Реконверсия жөне мемлекеттік саясаттың соғыстан соңы бағытын таңдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Америка Құрама Штаттары

АҚШ соғыстан экономикалық және әскери жағынан капиталистік дүниедегі
ең қуатты мемлекет болып шықты. Мұнда капиталистік дүниедегі өнеркәсіп
өнімдерінің жартысынан көбі өндірілді. Америка әскерлері Германияға,
Жапонияға, Италияға және басқа да елдерге орналастырылды. Жер шарының
түкпір-түкпірінде 500-ден аса американ соғыс базалары жасақталды. Америка
флоты күндіз-түні мұхиттар мен теңіздерді жүзіп жүрді. АҚШ атомдық каруға
бірден-бір ие болды. Ф.Рузвельттің қайтыс болуына байланысты 1945 ж. 12
сөуірде қызметке кіріскен АҚШ Президенті Гарри Трумэн АҚШ өзіне дүниежүзі
үшін жауапкершілікті алды деп мәлімдеді: "Бейтараптықтың", оның бергі
жағында, 30-жж. оқшауланудың күні артта қалды. Осыдан бастап АҚШ дүние
жүзілік саясаттың орталығына айналды.
Реконверсия жөне мемлекеттік саясаттың соғыстан соңы бағытын таңдау.
Бейбіт өмірге оралу реконверсия немесе кері қайта құру деп аталды және
мемлекеттік саясат пен ондаған миллион американдықтардың өмірлеріне
түбегейлі өзгерістер енгізді. Миллиондаған солдаттар отбасыларына және
бейбіт өмірге кайта оралды. 1947 ж. армия қатарында 12 миллион солдаттың
тек 1 миллионы ғана қалды. Армия катарынан оралған солдаттарды жұмыска
орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың негізгі мәселелерінің бірі
болды. Соғысқа қатысқандарды орналастыру мәселесі бойынша бірнеше заң және
үкімет шешімдері кабылданды. Соғыс кезіндегі баға мен еңбекақыға
орнатылған бақылауды біртіндеп алып тастау, "толық жұмыспен қамтамасыз
ету", еңбекақының сағаттық төлем мөлшерін арттыру, салықтарды кайта қарау
сияқты аса ірі шешімдер қабылданды. Соғыстан кейінгі қайта құруда
көп дау туғызған мәселелерінің бірі соғыс кезіндегі салынған мемлекеттік
зауыттардың келешегі туралы мәселе болды. Бұл жерде әңгіме американ
экономикасындағы мемлекеттік сектордың тағдыры туралы көтерілді. Соғыстың 5
ж. ішінде мемлекет өңдеуші өндірістің зауыттарын салуға 17 млрд доллар
жұмсап, 2800-нан аса кәсіпорын салдырған болатын. Бір жылдан кейін олардың
барлығын 250 корпорация жарты бағаларына сатып алды.
Ірі бизнес АҚШ-тағы өндіріс капиталының басты өкілі болды, мұнда
Еуропадан ерекшелігі бұл салада мемлекеттік сектор жок еді. Дегенмен
соғыстан кейінгі жылдарында мұнда ұсақ және орта кәсіпорындардың секторы да
едәуір өріс алды. Елде 9 млн жеке меншік фирмалар жұмыс істеді.
Г.Трумэн өкімшілігінің ішкі саясаты қайшылықтарға тола болды. 1946 ж.
косымша сайлаулар мен қайта сайлаулардың нәтижесінде демократтардың
реформистік саясаты мен рузвельттік реформалауға қарсы шыккан
республикашылардың позициялары күшейе түсті. 1947 ж. конгресс кәсіподақ
кызметін және ұйымдар кұру, ереуілдер ұйымдастыру құқын елеулі мөлшерде
тежеген Тофт-Хартли заңын кабылдады. Бұл АҚШ саяси өмірінің жалпы оңға
бетбұрыс жасағандығының көріністері болды. Бұған кеңеске карсы науқандарды,
сенатор Маккарти ұйымдастырған бейтараптықты тексеруді (50 ж. саяси
шыдамсыздық көрініс білдіретін "маккартизм" ұғымы осыдан шыққан) қосуға
болады. 1948 ж. президент сайлауында Г.Трумэн "әділетті бағыт"
бағдарламасын ұсынды. Сайлау алдында Трумэн Тафт-Хартли заңына тиым салып,
оны жоюға, әлеуметтік қамтамасыздандыруды кеңейтуге үәде берді. Бірақ
президент тиымына қарамастан, Тафт-Хартли заңы екінші рет конгресс аркылы
қабылданды, қара нәсілді американдардың азаматтық құқықтары туралы,
денсаулық сақтау қауыпсыздандыруын енгізу, оқу орындарына мемлекет
тарапынан көмек беру туралы т.б. заңдар қабылданбай қалды.
"Қырғи қабақ" соғыстың басталуы, КСРО-мен теке тірес және Еуропадағы
капитализмнің іргетасын қайта қалпына келтіруге қамқорлық жасау елдің
ішіндегі реформашылдық әрекеттердің қанат жаюына мүмкіндік бермеді.
Ақырында, АҚШ 1950 ж. маусымында басталған Корея соғысына араласты.
1952 ж. президент сайлауының карсаңында демократиялық партия елге
Рузвельт саясаты қалдырған реформашылдық мұраның көп бөлігінен айырылып
қалған болатын. Көп жылдар бойына оппозицияда болып келген республикалық
партияға үкімет басына келу мүмкіндігі туды. Республикашылдар бұрын
ешқандай партияға қатысы жоқ атақты генерал Д.Эйзенхауэрді кандидат болуға
шақырды. Ол Кореяға барып, көпшілік қолдамайтын согысты тоқтатуға уәде
берді. Бұл сайлауда республикашылдарға жеңіс әкелді. Д.Эйзенхауэр
президентгікке 1956 ж. қайта сайланды. Осы жж. (1952— 1960)
республикашылдар әкімшілігі мен оппозициядағы демократиялық партиялардың
арасында саяси бағыт саласында ешқандай елеулі айырмашылықтар байқалмады.
60-жж. реформашылдық. Эйзенхауэр әкімшілігі 50 жж. аяғында сенатор
Маккарти басқарған сенаттың қосалқы комиссиясы тарапынан демократияшыл
қайраткерлерді шектен тыс қудалауға тиым салды. Аты дүние жүзіне соғыс
қаупін төндірген дүдәмел тұжырымдармен тығыз байланысты мемлекеттік
департаменттің басшысы Даллес қызметінен кетті.
Америкаға жаңару қажет болды. 1960 ж. президент сайлауы қарсаңында
демократтар осыны ұсынды. Олар Джон Кеннеди ұсынған — "жаңа шептерге" деген
ұранмен жеңіске жетті. Кеннеди мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік
қызметін белсенділендіру жөніндегі кейнешілдік теорияны қолдады. Оның "жаңа
шептер" жөніндегі әлеуметтік-экономикалың бағдарламасы "тиімді сұраныс"
туралы кейнсшілдік теорияның арнасында болды және жаппай өндіріс пен жаппай
тұтынудың тепе-теңдікте болуын көздеді.
1963 ж. 22 қарашасында Кеннедидің өлтірілуі Ақ үй басшысының ауысуына
әкеп соқты. Ол вице-президент Линдон Джонсон еді. Ол өзінің алдындағы
президенттің саясатын жалғастырды. АҚШ-та аса маңызды әлеуметтік реформалар
жүйеге асырылды. "Кедейлікпен күрес" бағдарламасының негізінде табысы аз
отбасыларына көмек көрсету туралы заң кабылданды, арзан үйлер салу, білім
беру жүйесін дамыту бағдарламалары іске асырылды, жасы ұлғайған азаматтарға
медициналық қауіпсіздендіру енгізілді, ал табысы кедейшілік деңгейінен
төмен отбасылар медициналық көмек көрсетуде жеңілдіктерімен пайдаланатын
болды. Нәсіпшілдік кемсітуге шектеу қою жөнінде де маңызды және өмірге сай
келетін заңдар қабылдады. Бұл кемсітушілікке аса күшті әлеуметтік қарсылық
қозғалысы — қаранәсіл американдықтардың бас көтерулеріне жауап шаралар
болды. Қозғалысқа Мартин Лютер Кинг басшылық жасады. Бұл заңдардың ішіндегі
ең маңыздысы 1964 ж. жұмысқа жалдау және көпшілік орындарда қызмет көрсету
кездерінде кемсітушілікке тиым салу туралы заң болды. 1965 ж. қара нәсілді
американдықтардыц сайлау құқықтарын қорғау туралы заң, ал 1968 ж. құрған
үйлерді сату және жалға беру кезінде нәсілдерді кемсітуге тыйым салу туралы
заң қабылданды.
Бірақ әлеуметтік бағдармалардың іске асырылу барысында тіпті АҚШ
сиякты бай капиталистік елде де елеулі кедергілер мен жетіспеушіліктер орын
алды, бұл сыртқы саяси мәселелерге байланысты болды. 60-жыл-дар аяғында АҚШ-
тан бірнеше мыңдаған шакырым қашықтықта орналасқан Вьетнамда 500 мындай
американ армиясы согысып жатты. Вьетнамга интервенция жасау келесі
президент пен конгрес сайлауында демократтарға жеңіліс таптырды.
70-жж. Америка. Бұл жылдары бүкіл дүние жүзі сияқты АҚШ-та ғылыми-
техникалық революцияның жаңа кезеңінде экономикалық жөне әлеуметтік
саясаттың ауысуы нәтижесінде пайда болған дүниежүзілік экономикалық және
құрылымдык, дағдарыстарға байланыс 1963 ж. 22 қарашасында Кеннедидің
өлтірілуі Ақ үй басшысының ауысуына әкеп соқты. Ол вице-президент Линдон
Джонсон еді. Ол өзінің алдындағы президенттің саясатын жалғастырды. АҚШ-та
аса ызды әлеуметтік рефорталар жүйеге асырылды. "Кедейлікпен күрес"
бағдарламасының негізінде табысы аз отбасыларына көмек көрсету туралы заң
кабылданды, арзан үйлер салу, білім беру жүйесін дамыту бағдарламалары іске
асырылды, жасы ұлғайған азаматтарға медициналық қауіпсіздендіру енгізілді,
ал табысы кедейшілік деңгейінен төмен отбасылар медициналық көмек көрсетуде
жеңілдіктерімен пайдаланатын болды. Нәсілшілдік кемсітуге шектеу қою
жөнінде де маңызды және өмірге сай келетін заңдар қабылдады. Бұл
кемсітушілікке аса күшті әлеуметтік қарсылық қозғалысы — қара нәсіл
американдықтардың бас көтерулеріне жауап шаралар болды. Қозғалысқа Мартин
Лютер Кинг басшылық жасады. Бұл заңдардың ішіндегі ең маңыздысы 1964 ж.
жұмысқа жалдау және көпшілік орындарда қызмет көрсету кездерінде
кемсітушілікке тиым салу туралы заң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан ауылы мен селосы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары
Әлем «қырғи-қабақ» соғыстан кейін: бір полюстік және көп полюстік
Экономиканы реттеудің теориялық мәселелерін қарастыру
Қазақстан републикасының индустриалды – инновациялық дамуы
Америка мен Жапонияның тарихы
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәннің лекция сабақтарының әдістемелігі
Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы
Пәндер