Ертеде осы жерлерде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Этногенез және этникалық тарихы

Шығыс Еуропаны өзіндік болмысы, шығу тарихы, тұрмыс-мәдени айырмашылығы арқылы ерекшеленетін славяндардан басқа да халықтар мекендейді. Олардың орналасу табиғи - жағрафиялық аймақтарына Волганың (Еділдің) орта ағысы мен Кама бойлары кіреді. Бұл тарихи-мәдени аймаққа түрлі этникалық топтар, халықтар енеді: татарлар, чуваштар, башқұрттар, мордвалар, удмурттар, марийлықтар және тағы басқа майда этникалық құрамалар. 1989 жылы Кеңес Одағында жүргізілген халық санағы бойынша аты аталған халықтар саны Еділ татарларының 765 мың, чуваштар 905, 6 мың, башқұрлар 1449, 4 мың, мордвалар 1153, 5 мың, удмурттар 746, 5 мың, марийлықтар 670, 2 мың. Осы халықтардың кейбір бөліктері басқа елдерде тараған.

Тіл жағынан алғанда бұл халықтарды екі топқа бөлуге болады: финно-угорлық және түрік (алтайлық) . Бірінші топқа мордвалар, удмурттар, марийлықтар жатса, екіншіге татарлар, чуваштар, башқұрлар кіреді. Бұлар нәсілі бойынша үлкен еуропоидтық және монголоитық расаның өкілдері. Екі нәсілді халықтардың бұл аймақта орналасуының өзіндік тарихы бар. Шығыс Еуропа Орталық Азиямен ежелден шектес ел. Сондықтан екі расаның өкілдері ерте заманнан көрші, тіпті десеніз тығыз қарым-қатынаста болған. Тарихи деректер бойынша, Орталық Азия монғол нәсілді халықтардың шоғырланған жерінің бірі. Кейінгі жылдардағы археологиялық, антропологиялық зерттеулерге қарағанда, алғашқы қоғамды мекендеген Орталық Азия тұрғындарының басым көпшілігі еуропоидтық расаға жататын болған деген ғылыми тұжырымдардың бар екенін еске алу керек. Тоқталып отырған халықтардың көпшілігі еуропоидтықтарға жатады. Олардың ішінде башқұрларда монголоидтық белгілер басым сақталған.

Бірқатар зерттеушілер пікіріне сүйенсек, орал тілдес халықтар Урал қыратының екі жағында орналасқан ертедегі тайпалардан құралған. Осы аймақтан шығысына қарай самодийлық тілдерде сөйлеушілер жайласа, батысында угро-финндік тайпалар қоныстанған. Б. з. д. III мыңжылдықтардың аяғында финндер угорлардан бөлініп шыққан.

Қола дәуірінде (б. з. б. II мыңжылдары) финндер Камья өңірінен батысқа қарай жылжып, Балтық теңізінің жағалауына дейін тараған. Олар жергілікті тайпалармен араласып, келушілерге өз мәдениетінің әсерін тигізген. Темір дәуірінің алғашқы (б. з. б. VIII-III ғасырлар) кезеңіне жататын Волго-Камья жерінен «ананьинская культура» деген археологиялық мәдениет ашылды. Бұл мәдениетті осы жерде ертеден мекендеген комы-зырьян, коми-пермяков, удмурттар және марийцтердің бабалары болғанын археологтар тілге тиек етеді. Осы аттары аталған тайпалар б. з. I мыңыншы жылдардың бірінші жартысында осы күнгі Волго-Камья халықтары қалыптасқан.

Кейінгі жылдардағы жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша удмурт халқының мекендеген жері Каско-Вятско өзендерінің арысында, Каманың Ижы, Тайшы селолары мен Вятки өзенінің орта ағысын жайлаған. Б. з. I мыңыншы жылдарында удмурттар Вятка өзенінің өңіріне қоныстанып, батыстан келген марийцтармен араласқан. Марийлықтардың мекені Волганың оң жағасындағы Суды және Уивилия селоларындағы жерлерді қоныс еткен. Олардың бабалары «ананьинцтар». Осы жерден марийцтер шығысқа қарай таралып, Вятка өзеніне дейін барып, удмурттармен араласқан. I мыңыншы жылдарда Ока мен Волга өзендерінің арасын мекендеген тайпалардан мордва халықтары шығып, ежелден орыстармен шекаралас жасап, солардың әсерінен халық болып құрылған.

Волга мен Камья бойындағы түрік тілдес халықтар, өздерінің осы күнгі жайлаған жерлерінде туып-өсіп, көрші удмурт, марийц, мордва және орыстармен қарым-қатынаста халық болып қалыптасқан. Орыс тілдес тарихнамаларда бұл халықтарды шығыстан келген деген болжамдар да орын алған. Негізінде олай емес, бұл өңірдегі түрік тілдес халықтар ежелгі ата-бабаларының мекенінде отыр-деп қараған жөн. Олардың ежелден отаны Волга, Камья өзендерінің алқаптарынан Солтүстік Кавказға дейін созылып жатқан жерлер болған. Оларды басқа жақтан ауып келді деудің ғылыми негізі жоқ. Ертеде осы жерлерде Қаратеңіздің солтүстік жағалауларында түріктер мекендеген. Олардың ертедегі бабалары скифтер екені айқын. Волга, Солтүстік Кавказ болгарлары татар, башқұр, чуваш халықтарының халық болып қалыптасуына өз үлестерін қосқан.

Тарихтың соңғы кезеңдерінде, әсіресе XVI ғасырдың екінші жарымынан бастап, Ресей мемлекеті өзінің шекарасын шығыс көршілерінің есебінен кеңейтуге байланысты, Ресейдің солтүстік және орталық аймақтарынан орыстардың, мордвалардың, удмурттардың, марийлықтардың ішінен Волга бойына және оның арғы жақтарына көшіріліп, қоныстандырған. Сол кезде басталған Ресейдің адамдарды шығысқа қоныстандыру саясаты XX ғасырдың басына дейін жалғасып жатты. Нәтижесінде, Ресей Қиыр Шығысты және Орталық Азия жерлерін отарластырып, сол жерлерге орыс және басқа халықтарды Шығыс Еуропадан көшіріп, оларды жаңа отар жерлерге қоныстандырған.

Волга атырабында халықтар бір-бірімен араласты. Осындай этникалық өзгерістер Ресейдің шығыстағы отарластырылған барлық жерінде болды. Ол Ресейдің отаршылық саясатының жемісі. Отар елдерді билеп-төстеу үшін, ол жерлерге Ресей халықтарын қоныстандырып, оларға сүйеніп, жергілікті тұрғындарды отаршылықтың бұғауында ұстауға негізделген. Осы мақсат орындалып, Сібір, Орталық Азия халықтары мүлдем Ресейдің отар елі болып шыға келді. Бұның бәрі Петр I-нің жасап кеткен «шығыс мәселесі» атты жоспарының іске асуымен аяқталды.

Шаруашылығы

Ертеден Волга-Камья халықтарының негізгі шаруашылығы егіншілік пен мал шаруашылығы болды. XIX ғасырда егіншілік үш тәсілді (трехпольная система) жерді аудару тәсілдері айрықша мәнге ие болған. Жерді жыртуға соқа және ауыр плугтарды (сабан) қолданған. Осы құралдармен тың жерлерді де өңдеген. Егетін егістік жерлердің көпшілігіне дәнді дақылды өсімдіктер өсірген: ячмень, рожь (қарабидай) және овес (арпа) еккен. Картопты XIX ғасырдың орталарынан бастап еге бастаған. Ауылшаруашылық құралдардың басым бөлігі орта ғасырлардан келе жатқан аспаптардан құралады.

Бұл халықтарда мал шаруашылығы қосымша қызмет атқарып, егіншілік басты орында болған. Тек башқұрлар жартылай отырықшылық тіршілік негізінде мал шаруашылығымен көбірек айналысқан. Барлық өзінің шама-шарқына байланысты мал түрлерін: сиыр, қой, ешкі және көбірек жылқы өсірілген. Түйе өсіру қолайсыз болған. Волга мен Камья аймақтарында аңшылық кәсібі де болған. Жергілікті тұрғындар ағаш өңдеп, бал арасын өсірген. Кейіннен капиталистік қатынастардың өркендеуімен байланысты ағаш өңдеу кәсібі өркендеп, онымен айналысатын кәсіпорындар пайда болған. Ағаштан түрлі құрылыс бұйымдарын, үй тұрмысына қажетті заттарды дайындаған қолдарынан өнер тамған шеберлер шыққан. Әсіресе, бұл кәсіппен татарлар мен мордвалар көбірек шұғылданған. Далалы жерлерде кейіннен Уфа, Қазан және тағы басқа қалалар пайда болған.

Заттай мәдениеті.

Волга-Камья халықтарының заттай мәдениеттерінде жалпы ұқсастықтың бар екені байқалады. Өйткені, олар бір табиғи-жағрафиялық жағдайда жасап, олардың экономикалық, мәдени, этникалық қарым-қатынастары да болған. Орманды аудандарда ауылдар кіші-гірім болып орналасқан. Олар қан жағынан туыс адамдардан құралған. Тұрғындардың үйлері мен қоралары белгілі тәртіппен жайласпаған. Үйлер бөренелерден соғылған. Олардың көлемі отбасының әл-қуатына, жан бастарына байланысты болған. Сондықтан, үйлер екі, үш бөліктен салынған. Екі бөліктен (двухраздельный) - изба-сени; үш бөліктен (трехраздельный) - екі изба және сени, әйтпесе, екі жағында изба, ортасында сени орналасқан болып та келген. Башқұрларда ағаш бөренелерден салынған үйлермен бірге ағаштан тоқылған, тақтайдан және тастан салынған баспаналары болған. Тек Башқұрияның оңтүстік шығысындағы тұрғындардың арасында киіз үйлер сирек болса да кездеседі.

Удмурттар, марийлер, чуваш және мордва халықтарының үй ішін жинауында бір-бірінен айырмашылығы жоқ болып, орыстардың тұрмысына өте жақын. Үйлерінің ішінде орыс пештері бекем орналасқан лавка, стол. Пештің үсті адамдардың жатуына қолайландырып жасаған. Татарлар мен башқұрлардың үйінің ішіне ағаштан нар салып, соның үстінде отыруға, жатуға қолайлы болған және тамақ ішіп қонақтар күткен. Қазіргі кезде ертедегі үйлердің сыртқы және ішкі құрылыстары өзгергенмен, олардың дәстүрі жойылмаған. Қазіргі үйлердің бөлмелерінің саны да, сапасы да, салу тәртібі де қала тұрғындарының баспаналарына жақын.

Волга-Камья халықтарының ұлттық киімдері көп түрлі, өрнектелген, әсіресе, әйелдердің киімдері. Олар ғасырлар бойына ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін бекем сақтап, өздерінің ұлттық ерекшеліктерін киімдері арқылы көрсетуге тырысқан. Қазан төңкерісіне дейін, көпшілік халықтардың киімдері кендірдің, жүннің жібінен тоқылған маталардан тігілген. Тек, татарлар мен башқұрлар ертерек капиталистік қатынастарға ұшырап, киімдерін фабрикаларда тоқылған маталардан тіктірген және еуропалық сән үлгісіне еліктеген. Солай болса да, олар ұлттық нақыштарды сақтаған. Жалпы киімдердің пішілуі туникообраздық болып, көйлекке, ішкиімге жабу салынбаған. Әйелдердің киімі көп безендірілген. Олардың бас киімдері әртүрлі келеді және олардың өрнектелуі алуан түрлі. Мерекелік киім үлгілері айрықша безендірілген. Әйел адамдардың шаштарына, құлағына, мойнына алтыннан, күмістен жасалған бұйымдар тағылса, түрлі асыл тастарды киімдерге таққан. Өрнектер геометриялық, зооморфиялық болған. Тек, татарлар мен башқұрлардың ұлттық киімдерінде өсімдік орнаменттері көп. Соған қарағанда олардың мәдени даму дәрежесі жоғары болған көрінеді.

Қоғамдық және отбасылық тұрмысы

Волга және Камья бойларының халықтарының қоғамдық тұрмысы «соседская община» жазылмаған дәстүрлі заңына сәйкес жүргізілген. Бұл дәстүрлі әдет-ғұрыптарды орындау община мүшелерінің міндеті болған. Крестьяндардың көп салалы өмірі осы общинаның басшылығы арқылы жүргізілді. Егіс науқанының басталуымен аяқталуына, оған байланысты діни әдет-ғұрыптардың орындалуына, жетім жесірлерге қамқорлық етуге, үйлену мен ажырастыруға және тағы басқа үлкенді-кішілі мәселелердің тұрмыста асырылуына басшылық жасады.

Крепостнойлық правоны (1861 жылы) жойғанға дейін, Волга-Камья халықтарының отбасын құру екі жолмен іске асырылып келді: бөлінбеген үлкен және кіші отбастары. Біріншісі, отбасылардың иесі, оның үйленген балалары, керек десең үйленген немерелері бірігіп, бір баспанада өмір сүріп, бір қазаннан тамақ ішкен. Олардың ішінде басқа да туысқандары некен саяқ болған. Капиталистік қатынастардың күшеюімен байланысты үлкен отбасылар ыдырап, кіші отбасылар көбейген де олар негізгі отбасына айналды. Ер жеткен ұлдарын отау тіккенннен соң бөлек шығарып, ал кіші баласын ата-анамен алып қалған. Үйлену тәртібі қалыңмал беру және жасау әзірлеу арқылы іске асырылған. Көп ұлттардың жайлаған аймағы бір болғандықтан, үйлену арқылы этникалық қатынастар бұлардың ортасынан кең орын алған, яғни бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен. Солай көп ұлтты отбастары құрылған.

Рухани мәдениеті

Волга-Камья халықтарының рухани байлығына фольклор (ауыз екі әдебиет), халық музыкасы, би, кесте тоқу, ағаш үйлерді безендіру жатқан.

Бұл аймақты мекендеген комий, удмурт, марийцтер және чуваштар православиялық хрестьян дініне енген. Сол дінмен қатар, бұрынғы көп діннің сарқыншақтары да сақталған.

Ауыз әдебиеті ертегілерге, аңыздарға, өлең, жұмбақтарға, мақал-мәтелдерге толы. Сонымен бірге «батырлар жыры» кең тараған. Сондай-ақ халық қолөнері: кесте тоқу, ағаш ою, өрнектеу, киімдерді кестелеу, чулоктарды өрнектеп тоқу және тағы басқа. Мысалы, ағаш терезелерінің сыртқы жақтауларын, үйлердің алдын ойып өрнек салған.

Осындағы мекендеген татарлар мен башқұрлар ислам дінін дәріптеген. X ғасырдың өзінде-ақ, Волга бұлғарларының мемлекеттік діні ислам болған. Бұл халықтардың рухани мәдениеттері алдыңғы қатарлы болған. Мысалы, X-XII ғасырлардағы Араб алфавитіне негізделген жазуы болған және балаларын мектептерде тәрбиелеген. Ер балалар мен қыздарды бөліп оқытқан.

Еуропа - жер шарының шағын бір бөлігі. Оның жалпы көлемі 10 млн. шаршы шақырым. Табиғаттың географиялық жағдайының және кейінгі кездерде тарихи кезеңдерінің қолайлы болуының нәтижесінде адамдардың тұрмысын, мәдениетін жедел дамытуға қолайлы жағдай тигізді. Әсіресе, Батыс Еуропа тұрғындарының ілгерілеуі 4-5 ғасыр ішінде алға күрт өрлеп кетті.

Шетелдік Еуропа елдерінде 1961 жылғы мағлұмат бойынша 428 млн. халық тұрады. Бұл дүние жүзінің тұрғындарының оннан тоғыз бөлігін құрайды. Шетелдік Еуропа үлкенді-кішілі 58 ұлт мекендейді.

Еуропа-алғашқы адам тұқымының өрбіген жерінің бірі. Олардың қалдықтары Оңтүстік және Орталық Еуропаның көптеген жерлерінен табылды. Гейдельберг адамдарының қалдықтары, жақ сүйектерінің қалдықтары Батыс Германиядан, неандерталдардың қаңқалары, бас сүйектері Гибралтар бұғазынан бастап, Чехославакияға дейінгі жерлерден табылған. Еуропа жерлерінде палеолит дәуірінің басқы кезенінде аңшылар тайпасы мекендеген. Мезолит пен неолит кезеңдерінде жергілікті тұрғындар Еуропаның солтүстігіне қарай жылжып, Скандинавия және Британия аралдарына барып қоныстанған. Бұл кездерде еуропалықтардың негізгі кәсібі аңшылық, өсімдік жемісін жинаушылық, балықшылық және егіншілік болған. Сол кездерден бастап Еуропаның әр түрлі аймақтарына лайықты шаруашылық түрлері келіп шыққан. Оның оңтүстігінде жерағаш пен егін еккен отырықшылар өмір сүрсе, солтүстікте аңшылар, орманды жерлерді мал өсірушілер мекендеген.

Шетел еуропалықтарының этникалық шығу тегі әлі күнге дейін шиелініскен қиын мәселелердің бірі. Неолит кезенінің біздің дәуірімізге дейінгі III мыңыншы жылдарында бұл құрлықта үндіеуропалық диалектіде сөйлейтін тайпалар пайда болған, олардың алғашқы шоғырланған жері Балтық теңізінен Карпатқа дейінгі жерлерді мекендеді деген пікірді беделді оқымыстылар тобы айтса, екіншілері үндіеуропалықтардың алғашқы қоныстары Дунай жағалауындағы далалықтан Қара теңіздің Солтүстік жағалауына дейінгі жерді мекендеген деп жазған. Жалпы алғанда, біздің дәуірімізге дейінгі II-Iмыңыншы жылдар үндіеуропалықтар Еуропа жеріне түгелдей тараған.

Сол б. д. д. II мыңыншы жылдарда Жерорта теңізінің жағасында шығыс елдердің мәдениеті зор алғашқы іргелі халықтар қалыптасқан. Олар алғашқы адамзат мәдениетінің эгейлік (крит-мекендік, III-II мың), онан кейінгі эллиндік (гректің I мың, римдік - б. з. д. III ғасыр) негізін салған. Бұл мәдениетті жасаушылар Жерорта теңізінің жағасында пайда болып, тарихта белгілі құлшылық мемлекеттер орнатқан, сәулетті қалалар тұрғызып, жазу-сызуды, көркемөнерді, ғылымды жетілдірді. Ежелгі Рим империясының мәдени жетістігі туралы «Ерте дүние тарихында» кең тоқталған. IV-V ғасырларда герман және славян тайпалары оңтүстікке қарай жылжи түсті. Өйткені ол тайпалардың арасында әлеуметтік біраз өзгерістер болған еді. Соның нәтижесінде олардың арасында алғашқы рулық қоғам ыдырап, оның орнына феодалдық қоғам пайда болды. Герман және славян тайпалары құлдық қоғамды бастан кешірмеген. Рим империясының ерте дүние уақыттарымен салыстырғанда, бұлардың тұрмыстық және рухани мәдениеттерінің даму дәрежесі анағұрлым төмен болған. Рим империясының бір кездегі тамаша мәдениетін германдық жауынгер тайпалар күрт төмендетіп жіберген. Үш ғасыр бойғы арабтардың жойқын жорықтарының нәтижесінде Солтүстік Африканың және Пиреней жарты аралы тұрғындарының этникалық құрамына әжептәуір өзгерістер енген. IX-X ғасырларда нормандар келіп Еуропаның теңіз жағалауын, Францияның солтүстік - батысынан Жерорта теңізінің аралдарына дейінгі жерлерді түгелімен өздеріне қаратқан. Нормандықтар сан жағынан аз болғандықтан, олар жергілікті тұрғындармен тұқым араластырып, сіңісіп кеткен. IX ғасырда Оңтүстік Орал бойынан Дунайдың орта ағысына дейінгі жерлерді венглер(угорлар, мадьярлар) жайлап алып, Венгрия мемлекетінің негізін салған.

Шетелдік Еуропа халықтарын тілі және антропологиялық жағынан төменднгіше жіктеуге болады. 1959 жылы мағлұматқа қарағанда, Шетелдік Еуропада 421 млн. (428 млн. - 1961 жыл) халық болған. Олардың 96 пайызы үндіеуропалық тіл семьясында сөйлейді. Бұл тіл семьясы, негізінен, славяндар (67 млн. ) ; поляктар, чехтар, словактар, лужичтер, словенцтер, хорваттар, сербтар, боснилықтар, черногорлықтар, македондар, болгарлар, германдықтар (168 млн. ) ; немістер, австриялықтар, эльзастер, герман-швейцарлар, голландықтар, фламандықтар, фриздер, шведтер, даттар, романдықтар (49 млн. ) ; испандар, каталондтар, португалдар, галисилықтар, франкошвецарлар, румындар болып төртке бөлінеді. Кельттер (6, 2 млн. ) ирландар, гэлдер (таулы шотландықтар), уэльецтер (валлийцтер) және бретондықтар болып жіктеледі. Бұлардың басқа үндіеуропалық тілге қосылмайтын Пиренейдің батысында баскилердің тілі бар. Фин, лопар, венгр тілдері угро-фин тіл семьясына жатады. Татарлар, түріктер, гагауыздар түрік тіл семьясына кіреді.

Шетелдік Еуропа халықтарын антропологиялық жағынан еуропоидтық нәсілге бірінші рет 1684 жылы Ф. Бренье жатқызған болатын. Осы нәсілге бөлу әлі де болса үстемдік етіп келеді. Бұл нәсілдің негізгі белгілері солтүстіктегі нәсіл түрлері ақшыл, ал оңтүстікте қоңырлау болып келеді. Еуропоидтық нәсіл әрбір аймақтың ерекшеліктеріне байланысты Жерорта теңізі динарлық, балтықтық деп кіші бөліктерге бөлінеді. Бұлардың бір-бірінен антропологиялық ерекшеліктері онша айтарлықтай көп емес.

Еуропа құрлығы табиғи - географиялық жағынан адамдардың мекендеуіне қолайлы, ауа - райы қоңыржай. Сондықтан бұл құрлықтың ежелгі тұрғындары неолит пен қола дәуірлерінде егіншілікпен айналысқан . Тарихи дәуірлердің басқа да кезеңінде бұл шаруашылық үздіксіз дамып, аборигендердің тұрмысында егіншілік шешуші маңыз атқарған. Әр жердің жағдай ерекшеліктеріне байланысты егіннің түрлері де әр түрлі болып келген. Мысалы, солтүстікте арпа, қара бидай, сұлы, кейіннен картоп көбірек егілсе; оңтүстікте жүгері, картоп, күріш және Еуропаның көп жерлерінде бау-бақша, жүзім мол өсірілді. Бұлардан басқа оңтүстікте өсірілген техникалық мәдени өсімдіктен зығыр, құмық, мақта, темекі өсімдіктері бар.

Польшада Ұлы Отан соғысының соңына дейін оның жалпы тұрғындарының 60 пайызы ауылдық жерде тұрып, диқаншылықпен айналысқан. Өндіріс орындары баяу өскен. 1944 жылдан бастап, Польша индустриясы өскен елге айналып отыр. Онда бірнеше миллиондаған жұмысшы қызмет етеді. Егерде 1944 жылы ауыл тұрғындарының жерсіз, жартылай жерсіздердің саны көп болып келсе, Польша Республикасы орнағаннан кейін помещиктердің жерлерідиқандарға берілді. Соның нәтижесінде 1 млн. 68 мың ауыл тұрғындары жерге ие болды. Польшаның өндіріс орындары алға ілгерілеген сайын, ауыл шаруашылығындағы ауыр жұмыстар механикаландырылып, көпшілік жұмыстар машинамен атқарылады. Егілетін егістердің түрлері де, олардан алынатын өнім де жылдан-жылға көбеюде. Ертеректе поляктар тары, бидай, арпа, қара бидай, қара құмық сияқты дәнді дақылдарды өсірсе, кейін жүгері, ас бұршақ, кендір және тағы басқа, сондай - ақ бау-бақша өсімдіктері кең көлемде өсіріледі. Жемшөптік мал азықтары егіледі. Ауыл шаруашылығында бұрын қолданып келген ортағасыр құралдары ығыстырылып шығарылды. Польшадағы 30 жылдан астамырақ уақыттың ішіндегі болып отырған саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістер Чехославакия (1989 жылдан бастап Чехия мен Словакия), Болгария, Румыния, Венгрия және тағы басқа Шығыс Еуропадағы елдердің бәріне ортақ өзгерістер.

Ежелгі кезден егіс құралдарындағы айтарлықтай өзгешеліктеріне қарамастан, барлық жерде дерлік Еуропада жерді аударып жырту әдісі кең тараған. Бүкіл Еуропада жалғыз, кейіннен бірнеше тісті соқалар пайдаланылады. Еккен егінді күтуде, өнім жинауда, оны сақтауда қол күші кеңінен қолданылған.

Мал шаруашылығы да Еуропада ерте заманда пайда болды. Аборигенднр сауын және еттік бағыттағы малдарды көбірек өсірген. Оңтүстікте күш көлік ретінде ірі қара малдары көбірек пайдаланса, солтүстік аудандарда шаруашылықта жылқы түрін кеңінен қолданды. Қой мен ешкіні еті мен жүні үшін өсірді. Егістік дамыған жерлерде мл саны азырақ болса, керісінше, Альпы, Карпат, Балқан үстіртіндегі биік жерлерде мал шаруашылығы жақсы дамыды. Балықшылық кәсібі Еуропаның теңіз жағалауында, Скандинавия, Англия елдеріне ежелден тән. Бұл жерлердің тұрғындарының өмірі, тіршілігі теңізбен тығыз байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омыртқалы жануарлардың жалпы сипаттамасы
МҮК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (МОХОВИДНЫЕ) – ВRҮОРНҮТА
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Бауырымен жорғалаушылар
Қазақстан Қызыл кітабы
Мүк тәрізділердің практикалық маңызы
Өсімдіктер географиясының зерттеу тарихы
Саңырауқұлақтар бөлімі-mycophyta
Фразеологизмдердің уәжділік тұрғысынан зерттелуі
Жасыл мүктің құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz