Өзінің шығармаларында коллектив ішінде тәрбиелеу мәселесің



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
А.С.Макаренко

Аса көрнекті совет педагогы Антон Семенович Макаренко 1888 жылы 1
мартта Харьков губерниясындағы Белополье қаласында темір жол жұмысшысының
семьясында туған.
Қалалық училищені, онан кейін оқытушылар даярлайтын курстарды
бітіргеннен кейін, Антон Семенович Макаренко Крюководағы екі класты темір
жол училищесіне оқытушы болып тағайындалған.
Макаренконың педагогикалық қызметі 1905 жылы, бүкіл Россияға бірінші
орыс революциясының толқыны кеңінен жайылған кезеңде басталды сондықтан
оның көзқарасы да революцияшыл пролетариаттың күшті күрес идеялары
негізінде қалыптасқан. Жас, қажырлы оқытушы осы кезде темір жол
училищесінде жұмысшылардан ата-аналар комитетін құрып, сол арқылы
реакцияшыл бағыттағы мектеп бастығына қарсы күрес жүргізген, оқушылармен
адамгершілік қатынас орнатуды жақтаған. Бұл кезде жас оқытушы 17 жаста
ғана болаттын, бірақ ол өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ болашақ
жаңашыл педагогикаға тән қасиеттерді байқатты.
1. Темір жол училищесінде оқытушылық қызметі кезінде Макаренко өзінің
білім дәрежесін көтеру жолында көл жұмыс істеген, әсіресе ол кейіннен өзіне
зор әсер еткен орыстың ұлы жазушысы А. М.Горький шығармаларын терең оқыған.
А. С. Макаренко өзінің естеліктерінде; *Максим Горький мен үшін жазушы ғана
емес, өмірлік ұстазым болды,— дейді.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко Полтаваның оқытушылар
институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. 1917 жылдың
сентябрінен бастап Крюковадағы жоғары бастауыш класс мұғалімдері
училещісенде инспектор қызметін атқарады.
Октябрь революциясынан кейін Макаренко біраз уақыт темір жол
училищесінде оқытушы болады. 1920 жылдың бастап Макаренко Полтава
губерниялық халық ағарту бөлімінің тапсыруымен, Полтавадан 6 километр
жердегі заң бұзушы жас балалар колониясын ұйымдастырған. Осы колонияны
Макаренко 8 жыл басқарады. Бұл жылдар оның адамды тәрбиелеудің жаңа күрес
жылдары болды. Міне, осыдан бастап Макаренконың педагогикалық қызметінің
шарықтау кезеңі басталады, ол тек тәжірибеде ғана емес педагогикалық
теорияда да тамаша табысқа ие болып, іс жүзінде совет педагогикасының
бірнеше принципиальды мәселелерін шешті.
1928 -1935 жылдарда Макаренко Харьковтағы Ф.Э.Дзержинский атындағы
еңбек коммунасын басқарған. Горький атындағы колонияда мол тәжірибемен
қаруланған Макаренко мұнда жұмысқа бұрынғыдан да табанды түрде және зор
сеніммен, жаңашыл педагог ретінде кіріскен.
Дзержинский атындағы коммунаның өмірін Макаренко өзінің Мұнара
үстіндегі тулар деген повесінде баяндаған және ілгері дамуы айқын
байқалады. Оның үстіне бұл Ұстаздық дастанның дәстүрлі жалғасы тәрізді
еңбек болатын.
Макаренконың тікелей өзі құрып, өзі басқарған бұл екі оқу – тәрбие
орнынан үш мыңға жуық бұрынғы панасыздар мен заң бұзушылар шын жаңа совет
азаматы болып қайта тәрбиеленген еді, олар өздерінің көзқарасы және қоғамға
сіңірген еңбектеріне қарағанда, Отанына шын берілген отандық борышын түсіне
білетін жігерлі, табанды, тәртіпті, әр түрлі мамандықтарға ие болған еңбек
сүйгіш адамдар болып қалыптасты.
Ұлы жазушының бұл өте жоғары да орынды берілген бағасы болатын.
Антон Семенович өз өмірінің соңғы жылдарында әдебиет және қоғамдық –
педагогикалық жұмыстармен айналысады, әсіресе ол семьядағы тәрбие
мәселелеріне көңіл берілген.
Ата – аналар үшін кітап және Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар
деген шығармаларында Макаренко баланы семьяда тәрбиелеу жөніндегі негізгі
мәселелерді зерттеген.
1939 жылы 1 февральда Совет үкіметі Антон Семеновичтің балаларға
коммунистік тәрбие беру саласындағы сіңірген ерекше еңбектері үшін Еңбек
Қызыл Ту орденімен наградталған.
1939 жылы 1 апрельде тамаша ізгі адам, педагогика ғылымының қайраткері
және талантты жазушы А.С.Макаренко кенеттен қайтыс болды.
А.С. Макаренко өзінің артына өлмейтін бай педагогикалық мұра қалдырды,
оның жүзге жуық жазылған педагогикалық шығармалары бар.
Макаренкол балалар коллективімен тәрбие жұмысының жүргізудің ғылыми
негізгі теориясымен методикасын құрды. Педагогикалық көзқарастары, тамаша
нәтиже берген педагогикалық тәжірибелері ұзақ уақыт теориялық жағынан
қорытудың негізінде қалыптасты.
16 жыл ішінде үш мыңға жуық жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай
тәжірибесі Макаренкоға Коммунистік партия мен Совет үкіметі құрған тәрбие
жүйесінің күшті әсерін жоғары бағалауда негіз болды, ол тәрбиенің күшіне
мықты сенген оптимист еді.
Біздің елімізде адамның жетіліп, қалыптасуына кедергі болатындай ешбір
жағдайдың болмайтындығын дәлеледі. Сондықтан да Горький атындағы
колониядағы өз жұмысының алғашқы күндерінде көпшілігі бұрын қылмысты болған
панасыздар тобымен бетпе – бет кездесу кезінде макаренко табансыздық,
тұрақсыздық жолына түспеді. Ол балалардың туысынан қылмысты, немесе
бұзылған мінез-құлықты болып өмірге келмейтінін терең түсіне білді.
Ал оның кейінгі жұмысындағы тәжірибелері қылмыс жолына түскен жастарды
қайта тәрбиелеуге болатындыгы жөніндегі өзінің оптимистік көзқарастарын
толық дәлелдеді.
Макаренко педагогикалық жұмыстың жемісті болуының ең қажетті
шарттарының бірі — тәрбиенің міндет-мақсаттарының анық, айқын түрде
белгіленуі деп есептеген. Ол совет педагогикасы ілгеріге көз жібере отыра,
совет адамына керекті сапаларды алдын ала жобалай білуі тиіс деген талап
қойды.
А. С. Макаренко біздің тәрбиеміздің міндеттері қоғамдық өмірден,
коммунистік партияның прогрммасынан және оның социалистік құрылыстағы
саясатыңан туатындығын көрсетті. Тәрбие жұмысының мақсаты қайдан тууға
тиіс? Әрине, ол біздің қоғамдық қажетімізден, совет халқының талабынан,
біздің революцияның мақсаттары мен міндеттерінен, біздің күрестеріміздің
мақсаты мен міндеттерінен туып отырады — деген Макаренко.
Макаренконың ойынша, педагогика бұл мәселені саяси мақсаттарға сәйкес,
яғни жаңа адам, коммунистік қоғамның адамы қандай болатындығына байланысты
шешуі тиіс деген. Макаренко тәрбиенің міндет-мақсатын адамды
қалыптастырудың кең программасы ретінде қараған, бұл программа Макаренкоға
совет жастарында тәрбиеленетін жоғары сапаларды анығыраң түсінуге мүмкіндік
берді.
Макаренко советтік тәрбие арқылы жаңа адамды, социалистік дәуірдің
азаматын өсіруді, коммунистік идеяларға берілген адамды ңалыптастыруды
мақсат еткен.
Тәрбиенің алдына Макаренко коллектившіл, алғыр және ер адамдарды, жан-жақты
білім алган және еңбек сүйгіш, халқының алдындағы өз борыштарын сезіне
білетін жастарды тәрбиелеу міндетін ұсынды.
Коммунизм үшін күрес үстінде,— дейді Антон Семенович,— біз қазірдің
өзінде өздерімізде коммунистік қоғам мүшелерінің сапаларын тәрбиелеуіміз
керек.
Макаренко тәрбиенің мұндай міндет-мақсаттарына жетудің тым қиын және
күрделі іс екендігін, бірақ біздің советтік шындықтың жағдайында оған толық
жетуге мүмкіндік барын ескертті. Өзінің Мұнара үстіндегі тулар деген
кітабында оптимистік тұрғыдан: Жаңа адамды тәрбиелеу — бақытты іс және
оған педагогиканың шамасы да жетеді,— деген.
Тәрбиенің міндет-мақсаттарына байланысты прияциптері Макаренко
советтік тәрбие жүйесінің мынадяй негізгі принциптерін аныңтаған:
тәрбиеленушіге талап қоюды оны құрметтеу және оған сенім білдірумен
байланыстыру, коллектив ішінде, коллектив арқылы және еңбекте
тәрбиелеу.
Макаренко адамға зор талап ңоюды құрметтеп сыйлаумен байланыстырып
отыруды — советтік тәрбие жүйесінің жетекші әдісі деп санады.
Тәрбиеленушілерге сүйіспеншілік білдіруді оған талап қоюмен байланыстырып
отырса, балалардағы жақсы сапаларды байқап, көруге, сол сапаларды одан әрі
дамытуға мумкіндік береді деді.
А. С. Макаренконың творчествосында совет адамы үшін намыс сезімі, оған
сүйіспеншілік білдіру, адам баласын сыйлау, адамның жоғары санасына сенім
білдіру мәселелері кең орын аяған. Антон Семенович сонымен бірге совет
педагогикасының маңызды заңы — тәрбиеленушілерге айқын, анық, табанды.
талаптар қойып отыру. Адамға неғұрлым көбірек талап қойылса, ол
адамгершілік жағынан көркейе беруге тиіс, сондықтан талап шалағай болмай,
белгілі мақсатқа жеткенше қойылуы тиіс деген.
А. С. Макаренконың барлық тәжірибесі оның осы өзі ұсынған негізгі принципі
— адамды құрметтеп, сыйлауды оған.талап қоюмен байланыстыру принципін
жемісті түрде іс жүзінде асырудың толық сипаты болды.
Қашан болсын адамның жақсы жақтарын жобалау керек педагог осылай
етуге міндеті,— деп өсиет айтқан оптимист Макаренко, жоғарыдағы балаға
қатаң талап пен сүйіспеншілік білдіру жөніндегі принципіне байланысты,
тәрбиелері болашақ жолдар деген принципті ұсынады.
Макаренконың ескертуінше адамды тәрбиелеу — бұл жастарымызда өздерінің
болашақтары — ертеңгі қуаныштары көрінерліктей болашақ жолдар, бағыттар
тәрбиелеу, оларға сол ертеңгі қуаныштарының жолдарын көрсету.
Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп
жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы — ертеңгі
қуаныш,— деген А.С. Макаренко.
Антон Семенович тәрбие жұмысын жүргізуде балалар коллекивінің ертеңгі
күні бүгінгісінен өзінің мәні және шеңбері жағынан жоғары және кең
тұратындай болып құрылуын талап еткен.
Өзінің тәжірибелік тәрбие жұмыстарында бірімен-бірі байланысты түрде
құрылатын үш түрлі (жақын, орташа және Қашық) болашақ жолдарды пайдаланған.
Макаренко бастапқы, жақын болашаққа балалардың цирк, басқа ойын-сауық
орындарына баруга рұқсат алуын, орташа болашаққа жастардың коллективтік
оқиғаларға араласуын: мерекелік демонстрацияларға, бүкіл халықтың мейрамдар
науқандарға қатынасу т. б. қосқан.
Мектеп бітіргеннен кейін іске асуга тиісті балалардың бүкіл ел өміріне
араласуға ұмтылушылығын тәрбиелеуді Антон Семенович болашақтың жолдардың ең
жоғарғы басқышы деп бағалаған. Ол болашақ жолдардың балалар коллективінің
тек қана қуанышы мен жақсылықты сезуінен құрала бермейтіндігін ескертті,
коллектив мүшелері болашаққа жетуде өздерінің алдында кездесетін
қиыншылықтарды меңгеріп, жеңе білуге тәрбиеленуі тиіс деді.
Марксизм бізді — адамның жеке басын қоғамнан тыс, коллективтен тыс
алып қарауға болмайды деп үйретеді деген Макаренко. Сондықтан коллектив
ішінде, коллектив үшін, коллектив арқылы тәрбиелеу Макаренконың тәрбие
жүйесінің негізгі және орталық идеясы болды. Өзінің шығармаларында
коллектив ішінде тәрбиелеу мәселесің? Советтік тәрбие жүйесінің
негізгілерінің бірі ретінде, ол кллективті тәрбиенің ең бастысы, тәрбиенің
бірден-бір, негізгі ңұралы деп бағалаған.
Макаренконың көрсетуінше, коллектив — адамдардың жай ғана жиынтығы,
немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет
етіп қойған. Қоғамға пайда тигізуге тырысушылардың тобы. Сондықтан оның
ойынша, нағыз шын коллектив, мейлі ересектер, мейлі балалар коллективтері
болсын, советтік құрылыс жағдайында олар совет қоғамының бір бөлшегі болып
есептеледі. Осыған байланысты социалистік қоғамның бір бастапқы ұясы болып
саналатын оқушылар коллективі де басқа коллективтермен байланысты болуы
тиіс, оның алдында да қоғам мен ел алдында қойылған міндеттер тұрады.
Макаренко жалпы, ірі, тұтас коллективтер оның бөлімдері болып есептелетін
байтауыш коллективтерден тұратындығын көрсетті. Жеке бала бастауыш
коллективтің мүшесі, класс оқушысы бола отыра ол ірі коллектив өмірімен,
бүкіл мектеп мақсатымеи бірге өмір сүруі тиіс деген.
Антон Семенович мектеп коллективінің маңызын барынша жоғары бағалай
білген, оның ролін көтере білген, бұл өзінен ол: Тәрбиенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің барлық процесі
Макаренконың еңбектері жайында
Бастауыш оқытудың педагогикалық әдістемесі И.Ильминский
А. С. МАКАРЕНКО ТАҒЫЛЫМДАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушыға моральдық тәрбие беру
Жас ұрпақтың ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру
А.С.Макаренконың педагогикалық ойлары мен тәлімі
Кеңес мемлекетінің көрнекті педагогтары
Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының темперамент ерекшеліктері
Пәндер