттеп, ол туралы тұңғыш рет мәлімет алды.
1842 жылы Москва университетінің профессоры Басов итке операция
жасап, оның қарнына қойылған фистула арқылы ас қойыртпағы
араласқан қарын сөлін
жинап, оны зерттеді. Бұл операцияны өте жоғары бағаланған И.П. Павлов кейін
итке эзофаготомия (өңешті кесіп, оның екі ұшын сыртқа шығару)
операциясын жасап, жалған тамақтандыру әдісін ұсынды. Таза қарын сөлін
жинап, оның құрамын анық-тады, бұл сөлдің адам қарнынын сөлінен
айырмашылығы жоқ екенін дәлелдеді.
Сонымен ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеуде бірден бір
тиімді әдіс- И.П. Павлов ұсынған фистула қою. Фистула қою әдісі ас қорыту
физиологиясын жаңаша дамытуға жол ашып, бұл тарапындағы әйгілі еңбектері
үшін И.П. Павловқа Нобель сыйлығы берілді.
Фистула дегеніміз белгілі бір ағзаның қуысын немесе бездің түтігін
сыртқы орта-мен байланыстырып тұратын өзек. Фистула салу үшін белгілі бір
жануар түріне, ай-талық, итке наркоз беріп, антисептика және асептика
талаптарына сәйкес операция жасап, ағза қуысын немесе без түтігінің
ұшын сыртқа шығарып тігіп қояды. Осы мақсатпен кейде арнайы фистула
түтігі қолданылады. Физиологиялық тәжірибе жа- сау үшін ит тек жарасы
жазылған соң пайдаланылады. Фистула қою әдісі иттің қо- ректеніп жатқан
кезде қарын сөлін таза күйінде жинауға сөл құрамының тағам түрі-не қарай
қалай және қаншалықты өзгертетіні білуге мүмкіндік береді. Фистула қо-
йылған итті (жануарды) бір рет емес, ұзақ уақыт, мәселен, айлар бойы
пайдалана отырып, ас қорыту ағзаларының сөл шығару қабілетін жиырылу-жазылу
қасиетін, ас сіңіру дәрежесін бірден бір дәл анықтауға болады.
Мәселен, И.П. Павлов лабораториясында асқорыту жолының әрбір бөлімін
тексе-ру ушін әр түрлі операциялар ұсынылды. Астың ауызда қалай
қорытылатынын зерт-теу үшін белгілі бір сілекей безі түтігінің бір ұшы
сыртқа шығарылды. Қарын сөлін жинап алып зерттеу үшін Басов әдісімен
иттің қарнына фистула қойылады да оның өңешінің екі ұшы сыртқа шығарылады
(эзофаготомия- жалған тамақтандыру тәжі-рибесі). Иттің үлкен қарынынан
кіші қарынды бөліп алады да, Гейденгайн, Павлов әдістерімен кіші қарын
сөлін жинап алады. Ұйқы безінің сөлін, сондай-ақ өт шығару үрдісін зерттеу
үшін сол бездің түтігінің 12 елі ішектің кіші бөлігі мен түтік аузын
сыртқа шығарады. Өт түзілуін зерттеу үшін фистула түтігін өт қабымен
жалғастыра-ды. Аш ішек қызметі Тири- Велла фистуласы арқылы зерттеледі.
Ауыздағы ас қорытылу
Асқорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15-30
секундтей кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам (ас кесегі) шайналып,
ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, астың дәмі, физикалық қасиеттері
туралы мағлұмат алынады. Көмір сулы заттар ыдырай бастайды. Ұсатылған ас
кесегі сілекейге шыланып, шы-рышпен қапталып тілдің түбіріне қарай жылжиды
да жұтқыншаққа жетіп жұтылады.
Ауыз ішінде (шырышты қабығында) ас кесегінің ыстық-суықтығын, жұмсақ-
қат-тылығын сезетін қабылдағыштармен қатар дәм сезетін қабылдағыштары да
бар.осы-ған орай ауыз шырышты қабығын қабылдағыш алаң деуге де болады.
Қабылдағыш-тар ас кесегімен жанасып тітіркенеді, бұдан пайда болған
сигналдары бет (n. facialis) тіл – жұтқыншақ (n. glossopharingeus), үшкіл
(n. trigeminus) жүйкелер мен кезеген жүйке ( n. vagus) арқылы орталық
жүйке жүйесіндегі рефлекстер орталығына барып жетеді. Сол жүйкелерден
келген эфференттік серпіністер ас кесегінің ауызда шайна-лып, жұтылуын
реттейді де ас қорыту бездерінің сөл шығаруын, ішек- қарынның қимылын
күшейтеді. Мұнымен қатар рефлекстік жолмен зат алмасуы, жүрек соғуы, қан
айналысы, дем алу үрдістері де өзгереді.
Сілекейдің шығуы және оның реттелуі
Сілекейм мөлшері мен құрамы жеген тамақтың физикалық қасиеттеріне
байла-нысты. Кептіріп, ұнтақтаған ет, кепкен нан, талқан жеген кезде
сілекей көп болып бөлінеді. Сүт ішкен сәтте шұбырған (муцине көп
болғандықтан) сілекей шығады.
Тамақтық қасиеті жоқ кейбір заттар, мәселен, құм, қышқылды зат
ауызға түссе де сілекей шұбырады. Мұның мәні сілекей ауыз ішіндегі сол
заттарды жуып- шайып
Жібереді, қышқылды сұйылтады.
Сілекейдің құрамы мен көлемі тағам түріне, қасиетіне байланысты,
демек, бұл бездердің қызметін орталық жүйке жүйесі реттеп отырады.
Сілекей бездерінде парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер
тарамдан-
ған. Парасимпатикалық жүйкенің бірінші нейрондарды сопақша мида, оның
сілекей
Шығару орталығында орналасқан. Парасимпатикалық жүйке талшықтары, жақ,
тіл- асты және шықшыт бездеріне дейін, бет және құлақшеке жүйкелеріне
ілесіп, сілекей
бездеріне жетеді.
Симпатикалық жүкенің бірінші нейрондары жұлыннын көкірек бөлімінде,
оның 2-6 сегменттерінің бүйір ашасында орналасқан. Сол нейрондардың жүйке
талшықта-ры жоғары мойын жүйке түйнегінен (ганглийден) өтіп сілекей
бездеріне таралады. Парасимпатикалық жүйке ұшынан ацетилхолин медиаторы,
симпатикалық жүйкеден адреналин бөлініп шығады. Парасимпатикалық жүйкені
тітіркендірсе, көп мөлшерде құрамында органикалық заттар аз, бірақ
бейоргарикалық заттары көп сұйық сілекей, ал симпатикалық жүйке
тітіркендірілсе, құрамында органикалық заттары көп, қою, аз,көлемді
сілекей шығады. Сонымен парасимпатикалық және симпатикалық жүйке-лердің
екеуі де секрециялық (сілекей шығаратын) жүйкелер болып табылады. Сіле-
кейдің құрамы, оның мөлшері осы екі түрлі жүйке орталығының қозу
дәрежесіне (күшіне) байланысты.
Сілекейдің бөлінуі. Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп
шығады. Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шығару болып
екіге бөлінеді.
Шартты рефлекс бойынша сілекей тағамның өзіне таныс белгілі бір
түрін көр-ген, оның иісін сезген кездерде, дәмді тағам еске түскен сәтте,
яғни тағамның тікелей қатысынсыз, ас ауызға түспей тұрып бөлінеді. Шартты
рефлекс кезінде ауыз қабыл-дағыштары тітіркендірмейді (қозбайды), бірақ
көз, дыбыс, иіс қабылдағыштары мен еске алу нейрондары қозады.
Қабылдағыштардан шыққан сигналдар ми қыртыстары-на жетеді, одан әрі сопақша
мидағы сілекей бөлдіруші орталыққа барып, оны қазды-рады. Осы орталықтан
кері қайтқан парасимпатикалық және симпатикалық жүйке-лер, яғни сөл
шығарушы жүйке талшықтары сілекей бездеріне оралады да, ауыздан сілекей
бөлінеді.Сілекей шығарудың осы миханизмі іске асу үшін, шартсыз рефлекс,
айталық, тамақ ішу, тамақтың иісін сезу т.б. бірнеше рет қайталанып
шартты реф-лекске айналуы керек.
Шарсыз рефлекс тағам ауызға түскен сәттен басталады. Ауыздағы ас
көптеген қабылдағыштарды тітіркендіріп, бет, тіл-жұтқыншақ, үшкіл
кезеген жүйкелердің жұлын-миға қарай тебетін (афференттік)талшықтары
мидағы сілекей бездерінің сіле-
кей орталығын қоздырады да эфференттік талшықтары арқылы сілекей
бездерінің сілекей шығару қабілетін күшейтеді.
Сілекей бездері қызметінің рефлекстік жолмен реттелуі гомеостазға
тығыз байла-нысты. Адам денесінде су азайса (дегидратация) сілекей де аз
шығады (гипосалива-ция). Бұл да сілекей бездері қызметін реттеуге мидағы
басқа орталықтардың қаты-сын көрсетеді.
Сілекей без жасушаларында түзіледі. Оның сұйық бөлімі қан
плазмасынан алы-нады, ал құрамындағы әсіресе органикалық заттар без
жасушаларының активті қызметінің нәтижесі.
Қарындағы ас қорытылу
Қарын дегеніміз ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Оның
сиымдылығы 2-4 литрдей, сырт пішіні мүйізгеұқсайды. Қарын бірнеше бөліктен
тұрады. Өңешпен қа-рынның қосылған жері кардиа деп аталады. Қарынның
жоғарғы жағы күмбез тірізді жоғары қарай көтеріңкі келкді, бұл – қарын
күмбезі, қарын мен он екі елі ішіетің қо-сылған жері пилорус (қақпақша)
деп, ал қарынның алдыңғы және артқы беткейі, жо-ғарғы және төменгішеті
ойыстау келген. Жоғарғы шетін қарын тұйығы, төменгі ше-тін қарын ойығы
дейді.Қарынның пилорустан басқа бөлігі қарын денесі деп аталады.
Қарын қурсақ қуысының жоғарғы жағында орналасқан. Оның күмбезі сол
жақта, қабырғалардың ішкі бетінде, пилорус оң жақта бауырдың
астында. Қабырғасы (кенересі) жалпы ішек-қарын тутігіне тән үш қабаттан,
ішкі – шырышты, ортаңғы – бірыңғай салалы ет, сыртқы – серозды қабаттан
тұрады.
Қарынның шырышты қабығында көлденең созылған қатпарлар, ойық және
жазық жерлер бар. Онда қарын бездері орналасқан. Безді түрлі без
жасушалары гландуло- циттер (негізгі, қосымша, айнала қоршалған) бар.
Негізгі гландулоциттер сөл фер-менттерін (пепсиноген), айнала қоршалған
гландулоциттер тұз қышқылын, қосымша жасушалар шырышты зат-муцин
шығарады. Осы жасушалардан бөлінген заттар қарын сөлінің құрамына
кіреді. Қарынның пилорус бөлігінде айнала қоршалған
гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес,
сілтілі не бейтарапты болады.
Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі
Астың адам қарнында қорытылу мерзімі (6-8 сағат) оның құрамына
байланысты. Қарында әсіресе майы, белогі көп тағамдар ұзақ жатып қалады,
бірақ көмірсулы та-ғамдар тезірек жылжып, он екі елі ішекке бұрынырақ
ауысады. Сұйық тағам қарында жылжымай жатып қалады. Пилорустың ашылып
жабуылына қарай ас қарыннан он екі еқі елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып
өтеді.
Пилорус сфинктер жиырылып жабылса ас қарында тоқтап қалады, тек
сфинктер босаған сәтте ғана он екі елі ішекке өтіп кетеді. Ал
сфинктер рефлекстік жолмен жиырылып жазылады, яғни пилорустың ашылып
жабылуы рефлекс арқылы іске асады. Қарын тарапынан келген рефлекс
сфинктерді босатады, ал он екі елі ішектен келген рефлекс, керісінше,
сфинктерді жиырады. Пилорустын ашылып жабылуына қарындағы және он екі елі
ішектегі гидростатикалық қысым, химустың қышқылдық дәрежесі әсер етеді.
Он екі елі ішектегі ас қорытылу
Он екі елі ішекке келіп түсісімен асқа 3 түрлі сөл (ұйқы безінің, он
екі елі ішектің шырыны және өт) әсер етеді. Бұлардың ішінде ең
күрделісіұйқы безінің сөлі: оның құрамында органикалық қоректік
заттарды (белок, май, көмірсу) ыдырататын фер-менттер бар. Өтте
асқорытатын ферменттер жоқ, бірақ күрделі қоректік заттарды
гидролиздеу үшін өте қажет. Онсыз ұйқы безі ферменттері әсер ете алмайды,
етсе де өте әлсіз болады, әсіресе май ыдырамай, майдың ішектен лимфаға өтуі
тоқтап қала-ды. Сондықтан өт ас қорыту сөлдері қатарына жатқызылған. Он
екі елі ішектің шы-рышты қабығында бруннер бездері бар, олар өз сөлін
шығарып отырады. Он екі елі ішек сөлі сәл сілтілі (рН – 7,2-8,0),
құрамында пепсин ферменті бар. Ондағы пепсин химусқа сіңген қарын сөлі
пепсинімен бірлесіп, ішекті біраз уақыт белоктарды ыды-ратуы мүмкін.
Реакциясы сілтілі ұйқы безі сөлі мен мол мөлшерде өт келіп құйылы-сымен
пепсиндердің әсері тоқтайды.
Асқорытуда он екі елі ішек сөлінің айтарлықтай мәні жоқ, бірақ
науқастанған жағдайда, әсірісе қарын сөлінді тұз қышқылы көбейіп
кетсе, пепсиндердің әсері күшйіп, ұйқы безі ферменттерін ыдыратуы, мұның
салдарынан ішікті ас қорытылуы нашарлап кетуі мүмкін.
Он екі елі ішек сөлінің бөлнуі кезеген жүйке әсерінен күшейе
түседі, бұл сөл шығуын қан арқылы әсер ететін заттар – секретин мен
глюкогон де күшейтеді.
Асқорытуды зерттеу әдістері
Физиология ғылымының дамуында түрлі қызметтерді зерттеу, осыған лайық
әдістер іздеу үлкен роль атқарады. Кезінде талдау (анализдік) физиологиясы
әдістерінің бірі - вивисекция әдісі кеңінен қолданылған. Мұның нәтижесінде
қан айналысы физиологиясы тарапында құнды материалдар жиналды, бірақ бұл
әдіс ас қорыту физиологиясын зерттеуге жарамайтыны байқалды. Мәселен,
лабораториялық жануарды наркоз беріп ұйықтатып, оның ас қорыту безіне түтік
қойып бірнеше тамшы сөл алуға болады, сондай-ақ ішек-қарыңды жарып жіберіп,
ас қойыртпағын, ішек-қарын сөлін алу да қиын емес. Бірақ мұндай сөл таза
емес, асқорыту үрдісі жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік бермейді.
Асқорыту ағзаларының аурулары өте жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер
адамның ішек-қарынынан таза сөл алып, оның ас қорытудағы мәнін білуді арман
етті. Мысалы, Рюмер адамның қарын сөлін зерттеу үшін бір кесек губканы
жіпке байлап зерттелетін адамға жұтқызды, біраздан кейін губканы жіппен
тартып сыртқа шығарып, оның сығындысын (алынған сөлді) зерттеді.
Канада дәрігері Боумон 8 жыл бойы ішінен жараланған мергеннің қарын қуысын
түтік (фистула) арқылы терімен жалғастырып, жиналған қарын сөлінің құрамын
зерттеп, ол туралы түңғыш рет мәлімет алды.
1842 жылы Москва университетінің профессоры Басов итке операция жасап, оның
қарнына қойылған фистула арқылы ас қойыртпағы араласқан қарын сөлін жинап,
оны зерттеді. бұл операцияны өте жоғары бағалаған И.П. Павлов кейін итке
эзофаготомия (өңешті кесіп, оның екі ұшын сыртқа шығару) операциясын жасап,
жалған тамақтандыру әдісін ұсынды. Таза қарын сөлін жинап, оның құрамын
анықтады, бұл сөлдің адам қарнының сөлінен айырмашылығы жоқ екенін
дәлелдеді.
Сонымен ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеуде бірден бір тиімді әдіс -
И.П. Павлов ұсынған фистула қою. Фистула қою әдісі ас қорыту физиологиясын
жаңаша дамытуға жол ашып, бұл тарапындағы әйгілі еңбектері үшін И.П.
Павловқа Нобель сыйлығы берілді.
Фистула дегеніміз белгілі бір ағзаның қуысын немесе бездің түтігін сыртқы
ортамен байланыстырып тұратын өзек. Фистула салу үшін белгілі бір жануар
түріне, айталық, итке наркоз беріп, антисептика және асептика талаптарына
сәйкес операция жасап, ағза қуысын немесе без түтігінің ұшын сыртқа шығарып
тігіп қояды. Осы мақсатпен кейде арнайы фистула түтігі қолданылады.
Физиологиялық тәжірибе жасау үшін ит тек жарасы жазылған соң пайдаланылады.
Фистула қою әдісі иттің қоректеніп жатқан кезде қарын сөлін таза күйінде
жинауға, сөл құрамының тағам түріне қарай қалай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz