Ғалымның көлі деп отырғаны қазіргі Арал теңізі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
  1. Арал теңізінің өткені, келешегі және осы өңірге қарасты елді - мекендердің өсімдіктері

Арал өңірінің географиялық жағдайы Арал теңізімен тікелей байланысты. Арал теңізі құмды, құрғақ климатты Үстірт қыратында орналасқан. Ол ертедегі Сармат теңізінің бір бөлігі. Арал теңізінің 1950 жылы ұзындығы 426, ені 284 шақырым болады. Ең терең жері 68 метр. Теңіздің 96 % су да, 4 % -тін құрғақ жер құрайды. Су көлемі 1092 текше шақырым, 200-ге тарта аралдар болған үлкендері «Кентөбе», «Көкарал», «Барсакелмес», «Қасқақұлан», «Көзжетпес», «Ұялы», «Көкарал», «Возрождения», т. б. \1\. Арал жер шарының 60 градустық енедігінде орналасқан. Теңіз суы сағат тілі іспетті солдан оңға қарай оралып ағады. Кайназой дәуірінің орта шенінде, яғни бұдан 21 миллион 1200 жыл бұрын Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұл байланыс 1573 жылға дейін созылған. Бұдан Амудария (Оксус) Үзбой арнасы арқылы каспий теңізіне, ал Торғай өзені Аралға құйған. Осы ғасырдың 950 жылы Ибн-Рустенің замандасы Масуди: ''Балық өзені келіп құятын Джейнухом (Амудария) Тармидь, Испиран сияқты бірнеше салаға бөлініп, бір тарауы Хорасанмен көп каналға айырылатын Ховарезм (Қиат) қаласының төменегі жағы мен Джурджания (көне Үргеніш) жиегінде тұрған көлге құяды'' - деп жазған. Ғалымның көлі деп отырғаны қазіргі Арал теңізі. Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. Арал теңізі осы атауды иеленгенге дейін түрліше аталған. Оны саяхатшылардың еңбектерінен жиі кездестіреміз. Мысалы, 865 жылы Ибн-Хордатбек, ''Курдер'' көлі десе, 943 жылы Масуди ''Курджани'', 961 жылы Истахри''Казбин'', 1339 жылы ''Хафизи Абруда'', XIII Бекрон ''Джендт'' көлі деп жазған. Бүгінгі Арал деген атауды негізінен XVII ғасырдан бері иеленген. \2\ Батысындағы екінші қазан шұңқырда - қазіргі Арал теңізі. Аралға деген осы заманғы көзқарас әр түрлі. Арал теңізінің өте ерекше географиялық құбылыс екені сөзсіз. Олай дейтініміз әлемге әйгілі Жазира шөл - Тұран ойпатының едәуір бөлігін алып жатқан Арал теңізі жылдың алты ай бойы мыс қазандай қызып, айнала бет қаратпайтын ыстық аптап шашып тұратын құмдардың ортасында жатыр. Осынша қатал климаттың бетін қайтарып, оны сәл де болса жұмсартып тұрған сол - Арал. Жазықтың ең биік нүктелері Тартоғай тұсында 140-151 метр, жоталы тұсында 100 м, ал Аралдың шығыс жағында 55 м-ден аспайды. Сонда сырдың атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап көлбеу жатқан жазық дала. Жазық бетінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйра құмдар. Дария тасығанда бұл ой-шұқырлардың бәрі сумен толып, бүкіл атырабта жүздеген көлдер пайда болатын. Олардың ішіндегі балығы мол тұнба көлдер - Сарыкөл, Қаракөл, Көксу, Ақсай т. б. Кезінде бұл өкілдерде көлдердің көп болған себебі Сырдария екі мың шақырымнан асатын ұзақ жолында өзінің арнасымен ағып келіп, осы даланың шетіне жеткенде арнасына сыймай жазық даланы жаппай қамтып, бірнеше тарауға бөлініп ағатын болған. Баяғы заманда Қызылқұмды кемерлеп ескі дарияның, оның солтүстік шығыс жағынан Іңкәрдария, даланың орта тұсында Қуандария, одан оңға қарай Жаңадария, сосын негізгі арФна Сырдария болып теңізге құйған. Қазір олардың көпшілігі кеуіп, құрғақ арналары ғана қалды. /6/ Қызылорда облысының жерін сұр топырақты белдіктің солтүстік жағына және қоңыр топырақты шөлейт дала аймағына жатқызады. (Боровский, Погребинский 1958) . Қызылорда обылысының климаты еуразиялық құрылықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляцмя) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасуда. Кантинентік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенттен құбылуы байқалмайды. Шілде айының орта температурасы +25 0 -28 0 . Ең жоғарғы абсолюттік температурасы +44 0 -47 0 . Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Арал қаласында ең суық ай қаңтардың орта температурасы -13, 4 0 , оңтүстігінде «Аққұмда» -6, 8 0 десек, екеуінің арасындағы айырмашылығы 6, 6 Қыс айларында кейде ең төменгі абсолюттік температура 40-45 0 төмендейді. Облыстың климатына тән ерекшелік - құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орта мөлшері 100-150 мм-ден аспайды. Облыс территориясының солтүстік - шығысынан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 3, 1-ден 6, 0 м/с. Дауылдытып, топырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. /1/Обылыс байтағының басым дені құмды және сазды келетін шөл және шөлейт жазық болғанымен оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес.

Қызылорда обылысы территориясының топырақ- климат жағдайы негізінен екі түрлі. Сырдарияның ескі атырабының жазығы және оны айнала қоршап жатқан шөл және шөлейт дала.

Қызылорда обылысы территориясының өсімдіктерін 4 үлкен топқа бөледі: - саздық жазықтардың өсімдіктері, құмды жазықтардың өсімдіктері, тау етегіндегі жазықтардың және Сырдария атырабының өсімдіктері. Сазды жерлерде әртүлі эфемерлер мен итсегек изен аралас жусан өседі. Төбе бөктерлерінде фитоценозды сұр жусан мен бұйырғын құрайды. Ылдый жерлерде қарапайым өсімдңктер тобында бұйырғын басым. Бұл аймақта сортаң қоңыр топырақтарда көбіне бұйырғынмен аралас қара жусан өседі. Өсімдігінің түрі біркелкі емес, көпшілігі жусан мен бұйырғынға аралас сирктеу сораң, әр түрлі бұталар, сексеуіл, баялыш өседі.

Құмды алқаптарының өсімдігін үш топқа бөледі: бұталы, бұта аралас және еркек шөп, жусан шөптерінің өнімділігіне гектарына 7-8 центнер болады. Құм арасындағы жазықтарда гектарлық өнімі 3-8 центнердей болатын еркек шөппен аралас басқалары бар. Солтүсті шөһл даланың ерте замманнан қалған бұйрат және жал бұйрат құмдарына тән өсімдіктері жүзгін, баялыш, қара сексеуіл аралас шығатын жусан мен эфемерлер.

Қуаңдария мен Жаңадария жазықтарында қара сексеуіл аралас эфемер мен жусан, кейде оларға сораң мен жантақ аралас өседі. Құм төбелердің арасындағы тақырлау желерге бұйырғын, қара сексеуіл, күйреуік бой салады. Осы заманғы аллювиден тұратын құмдарда шөптің аталмыш топотарында жыңғыл, шеңгел, баялыш теріскен кездеседі.

Тау бөктерінің өсімдіктеріне Жаңақорған мен Шиелі аудандарының мал жайылымы жатады. Өсімдіктерінің түрлері астық тұқымдас шөптер, әр түрлі эфемерлер мен сұр жусан. Көктемнің екінші жартысында аралас шөптер тығыз болып тұрады. Сонан жаз шыға эфемерлер мен қурап, даланың жасыл көркі кетеді де біріңғай жусан қалады. Тау ішіне өрлеп биікке көтерілген сайын әртүрлі жусан, баялыш, теріскен, қияқ т. б. шөптер едәуір тығыз болып өседі.

Шығыс Арал өңірінің атыраулық жазықтың өсімдік дүниесін зерттеуді ғалымдар өткен ғасырдың ортасында бастаған. Алғашқы кезде бұл зерттеулер жекелеген аймақтардың өсімдіктер дүниесін сиппаттаумен шектелген. Топырақ климат аймақтарын толық қамтыған көлемді зерттеу жұмыстары 50-ші жылдарда Қазақстанның Ауылшаруашылығы Министірлігінің тапсырмасы бойынша орындалды - Республикалық ғалымдарды 13 миллион гектардан астам жердің өсімдіктерін зерттеген.

Өзен аңғарында өсетін өсімдіктер.

Сырдария өзені мен онан тарайтын сулы өзектердің арналарына жақын жатқан ылғалды жерлерде өсетін астық тұқымдастар мен әр түрлі шөптер бар. Бұл топқа кіретіндер айырауық, қамыс және шалғынды аллювий топырақтарға тән әртүрлі шөптер- қызыл мия, есек мия, айбат мия т. б. Ескі атыраудың сулы бөлігінде және атырау басында айырауық, қамыс, қияқ аралас қалың бидайық өскен жерлері кездеседі. Мұндай жерлерден гектарына 15-20 центнерге дейін сапалы шөп алуға болады.

Сырдарияның арналық қырқасында ағаштар сирек. Кейде шоқ-шоқ болып өскен жиде мен тал аралас жиделі тоғайлар кездеседі. Жоғары белдікте өсетін ағаштар жиде, терек, тал, тораңғыл. Екінші белдікте қалың шеңгел, жыңғыл. Ағаштар мен бұталарды шыр- мауық орап тастаған. Мұндай тоғайларға ит тұмсығы батпайды. Топырақ бетіне жақын төмнегі үшіші белдікте бидайық, айырауық, қамыс, жабайы арпаға аралас әртүрлі шөптер, мысалы: тергүлді, жалбызтікен, кендір, миялар өседі.

Өзен арнасынан шеттеу дария тасқын суы оқтын-оқтын басатын ойлау жерлерде ну қалың қамыс өседі. Кейбір суы тайыз көлшіктердің жағасында қамыс пен аралас қоғада бар. Су басқан, бірақ суы ұзақ тұрмайтын ылғалды жерлерде біріңғай таза қамыс өседі, ал ылғалы аздау жерлердің қамысы сиреп, оған аралас жыңғыл, қарабарқын, кейде сораң өседі. Біріңғай таза қамыс өскен жерлер атырабының жылына 50 центнерге дейін пішен береді.

Сор жерлердің өсімдігінің дені жыңғыл, итсегек болса, ал шалғынды тұзы аздау сорларда сирек өскен ажырық, ал жалаңаш сорларда сарсазан, балықкөз, қарабарқын, сорқаңбақ өседі. Олардың арасында сиректеу өсетін күйреуік, жусан, торғай оты, раң, балықкөз. болады. Күзде жаңбырдан кейін тақырға жиналған қақтың суын көк жасыл балдырлар басып кетеді. Тақырлау жерде өсетін раң, күйреуік, бұйырғын олардың да шығымы сирек.

Қызылорда обылысының жерінде көп өсетін жыңғыл мен сексеуілдің көптеген қасиеті бар. Арал өңірі ежелден ормансыз өлке. Бұл аймақта орман деп есеаптелетін қалың сексеуіл және сиректеу ағаш (терек, тал, қараағаш, тораңғыл) аралас жиделі тоғай өседі. Сексеуіл өзен алқаптарынан сәл шалғайлау құмдақ және саздақ жазықтарда, шөлейт аймақтарда төбелер мен бұйрат құмдардың бауырлары мен етегінде өседі. Сексеуілдің шаруашылыққа маңызы күшті. Сол сияқты сексеуіл тоғайлығы да азып-тозып кетті. Секесеуілге қамқорлық өте қажет! Топырақ қорғаудағы, мал азығының қоры болудағы пайдасы тұрғысынан сексеуілді өсіруді қарастыруы қажет. \3\

Аралдың өсімдіктері көбіне шөл даланың өсімдігі тектес келеді. Олардың құрамы негізінен көпжылдық бұталар мен эфемерлер. Бұл өлкенің флорасына 160 түрлі күрделі өсімдіктер кіреді. Олардың ішінде алабұта тұқымдастар, күрделі гүлділер, дәнді шөптер, крест гүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдастар сияқты өсімдіктер кіреді. Қарғалы өңірі құрып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтауға және көбейтуге қолайлы аймақ. Қызылорда облысында екі өзеннің суымен суаратын жердің көлемі 4, 0 млн гектар болады деп шектегенмен, өмір оны өзінше өзгертіп қазір ол 7, 3 млн гектар болып отыр. Оны суаруға Амудария мен Сырдарияның жылдық ағысынан шамамен 90 текше шақырымға шақ су жұмсалады. Сонау 60 жылдан бастап, суармалы егістің көлемі артқан сайын теңізге тиесілі су да азая берді. 1986 жылы екі өзеннің ағысы теңізге жете алмай егіс далаларындағы атырауларға тарап, нәтижесінде теңіз жылдан- жылға тартыла бастады.

Арал деңгейінің төмендеуінен 1987 жылы Үлкен және Кіші теңіздер болып бөлініп, екеуінің арасында жал құм жалаңаштанып, табиғи бөгет пайда болған. Теңіздің өзінің және жағалауының климаты құрлықтар ішіндегі қоңыржай белдіктерге кіретін шөл аймақтардың ықпалымен қалыптасады. Ауаның жылдық температурасының тербелуі өте жоғары (78 градусқа дейін ) қысы қатты (қаңтарда орта температура -14, жазы ыстық шілдеде +26, 3) . \3\

Арал теңізінің өзі оны қоршаған айнала төңірегінің климатына ықпалын тигізеді. Оны теңіз бетіндегі желдің таралуынан байқауға болады. Жазда теңіздің үстінде қысым көтеріліп, теңізден жағаға қарай жел жиі соғады. 1993 жылғы мәлімет бойынша абсолюттік белгіден есептегенде, теңіз беті 16, 2 метрге төмендеген, сөйтіп нақты деңгейі 36, 2 метрде болған. Қалған судың айдыны -31, 0 мың шаршы шақырым, суының көлемі -43, 7 текше шақырым, тұздылығы -29, 6 г. л. Суы қайтып жалаңаштанып қалған орнының аумағы 35, 0 мың шаршы шақырым. Теңіз шығыс бөлігінде орасан ауқымды құм, сор, шөл пайда болған.

Арал теңізі Орталық Азиядағы ең үлкен өзендер-Амудария мен Сырдарияның құярлығын қамтиды. Орта Азия өзендерінің су қорларын талан-таражға салу ХХ ғасырдағы Арал теңіз бассейінің нағыз ғаламдық қасіретіне айналды. Оңтүстік Қазақстан облысының 118 кіші өзендердің көпшілігі әбден ластанып, зардаптары күшейді. Қызылорда облысындағы көлдерінің көлемі 50 мың гектарға қысқарып, 140-тан астам көлдер мүлдем жойылып кетті. Теңіздің қазіргі көлемі 44, 4 мың шаршы км. Ғалымдар 2000 жылы теңіз үш есе кішірейіп, небәрі 25 мың шаршы км қалады деп жорамалдады. Бүгінгі таңда Арал тағдыры баршамызды елеңдетіп отырғаны өз-өзінен белгілі. Теңіз жағалауында онымен тағдырлас болып өскен біздер үшін аыур тиіп отыр.

Сырдария өзенінің Арал теңізіне тамшы да тамызбай қойғанына 17 жыл болды. Теңіз суы Арал қаласынан 50-100 км қашықтап кетті. Аумағы 100 мың гектар Сарышығанақ болса теңізден оқшау қалады. \2\.

Соңғы отыз жылда Аралдың кей тұсы 112 км-ге дейін тартылып кетті. Теңіз табанынан ұшқан тұз Солтүстік мұзды мұхитқа жеткен.

Егер ешқашанда шара қолданылмаса теңіз суы 2020 жылға дейін 63 % азаяды да одан ұшқан тұз айналасындағы 500 км аймақты тегіс жабады. Кеуіп қалған теңіздің ұлтанындағы тұз тозаңға айналып, желмен көтеріліп, ақ тұман болып аспанды шарлап, егістік, шабындық, жайылымдық алқаптарға қонып, жерді жебір құрттай жеп, топырақтың нәрін сорып, құнарын кемітуде. Тұз басқыны дайындалған мал азығының сапасына да залалды зардабын тигізіп отыр. Шөптегі тұздың үлес салмағы көбеіп, оның жұғымдылық қасиетін кемітіп барады. Бұл өңір шаруашылықтары кейінгі жылдары дайындаған шөптің тексерілгенінің 35, 8%, егілген жоңышқадан дайындалған шөптің тексеруден өткенінің 20, 2 % III класс, немесе оған жатпайтын болып шықты. Ал теңіз жағасындағы елді мекендердің шөбі мүлде бар құнарынан айырылды 20 жыл ішінде Қазалылықтардың су шаруашылығы проблемасының өткірлігі күрт күшейе түсті. 1970 жылы теңізге өзеннен 96 текше км су құйылған болса, алты жылдан кейін ол судың құюы күрт азайып кетті. Аманөткел маңынан төменіректе, теңізден ондаған км қашықтықта өзен ағысын тоқтатты. Осының өзінде-ақ Арал күрт тартыла бастады. Оның деңгейі 12м төмендеп кетті, 1л судағы тұздың құрамы 24 граммға дейін көбейді. Азияның алып өзені құрып кетті. Планетаның ең ірі континенталдық теңіздерінің бірі орасан зор сор батпаққа айналды. Аралдың өлуі - тіршілікке төнген қауіп. Ол - адамзатқа жасалған үлкен бір ескерту. Бұрын Сыр суының бір литрінде 1, 5г. Тұз болған еді, қазір көрсеткіш 2, 5-3г. жетіп отыр.

1956 жылы Амудария мен Сырдария Аралға жылына 56-58 текше км су берген. 1970 жылдан бері Сырдария теңізге құймады. Ал, Амудария қазір теңізге 5-ақ текше км су құяды. Әр жылдары Амудария мен Сырдарияның бойынан Әндіжан, Тоқтағұл, Қайраққұм, Шардара су қоймалары салынды. Аралға құятын судың 70-75% осы аталған су қоймаларында қалып қойып отыр.

Сібір суын Арал теңізіне жеткізу үшін 2400км шақырымдық алып канал қазу қажет. Аралға бұл канал арқылы жылына 10 текше км су келекді. Ал теніз жыл сайын 35км суды буландырып жоғалтып отырады.

Аралдың екі жағындағы Қызылқұм мен Қарақұм теңізі құрғап, бірігетін болса, Гоби, Такламакан секілді ұшқан құстың қанатын күйдіретін шөлге айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал қаласы
Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
Қызылорда қаласы
Топырақ туралы түсінік және топырақтану ғылымының даму тарихы
Арал экологиясының ахуалы
Қазақстанның экологиялық жағдайы
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz