Мұрағатты әзірлеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мәліметтерді мұрағаттау
Мұрағаттар деген не және олар неге керек
WinZip, WinRar мұрағаттаушылармен практикалық жұмыс істеу
Мұрағатты әзірлеу
Мұрағаттан шығарып алу

Мұрағаттар деген не және олар неге керек
Бағдарлама-қаттаушы ақпаратты қаттаудың арнайы әдісін қолдану есебінен
дискілерде ақпаратты қысуға, яғни мөлшері кіші файлдардың көшірмесін
әзірлеуге, сондай-ақ бірнеше файлдың көшірмесін бір мұрағаттық файлға
біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарлама-қаттаушыларды қолдану мына
жағдайларда өте пайдалы:
ақпаратты телефон желісі (модем арқылы) бойынша жеткізу кезінде;
бағдарламалық кешендердің дистрибуттарын және т.б. әзірлеу кезінде;
файлдардың мұрағатын әзірлеу кезінде.
Әдеттегідей, қаттауға (мұрағаттауға) арналған бағдарлама файлдардың
көшірмесін сығылған түрде дискідегі мұрағаттық файлға орналастыруға,
мұрағаттан файлдарды шығарып алуға, мұрағаттың тақырыбын қарап шығуға және
т.б. мүмкіндік береді. Әр түрлі бағдарламалар мұрағаттық файлдардың
форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, мұрағатқа орналастыру кезінде
файлдарды қысу дәрежесімен, пайдалануда қолайлығымен ерекшеленеді.
Бағдарлама-қаттаушының ең кең таралғандары шамамен бірдей мүмкіндікке ие
және олардың бір де бірі барлық параметрлері бойынша басқаларынан
басымдылық таныта алмайды: бағдарламаның бірі тезірек жұмыс істейді,
басқасы файлдарды қысудың жақсы дәрежесін қамтамасыз етеді. Егерде
бағдарламаларды қысу дәрежесі бойынша салыстыратын болсақ, онда олардың
арасында көшбасшы жоқ: әр түрлі файлдар әр түрлі бағдарламамен жақсы
қысылады. Ең кеңінен тараған бағдарламалардың ішінен мыналарды атауға
болады: ARJ, WinZip, WinRar.
Ескерту. Бағдарлама-қаттаушылардың көпшілігі Shareware ретінде тарайды,
яғни олар тегін алынатын болады, бірақ егерде оларды тұрақты түрде
пайдаланғың кессе, онда оны әзірлеушілерге олардың көрсеткен шамалы
сыйақысын жібересің.
Осы тарауда біз ең кең таралған бағдарлама-қаттаушылардың екеуінің негізгі
мұмкіндіктерін сипаттап жазамыз — бұл бағдарламалар жұмыс істеудің жоғары
жылдамдығын және ақпаратты қысудың үлкен дәрежесін қамтамасыз етеді.
Мұрағаттық файл (мұрағат) бір немесе біртұтас файлға қысылған түрде
орналасқан, қажетті кезінде оларды алғашқы түрде шығарып алуға болатын,
бірнеше файлдың жинағы болып табылады. Мұрағатта қандай файлдар бар
екендігін білуге мүмкіндік беретін мұрағаттың тақырыбы бар. Мұрағаттың
тақырыбында ондағы бар файлдың әрқайсысы үшін келесі ақпараттар сақталады:
файлдың атауы;
файл тұрған каталог туралы мәліметтер;
файлдың өзгеруінің соңғы күні мен уақыты;
файлдың дискідегі және мұрағаттағы мөлшері;
мұрағаттың тұтастығын тексеру үшін пайдаланылатын әрбір файлға арналған
циклдік бақылау тамғасы.
Бағдарлама көптомдық мұрағатты — мұрағаттық файлдардың тізбектілігін
дайындауға мүмкіндік береді. Олар дискетке файлдардың үлкен кешендерін
мұрағаттау кезінде пайдалы.
WinZip пен WinRar бағдарламаларының мұрағаттық файлдары атауының келесі
кеңеюлері бар:
WinZip бағдарламасының мұрағаттық файлдары үшін — .ZIP
WinRar бағдарламасының мұрағаттық файлдары үшін — .RAR
Осы бағдарламаларды пайдалану кезінде үнсіз келісім бойынша әрине
мұрағаттар атауының осы кеңеюлері пайымдалады.

WinZip, WinRar мұрағаттарымен практикалық жұмыс істеу
RAR мұрағаттаушыны MS DOS операциялық жүйесі үшін 1993-жылы Ресей
бағдарламашысы Евгений Рошал дайындаған болатын. WinRAR мұрағаттаушысы —
бұл Windows үшін кейін дайындалынған RAR мұрағаттаушысының 32-разрядтық
нұсқасы. RAR мұрағаттаушысының басқа да операциялық жүйелерге арналған
нұсқалары бар, мәселен, Linux пен Unix үшін.

WinRAR мұрағатшысының негізгі мүмкіндіктері
WinRAR өзінің қызметтік мүмкіндігі мен техникалық сипаты бойынша кеңінен
тараған және танымал мұрағатшының қатарына жатады. WinRAR-дың негізгі
мүмкіндіктері:
Мұрағаттаушының ішінен көптеген жағдайда ең жақсы қысу коэффициентін
қамтамасыз ететін мәліметтерді қысудың өзіндік тиімділігі жоғары
алгоритмі.
Бір бірінен ерекшеленетін қысу дәрежесімен және мұрағатты әзірлеуге
жұмсалатын уақытымен ерекшеленетін қысудың алты әдісінің бірін таңдау
мүмкіндігі: — қысусыз, жедел, шапшаң, қатардағы, жақсы, барынша.
ZIP фоматын толық қолдау. Яғни WinRAR тек өзінің меншікті гаг-
мұрағаттарымен ғана емес, WinZIP мұрағаттаушыда дайындалынған zip-
мұрағаттарымен де сапалы жұмыс істей алады. WinRAR zip форматында мұрағатты
өз бетімен әзірлей және қаттай алады. Сондай-ақ басқа танымал мұрағаттармен
жұмыс істеу бойынша да бірқатар мүмкіндіктері бар.
Мультимедиялық-қысудың арнайы әдісін пайдалану. WinRAR бұл режімде wav
форматында цифрланған дыбыс немесе bmp форматындағы толық түрлі түсті
графикалық бейнелер сияқты мәліметтерді қысуды жақсату үшін қосымша
алгоритмдерді пайдалануға талаптанады. Алайда бұл әдіс әлдеқашан қатталған
дыбыстық немесе графикалық мәліметтердің қысылуын жақсата алмайды,
сондықтан оны, мысалы, jpeg немесе mpeg сияқты файлдар форматын мұрағаттау
кезінде оны пайдалану пайдасыз.
Көптомдық мұрағаттармен жұмыс сітеуді қолдау. Бірінші томның .гаг немесе
.ехе кеңеюі бар, ал келесі томдардың кеңеюі как .г00, .г01, .г02 және т.с.
белгіленеді. Көптомдық мұрағатты қаттау процесінде бұл мүмкін әр түрлі
ауысымды дискілерде тұрған оның бөліктерін дұрыс біріктіруді қамтамасыз
етеді.
Пайдалану кезінде әдеттегі әдістерге қарағанда 10-50% жоғары қысу
дәрежесіне қол жеткізіге болатын үзіліссіз мұрағаттау әдісі қолдау табады.
Өзі қаттайтын мұрағаттарды әзірлеу мүмкіндігі.
Қосымша ақпараттардың есебінен көптеген жағдайларда зақымдалған
мұрағаттарды қалпына келтіруге болады.
Шифрлау, мұрағаттық түсініктемелерді үстемелеп қосу, қателіктер хаттамасын
енгізу және т.с. сияқты қосымша қызметтердің бар болуы.
Мұрағатқа үстемелеп қосуға болатын файлдардың саны қатынауға болатын жадтың
көлеміне және файлдардың атауының ұзындығына тәуелді болады. WinRAR 10
миллионнан артық файлдармен жұмыс істеуде тестіден өтті. RAR форматының
барлық мұрағатының барынша мөлшері, мұрағаттағы кез келген жеке файлдың
мөлшері қандай болса сондай, іс жүзінде шектелмеген — ол 8 Эбайтты құрады.
Ал ZIP форматы мұрағатының мөлшері осы мұрағаттағы кез келген жеке файлдың
мөлшері қандай болса сондай, 4 Гбайттан артық бола алмайды.
WinRAR мұрағаттаушы екі режімнің бірінде — файлдарды басқару режімінде
немесе мұрағаттарды басқару режімінде жұмыс істей алады. Файлдармен және
мұрағаттармен операциялардың көпшілігінде режімнің екеуі де оңай. Сонымен
бірге олардың тек бірінде ғана орындауға болатын әрекеттер де бар. Барлық
режімде орындауға болатын әрекеттер:
WinRAR анықтамалық жүйесін шақыру;
бағдарламаны іске қосу кезінде автоматты түрде орнатылатын мұрағаттаудың
стандарттық параметрлерін беру;
бар мұрағатқа қысылатын файлдық объектілерді үстемелеп қосу;
бұрындары қысылған файлдық объектілерді мұрағаттан шығарып алу;
бар мұрағатты қарап шығу;
файлдық объектілерді аластау (жою);
мұрағаттық файлдың біртұтастығын тексеру (тестілеу).
Тек файлдарды басқару режімінде ғана қысудың сапасын бағалауға, жаңа
мұрағат әзірлеуге және мұрағатты оның зақымдануынан кейін қалпына келтіруге
болады. Тек мұрағаттарды басқару режімінде ғана мұрағат туралы толық
ақпараттармен танысуға, бар мұрағатты өзі қаттайтын мұрағатқа түрлендіруге
және мұрағаттық түсініктемелерді үстемелеп қосуға болады.

WinRAR мұрағаттаушының интерфейсі

Егерде WinRAR мұрағаттаушы дұрыс орнатылса, онда оны іске қосу үшін негізгі
менюдің Барлық бағдарламалар WinRAR WinRAR (Все программы WinRAR
WinRAR) командасын пайдалануға болады немесе Жұмыс үстелінде бағдарламалар
таңбашасы бойынша қос шертуді орындау керек. Бағдарламаны іске қосқаннан
кейін бірден файлдарды басқару режімі автоматты түрде орнатылады.
Файлдарды басқару режіміндегі мұрағаттаушының терезесі 4.1 суретте
бейнеленген.

1-сурет

Әрқашанда терезенің операциялық және аспаптық менюі, сонымен қатар қалып-
күй жолы бар болады. Операциялық менюдің негізгі командалары аспаптық
тақтада батырмалармен қосақталады.

2- сурет
Терезенің ортасында қандайда бір дискіде немесе қандайда бір қапшықта
тұрған файлдық объектілердің тізімі орналасады. Бұл тізім мұрағаттауға
жататын қапшықтар мен файлдарды таңдауға қызмет етеді. Оның құрылымы
Сілтеуіш терезесіндегі ресурстардың тізімінің құрылымына ұқсас. Бұл
тізімдермен жұмыс істеу тәсілдері тіптен сәйкес келеді. Олардың арасындағы
тек бір ғана айырмашылықты атауға болады.
WinRAR терезесінде бас (радительский) қапшыққа өту үшін, Сілтеуіштегідей,
алайда аспаптық тақтада емес, адрестік жолдың басында тұратын Жебелік
жоғары (Стрелка вверх) батырмасын пайдалану керек. Осы мақсатқа жету
үшін сондай-ақ әрқашанда жанама (дочерный) қапшықтың жоғарғы жолында
тұратын Қапшықтар (Папки) таңбашасы қызмет етеді.

Мұрағатты әзірлеу
Жаңа мұрағатты әзірлеуге дайындық
Жаңа мұрағаттық файлды әзірлеу алдында ең лайықты формат пен мұрағаттау
әдісін таңдап алып, оны әзірлеуге дайындалу ұсынылады.
Мұрағатты әзірлеуге дайындықтың реті:
WinRAR мұрағаттаушыны іске қосыңдар.
1. Терезенің адрестік жолында тұрған дискілік құрылғылар тізімін ашыңдар да
мұрағатталатын объекті тұратын дискіні таңдаңдар.
2. Мұрағатталатын объектісі бар бас қапшықты ашыңдар.
3. Мұрағаттауға жататын файлдық объектіні ерекшелеңдер.
4. Инфо батырмасы бойынша шертіңдер де терезенің операциялық менюінен
қысудың ұсынылатын дәрежесін бағалаңдар.

3-сурет

Көрсетілген әрекеттердің орындалу нәтижесінде мұрағаттаушы әр түрлі
әдістермен ерекшеленген файлдық объектінің қысылу дәрежесін, сонымен қатар
мұрағаттаудың орындалу I уақытын шамамен бағалайды. Бағалаудың нәтижесі
Файл туралы ақпарат (Информация о файле) терезесінде бейнеленеді.
Мұндай терезенің мысалы 4.3 суретте келтірілген. Бұл терезеде
мұрағатталатын файлдардың саны және олардың жалпы ұзындығы, сонымен қатар
қысылу дәрежесінің сандық пен сапалық бағасы көрсетіледі. Терезеге
шығарылған нәтижелер туралы қосымша ақпарат алу қажет болған кезде
Анықтама (Справка) батырмасы бойынша шерту керек, ал тереземен жұмыс
істеу Жабу (Закрыть) батырмасының көмегімен аяқталады.

Жаңа мұрағатты әзірлеу
Бағалау іс-әрекеті орындалғаннан кейін мұрағаттық файлды әзірлеуге кірісуге
болады. Ол үшін аспаптық тақтадағы Үстемелеп қосу (Добавить)
батырмасында шерту, Alt+A пернелерінің қисынын пайдалану немесе мұрағатқа
Файлдарды үстемелеп қосу Командасын (Команды Добавить файлы) таңдау
керек. Нәтижесінде экранға мұрағаттау режімдерін орнату терезесі мен
мұрағаттың параметрлері шығарылады (4.4 сурет).

4-сурет

Бұл терезедегі Ортақ қазынада мұрағаттық файлдың орналасу орны мен атауын
көрсету, қысудың форматы мен әдісін таңдау, мұрағаттаудың параметрлерін
беру, ал көптомдық мұрағаттарды әзірлеу кезінде — бөліктердің әрқайсысының
барынша ұзындығын беру қажет.
Әзірленетін мұрағаттың орналасу орны Шолу (Обзор) батырмасының көмегімен
беріледі, оны терезе экранына шығаруды, құжатты ашу терезесіне ұқсас, шерту
іске асырады. Әзірленетін құжаттың атауы Мұрағаттың атауы өрісінде
көрсетіледі. Мұрағаттаушы мұрағатты атауға әрқашанда өз нұсқасын ұсынады.
Егерде ұсынылатын нұсқа пайдаланушыға ұнамаса, онда ол кез келген басқа
атауды енгізе алады.
Әлдеқашан көрсетілгендей, WinRAR мұрағаттаушы өзі әзірлейтін кәдігімгі
мұрағаттық файлға .гаг кеңеюін тіркеп жазады. Егерде өзі қаттайтын мұрағат
әзірленетін болса, онда .ехе кеңеюі қалыптасады.
Мұрағат форматы тобының ауыстырып қосқыштарының көмегімен әзірленетін RAR
немесе ZIP мұрағатының форматын орнату және, Қысу әдісінің тізімін ашып,
қысудың қажетті әдісін көрсету керек.
Көптомды мұрағаттың әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрағат мекемелері соғыс жылдарында
ҚАЗАҚСТАНДА АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ПРОБЛЕМАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыруға қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер
Ұлттық мұрағат қорының қазіргі құрамы және топтастыру
Мұрағат істерін басқару және орындары
Мұрағаттық құжаттарды цифрлық форматқа айналдыру технологиялары, отандық және шетелдік тәжірибе
Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі
Қазақстандағы мұрағат ісі
Хат – хабарларды рәсімдеу
Істер тізімдемелерін және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерге қойылатын талаптар
Пәндер