XIX ғасырдың екінші жартысындағы парламенттік реформалар


Жоспары
- Англияның саяси-экономикалық дамуы.
- ХІV ғасырдың ІІ жартысындағы парламенттік реформалар.
- ХІV ғасырдың ІІ жартысындағы Үндістан қоғамындағы өзгерістер.
- ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс.
Англияның саяси аренасында бірнеше саяси партиялар әрекет етті. XIX ғасырдың ортасынан бастап консервативтік партия атағын алған тори партиясы ірі жер иеленушілердің, сонымен қатар ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін корғады. Консервативтік партияның тірегі фермерлер болды. Екінші бір көрнекті партия виги партиясы либералдар партиясы деп аталды. Бұл партияның басында ірі ақсүйектер тұрды. Либералдар сауда-өнеркәсіп буржуазиясының мүддесіне қызмет етті. XIX ғасырдың 50-60-жылдары Англияда жетекші партия рөлін либералдық партия атқарды.
Екі негізгі партиямен қатар кейбір саяси топтар да елеулі рөл атқарды. Мысалы, фритредерлер либералдық партияның ақсүйек жетекшілерінің саясатына көңілдері толмайтын өнеркәсіп буржуазиясынын басын біріктірді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында буржуазиялық партиялардан басқа чартистер де елеулі рөл атқарды. Сол кездегі сайлау құрылымы бойынша парламентке өз өкілдерін өткізу мүмкіндігі болмаған жұмысшылар чартистерге сайлау алды науқанында парламентке кандидаттарын өткізу үшін қолдау көрсетті. Буржуазия мен ақсүйектер саясатына карсы шығатын чартистік канди-даттар мұндай сайлауларда басым көпшілік дауысқа ие болатын.
Көп жыл басымдық көрсетіп келген екі партияның да әсері бәсеңдеп, тұрғындардың өмірі мен еңбегін бақылайтын королъдік комиссиялар құрыла бастады. Онда екі партияның да өкілдері бірігіп қызмет етті. Өкімет алмасқан кезде жаңа кабинет бұрын басталған тексеру жұмысын соңына жеткізетін болды. Біртіндеп бақталастық түсінігін бір істегі серіктестік ұғымы ығыстыра бастады.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы парламенттік реформалар. Англияда жұмысшы қозғалысының өзіндік саяси күшке айналуы буржуазияны олардан қолдау іздеуге мәжбүр етті. Жұмысшыларды сайлаушылар тізіміне енгізген жағдайда олардың даусын алуды көздеген екі партия да жаңа парламенттік реформаның жобаларын ұсына бастады.
1866 жылы либералдық партияның көсемі Уилъям Гладстон мүліктік цензді төмендетуді ұсынып, соның негізінде жұмысшыларға дауыс құқығын беруді көздеді. Бірақ бұл заң жобасын парламент бекітпеді.
1866 жылы құрылған консерваторлар үкіметі либералдардың ұсыныс-ынтасын иемденіп ала койды. Консерваторлар кабинетінің премьер-министрі Бенджамен Дизраэли парламенттік реформаның өз вариантын ұсынды, онда мүліктік цензді төмендетіп қана қоймай, ірі өнеркәсіптік калалар өкілдіктерін кеңейтуді ұсынды. Бұл заң жобасы парламентте тек консерваторлардан ғана емес, либералдар жағынан да қолдау тапты. Саяси ымыраға келудің нәтижесінде - 1867 жылы парламент реформасы қабылданды. Мүліктік ценз төмендетілді. Сайлаушылар саны екі есе көбейіп, 2, 5 млн адамға жетті. Реформа жаңа өнеркәсіп орталықтарына тиімді болды, жұмысшылардың көпшілігі сайлаушылар құқығына ие болды.
Алайда парламент реформасынан кейін болған бірінші 1868 жылғы сайлауда консерваторлар жеңіліс тауып, оппозицияға көшті. Үкіметті либералдар құрды, премьер-министр болып У. Гладстон сайланды. Либералдық кабинет реформаларды жалғастырды. Парламентке сайлау кезінде құпия дауыс беру енгізілді. 1884 жылы үшінші парламент реформасы жүргізілді: халықтық өкілеттілік туралы заң қабылданды, ол бойынша дауыс беру құқығы барлық 21 жасқа толған, үйі немесе пәтері бар ер адамдарға берілді. 1885 жылы "шіріген жерлер" құқығы толығымен жойылды. Барлық ел дауыс берушілердің саны тең сайлау округтеріне бөлінді.
Жарты ғасырға созылған үздіксіз реформалардың нәтижесінде Британияның саяси кұрылысы демократиялық сипат алды. 1886 жылы сайлауға 5, 7 млн адам қатысты. Парламент депутаттарынан басқа, тұңғыш рет қалалар мен графтықтар кеңесі сайланды.
XIX ғасырдың екінші жартысында ағылшындар Үндістан экономикасына капитал бөле бастады. Ең алғашқы капитал теміржол салуға арналды, соның нәтижесінде 1891 жылы елдегі теміржолдың ұзындығы 27 мың шақырымға жетті. Ағылшындар сондай-ақ капиталды зауыттар мен фабрикалар салуға да жұмсады. Алғашқы токыма фабрикасы 1854 жылы Калькуттада пайда болды. Ағылшын өнеркөсібінің өткізу рыногы кеңейді, енді ағылшын машиналарын Үндістанға экспортқа шығару ұлғайды. Зауыт, фабрика, теміржолдар мен телеграф байланыстарының көптеп салынуы Үндістанда өнеркәсіп төңкерісінің басталғандығын көрсетті. Оның дамуының нәтижесінде үнді капиталистері пайда болды. XIX ғасырдың соңына қарай үнді өнеркәсіп капиталының үштен бірі үнділіктерге тән болды. Жергілікті кәсіпкерлер тоқыма өнеркәсібіне капитал салуды белсенді түрде ұлғайтты. Бомбей қаласы тоқыма өнеркәсібінің орталығы ретінде өркендей бастады. Үнді тауарлары Англияда, Қытайда және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде сатылды.
Өнеркәсіп дамуына байланысты жұмысшылар саны өсті, олардың саны ғасырдың аяғына қарай 1 млн адамға жетті. Үндістанның мемлекеттік өкімділік мекемелерінде отаршылдарға қызмет етуші орташа әлеуметтік топтар саны да артты. Олар дәрігерлер, заңгерлер, университет, колледж және мектеп оқытушылары болды. Олардың барлығы дерлік Англияда немесе ағылшындар ашқан жергілікті университеттерде еуропаша білім алды.
Дәстүрлі қалыптасқан үнді қоғамындағы күрт өзгерістер, ескінің қирауы, жаңаның енуі үнді халқының әр қилы топтарына түрліше әсер етті. Біреулері көне арийлік кезеңге кайта оралуды, үнді өркениеті қалыптастырган дәстүрлі қоғамды кайта орнату қажет десе, мұсылмандар ежелгі исламның құндылықтарын қайта жаңғыртып, "көпірлерге" карсы қасиетті соғыс жүргізу қажет, яғни ағылшындармен күресу қажет деп мәлімдеді. Бірақ көпшілік сауатты үнділер батыстың еркіндік, теңдік, гуманистік идеяларын индуизммен, исламмен біріктіре отырып даму жолын іздеуді жақтады. Үндістанның қоғамдық дамуының артта қалғандьнын мойындай отырып, оны жаңаша дамытуды көздеді.
Үндістан - көп ұлтты мемлекет. "Үнділік" деп біз Үндістанда тұратын барлық халықтарды айтамыз. Ал үнділіктер өз кезегінде бенгалдық, пенджаб-тық, тамилдік, хиндустандық деп бөлінеді. Олардың ұстанатын діндері де, тілдері де әр түрлі. Тек ағылшындар ғана бүкіл үнділіктерді бір қолдың астына жинақтап ұстай алды. Олар бүкіл үнді жерін теміржол желісімен байланыстырып, біртұтас рынокқа түйіндеп қойды. Үндістанда біртұтас әкімшілік және заңдар жинағы пайда болды. Ағылшын тілі бүкіл Үндістанда ұлтаралық қатынас тілі болып қалыптасты. Бүкіл үнділіктердің отаршыл әкімшілікке қатысты біртұтас мүддесі қалыптасты. Ұлттың сана-сезімнің өсуі Үндістанды азат ету жолындағы ұлттық қозғалыстың калыптасуына негіз болды.
Үнді қоғамының сауатты тобы жатжерлік езгіге қарсы шығып, отаршыл өкіметтен өкімшілік реформалар жүргізуді, елді басқаруға үнді халқының өкілдері де катысуын талап етті. Біртіндеп бұл әрекеттер ұйымдасқан қозғалысқа ұласа бастады. Ірі қалаларда діни-реформалық, ағартушылық және саяси-патриоттық ұйымдар құрылды. Еуропалық үлгідегі жоғары оқу орындарында білім алған сауатты азаматтар отарлық қанауға наразылығын айқын көрсете білді. Осы либералдық топтар үнді ұлттық қозғалысының жетекші күші болды. Олар Үндістанның толық тәуелсіздігін емес, Британ империясы құрамындаәы өзін-өзі басқару құқығына ие болуды көздеді және үнділіктер мен ағылшындардың құқықтарын теңестіруді талап етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz