Мысыр елі


Араб әлемі XIX ғасырдың соңында отар елдер жағдайында өмір сүріп жатты. Тек Мысыр елі ғана ішкі өмірін өзі шешу құқығын алған еді. Мұхаммед Әли әулеті билеп-төстеген бұл ел Түрік империясына тәуелді болды. Осман мемлекеті әлсірегенімен көптеген араб елдерін - Сирия, Ливанды, Палестинаны, Ирақты, Хиджазды, Либияны, Тунисті уысынан шығара қоймаған еді. Бірақ Батыс елдерінің қысымына шыдай алмай, түріктер біртіндеп билік тізгінін Англияға, Францияға, Италияға ұсынуға мәжбүр болды.
Араб қоғамы әлемдегі өзгерістердің әсерімен біраз алға жылжи бастаған. Айталық, Мысырда, Сирияда, Алжирде, т. б. жерлерде капиталистік өндіріс орындары пайда болып, теміржолдар, банктер, тауарлы қатынастар, жалдамалы жұмысшылар қалыптасқандығы айқын байқалды. Мұндай жаңалықтарды Батыс отаршылдарының зорлап енгізуін халық бұқарасы жаратпады. Феллахтар, қала тұрғындары, жалпы араб халықтары отарлық қанаудан, шетелдік үстемдіктен жәбір шекті.
Араб қоғамында феодалдық тәртіптер басым еді. Түрік-араб феодалдары, жоғары сатыдағы өкімдер мен мұсылман діндары негізгі байлыққа - жерге иелік етті. Бай саудагерлердің кебі шетелдіктермен тығыз байланыста болып, феодалдармен бірге қарапайым халықты қанады. Бұқараның наразылығы феодалдарға қарсы, сонымен бірге шетел үстемдігіне қарсы бағытталды. Бұрын тек түріктердің билігінен құтылуды аңсаған арабтар XIX ғасырда Батыс елдерінің озбырлығына душар болды. Бұл жағдай бар елде жалпыламалық жақтарымен бірге әр елде өз ерекшеліктерімен де сипатталады.
Араб әлемінде ерекше орын алатын ел Мысыр болды.
Мысыр елі. Стратегиялық маңызды жерде орналасқан Мысырды қалай да өзіне қаратуға тырысқан Батыс елдері, ең алдымен, экономикасына үстемдік орнатуға кірісті. Суэц каналын салуға қаржы бөлінді.
Өсімі 15-25%-ға жететін қаржы салымы Мысырды қарызға белшесінен батырып, елді кенедей соруды мақсат етті. Бір ғана ағылшын банктері 11 жыл ішінде Мысырға 68 млн фунт стерлинг қаржы беруге келісіп, оның 22 миллионын өздері ұстап қалған. Ондай әрекеттерді француздар, бельгиялықтар да жасап бақты. Мысыр 94 млн фунт стерлинг несие алса, оның 6 миллионы зауыттар, мектептер салуға, 16 миллионы Суэц каналын қазуға жұмсалған да, 50 миллионы қарыздың өсімін төлеуге кеткен, ал 22 миллионы банктерде қалған екен. Бұл мысалдың мыңнан бірі ғана. Бірақ осыдан-ак, отар-шылдардың шығыс халықтарына қандай қамқорлық жасағанын түсінуге болады. 70-жылдары ел табысының 60-80%-ы несие каржыларды өтеуге жұмсалып, Мысыр экономикасы тоқтаусыз құлдырай түсті. Ел билеушілері жылдан-жылға салықты көбейткен сайын халықтың хал-ахуалы төмендей берді. Өкімет қолындағы Суэц каналының 4 млн фунт стерлинг акцияларын ағылшындарға сатуға мәжбүр болды. Оны салушы Мысыр 1875-1916 жыл-дары 400 млн фунт стерлинг жұмсаған болатын. Ақша ел билеуші капиталистердің калтасына түсіп, пайдасын солар көріп жатты.
Ақыры, Мысырдың қарызын өтеуге мұршасы болмай, 1876 жылы Батыс елдері қаржы және алым-салық жүйесін бақылауға алды. Салық төлеуші шаруалар мен қала тұрғындары ашаршылыққа ұшырап, қырыла бастады. Мысырдағы каражат мәселесін өз қолдарына алу мақсатымен арнайы тексеру комиссиясы елбасы хедив Исмаилды мемлекет ісіне катыстырмау, үкімет жұмыстарын өздері бақылау туралы шешім қабылдады. Үкіметті тегі армян банкир Нұбар паша басқарып, министрлер болып Батыс өкілдері тағайындалды. Бұл саяси тәуелсіздіктен айырылғанның белгісі еді.
Жоғарыда айтылған оқиғалар бүкіл Мысыр қоғамын дүр сілкінтті. Қоғамдағы наразылықты Мысырдың жас зиялылары мен офицерлері қолдап, оны тудырған шетел қысымына тойтарыс беруді ойластырады. Олар жасырын түрде "Отандастар" ұйымын құрып, "Мысыр - мысырлықтарға" деген ұран тастады. Белгілі жазушылар мен зиялылар - Мұхаммед Абду, Адиб Исхақ, Абдель Недим, т. б. ұлттық сана-сезімді оятуға үлкен үлес косқан тұлғалар. Әскерлер арасында феллахтан көтерілген офицер Араби паша көтерілісті басқарды. 1879 жылы Нұбар паша өкіметі ақша шығынын қыскартуды сылтау етіп, 2500 офицерді қызметтен босатады. Ол әскерде ереуіл туғызып, офицерлер өкімет басшыларын ұстап, қамауға алады. Хедив Исмаил оқиғаға араласып, жаңа өкімет құрады. Батыс елдері оған риза болмай, түрік сұлтаны Исмаилдың орнына таққа оның ұлы Тәуфікті отырғызады. Жаңа хедив ағылшындардың айтканынан шықпай, шетел қаржыларын өтеу үшін салықты көбейтіп, бюджет табысының 60%-ын соған арнады.
Ел ішінде монархияны жақтаушы, шетелдермен келісімге баруды көздеген, бірақ үстемдікті қабылдамайтын Ұлттық партия құрылды. Ал ұлттық тілектерді қорғауға шақырған топтар Араби паша басқаруымен Отан партиясын құрып, монархияны жою, помещиктер мен шетел үстемдігінен құтылу жоспарын алға тартты.
1880-1881 жылдары Араби тобы бірнеше рет өкіметке наразылық білдіріп, заңсыздыкты тоқтатуды, жалақыны уақытында төлеуді талап етті. Өкімет оған көңіл бөлген жоқ. Хедив сенімді полктеріне Араби пашаны Қаһрадан куып шығуға бұйрық берді. Бірақ ол әрекет іске аспады. Армия 1881 жылдың күзінде хедивті жаңа өкімет құрғызып, конституция қабылдауға, парламент шақыруға көндірді.
Төңкерісті Мысыр халқы қуанышпен қарсы алды. Либералдық идеялар жеңгендей болып, парламент шақыру үшін даярлық жүріп жатты. Сол тұста өкіметтің төңкеріске қатысты полктерді астанадан шығарып жіберуге шамасы жетті. Парламент ақсүйектердің үстірт пікір алысуымен жұмыс жүргізіп жатты. Англия мен Франция 1882 жылы қаңтарда бюджет мәселесіне өзгерістер енгізуге қарсылық білдіріп еді, өкімет наразылық білдірмеді. Кезекті саяси дағдарыс туып, парламент пен әскери басшылар басқа өкімет кұрастырып, Араби паша соғыс министрі болып тағайындалды.
Енді ұлттық тілектерге сай батыл заңдар қабылданып, қаржы жүйесіне шетелдіктерді жақындатпайтын шаралар қарастырылды. Бірақ 1882 жылы мамырда Лондон мен Париж әскери кемелерін Александрияға таяу орналастырып, Араби тобын өкімет басынан кетіруге талаптанды. Хедив келісім бергеннен кейін, ел арасында наразылық туып, Тәуфіктің өзін биліктен кетіру үшін козғалыс басталды.
Мысырдағы жағдайды Батыс елдері халықаралық мәселеге айналдырып, Стамбұлда өткен конференция тәртіп орнатуды түрік әскерлеріне жүктеді. Англия өкіметі өз тарапынан 1882 жылы Александрияны зеңбіректен атқылап, басып алды.
Англия әскери қимылдарын жалғастырып, Суэц каналын, Қаһіра қаласын басып алды. Араби паша серіктерімен сотталып, Цейлон аралына айдалды. Ұлттық тәуелсіздікке ұмтылған Мысыр қоғамы ел бірлігін ұйымдастыра алмай, жеңіліске ұшырады. Өз Отанының мүддесін сатқан хедив Тәуфік ағылшындардың қолшоқпарына айналып, билік Англияға өтті.
XIX ғасырдың соңында араб елдеріндегі азаттық күрес ең алдымен түрік үстемдігіне қарсы бағытталған. Оны бастаған буржуазиялық-феодалдық топтар еді. Түріктерді әлсіретуді көздеген Батыс елдері арабтар тәуелсіздігін қолдаған болып, үгіт жүргізіп, бүлікшілерге көмек көрсетіп келді. Бірақ бірде-бір араб елінің өз еркімен дамуына жол беру олардың мақсатында жоқ еді. Осыған орай араб халықтары батыс отаршылдарының озбырлығына қарсы үнемі күресіп отырды.
Отарланған Алжирдегі саяси-әлеуметтік жағдайға метрополиядағы тартыстар әсерін тигізумен болды. 1847-1870 жылдары француз революцияларына қатысқандардың бір бөлігі Алжирге айдалған болатын. Олар-дың өз еліндегі III Наполеон мен оның Алжирдегі билеушілеріне жаны қас еді. 1870 жылы күзде француз жұмысшылары Алжир қалаларында республикалық ассоциация құрып, оның қатарына арабтарды да тартты. Ассоциация реакцияшыл губернаторды орнынан қуып, өз өкіметін орнатуға кіріскен. Бірақ басшылары Париждегі Гамбетта өкіметімен келісімге келіл, ойларын іске асыра алмады. Париж Коммунасын қолдап шыққанымен, Ассоциация мүшелері араб халқының ұлттық мүдделерімен санасқысы келмеді. 1871 жылы наурызда Алжир феллахтары мен бербер тайпалары отаршылдарға қарсы көтеріліс баста-ғанда, коныс аударып келген француздардың көбі Франция жағына шығып кетті.
Отаршылдар қанауы Алжирді күйзеліске ұшыратты. 1868-1870 жылдары жаппай ашаршылық жайлап, көптеген жергілікті тұрғындар қырылып қалды. Халық саны азайып, 1866 жылғы 2552 мыңнан 1872 жылы 2125 мыңға түсті. Аштыққа жұкпалы аурулар қосылып, кейбір аймақтарда өлгендер көмілмей де жатты. Сондықтан да Алжир жерінде ереуілдер мен көтерілістер жиі болып тұрған. 1871 жылы көтеріліске Шығыс Алжирдегі кабил тайпалары ұатысты. Оларды басқарған Мұхаммед Мұқранидің қарауында 30 тайпа болған. Бұларды беделі 250 тайпаға тараган Рахмания бауырластығы қолдап шықты. Сөйтіп, бүкіл елдің 1/3 халқы қолына қару алған 10 ай ішінде 340 шайқас болып, көтерілісшілер табан тіреп қатты қарсыласты. Мұхаммед Мұқрани оққа ұшқанда, басшылыққа оның бауыры Ахмед бу-Мірза келіп, соғыс қимылдары 1872 жылға дейін созылды. Отаршылдар мыңдаған кенттерді өртеп, байлығын тонап, бейбіт тұрғындарды қырып отырды. Көтеріліс болған өлкелерде француздар 500 мың гектар жерді тартып алып, халықты зәбірледі.
1879 және 1881 жылдары жаңа қарулы көтерілістер шығып, басылған соң Алжирде көпке дейін күрес бейбіт түрде өтіп жатты. Отаршылдар жер мен суды, тау-кен орындары мен өндіріс салаларын өз қолына қаратып алған болатын. Қоныс аударып келген еуропалықтар елдің 55% жерін иеленіп, жүзім, мақта өсіретін плантацияларға қожалық етті. Ел Францияның шарап өндіретін цехына айналды. Мақта метрополияға әкетіліп, мата, жіп, киім-кешек түрінде қайта әкелініп сатылды. Бірақ шикізат пен дайын өнім бағаларының айырмасы жер мен көктей болып, алжирліктер зиян шегіп жатты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz