Аристотельдің таным теориясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Тақырыбы:
Орындаған: И – 21 тобының студенті
Дюсембекова А.
Тексерген: Елеусов Б.
Арқалық, 2008 ж.
Жоспар:
І – бөлім. Кіріспе.
ІІ – бөлім. Негізгі бөлім.
A) Аристотельдің таным теориясы.
B) Аристотельдің адамгершілік, ізгілік жайлы ойлары.
C) Аристотельдің қоғамдық-саяси пікірлері.
ІІІ – бөлім. Қорытынды.
Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі – Аристотель (б.з.д.
384-322 жылдары) болды. Ол Фракия жағалауындағы Стагир қаласында дүниеге
келді. 17 жасында Платонна дәріс алған, ал 41 жасында Ұлы Александрдың
(Македонский) тәрбиешісі болған. Ол Афинада Ликей немесе перипатетиктер
(қыдырып жүріп сұхбаттасу) мектебі деп аталатын оқу орындарын ашты.
Аристотельдің философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясынының
қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр
мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы
ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап,
өз заманындағы көкейтесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ,
өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді
шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. Аристотель сол кездегі ғылымдардың
барлық саласына ат салысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған:
Категориялар, Аналитика (І-ІІ-томдар), Топтика, Физика,
Метафизика, Этикалық трактаттар, Саясат, Риторика, Поэтика, т.б.
Аристотель ойынша, егер адамдар жер астында өмір сүрсе, олардың
дүниетанымы қалай болар еді? Жер астындағы адамдардың үйлері әрі жарық,
олардың ішінде не түрлі жиһаз, қазыналар, әдемі статуялар мен суреттер бар.
Сондай-ақ, оладың бақытты болуына қажетті нәрселердің бәрімен қамтамасыз
етілген (Аристотельдің бұл айтып отырғаны қапас үңгіріндегі адамдарды қол-
аяғы кісендеулі, ешбір жарық сәулені көрмейтін жағдайда суреттеген Платон
теориясына қарама-қарсы). Бірақ жер астындағы адамдар жер үстінде құдайлар
бар екен деген ұзынқұлақ әңгімелерді естиді.
Бірде жер қозғалып, енді оның астында тұра беруге мүмкіндік
болмағандықтан, адамдар жер бетіне шығады. Сонда не болады? Олар тосыннан
жерді, теңізді, суды аспанды, ондағы бұлттарды көріп, ызыңдап соғып тұрған
желдің күшін байқап, аспандағы күнді көріп, ғажайып әдемілігіне таңданып,
оның бүкіл жер бетіне төгіп тұрған нұрына балқып, ал кеш болған соң, түнгі
аспан әлеміндегі жымыңдаған жұлдыздарды көріп, айдың әртүрлі жағдайда жарық
шашатынын сезініп, таң қалар еді. Осының бәрінен олар: иә, рас, құдайлар
бар екен, осы ғажап дүниелер мен құбылыстарды тек солар жаратады деген
қорытындыға келген болар еді.
Дүниені танудың осындай, Аристотель бейнелегендей жолы – біріншіден,
Платонның таным теориясынан, оның еске түсіру идеясынан бас тарту болса,
екіншіден, танымды бірте-бірте дами келе ақиқатқа бастайтын логикалық
процесс деп қарау.
Аристотель таным теориясын осылай белгілі бір даму ретінде қарай
отырып, әуелі жеке танушы субьектінің жалпыны түсінуге ұмтылатынын
Метафизика деген еңбегінде жан-жақты талдап көрсетті. Таным процесі
сезімдік қабылдаудан басталады екен. Одан соң, тәжірибеге келеді де, ол
сезімдік таным процесімен тығыз байланыса отырып, санадағы жадта сақтауды
тудырады. Сөйтіп, тәжірибеде адамға жеке заттар туралы білім беріледі екен.
Осы тәжірибеден кейін адам білімінің практикалық негізі қалыптасады.
Айталық, емшінің жалпы адамды, абстрактылы адамды емес, жекелеген индивидті
емдеуден алған тәжірибесі ғылым үшін үлкен рөл атқарады, Одан соңғы
танымның сатысы - өнер де, Аристотоельдің айтуынша, тәжірибенің негізінде
пайда болады екен. Осыған байланысты ол тәжірибе жекелеген заттарды білу
болса, өнер – жалпы мен себептердің негізін білу. Осы өнерді білген жандар
– дана адамдар. Өйткені олардың осы заттар туралы ұғымы бар. Олар бұл
заттардың қайдан шыққанын, не себептен пайда болғанын біледі. Одан соңғы
саты – ғалымдар. Олардың ең жоғарғы түрі ұстанымдарды тануға бағытталған
философия.
Аристотель білім мен ғылым арқылы адамды тануға жақындай түседі. Бірақ
бұл адамға қарай басталған жол өте ауыр, әрі қайшылыққа толы. Оның ойынша,
ілім ақылды жанға ғана орналасқан. Ендеше, жанның бір түрі – ақылды жан тек
адамға ғана тән. Ол денеден бөлек, оқшау өмір сүреді. Ойлау мәңгі. Өйткені,
ақыл ешуақытта да жойылмайды әрі қирап талқандалмайды. Ол өте құдіретті
және ештемеге бағынышты емес. Бұл теориялық ақыл. Ал енді болмысты материя
мен форма деп екіге бөлуге байланысты Аристотель ақылды да екіге бөледі.
Оның ойынша, әрі пайымдаушы, әрі енжар ақыл бар. Сондай-ақ, әрі белсенді,
әрі жасампаз ақыл да өмір сүреді. Оның бірі – материяға тән, екіншісі –
формаға сәйкес келеді. Ақылдың қандай түрі болмасын, сайып келгенде, ол
құдайға келіп тіреледі.
Аристотель өзіне дейінгі философтардың, ең алдымен Сократ пен
Платонның көзқарастарын талдай келіп, олардың терең ойлы пікірлеріне
жүгінеді. Оның ойынша, практикалық ілімдер – этика мен саясаттың адам
қызметіне тікелей қатысы бар. Олар адам ойлары мен әрекетінің іске асуын
айқырша айқындайды. Өйткені адамгершілік пен зерде адамның өз еркінің
қалауымен тығыз байланысты. Соынмен бірге өз бетімен немесе еріксіз іс-
қимылдар жасау адамның ішкі рухани дүниесіне тікелей байланысты.
Адамгершілік – адам жанының қабылдап алған рухани сапасы. Өз
табиғатынан тыс жақсы адамның болуы мүмкін емес. Табиғат бізге игілікті
қабылдайтын мүмкіндіктерді ғана береді. Содан бара-бара ол мүмкіндіктер
шындыққа шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне
айналады.
Ізгіліктерді қабылдап алу екі негізгі процеске байланысты. Бірі –
оқып білім алуға, ал екіншісі, әсіресе, адамгершілік – тәлім-тәрбиеге
байланысты. Тек тәлім-тәрбие ғана адамгершілік пен зерделілікті адам бойына
сіңіре алады. Аристотель бұл жерде тәлім-тәрбиеге байланысты: Әркім өзінің
мінезіне өзі жауапты деген пікір айтты. Мұндай пікірдің кейін жаңа заманда
да қайталанғанын атап өткен жөн. Жаңа дәуір ойшылдары адам өз тағдырының
қожасы, ол өз драммасының актілері деп бұл мәселені жаңа тарихи жағдайда
жаңаша дамыта түсті.
Сонымен бірге Аристотель тәрбиешіге, яғни тәрбиелеуші адамға үлкен
көңіл аударады. Оның ойынша, ең басты негізгі тәрбиеші – мемлекет және оның
заң шығарушы органы. Олар осы мемлекеттегі азаматтарды тәрбиелеуде ерекше
рөл атқаруы тиіс. Адам өзінің рухани қабілеттерін үнемі жетілдіре және
жаттықтыра отырып, зор жеңісьерге жетеді.
Сондай-ақ, Аристотель адамның ішкі рухани сапаларын жетілдірудегі
пайда болатын диалектикалық қайшылықтарға да жан-жақты тоқталды.
Мұнда екі жаққа кететін ұшқарылық, сыңаржақтықтар бар. Аристотель бұл
қарама-қарсылықтарыд аралық және орташалық деп бөліп қарады. Егер осы
екеуінің диалектикалық бірлігі болмаса, адамның қабілеті өз қасиетінен
айырылған батпақ сияқты ортаға түседі.
Айталық батылдықтың тым асқан көп болуы – ессіз ерлікке, ал
батылдықтың ешқандай белгісі жоқ болса, ол қорқақтыққа әкеледі. Сондай-ақ,
игілік – екі қарама-қарсы шектің арасындағы ұнамды істер, ал ол екі шектің
екеуі де жаман: біреуі – молшылық, екіншісі – тапшылық. Дәл сол сияқты
қайырымдылық та екі түрлі жағдайдың арасындағы рухани күйлер мен қасиеттер;
ол екі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz