Заттай мәдениеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Этногенез және этникалық тарихы
Шығыс Еуропаны өзіндік болмысы, шығу тарихы, тұрмыс-мәдени айырмашылығы
арқылы ерекшеленетін славяндардан басқа да халықтар бар. Олардың орналасу
табиғи – жағрафиялық аймақтарына Волганың (Еділдің) орта ағысы мен Кама
бойлары кіреді. Бұ тарихи-мәдени аймаққа түрлі этникалық топтар, халықтар
енеді: татарлар, чуваштар, башқұрттар,, мордвалвр, удмурттар, марийлықтар
және тағы басқа майда этникалық құрамалар.1989 жылы Кеңес Одағында
жүргізілген халық санағы бойынша ата аталған халықтар саны Еділ
татарларының 765 мың, чуваштар 905,6 мың, башқұрлар 1449,4 мың, мордвалар
1153,5 мың, удмурттар 746,5 мың, марийлықтар 670,2 мың. Осыхалықтардың
кейбір бөліктері басқа елдерге тараған.
Тіл жағынан алғанда бұл халықтарды екі топқа бөлуге болады: финно-
угорлық және түрік (алтайлық).Бірінші топқа мордвалар, удмурттар,
марийлықтар жатса, екіншіге татарлар, чуваштар, башқұрлар кіреді.Бұлар
нәсәлә бойынша үлкен еуропоидтық және монголоитық расаның өкілдері. Екі
нәсілді халықтардың бұл аймақта орналасуының өзіндік тарихы бар.Шығыс
Еуропа Орталық Азиямен ежелден шектес ел.Сондықтан екі расаның өкілдері
ерте заманнан көрші, тіпті десеніз тығыз қарым-қатынаста болған. Тарихи
деректер бойынша, Орталық Азия монғол нәсілді халықтардың шоғырланған
жерінің бірі. Кейінгі жылдардағы археологиялық, антропологиялық
зерттеулерге қарағанда, алғашқы қоғамды мекендеген Орталық Азия
тұрғындарының басым көпшілігі еуропоидтық расаға жататын болған деген
ғылыми тұжырымдардың бар екенін еске алу керек.Тоқталып отырған халықтардың
көпшілігі еуропоидтықтарға жатады.Олардың ішінде башқұрларда монголоидтық
белгілер басым сақталған.
Бірқатар зерттеушілер пікіріне сүйенсек, орал тілдес халықтар Урал
қыратының екі жағында орналасқан ертедегі тайпалардан құралған.Осы
аймақтан шығысына қарай самодийлық тілдерде сөйлеушілер жайласа, батысында
угро-финндік тайпалар қоныстанған.Б.з.д. III мыңжылдықтардың аяғында
финндер угорлардан бөлініп шыққан.
Қола дәуірінде (б.з.б. II мыңжылдары) финндер Камья өңірінен батысқа
қарай жылжып, Балтық теңізінің жағалауына дейін тараған.Олар жергілікті
тайпалармен араласып, келушілерге өз мәдениетінің әсерін тигізген.Темір
дәуірінің алғашқы (б.з.б.VIII-III ғасырлар) кезеңіне жататын Волго-Камья
жерінен ананьинская культура деген археологиялық мәдениет ашылды.Бұл
мәдениетті осы жерде ертеден мекендеген комы-зырьян, коми-пермяков,
удмурттар және марийцтердің бабалары болғанын археологтар тілге тиек
етеді.Осы аттары аталған тайпалар б.з. I мыңыншы жылдардың бірінші
жартысында осы күнгі Волго-Камья халықтары қалыптасқан.
Кейінгі жылдардағы жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесі
бойынша удмурт халқының мекендеген жері Каско-Вятско өзендерінің арысында,
Каманың Ижы, Тайшы селолары мен Вятки өзенінің орта ағысын жайлаған.Б.з.I
мыңыншы жылдарында удмурттар Вятка өзенінің өңіріне қоныстанып, батыстан
келген марийцтармен араласқан.Марийлықтардың мекені Волганың оң жағасындағы
Суды және Уивилия селоларындағы жерлерді қоныс еткен.Олардың бабалары
ананьинцтар. Осы жерден марийцтер шығысқа қарай таралып, Вятка өзеніне
дейін барып, удмурттармен араласқан. I мыңыншы жылдарда Ока мен Волга
өзендерінің арасын мекендеген тайпалардан мордва халықтары шығып, ежелден
орыстармен шекаралас жасап, солардың әсерінен халық болып құрылған.
Волга мен Камья бойындағы түрік тілдес халықтар, өздерінің осы күнгі
жайлаған жерлерінде туып-өсіп, көрші удмурт, марийц, мордва және орыстармен
қарым-қатынаста халық болып қалыптасқан. Орыс тілдес тарихнамаларда бұл
халықтардышығыстан келген деген болжамдар да орын алған.Негізінде олай
емес, бұл өңірдегі түрік тілдес халықтар ежелгіата-бабаларының мекенінде
отыр-деп қараған жөн.Олардың ежелден отаны Волга, Камья өзендерінің
алқаптарынан Солтүстік Кавказға дейін созылып жатқан жерлер болған.Оларға
басқа жақтан ауып келді деудің ғылыми негізі жоқ.Ертеде осы жерлерде
Қаратеңіздің солтүстік жағалауларында түріктер мекендеген.Олардың ертедегі
бабалары скифтер екені айқын. Волга, Солтүстік Кавказ болгарлары татар,
башқұр, чуваш халықтарының халық болып қалыптасуына өз үлестерін қосқан.
Тарихтың соңғы кезеңдерінде, әсіресе XVI ғасырдың екінші жарымынан
бастап, Ресей мемлекеті өзінің шекарасын шығыс көршілерінің есебінен
кеңейтуге байланысты, Ресейдің солтүстік және орталық аймақтарынан
орыстардың, мордвалардың, удмурттардың марийлықтардың ішінен Волга бойына
және оның арғы жақтарына көшіріліп, қоныстандырған. Сол кезде басталған
Ресейдің адамдарды шығысқа қоныстандыру саясаты XX ғасырдың басына дейін
жалғасып жатты. Нәтижесінде, Ресей Қиыр Шығысты және Орталық Азия жерлерін
отарластырып,сол жерлерге орыс және басқа халықтарды Шығыс Еуропадан
көшіріп, оларды жаңа отар жерлерге қоныстандырған.
Волга атырабында халықтар бір-бірімен араласты. Осындай этникалық
өзгерістер Ресейдің шығыстағы отарластырылған барлық жерінде болды.Ол
Ресейдің отаршылық саясатының жемісі.Отар елдерді билеп-төстеу үшін, ол
жерлерге Ресей халықтарын қоныстандырып, оларға сүйеніп, жергілікті
тұрғындарды отаршылықтың бұғауында ұстауға негізделген. Осы мақсат
орындалып, Сібір, Орталық Азия халықтары мүлдем Ресейдің отар елі болып
шыға келді. Бұның бәрі Петр I-нің жасап кеткен шығыс мәселесі атты
жоспарының іске асуымен аяқталды.

Шаруашылығы
Ертеден Волга-Камья халықтарының негізгі шаруашылығы егіншілік пен мал
шаруашылығы болды.XIX ғасырда егіншілік үш тәсілді (трехпольная система),
жерді аудару тәсілдері айрықша мәнге ие болған.Жерді жыртуға соқа және ауыр
плугтарды (сабан) қолданған.Осы құралдармен тың жерлерді де өңдеген.Егетін
егістік жерлердің көпшілігіне дәнді дақылды өсімдіктер өсірген: ячмень,
рожь (қарабидай) және овес (арпа) еккен. Картопты XIX ғасырдың орталарынан
бастап еге бастаған.Ауылшаруашылық құралдардың басым бөлігі ортағасырлардан
келе жатқан аспаптардан құралады.
Бұл халықтарда мал шаруашылығы қосымша қызмет атқарып, егіншілік басты
орында болған. Тек башқұрлар жартылай отырықшылық тіршілік негізінде мал
шаруашылығымен көбірек айналысқан.Барлық өзінің шама-шарқына байланысты мал
түрлерін: сиыр, қой, ешкі және көбірек жылқы өсірілген. Түйе өсіру қолайсыз
болған.Волга менКамья аймақтарында аңшылық кәсібі де болған. Жергілікті
тұрғындар ағаш өңдеп, бал арасын өсірген.Кейіннен капиталистік
қатынастардың өркендеуімен байланысты ағаш өңдеу кәсібі өркендеп, онымен
айналысатын кәсіпорындар пайда болған. Ағаштан түрлі құрылыс бұйымдарын, үй
тұрмысына қжетті заттарды дайындаған қолдарынан өнер тамған шеберлер
шыққан. Әсіресе, бұл кәсіппен татарлар мен мордвалар көбірек шұғылданған.
Далалы жерлерде кейіннен Уфа, Қазан және тағы басқа қалалар пайда болған.

Заттай мәдениеті.
Волга-Камья халықтарының заттай мәдениеттерінде жалпы ұқсастықтың бар
екені байқалады. Өйткені, олар бір табиғи-жағрафиялық жағдайда жасап,
олардың экономикалық, мәдени, этникалық қарым-қатынастары да болған.Орманды
аудандарда ауылдар кіші-гірім болып орналасқан.Олар қан жағынан туыс
адамдардан құралған. Тұрғындардың үйлері мен қоралары белгілі тәртіппен
жайласпаған.Үйлер бөренелерден соғылған. Олардың көлемі отбасының әл-
қуатына, жан бастарына байланысты болған.Сондықтан, үйлер екі, үш бөліктен
салынған.Екі бөліктен (двухраздельный) – изба-сени; үш бөліктен
(трехраздельный) – екі изба және сени, әйтпесе, екі жағында изба, ортасында
сени орналасқан болып та келген.Башқұрларда ағаш бөренелерден салынған
үйлермен бірге ағаштан тоқылған, тақтайдан және тастан салынған баспаналары
болған. Тек Башқұрияның оңтүстік шығысындағы тұрғындардың арасында киіз
үйлер сирек болса да кездеседі.
Удмурттар, марийлер, чуваш және мордва халықтарының үй ішін жинауында
бір-бірінен айырмашылығы жоқ болып, орыстардың тұрмысына өте жақын.
Үйлерінің ішінде орыс пештері бекем орналасқан лавка, стол. Пештің үсті
адамдардың жатуына қолайландырып жасаған. Татарлар мен башқұрлардың үйінің
ішіне ағаштан нар салып, соның үстінде отыруға, жатуға қолайлы болған және
тамақ ішіп қонақтар күткен.Қазіргі кезде ертедегі үйлердің сыртқы және ішкі
құрылыстары өзгергенмен, олардың дәстүрі жойылмаған. Қазіргі үйлердің
бөлмелерінің саны да, сапасы да, салу тәртібі де қала тұрғындарының
баспаналарына жақын.
Волга-Камья халықтарының ұлттық киімдері көп түрлі, өрнектелген,
әсіресе, әйелдердің киімдері. Олар ғасырлар бойына ұлттық киімдерінің
ерекшеліктерін бекем сақтап, өздерінің ұлттық ерекшеліктерін киімдері
арқылы көрсетуге тырысқан. Қазан төңкерісіне дейін, көпшілік халықтардың
киімдері кендірдің, жүннің жібінен тоқылған маталардан тігілген. Тек,
татарлар мен башқұрлар ертерек капиталистік қатынастарға ұшырап, киімдерін
фабрикаларда тоқылған маталардан тіктірген және еуропалық сән үлгісіне
еліктеген. Солай болса да, олар ұлттық нақыштарды сақтаған.Жалпы киімдердің
пішілуі туникообраздық болып, көйлекке, ішкиімге жабу салынбаған.
Әйелдердің киімі көп безендірілген. Олардың бас киімдері әртүрлі келеді
және олардың өрнектелуі алуан түрлі.Мерекелік киім үлгілері айрықша
безендірілген.Әйел адамдардың шаштарына, құлағына, мойнына алтыннан,
күмістен жасалған бұйымдар тағылса, түрлі асыл тастарды киімдерге таққан.
Өрнектер геометриялық, зооморфиялық болған. Тек, татарлар мен башқұрлардың
ұлттық киімдерінде өсімдік орнаменттері көп.Соған қарағанда олардың мәдени
даму дәрежесі жоғары болған көрінеді.

Қоғамдық және отбасылық тұрмысы
Волга және Камья бойларының халықтарының қоғамдық тұрмысы соседская
община жазылмаған дәстүрлі заңына сәйкес жүргізілген.Бұл дәстүрлі әдет-
ғұрыптарды орындау община мүшелерінің міндеті болған. Крестьяндардың көп
салалы өмірі осы общинаның басшылығы арқылы жүргізілді. Егіс науқанының
басталуымен аяқталуына, оған байланысты діни әдет-ғұрыптардың орындалуына,
жетім жесірлерге қамқорлық етуге, үйлену мен ажырастыруға және тағы басқа
үлкенді-кішілі мәселелердің тұрмыста асырылуына басшылық жасады.
Крепостнойлық правоны (1861 жылы) жойғанға дейін, Волга-Камья
халықтарының отбасын құру екі жолмен іске асырылып келді: бөлінбеген үлкен
және кіші отбастары. Біріншісі, отбасылардың иесі, оның үйленген балалары,
керек десең үйленген немерелері бірігіп, бір баспанада өмір сүріп, бір
қазаннан тамақ ішкен. Олардың ішінде басқа да туысқандары некен саяқ
болған.Капиталистік қатынастардың күшеюімен байланысты үлкен отбасылар
ыдырап, кіші отбасылар көбейген де олар негізгі отбасына айналды.Ер жеткен
ұлдарын отау тіккенннен соң бөлек шығарып, ал кіші баласын ата-анамен алып
қалған. Үйлену тәртібі қалыңмал беру және жасау әзірлеу арқылы іске
асырылған. Көп ұлттардың жайлаған аймағы бір болғандықтан, үйлену арқылы
этникалық қатынастар бұлардың ортасынан кең орын алған, яғни бір-бірімен
қыз алысып, қыз беріскен. Солай көп ұлтты отбастары құрылған.

Рухани мәдениеті
Волга-Камья халықтарының рухани байлығына фольклор (ауыз екі әдебиет),
халық музыкасы, би, кесте тоқу, ағаш үйлерді безендіру жатқан.
Бұл аймақты мекендеген комий, ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
ТМД елдерінің қола дәуірі
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Тіл және ұлт - мәдениет құрамы
Қазiргi кезеңде материалдық мәдениет және тұрмыс ескерткiштерiн сақтау және насихаттау
Іле өңірінің ортағасырлық қалаларының заттай мәдениеті
ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ
Савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Оңтүстік – Шығыс Азия туралы ақпарат
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы
Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары
Пәндер