Үлкендерге арналған әңгімелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

І Тарау. БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУДЕ ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Алтынсариннің педагогикалық идеялары
1.2 Ы. Алтынсариннің оқулықтары мен әдістемелік жүйесі және оқытудың
өзекті мәселелері.

ІІ. Тарау. Ы.Алтынсарин шығармаларының қАзАқ ұлттық мәдениетінің
қалыптасуына әсері
2.1 Ы.Алтынсарин шығармаларының ерекшелігі
2.2 Қазақ ұлттық мәдениетіндегі туындыларының алатын орны

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Білім беру саласындағы өзгерістер, жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін
ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық ерекшелікті ескеру, даралап, саралап
оқыту бүгінгі буынның басты мәселесіне айналуда. Осы тұрғыдан алғанда,
осыдан бір жарым ғасыр бұрын қазақ сахарасында мәдениет пен оқыnу ағартудың
туын көтерген, халыққа қажетті бар байлық, бақыт та, жақсылық та біліммен
келетінін насихаттаған, ғылыми еңбегімен де, мектеп ашу, оқулық жазу,
мұғалім даярлау сияқты табанды істерімен де үлгі-өнеге көрсеткен Ыбырай
Алтынсариннің педагогикалық мұраларының маңызы ерекше. Ә.Сыдықов
Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары және ағартушылық қызметі атты
еңбегінде Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептердің жүйесін, оқу-тәрбие ісінің
мазмұнын саралай келе, оқытудың ағартушы ұстаз ұсынған дидактикалық
принциптерін: Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесі халық ағарту саласында
аса зор, пайдалы рөл атқарады, оның көптеген қағидалары осы күнге дейін өз
мәнін жойған жоқ. Оның ілімі өз алдына дербес, тұтас бір пелагогикалық жүйе
болып табылады. Онда адал көңілден шыққан сын да, жаңашыл бастаманы қолдау
да, өзіндік ой-пікірді орынды айта білу де бар деп түйіндейді. Сол
заманның өзінде дәл бүгінгідей қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп
таныған Ы.Алтынсарин өз ойын іске асыруда көптеген кедергілерге кездесе
отырып, табандылықпен және білген, өмірінің соңғы сәтіне дейін өз мақсатын
берік ұстанған. қазақ халқы деген – оқу-білімге сусап отырған халық, әттең
бұл іске оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде күйінесің. Бұл
жағынан алып қарағанда, кейде жылы сөзге ынтазар жетім бала сияқтымыз.
Қандай қиыншылықтарға кездессекте, біз әйтеуір өз ойымызды орындап келеміз
дейді Н.И.Ильминскийге жазған хатында. Оның халықтан қаражат жинап, мектеп
ашуы, инспекторлық қызмет атқара жүріп, мектептер санын көбейтуі, оқулық,
әдістемелер жазып таратуы - қазақтарға осы дарынды, ақылы мол халыққа
қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт
беру-қалай дегенмен аса қажет болып отыр пікірінің іс жүзіндегі көрінісі.
Сол кездегі мектептердің басты мақсаты етіп баланың жеке басының ақыл-ойын
өсіру үшін, мінез-құлқын жетілдіру үшін нақтылы білім беру керекдегенді
қояды. Бұл ойы қазіргі оқу мен тәрбиенің бірлігі, жан-жақты білім беру
мәселесі жөнінде бүгінгі күнмен де сабақтасып жатқандай. Ол оқыту процесін
ұйымдастыруда:
1)мұғалімнің ролі,
2)оқу-материялдық базаның шешуші маңызы,
3)оқулықтарды қазақ мектептеріне пайдалану үшін жарамдылығы жағынан
ұқыпты тексеріп отырудың қажеттілігі мәселесіне ерекше ден қояды.
Мұғалімдердің білім көтеру үшін мектеп кітапханасынан педагогика-
әдістемелік кітаптарды, әдеби кітаптарды алу үшін қаражат бөлген. Жақсы
білім беру керек, қалай болса солай оқуға болмайды. Оқытатын кітаптар
ғылымға енгізілуі тиіс деп, қалай оқыту, не үшін оқыту керектігін жөнінде
педагогикалық таңдаулар жасаған.
Қазіргі кіріктіре оқыту (интеграция) әдісін Ыбырай өз тәжірибесінде
қолданған байқауға болады. Ол христаматия оқулығына жаратылыстану, физика,
химия, география ғылымдарынан, техника жаңалықтарынан түсінік бере отырып,
білімді жан жақты топтап беруді көздегенін айтады. А.А.Мазохин,
Ф.Д.Соколов, Т.Балғымбаевқа жазған хаттарында балаларға тиянақты білім
беруді өмірмен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде ақыл-
кеңестер береді. Өз іс-тәжірбиесінде дүние жүзі педагогикасының классиктері
Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский т.б гуманистік идеяларын басшылыққа
алып, өзінше қолданып байытып отырған Ыбырай халықтық педагогиканы да ең
басты орынға қояды. Оқу-ағарту саласындағы еңбектерінде, өзінің төл
шығармаларында да халықтық негізді, дүниетанымды, салт-дәстүр, әдет-
ғұрыпты, ізгілік қасиеттерді арқау етеді.
Қазақ хрестоматиясында енген шығармаларында шәкірттерге ой
салатындай, еңбекке, әдептілікке мейірімділікке, ата-ананы қадірлеуге әдет-
ғұрып, салт-сананы сіңіруге білуге тәрбиеленетіндей ауыз әдебиеті үлгілерін
кіргізе отырып, оның тәрбиелік, білімдік-танымдық қасиеттеріне ерекше назар
аударған. Халықтың Жиренше, Ұлықпан хакім қара батыр сияқты қалаулы ұлдары
жайындағы әңгімелерін қосып, олардың елдің келешегін ойлаған тапқырлық,
әділдік т.б ізгі істерін үлгі етіп ұсынған.
Оқу – тәрбие жұмысында, оқу процесін ұйымдастыруда Ы.Алтынсаринің
ерекше назарда ұстанғаны-балаларға кәсіптік мамандық беру мәселесі. Қазақ
халқының экономикалық жағынан өсуі үшін мектептерді орнықтыру ретінде әлі
де көп тиянақтылық керек деген оймен экономикалық дамуына қажетті мамандар
әзірлеу ісінде тұңғыш бастама жасаған. Мұны қолөнер, ауыл шаруашылығы
мектебін ашуынан, жалпы білім беретін мектептерде ұл балаларға қосымша ағаш
шебері, ұсталық, қыз балаларға өрмек тоқу, киім тоқу, киіз басу т.б.
кәсіптерге үйретуінен көреміз. Қазақ қыздарына арнап арнайы мектеп ашуының
өзі қазақ халқы өмірінде аса маңызды тарихи оқиға болды.

І Тарау. БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУДЕ ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Алтынсариннің педагогикалық идеялары

Ы.Алтынсарин мектептегі оқытуды, негізінен, ана тілінде жүргізді. Сол
кездегі белең алған жаттамалары оқуға қарсы шығып, олардың оқыту әдіс-
тәсілдерін сынға алды. Зерттеу еңбектерінде, бірінші сатыда-тіл дамыту,
екінші сатыда-әліппе бойынша оқыту, жазу, салыстыра оқыту, сыныптан тыс
оқыту сияқты жүйе бойынша оқыған шәкірттері қысқа мерзімде сауаттанып, тез
меңгергендігі айтылады. Орыс тілін меңгертуде аударма әдісін пайдаланып,
екі тілді де еркін сөйлеу, ойлау, сөзді үйретуден бастауында екен. Қазіргі
жаңа буын оқулығын өмірге енгізуде Қазақстан Республикасы Білім мазмұны
тұжырымдамасы бойынша базалық оқу жоспарындағы пәндердің рөлі қандай болмақ
дегенде, Қазақ тілі бүкіл әндерді игерудің негізі болуы керек, қазақ тілін
оқытуда, ең алдымен, тілді өзінің табиғатына қарай, қарым-қатынс құралы
ретінде таныту керек деген тұжырымдар жоғарыдағы ой-пікірлермен үндеседі.
Білім беру жүйесіндегі бүгінгі жаңаша бетбұрыс кезінде Ы.Алтынсаринның
педагогикалық идеялары, әдістемесіндегі көтерілген мәселелер өзінің
өміршеңдігін танытып отыр.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттан, білім беруді
демократияландыру мен ізгілендіру, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білімнің
дамытушылық сипаты, білімнің, ғылымның, өндірістің интеграциялануы,
оқушыларды кәсіптік бағдарлау т.б. ұстанымдар осыдан бір жарым ғасыр бұрын
халыққа қызмет еткен Ыбырай шығармашылығындағы көрініс тапқан,
педагогикалық көзқарасындағы ұсынған балаға еркіндік беру, жүрек жылуын
беруі мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, оқушы бойынан жақсы
қасиеттерді табу тәрізді ұстанымдар білім беруді дамытудың өзекті
мәселесіне айналуда. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда
оқытушы оларды кіналауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін
кіналауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде, ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі,
шыдамдылық көрсетуі керек деген ой-пікір бүгінде ұстаздардың ең басты
мәселесі. Ыбырай дәстүрі осылайша білім мазмұнын, оқыту әдістерін
жетілдіруде кең қанат жайып, молыға түсуде. Асыл қазнаға айналған мұралары
бүгінгі таңда оқу бағдарламалары мен оқулықтарға еніп, ана тілі, тарих, I
сыныптан Х сыныпқа дейінгі әдебиет сабақтарында сыныптан тыс жұмыстарда
таныстырылып келеді. Бүгінгі күні маңызды мәселеге айналып отырған
отансүйгіштікке, халық дәстүрін қастерлеуге, еңбекке адамгершілікпен
салуатты өмір сүрге тәрбиелеуге қызмет етіп келеді. Халық педагогикасы
саласындағы оның тәлімгерлік оймаржандарын оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда,
үлгі-өнегелі ретінде пайдалануда берері көп. Өз іс-тәжірбемдегі V сыныптағы
әдебиетті тереңдете оқыту бағытында Ыбырай мұраларын оқыту мәселесіне
тоқтала кетейін.
Гимназия жағдайында қазақ тілімен әдебиетін төменгі сыныптан тереңдете
оқытуда тәлімгер ұстаз Қ.Бітібаеваның атаулы мектебі құрастырған
бағдарламасын тәжірибеден өткіздік. Бағдарламаның мақсаты әдебиетті
өміртану құралы ретінде міндеті басты орынға қою арқылы әдептілік,
имандылық, кішіпейілділік, шешендік, тапқырлық, батырлық, ойшылдық сияқты
халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіре отыра, өз ұлтын әдебиетін әлем
әдебиеті деңгейінде бағалай алатын тұлғаны дамытуға бағытталған. Парасатты
педагог өз іс-әрекетімен дәлелдеп кеткен Мектеп әр шәкіртін қабілетін
дамытып, қамқоршы-жасампаз тұлға тәрбиелеу міндетін атқаруы тиіс деген
идеясын жүзеге асырудың бірден-бір жолы осылайша әдебиетті оқыту барысында
өзінің тарихтағы орны мен мұраларын бүгінгі ұрпақтарға таныту аталмыш
бағдарлама бойынша төменгі жүйемен қараластырылуда.
V - сыныпта ағартушы ұстаздың алғашқы оқулық құрастырудағы еңбегіне
баса көңіл бөліп, Мейірімді бала әңгімесі талданады, новелла туралы ұғым
беріледі. Адамгершілік қасиеттің ішіндегі ең ғажабы мейрімділік екендігі,
қазіргі кездегі мейрім тапшылығын түйсініп саралай білуге үйренеді.
VI-VIII сыныптарда педагог-жазушы екендігі, қазақ балалар әдебиетінің
негізін қалаудағы сіңірген еңбегі, қазақ көркем прозасында шағын әңгіме
жанырының шебері екендігі, Өнер-білім бар жұрттар өлеңіндегі өнер-білімге
үгіттеу идеясы, Залым төреге әңгімесінің пәлсапалық мәні (қанағат),
этнографиялық очерг туралы, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпына деген
көзқарасын, оны ерекше қастерлегенін тануына мүмкіндік берілген. Бұл
шығармалардың мәнін, жанырлық ерекшеліктерін, автордың көзқарасын бағалауы
үшін оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда ұжымдық оқыту әдісі арқылы өз
бетінше, бірлесе бір-біріне үйрете отырып, мәтінді өз бетімен меңгеру,
негізгі ойды ажырата білу, ойын жан-жақты жеткізе білу, өзіндік ой қорыту,
қосымша материалдармен жұмыс істей білу сияқты белсенді ізденіске
жетелеймін. Нәтижесінде өзіндік ой айтып, өзінше талдауға, өз көзқарасын
қорғауға үйренеді, қосымша деректер, сыныптан тыс оқитын әңгімелер бойынша
танымдық ойын, инсценировка жасап, рөлде ойнауға қалыптасқанын,
шығармашылық тапсырмалар орындауға бейімделгенін байқаймыз шағын
әңгімелер, шығармашылық көзқарас.
Егер мен мұғалім болсамшығармасында оқушы былай дейді; Менің
еңбегімнің еш кетпесі үшін, менің емес-ау менің ұстазымның еңбегінің еш
кетпесі үшін өз шәкірттеріме, ең алдымен; Өмірді сүй дер едім. Өйткені
ұстазым, ұстаздардың ұстазы Ыбырай ата да солай үйреткен. Өмірдің мәнісі де
сонда. Шәкірттің көкірек көзін ашу-ең ұлы іс. Бұл – менің мақсатым да
міндетім де, арманым да болар. Әлбетте, менің ұстазымның да, барлық
ұстаздардың да солай...
IX сыныпта оқушылардың ұлттық рухани санасын, тарихи танымын,
адамгершілік-эстетикалық көңіл-күйін қалыптастыруға ықпал ететін
шығармалары (Азған елдің хандары, Азған елдің билері,, Балғожа бидің
баласына жазған хаты ) оқытылып Ыбырайдың ағартушылық қызметі, оның
жазушылық қызметінің ағартушылық идеясына сабақтастығы, әңгімелері,
өлеңдеріндегі мазмұн, түр деңгейі, идеялық, стилдік бірлігі туралы
мәліметтер алады. Ыбырай неге әкімшілік қызметті таңдамай, оқытушылықты
таңдады? деген сұраққа жауап іздеуге, осы жолда атқарған істерін таңдауға
бағыт берілді. Іздену жұмыстарының барысында Дала қоңырауы аталған
тәлімгер ұстаздың Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу-
әрқайсымыздың міндетіміз деуі өмірлік мақсатынан туындағанын, еңбегі
туралы айтылған ой-пікірлердің оның тарихтағы орнын бағалауға негіз
болатынына көз жеткізеді.
Өткен сыныптарда оқылған әңгіме өлең хаттар бойынша алған білім,
біліктілігін жинақтай отырып, ірі блокты сабақ ретінде өткіздік. Ондағы
мақсат: Ыбырайдың қазақ қоғамын дамытуда педагогтік-ағартушылық, жазушылық
өмірінің маңызын ашу, шығармаларының идеялық мәнін талдау арқылы
оқушылардың өзіндік көзқарасын, ойлау қызметін, іскерлік дағдысын,
шығармашылық ізденісін дамыту Ыбырай мұраларын жүйелеу арқылы адамгершілік
асыл мұраттарды дарыту, өзін-өзі тәрбиелеуге, тануына ықпал ету.
Сабақ төмендегіше жүйеленді:
1.Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы (семинар сабақ);
2.Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны (көзқарас
сабағы );
3. Егер мұғалім болсаң...(іскерлік ойын сабағы).
Келесі көзқарас (пікір алмасу) сабағында оқушыларға: Кім? Қашан,қалай
өмір сүрді? Кім не үшін қызмет етті? Қалай? Құралы қандай? Арманына жетті
ме? Болашағы бар ма? деген сұрақтар жүйесі Тұлғаны қоғам
қалыптастырды, деген ойтүрткі сөз ұсынылады. Осы жүйе бойынша оқушылыр топ
болып пікір таластырады, өз көз қарасын қалауы өз таңдауы бойынша
шығармалары деректер т.б. пайдалана отырып қорғайды. Яғни, XIX ғасырдың
бірінші жартысындағы тарихи әлеуметтік жағдай, рухани, саяси санадағы
өзгеріс, әдебиеттегі өрлеу Шоқан, Ыбырай, Абай олардың қоғам орны жайлы ой
қозғайды. Ыбырай мұраларының өміршеңдігі оның мұраларының бүгінгі күнмен
өзектестігінде екенін, адам бар жерде оның тәрбиелік қызметінің болашақта
да жалғасын табатынын өздерінше дәлелдейді.
Іскерлік ойын сабағында сынып екі топқа бөлінді, әр топқа болашақта
мұғалім болғысы келетін оқушылар таңдалды. Олар шартты түрде Бүлдіршіндер
тобына және X сыныпта сабақ өткізу мүмкіндігіне ие болды.Олар алдындағы
балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бірін ойын түрінде, екіншісін
жинақтау-жарыс сабағы түрінде өткізіп, оларға сабақ соңынан сыныптастар
тарапынан пікір айтылып, талдау жасалады. Бұл сабақ арқылы оқушыларды
мамандыққа бейімдеу, шешендік өнерге баулу мақсаты да іске асты. Мұндай
сабақтардың тиімділігі, нәтижесі қорытынды сынақ сабақтары мен жазба
жұмыстарында байқалды.Тақырыптық шығармамен қатар Мен сізге бас иемін,
Болашаққа хат атты хат немесе ой толғау түрінде шығармашылық жұмыс
берілген болатын. Соның бірінде оқушы былайша толғанады; Ыбырай ата! Сіз
артыңызда өшпес із, алдыңызда мәңгілік жол қалдырыңыз...Мен сізді көз
алдыма өзен арнасы деп, ал шәкірттеріңізді, яғни, бізді сол арнамен аққан
суға балаймын. Сіз – мен үшін бәйтерексіз, біз-сол бәйтеректің жапырағымыз.
Талай бүлдіршіннің білімге деген қиялды арманын шындыққа шығардыңыз, оларға
жаңа өмір есігін аштыңыз...XXI ғасырдың табалдырығын аттаған болашақ
шәкірттеріңіз де сізге бас иеді, сіздің еңбектеріңізді жалғастырады. Сіздің
асқақтаған арманыңыз қазақ даласында ұран боп, қазақ халқының ұмтылмас асыл
мұрасы боп сақталып қала бермек.
Ыбырай ата! Біз сіздің болашақтан күткен үмітіңізді ақтаудамыз. Күзгі
салқынмен келетін алғашқы қоңырау үнін асыға күтеміз. Онда Ыбырай
Алтынсарин деген есім міндетті түрде салтаннатпен аталады, Ата, мен сіздің
асыл бейнеңіз алдында ұмытылас еңбегіңізге бас иемін!.
Осылайша Ыбырай мұрасын ұрпақтан –ұрпаққа жеткізу, өнегесін үлгі етіп,
үйрете беру ұзтаздар еңбегінің бір қыры болуға тиіс.Ал педагогикалық
идеяларын ұстаздар арасында насихаттау, бүгінгі күн талабына сай оқу мен
тәрбиенің бірлігін сақтай отырып, саралай білу, ілгері дамыту-бәріміздің
ортақ іс, қасиетті борышымыз.
Баршамызға бастауыш сыныптардан етене таныс, әрі ыстық Кел, балалар,
оқылық – Қазақ хрестоматиясының беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан
астам уақыт өтсе де жас жеткіншіктерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің
маңызы, бір кезде Ыбырай атамыз армандаған өнер-білімі бар жұртқа –
терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі
заманда да еш төменделген емес, қайта бүлдіршіндерді білім бағына шақыра
бермек.
Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның
қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы.
Қазақ хрестоматиясы енген алуан жанрдағы шығармалар мұның айқын
дәлелі. Ыбырай атамыздың әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі
талаптардың барлығы да, атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен
құрылысының қарапайымдылығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы,
тәрбиелік-танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына
сай мінез, әрекет, ой-қиялдың табиғи, шынаңы ашылуы, тағы басқалар толық
көрінеді.
Ыбырай Алтынсарин оқулықты құрастырғанда;
1.Осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың
орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы
бола алу жағын көздейді.
2.Бұл кітапта енгізген әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтар бола
тұрса да, әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздеген.
Бұл хрестоматия екі кітап болып шығарылды.Бірінші кітаптағы мақалалар
4 тарауға бөлінді;
1.Балалар өмірінен алынған әңгімелер, мысалдар мен халық әдебиеті,
балалардың хаттары.
2. Әр түрлі жастағы адамдардың өмірінен алынған әңгімелер.
3. Ең жақсы қазақ ақындарының өлең жырларынан үзінді.
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Екінші кітапта қазақтың төл әңгіме, аңыздарынан басқа, табиғат тарихы
мен жалпы тарих жөнінен, география өндіріс техникасы жөнінен және кеңсе
ісін жүргізу үлгілері бар.
Кітаптағы кейбір материалдарды бөлімдерге бөлу, жүйелеуде ағартушы
шығармасының мектепте оқыту ерекшеліктеріне байланысты бірсыпыра өзгерістер
енгізу орынды деп табылды.Мәселен Ыбырай атамыздың әңгімелері кітапта төл
әңгімелер, аударма сипатты әңгімелер деп жеке екі бөлімге бөліп берілді.
Ал, кейіннен кітапты 6 бөлімге бөлді.
1.Өлеңдері және И.А.Крыловтан аударған 3 мысалы.
2. Төл әңгімелері немесе төл туындылары.
3. Аударма сипатты әңгімелері.
4. Ауыз әдебиеті үлгілерінен жинағандары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
ертегілер, аңыз-әңгімелер.
5.Оқу ағарту мәселелері жайында жазбалары.
6. Хаттар.Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге, Соколовка т.б.Бұл
Ыбырай атамыздың шығармасын кеңінен алып, сөз еткен моногрфиялық зерттеу
жүргізгендер(Қ.Жұмалиев, Ә.Дербісалин )еңбектері.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларын оқытуда алдын
жоспар қойды.
1-сынып.
1 бұл жұмысты балалар менің оқу құралым
бойынша хат танығаннан кейін бастау.
2 таза жазуға үйрету және орыстың жеңіл
жазылған хрестоматияларын оқыту, білмеген орыс сөздерін жазып алу,
жаттау.
3 менің оқу-құралымды өткеннен кейін қазақ
хрестоматиясын және онымен қатар Водовозотың орыс хрестоматиясын
оқыту, түсіндіру, қазақшаға аудару.
4 Кубиктер және счеттар арқылы есеп үйрету.
2-ші сынып.
1. Оқыған жерлерін түсіндіре отырып және
граматтикасын талдай отырып, орыс тілінен қазақ тіліне аударту.
2. Тарих
3.Жағрапия және табиғат құбылыстары.
4.Есеп бөлшекке дейін
Соңғы жылы жазба түрінде іс жүргізу жайын жаздыру және оқыту. Осылай
өз жұмысын алға бастыру үшін Ыбырай атамыз 1879 жылы өзі ашқан орыс-қазақ
мектептеріне арнап гуманистік көзқарастан Қазақ хрестоматиясы және
қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы атты екі оқулығын бпстырып
шығарады. Ы.Алтынсарин діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді
насихаттауға бейімдеу керек деп қарады. Осы мақсатпен 1883 жылы өзінің
Мұсылмандық тұтқасы атты оқу құралын жазып, Қазан қаласында араб әрпімен
бастырып шығарды.
Қорыта келгенде, ұлыларды заман туғызады деп Гете айтқандай, ағарту
саласындағы ірі қайраткері Ы.Алтынсариннің ағартушылық-идеялық шеберлігі
заман талабынан құбылыс деп қарауға тура келеді.Ұлы тұлғалардың қоғам,
халық алдында еккен ерен еңбегі еш уақытта ұмытылмайтыны, келер ұрпақ
жүрегінен зор мақтаныш сезіммен мәңгі орын алары сөзсіз.
Жас жеткіншіктерді тәрбиелей отырып, олардың бүгінгі өмір талабына сай
өнерлі, жан-жақты, ақылды ізденгіш, Отанын сүйгіш болып өсулеріне ұлы
кісілердің өмір жолы дасабақ болады деп есептейміз.
Өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, рухани
дүниесі бай, жан-жақты жетілген азамат болып өсуіне қазіргі кезде қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің қосары мол.
Осы пәнді оқи жүріп, бала жүрегі жаны жайсаң жақсыларға елжіреп,
өмірге өзі бас иген адамға алға қойған мақсатының төрінен орын дайындайды
да, аңқылдаған алаңсыз көңіліне көлеңке түсірген келеңсіз құбылыстардың
кейіпкерлеріне жирене қарайды. дөп басып білу, оның өмірге құмарлығының
негізгі арқауын табу. Қазір біз орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті
сабағынан дәріс бере жүріп, Ы.Алтынсариннің еңбектерінің құндылығын
көреміз. Ыбырай атамыздың қай әңгімесін алсаңыз да, өлеңдерін, мақал-
мәтелдерін оқысаңыз да, солардың бәрі тәрбиелік маңызы қазіргі таңда қажет
құралдар болып отыр. Алдымен, халық келер ұрпағын тәрбиелеуге өзіне
дейінгі жақсы дәстүр атаулыны жинап пайдаланғанын ескерер болсақ, барлық
демократиялық бағыттағы педагог- ғалымдардың көпшілікке ұсынған
тәжірибесінен ғибрат алу қажет болады.
Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап, онының мәдени
деңгейін ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеттері жөнінде де мүлтіксіз
баға беруге болады.
Қазіргі егеменді еліміздің мемлекеттік мәртебе алған тіліне құштарлық
дамыта түсу бағытында өз жұмысымды төрт бағытта жүргізуге тырысамын. Менің
мақсатым оқушыларды швғармашылық жұмысқа жетелей отырып, оларға мәдени,
әдеби сөйлеу білу нормаларын үйрету; сөздік қорын байыту үшін лексикалық
жұмыстар жүргізу; көркем сөйлеуге баулу шешендік сөздерді үйрету, өз ойын
ауызша-жазбаша баяндай білуге үйрету. Әдебиетте ғана емес тіл сабақтарының
өзінде халық педагогикасының негізін қалаған Ы.Алтынсариннің,
А.Байтұрсыновтың мұраларына көмекке жүгінсек, бүгінгі ұрпақ бойынан
жоғалтқанымызды табарымыз хақ.

1.2 Ы. Алтынсариннің оқулықтары мен әдістемелік жүйесі және оқытудың
өзекті мәселелері.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин- аса көрнекті
ағартушы, жазушы, ақын, этнограф, ғалым қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл
педагог дей келе, қазақ тіліндегі алғаш оқулықтың негізін қалаушы екенін,
мектеп табалдырығының алғашқы сатысынан- ақ бойымызға қалыптастырдық.
Ы.Алтынсариннің 1979жылы жарыққа шыққан Қазақ хрестоматиясы, Қазақтарға
орыс тілін үйретудің бастапқы құралы атты еңбектері қазіргі жылдан жылға
дамып, түрленіп, талайды білім нәрімен сусындатып жүрген оқулықтарымыздың
атасы, бастапқы кәусар бұлағы.
Екі мың тиражбен жарық көріп, Қазақстанға кеңінен тараған
К.Д.Ушинскидің Бааллар әлемі және басқа да орыс классиктерінің
педагогикалық үлесінде жасалған Қазақ хрестоматиясы мынадай бөлімдерден
тұрады:
1. Тақпақтар. Балаларға арналған әңгіме, ертегілер, оқушылардың
туысқандарына хат жазу үлгілері
2. Үлкендерге арналған әңгімелер.
3. Ауыз әдебиетінің үлгілері
4. Мақал –мәтелдер
Түрлі қиындықтар мен өзгерістерге толы кезеңде жарық көрген оқулық
мақсаты ағартушы педагогтың: Бұл тұрғыда жазылып отырған алғашқы еңбек
ретінде хрестоматияның бәлкім кейбір кемшілік жақтар бар шығар, алайда бұл
кітап ізсіз қалмас, алғашқы оқу кітабы ретінде өзінің міндетін орындай-
алар деген үміттемін деп жазған автор сөздерінен, кітап жазудағы мақсаты
айқын аңғарылады.
Орыс тілін үйретудің алғашқы оқу құралы Қазақтарға орыс тілін
үйретудің алғашқы құралы 8 бөлімнен құралып, түсініктілігімен, орыс
грамматикасының негізгі ережелерін анық жеткізе білуімен ерекшеленеді.
Ғұламаның қаламынан шыққан бұдан басқа Орынбр ведомствасы қазақтарының
құда түсу, той жасау әдет ғұрпының- очеркі, Орынбор ведомствасы
қазақтарының кісі жерлеу және ас беру рәсімдерінің очеркі, Иператорлық
орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімі жазбалары атты еңбнетнрң
баршылық.
Бар ғұмырын ағартушылық- педагоктік жолға арнаған Ыбырайдың Қазақ
хрестоматиясы еңбегіне ерекше тоқталғым келеді.
Оқулықты жазудағы автордың мақсатын Бұл кітапты құрастырған да мен
біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз
кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу
кітабы бола алу жағын көздедім, екіншіден, бұл кітапта келтірілген
әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздедім деп өзі жазып кеткен
сөздерінен айқын аңғарамыз. Яғни автор өзінің ағартушылық жолындағы
қиыншылықтың бірі оқулықтың жоқты екендігін танып, тығырықтан шығар жолды
тапты, жәнеде оқулықты жазу барысында жазушы халықтың сана сезімі, ойлау
қабілеті, тарихи жағдайларын қырағылықпен байқап. Ескере отырып жазды.
Мәселенки мысал әңгімелерді аудакрған қалпында оқулыққа енгізбей, қатаң
тұрмыста өске қазақ балаларының деңгейіне, санасына, олардың ата-аналарының
санасына, өмірлік көзқарасына сай мәнді әңгіме негізінде енгізді. Қазақ
хрестоматиясы оқулығынан Ыбырайдың әдебиетті қоғамдық құбылыс ретінде
танып, қадірлейтінін және ағартушылық ой- тұжырымдарын, қоғамның шынайы
айнасын, айтпақшы идея, озық ойларының ұшқынын көреміз.
Жалпы біздер Ыбырай еңбегі жайлы сөз еткенде ауыр жүк арқалап,
феодалдық ескішілдік ұғымдағы қараңғылығы басым топтың ортасында өмір сүріп
оқырман санасыан орын алап, көңіл кілтін ашатындай еңбек жазып, жүрегіне
ұялау, жаңа өмір жетістіктерін жастар түйсігіне жеткізу оңай міндет болмады
десек, оқулығы жайлы сөз еткенде де осы жайттарды көкйде тоқыған жөн.
Өмірде әкімшілдік жолды емес, ағартушылық жолды таңдап алған
Ы.Алтыцнсариннің білім және тәрбие беру мақсаттары өмір талабынан туып
қазақ халқының жалпы мұң мұқтажымен астарласып жатыр. Ыбырайдың
педагогикалық мұраты балаларға Жан-жақты және кең еөлемде білім беру.
Ол оқыту процесінде:
1.Білім беру мен тәрбиелеуде мұғалімнің ролін Мұғалім балалармен
істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалм шәкірттерді
кіәламай, олардың көкейіне қорндыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс
деп баға беріп, ұстаз шоқтыцғынң биіктігін айтады.
2. Оқу матеиалдық базасының шешуші маңызын атап көрсетті.
3. Оқулықтарды таңдап ала білуге үлкен мән берді.
Инспектор ретінде тиісті оқулықтарды әуелі өзі оқып шығып, кейін қажет
деп тапса, мектепке пайдалануға ұсынып отырады. Ыбырай педпгогикалық
жұмыста барлық іс мұғалімнің әдіс тәсілінде, баламен тіл таба білуінде
екендігін атап көрсетіп барнлық уақытта оқытушы оқу бағдарламасмен
шектелмей, оларды кеңейте қолға түскен материалдармен толықтыра түсуді,
және түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керектігін талап етті. Осы орайда,
бастауыш мектептерде және екі клесты училищелерде сабақтың екі тілде жүруін
талап ете отырып, мысал өлеңдер, ертектер арқылы балаларды қызықтыра біліп,
орыс тілін меңгертуде грматикалық ережелерді теория жағынан ұсынбай ана
тілімен салыстыра ұсыну әдісін және де мысады күнделікті өмірмен, тұрмыспен
байланстыруды ұсынды.
Ағартушы мектепте балаларды оқытуда ланкестрлік әдіс қолданды. Ол
әдістің негізгі мазмұны сабақты жақсы оқитын жоғары кластың оқушылары
өзінен төменгі кластардың балаларын оқытады, мұңалімге жәрдемдеседі.
Ы.Алтынсариннің осы әдісі қазіргі кездегі оқу мен жазу арқылы сын
тұрңынынан ойлауды дамыту әдісімен сәл ұштасатын тәрізді. Топтарңа бөліп
оқытатын бұл әдісті Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою стратегиясында әр топ өз
іштерінде бір оқушы мұғалім болады да, қалған топ мүшелері оқушы болып
сауалдарын қойып ой бөліседі. Кезекпен топ оқушылары мұғалім рөлін атқарып
шығады. Бұл орайда мұғалімге қойылатын бес түрлі талапты оқушы орындап
отыруы қажет. Ол талаптар мыналар.
1.оқығанды қорытындылау,
2.текст бойынша сұрақ қойып оқушы жауабын алу.
3. басқа қатысушыларға түсініксіз жағдайларды түсіндіру.
4. келесі абзатста не болатынын түсіндіру
5. келесі абзтсты оқуды нұсқайды.
Осы стратегиядағы оқушыны мұғалім рөліне қою. Ыбырайдығ ланкестірлік
әдісімен бағыттас секілді.
Ұлы Ыбырай ұстаздың әдісінің бір ерекшелігі? Ол халықты
отырықшыландырып, жылы үйлер салдыру ісіне балаларды да қатыстыруға
талпынып, солар арқылы ата-аналарға күні салғандығы мәселенки, Қазақ
хрестоматиясында Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары деген
әңгімелерінде Ай, аға әкеме айтып, жылы ағаш үй салып алсаңызшы. Киіз үй
жаздың күні қанша жақсы болса, қыстың күні сонша жаман ғой. Суық киіз үйде
қыс күні бүрісіп алдығ отқа жылынса, арқаң тоңып отыцрып, не таза тамақ
ішуге болмайды -деп жеткізсе осы ойын. Кйіз үймен ағаш үй әңгімесінде де
жалғастырады. Бұл әңгімеде киіз үй мен жер үй айырмашылығы, қажеттігі,
пайдасы жайлы ой айтады. Сондай ақ Қыпшақ-Сейтқұл әңгімесінде де әғгіме
желісі отырықшылықты уағыздау, егіншілік кәсібін уағыздау идеясымен
жапсарлас өрбиді. Мұндай жазушы әдісіне көз жүгірте келе халық санасында
айтпақшы ойды жеткізу үшін пайдалануға тиімді әдіс екенін мойындаймыз.
Ғылым жайын, өнер білім құндылығын техника жетістігін дамыған елдің
жарқын болашағын оқырман санасына жеткізуде, ізгі, үлгілі істерге
тәрбиелеуде Ыбырайдың қолданған әдісін қарапайым тілде, көріп біліп жүрген
нәрселермен, қазақ балаларының ұғымымен астарласатын естіп айтып жүрген
қарапайым тілді пайдалану әдісі...Бұл тәсілі Бұл кім? Ананың сүюі т.б
туындыларында көрінеді,
Ы.Алтынсариннің кебір шығармалары басқа ғылым техника салаларында
қамтып жатады. Сондықтакн сабақ барысында бірнеше пәннен байланыстыра өтуге
болады. Мысалы Өнер білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды, Айшылық алыс
жерлерден., Көзді ашып жұмғанша., Жылдам хабар алғызды деп басталатын
Өнер білім бар жұрттар Өлеңінің алғашқы жолдарының өзі Қандай зат
бейнеленген? Не айтқысы келіп тұр деген оқушы қызығушылығын арттыратын
сауалға толы жұмбақты оймен басталып, еріксіз таң қалып Көрсем.білсем
деген талпынысты оятады. Бұл өлеңді тек психология, қазақ тілімен емес,
ғылым техника саласымен де байланыстырған.
Ы.Алтынсарин бірізділік және жүйелілік әдісін қолдап, өзінің іс
шараларын осы әдіс төңірегінде өрбітті. Оқу ісіндегі тұтастыққа мән берегн
ол, өзінің бір хатында Әрбір орыс тілін, жаратылыстану, жағрафия мен
тарихты оқыту, бір жүйеге, бір басшылыққа бағынуы керек. Оқыту ісінде жүйе
болмаса мұғалім бірден бір пәнді тұтас оқыта алмайды деп нақты дәлелді
сөзімен жазып кетті.
Ы.Алтынсарин өмір сүрген кезеңнің өзіндік талабы, өзіндік ерекшелігі
болса оқыту міселесі білім беру барысындағы талаптар да өзгеше.
Ы.Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімдіден үйрену, талпыну,
адамды силау үгіттеледі. Мысалы, Киіз үй мен ағаш үй, Бір уыс мақта,
Өнер білім бар жұрттар, Қыпшақ Сейітқұл.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің дегендей, жас өспірімдердің
басында кездемсетін түрлі жаман мінездерді отбасындағы тәрбиемен терең
астастырады. Ыбырай Қазақ халқы азбаған халық, оның келешегі үшін оған тек
сана сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр,
-деп көрсетті.
1860-1862жж хаттарында ол қазақ халқының ұлтық ерекшелігі мен
мәдениетке талпынуы туралы былай деп жазды Қазақ халқы қарапайым, қулық
сұмдығы жоқ, бірақ сол қарапайыдылықтың өзінен көп жақсылық табамыз.
Олай болса, қазіргі кезеңде ұлттық қолданбалы өнердік көркемдік даму
ерекшеліктерін қайта жетілдіру аса маңызды.
Қазақстан Республикасындаңы білім беру жүйесі ұлттыцұ өнеріміздегі
мыңдаған жылдар бойы мол қазыналар, иедеялар мен бастамалар негізінде
құрылып, қазақ халқының мәдени және рухани дәстүрін, өнер мен шыңармашылық
күш ұуатын, әлемдік өркениет жасаған қазыналарды тұғыр етуі тиіс.
Сондықтан аталған проблемаларды жүзеге асырудың негізгі шарттары.
-білім беру мен мектептің ұлттық қайнарларын нығайту
-жеке адам мен қоғамның мәдени –эстетикалық мүделерін жүзег
асыруға бағытталған ағартушылық қызметтің жүйелілігі,
-мемлекеттік біріңғай бағдарламалар негізінде аталған проблема
бойнша аймақтық бағдарламалардың болуы, деп білеміз.
Олай болса ұлттық қолданбалы өнердің ұлттық ерекшеліктерін зерттеудің
зор маңызы бар.
Сол себепті де бүгінде ұлттың қолданбалы өнерді қалыптастыру міндеті
жаңаша қалыптасу керек.
Біріншіден, халқымыздың дәстүрлі ұлттық қол өнердің келешек ұрпақты
тәрбиелеудегі аса зор әсерін түсіндіру және оның даму тарихын жүйелі түрде
талдау.
Екіншіден. Халық өнерінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес оның жасалу,
орындалу және сақталуына ерекше назар аудару.(өйткені педагогикалық зерттеу
еңбектердің көбі осы қолданбалы ұлттық қол өнер тұрғысында ғана атап
өтіліп, тәрбиелік ерекше мақсаттары жете анықталмайды.
Сонымен мұғалім оқушыларға бір пәнді таныстырғанда олардың сол пәнді
бақылауына және бақылағандарын айтып біруге мүмкіндік жасайды, олардың
бақылағандарын көз алдына елестетуі қиялдауы және еске түсірулері ақырында
өз бағалағандарынан дұрыс қорытынды ой шығаруға әкеліп соқтырады.
Мектептік оқудың екінші шындық мақсаты да бірінші мақсатындай ерекше
маңызды мақсат, тіпті шынын айтсам, біріншіден де гөрі маңыздырақ. Осы
мақсатқа жету үшін ең алдымен бақылау, елестету және қиялдау үшін пәндерді
дұрыс іріктеп ала білу қажет әрине жексенбі сайын оқитын мектептердіе
тұрақты мектептердегі тәрізді ерекше назар аударылатын системалық пен
толықтылықты талап ету орынсыз болған болар еді. Бірақ жексенбі сайын
оқитын мектептің оқушылырының шын мағынасындағы әрекеті, ынталы зейілі бір
жұманың ішінде өтетінді бір сағатқа сиғызады. Оқудың мерзімі қаншалықты
қысқа болған сайын және оқушылар зейілін қатты аударған сайын мұғалым сол
уақытты мен зейлді соншалықты бағалай біліп отыруы тиіс, сондықтан да ол
ақыл ой жаттығулары үшін қажетті пәндерді өте сақтылықпен айқындылықпен
іріктеп ала білуге міндетті болады.
Мектеп оқытушылары уақытты мүмкіндігінше ұту жайында алдын ала келісіп
алғаннан кейін, ол өзінің сабағын созып жібермеу үшін оқушыларға жыл бойына
әңгімелейтін өзінің пәнін күні бұрын анықтап және ең керектісін іріктеп
алуға міндетті. Бұл іріктеліп алынғандар жоспар етіп жазылып, мектеп
басқарушысы бекітуі керек, міне, осыны өзінің жексенбі күнінің бірнеше
сағатын мектепке арнағысы келген әрбір жаңа мұғалімдерге ұсынамыз, әрбір
жаңа мұғалім осы мен бірдемені ұмытып кеткен жоқ па екемін деп пәндерді
өзінің жолдастарына таныстырып, сынатып алу мүмкіншілігінен еш уақытта
қашпауы керек, сондықтан да алдан ала осылайша анықтап алушылық
жексембілік мектептерге көптеген өзінің пайдасын тигізеді., біріншіден, ол
әрбір мұғалімді сабақты дайындауға және сабақ бермей тұрып, өзінің күшін
алдан ала сынап алуға мәжбүр етеді, өйткені, бұл тұрақты мектептен гөрі
жексембілік мектептерге ерекше қажетті, екіншіден, бұл әртүрлі
мұғалімдердің ісін бір жерге жинақтап оқытудың әсерін мейлінше күшейтеді,
үшіншіден, уақытты үнемдейді, төртіншіден, оқытушыға өзінің өткен жолдарын
шолып шығуға және алда жатқандарын аңғаруға мүмкіндік жасайды
Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейінгі кезеңде орыс революцияшыл
демократтарының мұралары кеңінен тарап ағартушылық және прогрестік идеялар
қазақ халқының қоғамдық ойына шешуші ықпал жасай бастады. Аса көрнекті
ойшылдар Шоқан, Абай, Ыбырай орыс халқының мәдени жетістіктерін ойы мен
сезімін білдіруші Ресейдің революцияшыл демокракттарының озық идеяларын өз
бойына сіңірумен ғана шектеліп қалған жоқ, сонымен бірге бұл озық идеяларды
қазақ еңбекшілерінің қалың бұқарасына толығынан жеткізуге ұмтылды.
Ресеймен етене араласудың нәтижесінде ағартушылық идеясы кең тарай
бастады. Орыс революцияшыл демократтарының тікелей әсерімен ағартушылық
идеясы аса маңызды қоғамдық идеяға айналды. Осының нәтижесінде қалыптасқан
әлуметтік–философиялық озық ойлар ескі қоғамның қарама-қайшылықтарын
шешуге, сөйтіп, рухани байлықтар мен адамгершілік принциптер жүйесін қайта
қарауға, қоғамдық процеске ұмтылды. Сөйтіп, жақсы мен жаман, қайрымдылық
пен зұлымдық, әсемдік пен ұсқынсыздық сияқты адамгершілік категорияларына
да ағартушылық идея тұрғысынан баға беріле бастады.
Көрнекті ойшылдар қазақ қоғамының қарама-қайшылықтардан, экономикалық
әлеуметтік және рухани мешеуліктен шығудың бірден бір жолы қалың бұқараға
жалпыға бірдей білім беру деп санады. Олар ағарту мекемелері мен білімді
адамдар қатарын көбейту арқылы прогреске жетуді армандады, сөйтіп, ағарту,
халыққа білім беру ісі тек озық Россиядан келетін, орыс тілі арқылы ғана
мүмкін болатынын айқын аңғарды. Біліммен сусындаған адам ғана халық басына
түскен қайғы қасіреттің түп төркінін дұрыс түсініп, одан құтылудың дұрыс
жолын көрсете алады деп санады. Тек оқу ғана емес, сонымен бірге табанды
еңбек ету де керек деп түйді олар өз ойларын.
Ағартушылар қоғамдық дамудағы еңбектің ролін терең түсіне отырып
қоғамның әрбір мүшесі адамдардың игілігі үшін табанды да адал еңбек етуі
тиіс деп есептеді. Әсіресе Ыбырай мен Абай еңбекті адамгершілік парасатының
көрінісі ретінде бағалады. Олар өз өлеңдерінде еңбекті, еңбек адамын
дәріптеп, арамтамақтықты, бойкүйездікті қатты шенеді.
Жоғарыда айтқанымыздай, аса көрнекті ағартушыларымыз прогрестік идеяны
насихаттады. Ал прогрестік бұл идея ағартушылардың қоғам мүшесінің
адамгершілік-интелектілік жағынан жан-жақты жетілуін ғана емес, сонымен
бірге қоғамның эканомикасын, шаруашылығын, тұрмысы мен мәдениетін дамытуды
көздеген олардың пайымдауларынан, ой тұжырымдарынан да айқын көрініс
табады.
Ал патриярхтық-рулық өмір салтын жақтаушылар прогрес атаулының бәріне,
жаңа эканомикалық құбылыстарға, право тәртібіне, мәдениеттегі, тұрмыстағы
және басқа саладағы өзгерістерге қарсы шықты. Олар халықтың өткендегі
өмірін, оның әлдеқашан тозығы жеткен формаларын, ескі-әдет ғұрыптарды
барынша дәріптеп бақты.
Қазақтың-ағартушы демократтары, жоғарыда атап көрсетілгендей, қоғамдық
прогреске мүлде басқаша қарады. Ол Қазақстанның Россияға қосылуының
прогрестік сипатын айқын сезінді. Сондықтан да Абай Орысша оқу керек,
хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да- бәрі де орыста зор... Сен оның тілін
білсең, көкірек-көзің ашылады...Орыстың ғылымы, өнері- дүниенің кіліті...
деп жазды. Ш Уәлиханов та халық игілігі, оның ізгі мақсаттары жолында
қызмет етті. [11]
Ы. Алтынсариннің қазақ ауылын прогрестік жағынан қайта құру жөніндегі
кейбір тұжырымдары Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, орыс шаруа
қауымы туралы ойларымен, қағидаларымен үндесіп жатады. Отырықшылық пен
егіншілік қазақтар үшін прогрестік құбылыстардың бірі болып табылады деп
санады ол. Сонымен бірге ол қоғамдық прогресті обективті табиғи құбылыс
ретінде қарастырды. Ы.Алтынсарин қазақ қоғамы табиғи дамып отырып
шаруашылықтың ескі формаларынан қоғамдық дамудың жолдары сатысына заңды
түрде өтетіндігі жөнінде пікір айтқан еді. Оның бұл ойлары Добролюбовтың
тұжырымдамаларымен үндесіп жатты.
Ыбырайдың отырықшылық пен егіншілікке көшу жөніндегі идеясы- орыс
революцияшыл демократтары ықпалының нәтижесі. Мәселен, Добролюбов қоғамдық
өмір заңды дамып отыратын прогресті, оқиғалардың табиғи жанды байланысын
көрсетеді, өткеннің, қазіргі мен болашақтың арасында ажырағысыз сабақтастық
бар деп санайды.
Абай шығармаларында табиғаттың, қоғам дамуының көптеген құбылыстары,
сондай-ақ прогресс проблемасы философиялық ой елегінен өткізіледі.
...Дүние бір жерде тұрмайды...адамның қуаты, өмірі өзгермей бір қалыпты
тұрмайды...деп жазды ол.
Қазақ ағартушылары бұрын мешеу қалаған халықтар неғұрлым дамыған
елдердің, ең алдымен Ресейдің шаруашылық жүргізу мен мәдениетінің озық
тәжірибесін үйрену арқылы прогреске жететіндігін көре білді. Олар
шаруашылықтың екі формасы- көшпелі мал шаруашылығы өмір талаптарына енді
сай келмейтіндігін айқын түсініп, қазақтардың егіншілікке, отырықшылыққа
ұтылуы заңды құбылыс деп санады.
Қазақ ағартушылары халықтың әлуметтік прогреске жететіндігіне берік
сенді. Бірақ олар да марксизімге дейінгі өзге озық демократияшыл ойшылдар
тәрізді қоғамдық прогрестің негізгі материялыдқ игіліктерді өндіру
әдістерін дамыту екендігін түсіне алмады. Әрине, олардың адамзаттың бірн
формациядан екінші формацияға өтуі жөнінде де ғылыми түсінігі болған емес.
Сөйтсе де олар бұқараны шаруашылықты жүргізудің, тұрмыстық жаңа формаларын,
білімді, цивилизация жетістіктерін игеруге шақырды, еңбек адамдарының
мүддесін қорғай отырып, Қазақстанның әлеуметтік эканомикалық мәдени
прогреске жетуін көздеді.
Туған халықтың тағдыры революциялық- демократиялық Россиямен
байланысты екендігін қазақтың озық ойшылдаарын айқын көре білді. Олар орыс
халқының соңынан еру оның озық мәдениетіне қол арту қазақ қоғамын
материялдық және рухани жағынан дамытудың ең маңызды шарты екендігін
бірінші болып түсінді. Сөйтіп Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің,
А.Құнанбаевтің халық даналығын үздік үлгілеріне сүйенген, орыс ағартушылары
мен революцияшыл-демократтарының озық идеяларына нәр алаған идеялық
теориялық мұрасы қазақтың прогрестік қоғамдық ойының қалыптасуы мен
дамуында екі рол атқарды.
Қазақтардың өзіміз сөз етіп отырған 19 ғасырдағы қоғамдық ойында
прогрестік және кертартпалық екі бағыт болды. Оның прогрестік жағы
патриярхтық-феодалдық құрылыстың тозфығы жеткен ескі тәртіпті кертартпа
әдет- ғұрыптар мен дәстүрлерді жақтаушыларға қарсы кескілескен идеологиялық
күресте дамып өзіне жол салды. Қазақтың қоғамдық ойының прогрестік бағыты
халық даналығының үздік дәстүрлеріне сүйеніп ілгеріде айтылған орыстың озық
мәдениетінен үлгі алып отырды. Бұл бағыт өзінің қоғамдық мәніне қарай екі
ағымға бөлінді: бірінші ағым өкілдеріне демократиялық көзқарасы стихиялы
түрде еңбек адамдарының мүддесін қорғау барысында қалыптасты. Оған талантты
ақындар мен компазиторлар Махамбет Өтемісов, Сүйінбай Аронұлы, Құрманғазы
Сағырбаев, Біржан Қожағұлов творчествасы жатады. Ал екінші ағым өкілдері
орыстың аса көрнекті философ- материялистері идеяларының ықпалымен, әрі сол
кездегі қоғамдық- саяси жағдайды сын көзбен талдаудың нәтижесінде ағартушы
демократтар болып қалыптасты. Бұлардың қатарында Шоқан Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев болды. Олар кертартпа ойшылдардың (Шортанбай,
Дулат,Мұрат) көзқарастарына қарама қарсы Қазақстанның Россияға өз еркімен
қосылуы нәтижесінде болған өндіргіш күштердің, қолөнердің дамуын,
егіншіліктің ұлғаюын қолдады.
Қазақ халқын озық ойлы Россияға қарай стихиялы түрде талпыну, оның
орыс еңбекшілермен достыққа ұмтылуы қаналған, езілген кедейлердің ой-
арманын білдіруші білдіруші халық ақын- жазушыларымен ағартушы демократтар
творчествосының идеялдық мазұнына да ықпалын тигізді. Мұны нағыз озық
ойшылдардың қарапайым еңбекшілер санасында стихиялы көрінген демократиялық
тенденсиялармен іліп әкеліп дамытқаннан да айқын аңғаруға болады. Осы өз
еркімен қосылудың нәтижесінде Қазақстан мен Ресейдің философиялық және
қоғамдық саяси ой пікірі арасындағы идеялық байланыс та нығая түсті.
Әртүрлі ұлттар бір мемлекеттің ішінде тұрған кезде- деп атап көрсетті
В.И.Ленин- оларды эканомикалық праволық және тұрмыстық сипаты бар
милиондаған және милиярдтаған арқаулар байланыстырып отырады Қазақтың озық
ойшылдарының көзқарастары мен ұлы орыс революцияшыл демократтарының
философиялық идеялары арасында көптеген ұқсастықтар бар. Бірақ біз
Қазақстан мен Ресейдің қоғамдық-философиялық ой пікірі байланысының нығаюын
көрсету үшін әуелі идея категриясының логикалы табиғатын, әлеуметтік
мазмұны мен ролін қысқаша түсіндіріп, оны талдау негізінде прогрестік
идеялардың сабақтастығы туралы тұжырым жасағымыз келеді.
Идея категориясы ғылыми материалистік тұрғыдан тұңғыш рет маркстік
филосфияда негізелді. Идея дегеніміз қарапайым ұғым ғана емес, сонымен
бірге жалпы түсінік. К.Маркс идея категориясын қоғамдық прогрестің
бағытын білдіретін нақты- жалпы ұғым, рухани тұтастық ретінде қарастырды.
Ол идеяны болашақтың бейнесі ретінде өмір шындығының рухани (логикалық)
формасы ретінде түсіндірді.
Қандайда бір өте-мөте маңызды идеяда әлеуметтік қажеттілікті білдіре
отырып, белгілі бір тарихи дәуірде пайда болады. Бұл идеялар қоғамдық
болмыстың жемісі, нақты өмір шындығының көрінісі болып табылады.
Қазақстаннның Россияға өз еркімен қосылуына байланысты жаңа идеялар мен
соны теориялық ұғымдардың, қоғамдық прогресшіл олардың мейлінше дамуы үшін
қажетті материялдық алғы шарттар пайдаланды.
Қазақ елі үшін перзенттеріне ақ адалдығын айғақтап, терең
сүйіспеншілігін сездірді! Қазақ жері қашанда дарабоз дарындарға, тамаша
таланттарға кенде болмаған.
Саңлақтар қатарына ілінбесе де Ыбырай атамыз қазақ тарихындағы өз
орнында. Ардақтарымызды бәйгеге қосып, сарапқа саларда мына өлшемдер
басшылыққа алынған деп жорамалдаймыз:
- елі үшін атқарған қызметі, оның мән-маңызы, ауқымы;
- мұрасының құндылығы, өміршеңдігі;
- халық зердесіндегі орны, кейінгі ұрпақтардан алған бағасы, мұрасының
зерттелу, танылу дәрежесі.
- әлемдік өредегі орны ...
Қалай таразыласақ та Ыбырай Алтынсариннің даралығы анық жұлдызы жарық
екендігі әмбеге аян. Бірліктің өркениеттің алтын діңгегі – Білім әлеміне
қазақ сахарасында тыңнан жол салып ұстаздардың ұстазы атанды.
Қазақтың аса көрнекті ағартушысы педагогы Ы. Алтынсарин Қостанай
өңіріне белгілі атақты Балғожа бидің отбасында тәрбиеленді, 9жасында 1850
ж. Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға
түсіп сондағы шекара комиссиясында қызмет істегені белгілі.
Кейіннен дүние жүзі әдебиеті классиктері В. Шекспир, М. Гете, А.
Пушкин, Ә. Фирдауси, Г. Низами шығармаларын өздігінен оқып білім алды.
Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері
Я.А. Каминский, Ж.Ж. Руссо, К.Д Ушинский, Л.Н. Толстой т.б гуманистік
идеяларын басшылыққа ала отырып, оларды қазақ даласына мектеп өміріне
енгізген тұңғыш педагог болды.
Қазақ көгіндегі жарық жұлдыздарымыздың бірінен саналатын Ы. Алтынсарин
есімі уақыт озған сайын даралана, айқындала түсіп кім-кімге де ерекше жақын
ыстық естіледі.
Әлеуметтік саяси, мәдени тұрғыдан мешеу қалған қазақ даласына жаңа
леп, тың серпін әкелген, сол жолда бар білімін, күш жігерін сарп еткен ұлы
ағартушының өмірі мен қызметі кейінгі ұрпақтарға асыл мұра, өшпес өнеге.
Аяулы азамат халқымыздың бір туар перзенті Ы. Алтынсариннің аузынан
шыққан: Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу, -
әрқайсысымыздың міндетіміз - деген ұлағатты сездерi бүгiнде әркiмнiң
өiрлiк қандасынна айналды.
Өзi өмiр сүрген кезеңде, туған халқы үшiн аса қажеттi де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мюнстенберг әдістемесі
Бала тәрбиесіндегі халықтық салт- дәстүрдегі тәрбиенің маңызы
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР туралы
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың әдістемесі
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Отбасы – отанымыздың ошағы
Тіл дамыту жұмысының баланың ақыл ойының дамуына әсері
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Пәндер