Алтынсариннің педагогикалық идеялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

І Тарау. БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУДЕ ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Алтынсариннің педагогикалық идеялары
1.2 Ы. Алтынсариннің оқулықтары мен әдістемелік жүйесі және оқытудың
өзекті мәселелері.

ІІ. Тарау. Ы.Алтынсарин шығармаларынДАҒЫ ЕҢБЕК МӘСЕЛЕСІ
2.1 Ы.Алтынсарин шығармаларының балаларды еңбекке тәрбиелеудегі орны
2.2 Қазақ ұлттық мәдениетіндегі туындыларының алатын орны

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Білім беру саласындағы өзгерістер, жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін
ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық ерекшелікті ескеру, даралап, саралап
оқыту бүгінгі буынның басты мәселесіне айналуда. Осы тұрғыдан алғанда,
осыдан бір жарым ғасыр бұрын қазақ сахарасында мәдениет пен оқыу ағартудың
туын көтерген, халыққа қажетті бар байлық, бақыт та, жақсылық та біліммен
келетінін насихаттаған, ғылыми еңбегімен де, мектеп ашу, оқулық жазу,
мұғалім даярлау сияқты табанды істерімен де үлгі-өнеге көрсеткен Ыбырай
Алтынсариннің педагогикалық мұраларының маңызы ерекше. Ә.Сыдықов
Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары және ағартушылық қызметі атты
еңбегінде Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептердің жүйесін, оқу-тәрбие ісінің
мазмұнын саралай келе, оқытудың ағартушы ұстаз ұсынған дидактикалық
принциптерін: Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесі халық ағарту саласында
аса зор, пайдалы рөл атқарады, оның көптеген қағидалары осы күнге дейін өз
мәнін жойған жоқ. Оның ілімі өз алдына дербес, тұтас бір пелагогикалық жүйе
болып табылады.Онда адал көңілден шыққан сын да, жаңашыл бастаманы қолдау
да, өзіндік ой-пікірді орынды айта білу де бар деп түйіндейді.Сол
заманның өзінде дәл бүгінгідей қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп
таныған Ы.Алтынсарин өз ойын іске асыруда көптеген кедергілерге кездесе
отырып, табандылықпен және білген, өмірінің соңғы сәтіне дейін өз мақсатын
берік ұстанған. қазақ халқы деген-оқу-білімге сусап отырған халық, әттең
бұл іске оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде күйінесің.Бұл
жағынан алып қарағанда, кейде жылы сөзге ынтазар жетім бала сияқтымыз.
Қандай қиыншылықтарға кездессекте, біз әйтеуір өз ойымызды орындап келеміз
дейді Н.И. Ильминскийге жазған хатында. Оның халықтан қаражат жинап, мектеп
ашуы, инспекторлық қызмет атқара жүріп, мектептер санын көбейтуі, оқулық,
әдістемелер жазып таратуы- қазақтарға осы дарынды, ақылы мол халыққа
қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт
беру-қалай дегенмен аса қажет болып отыр пікірінің іс жүзіндегі көрінісі.
Сол кездегі мектептердің басты мақсаты етіп баланың жеке басының ақыл-ойын
өсіру үшін,мінез-құлқын жетілдіру үшін нақтылы білім беру керекдегенді
қояды. Бұл ойы қазіргі оқу мен тәрбиенің бірлігі, жан-жақты білім беру
мәселесі жөнінде бүгінгі күнмен де сабақтасып жатқандай. Ол оқыту процесін
ұйымдастыруда:
1)мұғалімнің ролі, 2)оқу-материялдық базаның шешуші маңызы,
3)оқулықтарды қазақ мектептеріне пайдалану үшін жарамдылығы жағынан үқыпты
тексеріп отырудың қажеттілігі мәселесіне ерекше ден қояды. Мұғалімдердің
білім көтеру үшін мектеп кітапхпнасынан педагогика-әдістемелік кітаптарды,
әдеби кітаптарды алу үшін қаражат бөлген. Жақсы білім беру керек, қалай
болса солай оқуға болмайды. Оқытатын кітаптар ғылымға енгізілуі тиіс деп,
қалай оқыту, не үшін оқыту керектігін жонінде педагогикалық таңдаулар
жасаған.
Қазіргі кіріктіре оқыту (интеграция) әдісін Ыбырай өз тәжірбиесінде
қолданған байқауға болады. Ол христаматия оқулығына жаратылыстану,
физика,химия, география ғылымдарынан, техника жаңалықтарынан түсінік бере
отырып, білімді жан жақты топтап беруді көздегенін айтады. А.А.Мазохин,
Ф.Д.Соколов, Т.Балғымбаевқа жазған хаттарында балаларға тиянақты білім
беруді өмірмен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде ақыл-
кеңестер береді. Өз іс-тәжірбиесінде дүние жүзі педагогикасының классиктері
Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушински т.б гуманистік идеяларын басшылыққа
алып, өзінше қолданып байытып отырған Ыбырай халықтық педагогиканы да ең
басты орынға қояды. Оқу-ағарту саласындағы еңбектерінде, өзінің төл
шығармаларында да халықтық негізді, дүниетанымды, салт-дәстүр,әдет-ғұрыпты,
ізгілік қасиеттерді арқау етеді.
Қазақ хрестоматиясында енген шығармаларында шәкірттерге ой
салатындай, еңбекке, әдептілікке мейі-рімділікке, ата-ананы қадірлеуге әдет-
ғұрып, салт-сананы сіңіруге білуге тәрбиеленетіндей ауыз әдебиеті үлгілерін
кіргізе отырып, оның тәрбиелік, білімдік-танымдық қасиеттеріне ерекше назар
аударған. Халықтың Жиренше, Ұлықпан хакім қара батыр сияқты қалаулы ұлдары
жайындағы әңгімелерін қосып, оларың елдің келешегін ойлаған тапқырлық,
әділдік т.б ізгі істерін үлгі етіп ұсынған.
Оқу – тәрбие жұмысында, оқу процесін ұйымдастыруда Ы.Алтынсаринің
ерекше назарда ұстанғаны-балаларға кәсіптік мамандық беру мәселесі. Қазақ
халқының экономикалық жағынан өсуі үшін мектептерді орнықтыру ретінде әлі
де көп тиянақтылық керек деген оймен экономикалық дамуына қажетті мамандар
әзірлеу ісінде тұңғыш бастама жасаған. Мұны қолөнер, ауыл шаруашылығы
мектебін ашуынан, жалпы білім беретін мектептерде ұл балаларға қосымша ағаш
шебері, ұсталық, қыз балаларға өрмек тоқу, киәм тоқу, киіз басу т.б.
кәсіптерге үйретуінен көреміз. Қазақ қыздарына арнап арнайы мектеп ашуының
өзі қазақ халқы өмірінде аса маңызды тарихи оқиға болды.

І Тарау. БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУДЕ ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Алтынсариннің педагогикалық идеялары

Ы.Алтынсарин мектептегі оқытуды, негізінен, ана тілінде жүргізді. Сол
кездегі белең алған жаттамалары оқуға қарсы шығып, олардың оқыту әдіс-
тәсілдерін сынға алды. Зерттеу еңбектерінде, бірінші сатыда-тіл дамыту,
екінші сатыда-әліппе бойынша оқыту, жазу, салыстыра оқыту, сыныптан тыс
оқыту сияқты жүйе бойынша оқыған шәкәрәттері кысқа мерзімде сауаттанып, тез
меңгергендігі айтылады. Орыс тілін меңгертуде аударма әдісін пайдаланып,
екі тілді де еркін сөйлеу, ойлау, сөзді үйретуден бастауында екен. Қазіргі
жаңа буын оқулығын өмірге енгізуде Қазақстан Республикасы Білім мазмұны
тұжырымдамасы бойынша базалық оқу жоспарындағы пәндердің рөлі қандай болмақ
дегенде, Қазақ тілі бүкіл әндерді игерудің негізі болуы керек, қазақ
тілін оқытуда, ең алдымен, тілді өзінің табиғатына қарай, қарым-қатынас
құралы ретінде таныту керек деген тұжырымдар жоғарыдағы ой-пікірлермен
үндеседі. Білім беру жүйесіндегі бүгінгі жаңаша бетбұрыс кезінде
Ы.Алтынсаринның педагогикалық идеялары, әдістемесіндегі көтерілген
мәселелер өзінің өміршеңдігін танытып отыр.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттан, білім беруді
демократияландыру мен ізгілендіру, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білімнің
дамытушылық сипаты, білімнің, ғылымның, өндірістің интеграциялануы,
оқушыларды кәсіптік бағдарлау т.б. ұстанымдар осыдан бір жарым ғасыр бұрын
халыққа қызмет еткен Ыбырай шығармашылығындағы көрініс тапқан,
педагогикалық көзқарасындағы ұсынған балаға еркіндік беру, жүрек жылуын
беруі мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, оқушы бойынан жақсы
қасиеттерді табу тәрізді ұстанымдар білім беруді дамытудың өзекті
мәселесіне айналуда. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда
оқытушы оларды кіналауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін
кіналауға тиіс. Ол балалар мен сөйлескенде,ашуланбай, жұмсақ
сөйлесуі,шыдамдылық көрсетуі керек деген ой-пікір бүгінде ұстаздардың ең
басты мәселесі. Ыбырай дәстүрі осылайша білім мазмұнын, оқыту әдістерін
жетілдіруде кең қанат жайып, молыға түсуде. Асыл қазнаға айналған мұралары
бүгінгі таңда оқу бағдарламалары мен оқулықтарға еніп, ана тілі, тарих, I
сыныптан Х сыныпқа дейінгі әдебиет сабақтарында сыныптан тыс жұмыстарда
таныстырылып келеді. Бүінгі күні маңызды мәселеге айналып отырған
отансүйгіштікке, халық дәстүрін қастерлеуге, еңбекке адамгершілікпен
салуатты өмір сүрге тәрбиелеуге қызмет етіп келеді. Халық педагогикасы
саласындағы оның тәлімгерлңк оймаржандарын оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда,
үлгі-өнегелі ретінде пайдалануда берері көп. Өз іс-тәжірибесіндегі V
сыныптағы әдебиетті тереңдете оқыту бағытында Ыбырай мұраларын оқыту
мәселесіне тоқтала кетейін.
Гимназия жағдайында қазақ тілімен әдебиетін төменгі сыныптан тереңдете
оқытуда тәлімгер ұстаз Қ.Бітібаеваның атаулы мектебі құрастырған
бағдарламасын тәжірибеден өткіздік. Бағдарламаның мақсаты әдебиетті
өміртану құралы ретінде міндеті басты орынға қою арқылы әдептілік,
имандылық, кішіпиілділік, шешендік, тапқырлық, батырлық, ойшылдық сияқты
халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіре отыра, өз ұлтын әдебиетін әлем
әдебиеті деңгейінде бағалай алатын түлғаны дамытуға бағытталған. Парасатты
педагог өз іс-әрекетімен дәлелдеп кеткен Мектеп әр шәкіртін қабілетін
дамытып, қамқоршы-жасампаз түлға тәрбиелеу міндетін атқаруы тиіс деген
идеясын жүзеге асырудың бірден-бір жолы осылайша әдебиетті оқыту барысында
өзінің тарихтағы орны мен мұраларын бүгінгі ұрпақтарға таныту аталмыш
бағдарлама бойынша төменгі жүйемен қараластырылуда.
V- сыныпта ағартушы ұстаздың алғашқы оқулық құрастырудағы еңбегіне
баса көңіл бөліп, Мейрімді бала әңгімесі талданады, новелла туралы ұғым
беріледі. Адамгершілік қасиеттің ішіндегі ең ғажабы мейрімділік екендігі,
қазіргі кездегі мейрім тапшылығын түйсініп саралай білуге үйренеді.
Өткен сыныптарда оқылған әңгіме өлең хаттар бойынша алған білім,
біліктілігін жинақтай отырып, ірі блокты сабақ ретінде өтіздік. Ондағы
мақсат: Ыбырайдың қазақ қоғамын дамытуда педагогтік-ағартушылық, жазушылық
өмірінің маңызын ашу, шығармаларының идеялық мәнін талдау арқылы
оқушылардың өзіндік көзқарасын, ойлау қызметін, іскерлік дағдысын,
шығармашылық ізденісін дамыту Ыбырай мұраларын жүйелеу арқылы адамгершілік
асыл мұраттарды дарыту, өзін-өзі тәрбиелеуге, тануына ықпал ету.
Сабақ төмендегіше жүйеленді:
1.Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы (семинар сабақ);
2.Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны (көзқарас
сабағы );
3. Егер мұғалім болсаң...(іскерлік ойын сабағы).
Келесі көзқарас (пікір алмасу) сабағында оқушыларға: Кім? Қашан,
қалай өмір сүрді? Кім не үшін қызмет етті? Қалай? Құралы қандай? Арманына
жетті ме? Болашағы бар ма? деген сұрақтар жүйесі Тұлғаны қоғам
қалыптастырды, деген ойтүрткі сөз ұсынылады. Осы жүйе бойнша оқушылыр топ
болып пікір таластырады, өз көз қарасын қалауы өз таңдауы бойынша
шығармалары деректер т.б. пайдалана отырып қорғайды. Яғни, XIX ғасырдың
бірінші жартысындағы тарихи әлеуметтік жағдай, рухани, саяси санадағы
өзгеріс, әдебиеттегі өрлеу Шоқан, Ыбырай, Абай олардың қоғам орны жайлы ой
қозғайды. Ыбырай мұраларының өміршеңдігі оның мұраларының бүгінгі күнмен
өзектестігінде екенін, адам бар жерде оның тәрбиелік қызметінің болашақта
да жалғасын табатынын өздерінше дәлелдейді.
Іскерлік ойын сабағында сынып екі топқа бөлінді, әр топқа болашақта
мұғалім болғысы келетін оқушылар таңдалды. Олар шартты түрде Бүлдіршіндер
тобына және 3 сыныпта сабақ өткізу мүмкіндігіне ие болды.Олар алдындағы
балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бірін ойын түрінде, екіншісін
жинақтау-жарыс сабағы түрінде өткізіп, оларға сабақ соңынан сыныптастар
тарапынан пікір айтылып, талдау жасалады. Бұл сабақ арқылы оқушыларды
мамандыққа бейімдеу, шешендік өнерге баулу мақсаты да іске асты. Мұндай
сабақтардың тиімділігі, нәтижесі қорытынды сынақ сабақтары мен жазба
жұмыстарында байқалды.Тақырыптық шығармамен қатар Мен сізге бас иемін,
Болашаққа хат атты хат немесе ой толғау түрінде шығармашылық жұмыс
берілген болатын.Соның бірінде оқушы былайша толғанады; Ыбырай ата! Сіз
артыңызда өшпес із, алдыңызда мәңгілік жол қалдырдыңыз... Мен сізді көз
алдыма өзен арнасы деп, ал шәкірттеріңізді, яғни, бізді сол арнамен аққан
суға балаймын. Сіз – мен үшін бәйтерексіз, біз-сол бәйтеректің жапырағымыз.
Талай бүлдіршіннің білімге деген қиялды арманын шындыққа шығардыңыз, оларға
жаңа өмір есігін аштыңыз... XXI ғасырдың табалдырығын аттаған болашақ
шәкірттеріңіз де сізге бас иеді, сіздің еңбектеріңізді жалғастырады.Сіздің
асқақтаған арманыңыз қазақ даласында ұран боп, қазақ халқының ұмтылмас асыл
мұрасы боп сақталып қала бермек.
Ыбырай ата! Біз сіздің болашақтан күткен үмітіңізді ақтаудамыз. Күзгі
салқынмен келетін алғашқы қоңырау үнін асыға күтеміз. Онда Ыбырай
Алтынсарин деген есім міндетті түрде салтаннатпен аталады, Ата, мен сіздің
асыл бейнеңіз алдында ұмытылас еңбегіңізге бас иемін!.
Осылайша Ыбырай мұрасын ұрпақтан –ұрпаққа жеткізу, өнегесін үлгі етіп,
үйрете беру ұзтаздар еңбегінің бір қыры болуға тиіс. Ал педагогикалық
идеяларын ұстаздар арасында насихаттау, бүгінгі күн талабына сай оқу мен
тәрбиенің бірлігін сақтай отырып, саралай білу, ілгері дамыту-бәріміздің
ортақ іс, қасиетті борышымыз.
Баршамызға бастауыш сыныптардан етене таныс, әрі ыстық Кел, балалар,
оқылық – Қазақ хрестоматиясының беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан
астам уақыт өтсе де жас жеткіншіктерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің
маңызы, бір кезде Ыбырай атамыз армандаған өнер-білімі бар жұртқа –
терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі
заманда да еш төменделген емес, қайта бүлдіршіндерді білім бағына шақыра
бермек.
Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның
қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы.
Қазақ хрестоматиясы енген алуан жанрдағы шығармалар мұның айқын
дәлелі. Ыбырай атамыздың әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі
талаптардың барлығы да, атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен
құрылысының қарапайымдылығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы,
тәрбиелік-танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына
сай мінез, әрекет, ой-қиялдың табиғи, шыныға ашылуы, тағы басқалар толық
көрінеді.
Ыбырай Алтынсарин оқулықты құрастырғанда;
1.Осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың
орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы
бола алу жағын көздейді.
2.Бұл кітапта енгізген әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтар бола
тұрса да, әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздеген.
Бұл хрестоматия екі кітап болып шығарылды. Бірінші кітаптағы мақалалар
4 тарауға бөлінді;
1.Балалар өмірінен алынған әңгімелер, мысалдар мен халық әдебиеті,
балалардың хаттары.
2. Әр түрлі жастағы адамдардың өмірінен алынған әңгімелер.
3. Ең жақсы қазақ ақындарының өлең жырларынан үзінді.
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Екінші кітапта қазақтың төл әңгіме, аңыздарынан басқа, табиғат тарихы
мен жалпы тарих жөнінен, география өндіріс техникасы жөнінен және кеңсе
ісін жүргізу үлгілері бар.
Кітаптағы кейбір материалдарды бөлімдерге бөлу, жүйелеуде ағартушы
шығармасының мектепте оқыту ерекшеліктеріне байланысты бірсыпыра өзгерістер
енгізу орынды деп табылды. Мәселен Ыбырай атамыздың әңгімелері кітапта төл
әңгімелер, аударма сипатты әңгімелер деп жеке екі бөлімге бөліп берілді.
Ал, кейіннен кітапты 6 бөлімге бөлді.
1.Өлеңдері және И.А.Крыловтан аударған 3 мысалы.
2. Төл әңгімелері немесе төл туындылары.
3. Аударма сипатты әңгімелері.
4. Ауыз әдебиеті үлгілерінен жинағандары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
ертегілер, аңыз-әңгімелер.
5.Оқу ағарту мәселелері жайында жазбалары.
6. Хаттар.Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге, Соколовка т.б. Бұл
Ыбырай атамыздың шығармасын кеңінен алып, сөз еткен моногрфиялық зерттеу
жүргізгендер (Қ.Жұмалиев, Ә.Дербісалин ) еңбектері.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларын оқытуда алдына жоспар қойды.
1-сынып.
1 бұл жұмысты балалар менің оқу құралым
бойынша хат танығаннан кейін бастау.
2 таза жазуға үйрету және орыстың жеңіл
жазылған хрестоматияларын оқыту, білмеген орыс сөздерін жазып алу,
жаттау.
3 менің оқу-құралымды өткеннен кейін қазақ хрестоматиясын және онымен
қатар Водовозотың орыс хрестоматиясын оқыту, түсіндіру, қазақшаға аудару.
4 Кубиктер және счеттар арқылы есеп үйрету.
2-ші сынып.
1. Оқыған жерлерін түсіндіре отырып және
граматтикасын талдай отырып, орыс тілінен қазақ тіліне аударту.
2. Тарих
3.Жағрапия және табиғат құбылыстары.
4.Есеп бөлшекке дейін
Соңғы жылы жазба түрінде іс жүргізу жайын жаздыру және оқыту. Осылай
өз жұмысын алға бастыру үшін Ыбырай атамыз 1879 жылы өзі ашқан орыс-қазақ
мектептеріне арнап гуманистік көзқарастан Қазақ хрестоматиясы және
қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы атты екі оқулығын бпстырып
шығарады. Ы.Алтынсарин діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді
насихаттауға бейімдеу керек деп қарады. Осы мақсатпен 1883 жылы өзінің
Мұсылмандық тұтқасы атты оқу құралын жазып, Қазан қаласында араб әрпімен
бастырып шығарды.
Қорыта келгенде, ұлыларды заман туғызады деп Гете айтқандай, ағарту
саласындағы ірі қайраткері Ы.Алтынсариннің ағартушылық-идеялық шеберлігі
заман талабынан құбылыс деп қарауға тура келеді.Ұлы тұлғалардың қоғам,
халық алдында еккен ерен еңбегі еш уақытта ұмытылмайтыны, келер ұрпақ
жүрегінен зор мақтаныш сезіммен мәңгі орын алары сөзсіз.
Жас жеткіншіктерді тәрбиелей отырып, олардың бүгінгі өмір талабына сай
өнерлі, жан-жақты, ақылды ізденгіш, Отанын сүйгіш болып өсулеріне ұлы
кісілердің өмір жолы дасабақ болады деп есептейміз.
Өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, рухани
дүниесі бай, жан-жақты жетілген азамат болып өсуіне қазіргі кезде қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің қосары мол.
Осы пәнді оқи жүріп, бала жүрегі жаны жайсаң жақсыларға елжіреп,
өмірге өзі бас иген адамға алға қойған мақсатының төрінен орын дайындайды
да, аңқылдаған алаңсыз көңіліне көлеңке түсірген келеңсіз құбылыстардың
кейіпкерлеріне жирене қарайды. дөп басып білу, оның өмірге құмарлығының
негізгі арқауын табу. Қазір біз орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті
сабағынан дәріс бере жүріп, Ы.Алтынсариннің еңбектерінің құндылығын
көреміз. Ыбырай атамыздың қай әңгімесін алсаңыз да, өлеңдерін, мақал-
мәтелдерін оқысаңыз да, солардың бәрі тәрбиелік маңызы қазіргі таңда қажет
құралдар болып отыр. Алдымен, халық келер ұрпағын тәрбиелеуге өзіне
дейінгі жақсы дәстүр атаулыны жинап пайдаланғанын ескерер болсақ, барлық
демократиялық бағыттағы педагог- ғалымдардың көпшілікке ұсынған
тәжірибесінен ғибрат алу қажет болады.
Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап, онының мәдени
деңгейін ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеттері жөнінде де мүлтіксіз
баға беруге болады.
Қазіргі егеменді еліміздің мемлекеттік мәртебе алған тіліне құштарлық
дамыта түсу бағытында өз жұмысымды төрт бағытта жүргізуге тырысамын. Менің
мақсатым оқушыларды швғармашылық жұмысқа жетелей отырып, оларға мәдени,
әдеби сөйлеу білу нормаларын үйрету; сөздік қорын байыту үшін лексикалық
жұмыстар жүргізу; көркем сөйлеуге баулу шешендік сөздерді үйрету, өз ойын
ауызша-жазбаша баяндай білуге үйрету. Әдебиетте ғана емес тіл сабақтарының
өзінде халық педагогикасының негізін қалаған Ы.Алтынсариннің,
А.Байтұрсыновтың мұраларына көмекке жүгінсек, бүгінгі ұрпақ бойынан
жоғалтқанымызды табарымыз хақ.

1.2 Ы. Алтынсариннің оқулықтары мен әдістемелік жүйесі және оқытудың
өзекті мәселелері.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин- аса көрнекті
ағартушы, жазушы, ақын, этнограф, ғалым қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл
педагог дей келе, қазақ тіліндегі алғаш оқулықтың негізін қалаушы екенін,
мектеп табалдырығының алғашқы сатысынан- ақ бойымызға қалыптастырдық.
Ы.Алтынсариннің 1979жылы жарыққа шыққан Қазақ хрестоматиясы, Қазақтарға
орыс тілін үйретудің бастапқы құралы атты еңбектері қазіргі жылдан жылға
дамып, түрленіп, талайды білім нәрімен сусындатып жүрген оқулықтарымыздың
атасы, бастапқы кәусар бұлағы.
Екі мың тиражбен жарық көріп, Қазақстанға кеңінен тараған
К.Д.Ушинскидің Балалар әлемі және басқа да орыс классиктерінің
педагогикалық үлесінде жасалған Қазақ хрестоматиясы мынадай бөлімдерден
тұрады:
1. Тақпақтар. Балаларға арналған әңгіме, ертегілер, оқушылардың
туысқандарына хат жазу үлгілері
2. Үлкендерге арналған әңгімелер.
3. Ауыз әдебиетінің үлгілері
4. Мақал –мәтелдер
Түрлі қиындықтар мен өзгерістерге толы кезеңде жарық көрген оқулық
мақсаты ағартушы педагогтың: Бұл тұрғыда жазылып отырған алғашқы еңбек
ретінде хрестоматияның бәлкім кейбір кемшілік жақтар бар шығар, алайда бұл
кітап ізсіз қалмас, алғашқы оқу кітабы ретінде өзінің міндетін орындай-
алар деген үміттемін деп жазған автор сөздерінен, кітап жазудағы мақсаты
айқын аңғарылады.
Орыс тілін үйретудің алғашқы оқу құралы Қазақтарға орыс тілін
үйретудің алғашқы құралы 8 бөлімнен құралып, түсініктілігімен, орыс
грамматикасының негізгі ережелерін анық жеткізе білуімен ерекшеленеді.
Ғұламаның қаламынан шыққан бұдан басқа Орынбор ведомствасы қазақтарының
құда түсу, той жасау әдет ғұрпының-очеркі, Орынбор ведомствасы
қазақтарының кісі жерлеу және ас беру рәсімдерінің очеркі, Иператорлық
орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімі жазбалары атты еңбектері
баршылық.
Бар ғұмырын ағартушылық- педагоктік жолға арнаған Ыбырайдың Қазақ
хрестоматиясы еңбегіне ерекше тоқталғым келеді.
Оқулықты жазудағы автордың мақсатын Бұл кітапты құрастырған да мен
біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз
кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу
кітабы бола алу жағын көздедім, екіншіден, бұл кітапта келтірілген
әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздедім деп өзі жазып кеткен
сөздерінен айқын аңғарамыз. Яғни автор өзінің ағартушылық жолындағы
қиыншылықтың бірі оқулықтың жоқты екендігін танып, тығырықтан шығар жолды
тапты, жәнеде оқулықты жазу барысында жазушы халықтың сана сезімі, ойлау
қабілеті, тарихи жағдайларын қырағылықпен байқап. Ескере отырып жазды.
Мәселенки мысал әңгімелерді аударған қалпында оқулыққа енгізбей, қатаң
тұрмыста өске қазақ балаларының деңгейіне, санасына, олардың ата-аналарының
санасына, өмірлік көзқарасына сай мәнді әңгіме негізінде енгізді. Қазақ
хрестоматиясы оқулығынан Ыбырайдың әдебиетті қоғамдық құбылыс ретінде
танып, қадірлейтінін және ағартушылық ой- тұжырымдарын, қоғамның шынайы
айнасын, айтпақшы идея, озық ойларының ұшқынын көреміз.
Жалпы біздер Ыбырай еңбегі жайлы сөз еткенде ауыр жүк арқалап,
феодалдық ескішілдік ұғымдағы қараңғылығы басым топтың ортасында өмір сүріп
оқырман санасыан орын алап, көңіл кілтін ашатындай еңбек жазып, жүрегіне
ұялау, жаңа өмір жетістіктерін жастар түйсігіне жеткізу оңай міндет болмады
десек, оқулығы жайлы сөз еткенде де осы жайттарды көкйде тоқыған жөн.
Өмірде әкімшілдік жолды емес, ағартушылық жолды таңдап алған
Ы.Алтыцнсариннің білім және тәрбие беру мақсаттары өмір талабынан туып
қазақ халқының жалпы мұң мұқтажымен астарласып жатыр. Ыбырайдың
педагогикалық мұраты балаларға Жан-жақты және кең көлемде білім беру.
Ол оқыту процесінде:
1.Білім беру мен тәрбиелеуде мұғалімнің ролін Мұғалім балалармен
істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді
кіәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс
деп баға беріп, ұстаз шоқтығының биіктігін айтады.
2. Оқу матеиалдық базасының шешуші маңызын атап көрсетті.
3. Оқулықтарды таңдап ала білуге үлкен мән берді.
Инспектор ретінде тиісті оқулықтарды әуелі өзі оқып шығып, кейін қажет
деп тапса, мектепке пайдалануға ұсынып отырады. Ыбырай педагогикалық
жұмыста барлық іс мұғалімнің әдіс тәсілінде, баламен тіл таба білуінде
екендігін атап көрсетіп барлық уақытта оқытушы оқу бағдарламасмен
шектелмей, оларды кеңейте қолға түскен материалдармен толықтыра түсуді,
және түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керектігін талап етті. Осы орайда,
бастауыш мектептерде және екі класты училищелерде сабақтың екі тілде жүруін
талап ете отырып, мысал өлеңдер, ертектер арқылы балаларды қызықтыра біліп,
орыс тілін меңгертуде граматикалық ережелерді теория жағынан ұсынбай ана
тілімен салыстыра ұсыну әдісін және де мысалды күнделікті өмірмен,
тұрмыспен байланыстыруды ұсынды.
Ағартушы мектепте балаларды оқытуда ланкестрлік әдіс қолданды. Ол
әдістің негізгі мазмұны сабақты жақсы оқитын жоғары кластың оқушылары
өзінен төменгі кластардың балаларын оқытады, мұғалімге жәрдемдеседі.
Ы.Алтынсариннің осы әдісі қазіргі кездегі оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту әдісімен сәл ұштасатын тәрізді. Топтарға бөліп
оқытатын бұл әдісті Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою стратегиясында әр топ өз
іштерінде бір оқушы мұғалім болады да, қалған топ мүшелері оқушы болып
сауалдарын қойып ой бөліседі. Кезекпен топ оқушылары мұғалім рөлін атқарып
шығады. Бұл орайда мұғалімге қойылатын бес түрлі талапты оқушы орындап
отыруы қажет. Ол талаптар мыналар.
1.оқығанды қорытындылау,
2.текст бойынша сұрақ қойып оқушы жауабын алу.
3. басқа қатысушыларға түсініксіз жағдайларды түсіндіру.
4. келесі абзатста не болатынын түсіндіру
5. келесі абзатсты оқуды нұсқайды.
Осы стратегиядағы оқушыны мұғалім рөліне қою. Ыбырайдың ланкестірлік
әдісімен бағыттас секілді.
Ұлы Ыбырай ұстаздың әдісінің бір ерекшелігі? Ол халықты
отырықшыландырып, жылы үйлер салдыру ісіне балаларды да қатыстыруға
талпынып, солар арқылы ата-аналарға күні салғандығы мәселенки, Қазақ
хрестоматиясында Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары деген
әңгімелерінде Ай, аға әкеме айтып, жылы ағаш үй салып алсаңызшы. Киіз үй
жаздың күні қанша жақсы болса, қыстың күні сонша жаман ғой. Суық киіз үйде
қыс күні бүрісіп алды отқа жылынса, арқаң тоңып отырып, не таза тамақ ішуге
болмайды -деп жеткізсе осы ойын. Киіз үймен ағаш үй әңгімесінде де
жалғастырады. Бұл әңгімеде киіз үй мен жер үй айырмашылығы, қажеттігі,
пайдасы жайлы ой айтады. Сондай ақ Қыпшақ-Сейтқұл әңгімесінде де әңгіме
желісі отырықшылықты уағыздау, егіншілік кәсібін уағыздау идеясымен
жапсарлас өрбиді. Мұндай жазушы әдісіне көз жүгірте келе халық санасында
айтпақшы ойды жеткізу үшін пайдалануға тиімді әдіс екенін мойындаймыз.
Ғылым жайын, өнер білім құндылығын техника жетістігін дамыған елдің
жарқын болашағын оқырман санасына жеткізуде, ізгі, үлгілі істерге
тәрбиелеуде Ыбырайдың қолданған әдісін қарапайым тілде, көріп біліп жүрген
нәрселермен, қазақ балаларының ұғымымен астарласатын естіп айтып жүрген
қарапайым тілді пайдалану әдісі...Бұл тәсілі Бұл кім? Ананың сүюі т.б
туындыларында көрінеді,
Ы.Алтынсариннің кейбір шығармалары басқа ғылым техника салаларында
қамтып жатады. Сондықтакн сабақ барысында бірнеше пәннен байланыстыра өтуге
болады. Мысалы Өнер білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды, Айшылық алыс
жерлерден., Көзімді ашып жұмғанша., Жылдам хабар алғызды деп басталатын
Өнер білім бар жұрттар Өлеңінің алғашқы жолдарының өзі Қандай зат
бейнеленген? Не айтқысы келіп тұр деген оқушы қызығушылығын арттыратын
сауалға толы жұмбақты оймен басталып, еріксіз таң қалып Көрсем, білсем
деген талпынысты оятады. Бұл өлеңді тек психология, қазақ тілімен емес,
ғылым техника саласымен де байланыстырған.
Ы.Алтынсарин бірізділік және жүйелілік әдісін қолдап, өзінің іс
шараларын осы әдіс төңірегінде өрбітті. Оқу ісіндегі тұтастыққа мән берегн
ол, өзінің бір хатында Әрбір орыс тілін, жаратылыстану, жағрафия мен
тарихты оқыту, бір жүйеге, бір басшылыққа бағынуы керек. Оқыту ісінде жүйе
болмаса мұғалім бірден бір пәнді тұтас оқыта алмайды деп нақты дәлелді
сөзімен жазып кетті.

ІІ. Тарау. Ы.Алтынсарин шығармаларының қАзАқ ұлттық мәдениетінің
қалыптасуына әсері

Қазақ жастары, соңғы жылдары өз бойынан имандылық, кәсіпқорлық, үлкенге
ізет, кішіге құрмет сезімдерін жоғалтып бара жатқаны белгілі. Әр ұлттың
өзінің басқа ұлтқа ұқсамайтын тәрбие тәсілі болған "Оу,мынау нағыз қазақтың
азаматы ғой" деп таңдай қақтыратын әрі инабатты, сынайы, әрі сөз салмағын,
мәнін білетін шешен, әрі үлкен — кішіге лайық, құрмет көрсете алатын
көреген, іскер, еңбекқор, әрі қазақ ғылымын дамытып, дүние жүзілік арнаға
көтере білетін терең білімді жігіттер мен қыздарды тәрбиелейтін кез келген
сияқты.
Бұл тұғырда Ы.Алтынсариннің тәлімгерлік мұраттарына тереңдеп үңіліп,
оның ой маржандарын іс-әрекетке пайдаланудың берері мол.
Ы.Алтынсарин қазақ хрестоматиясы оқулығының басында туған елінің
"азбаған, талап тілегі біреу салып берген тор шеңбердің қыспағына сыя
алмайтын ой-пікірі еркін халық" екенін айта келіп, "оның келешегі үшін сана-
сезім жағынан, жалпы білім мен өнерді үйрету керек болып отыр" деген. Бұл
ойын жүзеге асыру үшін бала тәрбиесінің сан түріне нұсқау беретін әңгімелер
енгізген.
Адам баласының тіршілік ету көзі — еңбек. Ата-бабамыз "Еңбек түбі —
зейнет", "Еңбек етсең емерсің", "А, құдай жас күнімде еңбек бер,
қартайғанда дәулет бер" деп тегін айтпаған "Баланы 13 жастан отау иесі"
деп, 15-тен әрі қарай атқа мініп, ел аралап, үлкендер арасындағы әр түрлі
қоғамдық әрекеттерге қатысқан. Халық баланы осылай еңбек етуге тікелей
мойынсындыру арқылы, шаруақор ел алдында, жауапкершілік сезімі мол ел
азаматын тәрбиелеген.
Ы.Алтынсарин өрмекші, құмырсқа, қарлығаш", "Әке мен бала", "Бір уыс
мақта". т.б. әңгімелерінде ерінбей істеген еңбектің пайдасы мол екенін
көрсете келіп, жастарды халық өсиет еткен бейнетқорлыққа баулиды.
Ы. Алтынсарин - халықтың осынау терең мәнді тәрбие мұрасын оқулық
бетіне түсіріп, мектеп қабырғасында да сабақтастыра дамытуға әрекет еткен
тәлімгер.
Қазақ ежелден қиындыққа төзімді, сабырлы халық. Ауызекі сөйлеуде де,
халықтың әдеби мұраларында да халықтың осы психологиялық ерекшелігі еркеше
бағаланып отырғаны белгілі. "Сабыр түбі — сары алтын, сабырлы жетер
мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа" тәрізді мақалдар осыдан шыққаны анық. Ыбырай
әңгімелерінде бұл тақырып адам баласының аса бір үздік қасиеті екендігі
жақсы көрсетіледі. "Қанағат" әңгімесіңдегі Әзірет Әлінің "Толық байлық
қанағатетуден табылады" — деуі, "Мұңсыз адам" әңгімесіндегі үстінде көйлегі
де жоқ жарлының қанағаттылығының арқасында патшаның сый-сыяпатына кенелуі —
халқымыз мұра тұтқан осынау абзал қаситеттерді шәкірттеріне дәріптеуінің
айғағы болса керек. Сонымен қатар кішіпейіл, мейірімді болу адам баласы
үшін аса қаситетті екені белгілі. Қазақ мұндай адамдарды "Жібектей
есілген", "қыздай сызылып тұр", "түсі игіден түңілме" деген кестелі
сөздермен бейнелеп отырған. Бүгінгі тәрбие жұмысында көп айтылатын
имандылық, инабаттылық деген қасиеттеріміз де осылар. Ы.Алтынсарин
әңгімелерінде бұл тақырыптар ұтымды көрсетті. Шие мен бала,"Мейірімді
бала"т.б. әңгімелерінде кішкентай балалардың мейірімді бейнесі жан-жақты
мүсінделеді. Ауруы жанын көзіне көрсетіп тұрса да анасы үшін дыбысын
шығармаған бала, құсты аяп, еркіндікке жіберіп, оны сатқалы тұрған балаға
күнкөріс үшін ақшасын берген кішкентай қыз, әкесі үшін кесуге өз қолын
ұсынған мейірімді қыз - бүгінгі мектеп баласын адамгершілікке үйретеді.
Сондай-ақ, "Әдеп", "Надандық", "Қара батыр", "Жиренше шешен" әңгімелерінде
ата-ана мен баланың арасындағы мейірім, махаббат, асыл сезімдер аса әдемі
баяндалады.
"Шебердің қолы, шешеннің тілі ортақ", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек
жоқ", деген мақалдарды өмірге әкелген қазақ халқының тіл шеберлігіне
ілтипаты ерекше. Ы.Алтынсариннің шығармаларындағы "тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін" айтатын шешендік өнерге баулу халықтық педагогика
үлгілерін тәлім-тәрбие саласында ілгері дамуы боп табылады. Өз елін, халқын
жан тәнімен сүйген тәлімгер- ағартушы елінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын
да ерекше қастерлеген.
Ыбырай Алтынсарин ұстаз - тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған
мәселелері: адамгершілік жас жеткіншектерді адал еңбекке тәрбиелеу, белгілі
бір кәсіпке, өнерге баулу, адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділік
секілді асыл қасиеттерді ардақтау, үлкенді ата-ананы қадірлеу, өнер-білімді
байлықты дәулеттен жоғары қою керек екенін, яғни ерінбей істеген еңбектің
пайдасы мол екенін көптеген шығармаларында көрсете келіп, жастарды халық
өсиет еткен бейнетқорлыққа баулиды.
Баршамызға етене таныс, әрі ыстық "Кел, балалар, оқылық!" - өлеңінің
жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге,
өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы бір кезде Ыбырай армандаған "өнер білімі
бар жұртқа" - терезесі тең, шаңырағы биік мәдениетті, тұғыры биік тәуелсіз
елге айналып отырған бүгінгі күнде де еш төмендеген емес.
Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман-сәлемін жақсы
күндерге жеткізген бұл тарихи туындының бүгін де, дәл бұрынғыдай.
Кімде-кім "біз өзімізді адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей
алатын" болса — ол бақытты адам деп тегін айтпаған сияқты.
Ы.Алтынсарин педагог ұстаздарға: мектептердегі оқушыларды тазалыққа
дағдыланатын, әр нәрсеге ақыл оймен қарай білетін азамат етіп шығаруымыз
керек деп, - ашын көрсетті. Келешекте жас ұрпақ "азды —көпті білім алып,
белгілі бір бағыт алып шығып, айналасындағы халыққа өздерінің тың, адал
ақыл-ойларымен әсер ете алатын болсын деген мақсатымызды еске ала отырын,
оқушыларды тәрбиелеу жағына көп зер салуымыз керек" деді: Бұл тұрғыдан біз
білім ордасының кірпішін қалаған кемеңгер Ы.Алтынсаринның данышпан екенін
кереміз.
Сонымен Ы.Алтынсарин "Қазақ деген жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық,
бірақ сол қарапайымдылығының өзінде оның көп жақсылығы жатыр", "Өз елімізге
қолдан келешекте қызмет ету — біздің әрқайсымыздың борышымыз" — деп өз ойын
ашық айтты.
Ы. Алтынсариннің педагогтік көзқарасынан да бүкіл әлемдік тәлім-
тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни, шәкіртке жылы жүректі
болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс
тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептердің меңгерушілеріне
жазған нұсқау хатыңда ол: ...оқытушыларды бағалағанда олардың іске мәнді
қатынасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек деп
жазған еді, ал Н.И.Ильминскийге жазған хатында: ...Мен балаларды жазалауды
сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсек балалардың
адамгершілік қасиетін бұзып аласың, -десе, "Жеміс ағаштары" атты
әңгімесінде “тәрбиеде үлкен мирас” бар. “Ақыл-кеңесті алмасақ, анау тұрған
қисық ағашқа ұқсап өсесің” деп, әке баласына берген ақыл ғибратың келтіру
арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. Ол қазақ жастарын оқытып
тәрбиелеу ісін ең басты мәселе деп қарады. "Халық үшін қызмет ететін
білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға
болады, сондықтан жастарды оқытып-тәрбиелеу ісінен артық ешнәрсе жоқ",-деп
ой түйді. Адамның мінез-құлқының, жеке басының қалыптасуы тәрбиеге
байланысты деп қараған Ыбырай Алтынсарин өзінің осы пікірін "Бақша
ағаштары" деген әңгімесінде өте орынды келтірген. "Бағыл-қағуда көп мағына
барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен де ғибрат алғайсың; сен жас ағашсың,
саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске
үйретсем, ал сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі
болып өсесің, бағусыз бетімен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай
қисық өсесің",-дейді. Бұл әңгіме арқылы автордың педагогикалық көзқарасын
айқын аңғаруға болады. Ыбырай, адам мінезін түзеп болмайды, сүйекке біткен
мінез, сүйекпен біргс кетеді дейтін теріс көзқарасқа қарсы адамның жақсы, я
жаман болуы тәрбиеге, өскен ортасының игі әсеріне байланысты; адам тағдыры
адамның өз қолында, талаптануға, талпынуында, адал ниетпен еңбек етуінде
деген қағиданы қуаттап отыр. Оның "Бір уыс мақта" деген әңгімесінде
балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу мәселесі сөз болса, Асыл шөп деген
әңгімесінде балаларды ұстамды, сабырлы етіп тәрбиелеу мәселесі жайында
айтқандарының психологиялық астары терең. Осы әңгімеде Зылиха мен Бәтима
деген екі қыз бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатады, Зылиха аһлап-
уһлеп, мазасыздана берсе, Бәтима ешбір сыр білдірмей, әзілдесуін қоймайды.
Сонда Зылиха тұрып:
Сен неге мәз болып қуанып келесін, төбеңдегі жәшігің ауырлығы да менің
басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің... Мен жәшігімнің ішіне
жеңілдететін шөп салдым, - дейді ақжарқын қыз Бәтима. - Ой, ондай болса
шөбіңнін атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, - дейді әлжуаз Зылиха.
Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты Сабыр, - деп жауап
береді Бәтима.
Сондай-ақ "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде еңбекке баулиды,
тәрбиелейді, ал "Жаман жолдас" әңгімесінде балаларды жолдастыққа, достыққа
тәрбиелейді.
"Бай баласы мен жарлы баласы" - Ы. Алтынсарин творчествосының биік шыңы.
Ол, біріншіден, ағартушылық, озық педагогакалық ой-пікірінің түйіні. Әңгіме
оқушыны еңбек етуге, өмір сырын үйрене білуге шақырады, өмір мен табиғат
өздігінен ештеңе бермейді, мәселе оны бағындыра білуде деген маңызды
тұжырым жасайды. Екіншіден, шығарма автордың таптық түсінігін, қай таптың
келешегіне үміт артатыңын аңғартады. Әңгімеде екі кейіпкердің іс-әрекеті
баяндалады. Екеуі — екі таптың өкілі, екі түрлі тәрбиенің жемісі. Билеуші
таптың өкілі — бай баласы. Асан өмірге бейімсіз, бар ойлайтыны тамақ, бірақ
тамақ табудың жолын білмейтін топас, қарны ашса жылайды, тамағы тойса
есуастанып кетеді. Еңбекші таптың өкілі — Үсеннің іс-әрекетін автор сүйсіне
жазады. Он екі жасар Үсен әлі ештеңе тыңдырмағанымен, келешегінің зор
екенін танытады. Үсен қандай істі болсын "әкем айтушы еді" деп бастап,
халықтың даналығына, оның бай тәжірибесіне сүйенеді. Жазушы Асан мен Үсенді
салыстыра келіп, адамды дәрменсіз, қабілетсіз ететін — еңбексіздік, ал оны
өмірі мен таяқыр қиындықтан жол тапқыш ететін — еңбек деген қорытынды
жасайды.
"Бай баласы мен жарлы баласы" сол дәуірдің, қазақ халқының өмір
көрінісін дұрыс бейнелейді. Одан біз көшпелі қазақ ауылын, оның мал
шаруашылығын, мазасыз өмірін айқын көреміз. Алтынсариннің бұл әңгімесінің
идеялық мазмұны терең екеніне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдары көңіл
аударды. Н.Иванов деген журналист әңгімені орыс тіліне аударып, "Родник"
журналының 1890 жылғы 6-шы нөміріне бастырды.
Ол өзінің хрестоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі
педагогтың ісімен тығыз байланыстыра білген. Яғни, хрестоматияға енгізген
шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-
дәстүрлерінен хабар беру принципі кезделсе, екіншіден, оқушыларды
адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы
қасиеттерді олардың бойына дарыту көзделді, үшіншіден, жастардың, әсіресе,
бастауыш сынын оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруге
тырысты. Мысалы, Ыбырайдың хрестоматияға енгізген "Қара батыр" ертегісінде
жауынгершілік заманда түрікмендердің қолына тұтқын болып түскен Қара батыр
деген жігіттің қарлығашен дос болып, сол арқылы еліне хабар беруі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқытудың маңызы
Ы. Алтынсариннің өмір жолы
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметінің өмірлік құндылықтары
Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесіндегі Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеяларының өзектілігі
Алтынсарин орыс мұғалімдерімен тығыз байланыс жасады, олардың бірсыпырасы
Үлкендерге арналған әңгімелер
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ
Пәндер