Антик философиясының кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Антик философиясының қалыптасуы және ерекшеліктері.
  2. Антик философиясының кезеңдері
  1. антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б. з. д. VII-Vғ. ) ;
  2. классикалық грек философиясы (б. з. д. IVғ. ) ;
  3. эллиндік-римдік философия (б. з. д. IIIғ. - б. з. Vғ. ) .

«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан ілім бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б. д. д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б. з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық немесе философиялық мектептерді ресми түрле жаптырған датасымен байланыстырылады. А. С. Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б. з. д. VII-Vғ. ) ; Ал Дж. Реале мен Д. Антисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген идеясын ұсынды:

  1. Б. з. д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис немесе космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
  2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері - софистер және әсіресе Сократ.
  3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қалыптастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі екен.
  4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
  5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі - неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
  6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грке философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.

Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы - философияны қалыптастырған негіхгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғышарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.

Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфилософтар болған милет мкетебі өкілдерінен (Фалес, Анаксимандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.

Түпнегіз(архе) - бұл барлық нәрселердің шығу тегі, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор - сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғұрлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физмкалық-химиялық элементтердің немесе үдерістердің бір бөлігі ғана деген ой тудырмауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократқа дейінгі алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіретіндіктен «натуралистер» деп аталады. Сондыұтан Гомер және антик дәстүрімен салыстырғанда, бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік болып табылады. Мысалы, Фалес «бәрі құдайға толы» деп айтқанда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің де жаны болады (гилозоизм) .

Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді. Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, «тығыздалуы» мен «сиректелуі» үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен, себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң және логикалық көрінісін айшықты түрде көрсетті. Кейінірек, бұл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз - от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар, түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын одан әрі дамытты. Оның «бәрі ағады, бәрі өзгереді» деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды. Осыған байланысты Гераклит мынадай терең де батыл түйіндерге тоқталады: бір қарама-қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы, олардың тұтастығы мен күресі идясы, олардың үйлесімділікке бірігуі, ақиқат пен танымның көп қырлылығы. Гераклиттің дәл осы тұжырымдарын Гегель жоғары бағалап, өз еңбектерінде пайдаланады.

Философия дүниеге келісімен құдіреттілік (Ксенофан) пен ақиқатқа (элеаттар) қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенімдерді бұзып, өзінің жаңашылдық күш-қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы былайша сипатталады: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзіндік философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс», «болымсыздық», «ойлау»), диалектикалық тәсілді енгізу мен пайдалану арқылы (Зенонның атақты апорийлары) философияда дәлелдеудің қажеттілігі мен оның тәсілін қолдануды (абсурдқа әкелу принципі) мойындау. Зенонның дәйектері өзіндік заңдылықтың күш-қуатын бекітетін тәжірибе деректеріне күмән келтіретін логос позицмясын күшейтуге бағытталған.

«Кіші физиктер» немсе физик-плюралистер - Эмпедокл мен Анаксагордың көзқарастары элеаттардың осы апорийларын шешуге талпынысты болды. Олардың плюралистік концепциялары элейліктердің е, иониялықтардың да монизміне қарсы бағытталды. Ал бұл үшін Эмпедокл элемент, немесе төрт «түбір» ұғымынан өзге біріктіруге және ажыратуға мүмкіндік күштерді де негізеді. Анаксагорп болса (Афиныдағы философияның дамуы оның есімімен басталады) әлемдегі сан жетпес сапалар мен өзгерістердің көп құбылмалы себебін заттардың «ұрықтары» (гомеомериялар) мен ақыл (Нус), олардың бір тәртіпке келуі арқылы түсіндіреді.

Бұл мәселені түсіндіруге келгенде ең жүйелі және мақсатты талпыныс Левкипп пен Демокрит ұсынған әлемнің атомистік картинасы болды. Әлемдегі барлық өзгерісті, қозғалысты түсіндіретін - атом, бос кеңістік және олардың қозғалысары. Атомдар формасына, реті мен жағдайына қарй ерекшеленеді, олар сезіммен қабылданбайды, тек ақылмен пайымдалады. Элеаттардың апорийларын игеру мақсатында олар әр түрлі сезімдердің болуы атомдардың сыртқы әсерінен, ал ақиқатты түсінуатомдардың өмір сүруін ақылмен ұғыну арқылы іске асада дей отырып, «ақиқатты» да, «пікірді» де сақтап қалды. Демокриттің бүкіл дүниетанымынан байқалатын атомизм принципі ғаламның шексіздігі мен ондағы әлемдердің сан алуандылығы, себептілік пен кездейсоқтылық туралы ілімдерінде, мәдениет тарихы көзқарасында, моральды зерттеуінде және т. б. данышпан ойларды дүниеге әкелуіне мүмкіндік берді.

Антик философиясы тарихындағы ееркше орынды софистер (Протагор, Горгий және т. б. ) алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шанайылықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күнәлармен айыптайды. Шынындағы софистика б. з. д. V ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне объективті әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамудың алғышарттарымен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс берді. Олар аға ұрпақтың дәстүрлі құндылықтарымен қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болжы. Оларды Сократпен қоса «грек ағартушылары» деп те атайды. Софистер дәстүрдің орнына рух екендігін жариялап, бұрынғы әлеуметтік кестені бұзып, оның орнына тәрбие мәселесін алдыңғы орынға қойды. Бұл мәдениетті бұрынғыдай тек таңдаулылардың арасында ғана емес, қоғамның барлық қабатына кеңінен енгізуге жағдай жасады. Полистің тар шеңберін кеңейтіп, панэллинистік бастаудың негізін қалады. «Адам - бар нәрсенің өлшемі» деген Протагор аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм Горгий нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі нандыру мен сендіру құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа да әкелді. Сондықтан б. з. д. V ғасырдағы Грекияда риторика немесе сендіру өнері «мемлекет қайраткерінің нағыз штурвалға» (В. Иегер) айналды.

Софистер философиялық рефлексияны физс және космос мәселелерінен адам тақырыбына, оның қоғам мүшесі ретіедегі өміріне бұрғаны дүниетанымдағы төңкеріс болып табылады. Софистиканың қарастыратын басым тақырыптары этика, саясат, риторика, өнер, тіл, дін, тәрбие немесе басқаша айиқанда барлық мәдениетке қатысты мәселелер болды. Сондықтан да софистер антик философиясындағы гуманистік кезеңнің негізін қалаушылар болып саналады.

Алайда софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады. Мұны іске асырған Сократ болды, сондықтан оны антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел ортасы» деп те атайды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мәні - ақыл-ойғанегізделген белсенділік және адамгершілік бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталады. Белгілі бір мағынада Сократ құндылықтардың дәстүрлі жүйесінде төңкеріс жасады. Байлық, даңқ, билік, денсаулық, сұлулық өз табиғаттарында игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғышарты. Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын да қалыптастырды: адам өз бақытының да, бақытсыздығының да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсетпеу төңкерісін теориялық тұрғыда негіздеп қана қоймай, өз ілімінің дерегі арқылы да оған мәңгілік өмір сыйлады. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеуі, танымды нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы - оның этикасының осы тұжырымдары индивид автономиясын жария етті.

Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі бағытты ұстануға болатын еді: бір жағынан білместік принципі («мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін») ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нағыз жоғары білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Платонның «Сократ апологиясы») бір жағынан қарапайым моральдық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жағынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектелсе, екінші жағынан тұтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашылады. Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр түрлі жолдармен жүрді.

Б. з. д. ІV ғасыр Грекия үшін «жоғары классика» дәуірі олып табылады. Бұл дәуірде антиктік философиялық ойдың ашықты көрінісін беретін екі философиялық жүйе - Платон мен Аристотельдің философиялық жүйелері қалыптасты. Сократтың ең ғұлама шәкірті және академияның негізін қалаушы Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның философиясындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен мистицизмге зор көңіл бәлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын жинақтағанда ғана көрінеді.

Платондық метафизмканың кең ауқымды ерекшелігі, онда жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-соңды сөз қозмалғана сезімнен тыс, физикалықтан тыс кеңістіктің ашылуымен байланысты болды. Платонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналады және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және материалдылық емс, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады. Осы категориялар тұрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына заттар түрінде емес, тек олардың құбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың парадигмасын білдіретін идеялар ғана ие болады. Платонның идеялар әлемі - бұл сатылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі, көшірме және Жаратушы - үлгіге сәйкес көшірменің авторы.

Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал «диалектика» термині жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырса, ал эротика - абсолютке жетудің емес жолы.

Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің рухани дүниесінплатонизм мен метафизикадан бас тартып, натурализм мен эмпиризмге бет бұру деп түсінуге болады. Ғылымдарды классификациялауда Аристотель ең алдымен теориялық ғылымдарға басымдылық береді, оның ішінде барлық ғылымдардың шыңы ретінде ең маңызды орын метафизикаға немесе «бастапқы философияға» беріледі.

Аристотель практикалық ғылымдар қатарына этика мен саясатты жатқызады, ал олардың мақсаты бақытқа жету болып табылады. Этикалық қадір-қасиеттер «дұрыс ұстаным» немесе «шет аралықтардың ортасы» ретінде қарастырылады. Аристотель, сондай-ақ, бейбіт өмір мен парасатты белсенділік түріндегі жетілген мемлекеттің идеалын ойлап шығарды.

Платон сияқты Аристотель де өзінің мектебін - Ликей немесе Перипатетиктер мектебін ұйымдастырды. Бұл мектептің талантты түлегінің бірі - Тоефраст еді. Ликей мектебі бүкіл эллиндік дәуір бойына христиан үстемдігіне дейін өмір сүрді. Б. з. д. І ғасырдың екінші жартысында перипатетиктердің бірі Андроник Родосский ұлы Стагирит еңбектерін алғаш рет жүйелі түрде басылымға дайындады. Бірақ перипатетиктердің ешқайсысы да өз ұстаздары деңгейіне жете алған жоқ.

Эллиндік-римдік философия сегіз ғасырға жуық уақытты қамтитын антик философиясы тарихындағы ең ұзақ кезең болып табылады. Эллиндік дәуір гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де ұлы өзгерістерге алып келген Александр Македонский жорықтарымен (б. з. д. 334-324) басталады. «Эллинизм» термині гректердің hellenizo деген сөзінен шыққан. Эллиндену, А. С. Богомоловтың айтуынша, орасан зор аймақты мекендеген мәдениеті жоғары дамыған халықтардың эллиндік мәдениетті қабылдай отырып, грек және әр түрлі варвар халықтар мәдениеттері өзара байланысып, синтезделуі нәтижесінде өзіндік өркениетті қалыптастыруы болып табылады.

Классикалық грек мәдениетінің эллинизмге өзгеруі тереңдік пен тазалықтың жоғалуына әкелгенімен, шығыс мәдениетімен синтезделу нәтижесінде оның интенсивті дамуына жол ашылды. Жаңа мәдени орталықтар пайда болды: Пергам, Родос, Александрия, олардың даңқы белгілі дәрежеде Афиныдан асып түсті. Әсіресе, Александрияда жекелеген ғылымдардың гүлденуі ерекше көзге түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сократ философиясы
Антикалық философия жайлы
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Аристотельдің ғылыми философиялық жүйесі
Араб тілі философия мен ғылым
Техника философиясы қазіргі батыстық философияның бір бағыты ретінде
Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі
Философия дәрістер
Антикалық философия тарихы
Антик философиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz