Теледидар және жасөспірімдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Жасөспірмдерге сипаттама
1.1. Жасөспірімдерге
мінездеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
.
1.2. Жасөспірімдер арасындағы ұл мен қыз
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3.Теледидар және
жасөспірімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
1.4.Жасөспірімнің: Өзін - өзі сынауы және
бағалауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Жасөспірімдер психикасының ерекшеліктері
2.1 Ойлауының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
2.2. Жасөпірімдер психикалық функциялардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.3. Психиологиялық – педагогикалық дамудың басымдылығы ... ... ... ... .
2.4.Жасөспірімдердің ұжымда өз орнын табу үшін көңіл тоқтатуы ... ... ... .
2.5.Жасөспірімдік шақтағы тұлғаның өзін - өзі тануының психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6.Жасөспірімдермен тәрбие жұмысын жүргізу барысында кездесетін
мәселелер және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Бұл жұмыста жасөспірімдердің ерекшелік жағдайындағы психикалық іс -
әркеттері мінез – құлықты өзіндік сан сезімдер заңдылықтарын оқушылардың
өзін - өзі тәрбиеленуінің психологиялық негізін қасиеттерін зерттеу және
даму жолдарын іздестіре отырып, тұлғаны қалыптастырудағы ықпал зерттелді.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың Бізге керегі шын дарындылар. Нарық қол-
аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын
тарланбоз жүйіріктерін қолдауға, қорғауға міндетті, деп ұрпақ болашағына
ерекше мән берген. (1)
Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту Тұжырымдамасының
жобасында: Жасөспірімдер психикасын қалыптастыру үшін - бұл адамның өмір
шыңында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам
дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлді шешімдер қабылдай білуге үйренуі
керек.
Педагогикалық психологиялық көп қолданылатын психокорекциялық жұмыстарға
негізделген топтық оқыту әдісі, яғни психологиялық – педагогикалық
тренингтер арқылы жасөспірімдердігі агрессиялық мінез – құлықты азайту,
мен оның өзіндік бағалаумен өзара байланыс ерекшеліктері жан – жақты
зерттелген.
Жасөспірімдердің жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қарастыруға бағыттау,
жеке топтық, ұжымдық пікірлерді қалыптастырудағы педагогикалық ұйымдастыру
кең өрісті жағдай туғызыады. Сондықтан біздің зерттеумізде оқушылардың өзін
- өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық - әдіснамалық негіздері сыни көзқарас
қасиеттерін дамыта отырып қарастырылған.
Кеңес психологтары Л.Р.Выготский, В.В.Давыдов, Л.М.Занков, С.Л.Рубинштейн,
А.Н.Леонтьев, Б.М.Тепловтың және өз республикамыздың ғалымдары Ж.Аймауытов,
Ж.М.Әбділдин, Т. Тәжібаев Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов, Т.С.Сабыров, В.К.
Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р.Рахымбаев, М.О.Резванцева, .Қ.Бердібаева,
Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
Бұл мәселелер Л.С. Выготскийдің адам тұлғасының жеке дамуында интеллект
және аффект байланыс идеялары арқылы зерттелді.
Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі психологиялық – педагогикалық үрдісте
оқушының өзін -өзі тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызды. Бұл зерттеу, өзін -
өзі тәрбиелеу мәселесін теориялық - әдіснамалық және эксперименталды
әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруға бағытталған.
Бұл жұмыстың негізгі мазмұны тұлғаны өзін - өзі тәрбиелеу үрдісін
сүйіспеншілік сезімін идеалистік көзқарасын оқуға зейіннің қасиеттерін
зерттеу және олардың негізінде психологиялық көмекті ұйымдастыру құрайды.

Жасөспірімдерді тәрбиелеу механизмдері жас ерекшелігін ескере қойылған
міндеттерге сәйкес реттей білу психологиялық – педагогикалық зерттеулерді
жүйелі қатынас бағытымен жүргізуді талап етеді. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғанна бері елімізде білім саласында көптеген өзгерістер
болып жатыр 1992 жылы Білім туралы заң( ) , 1993жылы бастауыш
сыныптық базистік бағдарлама, жалпы орта мектепке арналған көп вариантты
оқу бағдарламалары, тәрбиеге байланысты Атамекен, Кәусар бұлақ, Елім –
ай, бағдарламалары Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін
мектептерінің тұжырымдамалары, 1999 жылы Білім туралы жаңа заң жарық
көрді.
Егер табиғи дамуда баланың психикасы күрделеніп, сана – сезімі жетілетін
болса, ал оқу тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің
шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған,
көріп білгендерін ой елегінен өткізіп, санасының өрістеуіне әсер етуі
сыртқы факторлардың(экстериоризация) ішкі факторларға (интериоризация)
айналуымен белгіленеді. Осы жайт Л.С.Выготскийдің адамның мәдени – тарихи
дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайдайды. Баланың
айналасындағы адамдармен қарым – қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді,
тыныс – тіршілік шындығын өзгелердің сезінен , тәлім – тәрбие өнегесінен
жанамалай үйренуі. Осылайша, бала өзінің дербестігін, жеке басының
психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білім мен
әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең
жоғары функция, яғни болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.
Баланың басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар
ретінде танып – біліп, мән – жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады,
яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен ақылымен
пайымдай білуін қалыптастырады. Сондай –ақ жаттаудың сөздік – мағыналық
еске айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп елестетуі – сол зат
жайындағы ойлау әрекетін алып келеді, немесе бұлар шығармашылық қиялға
айналады: қарапайым қимыл – қозғалыстар ерікті қимыл - әрекеттерге
ауысады. Жоғарыда айтқанымыздай, ішкі процестер толығымен сыртқы әсерлер
нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процестерге (интериоризация)
айналады. Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікіо баланың
мәдени дамуындағы кез келген функциясының сыртқы көрінісінің сахнаға
шығуы екі түрі бағытта анық байқалатынын көрсетеді. Оның бірі -
әлеуметтік сипатта, екіншісі психологиялық сипатта көрініп отырады. Даму
процесіндегі мұндай психикалық заңдылық алдымен адамдардың өзар қарым –
қатынасы арқылы өріс алса, кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі көңіл –
күйінен жақсы байқалады.
Тақырыптың өзектілігі – Педагогикалық психологияда қазіргі кездегі негізгі
ағымдарды, жаңа тұжырымдамаларды негіздей отырып, жасөспірімдердің өзін -
өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіріп өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру
білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі әлеуметтік –
психологиялық жағдайлар, білім беру жүйесінде тұлғаның өзін - өзі
тәрбиелеуіне психологтардың, педагогтардың және физиологтардың ерекше назар
аударуларын қажет етеді.
Тұлғаның өнегелілік – еріктік өрісін, адамгершілік санасын, түсініктерін,
ұғымын, принциптерін, сенімдерін, қылығының адами негіздерін, басқаларға
өзінің эмпатияларын, әлеуметке деген қатынасын көрсетеді.Адамдардың
негативті мінез – құлықтарын зерттеу және психокоррекциялау мәселесі кез
келген қоғамда бірнеше дәрежелі сұрақтар. Осыған байланысты зерттеудің
өзектілігі соңғы кезде қатты қарқын алып отырған жасөспірімдердің
агрессиялық мінез – құлықтың мәселесімен шарттанады. Жасөспірімдердің
мінез – құлқындағы агрессиялықтың көріну себептерін, оларды
психокоррекциялау негіздерін тұлға аралық қатынастардағы өзара әрекетті
позитивті қалыптастырудағы эго күйлерді белсендірумен және мінез –
құлықтағы агрессиялықты төмендетудің критерийлері мен психокоррекциялық
жолдарын жасаумен байланысты қарастыру әрқашан бұл мәселенің өзектілігін
көрсетеді.
Зерттеуің мақсаты – жасөсіпірмдердің өзіндік бағалау, өзіндік реттелу, мен
белсенділіктері агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық –
педагогикалық тренинг арқылы зарттеу және агрессиялықты азайту үшін
психокоррекциялық жұмыстардың мүмкін деген жолдарын көрсету.
Зерттеу міндеттері :
- зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психолгиялық, еңбектерді теориялық
талдау;
- өзіндік сананың және өзін - өзі тәрбиелеудің теориясын зерттеп ашу;
- өзін - өзі тәрбиелеу үрдісін және тәсілдерін теориялық талдау;
тұлғаның талаптану деңгейінің контексінде ойлаудың қабілетінің деңгейін
эксперименталды зерттеп, солардың негізінде оқушыларға, ата – аналарға,
педагогтарға өзін - өзі тәрбиелеу үрдісі көрнекі бейнелі ойлау қабілетінің
қасиеттерін дамыту арқылы психологиялық көмек көрсетуге нұсқа – кеңестер
құру.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогтардың, психологтардың,
этнопедагогтардың, этнопсихологтардың еңбектері, Қазақстан республикасының
ресми құжаттары, Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары, т.б.
Зерттеу объектісі –жасөспірімдердің тұлғалық даму процесі.
Зерттеу пәні – талаптану деңгейімен оқушылар ойлау қабілеттін дамытуға
өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінің контексінде зерттеу жатады.
Ғылыми әдістері - өзіндік сананы теориялық талдау өзін - өзі тәрбиелеудің
теориялық - әдіснамалық негізін құрайды. Мұндай болжам келесі жеке
болжамдармен бекітіледі:
- өзін - өзі тәрбиелеу үрдісі тұлғалық дамуды кешенді ұйымдастыру арқылы
мақсатқа бағдарлайды:
- жасөспірімдер жасындағы балаларда агрессивтіліктің көрініс табуы мінез
– құлықты эмоциялық – ерікті реттеудің жеткіліксіздігімен және адекватты
емес өзіндік бағалау ерекшеліктерімен, өзіндік реттелу механизмдерінің
бұзылуымен өзара байланысты болады.
Зерттеу базасы: Тәжірибелік эксперимент жұмысы Арқалық қаласындағы
№4 профильді орта мектептің 4-сынып оқушыларымен өткізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялқ мәнділігі: Жасөспірімдер
оқушылардың психикасын дамыту ғылыми- психологиялық тұрғадан негізделді,
әдіс-тәсілдері анықталды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Жасөсірім оқушылардың қабілеттерін
дамуын жүзеге асыру мақсатында оқушылармен жоспар бойынша жұмыс
жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. Жасөспірімдер туралы жалпы түсінік.
Әр жас кезеңінің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар.
Соған байланысты жасөспірімдік кезеңнің өзіндік маңызы бар. Бұл баланың
мені қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жас
кезеңдерінде физиологиялық өзгерулермен қатар психологиялық өзгерулер де
болатыны баршаға мәлім. Осы психолгиялық өзгерулер дағдарыс туғызады. Әрбір
жас кезеңіне сай дағдарыс түрлері өмірге келу дағдарысы және сұрақтар
дағдарыс сияқты кезеңдерге жіктеледі.
Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімнің қоршаған
ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің
өзгерілуіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі. Жасөспірім ағзасы
қысқа уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірім
айналасындағылардың өзіне деген құрметі мен санасуын талап етеді, ортадан
өз орнын алуға тырысады. өзін кейде біреулердің айтқанымен жүріп тұратын,
не үлкендердің көрсетуімен өмір сүретін бар болғаны білеулердің көшірмесі
ғанамын деп қабылдайды. Сондықтан да ерекшеленуге, өз мінезін көрсетуге
тырысады. Әсіресе, мұндай көңіл – күй, психологтардың көрсетуінше, ер
балаларда 11 – 13 жаста, қыз балаларда 13 – 15 жаста көптеп кездеседі. Осы
кезеңдегі балалар мінез қыңырлығымен сипатталады. Бұл кезеңдегі дағдарыстың
мәні еліктейтін бейнесін табу. Мұндай кезде бала әртістер мен спорт
шеберлерін, кейіпкерлер мен айналасындағы адамдарды өзіне пір тұтады. Егер
жасөспірім кезеңінде еліктеуі орынсыз болса, өзге кезеңдерде адамның
рөлдерін шатастыру мен олармен эмоционалды қарым – қатынасқа түсу қиын
болады. жасөспірімнің осы кезеңде тәрбмесі қиындап, оқу үлгерімі
нашарлайды. Жалпы еңбек, күш қабілеті төмендейді.
О.Кро бұл кезеңді ішкі және сыртқы қарым – қатынастарға бейімделе
алмаушылық және мен бейнесі мен өмірдің бірнеше бөліктерге бөлінетін кезеңі
деп көрсетті. Пубертантты дағдарыс кезеңіндегі өнімді ақыл – ой еңбегін
көрнекіліктен түсінуге, дедукцияға өзгеріледі. Есею дағдарысы кейде дұрыс
бағаланбайды немесе өте қауіпті деп есептеледі. Ол әртүрлі мінез – құлыұ
ауытқушылықтары түрінде, тұлғалық бұзылуларға, психоз және жүйкелік
психолгогиялық бұзылу белгілерінің көрінуі түрінде болады. Дағдарыстың
психологиялық ауытқушылықтары әртүрлі және ол мынадай формаларда көрініс
береді:
- өзін өзгенің орнына қою немесе еліктеу әрекетіндегі ауытқушылық, оның
белгілері: толымсыздық сезімнің пайда болуы, көңіл – күйінің түсіңкілігі,
- өзіне - өзі қол жұмсау ойының пайда болуы.
Есейген жасөспірім өзінің бала емес екенін сезініп, биологиялық
сыйымдылықтың әлеуметтік жағдайына сай келмейтінін жаңа статустағы білімі
мен икемділігіне сенімсіз болады. жасөспірімді мен кіммін?, не үшін өмірге
келдім? Деген сұрақтар көп мазалайды. Ол өзіне және өзгеге сын көзбен
қарайды. Көп жағдайда көңілі толмайды. Осыдан келіп әлеуметтік ережелерді
қабылдамау пайда болады. Өзін сенімсіз сезінуге байланысты өмірлік
мақсатының айқынсыздығы, жыныстық бағыттылығына сай емес мамандық таңдау
мен референтті топтарды таңдаудағы шатасу кездеседі. Мұңдағы референтті топ
депотырғанымыз - өзінің үнемі араласып жүрген құрдас достары немесе өзінің
көзқарасын бөлісетін ересек адамдар. Бұл шатасулар шизофрениялық психоздық,
тұлғалық өзгерулердің алғашқы белгілері болуы да мүмкін. Беделге ұмтылу
белгісі. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасына, әкесі мен шешесіне қарсы
шығаудан көрінеді. Жасөспірім билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған
ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тартады. Шындықтан қашу, қалыпсыз
мінез – құлыққа, секталарға, жастар қоғамына кіруге ұмтылудан көрінеді.
Диперсонализация мұнда өзінің жаңа денелік өзгешелігі мен Менің қабылдауы
мен өзгелерді қабылдауы өзгереді. Диперсонализация еліктеудің қалыптасу
қиындығы байланысты психологиялық қорғаныс механизмнің қызметін атқарады.
Бұл синдром белгісі жасөспірмдер арасында 30 – 70% байқалады. Оларға
үрейлену, оқшаулану, уайым, эмоционалды реакцияларға деген субъективті
түсінік жатады. Диперсонализация айналадағы заттарды қабылдауы айқын емес
дегенді білдіреді. Осы белгі бойынша жасөспірімдердің заттар мен
адамдарды қабылдауы шындықтан алшақ болады. өз денесін бөтенсіну кездеседі.
Мысалы, олар өздеріне менікі ме, жоқ әлде басқанікі ме? Деген сұрақ қояды.
Кей жағдайда олар жанным мені тастап кетті деп өзін ұйқыдағыдай
қабылдайды. Осы кезде ойлары жан – жаққа шашырап, еркіне бағынбайды.
Сонымен қатар бұрын көрмеген нәрсені бұрын көрген, бұрын басынан
кешіргенін еш уақытта көрмеген сияқты елестетеді. Бұл ауру белгілері
неврозда, соматагенді психологиялық бұзылушылықтарда мидың органикалық
бұзылуында, эпилепсияда, шизофренияда байқалады.
Дисморфофобия дегеніміз – баланың өз денесінің қалыптасуына байланысты
көңілі толмаушылық. Осы кезеңде оның аяқ – қолдары тез өседі, кеуде
бөлігінің дамуы баяу болады. Бұл ауытқушылық белгісінің пайда болуына сол
жас аралығындағы жүрісінің нашарлығы, бет терісіндегі өзгерістер негіз
болады. Өз дене тұрпатындағы физиологиялық өзгерістерді бала өзгелермен
салыстырады да, бөшкедей дөңкиген ережегейлідей болар – болмас бой,
көшедегі адамдар келеке қылады. Айналып өтеді, жұрт мені көргенде сыбырласа
қалады деген келіп бала өзін - өзі кем санайды да тіпті өзіне - өзі қол
жұмсауға дейін барады.
Ипохондриялық синдром. Ипохондриялық бұзылыстың пайда болу себебіне
жасөспірімнің ішкі мүшелері қызметінің бұзылуынан көрінетін әлсіздік,
шаршау, тыныс алудың бұзылуы, кеудесінде, басында жағымсыз түйсінудің пайда
болуынан көрінеді. Осыдан жалған ауруды шындықтағыдай сезіну, соматикалық
аурулардың бар екендігі туралы ой пайда болады. Ипохондриялық синдром
әсерінен депрессия, үрейлену, шатасу белгілері көрініс береді.
Тамақтанудың бұзылу белгісі. Оның көп кездесетін түрі – жүйкелік
психологиялық анорекция. Ол саналы түрде арықтаудың мақсатында
тамақтанудан бас тарту. Ол аурудың таралуы ер балаларға қарағанда қыздарда
көптеп кездеседі. Төмендегі сипаттар орын алса, жасөспірімнің
физиологиялық жетілуі баяулайды. Осы ауытқушылықтардың әсері
жасөспірімдерде бойының өсуі мен бұлшық еттерінің қалыптасуына зиянды
әсерін тигізеді.
1. Қалыпты деңгейден 15% -ке төмен немесе бойының өсуіне байланысты
салмақ жинай алмаса;
2. тамақтан бас тарту немесе денеге шектен тыс күш түсіру;
3. Өз денесінің бейнесі туралы бұрмаланған ойы немесе толықсудан қорқу:
4. Жасөспірімдердегі жыныстық жетілудің кешеуілдеуі.
Метафизикалық интоксикация белгісі. Ол бірбеткейлі абстрактілі өнімсіз
интеллектуалды белсенділікпен сипатталып өмірлік мәселені көп ойлану мен
өздігінен шешуге ұмтылу белгісінен көрінеді. Жасөспірім өзін мазалайтын
ойларын күнделікке жазып жүреді. Ол ойлар өзін туғандарынан алыстатып
өзінің ішкі әлеміне алып кетеді. Бұл жағдайда ойлаудың бұзылу деңгейіне
байланысты мінез – құлықтың бұзылуы да, бұзылмауыда мүмкін.
Психоастеникалық және шизоидты тұлғаларда даналылық заттықтан алшақтап
философиялық ой басым болып бейімділіктің ауысу деңгейінің бұзылуына
әкеледі.
Өзін - өзі қол жұмсау. Өмір сүру ниетін болмауы өзін - өзі өлтіру
мақсатындағы әрекет болып табылады. Бұл синдром жас ерекшелігіне байланысты
өлуге толық ниеті болмаса да, аутоагрессиялық әрекет оның өміріне өте
қауіпті. Сондықтан өзіне - өзі шынайы қол жұмсау әрекеті мен өзгенің
назарын өзіне аудару үшін жасалатын әрекетін айыру қиын. Олардың осы
әрекетке баруының себебі мәнсіз және мезеттік болып келеді. өзіне - өзі қол
жұмсау, тек психотопатология белгісі ғана емес, ол өмір жағдайына да
байланысты. Бұл әрекет өзге әрекеттермен де тығыз байланысты. Мысалы,
үйден қашып кету, құқық бұзушылық, маскүнемдікке салыну, ата – аналармен
келіспеушілік т.с.с. Сонымен қатар психологиялық факторларға байланысты
өзін - өзі бағалау конфликтісі, өзінің сырт келбетіне көңілі толмау, ата –
анасының сүйіспеншілігін жоғалту, жалғыздық, тұлғааралық қарым – қатынастың
бұзылуы, өзінің қарсы жыныс өкілімен қарым – қатынастағы сәтсіздік әсер
етеді. өзіне - өзі жұмсау - әрекеті белгілі бір жағдайға байланысты ұзақ
мерзімге созылған конфликтілі жағдайдың шешімі.
Әлеуметке қарсы мінез – құлық синдромы. Жасөспірім кезінде өз беттілікке
ұмтылу әсерінен отбасы ықпалынан құтылуға тырысады. Оның бұл әрекеті
өзгелермен топтасуға, құмарлық ойындарға әуестенуге өзін ерекше етіп
көрсетуге әкеледі. Одан келіп әлеуметке қарсы қалыпсыз мінез – құлық пайда
болады. қалыпсыз мінез – құлықты девиантты мінез – құлық деп атайды. Ол екі
үлкен категорияға бөлінеді. Бірінші, психологиялық бұзушылық бар адамдар,
яғни психопатология. Екінші, әлеуметке қарсы мінез – құлық немесе құқық
бұзушылық. Мұндай мінез – құлықтың пайда болу себебіне педагогикалық
назардан тыс қалушылық, отбасындағы келіспеушіліктер, ашуланшақтық, тіл
алмаушылық, қоршаған орта адамдардың сезімдеріне көңіл бөлмеушілік жатады.
Жасөспірімдерге жасалған зерттеу қорытындылары бойынша ашуланшақ ұл
балалардың мақтау мен марапаттауға бағдарлану тенденциясының деңгейі төмен
болады. Мұның негізгі себептерінің бірі жанұялардағы ауыр ахуал, отбасы
мүшелерінің қарым – қатынасының салқындығы, шектен тыс тәртіп әсер етеді.
Осыдан келіп жасөспірімдер арасында қылмысқа бейімділік сияқты әлеуметке
қарсы қалыпсыз мінез дағдылары пайда болады. Статистикалық деректерге көз
жүгіртсек, жылына жасалатын қылмыстың 40% - ы жасөспірімдер қолымен зорлық
, қысым көрсету т.с.с.
Аурулар белгілерінің дамуын болжайтын болсақ, жасөспірім шақтағы
дағдарыстың қиындауы, оның бейімделуі, жүйелік – психологиялық және
психосоматикалық бұзылыстардың әсеріне тәуелді келеді. Жасөспірім
жасындағы дағдарыстың күрделі түрін 30 -40 % - і қалыпқа келіп түзеледі,
ал қалған жағдайларда невроз психосоматикалық бұзылушылыққа, тұлға
бұзылуына, ішімдікке салынуына, нашақорлық, психоз ауруына ұласады.
Дағдарыс барлық балаларда кездеседі. Кейбір балалар дағдарыстан жеңіл
өтеді. Ал, кейбіреулер үлкен қиындықпен өтеді. Дағдарыстың жеңіл түрде
өтуіне ата – аналардың балаларға көп көңіл бөлуі, ата – аналық
сүйіспеншілік сезімінің толық берілуі бірден – бір ықпал етеді.
Жасөспірімдер арасында психопатологияның кездесуі ата – аналардың өз
балаларының мінез ерекшеліктері туралы дұрыс түсінігі болмағандықтан қате
көзқарас қалыптасып, артық талап қойылады. Ал, бұдан түсінбеушілік пен
пікір қайшылығы туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез типтерінің
ерекшеліктері мен ауытқушылықтарды анықтау отбасылық терапия мен отбасылық
қарым – қатынасты психологиялық түзету жолдары арқылы дұрыс жолға салуға
болады. Психологиялық ауытқушылықтардың алдын алу үшін мектептерде
жасөспірімдерге, ата – аналарға арналған психологиялық дәрістер оқылуы
керек. атап айтқанда:
- жасөспірім кезеңі ерекшелігі;
- жасөспірімнің мен концепциясының құрылуы;
- жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс ерекшелігі;
- жасөспірімнің жыныстық жетілуі;
- еліктеу және оның маңызы.
Аталмыш кезеңдегі бала психолгиясындағы өзгерістер мен беріп
психодиагоностикалық әдістемелер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп, түзету
жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру әр психолог маманның, ұстаздың,
қала берді ата – ана мен тәрбиешінің міндеті.

1.1.Жасөспірімдерге мінездеме.
Жасөспірімдер – 11жас пен 15 жас аралығындағы балалар. Осы жастағылар көп
жағдайда ата – ананың қарамағында, солардың материалдық қамқорлығында
болады. Тек 14-15 жасқа келгенде материалдық жағдайды өзінше шешуге
кіріседі. Танымдық, әлеуметтік – психологиялық қажеттілікті мектептен
табады. Жасөспірімдер қоршаған ортаның жағымсыз кері әсерінен аулақ
болғысы келеді, заң алдында жауапкершілігі пайда болады да ересектердің
ықпалында қалып қояды.
Жасөспірімдер де өмірден жаналық күтеді. Бірақ олардың жаналықтары –
күнделікті тірлік пен сол жастағы балаларға лайықты жаналықтар. Ал жоғары
сынып оқушыларына келетін болсақ, олар болашақ өмірдің табалдырығын
аттағалы тұр. Сондықтан да олардың болашақ туралы ойлары күрделі. Ол –
мамандық таңдау, маман болу, отбасын құру, өзінше өмір сүру. (46,154)
Балаларды осыған тәрбиелеген ата – аналар мен мұғалімдер
ұрпақтарының алдында біршама борышын өтеген болып табылады. Жас
жеткіншектер жасөспірімдіктен өтіп жаңа өмірге бет алады: анатомиялық –
физиологиялық, психологиялық тұрғыда өзгеріс туып, ата –анадан
тәуелсізденуге бет – бұрыс жасайды, алғашқы махаббат пайда болады. Мектеп
балаларының білімге деген құштарлығы, қабілеті ата – ананың жағдайы, т.б.
Бастауыш мектепті балалар бірдей бастаса, 5-6 сыныптан немесе одан жоғары
сыныпта оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары өзгеріп шыға келеді.
Сондықтан орта, жоғары сынып оқушыларына арнап әр түрлі бағдарлама бойынша
оқыту керек. Мұндай бөлініс жергілікті жағдаға, өндіріске де байланысты.
Мәселен Австрияда мектептің үш түрі бар:
а) реальдық гимназияда оқушылар математика мен жаратылыстану пәндерін
тереңдетіп оқиды.
б) эконмикалық реалдық гимназияда арнайы экономикалық білімнің негізін
береді.
в) гуманитарлық гимназияда гуманитарлық пәндерді, әсіресе шет тілдерін
оқытады.
Австрияда кәсіптік білім беру жолы кең дамыған. 15 – 19 жасар балалардың 48
пайызы сонда , ауыл шаруашылығының кіші маманы, іс қағазын жүргізуші,
коммерция, т.б. саладан кәсіби мама ндық алады. Аталған мемелекетте діни
орындарының жекеменшік мектептері де кең өріс алған. Оны негізінен өздері
қаржыландырып, оқушылардың қалауынша бастауыш, орталау, орта білім береді.

АҚШ – та балалар мектеп табалдырығын 6 жаста аттап, 18 жасында орта білім
алып шығады. Бірақ міндетті түрде оқу 16 жасқа дейін. Бұл елде де
мектептің үш түрі бар.
а) екі сатылы мектеп: мұнда 6-13 жасар балалар бастауыш мектепте білім
алса, 14-18 жасар балалар орта мектепте білім алды.
б) үш сатылы мектепте бастауыш сыныптары 6-12 жасарға арналса, орталау
мектепте 12-15 жасар балалар, ал орта мектепте 15-18 жасар оқиды.
в) тағы бір үш сатылы мектеп бастауышта 6-10 жасар, орталау 10-14 жасар,
орта мектепте 14-18 жасар балалар оқиды. Америка мектептерінде балалар 12
жыл оқиды.
Мектептегі оқылатын пәндердің міндетті және міндетті емес түрлері болады.
АҚШ – та 9-12 сынып оқушыларының міндетті түрде оқитын пәндері: ағылшын
тілі және дене тәрбиесі. Оның өзі бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін.
Мәселен, Ньютон Норсте 90 пән циклге бөлініп оқытылады. Дене тәрбиесі
аэробика, қазіргі джаз билері, су ойындары, т.б. болып бөлінсе, ана тілі
бойынша факультативтік курстар мифология, ғылыми фантастика, т.б.
бөлінеді. (163,171)
Сонымен екінші тарау бойынша қорытындылай айтарымыз, жалпы америкалық ,
ағылшындық, франциялық, жапониялық, кореялық, австриялық , германиялық,
Латын америкасындағы мемелекеттердің, Африка елдерінің білім жүйелері
біздің қазақстандық білім жүйелерімен бірдей болып отыр. Айырмашылығы -
тек сол жүйелердің іске асуымен қатар білімнің мазмұнында,
қаржыландыруында, ұлттық ерекшелігінде жатыр.
1.2.Жасөспірімдер арасындағы ұл мен қыз тәрбиесі.
Жасөспірімдер өздерін бозбала мен бойжеткен санатынан көреді, алғашқы
махаббат пайда болады, ұл мен қыздың өздеріне тән белгілері біліне
бастайды. Сондықтан да ата – ана, мұғалімдер осы ерекшеліктерге дер кезінде
көңіл бөлгені жөн. Осыған байланысты бір төрт – бес мәселенің басын ашып
көрейік.
Бірінші мәселе. Жасөспірім қыздар әйелдерге, жасөспірім ұлдар ер адамдарға
еліктейді, солардың тірліктерін қайталағысы келеді. Жасөспірім қыздарға
әйел үлгісі жеткілікті. Себебі үйде ана, мектепте әйел мұғалімдер үлгі
болып табылады. Ал жасөспірім ұлдар, әсіресе әкесіз өскен жасөспірімдер ер
адам үлгісін көре алмайды. Үлгі болатын әке жоқ, үлгі болатын мектепте ер
мұғалімдер тапшы. Соның салдарынан жасөспірім ұлдарымыз ер адам тәрбиесін
жөнді ала алмай өседі. Әйелдердің ықпалында қалған жасөспірім ұл мінезді
болып өседі.
Екінші мәселе. Біз алдыңғы көтерген мәселемізге байланысты. Бүгінде әйелдер
ерлердің жұмысын атқаруда. Әйел – базаршы, әйел- дүние тапқыш, әйел –
құрылысшы. Қысқасы, әйел – сол үйдің тұтқасы. Осыдан барып мектепке де көп
жұмысты, соның ішінде, ұлдың да жұмысын қыз балалар атқарады. Мұны олар
өздерінше жетістік деп санайды. Бұл дұрыс емес, әр адамның, соның ішінде
ер мен әйелдің өздеріне тән қызметтері бар. Олардың әрқайсысы өздеріне тән
қызметтерді атқарғаны дұрыс. Ер – үйдің бас иесі. әйел – үйдің ұйытқысы.
Мектеп, ата – ана балаларды осыған үйретіп, жастайынан үй болуға үйретсе,
біз көп нәрселерден ұтылмаймыз. Үшінші мәселе. Ол жыныстық тәрбие. Біздің
мектепте айтып жүргеніміз жыныстық тәрбие емес. Ол – жыныстық қатынасқа
байланысты ағартушылық, яғни сөз. Бала сөзбен тәрбиеленбейді, іспен
тәрбиеленеді. Жыныстық тәрбиенің мәселесі жоғарыда көрсетілген екі мәселені
шешкенде ғана көңілден шығады.
Жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру туралы әр түрлі пікірлер бар.
Мәселен, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский бастаған топ Мектептегі
жасөспірімдерге жыныстық тәрбие берудің қажеті жоқ. олар оны өздері
өмірден алады дейді. Келесі бір ғалым – ұстаздар Жасөспірімдерге жыныстық
тәрбиені бесіктен бере берсе де болады деп кесіп айтады. Біздің ойымызша,
жыныстық тәрбиені қажет ететін жасөспірімдерге беру керек. Себебі жыныстық
тәрбие - өте нәзік мәселе. Сондықтан ол – отбасына, жасөспірімнің өзіне
байланысты қаралатын мәселе.
Төртінші мәселе. Бұл мәселе – жыныстық қатынасқа байланысты ағарту жұмысы.
Бүгінгі ақпарат құралдары, теледидар, бейнефильмдер жыныстық қатынасты
кеңінен көрсетіп, жазып, жасөсіпірмдерімізді ауыздандырып, бұзуда. Бұған
мемлекеттік тұрғыдан тосқауыл да дәрменсіздік танытып отыр. Осы мәселеден
шығудың жолы – жасөспірімдерді түрлі спорт, көркемөнер жұмыстарына бұрып,
көңілдерін пайдалы іске аудару.
Бесінші мәселе. Жасөспірім қыздардың жезөкшелікке түсуі. Бұл кеңестік
дәуірде ашылмаған жасырын мәселе еді. Мүмкін сол кезде де азды – көпті
фактілер болған шығар. Бірақ заң оларды қатты жазалайтын. Бүгінде бұл
әрекеттер кең етек алуда. Онымен күресуге мектеп, қоғам дәрменсіздік
танытып отыр. оның өзіндік себептері бар:
Біріншіден, анасының сондай жолға түсуі, отбасының материалдық қиындығы,
әйелдердің жағымсыз қылықтары.
Екіншіден, зорлау, осы іске баруға мәжбүр ету, тұрмысын түзету көмектесу.
Үшіншіден, қызық көру, кездесоқ кездесу, зорлау.
Төртіншіден, жыныстық қатынасқа бейімділік, кездесоқ кездесу, тұрмыстық
көмек көрсету.
Бесіншіден, жезөкшелікте мамандық деп қарау, оны кинодан көріп үйрену.
Бұл мәселе өте күрделі. Ол әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық,
экономикалық, этикалық, жыныстық байланыстан тұрады.(48,51)
Жасөспірімдер де зорлауға барады. Бұл жерде кімді кінәлауға болады? әрине,
отбасын. Отбасында ерте жыныстық қатынас жасаудың зиян екені кезінде
түсіндірмеген. Ондай балалар – ер намысы, қыз намысы дегенді білмей
өскендер. Қазақтың Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе қара күңнен де
тыйым дегенін білмей өскендер. Қазір батыстың жаман, жағымсыз қылықтарын
жасөспірімдеріміз үйреніп өсуде. Осыған ерте ме, кеш пе тосқауыл қойылатын
шығар деген үміттеміз.
Жасөспірімдер өздерін ересектер қатарына қосуды талап етеді. Бірақ
оларды ересектер қабылдамайды. Осыдан барып олардың құбыларымен қарым –
қатынасы – тәуелсіздіктің бастауы шығады. Жасөспірімдер ұжымда өз орнын
табу үшін көңіл тоқтатады, күреседі, түрлі жағымды іс- әрекетке барады.
Осыны ата – аналар мен оқытушылар ескеріп, жасөспірімдермен ерекше қатынас
жасаған жөн.
1.3. Теледидар және жасөспірімдер.
Замана өзгерген сайын адамдар да өзгереді. Әсіресе, қазіргі адамдардың
шектен тыс агрессивтілігі, қатегездігі бірден көзге түседі. Ол жасөспірім
жаста көріне бастайды. Мектеп психологы газетінің 2001 жылғы 18 нөміріндегі
агрессивті бала мәселесіне арнаған мақаласында Степанов Сергей
агрессивтіліктің табиғатын түсіндірудегі үш бағытты атап көрсетеді. Бірінші
бағыттың негізін салушы З.Фрейд болып табылады (психоэнергетикалық
модель). Бұнда агрессивті жүріс – тұрыстың бастауы – Танатос болады.
бұрынғы еңбектерде агрессия либидоның блоктануына реакция (өмір
инстинктінің энергиясы) ретінде қарастырылғанымен, Танатос – бұл өлімге
және бұзуға деген инстинктивті талпыныс.
Танатостың Эроспен қарама – қайшылығы, Танатос энергиясын басқа
жаққа, басқа адамдарға қатысты агрессия түрінде бағыттайтын қорғаныс
механизмінің (араластыру) көмегімен шешіледі. Олай болмаған жағдайда ол
индивидтің өзінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Көптеген психологтар
агрессивтілік табиғатын осылай талқылаумен келіспейді.
Жануарлардағы агрессивтілік мәселесін қарастырған әйгілі зерттеуші К.Лоренц
агрессивті жүріс – тұрыстың псхиогидравликалық моделін ұсынған. Бұнда
агрессияның бастауы барлық тіршілік иелерінің жүріс тұрысына тән және
тіршілік үшін күрес болып табылады. Жануарлар әлемінде тек күштілер ғана
тіршілік етеді және өз белгілерін ұрпағына бере алады. Жинақталған
агрессивті энергияның көлемі қаншалықты көп болса, осы энергияның шығуына
алып келетін стимулдың күші соншалықты аз болады немесе ол стимул жоқ
болғанда да шығуы мүмкін. Көп ғалымдар Лоренцтің моделін, яғни жануарларды
зерттеуде алынған нәтижелерді адамға ауыстырғаны үшін қабылдамайды.
Қарастырылып отырған мәселні түсіндіруге біршама жақыны әлеуметтік үйрену
теориясы (бихевиоризмдік модел) болып табылады. Бұл жерде агрессия қате
әлеуметтенудің нәтижесі болып табылады, балалардың еліктеуінің үлгісі
ретінде ата – аналардың жүріс – тұрысына ерекше мән беріледі. Бұнда
агрессивті әрекеттердің нәтижелілігі үлкен мәнге ие: жетістікке қол жеткізу
осы жүріс – тұрыс мотивациясын көтереді, ал жетістіктің жоқтығы тежелуге
алып келеді. әлеуметтік бекініс, сонымен қатар, балалардағы агерссивті
жүріс – тұрыс қалыптасу үрдісінің маңызды сәті болып табылады. Көптеген
психологтар әлеуметтік үйрену теориясын агрессивті жүріс – тұрысты
түсіндіру үшін қабылдайды.
Осы теориялардың бірде – бір адам агрессивтілігінің табиғатын тұтастай
түсіндіре алмайды, себебі агрессивті жүріс – тұрыстың пайда болуы бұл
тұқымқуалаушылық факторы мен қоршаған орта өзара әрекетінің нәтижесі болып
табылады. Агрессивтілік генінің бар екендігінің дәлелі осы белгіге таңдау
бойынша жануарлар мен жүргізілген эксперимент болып есептеледі. Ғалымдар
эксперименталды тұрғыда түрлі жануарлардың агрессивті және агерссивті емес
ерекшеліктерін анықтады, бұл осы белгінің тұқымқуалаушылық табиғатын
дәлелдейді.
Теледидарды 1923 жылы жасап шығарған (Англия Бэрд, АҚШ – та Дженкинс).
Ресейлік зерттеушілердің мәліметтері бойынша телебағдарламаларды көрудің
орташа уақыты жұмыс күндері үш сағат және демалыс күндері 3,5 сағатқа
жетеді. Сонымен қатар көп арналық кабельді теледидар кеңінен таралып отыр.
ресейде 30 пайызға жуық отбасында видеотехника бар, ал Астанада 60 пайызға
жуық, бұл 1993 жылдармен салыстырғанда 25 есе артық деген сөз. Балаларға
арналған күнтізгі бағдарламаларда тіпті мултьфильмдерде балаларда ауырлық
пен қайғыруды туындатпайтын он сегізге дейін осындай сценарийлер болады.
бұл жерде үлкендер өмірінің моделі болып табылатын американдық
мултьфильмдер туралы айтылуда. Олар бізді өз уақытында қайырымдылыққа,
өзара көмектесуге және түсіністікке үйреткен, біздің бойымыздағы өте жақсы
қасиеттерді тәрбиелеген отандық мултьфильмдерді ығыстырды. Ата – аналар
кейде кейбір фильмдерді әрекетке басшылық ретінде қабылдайтын өз
балаларының телебағдарламаларды көруін бақылай алмайды.
Жасөспірімдік шақ – бұл қоршағандардың барлығы оған өте қатты әсер ететін,
бала үшін кризистік жас. Әсіресе қалалық жерлердегі жасөспірімдер экранның
немесе компьютердің алдында өте көп уақыт өткізетін болғандықтан, осы
әсерді зерттеу қызықты болар еді. Балалар өздерін күш көрсету арқылы
соңында жеңіп шығатын жеңімпаздармен идентификациялайды. Киллер деп
аталатын компьютерлік ойын бар, онда киллердің рөлін тіпті бала да ойнай
алады.
АҚШ ғалымдарының зерттеулері бойынша күш көрсету сценалары бар
бағдарламаларды көру балалардың жас шамаларына тәуелсіз, оларды агрессивті
жүріс – тұрыстың күшеюіне алып келеді, ал ондай сценалары жоқ бағдарламалар
бұндай бұзылыстарды туындатпайды. Басқа бақылау бойынша теледидар алдында
көптеген уақыт өткізетін балалар теледидарға аз көңіл аударатын балаларға
қарағанда біршама мәнді агрессивті болып келеді. Мысалы Нью – Йорктегі 12
жасөспірім Враги деген фильмнің жеңімпаздарының жүріс – тұрысын қайталап,
полицияның қолына түскенге дейін дер асты жолдарының жолаушыларына
лаңкестік жасаған. Бірнеше зерттеулер оғаш және қатыгез көңіл көтерулердің
адамдарды селқос және тасжүректі етеді деп пайымдайды.
Қылмыстық әрекеттер туралы газеттік материалдар бұл әлі ғылыми дәлел емес.
Сондықтан қылмыстық әрекеттерге теледидардың әсерін зерттеу үшін
зерттеушілерге кореляциялық және эксперименттік әдістерді пайдаланды.

4. Жасөспірім: өзін-өзі сынау және бағалау
Жасөспірім санасын мен танымы арқылы өзін-өзі түсінуге, өзінің жеке
мүмкіндіктері мен сапаларын, дағдылары мен іскерліктерін, білімдерін және
оларға қатынасын дұрыс қабылдауды әрі оны бағалауды үйренеді. Бұл кезенде
өзін-өзі бағалау тез дамиды, өзін-өзі тәрбиелеу дағдылары мен іскерліктері
қалыптасады. Адам, оның білімдері, іскерліктері мен дағдылары бағалау
объектісіне айналады. Нәтижеде жасөспірім адамдарға қатынасындағы жеке
өзінің бағаларындағы қателерді түсіне бастайды. Бұл өзін-өзі бағалаудың
және өзара бағалаудың қалыптасуындағы маңызды сәтті сындық деп атауға
болады.
Сөйтіп жасөспірім мұғалімдердің де, құрдастарының да пенде екендерін,
олардың да кемшіліксіз еместігін түсіне бастайды. Содан соң оның тіршілігі
және басқа адамдармен қарым-қатынасы салмақтанады, ашыла сөйлейді, өзін
еркін ұстап, айналасына сезіктене қарауын және сенімсіздікті жоғалтады.
Адамның жақсы жақтарымен бірге кемшіліктерінің де болатынын байқады. Өзінің
жеке дара ерекшіліктері мен мүмкіндіктерін, оқу материалын жақсырақ біле
бастайды. Бұл өз кезегінде әлеуметтену үрдісінің болып табылатын адамдық
өзара қатынас нормалары мен ережелерін жақсырақ тануға ықпал етеді.
Жасөспірім жаста сыншылдық және өзін-өзі сынау күшйе түседі, өз бетімен
пікір айтып қалыптасады. Ол өзін-өзі бағалауына күшті ықпал тигізеді.
Ф.Иващенко Жоғары сынып оқушыларының еңбек оқуындағы өзін-өзі
бағалауының ерекшеліктері еңбегінде сыншылдықты ақылдың басқа
қасиеттерімен байланыстырады. Байқағыштық, тапқырлық, жаңаны терең сезіну
сияқты қасиеттер мен қарым-қатынас үрдісінде ғана шыңдала қоймайды, сонымен
бірге заттың іс-әрекет үрісінде шыңдалады. Өйткені, барлық бағалық өлшемдер
бағдарламалық материалдарға енген. Сондықтан оның кері ықпал ететін әсері
де болуы мүмкін. Ол ықпал өзін-өзі тәрбиелеудің дамыған дағдыларынан жалпы
ақыл-ой ерекшеліктеріне қарай бағытталады. Сөйтіп, бұл екі ерекшеліктің
ықпалынан оқушылардың (тыңдаушылардың) оқу іс-әрекетіне, тұтас
педагогикалық үрдісіне қатынас қалыптасады.
Қарама-қайшылығы мол, ішкі және сыртқы, тұлғалық және тұлғааралық
түсінушілігі барынша айқын білінген жасөспірім жастағы тұлғаның
қалыптасуындағы қиындықтар әлеуметтік, психологиялық, сондай-ақ эндокриндік
жүйенің өзгеруімен, ағзаның өсуімен тікелей байланысты.
Өзін-өзі бағалау мен басқа адамдардың баға беруінің жасөспірім кезеңдеі
алғашқы көздері: ата-аналардың пікірі, мұғалімдердің төрелігі, ересек
адамдардың айтқандары, мектепте бірге істейтін жолдастарының көзқарастары
және т.б. Мұндай көздер елеулі болып келеді. Бірақ, олар жүйесіз әрі
басқаруға келмейді.
Адам тұлғасының даму үрдісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Осыған
сәйкес өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды.
Адамның басқа адамдрмен қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым көп болса, ол
тұлға ретінде өзі туралы соғұрлым көбірек ақпарат алады, практикада өзі
туралы өз пікірлерін басқалардың пікірлерімен байланыстыруға тура келеді.
Оның өз әрекетін, қылығын дұрыс қабылдау және бағалау қабілеті тезірек және
белсендірек дами түседі. Сондай-ақ басқа да адамдардың тұлғалық саналары
дамиды.
Тұлғаның ішкі ұстанымының құрылымынан бір өзін-өзі бағалаудың негізгі
мазмұндық элемендін ажырата аламыз. Өзін-өзі бағалау тұлғаның тұтастық пен
құрылымдық және тікелей білінетін сипаттамасы болып табылады. Өзін-өзі
бағалауда тұлға үшін маңыздысы: шындық пен Мен және Ол арасындағы
байланыс. Тұлғаның Мен-іне жақындау өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттігінің
дамуы кезінде ғана жүзеге асады.
Ғалымдардың зеріттеулеріне сүйенсек, адамды оқыту және тәрбиелеу
үрдісіндегі өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Біздің
пікірімізше, оны елемеу мынадай теріс құбылыстарға алып барады.
1. Психикалық дамудың тежелуі.
2. Оқытудағы психолгиялық және мағыналық кедергілер.
3. Жаман мінездің қалыптасуы.
Мұғалім қойған баға мен озін-өзі бағалауының арасында сәйкессіздік
орын алса, онда оқу үрдісіндегі мағыналық және психологиялық кедергі тууы
мүмкін. Егер студент өзін асыра бағалас да, ол әділетсіз бола бастайды. Бұл
мұғалімге теріс реакция, жалған қатынас туғызады, яғни оқушы оқытушыны
тыңдамайды. Бұл, сөз жоқ, жасөспірім жастағы тұлғаның дамуына мағыналық
кедергі жасайды. Жалпы мұндай енжарлық жалпы өмірге немқұрайлыққа апарып
соғуыда әбден мүмкін. Ал нақ осы жаста адманың қандай да бір үрдістерге,
құбылыстарға көзқарасы, қатынасы қалыптасады.
2.Психика жөніндегі теория.
Өтпелі кезеңде жоғары психикалық функциялардың дамуы жүйке жүйесі мен
мінез – құлық дамуының процестерін анық және нақты сипаттайтын негізгі
заңдылықтарды анықтайды. Жүйке жүйесі мен мінез – құлық дамуының негізгі
заңдылықтарының бірі – жоғары орталықтар немесе жоғары құрылымдар дамыған
сайын, төменгі орталықтар немесе төменгі құрылымдар өзінің маңызды
қызметтерінің біраз бөлігін жоғары құрылымдарға алмастырып, осы
функцияларды жоғарғы береді, дамудың неғұрлым төменгі сатыларында, төменгі
орталықтар немесе төменгі функциялармен жүзеге асырылатын бейімделу
міндеттері жоғары сатыда жоғарғы функциялармен орындала бастайды.
Сонымен бірге, Э.Кречмердің айтуынша төменгі орталықтар біртіндеп жоғары
орталықтардың құрылуына байланысты, тысқары қалып қоймай, жоғарылар
басшылығындағы бағыныңқы инстанция ретінде, ортақ бірлікие әрі қарай қызмет
ете береді, сондықтан, әдетте, жүйке жүйесі зақымданбаған жағдайда оларды
жеке қарастыруға болмайды.
Кречмердің айтуынша, тек сырқат күйде жоғары орталықтар функциясы
әлсіз немесе бағыныңқы орталықтардан бөлек болғанда, жүйке аппаратының
жалпы фунуциясы жай тоқтап қалмай, бағыныңқы инстанция дербестеніп, бізге
өзінде сақталып қалған көне типтегі қызметінің элементтерін көрсетеді.
Осындай жалпы жүйкелі – биологиялық заңды Кречмер төмендегіше тұжырымдайды:
егер психомоторлық сфераның ішіндегі жоғары инстанция әрекетінің қызметі
неғұрлым әлсірей бастаса, өзіндік қарапайым заңдары бар, жақынырақтағы
төменгі инстанция соғұрлым дербес қызмет ете бастайды. Жүйке жүйесінің
дамуында көрініс беретін осындай үш заңдылық, атап айтқанда: төменгі
орталықтардың бөлек сатылар түрінде сақталуы, функциялардың жоғарыға өтуі
және сырқат кезінде төменгі орталықтардың эмансипациясы – жоғары
психикалық функциялардың даму тарихында да толық сәйкестікте болады.
жекелей алғанда, өтпелі кезеңдегі барлық психикалық даму осы үш заңдалықтың
нақты айқындалуының үлгісі болады.
Осы жас шамасындағы дамудың негізгі мазмұны жасөспірімнің жеке тұлғасының
психологиялық құрылымының өзгеруін құрайды, бұл өзгеріс қарапайым және
төменгі процестерден жоғарылардың жетілуіне өту болып табылады. Жоғары
функциялар төменгі, қарапайым функциялардан мүлдем өзге заңдар бойынша
дамиды. Олардың дамуы ми дамуымен, сонымен бірге онда жаңа бөліктердің
пайда болуы немесе ескілерінің жетілуімен қатар жүрмейді. Олар дамудың
басқа типін, психикалық эвалюцияның басқа типін анықтайды. Мінез – құлықтың
тарихи дамуының өнімі болып табылатын осындай жоғары функциялар
жасөспірімнің әлеуметтік – мәдени дамуында жетіліп, өтпелі кезеңде тікелей
ортаға тәуелді болып қалыптасады. Олар, әдетте, қарапайым функциялармен
бірге, сол қатардың жаңа мүшесі ретінде емес және де мидың төменгісінің
үстіндегі жоғары қабат болып қалыптаспайды, күрделі синтездердің пайда
болуы жолымен қарапайым функциялардың жаңа күрделі үйлесімдерінің пайда
болу типі бойынша құрылады. Жоғары функциялардың негізінде жатқан кез
келген күрделі психикалық процесс, өзі солардан пайда болған элементтердің
жиынтығынан артығырақ деген Кречмердің ойы бізге белгілі. Кречмердің пікірі
бойынша, о өз элементтеріне жіктелмейтін мүлдем жаңа негіздегі дербес,
психологиялық құрылым, тұтастық. Бұл неғұрлым жоғары синтездерден ойлаудағы
абстракциялардың қалыптасуына дейін жүретін негізгі жүйкелі – биологиялық
заң.
Жоғары психикалық функцияларды осындай синтездердің өнімі ретінде
қарастыра отырып қана, біз олардың жыныстық жетілу кезеңіндегі жеткілікті
дәрежеде дамыған төменгі немесе қарапайым процестермен қатынасын дұрыс тани
бастаймыз. Бұл байланыс екі жақты. Бір жағынан, жоғары функциялар
төменгілердің негізінде ғана қалыптасады: сайып келгенде олар жаңа сұрыпты
физиологиялық процесс емес, ол сол қарапайым процестердің белгілі бір
күрделі үйлесімі, күрделі синтезі. Осы тұста қазіргі кезеңдегі
психологтардың – жоғары процестердің төменгі процестермен байланысын
есептемей, қарапайым функциялардың дамуы мен тағдырын сипаттайтын
заңдылықтарды психологиядан тысқары қалдыру әрекеттері алдамшы көрінеді.
Кречмердің орынды ескертуі бойынша, неғұрлым жоғары психологияның
көптеген мәселелерін, мысалы бала ойларының психологиясын, қалыптасып келе
жатқан интеллектіні, идеялар ағымын өңдеуде ассоциация ұғымының
қажеттілігі, анық. Неғұрлым жоғары психикалық өмірді құру теориясы
ассоциативті негізсіз мүлдем ойға қонбайды.
Э.Торндайк жасағандай, жоғары функцияларды тек сан жағынан ғана
ұлғайтылған, қарапайым ассациацияларға теңгеру әрекеттері де еш заңсыз.
Сол сияқты неғұрлым жоғары синтездердің дербестілік заңын көзге ілмеу де
орынсыз. Жасөспірімдегі барлық психикалық жаңа құрылымдар өз негізінде
қарапайым мен жоғары процестер арасындағы шын мәніндегі екі жақты және
күрделі қатынаста болады. эмпирикалық тұрғыда қазіргі заманғы
психоневрология анықтаған және жүйке жүйесі дамуын зерттеуде алынған омы
қатынас диалектикалық логика үшін жаңалық емес. Гегель немісше снимать
сөзінің екі жақты мәнін еске түсіреді. Оның айтуынша, біріншіден ол сөздің
мәні – алып тастау, жоққа шығару деп түсінеміз, соған сәйкес: заң мекеме
жойылды, қысқартылды дейміз. Алайда оның мәні – сақтау болуы да мүмкін, бұл
жағдайда біз не нәрсенің сақталғандығын айтамыз. Сөз қолданысындағы осындай
екі – жақтылық кездесоқ деп қаралмауы керек. Ол даму процесінің негізінде
жақтан шынайы, объективті қатынасты бейнелейді. Ондағы әрбір жоғары саты
төменгісін жоққа шығарады, алайда оны жоймай, өзіне сақталынған категория,
құрамды бөлшек ретінде қоса отырып, жоққа шығарады. өтпелі кезеңдегі
психикалық дамудың бүкіл тарихы осы функциялардың жоғарыға өту мен дербес
жоғары синтездердің құрылуынан тұрады. Осы тұста жасөспірімның психикалық
даму тарихында қатаң иерархия үстемдік етеді. Түрлі функциялар (ес, зейін,
қабылдау, ерік, ойлау) бір ыдысқа салынған бұтақтардың шоқтары іспеттес бір
– бірімен қатар дамымайды: олар тіптен бір ағаштың ортақ діңгегімен
байланысқан әр түрлі бұтақтары сияқты да дамымайды. Даму процесінде осы
функциялардың барлығы – орталық немесе жетекші функциясы – ойлаудың дамуы,
ұғымдардың қалыптасуы болып табылатын күрделі иерархиялық жүйені құрайды.
Барлық қалған функциялар осы жаңа құрылыммен күрделі синтезге түсіп,
интеллектіленеді, ойлау негізінде ұғымдардың өзі де қайта құрылады.
Бастапқы қарапайым функциялардан бөлек өзгеше заңдылықтары бар мүлдем жаңа
функциялар пайда болады және төменгі функциялар өз іс- әрекетінің бір
бөлігін жоғары функцияларға беруіне байланысты, кей жағдайларда жоғары,
логикалық есті қарапайым, механикалық еспен жақындастырып, екеуін де бір
қатарда бір ғана генетикалық түзу бойында жатқандай қарастырады,
біріншісінде тікелей соңғысының жалғасын көреді. Дәл осылай функцияның
жоғарыға өтуі жоғары немесе ырықты зейінді қарапайым, ырықсыз зейінмен
жақындастырыпе, оны соңғысының жалғасы ретінде қарастыруға әкеледі. Біз
құрамында сақталынған катергория түріндегі бағыныңқы инстанциялар ретінде
сәйкес қарапайым функцияларды қамтыған және соңғыларынан іс - әрекеттің
жоғарыға берілген бөлігін алған, жаңа жоғары синтездер қатысуының, жоғары
функциялардың қалай пайда болғанын көрсетуге тырысамыз.
Сөйтіп, қабылдау функциясынан бастаймыз. Әдетте бұл функция баланың
психикалық дамуының тарихында ең ежелгісі деп қарастырылады. Бала зейін
қойып есте сақтап, ойлаудан бұрын қабылдай бастайды. Сондықтан да бұл өте
ерте функция қарапайым функция ретінде қарастырылады, оның эволюциялық
процестері, әдетте, тікелей бақылаудан жасырын қалады. Сонымен бірге жаңа
психологияда қабылдау мүлдем дамымайды, ол басынан бастап нәрестенің өзінде
ересек адамдағыдай қызмет етеді, барлық психикалық функциялардың жалпылай
өзгеру процесінде қабылдау дамымайды, өзгермейді, өз бетінше қалу
артықшылығына ие деген аңыз бірте - бірте жойылуда. Шын мәнінде естің
немесе ойлаудың дамудың осы екі сатысында ұқсастығы қалай аз болса,
нәрестенің қабылдауы мен ересек адамның қабылдауының да ұқсастығы сондай аз
болады. Жас ерекшелігінің әрбір жаң сатысында қабылдау сапалы өзгеріске
ұшырайды, өтпелі кезеңде ғылыми талдау ондағы күрделі өзгерістерді ашады.
Қазір біз қабылдаудың негізгі мезеттерін тіптен схема түрінде де келтіре
алмаймыз. Біз мақсатымызға орай, осы функцияда оның даму процесінде жүретін
өзгерістердің негізгі екі типін қысқаша ғана нұсқауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат құралдарының жасөспірімді тәрбиелеуге ықпал ету мүмкіндіктері
Бесігіміз бұзылып бара жатқан жоқ па?
Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын период
Шоу бағдарламалардың түрлері
Жасөспірімдер шоу бағдарламалары
2015 —2020 жылдары БАҚ-да бала тәрбиесінің көрініс табуы
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар
Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі
Масс-медиа, технологиялар және қоғам
Жасөспірім шақтағы мінез-құлық ерекшеліктері
Пәндер