Аралдың экологиялық проблемасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Арал теңізін бақылаған ғарышкер Владимир Жәнібеков былай деген
екен: Аралдың тартылып қалуы адамзаттың тіршілігіне кері әсер етті
деуге болады. Мұны, шынында да, есептен шығармаған жөн. Аралға
құйылмай қалған сулардың текше метрін есептеген кезде – ақ
түйіспеушілік байқалды. Біз барлық Орта Азия қоршауында орналасқан
көлдердің плиталарының үдеуін зерттей отырып, Арал плитасының жыл
сайын 1,5 см жоғары көтерілетінін анықтадық. Сырдарияның орталық
бөлігі жыл сайын 2,5 см жылдамдықпен төмендеуде. Плиталардың күрт
қозғалысы жыл сайын 4 см жетеді. Бұл он жылда – 40 см, 50 жылда – 2
метр деген сөз. Әрбір 500 жыл сайын Арал төмендеп, келесі 500 жылда
көтеріліп отырады екен. Бұл – көпғасырлық геологиялық цикл. Онда
адамның ықпалы жоққа тән. Ал тағы бір фактіге қараңызшы: Арал
Газлидегі жер сілкінісінен кейін ақ (1976 ж.) дереу тартыла
бастаған, ал Каспий суы Спитактағы зілзаладан соң көбейе түскен.
Ғарыш жер бетіндегі мәселелерді танып – біліп, шешім шығаруға ой
салады, кілт ұстатады. Тек осы білімдерді пайдалана білу керек
Су жағалаудан кеткесін, ешқашан қайтып оралмайды. Еріген мұздақ
суы таудан ағып келіп, Аму мен Сырдария арналарына құйылады. Сөйтіп
бұл өзендерде арнасына толтырып, Шардара су қоймасы жағалауын мақта
алқаптарын суғарады. Сөйтіп орасан зор Азия шөлейтінің ортасында
орналасқан бірден – бір су қоймасы Арал теңізіне құяды. Осынау ыстық
аймақтың суы ішуге жарамды, бұл теңіз балықшылар мен бақташылардың
шөлін басып, аймақтағы тіршілікті сақтап келген. Енді сол теңіз адам
қолынан суалып барады. Оның арнасы қайта толады дегенге үміт аз.
Егер де бұл мәселеде қатысқан адамдарды санап шығу мүмкін
болмағандықтан, нақты кінәліні табу да мүмкін емес.
Осыдан 70 жыл бұрын адамдар мақтаны қолмен жинайтын әрі екі
дарияның жағалауындағы күріш алқаптары мардымсыз болған кезде су
бостан – босқа ағып жатқандай көрінетін. Бірақ адам тіршілігіне тамақ
пен киім – кешек, мақта мен күріш керек еді. КСРО мемлекетінің
алғашқы бесжылдық жоспарлары кезінде орасан зор мемлекет мақтаға
ие болды, күріш, көкөніс, жеміс өсірді.Бұл деген армияны киіндіру,
қоретендіру деген сөз еді. Арал теңізін сақтау үшін табиғаттың өзі
жіберіп тұрған осынау мол суды жарты ғасыр бойы адамдар қалай
болса солай пайдаланды. Мөлдір сулы бұл су қоймасы ыстық құмдардың
ортасында адамдар мен жануарларды сақтау үшін жаратылғандай еді.
Шөлейт жерлердің өзі жер шарына климатты реттеу үшін кере болғаны
сөзсіз. 1989 жылы Арал Кіші теңіз және Үлкен теңіз болып екіге
бөлініп кетті. Арал теңізінің құрғап қалған түбінің ауданы 40 шаршы
километрге дейін жетті. Жер қыртысын жаппай сор басып кетті. Бұның
бәрі экологиялық дағдарысқа, жапсарлас аудандардың қаңырап қалуына
әкеліп соқты . Тіпті Аралдан алыс жатқан аймақтар да осы
экологиялық дағдарыстың зардаптарын шеге бастады. Тартылып қалған
теңіз түбінен жыл сайын 50 ден 240 миллионға дейінгі тұз бен
топырақ желмен ауаға тарап жатады.
Қазіргі кезде теңіздің жартысынан астамының тереңдігі бір –
екі метрден аспайды. Оның түбі лай батпақ. Су аяғы құрдым дегеннің
нағыз өзі осы. Теңіз барған сайын тартылып барады. Су бұрынғы
жағалаудан 15-20 километрдей қашықтап кеткен. Балықшылардың қаншама
қайық – кемелері қайраңдап қалып жатыр. Ал балықшылардың өздері
болса, басқа жақтарға ауа көшіп, қоныс аударуға мәжбүр. Кейбіреулері
Аралмен тағдырлас Балқаш көлінің жағасына келіп қоныс тебуде. Ал
талай
кісілер мамндықтарын ауыстырып, басқа кәсіппен шұғылданып кетті.
Осынау экологиялық ауыр жағдайды көтере алмай, өліп кеткендер мен
сырқатқа ұшырағандар қаншама. Сөйтіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал теңізінің экологиясы жайында
Арал проблемасы
Балқаш проблемасы
Қазақстанның экологиялық проблеммалары
Қазақстанның экологиялық аймақтары
Қазақстанның экологиялық зоналары
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Экологиялық апат
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
Экология жəне табиғат қорғау мəселесі
Пәндер